Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Ғылыми анықтамалық атластар 
Территорияға ғылыми дәл сипаттамамен толық мағлұмат беретін 
күрделі  картографиялық  шығармалар.  Әдетте  ол  көп  томдық  болып 
шығарылды.  Территория  жайлы  жүйелі  мағлұмат  береді.  Әдетте  ол 
ғылымдар  әкісшіліктер  жоспарлау  органдары  үшін  маңызды. 
Мұхиттар  атласы  көп  томды,  алғашқылары  1971  жылы,  1977  жылы 
және  1980  жылы  жарық  көрген.  Дүниежүзінің  физтгеогрфиялық 
атласы  1964  жылы  дүниежүзінің  қар  мұздақ  ресурстар  атласы 
1997 жылы шыққан.  
Ресей  және  дүние  жүзілік  картографияның  көрнекті  шығанмасы 
«табиғат және дүние жүзі ресурстары» деген атласта. Ол 1999 жылы 
Ресейдің  ғылыми  академиясы  мен  құрылды.  Осы  атласты  шығару 
үшін 300-ге тарта мамандар 10 жыл жұмыс істеді. Екі томдық атласта 
қазіргі кезеңдік ғылыми өңделген картографиялық материалдар біздің 
планетамыздың  географиясы  мен  геологиясы  жайлы  толық  мағлұмат 
береді.  Оған  сонымен  қатар,  Минерология,  топырақтану,  метеорология 
және  климотология  экология  биология  медициналық  негография 
ендірілген.  Атластар  космостық  фотосуреттерге  географиялық 
сипаттамаларға  толы.  Танымал  атластар  көпшілік  оқырмандарға 
арналған. Бұл атластарды оқу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Олар 
оқушыларға 
туристерге 
өлкетанушыларға 
аңшыларға 
балық 
аулаушыларға орналасады. Сондықтан атластарға табиғат, экономика 
карталарының  тек  негізгілері  ғана  ендіріліп  тарихи  ескерткіштер 
туристік  маршруттар  көрнекті  жерлер  жайлы  мағлұмат  ендірілді. 
Мұндай тортарға мектеп-өлкетану атластары жатады. Ол туған өлкесін 
зерттеген  оқушыларға  өлкетанушымен  чаяхатшыларға  арналады.  Оқу 
атластарының  тобы  ерекше  бөлінеді:  Бастаушы,  орта  жоғарғы 
мектептерде  оқуға  арналады  мұндағы  карталар  мектептердегі  оқу 
бағдармаларына байланысты құрылды. Соңғы жылдары туристік және 
жол  атластарды  сұранысқа  иеленеді.  Ол  автокөлік  жүргізушілеріне 
спортсмендерге  саяхатшыларына  қажет.  Онда  туристік  обьектілер, 
автомобиль  және  темір  жол  кемпинг  және  мотелдер,  жаяу  жүру,  су 
және  тағы  басқа  маршруттар  көрсетіледі.  Ерекше  топқа  әскери  және 
әскери  тарихи  атластар  ендірілді.  Олар  әскер  мен  флоттың  жоғарғы 
командованиесіне арналады. Олар жұмыс істеуге ыңғайлы көркемдеу 
бойынша қатаң әскери географиясымен тарих бойынша анықтамалық 
материалдарға  толы  дүниежүзі  экономикасы  және  табиғаты  жайлы 
ақпараттарға  толы  жалпы  топография  мен  астрономия  жайлы  ірі 
қалалар  мағлұматтарды  ендірген.  Атластарды  басқа белгілері  бойынша 

 
119 
жүктеуге  болады.  Стол  форматындағы  атлас  тор  үлкен  форматтар, 
оларды  тек  стол  үстінде  ғана  ұстап  көруге  болады.  Көптеген 
атластарды кітап форматында ыңғайлы етіп жасайды. Сонымен қатар 
кіші  қалта  және  атластар  шығарылып  соңғысы  полиграфиялық 
көркемдігі  үшін  жоғары  бағаланады.Әдетте  атластарды  брошдра 
төрінде  түптейді.  Атлас  карталарының  өзара  салыстырылып  бір-
бірімен тірлестіріп көруге ыңғайлы етіп жасалды. Мұндай атластарға 
қосымша карталарды шығару керек. 
Ұлттық атластар 
Ұлттық  атлас  бұл  табиғат  және  оның  ресурстарына  халқына 
тарихына  мәдениетіне  жан-жақты  сипаттама  беретін  бір  мемлекеттің 
атласы.  Ұлттық  атлас  мемлекеттік  картографиялық  мекемелермен 
жасалатын  ресми  және  нормативтік  сипатқа  иеленеді.  Атлас 
мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің ғылыми таным дәрежесін 
көрсетеді.  Бұл  мемлекеттің  негізгі  бейнесі  іспеттес  атластар 
мәтіндерімен  анықтамалық  мағлұматтарға  көрсеткіштерге  толы. 
Олардың көркемденелуі жоғарғы деңгейде орындалады. Олар бірнеше 
томда үлкен форматта жасалады. 
Алғашқы  ұлттық  атлас  1899  жылы  Финляндияда  Финдік 
географиялық қоғаммен шығарылды. Содан соң Египет, Чехословакия 
және  басқа  да  елдерде  шығарылады.  Бірақ  ІІ  дүниежүзілік  соғысы 
кезінде  ғана  ұлттық  атластың  өркендеуі  орын  алды.  1956  жылы 
Халықаралық  географикалық  одақпен  бекітілген  ұлттық  атластар 
комиссиясының  қызметі  осы  салада  едәуір  еңбек  сіңірді.  Бұл 
комиссияны көрнекті кеңес картографы  
К.А. Салисшев.  басқарды.  Онда  Ұлттық  атластарды  жасау 
бойынша  бағдарламалар  мен  ұсыныстар  берілген.  Атластардың 
мазмұнын  әмбебаптау  мен  қатар  ұлттық  ерекшеліктері  ұмытпау 
ұсынылады.  Ұлттық  атласты  жасау  мемлекеттің  мәдениетінің  дамуы 
мен  картографиясының  географиясырың  дамуына  едәуір  маңызды 
ықпал  берді.  Картографиялық  сала  бойынша  АҚШ,  Канада,  Ресей, 
ФРГ, Австралия, Венгрия жақсы дамыған. Онда штаттар провинциялар 
республикалар  жерлер  атластарының  аймақтық  комплексті  сериялар 
жасалынады. 
Ресей  осыф  салада  үлкен  жетістікке  жеткен  өзінің  ұлттық 
атласын жасауға 1996 жылы кірісті. Ол көп томдық карталар жинағы 
ретінде құрылды. 
Ұлттық атластар карталары 5 денгейді қамтыды: 
1. Глобальді – жасанды мәселелер фонындағы дүниедегі Ресей: 
2. Жалпы Ресейлік мемлекетті картографиялаудың негізгі денгейі. 
3. Аймақтық Ресеймен Федерация субъектілерінің жеке аймақтары. 

 
120 
4. Локальді  –  қалалар,  агломерациялар  өндірістік  тораптар, 
территориялар мен демографиялық шаруашылық қатынаста маңызды. 
5. Детальді – жеке объектілердің карталары пландары схемалары. 
«Атамұра»  және  «Кітап»  баспаларынан  педагогика  ғылымының 
кандидаты, оқулық авторы Ұ. Есназаровтың 8-9 сыныптарға арналған 
Қазақстанның геграфиялық атластары жарық көрді. 
Комплекті  атлас  тар  географиялық  ортаның  барлық  ерекшеліктері 
туралы толық берілген. Бұндай атластар Жердің тек қана географиялық 
білімін  ғана  емес,  белгілі  бір  мемлекеттердің  карта  географиялық 
өнімдерін ғана білу үшін емес, сонымен қатар осы географиялық атлас 
шығарылған  ғылыми  және  мәдени  дамудың  өлшемі  ретінде  қызмет 
етеді. 
Біртұтастық  кез-келген  атластық  ерекше  қасиеттері  –  ол  оның 
толықтығы мен ішінара тұтастығымен анықталады. 
Егер  де  онда  керекті  және  толық  анықтамалар,  барлық  сұрақтар 
мен тақырыптар табылса, онда Атлас толық болып есептеледі: Егер де 
мысалыға Әлемнің физика-географиялық атласын алсақ, онда ол осы 
орайда біріншіден , ол барлық планеталардың картасын сақтау қажет, 
екіншіден,  географиялық  ортаның  негізгі  компоненттерін  сипаттауы 
керек. 
Атласты  толтыру  үшін  ғана  көптеген  карталарды  көбейту, 
тақырыптарды  арттыру  географиялық  картаның  масштабының 
азаюына  соқтырады.  Сонымен  бірге  жекелеген  мемлекеттердің 
карталары және кейбір тақырыптар ірі масштабты талап етуі мүмкін. 
Осы  қарама  қайшылықтан  шығу  қатал  түрде  оның  жеке 
тақырыптарды, керегі шамалы тақырыптарды алып тастап, бір картаға 
белгілеу  керек.  Атластың  ішкі  бірлігі  оның  өзара  толықтыруы,  өзара 
келісімділігі және салыстырмалық. 
– Проекциялық нақты таңдап алынуы, лажы болса көп емес. 
– Қолданылған масштабтардың көп емес мөлшері. 
– Пайдалы көрсетілімдердің пайда болу түрлері. 
– Генерализациялық бірыңғай қағидасымен. 
– Белгілі бір датаға атластың мағанасының келу. 
Атластағы  карталардың  тура  мақсатта  қолданылуы  арлық 
карталардың,  атластардың  мазмұнына  бірыңғай  талап,  жекелеген 
карталарға  деген  қызығушылық,  онда  карталар  мен  тұрғылықты 
жерлердің жағдайы. 
Атласты  тағайындау  оның  белгілі  бір  орнығуына:  атластың 
берген  хабарламаларының  мазмұны,  карталардың  орналасуының 
кезегі бөлімдерінің құралуы. Мысалы, 5-6 кластардағы географиялық 
атластарда. 

 
121 
– Мазмұны  осы  кластардағы  географияның  мазмұнына  сай, 
оқулықпен тығыз байланыста, және де басқа керекті толықтырулар. 
– бұл  жүйе  оқушылардың  картаны  біле  отырып  оқуына  жайлап 
жақындату оқулықтартардағы материалдың мазмұны.  
Атластардың  көлемі,  структурасы,  құрылымы,  мазмұны  әртүрлі, 
белгіленуі  де  әртүрлі.  Анықтама  атластың  бағасы  сол  атластағы 
хабарламалардың сонымен бағаланады. 
Бұрын атластар альбом түрінде шығарылса, отызыншы жылдардан 
бастап  әртүрлі  парақта  атластар  шығарыла  бастады.  Қазіргі  атластар 
жайлап шығарыла бастады. 
Әр  парақта,  қүтылларда  сақталады  бұл  атластардың  таралуын 
және  үлкен  форматты  карталардың  қолданылуын  жеңілдетеді,  бірақ 
оқылуы  қиындау,  әртүрлі  даталарға  арналған  көп  зиянын  тигізуі 
мүмкін.  Көптеген  атластар  түсіндірме  мәтіндерімен  статистикалық-
анықтамалық жайтымен болады. Керек географиялық мекенді тез табу 
үшін географиялық аттар, белгілерімен жүреді. Атлас-математикалық 
заңдарға  негізделе  отырып  /  масштаб  және  проекция  бойынша  / 
жасалатын  жер  шарының,  күн  жүйіесіндегі  басқа  ғалымшарлардың 
аспан  денелерінің  және  т.б.  кішірейтіліп,  әрі  жинақталып,  шартты 
белгілерін бейнеленген. 
Глобустағы  жер  бетінің  дәл  бейнесін  атласна  көшіру  үшін 
картографиялық проекциялар қолданылады. 
Біртұтастық  кез  келген  атластық  ерекше  қасиеттері  -  ол  оның 
толықтығымен  белгілі  бір  климат,  суы,  топырағы  құбылыстарды 
атласта  талдау  жасау  негізіне  оқып  үйренеміз.  Қоршаған  ортаның 
мындығын  анықтауды  оның  аясы  кең,  алуан  түрлі.  мемлекеттің 
мәдениетінің дамуы мен картографиясының географиясырың дамуына 
едәуір  маңызды  ықпал  берді.  Картографиялық  сала  бойынша  АҚШ, 
Канада,  Ресей,  ФРГ,  Австралия,  Венгрия  жақсы  дамыған.  Онда 
штаттар  провинциялар  республикалар  жерлер  атластарының 
аймақтық комплексті сериялар жасалынады. 
Ресей  осыф  салада  үлкен  жетістікке  жеткен  өзінің  ұлттық 
атласын жасауға 1996 жылы кірісті. Ол көп томдық карталар жинағы 
ретінде құрылды. 
Картографиядағы карталар сияқты атластарда да кеңістікті қамту 
бойынша  бөлінеді,  (дүние,  Венера,  Ай)  прланеталар,  континенттер 
мұхиттар  ірі  географиялық  аудандар,  мемлекет  облыс,  қала  деп 
бөлінеді.  Әкімшіліктік,  саяси,  тарихи  табиғи  экономикалық  белгілері 
бойынша  нұсқада  торталуы  мүмкін  Жарты  шарларды  қамтитын 
атластар бар. Айдың көрінбейтін және көрінетін бөлігінің атластары, 
мемлекеттер топтарының атластары, (Дунай мемлекеттерінің атласы), 

 
122 
кішігірім  территориялардың  атласы  (Қырымның  оңтүстік  жағалауы, 
байкал көлінің атласы). 
Бақылау сұрақтары: 
Атлас дегеніміз не? Оның даму тарихы? 
Атластың қандай түрлерін білесіздер? 
Оқу үрдісінде қандай атластарды қолдану тиімді? 
 
25. Географиялық  карталар  мен  атластарды  талдау  және 
бағалау 
Атластар  –  жалпы  атауы  бір,  бірақ  бірнеше  карталарда 
құрастырылатын  картографиялық  шығарма  Мифология  айтады: 
Ливияның королі Атлас алғашқы болып Аспандық глобусты жасапты. 
Оның  құрметіне  арнап  аса  көрнекті  голландық  картограф  Геррард 
Меркатор  (1512-1594)  Атлас  атауын  ұсыныпты.атлас  карталар  тәрізді 
жікжіктеледі  де,  қосымша  нышандық  белгі  -  атластағы  карталардың 
қосынды ауданы бойынша үстелдік (15м
2
), орта (6

14м
2
) және қалта 
(


2
) форматты (пішінді) болып бөліктенеді. 
Глобустар – көбінесе 1:30000000-1:80000000 масштабта кішірейтілген 
Жер шарының көлемдік сүлбісі (моделі). Оның бетіндегі параллельдер 
мен  меридиандардың  қиылысуларынан  пайда  болатын  сфероидалық 
трапециялар градустық (географиялық) торлар деп аталады. Алғашқы 
глобустар XV-XVI ғғ. Европада жасалып шығарылды. 
Блок-диаграммалар – бойлық және ендік профильдері кескіндерімен 
қандай  болса  да  беттің  қосарланған  үш  өлшемді  жазықтықтағы 
картографиялық  келбеттері.  Олар  тақырыбы  бойынша  былай 
жіктеледі: 
-
 
геологиялық және геоморфологиялық, жер беті құрылымының 
жер қыртысы тіліктерімен қосарлануы; 
-
 
топырақтық, 
жер 
тілімінің 
бедері 
мен 
топырақтық 
профильдерінің арақатысымен қосарлануы; 
-
 
мұхиттық су массалары, сапылары (фронттары), ағыстары мен 
тұздылығының қосарлануы. 
Блок-диаграммалардың  салынуы  аффиндық  және  перспективтік 
салындылармен орындалады. 
Анаглификалық  карталар  -  қос  бейнелеуден  стереоэффект  пайда 
болатындай  қылып,  параллактикалық  жылжытумен  бірін-бірі 
толықтырушы  екі  түспен  (мысалы,  көгілдір  мен  қызыл)  басылып 
шығарылатын карталар. Олармен жұмыс істеуде арнайы светофильтрлі 
көзілдірік қажет. Бұл карталар жер бедерін көрнекі сүлбі етіп қарауда 
қажетті оқу құралы болып келеді. 

 
123 
Фотокарталар  –  фотобейнелеумен  үйлестірілген  карталар.  Олар 
жалпыгеографиялық,  геологиялық,  тектоникалық,  ландшафтық  және 
ғарыштық,  сондай-ақ  Айдың  және  өңге  планеталар  бетінің 
фотобейнелері болып бөлектенеді. 
Тақырыптық  карталарда  геометриялық  келбеті  көрнекіленбейтін 
табиғаттық  (А),  қоғамдық,  яғни  әлеуметтік-экономикалық  (Ә)  және 
табиғи-қоғамдық,  немесе  гиперсфералық  (Б)  құбылыстар,  объектілер 
немесе процестер бейнеленеді. 
Мысалы,  А.  Табиғаттық  карталар:  физико-географиялық, 
геологиялық,  геофизикалық,  жер  беті  мен  мұхит  түбінің  бедері, 
метереологиялық пен климатологиялық, гидрогеологиялық, мұхиттық, 
топырақтық,  ботаникалық,  зоогеографиялық,  медико-географиялық 
карталар. 
Ә. Қоғамдық  карталар:  тұрғындар,  шаруашылық,  ғылыми  және 
мәдени,  қызмет  көрсету  және  денсаулық  сақтау,  саяси  және  саяси-
әкімшілік, тарихи карталар. 
Б. Табиғаттық  -қоғамдық  карталар:  экологиялық-географиялық, 
табиғи-техникалық карталар. 
Тақырыптық  карталар  сан  алуан  (жалпы  саны  107).  А,Ә  және 
Б топтамаларындағы  карталардың  жеке-дара  аттары  мен  олардың 
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген. 
Бақылау сұрақтары: 
Георафиялық карталар мен атластарды қалай талдайды? 
Георафиялық карталар мен атластарды қалай бағалайды? 
 
26. Картаны құру және жаңарту негізі. Картаны редакторлау 
Арнайы карталар нақтылы шеңбер төңірегіндегі есептерді шығаруға 
немесе пайдаланушыларға арналады  да, көбінесе техникалық қызмет 
атқарады.  Олар  былайша  топталады:  Навигациялық  (сапар  шегудегі) 
карталар:  әуелік  және  ғарыштық  навигация,  теңіздік  навигация, 
лоцмандық (кеме жүргізудегі) навигация, жолдар мен автожолдардың 
карталары.  Кадастрлық  (мәліметтік)  карталар:  жер  кадастры,  су 
кадастры,  қалалық  кадастр,  орман-тоғай  кадастырының  карталары. 
Техникалық  карталар:  жер  асты  коммуникациялары,  инженерлік-
құрылыстық карталар. Жобалық карталар: мелиоративтік (жер өңдеу-
ылғалдандыру  мен  құрғату),  орман-тоғайға  орналастыру,  жерге 
орналастыру.  Карталардың  атқаратын  міндеті  бойынша  жіктелісуін 
мына карталар құрады: оқулық, үгіт-ағарту, анықтамалық, экскурсиялық, 
спорттық,  сондай-ақ  соқырлар  мен  көзі  нашар  көретіндерге  арналған 
тактильдік (сезіктік) карталар. Табиғи және қоғамдық құбылыстардың 
басты  географиялық  заңдылықтарын,  қасиеттері  мен  өзара 

 
124 
ықпалдылықтарын  жете  зерделеу  тақырыптық  картографиялаудың 
дамуымен,  яғни  тақырыптық  карталардың  жасалуымен,  өте  тығыз 
байланысты.  Геологиялық  картографиялау:  геологиялық,  тектоникалық 
төрттік шөгінділер, литологиялық, пайдалы қазбалар орнын меңзейтін 
карталарды  құрастыру.  Топырақтық  картографиялау:  агрономиялық 
және агрохимиялық карталар бойынша мынадай мазмұндық элементтерді 
айқындау-топырақ  типтерінің  таралу  аумақтары,  топырақтардың 
механикалық  (гранулометриялық)  құрылымы  және  негізгі  типтерінің 
тіліктері.  Орман  алқабын  картографиялау:  өмісдіктердің  басыңқы 
типтерінің  таралу  аумақтары,  ағаштың  түрлері,  өсімдіктердің 
пішіндері  мен  диаграммалар  сияқты  мазмұндық  элементтердің 
бейнеленуі.  Ауыл  шараушылығына  қатысты  картографиялау:  жер 
қорын, өсімдік пен мал шаруашылығын, ауыл тұрғындарын сипаттауға 
қажетті  картоматериалдарды  дайындау.  Климаттық  картографиялау: 
климаттың  негізгі  элементтерінің  таралуы  мен  үйлесуін,  олардың 
көпжылдық орта шамаларын және экстремалдық мәндерін айқындауға 
қажетті  карталарды  құрастыру.  Өсімдіктер  дүниесін  картографиялау: 
яғни  ботаникалық  карталарды  жасау.  Тұрғындарды  картографиялау 
арқылы  олардың  жайласуы  мен  орнығуын,  жасы  мен  жынысы 
бойынша  құрылымдылығын,  миграцияға  ұшырауын,  әлеуметтік, 
этнографиялық  және  антропологиялық  жағдайларын  сипаттайтын 
карталарды құрастыру. 
Бақылау сұрақтары: 
Қазіргі 
таңда 
карталарды 
құру 
барысында 
қандай 
технологияларды кеңінен қолданылады? 
 
27. Картографияның даму тарихы. Ежелгі замандағы дамуы 
Адам  баласының  барлық  тіршілігі  жермен  байланысты  екені 
бәрімізге  аян.  Сол  себепті  жерді  зерттеуге  арналған  ғылымдардың 
бірнеше  түрлі  тараулары  бар.  Грек  тілінде  жерді  «геоид»  дейді, 
осыған  байланысты  жерге  арналған  ғылымдардың  көпшілігі  осы 
буынмен  басталады:  геодезия,  геология,  геофизика,  геоботаника, 
геомеханика жэне т.б. 
Бұл  ғылымдардың  бәрі  бір-бірімен  тығыз  байланысты  және 
өлшеу  мәселесі  коғамның  даму  тарихымен  тікелей  ұштасып  жатады. 
Қоғам  тарихының  әр  дәуірінде  жермен  шүғылдану  дәрежесі  де  әр 
түрлі сатыда болып келді. Адам коғамының даму дәрежесінің өзі сол 
жер  байлығын  пайдалана  білу  тәсіліне  тәуелді.  Сол  себептен  жер 
өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін 
бір  айкын дерек болып  табылады.  Осы  айтылғандарға  мысал  ретінде 
геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде 
қандай  орын  алып  келгендігіне  қысқаша  токталамыз.  Жер  өлшеу 

 
125 
әдістері мен ірі қүрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде 
бірнеше  жерлерде  бар.  Мысалы,  біздің  заманымыздан  бұрынғы 
VI ғасырда  Ніл  өзенінің  бойында  салынған  суару  жүйелері  мен 
каналдарда  геодезиялық  өлшеулер  қолданылған.  Ежелгі  Мысыр 
(Египет)  елінде  орасан  зор  құрылыстар  салынған.  Ал  Египет 
патшаларының  өздері  тірі  кездерінде  салғызған  пирамидаларының 
ішіндегі  ең  үлкені-Хеопс  пирамидасының  төрт  қырының  әрқайсысы 
230,13  метрден  де,  ал  бір-бірінен  айырмашылығы  2  см-ден  аспайды. 
Египет  пирамидалары  «Әлемнің  жеті  кереметінің»  бірі  болып 
саналады. Мүндай қүрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз 
жүргізілуі  мүмкін  емес.  Біздің  заманымыздан  IV  ғасыр  бұрын  өмір 
сүрген фек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер 
метрия  ғылымын  ойлап  шығарды»,  -деп  жазды.  Жер  өлшеу  өнерін 
египеттіктерден  үйренген  гректер,  оны  алғашқы  кезде  «геометрия» 
деп  атады.  Геометрия  заңдары  жер  өлшеуде  әрдайым  қолданылады, 
барлық  ғылымдарға  үстаздық  еткен  үлы  ғалым-Аристотель  өлшеу 
ғылымын  геометриядан  бөліп  айту  үшін  оны  «геодезия»  деп  атаған. 
III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы Эратофен градустық өлшеулердің 
көмегімен жер радиусін аныктаған. Бүдан кейін геодезия Үндістанда, 
Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін 
сақталып  қалған  ірі  қүрылыстар  қатарында  жататындар:  Үндістанда-
Чанрагута,  Қытайда-Ұлы  қорған  (қабырға),  Жапонияда-Тодайдзи, 
Индонезияда-Боробудудр,  Арабияда-Қүдыс,  Медина,  Бағдат.  Кейінгі 
Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша қүрылыстар қатарына 
жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, 
Ұлықбек обсерваториясы, т.б. 
Орта замандағы дамуы 
Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің 
болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу 
ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі 
де дамып жетілді. Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден 
кейінгі  жүзінде  білім  мен  мәдениеттің  «екінші  ұстазы»  атанған 
данышпан,  энциклопедист,  ғалым  Әбу  Насыр  аль-Фараби  (870-
950 ж.ж.) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде 
өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия 
ғылымы  арқылы  адамзат  алые  орналасқан,  көз  жетпейтін  заттардың 
мөлшерін, шамасын бір затпен екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, 
тендігін,  (мысалы:  ағаштың,  үйдің  биіктігін.  өзеннің  терендігін) 
анықтауға  болады.  Кейде  қателеспес  үшін  өлшеулерде  әр  түрлі 
оптикалық  аспаптар  қолданылады»  деген.  Ал  «Алмагеске  түсініктеме» 
атты  кітабының  «Сфералық  астрономия»  деген  тарауында, 
астрономия  мен  география  мәселелерін  математикалық  жолмен 

 
126 
шешудің  жеңіл  эдістерін  ұсынады.  Мысалы,  Айдың  радиусін,  жер 
бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың 
паралаксін  өлшеулер  жайлы  Орта  Азия  мен  Шығыстың  ұлы  ғалымы 
Абу Райхан Бируни (973-1050 ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г. Галилей 
жасаған  көру  дүрбісінің  (1609  ж)  көмегімен  жүргізілген  геодезиялық 
өлшеулердің  дәлдігі  жоғары  болды.  XVII  ғасырда  И.  Ньютон  ашкан 
бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу 
осінің  бағыты  бойынша  сығылған  эллипсоида  екенін  дәлелдейді. 
Ресейдегі  геодезиялык  жұмыстар  XVIII  ғасырда,  I  Петрдің  дэуірінде 
жүзеге  асырылды.  1973  жылы  Ресейде  Географиялық  департамент 
құрылып,  1758-1765  жылдары  орыстың  ұлы  ғалымы  М.В  Ломоносов 
оның  жетекшісі  болды.  Сол  кездері  геодезистерді  дайындайтын  оқу 
орындары  ашылып,  геодезиялық  аспаптар  шығарыла  бастады.  Осы 
кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы 
геодезиялық  өлшеулер  жүргізіп,  карта  жасауды  талап  етті.  Осы 
мақсатпен  аз  зерттелген  аудандарды  түсіру  үшін  арнайы 
экспедициялар  жіберілді.  Сол  экспедициялардың  бірі  Қазақстанның 
оңтүстік  аймақтарында,  Қырғыз  және  Қытай  шекараларында 
топографиялық түсірістер жүргізді. 
Ресей Империясының қарамағында дамуы 
Экспедиция карта жасаған атақты ғалым Ш. Уәлиханов Омбыдағы 
Кадет  корпусын  бітіріп,  жиырма  екі  жасында  Орыс  география 
қоғамына  мүше  болып  сайланды.  Шоқан  Уэлиханов  1950-52  ж.ж. 
Омбы  қаласындағы  әскери  оқу  орнының  студенті  бола  жүре, 
Сырымбет  тауы  мен  оның  төңірегінің,  Көкшетау  және  Қосмұрын 
аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. бастап әскери-ғылыми 
экспедиция  құрамында  жүріп,  Қазакстан,  Ыстық-көл,  Орталық  Тянь-
Шянь  аймақтарында  топографиялык  түсірістер  жүргізген,  сөйтіп, 
Орталық  Азияның  картасын,  сондай-ақ  Қашкариядан  Ташкентке 
дейінгі  жердің  маршруттық  картасын  жасаған.  Ш.Уәлихановтың 
география  жэне  топография  саласындагы  елеулі  еңбектері  жайлы 
оның  5  томдык  шығармалар  жинағының  3-томынан  толық  мағүлмат 
алуға  болады.  XIX  гасырдың  бірінші  жартысында  Ресейдегі 
геодезиялық жүмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне коп еңбек 
сіңірген  орыс  астрономы  және  геодезист,  Ленинградтагы  Пулков 
обсерваториясының негізін қалаушы В.Я. Струве болды. Геодезиялық 
қызметтің  қарқындап  дамуына  Кеңес  өкіметі  кең  жол  ашты. 
Геодезиялық  ғылыми  жұмыстарды  жүргізуге  арналған  геодезиялық 
орталық  ғылыми-зерттеу  институттар  мен  мамандар  даярлайтын 
көптеген  оқу  орындары  ашылды.  1925  жылдан  бастап  бұрынғы 
Кеңестер  Одагында  мемлекеттік  карталар  жасау  үшін  жер  бетін 

 
127 
әуеден  суретке  түсіру  қолданылды.  Ал  қазіргі  кезде  топографиялық-
геодезиялық  жүмыстардың  және  картографияның  бүдан  әрі  дамуына 
ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың 
қажеттерін  жан-жақты  қамтамасыз  ету,  ғарыштан  суретке  түсірмей 
жүзеге  асырылмайтынына  көз  жетіп  отыр.  Жер  пішінінің  жаңа 
өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің 
теориясын  жасауда  жэне  практикага  ендіруде  Ф.Н. Красовский 
бастаған  орыс  ғалымдары  зор  еңбек  етті.  Геодезия  мен  картография 
саласының дамуына М.С. Молоденский, А.А. Изотов, А.С. Чеботорев, 
Н.А. Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай. 
Қазіргі  заман  картографиясы  –  ғылыми  пәндер  мен  техникалық 
салалардың  тармақталған  жүйесі.  Картографияда  жалпыгеографиялық, 
геологиялық,  топырақты,  этнографиялық  картографиялау  сияқты 
көптеген  тақырыптық  салалар  қалыптасты.  Әдісі  бойынша  олар 
картографияға,  ал  пәні  бойынша  нақты  ғылымдарға  (геология, 
топырақтану, этнография) жатады. Білімнің жаңа салаларының пайда 
болуына байланысты тақырыптық картографияның да жаңа бөлімдері 
қалыптасты,  мысалы:  геоэкологиялық,  геосаяси,  электронды 
картографиялау. Мақсаты мен практикалық бағдарлау бойынша келесі 
салаларды  белгілеуге  болады:  ғылыми,  туристтік,  навигациялық 
(теңіздік, аэронавигациялық), инженерлік картографиялау және т.б.  
Қазiргi заман картографиясы заманның талап етуіне байланысты 
геоинформатикамен  және  компьютерлік  модельдеумен  өзара  әрекет 
етедi. Екі ғылымның интеграциялануы нәтижесінде картографиялаудың 
перспективті  саласы  –  геоақпараттық  картография  қалыптасты. 
Телекоммуникацияның  тоғысуымен  интернетті-картография  дамыды, 
яғни  атластарды,  карталарды  электронды  жүйеде  шығаруға  және 
орналастыруға болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет