ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бисенгалиева Ульяна Салимжановна,
химия және биология пәндері мұғалімі, биология
бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Жайық ауылы. Жайық негізгі орта білім беретін мектебі,
ulya.bisengalieva84@mail.ru
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының
бірі – ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан
білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын
білім беру саласы болып табылады [1]. Қазір бүкіл әлемде индустриялық
қоғамнан интербелсенді қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық
мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпарттық қоғамға, негізгі рөлді
ақпартты алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерін
атқаратын қоғамға көшу үрдісі жатыр.
Сондай-ақ қазіргі кезде елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер, білім беру
саласындағы халықаралық қатынастардың дамуы, баламалы оқу орындарының
пайда болуы студенттер мен оқушылардың танымдық әрекеттерін белсенді
түрде атқаруға үлкен мүмкіндіктер алып келді. Білім беру саласының сапасын
арттыруда инновациялық технологияларды жиі, тиімді қолданып отырудың
маңызы ерекше.
Инновация (латын сөзі in – в, novis - жаңа) – жаңа, жаңалық, жаңарту.
С.И Ожегов сөздігі бойынша: инновация – бірінші рет шыққан, жасалған,
жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған,
бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. В. И Днепрова, Зогвязинский,
Лазареваның еңбектерінде: «инновация – білім беру жүйесінде жаңалықтарды
жасап шығару, игеру, қолдану, тарату іс-әрекеті». Т. И Шамова мен П.И
Третьяковалардың еңбегінде «инновация – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал
жаңалық дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, қалыптастыру» [2].
Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты
мәселесі жатыр:
Педагогикалық тәжірибені зерттеу мәселесі;
Психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге
жеткізу мәселесі.
Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі теориялық және
тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру
жүйесінде инновация білім беру мақсатында жаңалықтар енгізу, жаңа
мазмұндыы жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын қайта
жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізуді және таратуды, мектепті
басқарудың жаңа технологияларын жасауды және дамытуды, мектеп жаңа білім
179
беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны мен әдістерінің жаңа
талаптарға сай болуын жобалайды.
Олардың дамуын екіге бөліп қарастырамыз:
Объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына
жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету;
Субъективті факторлар – инновациялық үрдіс субъектісімен тығыз
байланысты. Инновациялық үрдіс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер
және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа
қызметкерлері жатады [3].
Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады:
Тұрмыстық – әлеуметтік құзырлығы:
Анкеталық мәлімет
Денсаулық туралы мәлімет
Эмоционалды тонус
Эмоционалды байсалдылық
Басқару құзырлығы:
Жеке – дара, ұжымдық жұмыс түрлерінің перспективалық
жоспарларын ұйымдастыру біліктілігі.
Жаңа технолгияларды жетілдіру.
Осы жұмысты жүзеге асырудың тиімді әдістерін таңдай
білу біліктілігі.
Кәсіптік құзырлығы:
Жобалық-құрылымдық шығармашылығы.
Ұйымдастыру шығармашылығы.
Эмоционалды.
Тұлғалық құзырлығы:
Еңбекке қатынастығы.
Өзіне – өзі қатынастығы.
Қоғамдық белсенділік
Иницативтік
Педагогикалық такт [4].
Кәсіби құзыретті педагог озық педагогикалық тәжірибені білетін,
меңгерген, іс-тәжірибенің жаңа бағытын білетін, жаңашылдықпен жұмыс
жасайтын, өз жұмысына эксперимент енгізуге үнемі дайын, жұмысқа
қызығушылығы мен кәсіптік шеберлігі жоғары тұлға.
Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі
балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек»,- деген тұжырымында:
«Шығармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын
аңғарылады. Тұлға құзырлығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді
жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере
отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-
тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет
етеді. Құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, өмір
180
сүруге қажетті өзіндік дамуын жүзеге асырып, өзіндік бағдарын
айқындауғамүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже
деп түсінуге болады.
Бүгінгі заман талабы – білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол
таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан мұғалімнің
мақсаты – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде
қалыптасуына жағдай жасау. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға
тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана
мүмкін екені белгілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 тарауында
көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық
байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Қазіргі таңда
жаңа білім беру технологиялары кең қолданыла бастады, олар уақыт пен
қоғамдық сұраныстарды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған [6].
П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы,
Д.Эльконин мен В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В. Шаталовтың
оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
технологиясы,
М.
Чошановтың
проблемалық
оқыту
технологиясы,
М.Жанпейсованың модульді оқыту технологиясы, В. Монаховтың, В.
Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары
қолданылуда. Осы технологиялардағы негізгі идеялар – оқушының жеке
тұлғалық күшін дамыту, ой-өрісін өсіру, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру
және шығармашылықпен жұмыс істей алатындай жағдай туғызу [5].
Қазіргі таңда ұстаздардан жаңа әдістерді қолдануды, шығармашылықпен,
ізденіспен жұмыс істеуді талап етеді. Әрбір мұғалімнің негізгі міндеті –
оқушыларға терең де тиянақты білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау
қабілетін жетілдіру. Қазіргі заман талабына сай білім беру мен ғылыми
танымның әдістерін меңгерту оқу үрдісінтехнологияландыруға негіздегенде
ғана жүзеге асады. Когнитивтік оқыту технологиясының негізі теориялық
білімді меңгертудің жолдарын ашып көрсете отырып, оқушылардың өз бетімен
білім алуына мүмкіндік береді. Оқыту үрдісі технологияларының когнитивтік
үлгісіалға қойылған мақсаттарға жету үшін оқушылар өздеріне жасалатын
ынталандыруға жауап ретінде жоспарланған біліммен іскерлік дағдыларды
меңгерту түріндегі іс-әрекеттер жүйесі ұсынылады. Жоспарланған іс-
әрекеттердің дұрыс орындалуы оқушылардың алға қойған мақсатқа жеткендігін
көрсетеді. Когнитивті оқыту барысында танымның ғылыми әдістерін меңгерту
мақсатында оқу үрдісін жоспарлау бірнеше кезеңге бөлінеді. Жоғарыда
берілген деректерге сәйкес когнитивті оқыту барысында оқушыларға таныс
емес жаңа ақпараттарды енгізгенде сабақты өзекті ойды жеткізу әдісіне
негізделген лекция түрінде өткізген тиімді. Егер оқыту әдістемесінің құрылымы
мен мазмұны оқушыларға таныс және білімді меңгеру тәсілін іс-жүзінде
пайдалану деңгейінде болса, сабата эвристикалық әңгімелесу немесе ішінара
ізденіс барысындағы жеке оқушылардың өз бетімен жұмыс істету формалары
181
қолданылады. Өздік жұмыстарды орындау барысында балалар меңгеретін жаңа
ақпараттардың мөлшері біртіндеп арта түседі[7].
Қорыта айтқанда, қазіргі заманғы педагог жаңашыл, жаңа форматтағы
мұғалім болуы тиіс. Білім беру қызметукерлерінің алдына қойылып отырған
басты міндеттемелерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан 2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы. – Алматы: Республикалық «Кітап» өндірістік бірлестігі, 1998ж [1].
2. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. Бастауыш мектеп.
2004№10,13-16б [2].
3. Айтбекова М. Бағытты білім беруде жаңа технологияларды енгізудің жеке
тұлға дамуына әсері. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.2005ж,№3,37б [3].
4. Смайлова З. Тиімді технология. Қазақстан мектебі журналы. 2004ж,№11, 38б
[4].
5. Тастанова А.Ж. Білім беру жүйесінде инновациялық технологияның маңызы.
Педагогика мәселелері журналы.2011ж, №4,34-36бб [5].
6. Аубакенова Г. Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық
технологиялардың алатын орны. Педагогика мәселелері журналы.2011ж, №5,
53-55бб [6].
7. Нұршанова Д. Когнитивті оқыту технологиясының тиімділігі. Педагогика
мәселелері журналы.2010ж, №3,50-51бб [7].
СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫН ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Дайрова Айжан Асқарбайқызы,
Ағылшын тілі пәнінің І санатты мұғалімі
№126 орта мектебі, Қызылорда облысы
Сырдария ауданы aizhand@mail.ru
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазір біз балаларымыз қазақ
тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай
жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде
ынталандырылуы керек.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы
«лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз
жаңа мүмкіндіктерді ашады» делінген.[1]
Қазіргі таңда ағылшын тілін білу – заман талабы екені әр адам қазір өте
жақсы түсінеді. Қазіргі ақпараттық технология ғасырында оқушыға меңгерілуі
тиісті оқу материалының көлемі өте көп.
182
Мемлекеттік стандарттың талабына сай ағылшын тілін (шетел тілі
есебінде) үйрену сол тілдің грамматикасын ғана игеру болып саналмайды.
Грамматикалық материалдарды оқып үйрену оқушының коммуникативтік
жолмен тіл үйренуімен, сауатты жаза алуымен тығыз байланысты. Демек
оқушының білімі үш бағытта анықталады.
1.
оның коммуникативтік (қарым - қатынастық) маңызына;
2.
грамматикалық сауаттылығына;
3.
өлкетанушылық материалдарды игеру деңгейіне қарай.
Ағылшын тілін үйренуде грамматика маңызды рөл атқарады. Әр адам өз
ойын жекізу үшін, грамматикалық дағдыны жақсы білу керек. Қандай тілді
үйренсек те сол тілдің грамматикасын толық игеру үлкен білімді қажет етеді.[2]
Оқу барысында кейбір оқушылар грамматикалық материалды компьютер
арқылы жасағанды жөн көреді, ал кейбіреулері оқулықтарда берілген жазбаша
жаттығуларды орындағанын ұнатады. Үйретудің әдіс-тәсілдері өте көп,
сондықтан өз тәжірибемнен алынған әдістерді ұсынудамын.
Грамматикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау
қабілеті дамиды. Әр оқушы берілген грамматикалық тақырыпты жақсы
меңгерсе, жеке іскерліктер мен дағдылар, ойлауға үйрену, берілген
тапсырмаларды дұрыс жетілдіруге мүмкіндік береді.[3]
Мысалы, сын есімді оқыту – оқушылардың күнделікті өмірде дұрыс
қолдана білуге үйрету. Ағылшын тілінде берілген білімді ұштастырып отыру,
оқушыны өз ойын еркін жеткізуге дағдыландырады. Ал мұғалімдерден жаңа
әдістерді, шығармашылық ізденістерді талап етеді. Әрбір мұғалімнің негізгі
міндеті-оқушыларға терең де, тиянақты білім беру.
Сабақтағы білімді тапсырмаларды орындау арқылы ұштастыра отырып,
оның берілу түріне, тәрбиелік, білімділік мазұнына ерекше көңіл бөлу керек.
Себебі, оқушылар бойында белсенділік, мақсат көздеушілік, жауапкершілікті
сезіне білу сияқты саналы көзқарас, жақсы қасиет қалыптасатыны белгілі.
Сабақта грамматикалық тапсырмаларды орындағанда, қарапайым тілде
сөйлеуге мүмкіндік береді. Грамматикалық тапсырмалардан басқа шағын
мәтіндермен де жұмыс жасауға болады. Оларды түсініп, аудару арқылы тіл
дамыту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру мәселесі шешіледі.
Мысалы, сын есімнің шырайларын түсіндірген кезде грамматикалық
мәліметін беріп, тақырыпты бекіту үшін арнайы тапсырма беріледі:
Write the comparative form of the adjectives (Cын есімдердің салыстармалы
шырайларын жаз): cheap, dirty, fast, safe, friendly, big, hot, noisy, healthy және т.б.
Мысалы:
cheap-cheaper
dirty-dirtier
fast-faster
safe-safer
friendly-friendlier
big-bigger
hot-hotter
183
noisy-noisier
healthy-healthier [4]
Task: Drawing dictation
Read the text and draw a picture (Текстті оқып, сурет сал)
There is a boy and a girl in the picture. They live in a small red house, it has
three windows. The door is blue. Near the house there is a big tree. There is a black
cat under the tree. The boy is shorter than the girl. The girl is wearing a green dress
and white shoes, the boy is wearing a yellow T-shirt and blue jeans.
Task: Put the words in the correct order to make sentences or questions
(Сөздерді дұрыс орнына қойып, сойлем құрастыр)
a.
sister me my than younger is
My sister is younger than me
b.
family the is the in father oldest my
My father is the oldest in the family.
c.
book interesting than my your more is book
My book is more interesting than your book.
d.
class who the oldest the in is
Who is the oldest in the class? [5]
Ағылшын тіліндегі сын есімнің шырайларын оқытуда сын есімнің
шырайларының жасалу жолдарын ережені жазбаша бермей, тірек сызбалар
арқылы үйретудемін. Тірек сызбаларды беріп, оқушыларға дәптерлеріне
көшіртіп, түсіндіру кезеңіне кірісемін. Ережені жаттап алғаннан гөрі сызбалар
көп есте қалатын болады. Бұндай тәсілдер біраз жақсы нәтиже береді.
Сын есімнің шырайларына байланысты тапсырмаларды орындаған сайын
оқушылар үнемі тірек сызбаларды бірте-бірте естерінде сақтап, тіпті жаттап
алатын болады.
Өзімнің жұмыс тәжірибемде ағылшын тілі сабақтарында ұсынылған тірек
сызбаларды үнемі пайдаланып отырамын. Оқушылар ережені жаттап алмай, тек
қана тірек сызбаларға қарап , сөйлемдерді құрастырып, өз ойларын еркін түрде
жеткізе алады. Ережені жаттап алғаннан көрі, оқушылар, біріншіден, көзбен
көріп, еске сақтау қабілеттерін арттырып; екіншіден, білімге деген
құштарлығын, ынтасын дамытады.
Сабақ барысында көп сөйлемей-ақ сабақ негіздерін қысқа да нұсқа
ұсынып, шығармашылық ой-өріс жүйесін арттыруға жағдай жасалады.
The theme of the lesson: Who is taller? The Comparison of adjectives
The aim of the lesson:
Сын есімнің шырайлары туралы мағлұмат беру және қолданылуын
меңгерту. Заттар жайлы жеке ойды айта білуге дағдыландыру.
1. Оқушыларға сын есімнің шырайларының жасалуын, түсіндіру.
Лексикалық және грамматикалық материалды меңгерту
2. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, есте
сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
184
3. Оқушыларды адамгершілікке, жолдастыққа және ұжымшылдыққа
тәрбиелеу.
Type of the lesson:
жаңа сабақты меңгерту
Equipments:
интерактивтік тақта, слайдтар, суреттер, оқулық, жұмбақтар
Methods of teaching:
иллюстративті, түсіндірмелі, сұрақ-жауап
The procedure of the lesson
1. Organization moment. Greeting.
Good afternoon children! Sit down, please.
Who is on duty today?
What day is it today?
What date is it today?
What is the weather like today?
What season is it now?
2. Phonetic drill.
We’ll begin our lesson with doing phonetic drill.
Some children are naughty.
Some children are dirty.
Some children are nice.
All children are wise.
3. Warm up
Translate into English “балмұздақ”
Name Demonstrative Pronouns
Translate into Kazakh “strawberry”
How many types of nouns do you know?
Find unnecessary word: apples, tea, oranges, bananas
4. New theme. Grammar.
We are going to speak about the comparison of adjectives.
Comparative and Superlative Adjectives
(Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары )
185
5. Compare animals and transports
Transports
The car is fast.
The train is faster than car.
The plane is the fastest.
6. Practice
Omar is tall.
Victor is taller than Omar.
Dmitry is the tallest.
Victor is shorter than Dmitry.
Omar is shorter than Victor.
Omar is the shortest.
7. Writing
Ex 8 Match an adjective with its opposite.
A
B
fast
small
clean
safe
quiet
cheap
slow
unfriendly
dirty
noisy
nice (fine, large, late,
safe)
more expensive
more dangerous
The Adjectives
Positive
Comparative
Superlative
nice + er=nicer
nice + est= the
nicest
expensive
dangerous
good
bad
Short
(1 syllable)
Long
(2 or more
Irregular
the most
expensive
better
worse
the best
the worst
186
old
friendly
interesting
expensive
modern
dangerous
boring
big
8. Riddles
Let’s play the game polyglot.
I am grey. My tail is long. My nose is short.
I am very little. What am I? (mouse, мышь, тышқан )
I am the biggest animal. I am grey.
My nose is the longest. My tail is short.
What am I? (elephant, слон, піл)
I have two legs and I am the fastest of all animal.
I have a pocket. What am I? (kangaroo, кенгуру, кенгуру)
8.
Conclusion Complete the chart
tall
taller
the tallest
strong
low
short
slow
fast
10. Homework Ex 9
Make sentences comparing life in the city and country.
Сабақ барысында менің ұсынып отырған тапсырмаларым жиі
қолданылатын жұмыс түрлері. Ағылшын тілінің грамматикасы бойынша одан
ары бекітуге берілген материалдардарды пайдалануға болады.
Әдебиеттер:
1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Е. Нурсипбаев. //Методика обучения иностранному языку. - № 3., 2011- 22-
27б.
3. К.Есмамбетова. Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің оңтайлы әдіс-
тәсілдері. //Методика обучения иностранному языку. - № 3., 2011- 6-7 б.
4. Ағылшын тілі оқыту әдістемесі 6 сынып 2011 ж
5. Ағылшын тілі оқу кітабы 6 сынып 2011 ж
6. Ғаламтор желісі
187
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА
ҚОЛДАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Дуйсенбаева Индира Женисовна,
№226 гимназия
Indira19_83@mail.ru
Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды жағы – іс-әрекетте педагогтың
өзін-өзі жетілдіру мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі,
дамытушылық қабілеті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Жолдауында жастарға білім беруді жетілдіруге айрықша көңіл
бөлінген. Елбасы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.
Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды» - деп атап
көрсеткен болатын [1].
Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер
қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап
оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың
деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне
қойылатын талаптардың саралануы.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана
отырып білім алуына жағдай жасап,мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін
аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш
деңгейі
қарастырылады:
ең
төменгі
деңгей
(минималдық
базалық),бағдарламалық,күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік
стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.Сондықтан оны әрбір оқушы
меңгеруі тиіс.Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере
отырып,уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де
нәтижелі болуы үшін: — жеке тұлға ерекшеліктеріне; — психикалық даму
ерекшеліктеріне (есте сақтау,қабілетінің ерекшелігіне,ойлау,қабылдау, зейін
188
ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне); — пән бойынша білімді игеру
деңгейіне/оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлуі
керек.
Денгейлеп оқытудың тиімді жақтары:
- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті
артады;
- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі
туралы іліміне сүйеніп,әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға
болады [2].
Жұмысымдағы негізгі бағытым: география пәні сабақтарында саралап
деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану, ал мақсатым: оқушылардың
шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілеттерін нәтижелі дамыту.
6 сыныптарға «Жел өрнегін сызу, климат картасын оқу» тақырыбында
бекіту тапсырмаларын төрт деңгейде ұсындым.
1-деңгей тапсырмасы: бриз және муссон желдерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын Венн диаграммасына түсіру.
2-деңгей- жаңа мәліметтерді пысықтап бекіту, желдің адам өміріндегі
алатын орны туралы оқушы өз пікірін айтып береді.
3- деңгей - Қабылдаған білімді тұжырымдап, жел өрнегін салады.
4-деңгей – Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа
фактілермен салыстыра отырып, жергілікті жердегі желдің бағыты мен
климаттық картаны еркін оқи алады.
Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсатым-сынып оқушыларын
«қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді
болдырмау; бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар
екінші деңгейдің тапсырмаларын; екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған
оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды; үшінші деңгей
шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор
оқушы орындай алады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы
оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші
деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз
қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.
Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше,
келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін
оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады. Олардың
әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары
деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша, бір деңгейден бір
деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді.
189
Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының
күнделікті мақсатына айналады [3].
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың оң
нәтижелеріне көз жеткіздім. Сабақты деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың
тиімділігі яғни сабақтың мазмұны мен сапасы артады,оқушы өз бетімен жұмыс
жасауға дағдыланып,шеберлігі шыңдалады жіне де жауапкершілігі артып,
шығармашылығы қалыптасады сонымен қатар жүйелі оқыту принциптері
арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өсіреді,
Оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, жаңалыққа
ұмтылады.
Әдебиеттер:
1. Н. Ә. Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының
басты бағыты. - 2012 ж. «Ана тілі» газеті, № 5. – 7-8 бет.
2. Қараев Ж.А. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы».
3. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ –
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы,
Құрақбаева Кенжегүл Ермекбайқызы,
Бастауыш сынып мұғалімдері,
Ақшат бастауыш мектебі.,
Ақтөбе қаласы, sandi.k.88 @mail.ru
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.
Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»,- деген
болатын.[1] Сондықтан жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық
қоғамда өмір сүре алатын, мемлекетімізді алға жетелеп, биік белестерден
көрсете алатын жастарды оқыту, тәрбиелеу бүгінгі білім беру салаларының
алдында тұрған басты міндет.
Қазіргі мұғалім - мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне
өтуде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін меңгерген, жаңа
инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық –
190
педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, шығармашыл, зерттеуші,
ойшыл болуы қажет.
Бүгінде дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап
келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған
«инновация» термині ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста
кеңінен қанат жайып келеді. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда
«жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.
Басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы [2].
Мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық
негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен
шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық
технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы
дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып
отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде
педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалім білім берудің
жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту,
оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін
іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен
айтқанда - оқу үрдісін жаңартуы қажет. Ал, бүгінгі білім берудің мақсаты – тек
білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын,
ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын,
қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын
баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы
ерекше.
Жаңа технологияны тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің
алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты
таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы
шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай
білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады.
Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен
мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік
191
білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік
кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар
айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру
жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде ұстаздар
жаңа технологияларды өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Қазіргі
таңда жаңа технологияның бірнеше түрі қолданыста жүргені белгілі. Соның
ішінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларын
қолдана отырып оқыту
бастауыш сынып оқушыларының дамуына көп көмегін тигізеді. Оқытудың
ақпараттық-коммуникациялық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану
барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық,
тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу
керек. Аталған технологияны қолдана оқыту бастауыш сынып оқушыларының
оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен
қарулануын жүзеге асырады. Ақпараттық - коммуникациялық технология
оқушылардың білуге, оқуға құштарлығын, танымдық қызығушылығын,
қиялын, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен
септігін тигізеді.
Ақпараттық
-
коммуникациялық
технологияны бастауыш сыныпта қолдану
барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды. Шығармашылық оқу
икемділігі, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау икемділіктері
дамып, өзіндік ойлау икемділігі өрбіп, компьютер арқылы оқу материалдарын,
оқыту және бақылау бағдарламаларын іске қосу, орындау дағдылары
қалыптасып, компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқу
басылымымен
жұмыс
жасау
икемділіктері
жетіле
түседі.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу
оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі
орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ,
ақпараттық - коммуникациялық технологиямен жұмыс жасау барысында
оқушылар өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай
алуға үйренеді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады,
мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу
қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы
орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы
сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып беру тиімді
болып табылады.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді
біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырып, білім саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру
192
жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін
күшейтуге мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер:
1.
ҚР
Президентінің
«Қазақстан-2050»
стратегиясы
қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Астана,
Ақорда, 2012 жыл.
2.
Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г. Бейсенова, Қазақстан
мектебі №6 - 2006ж.
ИННОВАЦИОННЫЕ
ТЕХНОЛОГИИ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И
ЛИТЕРАТУРЫ
Әбдіғаппарова Гүлмира Қанжарбайқызы,
орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
№126 орта мектеп, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Қалжан ахун ауылы, gumi-1970@mail.ru
По рзелультам илссеовадний одонго англигйсокго унвиертисета, не иеемт
занчнеия, в кокам пряокде реапожолены бкувы в солве. Галвоне, чотбы преавя
и пслоендняя блыи на мсете. Осатьлыне бкувы мгоут селдовтаь в плоонм
бсепордяке, все рвано ткест чтаитсея без побрелм. Пичрионй эгото ялвятеся то,
что мы чиатем кдаужю бкуву по отдльености, а все солво цликеом.
Если вы поняли, о чем речь в первом абзаце, это означает не только, что
английские ученые правы, а главное другое-вы умеете читать, т.е вы грамотный
человек.
Генеральный секретарь ООН Пан Ги Мун назвал грамотность
«основопалагающим аспектом человеческого достоинства, а генеральный
директор ЮНЕСКО Ирина Быкова подчеркивает: «Грамотность представляет
собой одно из необходимых условий мира, поскольку она несет в себе
многочисленные преимущества, затрагивающие гуманитарную, культурную,
социальную, политическую и экономическую сферы». [1]
В нашем обществе инвестирование в программы распространения
грамотности является ключевым компонентом стратегий по содействию
устойчивому развитию. В стране проводится модернизация национальной
системы образования.
Достарыңызбен бөлісу: |