Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65

 

120 

 

Литература 



 

1.

 



 Полат  Е.С.  "Метод  проектов"  [Электронный  ресурс]  //  Программа 

Intel 


обучение 

для 


будущего 

Режим 



доступа: 

http://www.iteach.ru/met/metodika/a_2wn3.php 

2.

 

Томпсон 



П. 

Голос 


прошлого: 

устная 


история/П.Томпсон. 

Пер.М.Л.Коробочкин. // http://www.newlocalhistory.com/node/17 

3.

 

Зверев В.А.  Услышанное  прошлое:  опыт  создания  и  использования 



историко-биографической  коллекции  в  педагогическом  университете  / 

В.А. Зверев,  Е.И. Косякова  //  Устная  история  (oral  history):  теория  и практика: 

материалы  Всерос.  науч.  семинара  /  сост.  и  науч.  ред.  Т.К. Щеглова.  –  Барнаул, 

2007. 


[Электорнный 

ресурс] 


— 

Режим 


доступа. 

URL: http://lib.nspu.ru/file/sbo/656153/d189ae6ef1ae6528.pdf (дата 

обращения 

20.05.12). 

4.

 

Гудков Л.  «Память»  о  войне  и  массовая  идентичность  россиян  // 



Неприкосновенный 

запас. 


— 

2005. 


— 

№ 2—3(40—41). 

— 

URL: http://magazines.russ.ru/nz/2005/2/gu5.html(дата обращения 22.05.12). 



     5. http://oral-history.ru/ 

 

 

Ауганбаева  Бакытгул  Омаргалиевна,  директордың  инновациялық 

жұмыстар  жөніндегі  орынбасары,  «Дарынды  балаларға  арналған  Жамбыл 

атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты», Өскемен қаласы  

Мұсабекова  Еркежан  Төлеуғагиновна,  тәрбие  жетекшісі,  «Дарынды 

балаларға  арналған  Жамбыл  атындағы  мамандандырылған  мектеп-гимназия-

интернаты»,  Өскемен қаласы 

 

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫН ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ 

 

Қазіргі кезде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесінде оқыту 



мен  тәрбиені  бірлестіре  оқыту  барысында  ұлы  Абай  тағылымына  жүгінбей  өту 

мүмкін  емес.  Әлемге  әйгілі  саясаткер,  ұлттың  ұлы  перзенті  Н.Ә.Назарбаев:  

«Кемеңгер  ақын  адамдықтың  символына  айналған,  қазақты  бүкіл  дүние  жүзіне 

танытқан  ұлы  Абай  егеменді  еліміздің  рухани  дамуы  мен  жас  ұрпақты  

тәрбиелеуде    әлі  күнге  дейін  басты  бағытта»    деген  сөзі  тәрбие  жұмысының 

бағдаршамы іспеттес [1, 2].  

Қазір  жалпыадамзаттық,  ұлттық  құндылықтар  негізінде  білім  мен  тәрбие 

беру  ісі  алдымызда  тұрғанда,  Абай  хакімнің  артына  қалдырған  мол  мұрасын 

рухани азық ете отырып, құзіретті тұлға қалыптастыру басты борышымыз болып 

саналады.  Жамбыл атындағы гимназия-интернаты тәрбие үдерісінде оны жүйелі, 

ғылыми  тұрғыдан  жүргізіп  келеді.  Әлем  әдебиетінің  жауҺары,  әлемдік  поэзия, 

әлемдік мәдениет, әлемдік музыка, әлемдік ой дүниесінің алыбы, ақын, философ, 

композитор,  гуманист,  эстет,  аудармашы,  шешен,  дана  ойшыл,  заңгер,  ірі  қоғам 

қайраткері,  тәрбиеші  ұстаз  Абай  бүкіл  ұлттың  мақтанышы  ғана  емес,  ХIХ 

ғасырдың II жартысындағы адамзат баласының, оның әдебиетінің жарық жұлдызы 

болды. 


121 

 

Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған зияткер 



тұлға  қалыптастырудың  қайнары.  Абайға  қарап  бой  түзеу,  имандылығымызға 

келу,  ақын  тағылымы  негізінде  тәрбиелеу  -  біздің  басты  міндетіміз.  Абай 

даналығының  өзі  бізді  еріксіз,  ұстаз,  ата-ана,  қалың  жұртшылықты  тәрбиелеудің 

сара  жолына  бастайды.  Ақынның  Толық  Адам  туралы  айтқандары  –  жас  өскінді 

Адамды  сүю,  құрметтеу,  елжандылық,  биік  адамгершілікке  бастайтын  жол.  Ұлы 

дананың  қай  шығармасын  алмайық  оның  алтын  қазығы  -  Адам.  Ол  нағыз  Адам 

қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап та береді. Мысалы: 

«Атымды  Адам  қойған  соң,  қалай  надан  болайын»,  «Адамзатты  сүй,  Алланың 

хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» дейді. Адамды сүюден басқа қызық 

жоқ деген. Абайша Адам кім? Толық Адам - «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

сонда  Толық  боласың  елден  бөлек»  дейді.  Үш-ақ  нәрсе  Адамның  қасиеті:  ыстық 

қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек»,  -  дейді  данышпан  ақын.  «Адамшылдықтың 

алды махаббат, ғаділет сезім», «Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, 

жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаздан  болады»,  -  деп  даналық  ой  тастайды.  Бұл  жерде 

Абай  Адамгершілік  қайдан  келеді,  соған  тоқталып  отыр.  Яғни  ол  да  тәрбиеден 

келеді. Абай Адамдықтың басты қасиеті - достық дейді.  Ұрпақты достыққа баулу 

-  Абай  мұрасының  басты  нысаны.  Интернаттың  тәрбие  жетекшілері  соңғы 

жылдары  тәрбиеленушілерге  ұлы  Абай  тағылымын  үлгі  етіп,  ұтымды  жұмыстар 

жүргізіп жатыр. Соңғы төрт-бес жылда Абай тағылымын тәрбие үдерісінде тиімді 

пайдаланудың жолдарын іздеп жергілікті абайтанушы ғалымдармен, соның ішінде 

филология  ғылымдарының  докторы  Картаева    Айжан  Маратбекқызымен  және 

басқа да ғалымдардың ақыл кеңесімен,  Абай тағылымын  тәрбиенің тоғыз басым 

бағытымен  байланыстырып  тәрбие  жұмысында  пайдаланып  келеміз.  Ең  алдымен 

тәрбие  жетекшілері    біреуі  тарих,  біреуі  математик  мамандары  болғандықтан;  

Абай шығармашылығын оқушылармен бірге оқып, ақын өмірбаянын, өлеңдері мен 

қарасөздерін,  поэмаларын  қайталадық.  Абай  мұрасының  құнды  да  маңызды  бір 

саласы  –  қарасөздері  екені  түсінікті.  Оны  ғалымдар  «философиялық  трактаттар» 

дейді.    Ұлы  дананың  қарасөздерінің  әрқайсында  тұнып  тұрған  үлгі-өнеге,  тәлім-

тәрбие  жатыр.  «Руханият»  әдістемелік  бірлестігінің  әр  мүшесі  осы  сөздерге 

ерекше ден қойып, тәрбие жұмыстарында пайдаланып келеді. «Өзіңді-өзің таны», 

«өзіңді-өзің  оқыт»,  «өзіңді-өзің  тәрбиеле»  деген  ұстанымға  тәрбие  жетекшілері 

айрықша  назар  аударып,  Абайдан  алар  үлгіні  оқушылар  өзі  ойлансын,  өзі 

толғансын    деген  мақсатты  алдыға  қойдық.  Абай  мұрасы  арқылы  оқушының 

құзіреттілігін  қалыптастыру  жолдарынан  іздедік.  Мысалы  Абайдың  қырық  бес 

қарасөзін  оқып,  талдап,  әр  тәрбие  жетекшісі  сыныбындағы  кемшіліктерді  жоюда 

пайдалануда.  



 

Абай  тағылымын  тәрбие  жұмысында  пайдаланғанда  нәтижеге  жету  үшін  

сыныптарда эксперимент жүргізілді.   

Елбасымыз  өзінің  халыққа  Жолдауында:  «...Біз  қазақ  халқының  сан 

ғасырлық  дәстүрін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтап,  түлете  береміз.  Сонымен  қатар 

ұлтаралық  және  мәдениетаралық  келісімді  біртұтас  Қазақстан  халқының  ілгері 

дамуын  қамтамасыз  етеміз...»[2,  2]-дейді.  Осы  қасиетті  міндеттер  мен  мақсатты 

жүзеге  асыруда  мектептің  ондағы  мұғалім-тәрбиешілердің  атқаратын  еңбегі 

ерекше.  Қазір  білім  беру  жүйесінде  түбегейлі  өзгерістер  жүріп  жатыр.  Әлемдік 

білім  кеңестігіне  ену  үшін  оның  алғышарттары  жасалуда.  Білім  мазмұнын 



122 

 

жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие 



бере  отырып,  тұлға  қалыптастыру,  дарын  көзін  ашу  сынды  келелі  мәселелер  сөз 

жоқ,  ұстаз-тәрбиеші  жұмысын  да  жаңа  арнаға  бұруда.  Ұлылардың  өмірі  мен 

тағылымы  арқылы  ұрпағын  тәрбиелеу  -  әсіресе  қазақ  халқында  ежелден–ақ  келе 

жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың 

осы  бір  жақсы  әдет-салты  бүгінгі  тәрбие  үдерісінде  тиімді  екені  даусыз  мәселе. 

Адамзат  ақыл-ойы,  ақындығының  ірі  тұлғасы  Абай  тағылымы  білімнің  де, 

тәрбиенің  де  қайнар  бұлағы  екені  түсінікті.  Ұлы  дананың  қай  шығармасын 

алмайық,  оның  алтын  қазығы  –  Адам.  Ол  нағыз  Адам,  Толық  Адам  қандай  болу 

керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам 

қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық 

бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде 

қазір  көп  айтылып  жүрген  гуманды  педагогика  ұстанымдары  жатыр.  Осы  жерде 

жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы 

керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі 

тәрбие  үдерісінің  алдында  тұрған  мақсаттар  мен  міндеттер  арқылы  дәлелдеуге 

болады.  Білім  мен  тәрбиені  тұлғаға  қарай  бағыттай  беру  мәселесі  алдыда  тұрған 

кезеңде Абайға бұрыласың. «Толық Адам қандай болу керек?» деген сұрақ ақынға 

маза бермейді. Мысалы, «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:  

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боларсың елден бөлек»- [ 3, 488б]деп, ой тастайды. 

Ары қарай ақын: Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, 

жылы  жүрек»  деп,  толық  адамның  қасиеттерін  санамалап  береді.  Ұлы  гуманист 

адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, 

«Адамзатты  сүю  –  хақтың  жолы,  ғаділеттің  жолы»  деген  анықтама  береді. Ақын 

адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның 

дұшпаны, адамның баласы – бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың 

басты  қасиеті  -  адамгершілік  екенін  баса  жырлайды.  Адамшылықтың  алды  – 

«махаббат,  ғаделет,  сезім»  дейді.  Адамшылықтың  тәрбие  арқылы  келетініне  көз 

жеткізеді.  

Өмірін  Абайды  зерттеуге  арнаған  М.Әуезов  былай  дейді:  «Абай  сөзінің 

негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы 

тағы  да  адамгершілік  тәрбие  екенін  танытады.  Адамды  қор  қылатын  ең  залалды 

жаманшылықтарды  санап  өтеді.  Олар  үш  нәрсе:  «надандық,  еріншектік, 

залымдық»  [4,  346].  Ақын  адамдар  арасындағы  береке  –  бірлік,  достық 

ынымақтастыққа  ерекше  көңіл  бөледі.  Осы  мәселеден  келіп,  тақырыптың 

өзектілігі туындайды. 

Абай  тағылымы  арқылы  жүргізілетін  тәрбие  өзі  үзбей  жырлаған  «Адам» 

айналасынан  бастау  алуы  керек.  «Адам  кім?»,  «Мен-Адаммын»,  «Абай  және 

Адам»,  деген  тақырыптар  жас  өскіннің  адамға  деген  құрметі,  сыйламы,  түсінігін 

қалыптастыруға ықпал етеді. Алдына бала келген күннен-ақ, ойлы ұстаз білім мен 

тәрбие  үрдісін  олардың  өзін  Адам  ретінде  түсінуі  мен  оған  деген  мақтан  сезімін 

қалыптастырудан  бастағаны  жөн.  Ұрпақты  Абай  үлгісінде  тәрбиелеу  –  ізгілікке, 

имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.  

Абай  мұрасы  –  Адамды  адам  етіп  тәрбиелеудің,  жан-жақты  дамыған  тұлға 

қалыптастырудың  қайнары.  Абай  мұрасын  оқыту  туралы  жазылған  авторлық 


123 

 

бағдарламалар,  жинақталған  іс  тәжирибелер  баршылық.  Ал  тәрбие  жұмысына 



негізделген  бағдарламалар  жоқтың  қасы.  Әсіресе,  Абайдың  Толық  Адам  туралы 

тағылымы  негізінде  тәрбие  үрдісін  жүргізу  өте  тың  мәселе.  Оны  жүзеге  асыру 

мақсатында  жасалған  бағдарламалардың  қажеттілігі  маңызды  аса  өзекті  деп 

санаймыз. 

Зерттеу нысаны: Облыстық дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы 

мектеп-гимназия-интернатының 6-7- 8-9-10 сынып оқушылары. 

Мақсаты

-Ұлы  ақын  мұрасы  арқылы,  оның  Толық  адам  туралы  тағылымы  негізінде 

оқушыларға  Адамды  сүю,  оны  құрметтеу,  биік  адамгершілік,  елжандылық, 

имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға 

болып  қалыптасуына  түрткі  жасау.  Өзін-өзі  тануларына,  өзін-өзі,  бір-бірін 

тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу. 

Осы мақсаттарға жету үшін мынадай нақты міндеттерді жүзеге асыру. 

Міндеттері: 

-  Оқушыларды  Абай  шығармашылығымен,  соның  ішінде  Толық  адам 

туралы ұстанымдарымен таныстыру. 

- Абайтанушы ғалымдармен кезігу өткізе отырып, Абай әлеміне бойлау, оқу, 

талдау. 


-Толық Адамның негізгі қасиеттерін  диагностика арқылы саралау. 

-Абай  тағылымын  басшылыққа  ала  отырып,  тәрбие  сағаттарының 

тақырыптарын нақтылап, тәрбие жұмысының бағдарламасын жасау. 

-Бағдарламаны тәжірибеден өткізу, тиімділігін сараптау, қорытындылау.    

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:  

-Абай  мұрасының  темірқазығы  -  Толық  Адам  туралы  тағылымына 

негізделген   тәрбие жұмыстарының бағдарламасы тұңғыш рет жасалынды.  

-Бағдарламаға негіз болған Абай тағылымы арқылы оқушылардың тұлғалық 

қасиеттеріне  әсер  ету,  оларды  жан-жақты  дамыту  мәселелері  зерттелді. 

Бағдарламаны жүзеге асыру әдіс-тәсілдері айқындалды. 

Жұмыстың зерттеу әдістері: 

- Абайдың өмірбаяны, аудармалары, өлеңдері мен қарасөздерін, абайтанушы 

ғалымдар еңбектерін оқып, талдау, пікір жинақтау. 

Сыныптарда: сауалнама жүргізу; әңгіме-сұхбат; интервью – тест; пайымдау;  

байқау; талдау; саралау; қорытындылау.  

Күтілетін нәтиже:  (ғылыми болжау) 

Егер  Абайдың  Толық  Адам  туралы  өлеңдерін,  негізгі  ұстанымдарын 

оқушылар  толық,  жете  түсініп  меңгергенде,  тәрбие  сағаттарына  белсене 

қатысқанда төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: 

- Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.  

- Білім сапалары артады.  

-  Поэзияны  сүйетін,  эстетикалық  сезімдері,  дүниетанымдары  жетілген 

тұлғалық қасиеттері дамиды.  

- Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.  

-  Толық  адамды  үлгі  тұтады,  оған  ұқсағылары  келеді,  алдарына  мақсат 

қояды.  


124 

 

-  Ұлтжандылық,  Отансүйгіштік  сезімдері  қалыптасады.  Азаматтық 



позициялары беки түседі.  

- Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете 

білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол 

жеткізуге болады.  

 Туындап қалатын тиімсіз, қолайсыз жағдаяттар:    

-Кейбір оқушылардың Абай өлеңдеріне бойлай алмауы; 

-Тәрбие сағаттарының түрлері, жүру барысының ұнамауы; 

-сауалнама, пікірталас сұрақтарына белсене қатыспауы. 

-пікірлері,  әсерлерін  ашық  айтпауы.  Бағдарлама  жасалынып  эксперимент 

кезеңдерге бөлінді.   

Эксперимент  барысында  жүргізілген  тәрбие  жұмыстарының  тиімділігі  бар 

ма,  бала  тәрбиесіне  әсері  тиді  ме  соны    саралап,  төмендегідей  нәтижеге  қол 

жеткіздік. 

-  Ең  алдымен  абайтанушы  ғалымдармен  кездеулер  ұйымдастырдық.  Сол 

кездесу барысында ғылыми жұмысты қалай жазуға болады, ғылыми жоба сияқты 

мәселелер айналасында пікірталас ұйымдастырдық. Ғылыми жоба жазамын деген 

оқушылар саны өсті. Қызығушылықтары артты.   

-  6-7  сыныптарда  әрбір  оқушы  Абайдың  20-25  өлеңдерін  жаттап, 

қарасөздерін  талдап,    Абай  мұрасына  бет  бұрды,  ұлы  дана  шығармаларына 

ынталары артты. Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасуына түрткі 

жасалды. Азаматтық позициялары беки түсті.  

 -  8  сыныптар  «Абай  жолы»  эпопеясын  оқуды  бастады.  Оқырмандық 

ынталары артты. «Абай Толық Адам және Мен» атты тақырыбында жоба қорғады. 

Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артты. Толық адамды үлгі тұтып, оған 

ұқсағылары келді. 

- 9 сыныптар «Абайша сөйлеймін» атты тақырыпта Абайша көркем сөйлеуге 

бет  бұрып,  әдеби  кітап  оқымайтын  балалар,  кітап  оқып  саны  өсіп,  оқырмандық 

қызығушылықтары  артты.  Әрине  бұл  жерде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 

мұғалімдерінің көмегімен жүзеге асты. 

-  10  сыныптар  Абайдың  қарасөздеріне  аннотация  жасады.  «Поэзия 

минуттары»  тақырыбында  Абай  өлеңдерінен  сайыс  өткізілді.  Поэзияға 

қызығушылықтары  артып,    эстетикалық  сезімдері,  дүниетанымдарының  артуына 

түрткі жасалды.  

 Абай тағылымын тәрбие жұмысында пайдалануда проблемалар да туындап

қолайсыз жағдаяттар да кездесіп отырды. Мысалы:  

-Кейбір оқушылардың Абай өлеңдеріне бойлай алмауы; 

-Тәрбие сағаттарының түрлері, жүру барысының ұнамауы; 

-сауалнама, пікірталас сұрақтарына белсене қатыспауы. 

-пікірлері,  әсерлерін  ашық  айтпауы  сияқты.  Мұндай  оқушылармен  жеке 

жұмыстар жүргізіліп отырды.  

Тәрбие  жұмыстарының  бір  өзегі  етіп,  ұлы  Абай  тағылымына  бас  қойған 

гимназия-интернаттың тәрбие жетекшілері қазір ізденіс үстінде. Әлемдік деңгейге 

қосылып,  егемендігімізді,  елдігімізді  паш  етер  кезең  туды.  Егер  бәріміз  Абайға 

қарап  бой  түзеп,  Абайдың  «Толық  Адамына»  еліктеп  өмір  сүруді  мақсат  етсек, 



125 

 

Егемен еліміздің болашағы жарқын. Абайды оқып, тағылымын тәрбие жұмысына 



пайдалансақ, бағытымыз дұрыс болып, бағымыз оңынан туары сөзсіз.  

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Н.  Назарбаев.  Пайда  ойлама  ар  ойла.  Абайдың  150  жылдығына 

арналған салтанатты мәжіліс. 9 тамыз, 1995 жыл, 2 бет. 

2.

 

Н. Назарбаев. Жолдау.  



3.

 

Абай.  Өлеңдер,  поэмалар,  аудармалар  мен  қара  сөздер.-  Алматы: 



Жібек жолы, 2005.- 488б.  

4.

 



   Әуезов  М.  Абайтанудан  жарияланбаған  материалдар.  -  Алматы: 

Ғылым, 1988.- 364б.  



 

 

Аханова  Бақытжан    Омарғалиевна,  өзін-өзі  тану  пәнінің  мұғалімі,  Ұлан 

ауданы Айыртау ауылы Гагарин атындағы орта мектеп, ШҚО 



Ракишева  Гүлнар  Нұрмұханбетқызы,  тәрбие  жетекшісі,  «Дарынды 

балаларға  арналған  Жамбыл  атындағы  мамандандырылған  мектеп-гимназия-

интернаты», ШҚО 

 

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫН ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 

ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 

 

Ұлы  ұстаз,  тәрбиеші  Абай  Құнанбаевтың  өмірі,  шығармашылығы  арқылы 

жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың көзқарасы, іс-әрекеті, ақыл-парасатына ықпал ету 

ұстаздардың басты мақсаты. Себебі Абай тағылымы оқушыларға іс жүзінде пайда 

әкелетін  кеңестер  береді.  Мысалы:  «Іштегі  кірді  қашырса,  адамның  хикмет 

кеудесі» немесе «өзің үшін үйренсең, жамандықтан жиренсең, ашыларсың жылма-

жыл»  [1,  128]  деген  өлең  жолдары    «іштегі  кір»  -  адамның  санасындағы,  өзіне 

және басқаға қандай жақсылық келтірмейтін жаман, пасық, арам ой-пікірлер мен 

қулық-сұмдық,  қайғы-қасірет,  пәле-жала  жабу,  өтірік  пен  өсекке  жақын  болу 

сияқты тағы басқа жаман қылықтарға бой бердірмеуге түрткі жасайдтын өлеңдер. 

Ақын  өз  шығармаларында  адамды  біртұтас  тұлға  ретінде  қарастырады.  Мәселен 

ол «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» [2, 48] 

дейді.  Сол  себептен  де  тәрбие  жұмысының  бастамасы,  тәрбиелік  іс-шаралар  ең 

алдымен осы үшеуін дамыту, тәрбиелеу, қалыптастырудағы нысана етіп алса, бұл 

үдеріс  адамның  табиғатына  сәйкес  және  күнделікті  тұрмысқа  да  іске  асар  еді. 

Өйткені  ұлы  ғұлама  «ақыл,  қайрат,  жүректі  бірдей  ұста.  Сонда  Толық  боларсың 

елден бөлек»-дейді. Демек, адамның ақыл-санасын, жүрегін-сезімін, қайратын-ерік 

күшін  бірліте,  бір  бүтін  тұлғаның  қасиеті  ретінде  бірдей  тәрбиелеуге  күш 

салуымыз керек деп қорытынды шығаруға болады.  

Абай  шығармалары  өзі  айтқандай  әрбір  сөзі  «ойлы  құлақ»  пен  «ішіне 

үңілетін»  көзді  талап  етеді.  Басқаша  айтқанда  ой  жүргізуге,  ізденуге,  іс-әрекетке 

итермелеп,  адамның  ішкі  және  сыртқы  сезімдерін  қозғалысқа  келтіретін  әдіс-

тәсілдер  мен  іс-шаралардың  таңдап  алуға  түрткі  береді. Ұлы  ұстаздың  әрбір  сөзі 

адамдық қағидасы. Демек, оны оқушылар күнделікті тұрмыста пайдалануы керек, 



126 

 

өздерінің  қабілеттерін  сынап  көруге,өзін-өзі  тәрбиелеуге,  өтірік  айтпауға,  ұрлық 



жасамауға  итермелейтін  құрал.  Абай  шығармаларын  белгілі  бір  қалыптасып 

жүйеге  салуға  келмейді,  оның  қарасөзі  болсын,  өлеңдері  мен  поэмалары  болсын 

көп  мәселелерді  қозғайды.  Оның  шығармалары  адамды  нақты  іс-әрекет,  мінез-

құлыққа  итермелейді,  іс  жүзінде  қолдануды  талап  етеді.  Сондықтан  тәрбие 

жұмысында  күнделікті  оқушылар  өздерін  сынайды,  ақын  айтқан  өсиетпен 

санасады, ойлауға, сөйлеуге, ұрлық жасамауға, өтірік айтпауға тырысады.  

Абай  ең  алдымен  ақын,  өлең  жазған,  ал  оның  қарасөздері  адам,  өмір, 

дүниетаным  тағы  да  басқалары  туралы  ой  толғаулары  гимназия-интернатында 

тәрбие  үдерісін  жандандыра  түседі.    Жаман  мінез-құлықтарды  жоюда,  жақсы 

қасиеттерге  қалай  қол  жеткізуге  болатындығын  көрсетеді,  оны  біз  тәрбие 

үдерісінде  ары  қарай  тиімді  пайдалануымыз  керек.  Бұл  өзекті  проблемаларды 

шешуде бір тәрбие сағаты көмекке келе алмайды. Оны игеруде күнделікті өтетін 

сабақ  дайындығының  алдындағы  15  минуттық  әңгімелерді,  тәрбиенің  басым 

бағыттарымен  байланыстыра  отырып  жүргізгенде  ғана  іске  аспақ.  Тәрбие 

үдерісінде  ескеретін  және  оқушыларға  игеруге  тұрарлық  тағы  бір  нәрсе, 

адамдардың  арасына  ірткі  салып,  ынтымағын  бұзатын  ауызбірліктен  аздырып 

«күллі  адам  баласын  қор  қылатын  үш  нәрсе...надандық,  еріншектік,  залымдық. 

Надандық  –білім,  ғылымның  жоқтығы,  дүниеден  еш  нәрсені  оларсыз  біліп 

болмайды. Білімсіздік-хайуандық болады. Еріншектік-дүниедегі өнердің дұшпаны. 

Талапсыздық,  жігерсіздік,  ұятсыздық  бәрі  осыдан  шығады  деп  үндеу  тастаған. 

Абай  шығармаларының  тәрбие  жұмысындағы  құдіреттілігіде  осы  да.  Абайдың 

қарасөздері-тәрбие көзі. Мысалы қандай адамды ақылды деуге болады деген сұрақ 

оқушыны  ғана  емес  үлкендерді  де  ойландыру  керек.  Бұл  туралы  Абай,  15-

қарасөзінде, «есті адам, орынды іске қызығып, іздейді... оған өткен өмірдің өкініші 

жоқ  болады  екен»,  өйткені  ол  өмірді  бағалай  біледі,  «есті  кісілер  үлкен  есі 

шықпай,  ақылды  қолдан  жібермейді  екен»,  сондықтан  егер  де  есті  кісілердің 

қатарында  болғың  келсе,  «күніне  бір  мәртебе,  болмаса  жұмасына  бір  рет,  ең 

болмаса айына бір өзіңнен –өзің есеп ал»  дейді [3,248].  

Абай  тағылымы  арқылы  мектептегі  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру 

жолдарын төмендегі жолдармен жүзеге асыруға болады.  

- Толық Адам ұғымын қалыптастыру арқылы; 

-  Имандылыққа,  адамгершілік,  ізгілік,  мейірімділікке,  шыншылдыққа 

тәрбиелеу арқылы; 

- Ақыл ойын дамыту, «ойлы» болуға тәрбиелеу.  

- Абайша жүрек тәрбиесі 

- Ерік күшін «қайратын» тәрбиелеу, Абайша «өзін басқаруға» үйрету.  

- Еңбекке 

- Өнер, ғылым, білімге 

-  Өзінен  өзің  есеп  алуға  баулу,  үнемі  өз  іс-әрекетін  сынап  отыруға 

дағдылану. 

-Төмендегі сызбадағы көрсетілген іс-шаралар дәстүрге айландыру арқылы: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет