Әдебиеттер:
1.
[Б.А. Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиясы» ]
2.
[Т.В. Моталин журнал «Дарын» 2001 № 5 Алматы қаласы]
3.
[Бала мен балабақша журналы №11 2013 ж Алматы қаласы ]
4.
[Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру «әдістемелік құралы»
Л.И Оралова А.Қ. Әбілдаева 2008ж Алматы қаласы]
5.
[ «Логика» Т.С. Идмова 2009 ж Алматы қаласы ]
М.
МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ОҚУ
-
ТӘРБИЕ
ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Байхадамова Айгерім Ерпайызқызы,
Қостанай облысы,
Рудный қаласы әкімдігінің КМҚК
«№ 5» балабақшасы
Қазіргі таңда жан - жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам
алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім
беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттау қабілетін дамытуды балабақшадан
бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі
тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті
ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді.
Сондықтан, оқу - тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп,
оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан - жақты дамыған
бүлдіршіндерді тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Осы мақсатты іске асыру
барысында
М.
Монтессори,
Денечов,
Васкавович
педагогикалық
технологияларын тәжірибемде қолданамын. Денечовтың геометриялық
пішіндер, логикалық блоктарын. М.Мантессоридың ағаштан жасалған
геометриялық пішіндерін, қуыршақтарын, ойыншықтарын т.б Воскововичтың
98
гиаконг, каврогров, игровизор,күлгін орман, дидактикалық ойындарын
қолданамыз. Соған байланысты біздің балабақшаның педагогтарының аса
қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының
практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылады. Техналогиялар
тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал
ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші, әрі
бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі
көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі көптеген
болып табылады. М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке
жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды,
жетіледі, ал негізгі ұраны: «Менің өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның
атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи
қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі:
ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар дамыта оқытудың нәтижелі
болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым - қатынас
арқылы ғана өз жемісін береді.
1 Мантессори әдісінің мақсаты:
- балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
- өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
- балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
2 Монтессори ұстазының міндеті:
- балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
- негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
- ұсақ моториканы дамыту;
- алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
- зейінін тұрақтандыру;
- тәртіпке үйрету.
М. Монтессоридің жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді
және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы
келмейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты
«негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық, және ұлттық құндылықтар негізінде
тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады. Монтессори
материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Бұл
әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді.
Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып,
қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді. Айналадағы
заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі
түрде қолданамын.
Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар
аударатын түрі - заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық,
елжандық, дене, адамгершілік тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның
дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі
педагогикалық
құрамның
бір
бөлігі
деп
айтуға
болады
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.ең алғашқы жылында
99
балақозғалыс жасау үстінде жүреді. Онда сензитивтік периодтың даму
жолықалыптасады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлық
жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі. Моторлық даму жеке-дара
қозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді. Оған қозғалыс жасау үшінтүрлі
жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді. Бір сызықтың бойымен
жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді. Басқа да топтық жаттығулар балалар
арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы, рөлді
койындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. Жаттығуға арналған материал тәжірибе
жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек. Жаттығудың шарты
түсінікті болу керек. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның,
ғылым мен білімнің заманы. Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың
міндеті. Сонымен қатар
педагогтердің біліктілігін арттыру –заман талабы.
Әдебиеттер:
1. ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік
нұсқаулық, Алматы \ 2013ж.
2. Развитие речи обучение письму и чтению в грамматику, Снежинск 2002г.
3. Пермянова Л.В. Математика, Снежинск, 2005г.
4. Введение в Монтессори – педагогику, Снежинск,2005г.
5. Методика работы с основными сенсорными материалами, Снежинск,2006г.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Балбауова Жұмагүл Боранбаевна,
№56 «Береке» балабақшасынының
тәрбиешісі, Астана қаласы, bereke_gkkp@mail.ru
Тәрбиеленушілердің зейінін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ақыл-
ойын
дамыту
мақсатында
балабақша
тәрбиешілеріне
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету
және оны өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануға ықпал ету. Ақпараттық -
коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру
қажет. Ақпараттық-комуникациялық технология - келешек ұрпақтың жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты,шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашуына тигізер пайдасы мол деп есептеймін. Заман ағымына қарай ақпараттық
технологияларды қолдану айтарлықтай оң нәтиже беруде. Кез келген
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде электрондық оқулықты пайдалану
балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Әр
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс
100
жасауға баулып, ойын, ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы
дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы.Ұйымдастырылған оқу іс -
әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды
жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; балалардың
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын (ынта,ұмтылыс)
тудыру;
ақпараттық-коммуникативттік
технологиялармен
орындалатын
жұмыстардың қызықты болуы; топтағы әр деңгейлі балалар ескерілуі керек;
өзіндік пікір,идеялар,тұжырым,түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген
жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; балалардың өзінің
үйренгені мен өз түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір
алысуға мүмкіндік жасау.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио,видео, құралдар, компьютер,
интерактивті тақта,интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар
мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және тағы басқалары
жатады.
Осындай
құралдардың
бірі-мультимедиялық
оқулықтарды
балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -
әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал,
мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды
пайдалануға болады.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео,
электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар
біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып
көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.
Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас
құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге,
ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық құрал электронды оқулықтар бала үшінде, тәрбиеші
үшінде күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып
табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология
құралдарын
қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру,
балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге
белсенді,білімнің сапалы болуына жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау
процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен
көргенді ұнатады.Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қалай өткізуге және не істеуге болады
деген сұраққа,өз тәжірибемде мынандай бағыттарын ұсынар едім:
- Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету
- Слайд шоу,ертегілер
- Электронды ойындар
- Электронды логикалық тапсырмалар
101
- Ғажайыпстанға саяхат.
- Электронды слайд шоу
- Электронды дыбыстар
- Айналамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер
- Билингвалды компоненттерге арналған слайд шоу
Қазіргі таңда мен осы айтылған ақпараттық құралдарды үнемі, өз
тәжірибемде оқу іс -әрекетінде пайдаланып келемін. Инновациялық білім беру
құралдарына аудио, видео құралдары, компьютер, интерактивты тақта,
интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, оқу әдістемелік
көмек, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт жатады.
«Отбасы презентациясы» сәтінде видео экранмен өздерін слайд арқылы
таныстырып
өтті.
Мультимедиялық
оқулықтар
болса
балабақша
бүлдіршіндеріне арналған таптырма құрал еді.
Ақпараттық-технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық
белсенділігін
арттырып
қана
қоймай,
логикалық
ойлау
жүйесін
қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды
Олай болса келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни
интеллектаулды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор.
Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасау алға
қойған басты мақсатымыз
Балабақшада өткізілген әр мерекелік іс-шара, ашық оқу іс-әрекаеттеріді
ақпараттық технологияларды қолданамын.
Ақпараттық
ттехнологияға :
- Электронды оқыту тәсілі
- Интерективттік тақта
- Мультимедиялық
- Презентация
- Сиқырлы қалам
Балабақшада ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану бала
танымын, тіл дамытуын жан-жақты дамытудың шешуші құралы. Мысалы:
Мультимедиялық оқулықтарды балабақшада пайдаланар болсақ, оқу іс-
әрекеттерін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай жағдайда
тәрбиеші бала тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер
өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай
оқулықтар пайдалану алдымен балалардың қызығушылығын арттырып, оқу іс-
әрекеттерге деген танымын, белсенділігін арттыра түсер еді.
Мультимедиялық оқулықтар болса балабақша бүлдіршіндеріне арналған
таптырмас құрал еді.
Ақпараттық-технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық,
тіл дамыту белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайд.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты
көп мәдениетті, шығармашылық, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастыру
үшін ұстаз өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс.
102
Мен осы балабақшада балаларға тіл дамыту сабағын презентация арқылы
көрсету, және мултемедиялық жағдайда көрсетемін. Балалардың тілін дамыту
үшін ертегілер, электронды ойындар,сиқырлы қалам. Ғаламтордан баланың
тілін дамытуда керекті жаңа материалдарды қолданып тұру балалардың білімін
жаңарту болып табылады. Баланың тілін дамыту ақпараттық технологияның
маңызы зор. Әр оқу іс әрекетінде қолданылып отырса балаладың тілінің
дамуына көп әсерін тигізеді.
Әдебиеттер:
1.
Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру.
Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010
жыл. 39-41 б.
2.
Р.Омарова. 12 жылдық мектепке оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру. Оқу құралы. Ақтөбе. 2007 ж.
3.
Е.Б.Моргунов. позновательные процессы и способности в обучении. М.,
1990. 321 бет.
4.
Формирование
творческих
способностей:
сущность,
условия,
эффективность. Сб.науч. тр. Свердловчк. СИПИ 1990.
5.
Сайт бетінен А. З. Сисенованың «Ақпараттық технология-бүгінгі күн
талабы» атты мақаласы
6.
Сайт бетінен Б. Жолмұханова «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты
мақаласы.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП
ҚАЗАҚ
ТІЛІН ДАМЫТУ
Жабагина Салтанат Ерханқызы,
№56 «Береке» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі
Астана қаласы
bereke_gkkp@mail.ru
Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің
талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқының көрнекті
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай:
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минөтіменен,
Құлағыма сіңірген таныс үнін».
Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаздың міндеті.
Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл –
қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін
арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат
тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының
103
мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып
үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап
айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба
технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту
технологиясы және т.б.
Қазақ тілін оқыту – қиын жұмыс деп ойлаймын. Қазақ тілі пәні сабағын
оқытуда жаңа технологиялардың элементерін қолдана отырып, деңгейлеп
оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бұл технология
баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.
Тіл дамыту – қазіргі балабақшаның оқу тәрбие ісіндегі басты проблема –
тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, баланың дұрыс сөйлей білуіне көңіл
бөлу. әрекетінде тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс
ұйымдастыра білсе, ол баланың күнделікті өмірдегі құбылысты жан-
жақтытүсіне білуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздеріне қолдана білуіне
жағдай жасайды. Баланың тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын
дамыту деген сөз, өйткені бала пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы,
көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни
балалардың
тілін
дамыту
мәселесі
олардың
ойлау
қабілетімен
байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде
ұйымдастырылады. Балалардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру
мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде балабақша мұғалімдерінің, тіл
мамандарының алдынды тұрған басты міндеттердің бірі. Қазіргі заман
талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып,
тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып
отыр. Алайда,осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен
шеберлігінің нәтижесінде іске асырыларды. «Білім туралы Қазақстан
Республикасының Заңында» «Жеке адамның шығармашылық, рухани және
дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен
міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.
Қазақ тілі сабағында балаларды сөзді дұрыс қолдана білуге,өз ойын орнықты
жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту
жұмыстары. Тіл дамыту жұмыстарына ақпараттық технологияларда кіреді.
Балабақшада ақпаратық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған оның
ішінде:
1. Интерактивті мультимедиялық тақтасы
2. Теледидар
3. Сиқырлы қалам (қазақ тілін инерактивті үйрету)
Осы ақпараттық технологиялардың барлығы халықаралық білім
стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық
психология қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған әдістеменің
төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.
104
Яғни олар:
1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;
2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;
3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;
4. Диалог жүргізе алу;
5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;
6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа инновациялық технологиялық
әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру
қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай
жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып
мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман
талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе
болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы
да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық
технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық
ойының дамуында басты рөл атқарады. А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп
оқытудағы диалогтық қарым-қатынас екі сипатқа ие, олар:
1. Коммуникативтік (балалардың бір-бірімен ақпарат алмасуы)
2. Интерактивтік (балалар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу
әрекеттерімен де өзара алмасуы)
Баланың жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге
бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір
әдіс. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір балаға сапалы
және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді,
ал бала тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып,
оқу іс-әрекеттерімде мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды
пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды
тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы
жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- баланы шығармашылық жұмысқа баулиды;
- мұғалімнің уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
105
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр
сабағымыздың өзінде балаларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап
алатынымыз сөзсіз.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік
талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – ақпараттық оқыту технологиясы. Тіл
білімінің қай саласы болмасын ақпаратты жеткізуге бағынады. Ақпараттық
технологиялардың маңызы зор деп ойлаймын:
- Бала материалды қалай меңгергендігі байқалады;
- бала білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;
- талдау нәтижесінде балалардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға
қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен көрсету арқылы ойлауды дамыту”
технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр
баланың ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны тану;
- ой-толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал,
соңғы кезеңде бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда
балаға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға бала
шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Оқу іс-әрекетінің қай
құрылымында болмасын бала осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен
не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен
шығармауы керек.
“Мағынананы тану” кезеңінде балаларды топқа бөлу арқылы сұрақтар
дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар
үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға балалар өз ойларымен жауап
бере отырып, бұл сұрақтар балалардың деңгейіне сай топтастырылады немесе
сұрақтардың өзін сұрыптауда “Үлкен және кіші сұрақтар” стратегиясын
мұғалім жүзеге асырады. Осы кезең бойынша жұмыс жасау арқылы қорытынды
шығаруға болады:
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн”
диаграммасын
қолдану
арқылы
тақырыптардың
ұқсастығы
мен
айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік
дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни,
пікір-сайыс өткізуге немес “4 жолдық өлең” жаттатуға болады. Мұндағы мақсат
– балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Сол 4 жолдық өлеңді
жаттағанда сабаққа қабілеті төмен деген балалардың өзі 3,4 сөз тіркестерін
құрастырып өз ойын айтса, соның өзі баланы сабаққа тарта білгеніміз деп
білемін.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет
оқу ісін дамытуға, оқу іс-әрекеттердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік
106
шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және
шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды
қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол оқу іс – әрекетін тиімді ұйымдастыруға
көмектеседі, баланың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы артады. Тіл дамыту
мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар баланың ойлау қабілетіне,сондай-ақ өз ойын
жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Балалардың білімі ғана
жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. «...барлық
тапсырмалар балалардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы
негізінен балаларымызға тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды. Олай болса, қазақ
тілі оқу іс-әрекетінде әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей
дәрежеде берілуі қажет» - деген ұстанымды басшылыққа алсақ,тіл дамыту
жұмыстарына балабақшада өзінде-ақ аса назар аударылып келді. Тіл дамытудың
басты құралы сөздік қорда жатады. Баланың сөздік қорының неғұрлым көп болуы
және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту
жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі балалардың сөздік
қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Қазақ тілі
оқу іс-әрекетіндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс,сауатты
айтуға,баланың ауызша ойын,грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс
сөйлеуге,жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім баланың ауызша тілін дұрыс дамытуда
грамматикалық ережелерді жақсы білуге,тыныс белгілерін дұрыс қоюға
үйретіп,көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп,оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс.
Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп,дұрыс
ұйымдастыра білсе, ол баланың күнделіктіөмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне
білуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздерін-де қолдана білуіне жағдай жасайды.
Баланың сөздік қорын байытып,тілін ұстартуда шешуші рөл атқаратын
жұмыстардың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы баланың тіл
байлығын молайтумен қатар,дұрыс айтуға да дағдыландыра аламыз. Тіл
дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.
Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Озық
педагогика: әрір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола
алады.Шығармашыл бала өзінің қабілетін,күш-қуатын, бейімділігін сезіне
алатынындәлелдейді.
Тамаша педагог В. Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның
рухани байығы қалыптасады,шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен
тең. Сондықтан да балабақшаның, мұғалімнің,ата-ананың,тәрбиешілердің негізгі
мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» - деп атап
көрсеткен.
Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала
отырып жүргізудің тиімділігі зор. Балаларды тіл дамыту жұмыстарында
шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптарды басшылыққа
алуға болады:
- Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталды;
- Балалардың қызығушылығына түрткі жасалды;
-Модель, қысқаша жоба құруларына,ой еркіндіктеріне т.б. жол ашылды;
- есте сақтау қабілеттері арттады
Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:
107
- баланың сөздік қорларын, көркем тілдерін байытады;
- сауатты айта білуге төселттіреді;
- теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады;
- өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.
Қорытындылай келгенде, тіл дамыту жұмыстары балалардың пәнге деген
қызығушылығын,
ауызекі
сөйлеу
дағдыларын,
шығармашылық
қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына
жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе
білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.
Әдебиеттер:
1. Ж.Дәулетбекова «Оқушылардың тілін дамыту жолдары» Алматы «Рауан»
2000 ж.
2. Т.Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары»
Алматы, 1998 ж.
3. Б.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары»
Алматы, 2000 ж.
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. Алматы, 2004 ж. №7
5. «Қазақстан мектебі» Алматы, 2004 ж. №5
6. Б.Тұрғынбаева «Ұстаздық шеберлік» Алматы, 2006 ж.
8. «Қазақ тілі» Т.Ысқақов Алматы, 1998ж.
9. «Сөз өнері» З. Қабдолов 1998 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |