Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65

 

Литература 

 

1.

 



Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаева  народу 

Казахстана  «Казахстанский  путь-2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 

будущее»,  17  января  2014  г.  [Электрон.  ресурс].  Режим  доступа: 

http://www.akorda.kz/ru/page/page_215750_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-

n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-17-yanvarya-2014-g. 

2.

 



Назарбаев  Н.А.  Мыслями  с  народом  поделюсь.  Алматы,  Мектеп, 

2007.-228 с. 

3.

 

Государственная  программа  развития  образования  Республики 



Казахстан на 2011 – 2020 годы. Астана, 2010 г. 

4.

 



Национальный  план  действий  на  2012-2016  годы  по  развитию 

функциональной  грамотности  школьников,  утв.  Постановлением  Правительства 

Республики Казахстан, № 832 

5.

 



Официальный  сайт  корпорации  Apple.  [Электрон.  ресурс].  Режим 

доступа: http://www.apple.com/ipad/. 

6.

 

Операционная  система  Google  Android.  [Электрон.  ресурс].  Режим 



доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/Android 

7.

 



Планшеты на базе ОС Windows 7. [Электрон. ресурс]. Режим доступа: 

http://www.planshetnye.ru/win7/.  



           

 

166 

 

Жаксылыкова  Г.И.,  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  филиалы  ШҚО  бойынша  ПҚ 

БАИ» 

 

РЕФЛЕКСИЯ ЖӘНЕ ОНЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУДЫҢ  

КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ 

 

Қазіргі  заманда  жаһандық  өзгерістер  әлеуметтік,  рухани,  экономикалық, 

сонымен қатар білім беру саласында да болып отыр. Білім берудегі өзгерістердің 

қалай  жүретінін  және оның  қандай  болатыны, көбінесе ХХІ  ғасыр оқушылардың 

қандай  болатынына  және  қандай  басымдылықтарды  таңдауына  байланысты 

болады.  Келешек  ұрпақтың,  оқушылар  санасының  өзгеруі  заманға  байланысты 

болса, оқушының сол өзгерістерге сай жаңа заман ағымына ілесе алуы мұғалімге 

байланысты.  Сол  себепті  дүниеге  деген  көзқарасымыздың  жаңа  парадигмасы 

туындады. Солардың бірі – педагогикадағы рефлексия.  

Рефлексия  ұғымы  ғылымға  Декарттың  есімімен  енген.  Ол  адам  миының 

бейнелеуші  қасиетін  талдаған.  Рефлексия  –  Сократ  пен  Платонның  жазған  және 

қолданған  ойлау  функциясының  бір  формасы.  Бұрынғылардың  айтуынша,  адам 

парасатының (ақыл-ойының) жұмысшы аспабы.  

Рефлексия  –  толғану,  өзін  бақылау,  өзін  зерттеу,  өзінің  ішкі  дүниесі, 

психикалық қасиеті мен күйі, өзін талдай білу қабілеті [1; 77]. 

«Рефлексия»  термин  ретінде  ғылымда  ежелден  таныс  болғанмен, 

қазақстандық  педагогика  саласында    рефлексия  туралы  зерттеулер  жоқтың  қасы. 

Мұғалімге  сабақ  үрдісіне  «оқушы  көзімен»  қарауға  мүмкіндік  беріп,  сабаққа  тек 

өзі  емес,  оқушы,  оның  көңіл-күйі,  эмоциялық  жағдайы,  оқудың  маңыздылығын 

арттырып, оның нәтижелі болуын қамтамасыз ететін де - рефлексия.  



«Рефлексия дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берер болсақ: 

-

 



адамның  өз  жағдайын, бұрын  болған  оқиғаларды  не өз  іс-әрекетін  талдауы 

(өзіндік талдау). 

-

 

шет тілінен енген сөздер сөздігінде рефлексия өзіңнің ішкі жағдайы мен өз 



танымы туралы ойлау деп көрсетілген. 

-

 



reflexio – лат. кері қайту. 

-

 



М.Бұралқыұлының  «Қазақ    тілінің  түсіндірме  сөздігінде»:  «өз  психикасы 

(ойы, күйзеліс пен қуанышы) туралы ойлану» [2; 463]. 

-

 

жаңашыл  педагогикада  рефлексия  іс-әрекет  пен  оның  нәтижесін  талдау 



ретінде түсіндіріледі. 

Ладенко  И.С.  өз  еңбектерінде  рефлексияның  төмендегідей  түрлерін 

ажыратын көрсеткен: 

-

 



Ретроспективті  –  бұрын  болған  үрдістерді,  құралдар  мен  кестелерді 

қалпына келтіру («түсіну»). 

-

 

Проспективті – болашақта пайдаланылуы  мүмкін құралдар мен кестелерді 



түзету («болжау»). 

-

 



Интроспективті – іс-әрекет барысындағы ойлау үрдістерін бақылау, түзету 

және қиындату («қазір және осында» іс-әрекеті). 

Жоғарыда  келтірілген  рефлексия  түрлерінің  әрқайсысының  өзіндік  орны 

бар.  Ретроспективті  және  проспективті  рефлексия  түрлері  мұғалімнің  сабақты 

жоспарлау  кезеңімен  тығыз  байланысты  болса,  интроспективті  рефлексия    сабақ 


167 

 

үдерісімен,  яғни  «қазір  және  осында»  болып  жатқан  үрдістермен  тығыз 



байланысты  болады.  Осы  ретте  іс-әрекетке  байланысты  рефлексияның  мына 

түрлерін атап шығудың маңызы зор.  

Іс-әрекетке байланысты рефлексия: 

-

 



көңіл-күй, эмоциялық жағдай рефлексиясы; 

-

 



іс-әрекет рефлексиясы; 

-

 



оқу материалының мазмұнына байланысты рефлексия болып бөлінеді.  

Біз  күнделікті  оқыту  үдерісінде  іс-әрекетке  байланысты  рефлексияның 

аталмыш түрлерін кеңінен қолданамыз. Атап айтар болсақ: 

Көңіл-күй, эмоциялық жағдай рефлексиясы: 

«Сенің көңіл-күйің» рефлексиясы.  

Мұғалім  оқушыларға сабақ  соңында суреттері  бар  парақшаларды ұсынады. 

Әр  оқушы  өз  көңіліне  байланысты  суретті  таңдап,  неліктен  осындай  жағдайда 

отырғанына жауап береді. 



«Көңіл-күй» аралы рефлексиясы. 

Мұғалім  сабақ  соңында  тақтаға  Қуаныш,  Реніш,  Қайғы,  Күту,  Сезім, 

Тамсану,  Бермуд  үшбұрышы  аралдары  сияқты  аралдарды  іледі.  Әр  оқушы  өзіне 

байланысты аралға стикерге өз атын жазып жапсырады. 



«Көңіл-күй шоғыры». 

Сабақ  басында  оқушыларға  қызыл  және  жасыл  түсті  қағаз  гүлдер 

таратылады.  Тақтаға  құмыраның  суреті  ілінеді.  Сабақ  соңында  мұғалім 

оқушыларға:  «Егер  сендерге  сабақ  ұнаса,  құмыраға  жасыл  гүлді,  ұнамаса,  қызыл 

гүлді  жапсырыңдар»,  -  дейді.  Осылайша,  оқушылардың  сабақ  соңындағы 

эмоциялық жағдайын білуге болады. 



«Түстер». 

Оқушылар өздері бір түсті таңдап, сол түске сәйкес өз көңіл-күйлерін жазуға 

болады. Мысалы: қызыл – шаршау, жасыл – қуаныш, сары – мұң, т.б. 

«Рефлексивті негіз».  

Сондай-ақ  мұғалім  оқушының  эмоциялық  жағдайын  білу  үшін  төмендегі 

сұрақтарға жазбаша жауап беруін ұсына алады: 

-

 



Сабақтың өткеніне көңілің тола ма? 

-

 



Саған бүгінгі сабақ қызықты болды ма? 

-

 



Сенің жаңа сабақтан алған әсерің қандай? 

-

 



Саған мұғалімнің қарым-қатынасы ұнады ма? 

-

 



Сен үй тапсырмасын қандай көңіл-күймен орындайсың? 

Іс-әрекет рефлексиясы: 

«Табыс баспалдағы» 

Мұғалім  тақтаға  баспалдақ  суретін  іліп  қояды.  Сабақ  соңында  оқушылар 

өзін  баспалдақтың  қай  сатысында  тұрғанын  көрсетеді.  Рефлексияның  бұл  түрін 

жаңа  тарауды  өткенде  де  қолдануға  болады.  Оқушыларға  тарау  басында, 

ортасында  және  тарауды  аяқтаған  сәтте  өзінің  «табыс  баспалдағының»  қай 

сатысында тұрғанын анықтап, алдыңғы сабақтармен салыстырғанда, қаншалықты 

деңгейде дамығанын өз көзімен көруіне мүмкіндік туады. 

«Нысана» рефлексиясы 

Тақтаға  нысана  суреті  ілінеді.  Ол  нысанаға  «Белсенді  қатысты»,  «Түсінікті 

болды», «Жаңадан білдім», «Қызықты болды» деген жазулар жазылып, нысананың 


168 

 

төрт ширегіне сәйкесінше орналастырылады. Оқушылар  сабақ  соңында сабақтың 



мақсатына қаншалықты жеткенін нысана бөліктерін 1-10, 1-5 балл аралығындағы 

көрсеткіштермен бағалайды. 



Оқу материалының мазмұнына байланысты рефлексия түрлері: 

«Рефлексивтік экран» 

Тақтаға экранға:  

-

 

Бүгін мен ... білдім. 



-

 

Мен үшін бүгін ... қызықты болды. 



-

 

Мен ... кезінде қиналдым. 



деген  сөйлемдер  жазылады.  Оқушыларға  осы  сөйлемдерді  оқушылар  ауызша 

толықтыруы керек.  



«Рефлексивті тест» 

Мұғалім  сабақ  соңында  оқушыларға  төмендегі  нұсқалары  бар  «тесті» 

ұсынады.  

A.

 



Мен жаңадан көп нәрсені білдім 

B.

 



Бұл менің өміріме қажет болады 

C.

 



Туындаған сұрақтарыма жауап ала алдым 

D.

 



Сабақта нәтижелі жұмыс жасадым 

Жауап  нұсқаларын  бере  отырып,  жауаптар  санының  бір  нұсқадан  артық 

болуы  мүмкін  екендігін  ескертеді.  Осылайша  оқушылар  сабақтың  білімділігін, 

маңыздылығын, қажеттілігін  және өз іс-әрекетін бағалауға мүмкіндік алады. 



«Аяқталмаған сөйлемдер» 

Рефлексияның  аталмыш  түрі  жазбаша  жүргізілуі  тиіс.  Сондықтан  мұғалім 

осы  тапсырмаға  көбірек  уақыт  бөлінетінін  алдын  ала  ескергені  жөн.  Сабақ 

соңында  оқытушы  оқушыларға  төмендегі  сөйлемдер  легін  жазбаша  аяқтауды 

ұсынады: 

-

 



Бүгінгі сабақта мен... 

-

 



Мен үшін ең маңыздысы... 

-

 



...біраз қиналдым. 

-

 



Бұл маған ... үшін қажет. 

-

 



Менің ... сәтті шықты. 

-

 



Өзім үшін ... 

-

 



Өтілген тақырып маған ... ұнады. 

Осы рефлексияны орындай отырып, оқушы сабақтың басынан аяғына дейін 

жүзеге асқан әрекеттерге талдау жасайды және өзін-өзі бағалауға мүмкіндік алады. 

Сонымен  қатар  өз  іс-әрекетіңе  рефлексия  жасауда  пікір  дұрыс  шығуын 

үнемі  жетілдіріп  отыру  қажет.  Осы  орайда  төмендегідей  байланыстырушы 

сөздер/тіркестерді қолдану өте тиімді.  

 

Кесте 1 - Байланыстырушы сөздер/тіркестер 



Жеке пікір 

Меніңше/Менің ойымша ...; Менің ойлауымша ...; Мен ... екеніне 

сенімдімін; Мені ... таңқадырады; Мен ... екеніне кәміл сенемін; Мен 

... деп ойлауға бейіммін; Маған ... сияқты; Маған қатысты айтар 

болсам ...; Мен ... деп ойлаймын. 

Артықшылықтар 

мен кемшіліктерді 

атау 


Бір артықшылығы ...; Екінші артықшылығы ...; Тағы бір 

артықшылығы ... болып табылады;  Ең басты артықшылығы ...;  Ең 

негізгі артықшылығы ... болып табылады. 


169 

 

Көзқарасты атап 



шығу 

Біріншіден ...; Бірінші кезекте ...; Ең алдымен ...; Екіншіден ...; 

Үшіншіден ...; Қорытындысында ...; Алдымен сөзді ... бастайық. 

Бір сұрақ бойынша 

тағы бір пікір қосу 

Оның үстіне ...; Оған қоса ...; Бұл/ол туралы айтпағанның өзінде; 

Бұған қоса ...; Сонымен қатар ...;  ... бұдан басқа. ... екендігін 

айтпағанның өзінде; ... ғана емес, сондай-ақ ...; 

Басқа ресурстарға 

сілтеме жасау 

... негізінде; Соңғы ғылыми зерттеулерге сәйкес...; Браунхилл (2013) 

ұсыныс жасағандай ...; 

Көзқарастарға 

көңіл аудару 

Іс жүзінде ... ; ... заңды; ... сөзсіз; Сірә ...; Әрине ...; ... туралы 

айтудың қажеті бар ма 

Мысал келтіру 

Мысалға алсақ ... ; Мысалы ...; Бұл дегенім ...; 

Басқа адамдардың 

пікірін білдіру 

Көбісі ... деп ойлайды; Адамдар ... дейді; ... деген пікір бар; Кейбір 

адамдар ... деп дәлел келтіреді; Көпшілік ... деп айтады; Көпшілігі ... 

деп пайымдайды; Кейбір адамдар ... деп атап өтуде; Кең таларған 

пікірлерге қарамастан... . 

Қорытынды жасау 

Қорытындысында ...; Ақыр аяғында ...; Нәтижесенде ...; ... назарға 

ала отырып; Барлық ұсыныстарды назарға ала отырып ...; Жоғарыда 

айтылғанның бәрін ескере отырып ...; Жоғарыда көрсетілгендерді 

негізге ала отырып ...; Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып ... деп 

санаймын; Қорытындылай отырып ...; Тоқсан ауыз сөздің тобықтай 

түйіні... . 

Жинақтау 

Екі сөзбен айтқанда ... ; Қысқаша...; Қысқаша айтқанда... . 

 

Мұғалімдер/балалар жазба жұмыстарын орындау кезінде төменде келтіріген 



пайдалы  рефлексиялық  тіркестер  арқылы  өз  сезімдерін,  түсініктерін  және 

идеялардың дұрыс жеткізу үшін алгоритм ретінде қолданады.  

-

 

Бұл  тәжірибе  барысында  мен  анағұрлым  маңызды  мәселені 



айқындадым, бұл ... .  

-

 



Бұл  маған/мұғалімге/балаларға  қызығушылықтарын  ...  өзгертуге 

көмектесті. 

-

 

Мен  өзім,  бұл  ...  мен/мұғалім/  балалар  үшін  әсіресе  пайдалы  болды 



деп есептеймін. 

-

 



Ол кезде мен/мұғалім/балалар ... деп ойлайтынбыз. 

-

 



Үздіксіз ойлауды әдетке айналдыру үшін мен ... . 

-

 



Бұл маған/мұғалімге/балаларға ... ұғынуға көмектесті. 

-

 



Бұл мәселенің қорытындысын шығаруды жалғастыру маған/мұғалімге 

... мүмкіндік берді. 

-

 

Бұл оқиғадан/түсініктемеден кейін мен ... . 



-

 

Бұл жиынтық түсініктемелер мен/мұғалім ... екенін көрсетті. 



-

 

Ең басынан мен/мұғалім/балалар Х әдісінің пайдасын түсіне алмадық 



(сілтеме), алайда бұл тәжірибе мен/мұғалімді/балаларды ... үйретті. 

-

 



Бұл жаттығу маған/мұғалімге/балаларға  ... түсінуге көмектесті. 

-

 



Бұл  мәселені  одан  әры  зерделей  отырып,  әдебиет  Х  жәнеҮ  (сілтеме) 

ескеру  маңызды  екенін  атап  көрсеткен,  мен  бұны  келешекте  осындай 

жағдайда/мәнмәтінде орындап көрмекпін. 

-

 



Менің 

сұрағымның 

мақсаты 

... 


табу/айқындау/бағалау/дәлелдеу/талдау/ көз жеткізу болатын. 

-

 



Мен/мұғалім/балалар осы сәтте ... туралы бай білім алдық. 

-

 



Бұл зерттеудің ықпалы ... көрініс тапты. 

170 

 

-



 

... атап өту қажет. 

-

 

... жағдайда бұл зерттеу тиімді болар еді. 



-

 

Бұл тәжірибе мені/мұғалімдерді/балаларды ... үйретті, себебі мен бұны 



бұндай жағдайда бағалауға болмайды деп есептейтінмін. 

-

 



Қорытынды шығара келе... . 

-

 



Бұл  тәжірибе  маған/мұғалімдерге/балаларға  Х-тегі  өз  дағдыларын 

дамыту  қажет  екендігін  көрсетті. Бұл мәселені  шешу  үшін  мен  ниеттімін  олар  ... 

істей алады. 

-

 



Бұл ынтымақтастық материалдары ... көрсетеді. 

-

 



Бұл зерттеудің маңызы ... . 

-

 



Бұл түсініктеме маған ... екенін ұғындырды. 

-

 



Мен/мұғалім/балалар үшін маңызды факт ... түсіну болып табылады. 

-

 



Бұның маңызын ... түсінуге болады. 

Сонымен,  рефлексияны  сабақ  үдерісінде  дұрыс  қолдана  білу  –  нәтижелі 

білім  негізі.  Рефлексиясыз  айқын  түсініктердің  қалыптасуы  екіталай:  адамның 

рухани  әлемі  мұндайда  көмескі  әрі  жұпыны  болады.  Өйткені  адам  өз  сезімдері, 

түсініктері мен идеяларын сапалы түрде, жігер арқылы тәртіп пен жүйеге келтіре 

алмайды,  олардың  бағыт-бағдары  мен  ақиқатқа  жақындығын  тексере  алмайды.  

Рефлексиялық  білім  адамның  өзіне  деген  талаптарын  жоғарылатады,  ойлау 

қабілетін  арттырып,  оны  «тазалайды»,  өз  әрекеттерін  түсіну  қабілетін  дамытады. 

Сондықтан  әр  сабақ  алдында  және  соңында  мұғалім  өзі  және  оқушы  рефлексия 

жасаса,  білім  дайын  күйінде  емес,  сыни  тұрғыдан  қабылданып,  ал  сабақтың 

интербелсенді сабаққа айналары даусыз. 

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Каримов  А.Н.  Педагогикалық  қызмет  және  педагогикалық  шеберлік 

негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 225 б. 

2.

 

Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» 



баспасы, 2007. – 680 б. 

3.

 



Бизяева  А.А.  Психология  думающего  учителя:  Педагогическая   

рефлексия. – Псков: Сп.М.Киров атындағы ПГПИ, 2004. – 216 б. 

 

 

Займолдина  Ж.Г.,  аға  оқытушы,  педагогика  магистрі,  «Өрлеу  БАҰО  АҚ 



филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА, Ақтөбе қаласы 

 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: 

ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 

 

Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда  болды.  Жаңа 



формация  мұғалімі  инновациялық  оқыту  тәсілдерін  меңгеруі  шарт.        Қазақстан 

Республикасы  «Білім  туралы»  заңының  10  бабында  «Оқытудың  жаңа 

технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен 

еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын  қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін 



171 

 

кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 



енгізу және тиімді пайдалану» деп атап көрсетілген. 

Бүгінде  жалпы орта білім мазмұнын жаңарту, ұлттық мектептердің үлгісін 

жасау бағытында оқытудың жаңа технологияларды, инновациялық көзқарастарды 

енгізу сияқты оң өзгерістер еліміздің мектептерінің қызметін жақсартуда да үлкен 

өзектілікке  ие  болып  отыр.  Осыған  орай,  бүгінгі  ұстаздардың  алдында  оқушыға 

білім,  білік,  дағдыларын  игертіп  қана  қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын, 

сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс 

жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр. 

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, 

ғылыми-зерттеу  бағытында  құруды  талап  етеді.  Сондықтан,  ХХІ  ғасырдың 

информатика  ғасыры,  яғни  ақпараттандыру  технологиясы  дамыған  заманда 

мемлекетіміздің  болашағы  –  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беріп,  жан-

жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты 

талап етеді. 

Талай  ғасырдың  сын  елегінен  өткен,  әлемді  меңгерудің  мейлінше  бай 

тәжірибе-тағылымы  небір  тарихи  дәуірлердің  рухын  жинақтаған,  арман-ойларын 

уақыт сүзгісінен өткізген таным теориясының  қазіргі педагогикадағы маңызы зор. 

Оқыту  үрдiсi  екi  жақты  үрдiс  болғандықтан  оқушының  өзiндiк  жұмысы,  дербес 

шығармашылық 

iс-әрекетi 

мұғалiмнiң 

басшылығымен 

қатар, 

олардың 


iзденiмпаздығын, 

белсендiлiгiн, 

өз 

ықыласымен 



жасайтын 

әрекетке 

қызығушылығын қажет етедi.  

Ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың 

мүмкіндіктерін 

мұғалімдердің  іс-тәжірибелерін  қолдануда  оқушыға  берер  төмендегідей 

тиімділіктері аңғарылды: 

-

 

түрлі  ақпараттық,  бейнелік,  дыбыстық  анықтамалар  арқылы  білімін 



жан- жақты жетілдіреді, дамытады; 

-

 



өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды

-

 



тақырыптан  қалып  кеткен  немесе  дұрыс  түсінбеген  тақырыпты 

қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі; 

-

 

пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады; 



-

 

ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды; 



-

 

өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде 



жеткізеді; 

-

 



түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды; 

-

 



түрлі  деңгейдегі  тест  тапсырмаларын  орындап  өзінің  алған  білімін 

тексереді. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  мұғалім  жұмысына  ең 

тиімдісі  –  оқушылардың  білім  олқылықтарына  үнемі  зерттеу  жасап,  түзету 

жұмыстарын жүргізуге пайдасы зор. 

Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  негізінде  мектептердегі  оқыту 

процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік 

байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  -  өздерінің 

шығармащылық  әлеуетінің    артуына  жол  ашады.  Ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар  -  зерттелетін  құбылыстардың,  объектілердің,  үдерістердің  тек 

сыртқы  сипатын  ғана  емес,  олардың  ішкі  мәнін,  сондай-ақ,  табиғаттың  және 


172 

 

қоғамның  жеке  құбылыстары  арасындағы  байланыстарды  ашып  көрсетуге 



мүмкіндік береді, білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру 

процесі. Бұл  процесті  іске асырудың  негізгі  құралы  компьютер  болып  табылады, 

сол  себепті  қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа 

педагогикалық    технологияларды  жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі 

қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. 

Қазіргі  таңда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  – 

мұғалімнің  оқушыларға  көп  материал  беру  емес,  нақты  меңгерте  отырып,  нақты 

тірек  –сигнал    есебінде  өз  білімін    одан  әрі  дамытып,  әрбір  құбылыстың  мәнін, 

ерекшелігін, сапалық деңгейін  анықтауға үйрету.  

Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең 

алдымен,  бейнелі  ес,  көрнекі-бейнелі  ойлау,  шығармашылық  ойлау  елесі,  жан-

жақты  көріністер  қабылдау,  сөздік-логикалық  ойлау,  сөздік-  ойлау,  ес,  сезім 

қатынастары қамтылады. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  арқылы  оқушыларға  ғылыми 

ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік 

беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал ретінде пайдалану 

арқылы танымдық қызығушылықты арттырудың мүмкіндігі жоғары деп санаймыз. 

Сондықтан  оқыту  барысында  осы  технологияларды  тиімді  қолдану  маңызды 

болып саналады. 

Осы негізде оқушылар тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім 

алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  өз  бетінше  оқуға  ынталануына  қажеттіліктерін 

тудырады.  Осы  мәселелердің  жүзеге  асу  жолдарына  себепкер  ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялардың  әрқайсының  өзіндік  оқушыға  беретін 

ықпалы  жоғары  болады.  Электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс  істеу 

барысында  оқушы  материалды  толық  меңгереді,  теориялық  және  эмпирикалық 

ойлауы  біркелкі  дамиды,  білім  және  білік  дағдысы,  қызығушылығы,  танымдық 

қызығушылығы  артады,  ал  мұғалім  оқушылардың  зейінін  өзіне  тарту  жетістігіне 

ие  болады.  Оларды  ойландыра,  толғандыра  отырып  зейінін  оқу  процесіне  тарту 

әрекеттері  -  мұғалімнің  тиімді  құралы  болып  табылады.  Бұл  оқушылардың 

танымдық  қызығушылығын  белсендіру  амалы  болмақ.  Өйткені,  адам  қоршаған 

ортада  өзіне  керекті  нәрсені  алады,  олай  болса,  білім  беруде  мәнді  де  мағыналы 

нәрсені  оқушыларға  қызықты  түрде  ұсынуда  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың ықпалы жоғары. 

Алайда  психологтар  В.Давыдов  пен  В.Рубцов  «Жаңа  ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялар  адамның  жас  ерекшелігінің  даму  аспектісін 

ескере  отырып,  компьютерлік  оқыту  бағдарламасының  әртүрлі  формалық 

мазмұнында  адамның  жас  ерекшелігіне  сәйкес  келуі  керек»    деген  қағидасында 

естен  шығармай  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануда 

оқушының жас ерекшеліктерін қарай жұмыс жүргізу қолға алынуы қажет. 

Оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларына  өту,  оларды 

жасау  шарттарын  құру,  ендіру  жаңа  және  дәстүрлі  оқыту  әдістерін  үйлестіру 

психологиялық-педагогикалық,  оқу-әдістемелік  және  басқа  да  мәселелердің 

біртұтас кешендерін шешуді талап етеді. 

Оларды келесі бағыттарға бөлуге болады:  



173 

 



 

оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру 

мәселелерін шешудің біртұтас кешенді ғылыми-әдістемелік тәсілін жасау;  

 



практикалық 

қызметте 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдалану әдістемесін жасау;  

 

педагогикалық  кадрларды  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық 



технология ларын меңгеруге, оларды оқу үдерісіне ендіруге даярлау;  

 



оқушыларды  білімдер  мен  біліктіліктерді  игеруге  пайдалануға 

даярлау;  

 

оқу ғимаратының материалдық-техникалық қоры; 



 

ақпараттық-коммуникацияларды  қолдану  арқылы  оқушы  тұлғасын 



дамыту, компьютерлік сауаттылық; 

 



ақпараттық мәдениет; 

 



ақпараттық құзыреттілікақпараттық іс-қимылды үйренеді. 

Ал, мұғалім үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді:  

 

мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді; 



 

жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады; 



 

инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс - тәсілі артады; 



 

жас мамандардың қызығушылығын туындатады;  



 

мектептегі  басқа  пән  мұғалімдерімен  тәжірибе  алмастыру  арқылы 



ұжымның 

ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады; 

 

интернетке  кіру  жүйесі  арқылы  әлемдік  деңгейде  іс-тәжірибе 



алмасуды  

қалыптастырады;  

 

оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін игеруге қолы жетеді;  



 

мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. 



Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін 

қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы 

заңдылықтардан  тарайтын  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

тиімділігі жоғары деп есептейміз. 

Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке 

жауап  беріп,  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  дағдыланады.  Электрондық 

оқулық  арқылы  түрлі  суреттер,  бейнекөріністер  көрсетуге,  дыбыс  және  музыка 

тыңдатуға болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда 

әсерлі, әрі тиімді. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-

өзі  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Электронды  орталарды  интерактивті  тақтаны 

пайдалану  арқылы  оқушылардың  білімін  тексеру  үшін  әр  тарауды  аяқтағанда, 

жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады. 

Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге 

деген танымдық қызығушылығының артқандығы байқалды.  

 

 

 



 

 

 



174 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Мұғалімдер  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы өздеріне 

қажетті  әдістемелік  материалдарды,  көмекші  құралдарды  кеңінен  пайдалана 

алады.  

Электронды  оқулықпен  оқыту,  мұғалімнің  оқушымен  жеке  жұмыс 

жүргізгендей  болады. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі 

әртүрлі  суреттер,  сұлба  тәсілдер  арқылы  толықтырып  отырса,  онда  теориялық 

білімді  оқып,  көзбен  көріп,  түсініп  және  оны  мида  бекіту  үрдістері  бір  уақытта 

өтіп отырады да материалды қорыту процесі ұтымды болады. 

Сабақта  электрондық  оқулықты  пайдаланудың  тиімді  жағы  көп:  бастауыш 

сыныптарда дүниетану, математика пәндерінде, жоғары сыныптардың физикадан, 

химиядан  құралдар  жетіспеушілігі  сабақты  өз  деңгейінде  білім  беруде  қиын,  ал 

электрондық  оқулықта  барлық  тәжірибелер,  ғалымдар  өмірі,  анықтама  сөздік, 

материалдардың  барлығын  пайдалана  аласыз.  Әр  тарауда  тест  сұрақтары,  әр 

тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын 

бақылауда  және  оқушының  танымдық  ізденісін  туғызады.  Электрондық  орта 

арқылы  зертханалық  жұмыстарды  орындап  қана  қоймайды,  оқушыны 

шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады, сабақтың сапасын арттырады. 

Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану 

оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық 

ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына  жағдай 

жасайды.  Тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман 

талабын қанағаттандырмайды. 

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін 

қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы 

заңдылықтардан  тарайтын  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

тиімділігі жоғары деп есептейміз. 

Ақпараттық технология  - бүгінгі күннің тамаша жетістігі, осы техниканың 

озық  үлгісін  мектеп  қабырғасынан  терең  меңгерту  болашақ  кәсіп  мамандарын 

тәрбиелеуде,  бәсекеге  қабілетті  ел  азаматтарын  қалыптастыруда  орны 

айырбасталмас нәрсе. 

Қорыта  айтатын  болсақ,  үшінші  мыңжылдық  адамын  қалыптастыру  – 

дүниежүзілік, сонын ішінде Қазақстандық білім беру жүйесі алдыңдағы жауапты 

міндет.  Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен білім сапасын жақсартатын, 


175 

 

жалпы  бұқараға  білім  беруді  қамтитын,  ақпараттық  білім  беру  жүйесін  дұрыс 



түсінсек  оның  бағытын  дұрыс  анықтасақ  және  оны  жүзеге  асыру  барысында 

көргендік  танытсақ  Отандық  білім  беру  жүйесі  өз  алдына  қойылған  тарихи 

тапсырысты абыроймен орындап шығады деп ойлаймыз.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет