Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет17/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61

АТА-БАБА АҢСАҒАН МӘҢГІЛІК ЕЛ 

 

 

  Жиғанбай Сайрангүл

МКҚК №1 «Гүлдер» б/б тәрбиеші 

Есіл ауданы,  Есіл қаласы 

 

Адам-қашанда    еркіндікті,бостандықты  аңсайды,аңсап  қана  қоймай,сол  үшін 



куреседі  және  түрлі  әдістер  мен  амалдар  ойластырады.Ата-бабаларымыз  ұлан-ғайыр 

қазақ  жерін  найзаның  ұшымен,білектің  күшімен  сыртқы  жаулардан  қорғап 

келді.Бостандық,еркіндік,тәуелсіздік  баға  жетпес  байлық,асыл  қазына.Оған  жетудің 

жолы әр қилы.Еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын бастан кешірді.Отан деген сөз-

баршамыз  үшін  қастерлі  де  ,қасиетті  сөз.Оның  түпкі  мәнінде  туған  халқымыздың 

тарихи  кезеңдері,ел,  мемлекет  болу  белестері.Осы  жолдағы  күрескен  ата-

бабаларымыздың  ерліктері  мен    қаһармандық  жолдары  жатыр.Қазақ  деген  батыр 

халық.Ол  еңгейгенге  еңкейеді,шалқайғанға  шалқаяды.Ел  ғасырлар  бойы  аңсаған 

арманы  –тәуелсіздікке  қол  жеткізді.  Халқымыздың  даламыз  қандай  болса,жүрегі  де 

сондай кең,жер қойнауы қандай бай болса,жүрегі де сондай бай.Жүрегінің байлығы-

сәбидің тазалығы,оның ешкімге жамандығының жоқтығы,бейбіт момындығы. «Отан-

оттан  да  ыстық»  деген  рас  екен-ау!  Осы  Отан  үшін  талай  боздақтар  қалмақтармен 

шайқаста,  одан  кейін  революция  кезінде,  1941-1945  жылғы  неміс  фашистермен 

шайқаста құрбан болды. Бұдан кейінгі жылдарда тәуелсіздік үшін болған көтерлісте де 

жеңіске жетіп 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қол жеткізді. Бұл күн 

біз  үшін,  бүкіл  қазақ  қалқы  үшін  ұмытылмас  асқан  бір  мейрам  (ақ  түйенің  қарны 

жарлыған күн)де болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күнде болды. Бұл артынан 

күн шығады деп қазақ барлық ұмытты да, осы күнге  шүкүрлігін айтты. .. 



126 

 

Сонымен  еліміз  тәуелсіздік  алды.    Ол-  тәуелсіздік  дәуірі.  Тәуелсіздік  ұлттың 



санасын  оятты,  баршаны  ата-баба  жолына  үңілдірді.  Ол    «Отан»,  «бостандық»,  « 

тәуелсіздік»,  «егемендік»,  «ұлттжандық»  сияқты  ұғымдарды  тәуелсіздік  билігінен 

қарауды түсіндірді. Иә, Ендігі күні біздің мәңіглік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. 

Біз  енді  тар  жол,  тайғақ  кешулерден  өттік.  Жеріміздің  кеңдігіндей  көңіл  кең  дархан  

«қазақ» деген халықпыз. Мемелекетіміздің берік іргетасын  қалаған, тәуелсіздігімізді 

алған, тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, 

дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой 

үстінде  бозтоғай  жұмыртқалаған»  заманы  қазақтың  басына  енді  туады.  Ол-

«Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа айландырдық.  

Біз  бүгін  XXI  ғасырдың  есігін  айқара  ашып    төріне  еніп  отырмыз.  Бұл  ғасырды 

Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенемін.  

«Қазақстан-2050»-Мәңгілік  елге  бастайтын  ең  абройлы,  ең  мәртебелі    жол. 

Қазақстан  Республикасының  перзиденті    Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстандық  жол- 

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария 

етті. 

Президент  Жолдауы  Қазақстан  үшін  үлкен  маңызға  ие  болды.  Қазақ  халқының 



мыңдаған  жылғы  тарихи  тәжірбиесінен,  Тәуелсіздік  жылдары  жүріп  өткен 

қазақсатндық  жолдан  туындаған  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеячы  жария  етілді.  Бұл  

мақсат-бұл  «Мәңгілік  елді»  нығайту,  біздің  Отанымыз-  Қазақстанның  Тәуелсіздігін 

нығайту.  

Бір  мүдде-  бұл  біздің  ортақ  құныдылықтарымыз,  еркін  және  өркендеген  елде  өмір 

сүруге деген талпынысымыз! 

Бір болашақ- Бұл  мәңігілік елдің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының өркендеді.  

Мәңгілік елдің ірге тасын қаладық. Мен  қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы 

қандай  болу  керек?»  деген  сауап  жиі  талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін.  Біз  үшін  

болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея 

бар. Ол- Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұратына қол 

жеткізеді.  

Біз  еліміздің  жүрегі,  тәуеслсіздігіміздің  тірегі-  Мәнгілік  Елордамызды 

тұрғыздық. Қазақстан Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік болашағын баянды етуге 

арналады. Ендігі ұрпақ –Мәңгілік қазақтың Президенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық 

Идеясы- Мәңгілік ел! 

Мен  Мәңгілік  ел  ұғымын  ұлтымыздығ  ұлы  бағдары-  «Қазақстан  2050» 

Стартегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен горі оны ұстап 

тұру әлдеқайда қиын. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді 

көздің  қарашығындай  сақтай  білуіміз  керек.  Бұл-әлем    кеңістігіндегі  ғұмыр  кешкен 

талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.  

2016  жылдың  16  желтоқсанында-  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 

жылдық мерейтойы. Бұл мемелекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке 

болмақ.  Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жауық  уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының 

қиындықтарына  қарсы  тұра  біледі,  тұрақты  даму  жолына  түсіп,  биік  белестерді 

бағындырады, толағай жетістіктерге қол жеткізеді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің 

қатарына  енді.  Мемелекет  басшысынң  елді  дамытудағы  стратегиялық  бағдарламары 

мерзімінен  бұрын  жүзеге  асып  келеді.  Осы  кезең  ішінде  не  тындырдық?  25    жылда 

жеткен жетістікетріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап  беретін, өткен жылдарға 

қортынды  жасап,  Мәңгілік  Ел  болуға  бекінген  мемлекетіміздің  бүгіні  мен  келешегі 

туралы ой тойлаған еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз.  


127 

 

Иә,  25  жылда  мемелкетіміз  күрт  өзгерді.  Экомикалық,  әлеуметтік, 



интеклектуалды  тұрғыда  өркендеп  келеміз.  Оны  архитектуарлық  тұрғыда  қарасақ, 

Елбасы мекелекетіміздің басты күші- Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белігі, үні 

келбеті  деуге  болады.  Осы  жерді  басып  жүріп,  шын  мәнінде,  біздің  болашағымыз 

жарқын екеніне қатты қуанамын.  

Алдымызда  «ЭКСПО-2017»  атты  халықаралық  көрме  Астанада  өткізілмекші.  Ол 

Орталық  Азияда  және  «Тәуелсіз  Мемелкеттер  Достығына»  кіретін  мүше  елдерде  

өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетімізді 

жоғарғы  деңгейін  көрсетеді.  Көрменің  тақырыбы  «Болашақ  энергиясы»  деп  аталды, 

яғни  жасыл  технологияларға  арналған.  Халықаралық  көрмелер  бюросына  мүше 

елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейтесті мәселе.  Сарқылмайтын энергия 

көздері:  күн    сәлесі,  жел,  жер  асты  суалары    арқылы  энергия  алу,  болашақта  адам 

баласының ең қажетті ресурс түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған 

әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық ұйым қатсыады. Көрмеге 2 

милоннан астам адам қатысады деген болжам бар.  

Өтетін  көрме,  елдің  өндірістік  қуатын  мықты  серпін  бере  алады.  Мұндай  ауқымды 

және  жауапкершілікті  іс-шараны  өткізуде  біздің  ел  үшін  пайдасы  өте  мол.  Басқа 

елдермен  достық  қатынастар  нығаюымен  қатар,  жоғарыда  айтылғандай  елімізге 

инвесторлар алып  келді, еліміздің мәртебесін жоғарлатады. 

Елбасы  бекіткен  жаңа  экономикалық  бағамды  жаңа  бағдарламалар,  оның 

бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытта ұстанып, болашаққа 

сеніммен  қарайық!      Елдік  мұрат  жолындағы  ұлы  ерлік  әрқашан  аталарымыздың 

бойынан табылған. Бабабалырмыз тірі болу үшін бірі болса, біз әрдайым ірі болу үшін 

бір болуымыз керек.  

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең 

алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.  

Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз.  

Бәріміздің де туған жеріміз де біреу-  ол қасиетті қазақ даласы.  

Бұл дүниде де біздің бір ғана Отанымыз бар ол-тәуелсіз Қазақстан.  

Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізлді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.  

Осы дала саған да ортақ, маған да 

Мұндай мекен таба алмайсың ғаламда.  

Сый мен құрмет, ізет-құрмет барлығы,  

Тең  дарыған біздегі әр адмаға. 

Баурап алған ұлы дала аспанын

Ынтымақ мен Бірлік дейтін асқан күн.  

Қазақ жері- отандастар ошағы,  

Биік мүдде біріктірген бастарын.  

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.

 

Егемен  Қазқстан  газеті  «2020  Стратегиялық  жоспары:  Көшбасшылыққа 



бастайтын Қазақстандық жол».  

2.

 



Қазақстан тарихы әдістемелік құрал №1 №2 

 

 



 

 

 



128 

 

БАЛАНЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 



 

Каппасова Гүльнар Кайркеновна, 

 балабақшасы, тәрбиеші 

Есіл ауданы МКҚК №1 «Гүлдер» 

 

«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта                                                                                                                                                                           



тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың 

 қажеті мен мүддесін жоқтайтын  

пайдалы азамат шықпайды» 

Мұстафа Шоқай 

 

Бүгінгі заман ХХІ ғасырдың көшбасы,бүкіл дүниежүзілік прогресстің дамыған 

шағы.Біз қанша дамып,басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі 

бір сәт те назардан қалмауы тиіс.Бала – Ұрпақ – Өркен деген ұғым ерекше ескеріліп, 

бүгінгі күннің алға қояр ең маңызды мақсаты да жан-жақты бала тәрбиесі болуы тиіс... 

Арғы  ата-бабаларымыз  жас  өренді  елін,  жерін  сүюге  үндеп,  ұлттық  салт-

дәстүрмен  сусындатуды  мұрат  тұтқан-ды.Тәрбие  жұмысының  негізінде  – 

ізгілік,құрмет,борыш  намыс,  ұлтжандылық,  отаншылдық  т.б  қасиеттер  ерекше  орын 

алады.Ұлы  филосов  Платон:  «Ұлтыңды  сақтаймын  десең  ,  қызыңды  тәрбиеле, 

рухыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле» деген екен. 

Бүгіңгі  таңда  тіл  туралы  көп  айтылады.Ана  тілін  қастерлеген  адам  өз  халқының 

тарихын,тұрмыс  жағдайын,тыныс-тіршілігін  жақсы  біледі.Тіл  білмеген  адам  – 

мәдени,рухани жан азығы жоқ адам.адамның ойы оның тілінен көрінеді,ал тілдің өзі 

адам  психологиясын  байқататын  құрал.Сондықтан  балабақшадан  бастап  өз  ана 

тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір қасиеті – рухани құндылығымызды біліп өссек, 

болашақ та өз тілін қадір тұтады. 

«Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың 

қаһармандық,  батырлық,ерлік,  отансүйгіш  тәлім  –  тәрбие  беру  идеяларының 

жиынтығы». 

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана 

тәрбиесі болса, екінші бесік – балабақша. 

Халқымызда  «баланы  жастан»  деген  дана  сөз  бар.Тәрбиенің  бесіктен  басталатынын 

ескерсек,  ата-бабадан  келе  жатқан  дәстүрлерді  ең  алдымен  өзіміз  түсініп,  балларға 

оның  нәрін  сіңіре  білсек  ,  болашақ  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелесек  –  бұл  еңбегіміздің 

жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз беп білеміз.  

Біздің  алдымызда  тұрған  басты  міндет  –  тәуелсіз  Қазақстанның  әр  жас 

жеткіншегінің  жүрегінде  отанына,  жеріне,  еліне  деген  ыстық  сезім,  шынайы 

сүйіспеншілік ұялату. 

«Менің отаным – Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық тәрбие жұмысын 

жүргізуге міндетті. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір 

бойы  өшпестей  із  қалдырады.Балабақшада  берілетін  тәрбие  –  барлық  тәрбиенің 

бастамасы,  әрі  жан-жақты  тәрбиемен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін  қалайтын 

орын.Баланың  бойында  адамгершілік,патриоттық тәрбиені қалыптастырудың  негізігі 

міндеттері мына жайлармен түйінделеді. 

Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу; 

Өз 


отбасына, 

балабақшасына,туған 

қаласына,көшесіне 

сүйіспеншілікпен, 

қамқорлықпен қарау; 


129 

 

Табиғатқа қамқорлықпен қарау; 



Еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу

Қазақ халқының салт-дәстүріне қызығушылықпен қарау; 

Мемлекеттік рәміздермен танымтыру; 

Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; 

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие 

беру;  


Құнды  қасиеттерге  ие  болу,рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен 

бастауы керек; 

Заман  талабына  лайық  тәрбие  білім  беру  жұмысын  кешенді  ұйымдастыру  жаңа 

технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет 

етеді.Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған 

әлеммен  бірге  жүрері  анық.Осыған  байланысты  бүгінгі  таңда  біздің  «№1  Гүлдер» 

балабақшасында  балаларға  тәрбие  беру  бағытында  көптеген  іс-шаралар 

ұйымдастырылды. 

Бала құқығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, 

ұлттық  тәрбие  ,  рухани  адамгершілік  тәрбиесі  біздің  ұжым  қызметкерлерінің 

ықпалымен  жүзеге  асырылып  жатыр.Бала  тәрбиесіне  тәрбиешілермен  бірге  ата-

аналардың етене жақын араласуын дамыту мақсатында ата-аналармен бірлесе өткізген 

«Бала-  ата-ана  тәрбиесінің  айнасы»,  «Меніғ  отбасым»  жанұялық  сайысы  ,  «Әкем 

шешем және мен» спорттық сайысы – тәрбиелік мәні зор шара болды.Тәуелсіз еліміздің 

ертеңі – бүгінгі жастар.Қазіргі таңда көк байрағымыз төбемізде желбіреген , әр адам 

қолымызды  кеудемізге  қойып,  әнұранымызды  асқақтаттық.Заманымыз  гүлденіп, 

еркіндігіміз өз қолымызда. 

Осындай  тәуелсіз  мемлекетте  жастарымыз  рухани  кемелденген  ,  жан-жақты 

білімді  тәрбиелі  болу  керек.Қай  халық  болсын,  өзіне  ғана  дараланып  тұратын 

ерекшелігнің бірі – тәрбие. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақ  ұрпағымызды  тәрбиелегенде  оларға 

имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек , тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы 

дамыған, отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» -деген. 

Бүгінгі  таңда  біздің  балабақшада  өткізілген  «Ана  тілің  -  арың  бұл»  , 

«Аялайық,құрметтейік ұстазды», «Алтын күз» мерекесі , «Тәуелсіз ел тірегі – білімді 

ұрпақ»,  «Шыныға  білмеген,тыныға  да  білмейді»  атты  спорттық  сайыстар,  меркелік 

ертеңгілктер үлкенді сыйлау кішіге қамқор болуға тәрбиелеуде маңызы өте зор.Бұндай 

тәрбие  сағаттары  мен  мерекелік  шаралар  үлкен  әсер  етеді  дегім  келеді.Яғни  өз 

тәжірибеммен өткізгендей мұндай игі шаралар бала тәрбиесі үшін ықпалын тигізбей 

қоймайды.  

Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып  оларды  айналасындағы  заттармен 

таныстырып,  атын  атай  білуге  өмірдегі  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар 

жайындағы ұғым түсініктерін қарым қатынас жасай білуге үйретеміз. 

Ертегілер  де  балалардың  еңбекке  деген  қызығушылығын  арттырудың  құралы 

болып  саналады.Осылайша  қазақ  балалары  басқа  халықтардың  балалары  сияқты 

ертегілер  арқылы  еңбектің  түрлендіруші  күші  жайлы  және  еңбекші  халықтың 

қанаушыларға қарсылығы жайлы ойларды ерте меңгеретін болған.Сондықтан бала тілі 

өз  ана  тілінде  дамуы  үшін  ұлттық  санасын  оята  отырып  қазақ  салт-дәстүрлерінің 

озығымен тәрбиелеу керек. 


130 

 

Жұмбақ  жасыру  балалар  бойында  қырағылықты,  ізденушілікті,  тапқырлықты 



дамытудың және олардың әртүрлі тапсырмалардағы жануарлар ,табиғат құбылыстары 

,адам ,заттар оның қасиеттері білімін тексеру құралдарының бірі болып табылады. 

М.Жұмабаев патриоттық тәрбиені оқумен байланыстыра келе: патроитизм мен 

ұлылықты  қалыптастыру  құрғақ  сөзбен  жасалынбайды.Оған  жүйелі  бағдарлама 

кемінде оқу-тәрбие жұмыстары қажет –депатап көрсетті. 

Балаларға патриоттық тәрбие беруде мақал-мәтелдер,жұмбақ-жаңылтпаштардың орны 

ерекше.Ертегілер,аңыз-әңгімелерді  қолдану  арқылы  мектепке  дейінгі  балалардың 

ерлік,батырлық сезіміне құштарлығын арттыруға болады. 

Балардың адамгершілік ,үлкендер еңбегін қадірлеу, туған қаласын,өз отбасын, 

өз  отанын  құрметтеуге  деген  сезімберін  оята  отырып  балабақшада  «Еліміздің 

рәміздері», «Тәуелсіздік тұғыры», «Елімізді қорғаған ерлер», «Ынтымақтастық күні», 

«Наурыз-думан» иерекелік іс-шаралары өткізілді. 

Бесік  жырын,ана  әлдиән  естіп,халық  дәстүрінде  тәрбиеленген  баладан  туған  халқын 

сүйетін,дінін, тілін қастерлейтін мейірімді де тәрбиелі азамат өсіп шығары анық. 

С.Торайғыров:  «Балалықтың  қанына  ойын  азық»  -  деп  бекер  айтпаған.Балаларға 

үйретер ұлттық ойындарымыздың әрқайсысында ата-бабаларымыздың жүрген жолы, 

өмір  тарихы  жатыр  десе  да  болады.Біздің  қазіргі  қолданып  жүрген  ұлттық 

ойындарымыз  –  «Бес  асық»,  «Арқан  тартыспақ»,  «Тақия  тастамақ»,  «Соқыр  теке» 

көпшілікке беогілі ойындар. 

Балабақша  тәрбиесінде  баланың  ынтасын  өсіруде  ,ой  өрісін  дамытудв  ата-салт 

дәстүрімізді мейлінше көбірек пайдаланып,жаңартып отырса бала тәрбиесі өз жемісін 

берері  анық.Сондықтан  әр  адам  халқымыздың  рухани  құндылықтарын  салт-

дәстүрдерімізді,  тілімізді,  дінімізді,  мәдениетімізді,  өнерімізді  жас  буынға 

дәріптеуге,оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып,жеткізіп отыруға міндеттіміз. Пайдаланылған 

әдебиеттер: 

1.

 



Бала мен балабақша» журнал №8 2015 жыл 

2.

 



«Бала мен балабақша» журнал №3 2016 жыл 

3.

 



«Өзін-өзі тану.kz» №7 2016 жыл 

4.

 



«Өзін-өзі тану» №3 2012 жыл 

5.

 



«Егемен Қазақстан» газеті №61 2016 жыл 

 

                                                                



БОСТАНДЫҚ, ЕРКІНДІК, ТӘУЕЛСІЗДІК – АСЫЛ АРМАН 

 

Байділдинова Үміт Талқанқызы

 

меңгеруш МКҚК №1 «Гүлдер» б/б 



 

Есіл ауданы Есіл қаласы 

 

Адам- қашанда еркіндікті, бостандықты 

  

            аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс- тәсіл іздейді, күреседі. 

 

Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі келісім 



жолы.  Ал  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  соң  оны  сақтап,  одан  да  қиын.  Тәуелсіздікті 

сақтап  қалу  үшін  ел  ішінде  алауыздық  болмау  керек.  Ал,  ол  үшін  халыққа  біртұтас 

идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек 

  Мәңгілік  ел-  бұл  қазақтын  өткен  тарихынан  бастау  алуы  тиіс.  Тамыры  тереңге 

жайылған  тарихтан  сыр  шертер  болсақ,  біз  қазақ  не  көрмедік,  қанша  қиын 

жағдайларды,  ашаршылық,  соғыс,  елденжыраққа  ауып  кету,  тілімізден  айырылу, 



131 

 

барлығын  бастан  кешірдік.  Бірақ  осының  бірде-бірінемойымыстан  бүгінгі  күнге  де 



аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі. 550 жыл 

бойынша  көрген  қиындығымызға  ешкімді  жазғырмай,  біреуді  кінәләмай,  қайғы 

көрсектереніне  батып  кетпей,  қуанышқа  асып-таспай  бүгінгі  күнге  аман-есен 

жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің 

тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасынқалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған 

қазақ  елінің  мәңгілік  ел  болуы,  құрылуы  осныңайғағы.  Мен  үшін  Мәңгілік  ел  осы 

кезеңнен бастау алды 

Мәңгілік  ел  –ата-бабамыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы  екенін 

барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдеріментерезесі тең қатынас құратын, ал әлем 

картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы 

бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 

Біз  бұл  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Мен 

қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға 

түсіп жүргенің естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты 

ұйыстыра  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  –  мәңгілік  ел  идеясы. 

Тәуелсіздігімізбен  бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің 

жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік 

ғұмыры ұрпақтын мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ- мәңгілік 

қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел»- деді Президент. 

Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздіі қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола 

алатынымызды атап өтті. 

«Мен  мәңгілік  ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары,  Қазақстан  2050 

стратегиясың  түпқазығы  етіп  алдым.  Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  гөрі  оныұстап 

тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістегінде ғұмыркешкен талай 

халықтың басынан кешкен тарихы шындығы. Өзара алауыздықпенжан-жаққа тартқан 

берекесіздік  талай  елдің  тағдырын  құрдымға  жібергенінде  білеміз.  Тіршілік  тезіне 

төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткенкерек. Ол сабақтын түйіні 

біреу  ғана-  «Мәңгілік  ел»  біздің  өзіміздің  қолымызда.Ол  үшін  өзімізді  үнемі 

қамшылап,  ұдайы  алға  ұмтылуымыз  керек.  Байлығымызда,бақытымыз  да  болған 

мәңгілік  тәуелсіздігімізді  көздің  қарашығындай  сақтай  білуімізді  керек.  «Қазақстан 

2050»  мәңгілік  елге  бастайтын  ең  абыройлы,  еңмәртебелі  жол.  Осы  жолдан 

айнымайық,  сүйікті  халқым!  Әрбір  күніміз  мерекелі,әрбір  ісіміз  берекелі  болсын. 

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, 

Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!»,- деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы. 

Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру 

қазіргі    ұрпаққа  жүктелер  үлкен  міндет  болып  табылады.  Тарихи  құндылығымыз 

болған  тәуелсіздік  идеясының  негізінде  сол  ұлттың  тағдыры,  ұлы  тұлғалардың  ерен 

еңбегі  жатыр.  Тәуелсіздіктің  бабаларымыздың  сан  ғасырғы  арманымен  келгенін 

Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтын есіне салып отырады: «Мәңгілік Ел» идеясының 

батауы тым теренде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының 

мұраты-  Мәңгілік  Ел»  деп  өсиет  қалдырған.  Бұл  біздің  жалпыұлттық  идеямыз 

мемлекетіміздің  тамыры  сияқты  көне  тарихтан  бастау  алатының  көрсетеді.  Ел 

тағдырының мәні азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы 

жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі 

кеңестік  кезенде  де  ғасырларға  созылған  тарихы  бар  қазақ  елін  жоққа  шығаруға 

бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу 

жолында ерен еңбектер атқарылды. Қазақ халқының тарихында ғұндар бастау алатын 


132 

 

«Мәңгілік  Ел»  идеясын  тасқа  қашалған  Орхон-Енисей  жазбаларынан  бастап  қайда 



барса    көрге  кезіккен  Қорқыт  ата  мен  өмір  бойыжерұйықта  іздеп  өткен  Асан  қайғы 

бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел 

болуға  ұмтылған,  мәңгілік  елді  орнатуға  құштарлық  жатты.  Асан  қайғы  –  елдің 

ертеңінің жарқын, еркіндігі мен бақытының баянды болғанын армандап, қазақ жерінің 

түкпір-түкпірін  аралап,  жайлы  қоныс  табудың  жолын  іздеген  данышпан.  Оның 

аңсағаны елді орнықтыратын жайлы мкен тауып, елдің мәңгілігін жаңғырту еді. Оныі 

іздеген  жерұйығының  мәңі  халқы    тәуелсіздік  құндылығын  ұлықпайтын,  ел-жұрты 

бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір 

сүретін  құтты  қонысты  табуда  болды.  Қазақстанды  жарқын  болашаққа  жетелейтін 

жастарымыз  бабаларымыз  аңсап  өткен  тәуелсіздіктің  туын  жықпай,  желбірете  білуі 

тиіс.  Өйткені  бабаларымыздың  ұлан  байтақ,  жерін  қалай  қорғағаны,  бостандықты 

қалай аңсап –қадірлегенің білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтын ұрпағы екендіктерін 

сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп», қастерлеуге 

міндетті. Жаңарудың, өміршендіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тілім-тәрбие 

мен  ғылымғы  мән  беріп,  білімміен  мықтап  қарулануы  қажет.  Елдің  экономикалық, 

рухани  жағдайының  дамып,  өркендеуі,  ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігінарттыру  елдің 

білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар 

атқарылып та жатыр.Жастар «Болашақ» бағдарламасының аясында шетелдерде білім 

алып,  шетел  тәжірибесінің  артықшылықтары  мен  кемшін  тұстарына  көз  жеткізіп, 

санасына  тоқып  келіп  еліміздегі  маңызды  қызмет  салаларында  сол  тәжірибелерін 

қолданып еңбек атқаруда.  

Қазіргі кездегі жаһандау үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында 

ақпараттарды  еліктен  өткізу  білу,  теріс  пиғылды  идеологияларға  қарсы  тұра  білетін 

иммнитетті 

қалыптастыруды 

қажет 


етеді. 

Өйткені 


қазіргі 

таңда 


жат 

птғылдвағымдардың 

ықпалына 

еріп, 


экстремистік 

әрекеттердің 

қатарын 

толықтырушылар  осы  жастар  болып  отырғаны  белгілі.  Жастардың  мұндай  әрекетке 

баруының  басты  себебі  ретінде  олардың  білім,  сауаттылық  деңгейінің  төмендігін 

айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани 

құндылықтары  мен  салт-дәстүрінен  бас  тартқыза  отырып,мәдени,тарихи,рухани 

санасын  жойып  жіберуді  көздейді.Мұндай  идеология  кез  келген  мемлекет  секілді 

Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді. Бұған қарсы тұра 

білудің  жолы  жастардың  діни  сауатын  арттыру,  оларды  адамгершілікке, 

сүйіспеншілікке  тәрбиелеу,  ұлттық  салт-  дәстүрімізді    бойларына  сіңіріп,  дәріптеу, 

оларды  еліне,  жеріне,дәстүріне,  дініне  жанашыр  азамат  етіп  тәрбиелеу  болып 

табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық, тіәрбие 

мен рухани құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс 

мәдениетінің  негізінең  алыстасып,  өзіміздің  рухани  бай  мұрамыздың  құндылықтары 

тұрғысынан тәрбиелеу – алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған 

«Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни,төл дәстүрімізді, әдебиетіміз 

бен мәдениетімізді жаңғырту,діңіміз бен тілімізді өркендету.  

«Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асырып,  одан  әрі  дамытатын  жастар 

болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді 

өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде 

қалыптасуға  талпынуы  керек.  Мемлекеттің  осы  бағытта  атқарып  жатқан  ізгі 

жұмыстары аз емес, солардын бірі осы –«Мәңгілік ел» идеясы. Сонымен қатар елбасы 

Н.Назарбаев  «Мәңгілік  ел»и  идеясын  қазақстан  халқының  жарқын  болашағы  үшін 

қабылдаған  өте  маңызды  және  тарихи  мәнге  де  құжат  «Бес  институционалды 


133 

 

реформаны  жүзеге  асыруға  бағытталған  нақты  жүз  қадам»  атты  бағдарламаның 



идеологиялық  негізі  етіп  алды.  Мұндағы  «Біртектілік  пен  бірлік»  реформасында 

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының 

«Үлкен ел- үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық 

біртектілікті нығайтудың  «Менің елім» ұлттық жобасын  әзірлеу  және  жүзеге асыру, 

«Нұрлы  болашақ»  ұлттық  жобасын  әзірлеу  және  жүзеге  асыру,  т.б.  нақты  қадамдар 

жүзеге асыру көзделді. 

Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының 

айналасына    бірігу  «Мәңгілік  ел»  мұратымызға  жетудің  берік  негізі  болып 

табылады.Жолдау  «Қазақстан  -2050»  Стратегиясында  айқындалған  ерекше  ауқымды 

міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түседі.Президент Жолдауы Қазақстан 

халқы үшін үлкенмаңызға ие болды. Бір мақсат –бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің 

Отанымыз-  Қазақстанның  Тәуелсіздігін  нығайту!  Бір  мүдде-  бұл  біздің  ортақ 

құндылық – тарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! 

Бір  болашақ-  бұл  Мәңгілік  Елдін,  біздің  ортақ  үйіміз-  Қазақстан  Республикасының 

өркендеуі! 

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, 

қазақстан  халқының  ортақ  мүддесі  мен  тарихи  тағдырын  айшықтайды.  Себебі 

«Мәңгілік Ел» мұратынажету ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі арқылы 

жүзеге асатындықтан да Ұлткөшбасшысының халықтың үш буынына үн қатуы кешегі 

тарих  қойнауындағы  бабалар  үнін  тағы  да  жаңғыртұандай  әсер  қалдырады.  Елбасы 

тарих қатпарынан белгілі бір атаның ұлдарыбабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен 

істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, «Мәңгілік 

Елге»  даңғыл  жол  ашылатынын,  Жаңа  Стратегияны  жүзеге  асыруда  қазақ  халқына 

айрықша  жауап  кершілік  жүктелетінің,  бабалар  өсиетіне  адал,  іс-қимылда  ірілік 

көрсету қажеттігін тұжырымдай келе, бейбітшілік, тұрақтылық және гүлденуарқылы 

ғана жиырма бірінші ғасыр Қазақстаның «алтын ғасырына» айнала алатындығы туралы 

пайымын ел- жұртына жеткізіп қойған жоқ, оған сенімді де. Қандай шаруаны болсын 

қолға  алып,  нендей  мәселені  көтерсе  де  оларды  кешенді  түрде  қарастыратын, 

Үкіметтен  де,  қазақстандықтардан  да  сондай  әрекетті  талап  ететін  Елбасы  бұл 

Жолдауында  да  сол  ұстанымын  жарқырата  дәлелдеді.  Барлық  Жолдаулары түгелдей 

осы  «Мәңгілік  ел»  идеясына  қызмет  ететін  шаралар  кешені  екен.  Яғни,  Жолдау- 

мәңгіліктік ұстанымы. 

Тәуелсіздік  –  қасиетті  сөз,  қастерлі  де  киелі  ұғым.  Тәуелсіздіктің  туын 

желбіретіп, жықпай ұстау, біздің қолымызда. Тәуелсіздігіміздің қәдіріне жетіп, оның 

көзіміздің қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз. Ұлттық санамыз саяси 

өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың 

қандай болғандығын, ұлан байтақ өлкені қалай қроғағанын, бостандықты қалай ансап, 

қалай  қастерлегенін,  кешегі  тектілердің  ұрпағы  екендігімізді  ұғынып,  келешекке 

жеткізу парызымыз 

Иә,Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындайды. Біз енді тар 

жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кендігіндеі көңілі кен дархан  «қазақ» деген 

халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы 

бақытты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеніне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз 

ұлтпыз.. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай 

жұмыртқалаған»  заманы  қазақтын  басына  енді  туды.  Ол  –  «Тәуелсіздік».Біз 

армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Ол  арман  –Мәңгілік  ел.Тәуелсіздікпен  бірге 

халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,тәуелсіздігіміздің 


134 

 

тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Енді ұрпақ- Мәңгілік қазақтын Перзенті. 



Ендеше, қазақ елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі 

мұратымыз. 

 

      Пайдалынған әдебиеттер



1.

 

Ерлан  Сыдықов.  «MANGI  EL»  халықаралық  ғылыми-көшпелік  тарихи 



журналының бас редакторы 09.2013ж 108 бет 

2.

 



Күлтегін Тоныкөк.Алматы «Өлке баспасы» 2001ж 

3.

 



Тоғысбаев Б., Сужибекова Б. «Алматы кітап» 2005ж 

4.

 



А.Ғ.Ибраева т.ғ.д. профессор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҰУ 2011ж 

5.

 



«Егемен Қазақстан» газеті 2016 ж. №107 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет