Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҚАРАПАЙЫМ



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҚАРАПАЙЫМ 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
 
Ибрагимова Салтанат Бердибаевна
тәрбиеші, білімі арнаулы орта 
МҚКК № 55 «Қарақат» балабақшасы 
Астана қаласы 
 
Есептеуді санамалап айтуды, 
Үйрететін жаңа пәнің бар мұнда 
Шабыт берер ойың менен санаңа 
Талант көзін ашар барлық балаға. 
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, 
Математикаға орын берсең басыңнан 
Барлық ғылым соған үйір болады 
Досың солар - табылатын қасыңнан. 
 
Балалардың  зейінін  тұрақтандыру,  қабылдауын  және  танымдық  қабілетін 
жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық 
ізденіске  талпындыру  жаңа  әдіс-  тәсілдерді  қолдану.  Сабақты  қызықты  өткізу 
үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп 
жүрген  балаларыма  оқу  тәрбие  үрдісінде  болып  жатқан  жаңалықтарды 

108 
 
пайдаланып келемін. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық 
терминдер,  геометриялық  пішіндердің  атауларын  (дөңгелек,  үшбұрыш, 
төртбұрыш) және олардың элементтері  (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу 
тең  ұғымдарын  үйренеді.  Сонымен  қатар  балалардың  математикалық  білімге 
деген  қызығушылығы  артады,  берілген  есепті  шешуге  өз  күш  (ерік),  жігерін 
жұмсайды,  Балада  алғашқы  түсініктер  индуктивті  және  дедуктивті  ойлау 
қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай 
талдау,  сараптау,  салыстыруға,  кеңістікті  бағдарлап,  салыстырмалы  түрде 
ойлай алады. Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір 
шәкіртімнің  бабын  таба  білу,  жүрегіне  ел,  ұлт  деген  ұғымды  ұялатып,  жан 
шырағын  жаға  білу.  З  жастан  асқан,  үйден  келген  балалар  болғандықтан 
көпшілігі  оң-сол,  жоғары  -төмен,алыс-  жақын  деген  негізгі  ұғымдарды 
меңгергенімен  алыс-  жақын,  биік-  аласа,  көп  -  аз,  үлкен  -  кіші  ұғымдарын 
шатыстырып,  0-  ден  5-ке  дейінгі  сандарды  тура  санағанымен  кері  санау  және 
сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек 0 – ден 10 
-  ға  дейін  тағы  да  кері  санауда  қиынсынды,  кейбір  балалар  ауызша  есептер 
шығарғанда  көп  қиналады.  МАД  тобында  осы  балалармен  деңгейлік 
тапсырмалар орындату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1, 2, 3, 4 
деңгейде беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда 
ғана келесі деңгейге көшу керек,осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп 
шығу өте ауыр, сондықтан. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-ші қатарға З деңгейді 
бірдей  уақытта  орындайтын  баларды  отырғыздым,  2-ші  қатарға  2  деңгейлі 
бірдей  уақытта  орындайтын  балаларды,  3-ші  қатарға  1  деңгейді  ғана 
орындайтын  балаларды  отырғыздым.  Бұл  балалардың  тапсырмаларды  қызыға, 
ынталана  орындап,  кез-  келген  қиыншылыққа  төзуге,  жеңуге  болады  деп 
ойлаймын. 
Осы  тапсырмаларды  өз  бетімен  орындау  -  шығармашылық  жұмыс 
бастамасы  Келесі  4  деңгейді  орындайтын  оқушылар  бірте–бірте  дараланып 
шыға бастайды.  Ал,  4 деңгей  тапсырмаларын үнемі жеке  карточкалар  арқылы 
беріп  отырамын.  Бүгінгі  таңда  адамзат  қоғамына  ғылыми  жаңалықтар  мен 
инновациялық  технологиялар  қаншалықты  маңызды  болса,  мектепке  дейінгі 
мекемелерде  оқыту  мәселесін  де  заман  талабына  сай,уақыт  сұранысын 
қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап 
отыр,  сондықтан  әрбір  педагогтың  алдына  оқытудың  жаңа  технологияларын 
оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. [1] 
Балабақшаның  басты  міндеттерінің  бірі  бүлдіршіндердің  ой-өрісін,  іс-
қимылын  жан-жақты  дамыту.Бұл  кезең  баланың  іс  әрекетінің  қалыптасуымен 
дамуы  қуаттылықпен  жүретін  ерекше  құнды,  қайталанбайтын  мезгіл.  Бұл 
мезгілде  балаларға  берілетін  білім  ең  алдымен  тәрбие  мазмұны  әлеуметтік 
сұранысқа  сай  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Таным  ең  алдымен  сезім  арқылы 
қабылдауы,  бала  өз  тәжірибесінен  бақылап,көріп  тануынан  тұрады.Сезіну 
үдерісі  кезінде  бала  бір  нәрсені  немесе  заттың  қасиетін,  құрылымын  таниды, 
Баланың  логикалық  ойлау  түсігіні  ең  алдымен  оның  сезінуімен  байланысты. 
Баланың  математикалық  түсініктерді  дұрыс  меңгеруі,  баланың  дамуы  жас 

109 
 
ерекшеліктеріне  байланысты,  бала  заттың  санын,  затты  салыстыру  (көлемін) 
теңістіру,  орналасуын,  саны  мен  сыңарын  белгілеріне  қарай  табу  тәсілдерін 
меңгереді. 
Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан 
басталатыны белгілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогқа байланысты екендігі 
сөзсіз.  Соған  орай  білім  берудің  жаңа  технологияларын  мақсатқа  сай  қолдана 
білу  қажет.  Мысалы:  ертегінің  мазмұнын  ашу  барысында  «Дамыта  оқыту 
технологиясын»  қолдансақ,  онда  Л.  В.  Занковтың  дамыта  оқыту  жүйесінің 
негізгі  мақсаты  жеке  адамның  жоғарғы  дәрежеде  жан  -жақты  дамуы  үшін 
негізін жасау. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып жан -
жақты  дамыту.Дамыта  оқыту  әдістемесіндегі  ең  басты  нәрсе  балаларды 
оқытуда  шығармашылық  әрекетін  енгізу.  Күнделікті  сабаққа  әзірленгенде осы 
дамыта  оқытудың  әдіс  -  тәсілдерін  пайдаланамын.  Балалардың  сабаққа  деген 
ынтасын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіру, әр түрлі әдіс- тәсілдерді 
қолдана өткізудің де маңызы зор. [2] 
Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы.  Қазіргі  балабақша  тәжірибесінде 
қолданып  жүрген  сыни  ойлауды  дамыту  технологиясының  стратегиялары 
баланың  ойлауына,  шығармашылық  ізденісіне,  педагогтың  шеберлігіне  жол 
ашты.  Технология  әдістерін  қолдануда  педагогтар  нәтижесінде:  баланың 
ойлауына,  бала  белсенділігіне,  сөздік  қорын  дамытуға,  баланың  өзіндік 
пікірінің  қалыптасуына  мүмкіндік  жасайтындығын  айтып  жетістікке  жетуде. 
Баланың  өз  ойын  сын  тұрғысынан  ойлап,  дәлелдеуге  тырысады,  ой-  өрісін 
кеңейтеді,  еркін  ойлай  отырып,  бірте  -  бірте  мұғалімнің  түсіндіргеніне 
қарағанда  өз  ізденісімен  қызығу  танытып,  шығармашылық  қабілеті 
ұшталады.Оның  ішінде  ерекше  бір  жағдай:  топта  көп  сөйлемейтін,  ойлау 
дәрежелері  төмен  балалардың  да  қызығушылығы  туып,  олардың  өз 
мүмкіндіктеріне  қарай  топтар  бойынша  сабаққа  қатысуға  тырысуы 
байқалды,сөйтіп  жаңа  әдіс  -  тәсілдерін  қолдану  арқылы  баланың  кішкентай 
кезінен  дүниеге  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына  жол  ашуда.  Мектеп 
жасына  дейінгі  балаларды  оқытуда  ойын  технологиясын  пайдалану  қажет. 
Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, 
әрбір  педагог  ойын  технологиясын  жетік  меңгеруі  тиіс  деп  санаймын.  Ойын 
барысында  балалар  тілдесу  ережелерімен  танысады.  Біз  балаларға  әр  түрлі 
тапсырмаларды  береміз,  тапсырмаларды  орындау  барысында  мыналарды 
үйренеді : 
- заттардың белгілерін сипаттау; 
- берілген белгілері бойынша заттарды тану
- заттардың бірдей және әр түрлі қасиеттерін анықтау: 
- заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру; 
- іс -әрекеттердің бірізділігін анықтау; 
- қарама -қарсы құбылыстар туралы мінеу; 
- өз қызметінде уақытша жақтауларды көру; 
- кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау; 
- жалпылау, зейінді болу; 

110 
 
- есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту; 
- әр түрлі түсініктерге анықтама беру : 
- тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту. 
Мен  өзімнің  тобымдағы  балалардың  жас  шамасы  мен  психологиялық 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  іс  -тәжірибесінің  шеберлігіне  байланысты 
интегралды  оқу  іс-  әрекеттер  өткізуі  өте  тиімді  әдіс.  Олай  дейтініміз,  оның 
ерекшелігі 
сабақтардың 
бір-бірімен 
байланыстылығында. 
Жаңа 
технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің 
алдында  отырған  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтық 
мақсат  -  мүддесіне,  өзінің  шеберлігіне  байланысты  таңдап  алады.  [5]  Жаңа 
технологияны  жүзеге  асыруда  тәрбиешінің  белсенділігі,  шығармашылық 
ізденісі, өз мамндығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы 
ерекше  орын  алады.  Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  болуы 
мүмкін.  Біздің  міндетіміз  -  балаға  оның  бойында  жасырынып  жатқан 
мүмкіндіктерін  ашып  көрсету.  Кез  -  келген  бала  тәрбиешінің  басшылығымен 
орындаған 
шығармашылық 
жұмысының 
нәтижесінде 
өзінің 
ішкі 
мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, 
ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына 
түрткі  бола  білуі  керек.  Сабақты  қызықты  өткізу  үшін,  тәрбиешінің  өзі 
даярлануы  керек.  Венн  диаграммасы,  деңгейлік  тапсырмалар,  ауызша 
логикалық есептер дайындауы қажет. Математика сабағында баланың ой еңбегі 
мен  қабілетін  арттыру  және  дамытудың  тиімді  әдістерін  қалыптастыра  білу 
керек: 
- берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек ; 
- есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек; 
-  балалардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ойын  түрлерін  пайдалану 
керек. 
Осы айтылған әдіс - тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес.Оған 
шығармашылық  тұрғыдан  ізденіс,  шыдамдылық,  жүйелі  жұмыс  жасай  білу 
қажет.  Ең  алдымен  осы  уақыт  ішінде  технология  бойынша  жұмыс  істеудің 
тиімді жақтарын айтатын болсам: 
1. Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады ; 
2. Баланың жеке қабілеті айқындалады : 
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысады
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабілеті артады ; 
5. Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады ; 
6. Бір сабақта есептің әр түрін шығарады. 
Осындай  жұмыстарды  ойдағыдай  атқару  үшін  тәрбиешінің  балаға  берер 
әсері  болу  керек.  Мысалы:  балаға  сенім  қалыптастыру  үшін  «сен  білесің», 
«сенің қолыңнан келеді», « үйренесің» деген сөздер қажет. Баланың өз ойынан 
шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек. 
Оқу  іс  -  әрекетті  түрлендіріп  өткізуде  пайдаланатын  технологияларды 
пайдаланамын 
1. Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізу 

111 
 
2. Басқа сабақтармен ұштастыру 
3. Жарыс-сайыс, оқу іс -әрекеттер 
4. Көрнекіліктер арқылы 
5. Венн диаграммасы, логикалық ойындар 
6. Тірек сигналы 
7. Кубизм әдісі 
Оқу  іс-әрекетті  түрлендіріп  өткізу  деген  тарауда  мысалы:  іс-  әрекетінің 
кіріспе бөліміне сол бүгінгі өткізілетін математикалық ұғымдарды немесе санға 
байланысты  тақпақтар,  санамақтар,  жаңылтпаштар  айтамын.  Жұмбақ,  ауызша 
есептер  шығарту  арқылы  балалардың  ойлау  қабілеттерін  арттырамын.  Сабақ 
ортасында балалар шаршамау үшін сергіту сәтін жүргіземін. 
Басқа  сабақтармен  ұштастыру  математика  пәнін  жапсыру,  сурет,  дене 
тәрбиесі,тіл  дамыту  пәндерімен  байланыстыра  өткізсе,  тәрбиешінің  балаларға 
және  білім  беру  еңбегі  нәтижелі  болар  еді.  Балабақшада  геометриялық 
фигуралармен  таныстыру  барысындағы  ересектер  тобы  балаларының 
құрастырған есептеріне мән берейік: 
1.
 
Апай,  менде  квадрат,  төрт  үшбұрыш  бар  еді.  Мен  квадраттан  үйдің 
қабырғасын,  бір  үшбұрыштан  үйдің  шатырын  жасадым.  Менде  үш  ұшбұрыш 
қалды. 
2.
 
Алтай:  менің  басым  сопақша,  көздерім  дөңгелек.  Аузымды  ашсам 
дөңгелек, жапсам сызықша. 
3.
 
Азамат: менің басым дөңгелек, бетім төртбұрыш. 
Мысалы:  дене  тәрбиесі  пәнін  алсақ,  математика  сабағы  арқылы  тепе- 
теңдікті сақтайды, оңға, солға бұрылу, тақтай бөрене үстімен жүру, жүгіру, бәрі 
есеппен  жүргізіледі.  Тек  қана  математика  сабағында  емес,  тіл  дамыту,көркем 
әдебиет  сабақтарында  да  санамақ,  тақпақ,  жаңылтпаштар  пайдаланамын. 
Сабақтардың бір  - бірімен байланыстырғаны соншалық балаға қызықты болар 
еді. 
Жарыс-сайыс  сабақтарды  пайдалана  отырып,түрлі  ойындар  өткізу 
балалардың  ақыл  -ой  еңбегін  ерекше  қажет  етеді.  Математика  сабақтарында 
балаларды  екі  топқа  бөліп,  жарыс-сайыс  сабақтар  өткіземін.  Әр  топқа  ат 
қою.Әр топ ұпай жинаған сайын балаларға жұлдызшалар беру. Жылдың соңына 
қарай  балалармен  «Кім  тапқыр»,  «Ойланғын,  таппай  қоймағын»  атты  жарыс 
сабағын өткіздім. Бұл сабаққа ата -аналарды да қатыстыруға болады. Мұндағы 
көздеген  мақсатым:  балада  психикалық  процестер  мен  психикалық 
қасиеттердің қалыптасуымен дамуын және сол жыл бойына алған білімдерінің 
деңгейін  тексеру  баланы  оқытуда  және  тәрбиелеуде  ата  -аналардың  шет 
қалмауын  қамтамасыз  ету.  Мұндай  сабақтар  баланың  қызығушылығын 
арттырып  дүние  заттары  мен  құбылыстарын  танысам,  көре  білсем  деген 
талабын арттыра түседі. 
Көрнекілік  арқылы  деген  тарауымда  балаларға  көрсететін  көрнекілігім 
үлкен,  әдемі,  бояуы  қанық,  әрі  балаға  көрінетіндей  етіп  қабылдаймын.  Іс  -
әрекетінің екінші бөлімінде балаға берілетін карточкалар эстетикалық талғамға 

112 
 
сай  болуы  керек.  Көрнекілік  қолдану  кезеңінде  мынадай  қағидалар  басты 
назарда болады: 
1.
 
Көрнекілікті көрсетер алдында мақсатын нақты айқындау ; 
2.
 
Көрнекілік оқытудың өзге де құралдарымен қоса пайдалану ; 
3.
 
Көрнекіліктің барлық балаға түгел жақсы көрінуі; 
4.
 
Көрнекілікті сабақтың тек қажетті кезеңінде қолдану. 
Осы  ережелерді  сақтай  отырып,сабақтарымда  көрнекілік  пайдаланамын. 
Мысалы:  суретпен  жұмыс,  сөзжұмбақтар,  т.б.  көрнекіліктерді  қолданып 
отырамын. 
Іс  әрекетінде  логикалық  ойындарды  ойнағанда,  балалардың  ойлау 
қабілетін  арттыру.  Логикалық  жаттығуларды  орындау  баланың  ақыл  -ойын, 
қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. 
Венн  диаграммасы.  Бір  -біріне  жуықтау  термин  сөздерді,  ұқсастығы  мен 
айырмашлығын талдау. (ересектер, мектепалды даярлық топта қолданады) 
Тірек сызбасы деген тарауыда тақтаға іліп талдау жасау арқылы балаларды 
ойлау  қабілетін  одан  әрі  дамыту.  Өткен  тақырыптарды  бүкіл  балаға  түсінікті 
болуы,  олардың  шығармашылық  ойлауын  дамытуға,  уақытын  үнемді 
пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Бұған  шығармашылық  ізденіс,  оқу-тәрбие 
процесін  оптималдандыру  нәтижесінде  қол  жеткізуге  болады.  Бала  білімінің 
тиянақты  да  сапалы  болуы  сабақтың  шебер  ұйымдастырылуына  байланысты. 
[3] 
Кубизм әдісі-текшенің алты қыры арқылы термин сөзді талдау, кубиктегі 
бейнеленген суретке қарап, өз ойларын жеткізу. 
Қорытындылай  келе:  әр баланың  жеке  қабілетін  анықтап,  оны  белгілі  бір 
бағытқа  жетелеу,  ұстазпарызы.  Шығармашылық  жаттығулар  балалардан  тек 
қана  математикадан  білім  емес  күнделікті  өмірде  кездесетін  әртүрлі  жағдайға 
байланысты  білімді  талап  ететін  тапсырмалар.  Балалардың  байғақыштығын 
дамытуға  негізделген  логикалық  ойлауды  дамыта  оқытуды  негіздеу  үшін 
логикалық  ойлау 
ұғымын 
терең 
түсіну 
керек. 
«Ойлау-логиканың 
заңдылықтармен  формаларына  бағынады.  Көптеген  адамдар  логикалық 
ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы 
болып  жатқанын  білмейді.»  В.Кириллова  Бұл-өте  қиын,  аса  жауапты,  бірақ 
игілікті  мол  ардақты  жұмыс.  [4]  Баланың  логикалық  танымдық  қызметін 
арттырудың  бір  жолы  берілген  материалдың  теориялық  мәні  мен  өмірлік 
тәжірибеде  қолданысын  ашып  беру  болып  табылады.  Егер  бала  берілген 
материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір іс-әрекетті өткен 
материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады. 
Бала  бойында  логикалық  танымдық  қызығушылықты  арттыру  үшін  мына 
мәселелерді есте сақтау керек: 
1. Алдын-ала дұрыс мәлімет беру. 
2. Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. 
3. Баланы психологиялық тұрғыда дайындау. 
4. Тәрбиешінің пәнге дұрыс көзқарас. 

113 
 
Қай оқу іс-әрекетте болсын балаларды танымдық, шығармашылық дамыта 
оқыту олардың қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі. 
Қорыта  келе:  күн  әлемді  жарықпен  жылумен  нұрландырса,  өз  еліміздің 
мәртебесінің биіктеуіне біздің жас ұрпағымыз өз үлесін қосамын деп сенемін. 
1.  Оқутудың  қай  түрін  қолдансақ  та  ең  бастысы  –  балаға  деген  сенім, 
баланың  өз  ісіне  жауап  беру  мүмкіндігіне  сүйене  отырып,  оған  деген  сенімді 
арттыру. 
2. Жаңа технологияның талаптарына сай тәрбиешіге арналған әдістемелік 
кітаптар және балалардың жазылуына жаңа типтегі оқулықтар қажет. 
3. Бұл айтылғандар жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық 
ашпайды.  Оның  басқада  талай  тиімді  тұстарын  күнделікті  ұстаздық 
тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенемін. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Т. Кенжебаев, М. Абдиров «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 1985ж 
2.
 
«Бала мен балабақша» журналы №1, 2011ж 
3.
 
«Отбасы және балабақша» №1, 2005ж 
 
4.
 
Мектепалды даярлық журнал №1, №2, №3 2004ж 
5.
 
«Балақай» республикалық журнал №1, 2009ж 
 
 
 
ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
НЕГІЗГІ ҚҰЗІРІТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
 
 
Карина Айнур Айтмухановна, 
МҚКК № 55 «Қарақат» балабақшасы,  
тәрбиеші, Астана қаласы 
 
 
«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің 
рухани дамуына қажетті нәрсеніңбәрінде ертегіден алады.» 
Ы. Алтынсарин. 
 
Ертегілер  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі 
құзіреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыруды 
максат  еткен  бұл  ғылыми  жұмысымның  негізгі  міндеттері  ертегілерді  іріктеу 
және  айлық  оқу  іс  әрекеті  тақырыптарына  сай  ертегі  кейіпкерлерімен 
дамытушы  ортаны  жабдықтау,  ертегі  кейіпкерлерін  білім  салалар  мазмұнына 
сай  дидактикалық  көрнекіліктер  ретінде  ,ертегіні  5  білім  беру  саласы 
мазмұнына  сай  бөлімдерге  бөлу,  балалармен  бірлесе  отырып  тақырып  қою, 
білім  саларының  негізінде  ұйымдастырылған  оқу-іс  әрекеттерінде  СТО 

114 
 
стратегияларын  тиімді  қолдану,  ертегілер  арқылы  балалардың  құзіреттілігін 
қалыптастырудың білім салары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару. 
Алдымен  «Ертегі  дегеніміз  не,  оның  құрлымы  қандай?»  -  деп,  ертегінің 
пайда болу тарихына талдау жасап көрейік. 
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі.  
Ертегі  жанры  халық  прозасының  дамыған  ,көркемделген  түрі  яғни 
фольклорлық көркем прозасы. 
Құзіреттілік-балалардың  іс-әрекеттің  әртүрлі  тәсілдерін  меңгеруден 
көрінетін  білімнін  нәтижесі  оны  өмірде  қолдана  алу  қасиетті.Құзіреттілік 
адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп,өзара іс әрекетке қосылу барысында 
қалыптасады.  Сонымен  қатар  құзыреттіліктер  арқылы  жеке  тұлғанын  өмір 
байлығы 
ақыл 
тереңдігі, 
күйіну-сүйіну 
қалпы,қиялдау, 
ерік-жігері, 
икемділігімен мінез - құлық сипаты ашылады. 
Жалпы  құзыреттіліктердің  негізгі  мектепке  дейінгі  жаста  қалыптасатын 
болғандықтан,  тәрбиешілердің  алдында  тұрған  басты  міндеттерінің  бірі-
тұлғаның  танымдылық  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  теориялық 
практикалық шарттарын негіздеу болып табылады. 
Танымдылық  құзіреттілік  –  бұл  жеке  басына  маңызы  бар  және  әлеуметті 
қажетті  танымдылық  мәселерлерді  шешудегі  баланың  өзі  басқара  алатын  ,сол 
мәселені шешу барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу. 
Танымдылық  құзіреттіліктерді  қалыптастыруда  ертегілердің  алатын  орны 
ерекше. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік 
байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы 
негізгі  педагогикалық  дәстүр  пән  аралық  байланысты  жүзеге  асыруға 
болады.Пәндердін 
өзара 
байланыс 
денгейі 
балалардың 
білімін 
зерттеу,талдау,жүйелеу  сияқты  негігі  дидактикалық  міндеттер  арқылы 
шешіледі. 
Балабақшада  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың  бір  жолы  –  білім 
салалары  бойынша  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерін  бір  тәрбиеші  арқылы 
жүрізіп,бірнеше пәндер бойынша білімнін жинақталуы яғни,әр түрлі пәндерден 
алған  білімдерін  синтездеу.Мақсатты  жалпы  мәселені  алдымен  жұпта,сосын 
ұжымда  талқылау.  Бұл  стратегияны  қолдану  төмендегіше  ұйымдастырылады. 
Балалар 5 баладан  тұратын 5  топқа бөлінеді.Бұл  «жанұя» топтар деп  аталады. 
Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1 бөлек 2,3,4,5 өз алдына жұмыс тобы 
құралады. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегсі бойынша 5 топқа білім 
салары бойынша төмендегідей тапсырмалар берілді.Жұмысты бастамас бұрын 
балаларға  жұмыс  тобында  тапсырманы  жақсы  орындау  қажеттілігі 
ескертіледі.Келесі  кезекте  ұжым  мүшелері  бастапқы  топтармен  қайта 
табысып,өздерінің  ұйреніп  келген  бөліктеріндегі  мазмұнды  ортаға  салады 
осылайша  жанұя  мүшелерінің  жұмысы  арқылы  білім  салаларының  өзара 
байланысы орнады. 
Ертегілер  арқылы  балалардың  құзыреттілігін  қалыптастырудың  білім 
салалары бойынша нәтижесі 

115 
 
Денсаулық білім саласы бойынша. 
-  Сабақтын  ұйымдастыру  бөліміндегі  аяқ-қол  жаттығуларына  ертегі 
кейіпкерлерінің жүрісін қолданады. 
-  Негізгі  қимыл  жаттығуларында  берілген  қимылға  сәйкес  аңдар 
тапсырмалары орындалады. 

Эстафетталық 
ойындар 
сайысын 
өткізуде 
аңдар 
кеуені 
ұйымдастырылады. 
Қатынас білім саласы бойынша. 
-  Ертегілердің  мазмұнына  қарай  :тұрмыс-салт,хайуанаттар,қиял-ғажайып 
ертегілері болып бөлінетінің ажыраттады. 
-  Сюжеттік  суреттер  арқылы  ертегі  кейіпкерлеріне  мінездеме  береді  және 
ертегі мазмұнын құрастырады. 
- Кейіпкерлендіреттін ертегінін мазмұнымен мәттінінің толық менгереді. 
Таным білім саласы бойынша. 
-  Ертегінін  кейіпкерлерінін  денелерінін  көлемін  салыстырып,  «үлкен  », 
«кіші» немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады. 
- Ертегі кейіпкерлеріне түр-түстері бойынша сипаттайды. 
-  Әртүрлі  геометриялық  денелер  бойынша  ертегілер  кейіпкерлерін 
құрастырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет