Литература:
1. Выступление Н.А. Назарбаева на торжественном собрании, посвященном Дню
Независимости Республики Казахстан.
15 декабря 2014 года
2. Крутов Н.Н. Нравственное воспитание. – М., 1992;
3. Артюхова И.С. Ценности и воспитание / / Педагогика, 1999, №4.;
4. http://altaynews.kz/20296-national-idea-mangilik-el-kazakhstan.html
«МӘІГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗДІ ТӘРБИЕЛЕУ
Қасымова Соня Махмудовна,
қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
ижев орта мектебі
Ақмола облысы Аршалы ауданы
Елбасы: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың
перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын
ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым.
» деп ұрпаққа сенім артады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік
деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның
әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім
жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының
болашағына жол ашады.Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың
дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын
рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең
алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман
мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-
психологиялық
сауаттылық,
саяси
экономикалық
білімділік
және
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа
жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты саналады.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қолға алынған (ҚР
Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығы). Аталған мемлекеттік
бағдарлама қазақ тілі өмірдің барлық салаларында көшбасшы болады дей келе,
сонымен қатар жастар қазақ тілі сияқты жоғары деңгейде орыс тілі мен ағылшын
36
тілін тең үйренуін мақсат етеді. Осы үш тілді бірдей жоғары деңгейде үйрену үшін
жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бірлесіп жұмыс істеуді күшейткен
абзал.Жаңартылған білім беру бағдарламасының барлық құжаттарының жалпы
құрылымы басқа оқу бағдарламаларымен танысуға ықпал етеді.Сонымен қатар,
жаңартылған білім беру бағдарламалары бір тілден екінші тілге көшкен, бар
құзыреттіліктерді кеңейтуге ықпал ететін оқыту тәсілдерінің қолданылуын
жақтайды (мысалы, мәтін оқу дағдысы). Төменде «тілдер арасындағы үйлесімдікті»
қамтамасыз ету мақсатында жасалған, жаңартылған білім беру бағдарламасынан табуға
болатын сипаттамалар берілген:
•
тілді оқыту мақсатының ауқымын нақты айқындау;
•
тілді оқыту (тілдік жаттығу түрлерінің атауы) мен сипаттауда (тұжырымдамалар
мен ұғымдар) қолданылатын терминдерді біршама реттеу;
•
бағалау әдістерін реттеу («Еуропадағы тілдік білім беру саясатын дамыту
бойынша нұсқаулықтан»).
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту аясында оқылым, жазылым,
айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен
үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға, қарым-
қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар
көпұлтты қоғамдағы әртүрлі жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара
түсіністікте өздерінің коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен
тілдік дағдыларын жетілдіре алады.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша білім беру
бағдарламасы осы талаптарға сәйкес тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі
мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде қолдау көрсетеді. Осының
нәтижесінде оқушылар сөздік қорларын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен
және фразеологиялық тіркестермен толықтырып, оқылым, жазылым, айтылым және
тыңдалым дағдыларын жетілдіреді, нақты тақырыптар бойынша рөлдік ойындардың
көмегімен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, қазақ және орыс
мәдениетін, сондай-ақ басқа да халықтардың мәдениетін түсініп, құндылықтарын
бағалауды үйренеді.
Қазақстанда қазіргі кезде жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі
ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламаларының,
бағалаудың,
оқулықтардың және педагогиканың ұлттық стандарттарымен
байланысты өзекті білім беру құндылықтары мен мақсаттар мектеп оқушыларының
жалпы жетістіктерін арттыруды, сондай-ақ инновациялар мен озық тәжірибелерге қол
жеткізу үшін, ұлттық сәйкестікті мектеп бағдарламасы арқылы растау мен іске асыру
үшін және барынша ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесу үшін
қажетті дағдыларды дамытуды қамтиды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен
бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі
болып табылады.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім
беру мазмұнын жаңарту. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің 4 тілдік дағдыны (айтылым, тыңдалым, оқылым және
жазылым) меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мысалы, «Жазылым»
бөлімінің Ж1 «Әртүрлі стильде хат түрлерін жазу» бөлімшесі бойынша оқушылардың
спиральді білім беру бағдарламасы арқылы алға ілгерілеуі айқын көрінеді:
Оқу үрдісін талапқа сай жүргізуде мұғалім - басты тұлға. Сондықтан
да шығар қазіргі сабақ қандай болу керек, оның қандай жақтары жеткіліксіз,
қай саласына көп мән бөлу керек,
37
қамтамасыз етуге болады деген сан алуан сұрақтар
әрқайсымызды толғандырып жүргені сөзсіз.
Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -
оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып,
бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден,
мұғалімнің біліміне,тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалын
а,ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл –
күйіне де байланысты .
Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді,
білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша, сабақты
сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғы шарттары бар.
Олар:
- Сабақтың тақырыбына сай жасалынуы қажет.
Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа
сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс- тәжірибелерді пайдалану.
Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен
озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің
бәріне де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және
олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді, әрі
шығармашылықпен қолдану - cабақтың сәтті өтуінің кепілі. Білікті арттыру
жүйесінде соңғы уақыттарды отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет
елдік, олардың ішінде әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану
жақсы нәтижелер беруде. Солардың Ж.Пиаже мен Л.С. Выготскийлар жасаған «Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы». Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген
стратегиялар Венн диаграммасы, Табиғи әдіс,
Тыңдау – көру – орындау тәсілі ТКО ,
Тіл үйренушілер қоғамдастығы (ТҮҚ),
. КӘМҚ-талда, эссе, ой қозғау, кубизм,
дискуссиялық өрнек, кластер, т.б. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу
дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей
тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді
қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие . үрдісінде жоғары
нәтижеге жету — біздің басты міндетіміз. Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел»
идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс.
Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік
болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050»
38
стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек. Қорытынды: Білім - барлық уақытта
жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін
қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын
құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Ал оқушыларымыз
Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай,
ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді
болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы 2014
3.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,
2016ж.
4.
12 жылдық білім. Журнал. 2006 ж. №8.
ҚОЛӨНЕР – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ,
ДӘСТҮРДІҢ ЖАЛҒАСЫ
Нурканова Гульбара Намазбеккызы,
технология пәні мұғалімі
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын
кәсіби мектеп – гимназиясы
Көкшетау қ.
Ежелден еркіндік аңсаған біздің бабаларымыздың ең асыл мұраты еңселі ел
болу еді. Осыдан жиырма бес жыл бұрын біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға
аттандық, дүниеде Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде халық игілігіне арналып орасан істер
істелінді. Біздің мақсатымыз – осынау кең байтақ еліміздің келешекте еңселі де іргелі
елге айналуына үлесімізді қосу. Болашақта даласы дархан, жері құт Қазақстанның
дамыған елдер қатарынан көрініп, мықты да еңселі ел болатындығына сенеміз.
Елбасының «Қазақстан -2050» стратегиясының бағдарламасында «Барлық
халықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл – ауқатының артуы, елдің
денсаулығын жақсартумен бірге, тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең
түсінетін, білімі мен іскерлігін жан – жақты қолдана білетін мамандар,
экономикамызды гүлдендіретін кәсіпкерлер қажет» делінген.
Ұрпағымызды іскер де батыл, тапқыр етіп тәрбиелеу – мектеп пен қоғам алдында
тұрған міндет. Болашақтағы білікті мамандар – мектеп оқушылары болғандықтан,
39
оларды ұлттық негізде тәрбиелеп, жаңа заманға сай сабақты түрлендіріп өткізсе еңбек
нәтижелі болмақ.
2
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы
жолдауында да ұрпақ пен ұлт мәселелері басты назардан қалмай келеді. Еліміздің
әлемнің дамыған елдерінің алдыңғы қатарынан көрінуін басты мақсат етіп қойғаны
анық. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі
қажет. Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екендігін уақыт дәлелдеуде.
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп
тігу, көркемдеу, қолөнер шеберлігін меңгеру, дұрыс тамақтануды үйрену арқылы
ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық
білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс – әрекетімен байланыстыра
білгенде ғана өзіне де пайдасын тигізе алады. Шығармашылыққа тәрбиелеу, халқының
мәдениетін терең жан – жақты үйрету, олардың санасына, ұлтына деген сүйіспеншілік
көзқарасын құрметтеп, мақтаныш сезімін қалыптастыру, басқа ұлттардың мәдениетін
қадірлей білуге, қазақ қолөнерін әлемдік қолөнерге ұштастыру болып табылады.
Тәуелсіз қазақ мемлекетінің келешек ұрпақтарының сана – сезімін, ұлттық
психологиясын, өткен ата – баба салт – дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра
отырып, халқымыздың ұлттық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу – өзімнің абыройлы
міндетім деп білемін.
3
12 жылдық жалпы орта білім беруде біздің қазақ халқының қолданбалы өнерінің
оқушыларға беретін тәрбиелік мәні зор болмақ.Оқушылардың көркемдік білім алуын
арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу қазіргі білім
беруде көзделіп отырған мәселе. Бұл осы күнде ұмыт бола бастаған ұлттық колөнерді
мектептегі технология сабағымен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең
бірінші өмірлік қажетіне айналуы керек. Еңбектің түрін дұрыс таңдай алу аса маңызды.
Одан әсем бұйым жасап, материалдық игілік алу оқушыны шығармашылыққа
бастайды.
Технология сабағы қазақтың қолөнер бұйымдарын дайындауға өлшеусіз мүмкіндік
береді. Оқушының кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайларға
бейімделуіне жол ашады. Көркем еңбек ұрпақ үшін бүгін де, ертең де керек.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге
дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем
көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр
халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына,
тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен
өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтері үй интерьерінде, киім
сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданылып жүр.
Ұлттық қолөнердің теориялық негіздерін оқушы санасына құйып үйретуде
технология пәні өз міндетін тиімді атқарып отыр. Теориялық білім технология пәні
мазмұнында қолөнер туындыларын дайындатуда оқушылардың қызығушылығын
арттыру,атадан балаға мирас өнер негізінде түрлі бұйымдар жасау, оны өз ойымен әрі
қарай дамытуға, шеберлігін ұштатуға тәрбиелеу арқылы іске асырылуы қажет.
3
Олар: 1. Дайындалатын бұйымның шығу тарихы, этнографиялық мәні. Сипаттамасы,
түрлері, жасалу технологиясы.
2. Жас ерекшелігіне байланысты түрлері, айырмашылықтары.
3. Өмірге қажеттілігі,ұлттық тәлім – тәрбиедегі орны, маңыздылығы.
Аналарымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларының ұлттық ерекшеліктері,
олардың алатын орны оқушыға түсіндіріле отыра, баулимыз. Төл өнерімізді терең білу
40
оқушының басқа мәдениеттерге қызығушылығына іргетас қаласа, көп мәдениетті білу
өз мәдениетін, өнерін мақтан тұтуға негіз салады. Әр ұлттың өзіне тән қолөнерінен
хабардар болып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата біледі.
Сонымен қатар, қазақ қолөнерін насихаттаушылар туралы да теориялық білім
негіздері берілу керек. Мысалы: шеберлердің қолынан шыққан ұлттық киімдер мен
тоқыма өнері дүние жүзін шарлап, әлемдік өнерде өз үлесін алып келеді.
Қолөнер бұйымдарының ішінде моншақпен кестелеу , зергерлік бұйымдар жасау,
сәнді картиналар, кесте тігу өнері,ұлттық ойыншықтарды жасау, ұлттық киімдерді тігу
өнері аса шеберлікті талап етеді. Бұл жұмыстар оқушыны, әсіресе, қыз баланы
шыдамдылыққа,ұқыптылыққа, ептілікке, талғампаздыққа тәрбиелейді, кәсіби
шеберлікке баулиды.
1
Қалдық,қажетсіз заттардан қажетті көркем бұйымды сәндеп жасап, оны сыйлық
ретінде ұсынудың маңыздылығы мен сатуда қалай жарнамалау керектігін үйретемін.
Оқушыға осындай сәндік өнерін жасауға қаржылай шығын шықпайтынын,
экономикалық жағынан тиімділігі мен экологиялық табиғи таза заттардан жасалған
көркем бұйымдар қай кезде де болсын жоғары бағаланатынын түсіндіремін. Осы
жұмыстар арқылы оқушы өзінің отбасылық бюджетіне кіріс кіргізіп көмектесе
алатындығына сенімділігі артады.
Осы мақсатта мектебімізде « Ұлттық қолөнер»- атты факультатив және үйірме
сабақтары өз жұмысын жалғастыруда. Үйірме және факультатив сабақтарында ұлттық
қолөнер мен дәстүріміздің қаншалықты құнды екенін түсіндіре отырып,
шығармашылық жоба жұмыстарын орындату оқушыларға адамгершілік,
мейірбандылық, еңбек, дене, ақыл – ой, эстетикалық тәрбие береді әрі шығармашылық
қабілеттерін дамытады.
Үйірмеге қатысушы оқушылардың өз туындылары мен бұйымдары бүгінгі күні
мектепішілік, қалалық, облыстық шығармашылық жарыстар мен көрмелерге қатысып
жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсам,бір ғана өткен 2015-2016 оқу жылында
ғылыми зерттеу жұмысы бойынша
Рамазан Лана қаламыздағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 60 жылдығына
орай ұйымдастырылған «Жаңа заман талабына көркемдік білім берудегі өзекті
мәселелері» атты колледж және мектеп оқушылары арасындағы халықаралық ғылыми
жұмыстар байқауына қатысып -I орын иеленді. Оған қоса Ақмола облыстық білім
басқармасы өткізген 1-7 сынып оқушылары арасында облыстық «Зерде» зерттеу
жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына қатысып – сертификат иеленді.
Балтабай Дариға жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық
ғылыми жобалары конкурсының Қазақстанның тарихы ескерткіштері және болашақ
дамуы бар саяхат маршруттары бағыты бойынша - III - дәрежелі Диплом иегері.
Балтабай Дариға Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурсының IV кезеңіне қатысып сертификат иеленді.
Сагнаева Дана Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымының білім алушылары
арасында қашықтықтан өткізілген «Төрлет,Наурыз!» Республикалық интернет -
байқауға қатысып, сертификат иеленді жәнет.б.Оқушыларымды мақтан тұтамын.
Біздің мектеп – гимназиямыздың оқушыларының қолынан шыққан туындылардың
көрмесі жылдан – жылға еселеніп,көрермендер назарына ұсынылып, дәріптеліп келеді.
Қолөнер бұйымдарының әрқайсысының белгілі бір қажеттілігі мен маңыздылығы,
наным – сенімділігі бар. Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді
өзегі, құрамас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан да оны игеру, оны өз алдына тану,
41
үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс
тіршілігінің таусылмас талабы.
Халқымызда «Көз – қорқақ, қол батыр» деген сөз бар. Мектеп қабырғасынан бастап
жас ұрпақты шығармашылыққа үйрету әрбір технология пәні мұғалімінің бірінші
міндеті. Өйткені бәсекелестік қоғамда өмір сүруге бейімделу – заман талабы.
1
Қорыта айтқанда, оқушылардың икемділігі мен дағдысын, шеберлігін, өнерге деген
қызығушылығын арттыру, сәндік – қолданбалы өнердің дидактикалық негіздерін
үйрету, олардың өздерінің туған жеріне, өнеріне, халқына деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру, эстетикалық сезімі мен әсемдік тұлғасын жетілдіру біздің басты
парызымыз.
Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы –
Мәңгілік Ел!
Қолданылған әдебиеттер
1.Мектептегі технология.- №2, 2016ж.
2.Қазақстан мектебі.- №5, 2016ж.
3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- №6, 2016ж.
4.Қазақстан балалары.- №1, 2011ж.
Достарыңызбен бөлісу: |