МӘҢГІЛІК ЕЛ –МӘҢГІЛІК ТІЛ
Кокасова Адеми Канагатовна,
қазақ тілі оқытушысы
Есіл ауданы МКҚК № 1 «Гүлдер»
балабақшасы
«Ана тіліне салғырт қарау өз халқының өткеніне, бүгініне,
болашағына немқұрайлы қарау»
Б.Момышұлы
Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 жыл уақыт болды. Осы тәуелсіздіктің,
егемендіктің арқасында еліміз, Қазақстан елі, әлемге әйгіленіп, дамыған елдер
қатарына ендік. Өкінішке орай тәуелсіздік, егемендік сөздеріне аса мән бермейтіндер,
мағынасын жете түсіне білмейтіндер, ден қоймайтындар да баршылық.
109
Осындай бақытты, алаңсыз күнімізге жеткеніміз елбасының көрегендігінің
арқасы екендігін естен шығармай, кейінгілерге жеткізу баршамыздың міндетіміз.
Елбасы өз жолдауында «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру
әлдеқайда қиын. Бұл- әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан
өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай
елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігінен сабақ алуымыз керек.
Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік ел болу. Бұл біздің өз қолымызда» деп
атап көрсетті.
«Мәңгілік» сөзінің өзі өшпейтін, өлмейтін дегенді білдіргендіктен, Мәңгілік
ел, яғни, мәңгі жасайтын ел. Ел мәңгі болса, ол елдің тіліде мәңгі болатыны белгілі.
Ел мен тілді ажыратып қарау мүмкін емес. Мәңгілік елмен бірге мәңгілік тілде бірге
жасайды.
Осы орайда тағы да елбасының:
«енді ешкім өзгерте алмайтын ақиқаты бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге
Мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз
жөн» деген сөзін айта кетпеу мүмкін емес.
Мәңгілік ел – ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман
– тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын
бақытты ел болу. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, мәңгілік елдің іргетасын
қаладық. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз
еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі- мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналған.
Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақ перзенті. Ендеше , қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік
Ел!
Ел мәңгі, тіл мәңгі болғанмен, адам мәңгі емес. Сондықтан сол елдің бүгіні
біздер болсақ, ертеңі мен болашағын мектепке дейінгі мекемелерден қалыптастырған
жөн дер едім. Өзім қызмет ететін мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін
бүлдіршіндерді отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қоса мемлекеттік
тілді меңгертуге көп көңіл бөлеміз. Күнделікті сабақ кестесімен қоса қосымша
үйірме жұмыстары атқарылады. Әсіресе тәрбиеленуші өзге ұлт өкілдері
балаларының, олардың ата-аналарының қазақ тіліне деген ықылас-ниеті, құрметі
ерекше. Сондай-ақ өз ұжымымыздағы өзге ұлт өкілдері де қызығушылық танытып,
қазақ тілін үйрену курстарына барып дәріс алады. Жуырда ғана қыркүйек айында
аталып өтетін ҚР Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Өссе тілім мен де бірге өсемін»
атты сайыс болып, топ- топқа бөлінген тәрбиеші мен тәрбиеленушілер өз білімдерін,
өнерлерін ортаға салды. Бұндай шараларды жиі өткізу бізде дәстүрге айналған.
Атап айтсақ «Қазақшаңыз қалай ?» ,
«Қос тілім- қос қанатым», «Артық болмас білгенің» , «Сөз- маржан» т.с.с.
Әрине басты мақсат қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын оята білу. Сөйте
отырып Мәңгілік елдің мәңгілік тілін қалыптастыруға өз үлесімді қосып келеміз.
Еліміз көп ұлтты мемлекеттік болғандықтан олардың тілін, дәстүр-салтын
құрметтеуге және бірінің басын біріктіріп бір Қазақстан деген үлкен шаңырақтың
астында ұстай білуге шақырған елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігінің арқасында
осындай тату, қаймағы бұзылмаған ел боп отырмыз.
Қазіргі қазақстандықтар үшін үш тілді білу- өмір талабы. Алайда кез-келген
Қазақстан азаматы өзі мекен ететін елдің тілін, яғни, мемлекеттік тіл- қазақ тілін
білуге міндетті. Сонда ғана елбасы айтқандай:
«Қазақ тілі- Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі болады».
110
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне
негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне
жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі . Мемлекет
билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеумен өлшенеді. Мемлекет
қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде
сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын
арттырады. Тіл- ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының
құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Тіл- билік, үлкен саясат . Тіл- «Мәңгілік
Ел» идеясының басты қолдаушысы. Ана тіліңді құрметтеу- ұлттық намысты ояту
мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету- ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын –
бүгінгі жастар. Сондықтан білімді ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың басты міндетіміз.
Еліміз ел боп, тіліміз тіл боп мәңгі қалу үшін әркім өз үлесін қосып, бірігіп жұмыс
жасап күш біріктіру қажет.
Бүгінгі күннің өзі ертеңгі тарих. Мәңгілік елдің тарихы терең, мағыналы, мәнді,
сәнді, болып, қалыптаса берсін.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Мәңгілік Ел , мәңгілік
тіл болу жолында еткен еңбегіміз ел игілігі үшін екенін естен шығармайық!
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы : Қазақстан Республикасы Білім , мәдениет
және денсаулық сақтау министрлігі , 1998 жыл.
2.
Қ. Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы , 2010
3.
Егемен Қазақстан газеті 2016 жыл № 92
4.
Егемен Қазақстан 2016 жыл № 107
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ «ТҮРІК-БІРЛІК»
ИДЕЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Купеева Алия Кайргожаевна,
тарих және география пәні мұғалімі
Көкшетау қаласы
№2 орта мектеп-лицейі
Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп
гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп
отырғаным қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде
көрініс тапты. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ ,біз қазақ не
көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету,
тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан
бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі.
Қаншама жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай,
қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен
жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің
111
тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған
қазақ елінің мәңгілік ел болуы , құрылуы осының айғағы.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына
Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат. Қайта құру
жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың
ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған тарихи сананың қалыптасуы жаңа
кезеңге жол ашты. Бұл Жолдаудың ерекше құнды арнасы - Мәңгілік Ел идеясына
басым мән берілуі. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандықтардың ортақ
шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндейді. Иә, Мәңгілік Ел - ата-
бабаларымыздың ерте ғасырлардан бергі асыл арманы екені белгілі. Болашағымызға
айқын бағыт-бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын да, межелі
ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық. Бұл ұғым тектен-
текке шыққан дүние емес. Кезінде Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның
кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея. Ол кісі бес жыл Қытайда
ақсүйектің балалары оқитын мектебінде оқыған, Қытайдың түрлі губернияларында
прокурор болып жұмыс атқарып, заң саласын жетік білген адам. Кейін Елтеріс Құтлық
қаған екінші Түрік қағанатын құрған кезде қолдау көрсетті. Соның арқасында Құтлық
қаған екінші Түрік қағанатын құрды. Қағанат орнап болғаннан кейін Тоныкөк
«Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Қазақ даласында ғұмыр кешкен көшпелілер
мемлекеттілігінің тұтас даму үрдісі мен этномәдени ерекшеліктерін зерттеп, зерделеу
арқылы қазіргі таңдағы көшпелілер өркениетін түсінуге мүмкіндік беретін жол
секілді.Ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан – 2050» стратегиясының түп қазығы
етіп алынған Мәңгілік Ел ұғымының мәні өз бастауын тарихтың терең қойнауларынан
алады. Бүкіл түркінің қара шаңырағы атанып отырған қара орман ел – Қазақстанның
ежелгі ата-бабамыз – Көк түріктердің Мәңгілік Ел идеясын жаңғыртып қана қоймай,
ұлттық идея – ұлы бағдар етіп алуы қай жағынан болсын қисынды әрі тарихи заңдылық.
«Қазақ елі» немесе «Мәңгілік Ел» идеясының мәні қандай? Бұл идеяның арғы
қайнары Иоллығтегін қаған тасқа қашап жаздырған «Тұтас түрік елі» идеясынан бастау
алады.«Күлтегін» жырында: «Жоғарыда Көк Тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған», – деп жазылған. Көне түрік дәуірінен қалған
бұл жазба дерек сол кездегі түрік дүниетанымы мен наным-сенімдерінен хабар береді.
Көк Тәңірі (Көк аспан) – ол кәдуілгі көзге көрінетін, аспанға қарама-қарсы қойылатын
заттық аспан емес еді. «Аспан аруағын» сол кезде тек қытайлар ғана Көк Тәңірі деп
түсінген сияқты. Түріктер түсінігіндегі Көк Тәңірі – ол танып-білуге болмайтын құпия
тылсым күш! Түріктер оған Жаратушы деп емес, желеп-жебейтін жарылқаушы күш
ретінде сыйынған. Тәңірілік діннің Исламнан өзгешелігі – адамды Тәңір жаратты
демейді, «Жоғарыда Көк Тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам
баласы жаралған» – деп, әрі десе бір құдіретті тылсым күштің бар екендігіне бас иеді.
Бұл ақиқатқа жарылқаушы деп табынады. Көк Тәңірдің құдіретімен түріктер Көк
бөріден өрбиді деп түсіндіреді. Бұл олардың тотемдік нанымы еді. «Тәңір» мен «Түрік»
сөздері бірге қалыптасқан.Түрік халқының өмір салты – олардың әдет-ғұрпы мен
табиғатты анимистік сеніммен қатты қастерлейтін дүниетанымына сәйкес құрылған
еді. Адам баласы жаралған соң, оларға иелік ету үшін «бектер» пайда болған деп
түсінді. Әр халықтың еркіндігін тану – ол дәуір үшін кереғарлық болатын. Ал өз
халқының азаттығы түріктер үшін Көк Тәңірдің ақиқаттығындай еді. Нақ осы ақиқат
үшін түрік халқы жан қиюға дейін баратын.
112
Түріктердің идеологиясы саясатта қорғаныстық, ал идеялық жағынан
прогресшіл болып табылады. Бұл идея – «Тұтас түрік елі» идеясы деп аталды. Тек
біртұтастықты сақтау арқылы ғана Қытай қарулы күшіне төтеп бере аламыз, ал
өзіміздің мәдени-рухани құндылықтарымызды сақтасақ, түрік халқы дамимыз деп
түсінді. Қытайдың дегеніне көнбеу үшін ұлттық идея-«Тұтас түрік елі» идеясы
қалыптасты.
Бұл идеяның негізін Құтлығ, Білге қаған, Тоныкөк және Иоллығтегін сияқты
көктүріктер қалап, Көк тәңірге бас ие отырып, өз елін, жерін, халқын, биікке көтеріп
тарихта өшпес із қалдырды. Түріктердің мәңгілік мақсат-мұраттарын көздейтін «Тұтас
түрік елі» идеясын насихаттайтын «Тоныкөк», «Күлтегін» жазбаларының өзін осы
идеяны мәңгі көктүріктің ұрпақтарына қалдыру үшін Иоллығтегін тасқа қашатып
жаздырды. «Бәрібір адам баласының бәрі өлгелі туған», – дейді Иоллығтегін. Бұл
дүниедегі өмір өз жұртыңа сөз қалдырып, керек болса, жұртың үшін жан қиюға дейін
бару үшін, ал о дүниедегі өмір – мәңгілік тіршілік деп түсінген. Түрік халықтарының
жойылып кетпей, бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекеттер болып отыруы осы «Тұтас түрік
елі» идеясы. «Мәңгілік Ел» идеясының алғаш рет манифест, яғни үндеу тұрғысынан
жарияланғаны – көп мағыналық сипат береді. Өйткені, ол кезде түркі жұрты – Ұлы
Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын. Ежелгі түркілердің
«Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі – көне
түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі – әл-Фарабидің
философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның
теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі – Жүсіп
Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір-
бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен
жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел»
идеясымен сабақтасады.
Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған
қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы
үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде
айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға
бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын
біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл
қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі
кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. [8,б.5-6]
Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық
идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ,
біріншіден, олардың заттық, яғни материалдық сипатқа ие болып, еркіндік, азаттық пен
тәуелсіздіктің нышандарын айғақтайтын мемлекеттік рәміздер белгілерін көруге
болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің ұшар басы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан
түрінде ойылуы кездейсоқ емес. Көк бөрі түркі халықтарының ежелгі тотемдік
нанымына негізделгендігі белгілі. Түркілер әулетінің негізін қалаған Ашина Алтай
тауына қоныс тепкеннен кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін
қақпасына қасқыр басты туын іліп қойды», делінген қытай жылнамаларында. Толық
бөрі бейнесін оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген
ғылыми принципіне негізделген. Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-
әлеуметтік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың
рәміздік нышаны.
113
Бөрінің бейнесі көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазір
де
кейбір
түркітілдес
халықтар
қауымдастығының
рәмізі
ретінде
қолданыста.Л.Н.Гумилев те Орхон-Енисей ескерткіштеріне талдау жасағанда
руникалық жазулар эпитафиялық емес, публицистикалық сипатта деп жаңа бір пікірді
білдірген болатын: «үш жазудың мәтіндері де түркілердің барлық қоғам мүшелеріне
үндеу тұрғысында айтылған, оның өзінде ештеңемен бүркемелемей, халықты
сендіргісі келеді. Ендеше, жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған.
Мұндай жанрдың болуының өзі сөздің түркі қоғамында нақты күш екендігін көрсетеді.
Олай болса, дамыған қоғам және қоғамдық пікір де бар». Ендеше, бұдан шығатын
қорытынды: «Мәңгілік Ел» – көне түркі жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты
мемлекетінің манифесі ретінде жария етілген деген екен.
«Мәңгілік ел» сөзі аспаннан түсе қалған жоқ. Ол біздің тамыры тереңде жатқан
түп тарихымыздан алынды. Оны дәлелдеп жатудың да қажеті жоқ. Мәселен, белгілі
түрколог ғалым, тарихшы Қаржаубай Сартқожаұлы «Бұл, әрине, тектен-текке шыққан
дүние емес. Кезінде Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған
атақты Тоныкөкабыз негізін қалаған идея» дейді.Бұл тарихи асыл мұратты Президент
те дөп басты. «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы
Қазақстан! Мәңгілік.Ел –жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы» деді.
Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел
идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр.
Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған
«Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен
салынуының өзі, саяси биліктің бұл идеяны жарияламай тұрып-ақ тыңғылықты
даярланғанын көрсетеді. Ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсаған арманға жеттік. Бүгінде
мәңгілік елге жету үшін Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ғылымды
қаржыландыру әлемдік деңгейге жеткізу, ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсарту,шағын және орта бизнес келешекте жаңа құрылған инновациялық
кәсіпорындарды дамыту жалпы алғанда тілімізді,дінімізді,рухани құндылықтармызды
одан әрі жетілдіріптарихтан өшпейтін мәңгілік елге айналу.
Ұлт бірлігін, қағанат билігін мәңгілікке сақтап қалуды мұрат тұтқан Білге
қаған,Тоныкөк,Күлтегін «мәңгілік ел» идеясын ұсынған және келер ұрпаққа өсиет етіп
қалдырғандай.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Алматы Атамұра,2003ж
2. Бейсембай Кенжебаев Түрік қағанатынан бүгінге дейін. Алматы Ана тілі,2004 жыл.
3. Лев Гумилев Көне түріктер Алматы Білім,1994ж.
4. Айқын газеті,№54 (2451)2014жыл
5. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы Қазақстан 2050 «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»,
Астана 2014жыл.
114
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ
ТӘРБИЕЛЕУ
Есмагулова Лалагуль Кабдуллиновна,
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі
орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу - бүгінгі әлемнің күрделі
тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау ерте
замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты Қазақстан үшін
отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана
емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып,
дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Қазақстандықтарға ХХІ ғасырға лайықты және жетекші ел болудың жоғарғы
мақсаты жолында бүкіл қоғамды берік біріктіретін идеялық күш қажет болды. Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан халқына арнап «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты тарихи Жолдауын жазды. Жолдауда отандастары үшін өте маңызды екі
идея ұсынды. Оның біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». Қазақстанда
мекен еткен барлық ұлт өкілдері арасында қолдау тапқан қос идея бірауыздан
қабылданатындығына кәміл сенемін.
«Мәңгілік ел» - халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы.
«Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан,
алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.
Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік,
берекесі» дейді Елбасшымыз Қазақстан Халқына Жолдауында.
Жалпыұлттық идея – бірлік, оны ұрпағымыздың бойына сіңіруде жатыр. Озық
дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған халқымыздың алдында бүгінгі таңда
білімді де тәрбиелі ұрпақ өсіру міндеті тұр. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы
қалыптастырып, отансүйгіштікті негіздеу. Бұл тұрғыда Елбасы жастарға үлкен сенім
артып отыр. «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болу
керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре беруге
тиіспіз» деген Елбасы сөзі жастарды қанаттандыруда. Татулығы мен ынтымағы
жарасқан елдің болашағы да табысты, ертеңі берекелі болады. Бұл – тәуелсіз елдің
басты бағыты, бекем байламы.
Биылғы жыл –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып
отыр. Ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан
ерекше жыл. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға
шексіз берілгендіктің, қаһармандықтың шынайы үлгісін көрсете аламыз.
Казіргі елімізде Отанға сүйіспеншілік сезім қоғамдық қатынастарды
демократияландыру, адамды оның өмірін, игілігін, адами ар-намысын, қызметшіге
лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану
негізінде, мемлекетте ілгерілеуші әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу барысында
қалыптастырылады. Жаңарған қазақстандық патриотизмнің мазмұнын қазіргі қоғам
мен заманауи озық мәдениет құндылықтарымен қатар, ұлттық мәдениеттің дәстүрлі
нышандары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық
115
құндылықтары да құрайды. Тарихымыздың табиғи дәстүрлерін сақтай отырып, казіргі
заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере келе, отандастар туған елін ең
алдыңғы қатарлы шепте ұстай алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа
әлеуметтік өмір жағдайында жетіліп толысқан отансүйгіштік сезімі сенімді кепіл
болады.
Патриотизмді қалыптастыру – бұл қоғамның әлеуметтік тапсырысынан нәр
алатын мемлекеттік міндет. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық
жекелеген қырлары, халық пен елдің тұтастығы, бірегейлігімен тікелей байланыстыра
қарастырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі
екені де аян. Отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу азаматтың, елдің мәдениетінің
бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың мінез-құлқының толымды көрінісі мен қоғамдық
өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі іске асады.
Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін діттейді,
өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, ел-жұртқа, халыққа қызмет ету үшін
биік серпін болып табылады.
Бүгінде біздің еліміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қызметінің шын мәніндегі
білікті де іскер жұмысының нәтижесінде халықаралық сахнада үлкен маңызға ие
болды. Тәуелсіздік алғанына 25 жыл ғана болған Қазақстан Республикасының
абыройын аспанға асқақтатып, әлемдегі алпауыт елдермен иық тіресетіндей әлеуетке
жеткізген Елбасының сарабдал саясатының тереңдігін, көз түгіл көңіл жетпес
көкжиекті болжай алған көрегендігін, ел алдындағы ерен еңбегін, Отандық қана емес,
жаһандық саясаттағы жетекші орнын, бүкіл дүниежүзінің әйгілі саясаткерлерінің
мойындап отырғанын біз зор мақтаныш тұтамыз.
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі
және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі
құндылықтарды орындауымыз керек: бірінші – ата-анасын қадірлейтін, Отанын
сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін
білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші – халықтар достығын қастерлейтін,
ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру.
Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде
сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім
сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да
солай қарайды.
Ата-баба рухы, туған ел, ана тілі – бұл қазақ үшін көздің ағы мен қарасындай
қасиетті ұғымдар. Жас жеткіншектерді осындай құдіретті сезімге – отансүйгіштікке
тәрбиелеу мақсатында мектебімізде көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. «Менің
Отаным - Қазақстан», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Қазақтың батыр
қыздары» т.б. тәрбие сағаттары, «Мен - Отанымның ұланымын» атты спорттық
ойындар, «Әрқашан күн сөнбесін», «Бақытты балалық шақ» суреттер көрмесі мен
шығармалар сайыстары оқушылардың елін, жерін сүйіп өсуге негізделіп жүргізілді.
Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін жастарымыз
білімді, жан-жақты, дарынды да қабілетті болуы шарт. Жас жеткіншектердің ешкімге
ұқсамайтын даралығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту, оны жарыққа шығару
жолында Бірлестік орта мектебінің ұстаздар ұжымының еңбегі орасан зор. Атап
айтсам оқушыларымыз әр жыл сайын аудандық, облыстық байқауларға қатысып
жүлделі орындарға ие болуда. Өткен оқу жылындағы аудандық «Абай оқулары»
байқауында әр номинация бойынша оқушылар қатысты. «Өлең сөздің патшасы,сөз
сарасы» номинациясында Темірке Сания І орынды иеленсе, «Көңілім әнді ұғады»
116
номинациясы бойынша Білімхан Шұғыла ІІІ орынды иеленді, ал «Жүйріктен жүйрік
озар жарысқанда» номинациясында Мұғжан Аружан ІІ орынды жеңіп алды. Сонымен
қатар «Мұқағали оқулары» байқауында аудандық сайыстан Темірке Сания І орынды
жеңіп алып облыстық байқауға жолдама алып облыстық байқаудан ІІІ орынға ие
болды.
Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілетін дамыту мақсатында мектепте
«Өркен» театр ұжымының шығармашылық кештері, өзіндік ойлау жүйесін
жетілдіруде дебат сайыстары, интеллектуалды ойын бағдарламалары өткізіледі.
Мектебіміздің «Парасат» атты дебат тобы аймақтық, аудандық сайыстарға қатысып,
жүлделі орындарға ие болды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы бүгінгі
таңда әртүрлі пәндер арқылы да жүзеге асуда. Мектеп қабырғасындағы жүріліп жатқан
әрбір шараның басты мазмұны, басты мақсаты «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау,
ұрпақ бойына сіңіру.
Қорыта айтқанда, Елбасшымыздың «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде
жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан игілікті істер
жалғасын табуда. Жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді,
интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда жалпы
ұстаздар қауымының қызметі өлшеусіз.
Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін
аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - біздің басты міндетіміз. Елбасшымыздың болашаққа
бағыт берер «Мәңгілік Ел»идеясын қолдап,халқымыздың жарқын болашағының
кепілі-еліміздің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп,отанымыздың бақыты үшін еңбек ете
берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |