Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Көкемарал – емге пайдалы дәрi шөп. Сарғыш гүлдi [108, 125].  Жұлдызгүл



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#4508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Көкемарал – емге пайдалы дәрi шөп. Сарғыш гүлдi [108, 125]. 
Жұлдызгүл – жұлдыз тәрiздi гүлi бар өсiмдiк [108, 214]. 
Шытыр – гүлi ұсақ, шашақ тәрiздi гүл шоғырына топтанған, сортаң-
дау далада өсетiн өсiмдiк [108, 363]. 
Раң  –  көктемнiң  басында  қар  суымен  шығатын,  бойы  аласа  майда 
шөп [108, 49]. 
Сорғышгүл – жапырақсыз, сарғыш гүлдi, сабағы қуыс өсiмдiк [108, 54]. 
Оразақын  Асқар  қазақтың  бай  тiлiн  шебер  қолданып,  келiстi  сурет-
тер жасайды. Мысалы: 
Күн сүйген қарбыз жатыр шекелерiн, 
Қауынды жерден әрең көтеремiн. 
Шашақты көрпеге орап жүгерi ару, 
Қос-қостап әлдилейдi бөпелерiн. 
Көк жуа жұлған сайын қайта көктер, 
Помидор басып кетпей байқап өт дер. 

 
23 
Қорған боп бақшаларға тұр ырғалып, 
Құс ұя салған сәндi бәйтеректер…[107, 43]. 
Үзiндiден күз мезгiлi суреттері байқалады. Қарбыздың шекесi болуы, 
оны  күннiң  сүюi  өте  жарасымды.  Шекесiн  күн  сүйген  қауынды  жерден 
әрең көтеруiнен оның үлкендiгiн, салмақтылығын көремiз. Ақын жүгерiнiң 
қандай  болатынын  ескере  отырып,  оның  жемiсiн  бөпемен  алмастырып, 
шашақты  көрпеге  орап,  қос-қостап  әлдилетедi.  Шөптiң  өсу  ерекшелiгiн 
жұлған сайын қайта көктегенiнен байқасақ, помидордың үлкендiгiн, пiсiп, 
көз тартып тұрғандығын «байқап өт дер» өрнегiнен, ал бәйтеректердiң жел 
әсерiнен ақырын қозғалуын «ырғалып» сөзi арқылы аңғарамыз. 
Оразақын  Асқардың  табиғатқа арналған туындылары ұлттық өрнек-
пен кестеленiп, заман, уақыт тынысын танытатын айшықтармен қоса көм-
керiлген.  Мысалы:  «Гүлден  көйлек,  шыршадан  камзол  кидi  //  Сансыз 
меруерт-маржанын  жылтылдатып»  [107,  15],  «Танысып  киiз  үйлермен,  // 
Сапыртып қымыз iштiң бе» [107, 25], «Ақындай ашпақ болған келiн бе-
тiн,  //  Агроном  қол созады күнбағысқа» [107, 44], «Экран – айдын лезде 
мың  құбылады»  [107,  17],  «Жүр  едiм  әрқайсысын  қарап  еппен,  //  Түскен-
дей  жаңа  ғана  самолеттен»  [107,  35],  «Әкел  берi,  қайда  әлгi  дүрбi  дедiк» 
[107, 37], «Отырғандай бейне бiр кино көрiп» [107, 37], «Көкте лайнер кө-
сiлтiп,  //  Қарап  келем  таңдана.  //  Ақ  көбiгiн  көпiртiп,  //  Жер  жатқандай 
ваннада»  [107,  38],  «Жанасып  комбайнға  машиналар, // Iлесiп кезек-ке-
зек дән емедi» [107, 43]. 
Оразақын  Асқардың  табиғат  лирикасын  сөз  еткенде,  алдымен  оның 
келiстi  сурет  жасау  шеберлiгiн,  тiлiнiң  байлығын,  терең  бiлiмдiлiгiн,  бай-
қағыштығын, өлеңiнiң жеңiл ырғаққа негiзделгенiн атаған жөн. 
Табиғаттағы  жаратылыс  сұлулықтары,  қоршаған  орта  жұмбақтары 
мен  көрiнiстерi  әр  адам  сезiмiне  әсер  етерi  анық.  Әсiресе,  ақынжүректi 
жанның туған жер, туған өлке, жалпы, табиғат жайында толғанбауы, оған 
өз  туындысын  арнамауы  мүмкiн  емес.  Мұнда  сезiм  мен  ақындық  шебер-
лiктiң қатар жүруi басты. Ол әр ақында түрлiше деңгейде көрiнедi. Сондай 
терең  сезiм  ақыны  әрi  шебер  суреткер  ақындарымыздың  бiрi  –  Төлеген 
Айбергенов. Осы орайда Т. Айбергенов жайындағы Ф. Оңғарсынова пiкiрi 
де құптарлық: «Ақын – өзiнiң ешкiмге ұқсамайтындығымен ақын. Төлеген 
қазақ  поэзиясына  жаңа  ырғақ,  тегеурiндi  екпiн,  жанына  тыным  бермеген 
ағыл-тегiл  сезiмнiң иiрiмдерiн әкелдi. Поэзия әлемiн тосыннан дүбiрлетiп, 
атой салып оята келдi, поэзияның өрлеу жылдамдығын тездеттi» [109, 6]. 
Әр ақын табиғатты әр қырынан жырлайтынын, бiрi асау, долы кезiн, 
бiрi мейiрiмдi, шуақты сәттерiн жырға қосатынын ескерсек, Т. Айбергенов 
шығармаларында қыс та, көктем де, көл де, дала да көңiлдi суреттеледi. Ол 
ненi  суреттесе  де,  өзiне  тән  үнмен,  шабытпен  жырлайды.  Мәселен, 
«Далада»  өлеңiнде  С. Сейфуллин  жүген-құрық  тимеген  асауды  далада 

 
24 
ұстап  мiнгендiгiн  сипаттаса,  Т. Айбергенов  даланың  тамаша  көрiнiсiн 
былай бейнелейдi: 
Айнакөл тұнып тұрған шарадағы 
Қымызды көз алдыңа келтiредi. 
Ұялшақ сәби талдың жағадағы, 
Етегiн гулеп ойнап жел түредi. 
Ну қамыс жарыса өскен шулап күлiп, 
Қайтадан түрегелдi сұлап барып. 
Толқыны жардан құлап, аунап барып, 
Сұңқылдап жатыр бұлақ сыр ақтарып [109, 134]. 
Ақын  дала  көрiнiсiн  қиялға  қанат  бiтiре,  ерекше  сезiммен,  жандан-
дыра суреттейдi. Айнакөлдi шарадағы қымызға ұқсатуы, ұялшақ сәби тал-
дың етегi болуы, әрi оны желдiң түруi, қамыстың шулап күлуi, сұлап барып 
түрегелуi, бұлақтың сұңқылдап сыр ақтаруы  – бәрi сурет нақтылы-ғын, аз 
сөзге  көп  мән  сыйғызуын  жайып  салумен  қатар  ақын  шеберлiгiнiң  де 
айнасы.  
Автор  «Қазақстан  көктемдерi»  өлеңiнде  де  Қазақстан  көктемiнiң 
өзiндiк  ерекшелiктерiн  шебер  кестелейдi.  Бала  құстарға  «тiл  бiтуiн», 
Медеудiң үкiлi басы «бұрқырауын», құздардан қақтың «бұзылып көшуiн», 
бұлақтың  бала  қайыңдай  «солқылдауын»  суреттей  келе  ақын  көрiнiстi 
былай дамытады: 
Алмалы бақтар бүршiгiн жарып ақ қардай, 
Дүркiрейдi әлем көсiлiп тартқан көкпардай. 
Жалтыр нулардан аққулар ұшты қанатты, 
Солдаттар жақтан сағынып жеткен хаттардай… 
Қыр маздап қызыл-жасыл гүлдерменен, 
Бақтарда бұлбұл тiлi күрмелмеген. 
Тағалап жатқан мынау аспан жақты, 
Ғашықпын қара зергер түндерге мен [109, 47]. 
Үзiндiде алма гүлдерiнiң түсi, көптiгi «ақ қардай» теңеуiнен көрiнсе, 
әлем  «дүркiреуiнен»  адамдардың,  жалпы  табиғаттың  көктемдегi  тыныс-
тiршiлiгi аңғарылады. Аққулардың келуiн солдаттар жақтан сағынып жет-
кен хаттарға балауы, «қыр маздап» дегендегi суреттен қырдың қызыл түске 
бөленгендiгi,  бақтарда  бұлбұл  тiлiнiң  күрмелмеуi,  аспан  жақты  таға-лап 
жатуы  әсем  көрiнуiмен  қатар  әсерлi  де.  Өлеңде  суреткер  қара  түндерге 
ғашықтығын да жайып салады. 
Т. Айбергеновтің  жырлаған  көктемi  қызылды-жасылды,  әлемге  тiл 
бiткендей шулы да көңiлдi болса, қысы қатаңдығына қарамастан сүйкiмдi: 
Ақ қолғаппен құшақтап, 
Сақылдайды қыс аппақ. 
Өзен, теңiз, тау, төбе – 
Тегiс аппақ сәукеле. 

 
25 
Жатыр iздер жосылған 
Рояльдың басылған 
Ақ тiлiне ұқсап қап… 
Аппақ әлем сықырлап, 
Жырлағалы тұр бассаң [109, 81]. 
Автор  қысты  ақ  қолғабы  бар,  құшақтай  алатын  адам  кейпiнде  су-
реттесе, соншалықты суықтығын «сақылдайды» өрнегiмен, өзен, теңiз, тау 
төбенi  қардың  жабу  көрiнiсiн «аппақ сәукеле» тiркесiмен нақты әрi шебер 
бейнелейдi.  Ал  жосылған  iздi  рояльдың  басылған ақ тiлiне ұқсатуы, таба-
нының  астындағы  аппақ  әлемнiң  басса  сықырлап  жырлағалы  тұрғандай 
көрiнуi – лирикалық кейіпкер қиялының айнасы. Қыс көрiнiсiне сүйсiнуi әр 
тармағынан  аңғарылса  да,  ақын  оны  өлең  соңында  ашық  айтады. 
«Оянбасаң мәжбүр қып, // Ашатұғын ұйқыңды» тармақтары арқылы ақын 
ауа тазалығын шебер кестелейдi. 
Туған  жер  сұлулығы,  жыл  мезгiлдерi  ғана  ақынды  шабыттандырып 
қоймайды,  тәулiк  мезгiлдерi  де оның қиялына қанат бiтiредi. Белгiлi көрi-
нiстi әсем де әсерлi бейнелеу суреткер қаламына тән: 
Аймалап ерке желi жан дененi, 
Бозарып қылаң берiп таң келедi. 
Малынып шығар күннiң шұғыласына, 
Көк құрақ мың құбылып сәнденедi. 
Ерке жел көк құрақты жапырады, 
Жас талдың дiрiлдейдi жапырағы. 
Дүркiрей қашқан асау, үркек өзен 
Сарқырап көк қымызын сапырады [109, 114]. 
Үзiндiден  лирикалық  кейіпкер  денесiн  ерке  желдiң  аймалағанын 
ұнататындығын,  таңның  «бозарып»,  «қылаң  берiп»  ату  ерекшелiгiн,  көк 
құрақтың күн шұғыласына «малынуынан» шұғыла молдығын, «мың құбы-
лып»  сәнденуiнен  көрiнiс  әсемдiгiне  лирикалық  «мен»  сүйсiнуiн  аңғара-
мыз.  Автор  ерке  жел  құрақты  «жапырады»,  жас  талдың  жапырағы «дiрiл-
дейдi»  сөздерiн  орынды  қолдану  арқылы  олардың  қимыл-қозғалысын  дәл 
елестетсе,  өзеннiң  «дүркiрей»  қашуынан,  «сарқырап»  көк  қымызын  сапы-
руынан  сурет  дәлдiгiмен  бiрге  ұлттық  өрнек  нақышы  да  көрiнедi.  Ақын-
ның  таңды  суреттеуі  О. Асқардың  «Таң  арайы»  өлеңімен  ұқсас  келеді. 
О. Асқарда «Таң атып нұр сыбаға тартылды елге» делінсе, Т. Айбергенов-
те «Бозарып қылаң беріп таң келеді» деп бейнеленеді. Сол тәрізді «Сылаң-
дап  гүл  биледі  салқын  желге»  деп  өрнектесе,  «Көк  құрақ  мың  құбылып 
сәнденеді»  деп  өзінше  дамытады.  Сонымен  қатар  суреткер  жаратылыс 
құбылыстарын  адам  әрекеттерiне  немесе  т.б.  құбылыстарға  ұқсатып  қана 
қоймайды,  керiсiнше  адамға  да  табиғат  мiнезiн  дарыта  суреттейдi  әрi 
табиғат көрiнiсiн жалаң алмай, оны адаммен қарым-қатынаста, байланыста 
қарайды. 

 
26 
Табиғатты  шебер  суреттеуші  ақын  Марфуға  Айтқожина  бiрде  сұлу, 
сылқым,  бiрде  меңiреу,  мылқау,  бiрде  ашулы,  долы  табиғат  мiнездерiн 
өзiнше  қабылдап,  оқырман  сезiмiне  әсер  етерлiктей  суреттер  туғызады. 
Мына суретке үңiлейiк: 
Түйiлiп күннiң қабағы, 
Бұлт астынан қарады. 
Бұрқ-сарқ етiп долы аспан, 
От бүркiп те қалады [110, 24]. 
Үзiндiден ақынның табиғаттың шуақты кезеңiн, әсем суреттерiн ғана 
бейнелеумен  шектелмейтiнiн,  белгiлi  бiр  құбылысты  нақты,  шебер  қию-
ластырып,  оны  лирикалық  кейіпкер  сезiмiне  бағындыра  нақыштау  үлгiсiн 
аңғарамыз.  Күн  қабағының  түйiлуi,  бұлт  астынан  қарауы,  долы  аспанның 
бұрқ-сарқ  етуi  табиғаттың  көңiлсiз  ажарын  танытса,  келесi  тармақтағы 
аспанның  от  бүркуi  адам  әрекетiнен  гөрi  мифтiк  бейне  қимылына  жақын-
дау  алынғандығын,  автордың  қиялына  ерік  бере  суреттейтіндігін  де 
байқатады. 
Ақын табиғат лирикасының көкжиегi кең, тақырыптары да әр алуан. 
Оның  барлығын  қамту  мүмкiн  емес,  сондықтан  табиғат  бейнелерiнiң  су-
реткер  шығармаларында  көрiнiс тапқан сөз саптауларына көңiл аудармақ-
пыз.  Мәселен,  аспанды  (күн,  ай,  жұлдыз,  бұлт,  т.б.)  былай  өрнектейдi: 
«Қара  бұлт  ақ  жаңбырын  құйып  жатты»  [110,  15],  «Кез  едi  кеш  батуға 
ыңғайланған,  //  Шоғыр  бұлт  көкжиекте  тұр  байланған»  [110,  31],  «Көк 
күмбезде  ақша  бұлт  ұлпаланып,  //  Тау  бұлақты  ұрттап  ап  бүркедi  анық» 
[110,  33],  «Көкжиекте  шашылған,  //  Бұлттар  аппақ  iркiттей»  [110,  40], 
«Бұлт ұйып, аспан қоюлап, // Сiркiреп жаңбыр ашылды» [110, 42], «Жыр-
тық  бұлттар  жалбырап,  //  Түсуге  шақ  тұрды  анық»  [110,  56],  «Көбелек 
бұлт  жүзiп  жүр  көлбелектеп»  [110,  62],  «Ақша  бұлт  көлге  көмiлiп»  [110, 
68],  «Долы  бұлттар  көздiң  жасын  сарқады»  [110,  83],  «Шуда  бұлттар 
көкжиекке көшедi» [110, 84], «Су түбiнде ай аунап, // Дiрiл қағып барады» 
[110,  21],  «Құмартып  биiгiнен  күн  қарайды»  [110,  17],  «Ұйқыға  мас  боп 
атырап,  //  Қадайды  көзiн  ай  үнсiз»  [110,  28],  «Күн  құлап  бара  жатыр 
қырқасынан»  [110,  31],  «Билетiп  жұлдыздарды  арқасында  ай»  [110,  66], 
«Күн де батты болдырып асып қырдан» [110, 15]. 
Келтiрген  мысалдардағы  қолданыстар  ақынның  бейнелеу  шеберлi-
гiн,  қиял  өрiсiн,  дүниетаным  дәрежесiн  танытады.  Мәселен,  «бұлт» сөзiне 
қатысты «ақша бұлт», «шуда бұлт» қолданыстары өзге ақындарда да кеңi-
нен  қолданылса,  «жыртық  бұлт»,  «көбелек  бұлт»,  «долы  бұлт»  тiркестерi 
М. Айтқожинаның өзіндік сөз саптау шеберлiгiн айқындай түседi. 
Ақын  шығармаларында  өсiмдiк,  құс,  жануар,  жәндiк  атаулары,  си-
паттары мен ерекшелiктерi мол суреттеледi: «Шоқтай жайнап қызыл гүл // 
Желмен  бiрге  ырғалып.  //  Төнiп  тұр  оған  бiр  бұлбұл  //  Басқалардан  қыз-
ғанып» [110, 18], «Етегi гүлмен жабылған, // Есiмде жасыл орманың» [110, 

 
27 
19],  «Жалғыз  қайың  тасыңнан көрiп ем бiр, // Қына үстiне үлбiреп қонақ-
таған»  [110,  22],  «Гүл  теңiзi  айнала  ырғатылған»  [110,  23],  «Сыңсиды 
қайың тым баяу» [110, 28], «Нар қамыстар сылдырайды жиекте!» [110, 29], 
«Ақ қайыңдар алқаптарды алқымдап» [110, 33], «Шыршалар тұр сұр жебе-
дей  шаншылып»  [110,  33],  «Дiрiлдейдi  қызғалдақ  жер  төсiнде»  [110,  41], 
«Кеш  болса  шырша,  қайың,  қалғиды  емен»  [110,  66],  «Қарағай  тiк тарты-
лып тұр алдымда // Бейне бiр қарт батырдай күзеттегi» [110, 31], «Көбелек 
ұшып, құстар кеттi сайрап» [110, 15], «Бұлдырап ұшқан шағала, // Шүйiлiп 
көлге  төнетiн»  [110, 19], «Емiн-еркiн жүр қалқып, // Аққулар кербез тара-
нып»  [110,  68],  «Тырналар  да  ұшты  тынбай  қат-қабат,  //  Қайда  кеткен 
қарлығаштар ақ қанат» [110, 84]. 
Поэзияда  ерекше  жырланатын  тақырыптардың  бiрi  –  Көктем.  Әр 
ақынның  өзiнше  жырлайтындығын  ескерсек,  М. Айтқожина  қаламынан 
туған көктем көрiнiсiнiң де өзгеше өрнек тапқандығын байқаймыз: 
Дүрлiктiрдi даланы бұлақ күлiп, 
Дiрiлдейдi қызғалдақ жер төсiнде. 
Ақша бұлттар мiнгесiп бара жатыр, 
Алатаудың ақ жалды өркешiнде [110, 29]. 
Бұлақтың  күлуi,  жер  төсi,  Алатау  өркешi  болуы  –  лирикалық  кейіп-
кер  қабылдауының  айнасы.  Суреткердiң  аз  сөзбен  көп  көрiнiстi,  ойды 
аңғарту  шеберлiгi  де  жоқ  емес.  Үзiндiде  бұлақтың  даланы  «дүрлiктiруi» 
оның  жылжу  жылдамдығын,  дауыс  ерекшелiгiн  байқатып,  өзiнiң  дүрлi-
гуiмен  өзгелердi  де  жандандырғандай  әсер  берсе,  «ақша  бұлттар  мiнгесiп 
бара  жатыр» тармағынан бұлттар  қозғалысының әсемдiгiн, көптiгiн, олар-
дың  Алатау  өркешiне  «мiнгесуiнен»  бұлттардың  биiктiгiн,  аспан  ашық-
тығын танимыз. 
Көктем  көрiнiсiн  кестелейтiн  мына  бiр  үзiндiде  де  әсем  сурет  бар: 
«Көктем үнi айна көлдi дiрiлдеттi, тербеттi, // Самайынан Алатаудың ағыл-
тегiл  тер  кеттi»  [110,  41].  Бұл  тармақтар  арқылы  да  ақын  көктемде  айна-
ланың жанданып, қимыл-қозғалыста болатындығын әсерлi суреттейдi. Қыс 
бойы  қатып  тұрған  көлдi  көктем  үнiнiң  дiрiлдетуi,  тербетуi  келiстi  қозға-
лысты танытса, ал Алатау самайынан тер кетуi күннiң жылынып, қар ерiп 
жатқандағы көктем көрiнiсiн елестетедi. 
М. Айтқожина  өлеңдерiнiң  географиясы  да  жылдан-жылға  кеңейiп, 
оқырмандарына  елiмiздiң  түкпiр-түкпiрiне  саяхат  жасатады.  Мысалы, 
«Кербез Көкше» өлеңiнде: 
Күлкi үйiрiп, 
Күн нұрын толқындатқан, 
Көркiңе кiм бар екен таңданбаған… 
Жастанып сексен көлдi жамбасыңа, 
Жатырсың әлде неге тебiренiп [110, 78], – деп ақын 
тау жаратылысының сұлулығына сүйсiнiп, айналасындағы сексен көлдi де 

 
28 
назардан  тыс  қалдырмайды.  «Хантәңiрi»  өлеңiнде  де:  «Көрсетпей  көзге 
анық  сұлулығын,  //  Ақ  жiбек  бұлттар  басын  қалқалады»  [110,  172],  –  деп 
Хантәңiрi тауының биiктiгiн суреттейдi. Ал «Жетiқыз» өлеңiнде: 
Жанған-ау, бұл төбеде шырақтар мың, 
Дүбiрi дүрлiктiрiп тұяқтардың. 
Сыр бермей жатқан жоқ па бәрiне де, 
Сырнайлы үнiн тыңдап бұлақтардың. 
Төселiп табаныма сырмақ далам [110, 172]. 
Үзiндiден  бұл  жердiң  тарихилығы,  ал  бүгiнде  «сыр  бермей»  жатқа-
нынан  лирикалық  кейіпкер  түсiнiгiнше  табиғаттың  сұлу  көрiнiсiнен  басқа 
еш белгi қалмағаны бейнеленсе, «Сырмақ далам» тiркесiнен жердiң түрлi-
түстi  әсемдiгi,  бұлақтың  «сырнайлы»  үнiнен  дауысының  жағымдылығы, 
саздылығы танылады. 
Ақын  келесi  бiр  «Еркелеп  Ертiс  маған»  өлеңiнде  ерке  Ертiстiң  көрi-
нiсiн былай елестетедi: 
Аралайды тау-тасты, ойнайды ағын, 
Аралайды туған жер қойнауларын. 
Аралайды құмын да құлазыған, 
Шөлiн де сусындатар қоймай бәрiн…[110, 178]. 
Автор  Ертiс  өзенiнiң  ұзындығын,  ағын  арынын,  ерекшелiктерiн  си-
паттауға ұмтылады. Оның тауды, тасты, құмды, шөлдi аралайтыны жалаң 
баяндаумен жеткiзiлгендiктен, келесi ойнайды ағын, сусындатар өрнектерi 
де әсерсiз қабылданады. Осы тұста ақынның «ерке» сөзін жиі қолданатын-
дығын, алайда оның өлең бойында әр қилы қолданысқа ие болатындығын 
айтып өту керек. 
Ал  Құндызды  қиясын  суреттегенде  суреткер  су  мөлдiрлiгiн  сүйсiне 
жырлайды: 
Күн еңкейген мезгiлде ұясына 
Келiп жеттiк Құндызды қиясына. 
Шiркiннiң суы қандай тұнық едi, 
Көрiнiп жатыр тастың қынасы да [110, 184]. 
Өлеңдегi лирикалық бейнелер – табиғатты аралаушы, байқаушы, қы-
зықтаушы. Олардың аталған жерге күн ұясына еңкейген мезгiлде келулерi 
даланың  күн  батқан кездегi қызғылт бояуға малынған көрiнiсiн елестетсе, 
су түбiндегi тас түгiл қынасының көрiнiп жатуы оның ерекше мөлдiрлiгiне 
назар аудартады. 
«Жайық жағалаулары» [110, 201] туындысында да келiстi сурет зейiн 
бөлгiзедi: «Жалбырай қалып жапырақ – шашы, ару қайыңның, // Су кештi 
аппақ  балтырлары».  Бұл  тармақтардан  көрiнетiн  қайыңның  жапырақ  – 
шашы  жалбырауы,  ақ  балтырларының  су  кешуi  көз  алдыңа  әдемi  сурет 
әкелумен бiрге автордың белгiлi бiр көрiнiстi суреттеуде жандандыруға да 
жиi баратындығын байқатады. 

 
29 
Ақынның  «Болгария  әуендерi»  шығармасында  да  әсем  табиғат  көрi-
нiстерi көз тартады: 
Шағалалар ұшады және тынбай, 
Құйылады қолыма 
қонатындай… 
Жерде толқын, 
Аспаннан жауын бүркiп, 
Шама жоқ долы бұлтта қалуға iркiп. 
Теңселдiрiп қайықты  
Тербей түстi, 
Толқындардың жағасын дауыл жыртып [110, 203]. 
Шағала  бейнесi  –  М. Айтқожина  туындыларында  жиi  кездесетiн 
бейнелердiң бiрi. Үзiндiдегi нақты, әсерлi суреттелген көрiнiстi оқырман да 
лирикалық  кейіпкер  сезiмiне  бөлене  отырып  қызықтайды.  Мәселен,  ша-
ғалалардың құйылуынан ұшу жылдамдығы, көптiгi, жауын бүркуiнен жауу 
ерекшелiгi,  дауылдың  қайықты  теңселдiруiнен,  тербеуiнен  соғу  қалпы, 
толқын  жағасын  жыртуынан  дауылдың  өзiне  тән  күшi  аңғарылса,  «Ала-
таудың  ақ  жалды  өркеші»,  «сырнайлы  үн»,  «сырмақ  далам»  қолданыста-
рынан ұлттық сипат танылады. 
Қазiргi қазақ поэзиясын өзiнiң әсем де әсерлi жырларымен байытып 
жүрген  ақындардың  бiрi  –  Фариза  Оңғарсынова.  Оның  табиғат  тақыры-
бындағы  жырлары  туған  жер,  көрiнiсiн,  тәулiк,  жыл  мезгiлдерiн,  табиғат 
сұлулығын,  теңiзi  мен  бұлағын  т.б.  суреттеуге  арналған.  Мысалы,  ақын-
ның  «Жайлау  таңы»  өлеңiнде  лирикалық  кейіпкермен  бiрге  оқырман  да 
көрiнiс зейнеттiлiгiне сүйсiнедi. 
Бұлақ жоқ сылдыраған күлiп қашып, 
Тұп-тұнық мөлдiрейдi құдықта су. 
Көк төбет көсiле сап жайбарақат, 
Кемiрiп жатыр әне жiлiк басын…[111, 20]. 
Таң  сұлулығын  бұрынғының  келiнiне  балауы  әрi  оның  «нұрға  мал-
ған»  шымылдығын  ұстауы  өзiнше  әсерлi.  Дала  әншiсi  сайрағанда  лирика-
лық  кейіпкерге  мың  сыбызғы  қосылғандай  естiлуiнен  даладағы  түрлi  ды-
быс  пен  саз  әсерлілігін,  ал  таң  самалын  жұтсаң  көкiректен  бұлт  арылып 
кеткендей  көрiнуiнен  таңғы  ауа  тазалығын,  құдықта  су  «мөлдiрейдi» 
деуiнен су тұнықтығын байқаймыз. Лирикалық кейіпкер қабылдауына сай 
даланы  «көгiлдiр  сахна»  деп  алуы  әрi  оның  ақ  төсi  болуы,  алқызыл  гүл 
тағынуы  – бәрi келiстi сурет туғызып қана қоймай, оқырман сезiмiне әсер 
етерi  де  сөзсiз.  Автор  жайлау  табиғатын  жалаң  алмайды,  ондағы  көк 
төбеттiң жiлiк басын кемiрiп жатуы, «Көз iлдi қой күзеткен шопан жiгiт, // 
Жастанып келiншектiң ақ бiлегiн» тармақтарынан көрiнетiн күзетшi жiгiт-
тiң  келiншегiнiң  бiлегiн  жастанып  көз  iлуi  өмiрден  алынғандықтан  ұтым-
ды шыққан. 

 
30 
Ф. Оңғарсынованың  табиғат  тақырыбындағы  жырларында  түн  көрi-
нiсi жиi кездеседi. Мысалы, «Келедi ерiншек түн» өлеңiнен үзiндi оқиық: 
Келедi ерiншек түн. 
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк. 
Көл мөлдiреп көзiндей келiншектiң, 
Жанарына аспанды паналатып. 
Керiлдi айлы нұрда 
Сүт – сәулеге кеудесiн жалаңаштап. 
Жалтылдаған тайғанақ айдынында 
Егiз аққу сырғанап барады асқақ. 
Аспанды өртедi үмiт, 
Жер – сұлуға сұқтанып сол шақтағы. 
Айнакөлдiң жанары төңкерiлiп, 
Жарқылдайды төсiнде моншақтары [111, 247]. 
Түн  көрiнiсi  үрейлi,  қорқынышты  емес,  қайта  сезiне,  ұғына  бiлген 
адамға  түн  керемет  сұлу,  әсем  боп  елестейдi.  Оны  ақын  да  шебер  өрнек-
тейдi.  Мысалы,  «ерiншек»  түн  деуiнен  лирикалық  кейіпкерге  түн  баяу, 
ақырын батқандай көрiнуiн, «жасыл құрақ», «үн де жоқ» қолданыстары-нан 
рең  әдемiлiгi  мен  түнгi  тыныштықты,  көлдің  мөлдiреуiн  келiншек  көзiне 
теңеуiнен  су  тазалығын,  «жанарына  аспанды  паналатып»  тармағы-нан  ай 
нұры  әсерiнен  аспанның  көл  жанарынан  көрiнуiн  байқаймыз.  Келесi 
шумақтағы  «Керiлдi  айлы  нұрда  //  Сүт  сәулеге  кеудесiн  жалаң-аштап» 
тармақтарында ақынның ненi бейнелеп отырғандығы көмескiленiп қалған. 
Ол  көл  ме,  дала  ма,  аққу  ма  түсiнiксiз.  Дегенмен  келесi  тармақ-тардағы 
сурет  нақтылығы  ұтымды  шыққан.  Мәселен,  «жалтылдаған»  дегендегi 
айдын көрiнiсi әрi сол айдында егiз аққудың асқақ «сырғанап» бара жатуы 
оның  жылдам  жүзу  ерекшелiгiн  және  көлдегi  көрiнiс  ке-лiстiлiгiн  жайып 
салады. Өлеңде жандандыра бейнелеу де орынды алын-ған. Мысалы, «жер 
–  сұлуға»  аспанның  сұқтануы,  оны  үмiт  өртеуi,  Айна-көл  жанары,  төсi 
болуы  –  жандандыра  суреттелген  көрiнiстер  болуымен  қатар  лирикалық 
кейіпкер қабылдауының айнасы. 
Ақын табиғат аясындағы түндi ғана жырлап қоймай, белгiлi бiр қала 
түнiн  де  жырға  қосады.  Мәселен,  «Шевченко  түнiн»  бейнелегенде,  автор 
ондағы түнгi қала сұлулығын, үйлерiнiң биiктiгiн, т.б. сөз етедi. 
Түн. Қала тұр. 
Зәулiм үйлерiн көктiң жасырып, 
Заңғар таулардай етегi көктем, басы бұлт. 
Теңiздiң тылсым толқындарында түнгi оттар 
Қалады екен ақ маржандардай шашылып. 
Асқақ қаланың сұлулығына сұқтана 
Алтын ай көктен қарайды мынау 
Үйлерге әрең асылып [112, 48]. 

 
31 
Алғашқы  тармақтағы  «Түн.  Қала  тұр»  баяндауы  орынды  алынып, 
шығарма әсерлiлiгiн туғызуға өзiнше қызмет етiп тұр. Зәулiм үйлердiң көк 
жанарын  жасыруы,  заңғар  тауларға  балауы,  етегi  көктем,  басы  бұлт  боп 
көрiнуi  үйлердiң  үлкендiгiн  танытса,  теңiз  толқынында  түнгi  оттардың  ақ 
маржандардай  шашылуы,  қала  жарықтарының  көптiгiн  әрi  теңiзге  сәуле 
түсiруiн,  ал  айдың  үйлерге  әрең  асылып  қарауы  тағы  да  үй  биiктiгiн 
аңғартумен  қатар  лирикалық  кейiпкер  қиялының,  қабылдауының  көрiнiсi 
болып табылады. 
Табиғат  көріністері  ақын  Ф. Оңғарсынова  қаламынан  өзінше  өрнек 
табуда.  Табиғат  десе  жүрегі  ерекше  елжірейтін  ақын  оны  алдымен  туған 
анасына ұқсатады: 
Табиғат – дала 
бір сәт 
анашым, саған ұсап 
күрсінеді, 
солады, 
бүр атады, 
тіршілікті жалғайды ана – құрсақ [112, 63]. 
Табиғаттың  түрлі  сәттерін  ескеріп  «күрсінеді»,  «солады»,  «бүр  ата-
ды» деп орынды аңғарады. Көктемді суреттегенде де келісті көріністер көз 
тартады: 
...Үрпіне Жердің сүт толып, 
Жүзіне мөлдір шық қонып, 
Тереңнен алған тынысы 
Қалқиды мақта бұлт болып. 
Еркелеп, сүйіп аймалай 
Құшады қырды, сайды арай. 
Жыңғылды сайдың баурайы 
Жап-жасыл жұмсақ жаймадай [113, 77]. 
Өлеңді  тұтас  оқымасақ  та  екі  шумақтың  өзінен  көп  нәрсені  аңға-
рамыз.  Жер  үрпіне  сүт  толуынан  оның  ерекше  күйде  екендігін,  жүзіне 
«мөлдір» шық қонуынан сурет зейнеттілігін, «қалқиды» мақта бұлт болып 
тармағынан аспан ашықтығы, бұлт жеңілдігі байқалады. Келесі шумақтағы 
сурет  келістілігі  де  көңіл  бөлгізеді.  Лирикалық  кейіпкер  көзімен  берілген 
арайдың қырды, сайды еркелей, аймалай сүйіп құшуы көктемгі арай ерек-
шелігін танытса, баурайдың «жұмсақ жаймадай» болуы шөп қалыңдығын, 
жұмсақтығын, молдығын елестетеді. 
Ақын  Д. Қанатбаев  та  табиғат  тақырыбына  көп  өлеңдерін  арнаған. 
Ол табиғаттың қандай-да бiр көрiнiсiн немесе құбылысын шебер суреттей 
бiледi. Мәселен, бұлақ бейнесi поэзияда қанша жырланса да, Д. Қанатбаев 
қаламынан туған өлеңдерде ол өзгеше түрге, бояуға ие болады: 
Қабақ шытып бiр-ақ күн, 

 
32 
Қақ айрылды көк түсi. 
Тымауратқан бұлақтың 
Көтерiлдi өкшесi. 
...Шылбырынан құрақ, тал, 
Жiбермейдi қас қылып. 
Ақсаңдайды бұлақтар, 
Табандарын тас тiлiп [114, 26]. 
Автор  табиғат  пен  адам  арасындағы  қимыл-қозғалыстардан,  әрекет-
терден ұқсастық iздейдi және ол өлеңдерiнде жандандыра бейнелену арқы-
лы көрiнiс тауып отырады. Мәселен, күннiң қабақ шытуы, көк төсiнiң қақ 
айрылуы,  бұлақтың  тымауратуы,  оның  өкшесiнiң  көтерiлуi,  т.б.  суреттер 
осыны  дәлелдейдi.  Ақын  жандандыра  бейнелеу  арқылы  келiстi  көрiнiстер 
ғана  емес,  суреттi  әсерлi,  дәл  жеткiзу,  аз  сөзбен  көп  ойды  аңғарту  тәрiздi 
сезiмдер  де  тудырады.  Мысалы,  найзағай  қамшысы  «осып-осып»  жiбе-
руiнен  жарқыл  жылдамдығы,  бұлақтың  таңдайымен  «ән  құрауынан»  ағыс 
дауысының жағымдылығын, лирикалық кейіпкердің сол дауысты ұнатуын, 
«асаудай»,  «өре  қашып»  қолданыстарынан  бұлақтың  жалпы  ағыс  ерекше-
лiгiн,  жылдамдығын  аңғартады.  Бұлақ  жолындағы  құрақ,  талдардың 
ағысқа  бөгетi  де  лирикалық  «мен»  көзiмен  әсерлi  суреттелген.  Құрақ, 
талдың бұлаққа қас қылып шылбырынан жiбермеуi осыны байқатса, бұлақ 
табандарын  тас  тiлiп,  ақсандауы  алдыңғы  ой  мен  әсерлi  көрiнiстердi 
дамыта түседi. 
Суреткер  қаламынан  туған  табиғат  тақырыбындағы  сәттi  шығарма-
ларының бiрi – «Тау бөктерi». 
Бөктерi таудың бұталы 
Тап-таза ауа жұтады. 
Көтерiлдi қойнаудан 
Тау шөбiнiң жұпары. 
Ылдиға қарай ақ бұлақ 
Барады әне шапқылап. 
Буырқанып, ентiгiп, 
Екпiнiнен тас құлап. 
Сонау бiр заңғар биiктен 
Қаһарлы, мұзарт иықпен. 
Аспанды емген асқар тау. 
Көк төсiн талмай иiткен. 
Әуенi әсем әлдимен, 
Бөктердi әсем ұйытты ен [114, 93]. 
Шығарма  әсерлiлiгiн  туғызуда  ақынның  бейнелеу,  яғни  сөзбен  сыр-
лы сурет салу шеберлiгiнiң, өлең ұйқасының жұп-жұмыр болуының, жеңiл 
оқылуының өз салмағы бар. Ақын тақырыпты ашуда тау ауасын, бауырын-
дағы  бұлағын,  таудың  биiктiгiн,  ондағы  әсем  әуенiн  төменнен  қызықтау-
шы  лирикалық  кейіпкер  көзiмен  кестелейдi.  Мұндағы  бұлақтың  «шапқы-

 
33 
лап»,  «буырқанып»,  «ентiгiп»,  «екпiнiнен  тас  құлап»  бара  жатуы  ақын 
М. Сарикованың  «Тау  бұлағы»  өлеңiнде  де  «Жанығып  жар  атқылап,  // 
Жартасты  жалап  бұлақ,  //  Қарайды  жан-жағына,  //  Жалт-жұлт,  жалақ-
жұлақ»  шумағымен  ұқсас  келедi.  Осы  тәрiздес  сурет  ұқсастықтары  келесi 
шумақтарда  да  бар.  Мысалы,  «Аспанды  емген  асқар  тау  //  Көк  төсiн  тал-
май  иiткен»  тармақтарынан  көрiнетiн  сурет  I. Жансүгiровтің  «Гималай» 
өлеңiндегi көрiнiстердi ойға оралтады.  
Дала  көрiнiсiн  сипаттағанда  ақын  оның  ауасының  тазалығын,  өсiм-
дiктерiн, құстарын, аптап желiн, т.б. былай бейнелейдi: 
Дала күндi өңгердi. 
Құшағы кең. 
Лала гүлге теңгердiм бұтаны мен. 
Өкпем жарылып кеттi ме деп те қалдым, 
Лап қойғанда ол мың сан жұпарымен. 
Шаңқай түсте шарықтап құс қыраны, 
Дала жонын аптап жел ысқылады. 
Терең-терең сайларды жайлап алып, 
Iн аузында саршұнақ ысқырады [114, 78]. 
Құшағы  кең  деуiнен  дала  кеңдiгi,  жазықтығы,  лирикалық  кейiпкер-
дiң  бұтаны  лала  гүлге  теңгеруiнен  бұтаның  әсемдiк  сипаты,  «Өкпем 
жарылып  кеттi  ме?»  деуiнен  ауасының  ерекше  тазалығы,  құс  қыранының 
шарықтауынан  ұшу  еркшелiгi  байқалса,  дала  жонын  аптап  желдiң  ысқы-
лауынан,  iн  аузында  саршұнақтың  ысқыруынан  тамаша  көрiнiспен  қатар 
ақынның сөз саптау шеберлiгi де көрiнедi. 
Ақынның  табиғат  лирикасын  құстар  дүниесiн  жырлайтын  өлеңдерi 
де  құрайды.  Әсiресе  құс  ерекшелiгiн  нақты  әрi  дәл  бейнелеу  оқырман 
назарын аудартады: 
Бойы да оның бiр тұтам, 
Салмағы болмас бiр қадақ. 
Әнiне ғана жұрты таң, 
Тәнiне жатыр кiм қарап?…[114, 292]. 
Құс  ерекшелiгiн  сипаттайтын  бiр  шумақ  үзiндiден  оның  аты  атал-
маса  да  қай  құс  екендiгiн  анықтауға  болады.  Тiптi,  өлең  демей,  жұмбақ 
десе  де  болғандай.  Құстың  бар  бiтiм-болмысы  көз  алдыңда  тұрғандай 
елестейдi. 
Ақынның келесi бiр өлеңiндегi құлын бейнесi де әсерлi шыққан: 
Күлте жалды, 
Төгiлген тұлымшақты. 
Құлыншақтай көрiп пе ең ұрыншақты? 
Күлдiр-күлдiр кiсiнеп алды дағы  
Қатарының бәрiнен бұрын шапты [115, 305]. 

 
34 
Автор оқырман көңiлiн құлынның күлте жалына, төгiлген тұлымша-
ғына,  ұрыншақтығына,  кiсiнеу,  шабыс  ерекшелiгiне,  ноқта  кигiзгендегi 
қалпына назар аудартады. 
Ақын шығармаларында табиғат көкжиегi кең, бояуы есепсiз, құстар, 
өсiмдiктер,  жануарлар  әлемiне  бай,  даласы  түрлi  табиғат  құбылыстарына 
қарамастан  көңiлдi суреттеледi. Өзге тақырыптармен бiрге аясы кең таби-
ғат тақырыбын жырлаған ақынның өзiндiк қолтаңбасы қалыптаспауы мүм-
кiн  емес.  Әсiресе  суреткердiң  асқақ  шабыты  мен  қиялынан  өрiлген  сурет-
тер  оқырман  зейiнiн  бөлгiзедi.  Бiрнеше  мысал  келтiрейiк:  «Торғайлар  // 
Домалақ доп емес, // Аспанға iлiнген қоңырау. // Қоңырау оятпай қоя ма // 
Жар салып тұрған соң биiктен // Аспанды шап-шағын поэма // Көтерiп тұр 
дерсiң иықпен» [115, 281]. «Хабар келдi табиғат почтасынан – // Тырналар 
барады  айтып  қоштасу  ән»  [115,  178].  «Көкжиегiм  –  жиегiндей  кесенiң,  // 
Шағыл тауым – иегiндей көсенiң. // Бұйрат құмдар – бұйра-бұйра толқын-
дар  //  Бұйра-бұйра  толқындарды  кешемiн»  [115,  314].  «Зеңгiр  шыңды 
мекендейдi  еңлiк  гүл,  //  Көлгiрсудi  көтермейдi  еңлiк  гүл.  //  Бағды  кезде 
шыңда емес, жазықта // Шешек атады екен дейдi еңлiк гүл» [115, 57]. 
Жаратылыс  сұлулықтары  ғана  емес,  аңдар,  құстар  дүниесi  де  аса 
бiлгiрлiкпен  келiстi  суреттеледi.  Тiптi,  көпшiлiк  елей  бермейтiн  өсiмдiк 
атауларын, ерекшелiктерiн ақын кәдеге шебер жаратады: 
Құм iшiнде жұпар иiс тұнып тұр, 
Құнықтырсаң  
жұпар иiске құнықтыр 
Қалы кiлем құбылады, жайнайды 
Қалы кiлем – 
Қыруар шөп қырық түр. 
Жусан, мортық, сiргеқара, қоңырбас, 
Түйеқарын, қарабұта, раң, нәш, 
Ебелек от, еркек, соран, қымызық, 
Ақша отау, шытыр, шағыр, рауғаш. 
Бәрi-бәрi… қары алдымнан лап қойды, 
Селеулiктен көрiнбейдi ат мойны, 
Не де болса, 
Құмның келте көктемi-ай, 
Қойнындағы төрт түлiгiн тақ тойды! [115, 295]. 
Жұпар иiстiң «тұнып» тұруы әрi лирикалық кейіпкердің оған «құны-
ғуы» қандай әсерлi болса, шөп қалыңдығын сипатау да сондай әсерлi. Ли-
рикалық кейіпкермен бiрге оқырман да жұпар иiстi құныға иiскеп, қалы кi-
лемiмен жүрiп келе жатқандай әсерге бөленедi. Автордың сөздердi нақты, 
орынды  жұмсауы  да  көрiнiстi  дәл  елестетедi.  Мысалы,  «Қалы  кiлем» 
тiркесi  шөп  қалыңдығы  мен  өсiмдiк  түрлiшелiгiн  аңғартса,  «құбылады», 

 
35 
«жайнайды»  қолданыстары  сол  ойды,  сезiмдi  дамыта  түседi.  Ал  келесi 
шумақтардағы өсiмдiк атаулары оқырманды далаға саяхатқа жетелейдi. 
Д. Қанатбаев  табиғатты  туғанындай  көрiп,  еркiн  жырлайды.  Оның 
лирикалық  кейiпкерi  де  көңiлдi,  жатырқауды  бiлмейдi. Бiрде көркемдiгiне 
сүйсiнсе, бiрде жұмбақ табиғатпен тiлдесiп, сыр аулайды. 
Табиғат  тақырыбында өз жырларын жазып жүрген талантты ақын  – 
Исрайл Сапарбай. Оның сәттi өлеңдерiнiң бiрi – «Күнге ғашық көңiлмен». 
Бұл  өлеңде  ақын  лирикалық  кейіпкердің  күнге  не  себептi  ғашықтығын 
және  тiршiлiк  тiрегi  күн  екендiгiн  поэзияға  тән  шарттылық,  ойнақылық 
өзiндiк жарасты сенiм ықпалымен әсерлi өрнектеген: 
Ауа ағынын абайлап... түртiп көрiп, 
Ағаш бiткен барады бүртiктенiп. 
Шайдай ашып тастайды көңiлiңдi 
Шыны аспанды мақта бұлт сүртiп берiп. 
Жазық белдiң жазылып кiрбең өңi, 
Тау етегiн бауменен бүрмеледi. 
Белiн шешкен бесiктен баладайын 
Былдырайды бұлақ та бiрдеңенi… 
Жел үп десе, үркектей көл дiр етер, 
Көкке жәудiр жанарын мөлдiретер. 
Гүлге ашып өрт шалған омырауды, 
Күнге ғашық болмауың ендi бекер! [116, 208]. 
Өлеңде  күннiң  жарқырап  тұрғаны,  қай  мезгiл  екенi  жалаң  баяндал-
майды, бiрақ нақты көрiнiстер көмегiмен бiз оған көз жеткiземiз. Ағаштар-
дың  бүртiктенуi,  аспанды  бұлт  сүртуi,  тау  етегiнiң  түрленуi,  бұлақтың 
былдырауы,  көлдiң  жел  әсерiнен  дiр  етуi,  лирикалық  кейіпкер  талғамына 
сай жер омырауын өрт шалуы – бәрi нақты суреттер көмегiмен лирикалық 
кейіпкер  толғанысын,  табиғаттағы  науандықтарды  сезе  бiлу  ерекшелiгiн, 
сол  сезiмiмен  оқырмандарды  да  баурап  алу  шеберлiгiн  танытады.  Мәсе-
лен,  аспанды  шыныға,  бұлтты  мақтаға  балауы,  шыныны  мақтамен  сүртiп 
әрi  соған  сүйсiнуi  әсерлi  болуымен  қатар  лирикалық  кейiпкер  сезiмiнiң 
айнасы.  Белдiң  кiрбең  өңiнiң  жазылуынан  аспан  ашықтығы,  тау  етегiн 
бүрмелеуiнен  өсiмдiк  жиiлiгi  әрi  әсемдiгi,  бұлақтың  баладай  былдырауы-
нан су тазалығы мен молдығы, дыбыс ерекшелiгi ашылады. 
Ақынның  табиғат  жайында  жазған  бар  туындысын  қамту  мүмкiн 
емес. Сондықтан оның стиль бiтiмiн танытатын негiзгi суреттерiн қарасты-
райық. И. Сапарбайдың табиғат лирикасында өсiмдiк (гүл, ағаш) атаулары 
көптеп  кездеседi:  «Қырмызы  гүл  жайлады  құба  белдi»  [117,  13],  «Нөсер 
қайда? Жаңағы жаңбыр қайда? // Көзiн көкке талдырды тал да, ырғай да» 
[117, 14], «Гүл iшiнде ұнатам Астраны, // Күнге ғана ол кiрпiгiн аштыра-
ды»  [117,  16],  «Байғұс,  Өрiк,  //  Бiлем,  саған  қашаннан  қайғы  серiк»  [117, 
17],  «Тал,  терегiн  сыңсыған  саябаның  //  Көлеңкесiн  көргем  жоқ  аяғанын» 

 
36 
[117,  29],  «Сыбылық  жауын  жанын  езген  сайын  //  Сығылып  алатындай 
жылап  қайың»  [117,  39],  «Қарақат  пен  бүлдiрген  //  Қалай  пiсiп  үлгер-
ген?»[117, 76]. 
Құстар,  жануарлар  түрлiшелiгi  де  ақынның  табиғат  лирикасын  то-
лықтыра түседi: «Тырналар тiзбектерiн көкте өредi» [117, 14], «Құс қонып, 
бақтың iшi базар болар» [117, 15], «Матаны қырыққан қайшыдай болып, // 
Әудемде  бiр  үйрек  ұшып  барады»  [117,  28],  «Сары  шымшық  жұмыртқа-
сын шайқамаққа // Майсаның қалыңына жай салады» [117, 36], «Шiлденiң 
шiлiңгiрлеу  шырқын  бағып,  //  Бидайық  үрпиедi  үрпiн  қағып»  [117,  37], 
«Қадам  басса  //  Сақтанып  қауiп  күйден  //  Қас  батырдай  көкала  сауыт  ки-
ген» (Тасбақа) [117, 37], «Тереземнiң жақтауын паналаған // Жайын ойлап 
отырмын қос кептердiң» [117, 40], «Гүлзарыма бауыр басқан бұлбұлдар // 
Қайрылмастан кеттiң ұшып қай жаққа?» [117, 42]. 
Аспанды  (Күн,  Ай,  жұлдыз,  бұлт,  т.б.),  көкжиектi  де  ақын  өзiнше 
жырлайды:  «Аспанның  жұлдызға  бай  шаңырағы  //  Еркiңдi  ертедi  ертегi 
елiндей»  [117,  28],  «Аспанның  күн  ұзаққа  түнергенi  –  //  Тiрлiктiң  тығы-
рыққа тiрелгенi» [117, 33], «Айдынға ай шомылады // Ерiнiң есiн алған ерке 
келiндей»  [117,  28],  «Кiрпияз  аруға  Ай  сыңайланып  //  Кiрпiгiн  айдын-ға 
сүзiп  қарады»  [117,  28],  «Ендi  кеп  Күн  ұяға  жұмыртқадай....»  [117,  36], 
«Құлдилап  бара  жатыр  еңiске  Күн,  //  Сарғайып  балағынан  көгiс-көңiл» 
[117, 51], «Өте шыққан қара бұлт қас қағымда // Қара жерге қақ пенен қал-
дырды  ақық»  [117,  14],  «Ен  дала  есеңгiреп,  емiнердей  //  Безерген  бедеу 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет