Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#4508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  теңеуге  қатысты  зерттеушілердің  пікірлерін 
саралаңыз. 
2. Қазақ  теңеулерінің  жасалу  жолдарын  көрсетіп  ғылыми  еңбек  жазған  қай 
ғалым? Еңбегін атаңыз. 
3. Теңеулерінен  ұлттық  сипат  көрінетін  табиғат  тақырыбындағы  ақындар  өлең-
дерін тауып, мысалдар келтіріңіз. 
4. Ұйқасы теңеуге құрылған табиғат лирикасына мысал келтіріңіз. 
5. Ақындардың табиғат лирикасынан күрделі теңеу үлгілеріне мысал келтіріңіз. 
 
 

 
120 
3.3 Ауыстырудың табиғат лирикасындағы қолданысы 
Пейзажды  суреттеудегі  айрықша  тәсілдердің  бірі  –  ауыстыру. 
Ауыстырулар – тек қазақ әдебиетінде емес, әлемдік әдебиетте образ жасау-
дың  ерекше  бір  түрі.  Ол  әдебиеттану  ғылымында  әркез  сөз  болып  келді. 
Белгілі әдебиеттанушы ғалымдар құбылтудың өзге түрлері тәрізді ауысты-
руға да үлкен мән берді. Л.И. Тимофеев өзінің белгілі «Әдебиет теориясы-
ның  негіздері»  кітабында:  «Ауыстыру  –  әр  басқа  құбылыстарды  жақын-
датып,  сол  арқылы  түрлі  мағыналық  реңктерге  ие  болатын  өте  икемді, 
ыңғайлы тілдік құрылым» [152, 222] – десе, А.А. Потебня «Ежелгі адамдар 
мағынаның жалпы мазмұнына қарай метафораны заттың бөлінісі негізінде 
жанды  (одушевленные)  және  жансыз  (неодушевленные)»  [2,  202],  –  деп 
бөлген. Зерттеуші метафораны сөйлем мүшелеріне қарап, нақты мысалдар 
келтіріп  көрсетеді.  Осы  тәріздес  метафораның  жасалуы  мен  түрлерін 
«Әдебиеттануға  кіріспе»  кітабында  Г.Н. Поспелов,  П.А. Николаев, 
И.Ф. Волков [153] қарастырады.  
Қазақ әдебиеттану ғылымында метафораға алғаш «ауыстыру» атауын 
ұсынған  А. Байтұрсынов  болатын  [15].  Белгілі  әдебиет  зерттеуші-лері  де 
ауыстыруға анықтама беріп, оған өз еңбектерін арнаған. Ауыстыру туралы 
З. Ахметов:  «Метафорада  теңеудегідей  екі  нәрсені  теңеп,  салысты-рудан 
гөрі  олардың  арасындағы  ұқсастық  жақты,  сезім-әсер  жалғастығын  тірек 
ету  басым  келеді.  Көбінесе  сондай  екі  нәрсенің  бірі  айтылып,  екінші-сін 
емеурін жасап сездіреді»-деп көрсетеді [146, 198]. Ғалым З. Қабдолов-тың 
пікірінше:  «Ауыстыру  дегеніміз  –  сөз  мәнін  өңдендіре  өзгертіп  айту, 
суреттеліп отырған затты немесе құбылысты айқындай, ажарландыра түсу 
үшін  оларды  өздеріне  ұқсас  өзге  затқа  не  құбылысқа  балау,  сөйтіп 
суреттеліп  отырған  заттың  не  құбылыстың  мағынасын  үстеу,  мазмұнын 
тереңдетіп,  әсерін  күшейту»  [20,  100].  Ал қазақ тілінде сөздердің метафо-
ралық  қолданысын  арнайы  зерттеген  Б. Хасанов  оның  екі  түрін  (инди-
видуалдық және дәстүрлі) атап көрсетеді [154, 100]. 
Ауыстырулар ауыз әдебиетімен бірге жасасып келе жатқан бірден-бір 
тәсіл  болса,  пейзаждық  лирикада да ауыстырулардың орны ерекше. Ақын 
С. Мәуленовтің  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде  де  сөзді  ауыстырып 
қолдану  жиі  кездеседі.  Мәселен,  «Күн»  өлеңінде  ақын  күнді  символдық 
бейне  ретінде  алады:  «Мен  сәулелі  күн  едім»  [128,  68].  Сонымен  қатар, 
автор  пейзажды  суреттеуде  есім  сөздерді  атау  тұлғасында  немесе  көптік 
жалғауын жалғап, ауыстырып қолданады. Мәселен: «Анар – жұлдыз, ақық 
ай, арайлы аспан» [128, 197], «Жарқылдайды алдымызда: // Аспан – қала, // 
Жұлдыз – шамдар» [128, 300], «Аққулар – қыздар ағады жүзіп» [128, 349], 
«Шағалалар  –  найзағайлар  жарқылдап»  [128,  275],  «Қазіргі  енді 
қажымайтын  түйе,  ат    –  трамвайлар жұртты жиып, тиеп ап» [128, 278], 
«Композитор  –  теңіз  //  Аласұрған  //  Табиғи  аккордты  іздеп»  [128,  362]. 
Үзінділердегі  ауыстырулар  әйтеуір  бір  алына  салған  емес,  суреттеліп 

 
121 
отырған  көріністі,  бейнені  әсерлі,  бейнелі,  дәл  елестетіп,  оқырманды 
ерекше  сезімге  бөлері  сөзсіз.  «Аспан  –  қала,  жұлдыз  –  шамдар» 
ауыстыруында автор суреттеліп отырған аспан мен жұлдызды осыған ұқсас 
қала,  шамдар  сөздерімен  бейнелеп,  мағына  әсерлілігін  терең-дете  түседі. 
«Аққулар  –  қыздар»  қолданысында  да  аққулардың  нәзіктігін,  әсемдігін, 
сұлулығын  ашу  үшін  қыздар  ауыстыруымен  берген.  Ал  «түйе,  ат  – 
трамвайлар»,  «композитор  –  теңіз»  ауыстыруларында  да  суреттелініп 
отырған  заттың  өзіндік  ерекшелігі  ғана  аңғарылмай,  ақынның  бейнелі, 
заман айнасын танытарлық сөздік қолданыстары көрінеді.  
Табиғатты  суреттеуде  ақын  Мұқағали  Мақатаев  ауыстыруларды 
орынды  қолданып,  сезімге  әсер  етерлік  өлеңдер  тудырған.  Ауыстыру-
лардың  әдетте  поэзияда  жиі  қолданылатын  түрі  қос  сыңары  да  атау 
тұлғалы есім сөздер болса, мұндай түрін де ақынның табиғат лирикасынан 
кездестіреміз. Мысалы: «Түгі кетіп, жарғаққа айналған ба // Көздің жауын 
алатын дала – кілем?» [98, 54], «Жас жігіт – жазғы бидайық // Сіп-сирек 
мұрты  көкпеңбек»  [98,  121],  «Шыңылдаған,  //  Сыбырлаған,  //  Айқай 
тастар  –  саққұлақ»  [98,  155],  «Еміренген  //  Тебіренген  //  Ақбас  ата  – 
асқарлар» [98, 155]. 
Ақын  алғашқы  тармақтарда  күз  мезгілін  айтпаса  да,  түсінікті  етіп 
аңғартады.  Даланы  кілемге  баласа,  оның  түгі  кетуі  арқылы  бір  кездегі 
қалың шөптің тақырлағандығын танытады. Келесі мысалда бидайықты жас 
жігіт  қолданысымен  ауыстырады.  Осы  тәріздес  тастарды  саққұлаққа, 
асқарларды  ақбас  атаға  ұқсатуы  негізінде  олардың  белгілі  бір  ерекшелік-
терін,  атап  айтқанда  жаңғырық  шығатынын,  тау  басында  қар  жатуын 
жайып  салады.  Ауыстырулар  көмегімен  сұлу  сурет  жасаған  өзге  де  өлең-
дері көп: «Желкен бұлттар – желкілдеген сақалдар» [98, 82], «Тік тұр ол. 
Қырын қарап сай-салаға, // Күн – көркі, көк – мекені, Ай – шағала» [98, 45], 
«Сағым  –  қыздың  ап  қашып  орамалын  //  Асыр  сап  тентек  жігіт  –  жел 
еседі», «Алматы – жүрегі Алатаудың // Түн ұйқыға кеткенде бүлкілдеген» 
[98, 155]. Лирикалық кейіпкер қабылдауына сай бұлттарды сақал ауысты-
руымен  беруінен  бұлттардың  түсі  және  «желпілдеген»  сөзімен  айқын-
далуынан  пішін  ерекшелігі  көрінеді. Келесі үзіндідегі ауыстыру да әсерлі. 
Айдың  шағала  сияқты  ақ  екендігі,  көзге  бірден  түсетіндігі  әсем  бейнеле-
неді.  Үшінші  мысалда  ақын  сағым мен желді қиялға қанат бітіре жандан-
дырады.  Сағымды  «қыз»  деп  ауыстыра  айқындаса,  сол  сағым  –  қыздың 
орамалы  болуы,  оны  жігіт  –  желдің  ала  қашуы  адам  өміріне  ұқсата 
суреттегендіктен оқырман көңілінен шығарлық. 
М. Мақатаев  өлеңдерінде  тау  бейнесі  ерекше  көңіл  аударарлық.  Ол 
бірде адам, бірде адам өмірінде қолданылатын нәрсе т.б. болып танылады:  
Жыртылып жатыр күрең жер, 
Күрең жер – тозған кілемдер  
Күрең тау, анау күрең бел, 

 
122 
Күрең бел – жиған кілемдер [98, 24]. 
Тау бір аңыз 
Тау  –  дастан. 
Таусылмайтын әу бастан. 
Ана – жердің төсіне 
Алып сәби жармасқан [98, 135]. 
Ақын  жерді  «Жыртылып  жатыр»  деп  суреттегеннен  кейін,  оны 
«тозған  кілем»  ауыстыруымен  беруі  жарасымды,  өйткені  тозған  кілемнің 
жыртылуы  орынды.  Ал  күрең  белді  «жиған  кілемдер»  қолданысымен 
өрнектеуі  оның  орналасу  қалпын  оқырманға  нақты  елестетеді.  Екінші 
үзіндіде де келісті сурет орын алған. Лирикалық кейіпкер қабылдауына сай 
жерді  «ана»,  ал  тауды  «сәби»  сөздерімен  ауыстырып,  көркем  көрініс 
елестетеді. 
Табиғатты  жырлауда  автор  метафоралық  тіркестер  арқылы  да  түрлі 
әсем  суреттер  жасаған.  Мысалы:  «Қабағы  таудың  қатулы,  //  Қар  жауа  ма 
қайтеді?»  [98,  71]  тармақтары  арқылы  лирикалық  кейіпкердің  айналаны 
қабылдау  ерекшелігін,  сезімге  бөленуін  аңғарамыз.  «Таудың  қабағы»  тір-
кесі  сурет  әсерлілігін  туғызған.  Осы  тәріздес  «Көкжиекте  таулардың  // 
Көтерілсе түндігі, // Баурайында бар маңның // Көрінеді кіндігі» [98, 64]. 
Метафоралық тіркес сурет сұлулығын ғана туғызбайды, оның өрісін 
кеңейтіп,  оқырман  жүрегіне  бірден-бір  жол  да  салады.  Таулардың  «түн-
дігі»  көтерілуінен  «маңның  кіндігі»  көрінуінен  таң  атқандығын,  жарық 
түскендігін  аңғарамыз.  Мұнда  жарық  түсті  деген  сөз  жоқ,  ауыстыруды 
шебер қолдану арқылы сәтті жеткізген. 
Мына тармақтарда да зейнетті сурет бар: «Бұлғаса жаулық тауларың 
// Таранса шашын талдарың» [98, 111] немесе «Ақ бұлттар мамық жау-
лығын,  //  Аспаннан  төмен  лақтырды»  [98,  46].  Екі үзіндіде де сурет орай-
ластығы орын алған. Мұндағы «жаулық» сөзі арқылы бұлт бейнесін келісті 
елестеткен.  Ақын  оны  бірде  тау  жаулығы  десе,  бірде  бұлт  жаулығы  деп 
өрнектейді. Ал тал жапырақтарын «шаштары» ауыстыруы арқылы көңілге 
қонымды суреттейді. 
М. Мақатаевтың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерде  ауыстырулар 
жүйесі  –  табиғаттың  зейнетті,  әсем  көрінісін  лирикалық  кейіпкер  көзімен 
келісті бейнелеуге бағындырылған өлең өрнектері. Әрқайсысы – өзінше бір 
құнды дүниелер, ақын шеберлігінің айнасы. 
М. Мақатаев  шығармаларына,  соның  iшiнде  табиғат  лирикаларына 
да  тән  бiр  қасиет  –  туындылардың  жеңiл  ырғақты,  жұп-жұмыр  ұйқасты 
болуы.  Өлеңдi  бастап  оқыған  адамның  соңына  дейiн  жетпей  тоқтауы 
мүмкiн  емес.  Ақын  өз  туындыларында  табиғатты  тек  суреттеп,  сипаттап, 
оған  сүйсiнiп  қана  қоймайды,  лирикалық  кейіпкер  мiнезiне,  демек  өзiнiң 
суреткерлiк  стилiне  сай  кейде  жаратылыспен  тiлдесiп,  сырласып  отырса, 
кейде оған өтiнiш бiлдiредi, кейде бұйыра да сөйлейдi. 

 
123 
Жапырақ – жүрек, жас қайың! 
Жанымды айырбастайық? 
Адам боп жүрсең қасқайып, 
Қайың боп тұрам қасқайып, 
Тәуекел айырбастайық [96, 246]. 
М. Мақатаевтың  әр  кезде  де  қолданатын,  тұрақты  болып  кеткен 
ауыстыруларының  бiрi  –  «жапырақ  –  жүрек»  өрнегi.  Ол  туралы  З. Серiк-
қалиұлы былай еске алады: «Тау жолы ойға тартып кете барған. Күтпеген 
жерден  үп  еткен  самал  желмен  көбелектей  үйiрiле  ұшып  келiп,  сары 
жапырақ  ақын  аяғының  астына  түскен.  Бойында  жаны  бардай  сiлкiнiп 
қалып, сәл-пәл серпiле шайқақтап жатыр. Бiр сәт жүгiрiп келiп, ентiгiн баса 
алмай кеттi. Мұқағали басып-жаншып кете алмады, кiлт тоқтай қалды: 
 
– Мынау неге ұқсайды? 
– …? 
–  Ей,  мынау  неге  ұқсайды?  –  дейдi  көзiмен  де,  қолымен  де  жайрап 
жатқан жапырақты нұқи көрсетiп. 
– …? 
– Бұл – жүрек! Жүрек!… Жүрек!» [155, 87]. 
Мiне, жапырақ – жүрек жас қайыңмен өтiнiш бiлдiре тiлдескен ақын 
ендi бiрде табиғатқа бұйыра сөйлейдi: 
Төсектен тұр да, Сұлу күн, 
Төгiлген нұрға жуынғын. 
Таң асып, 
далам суындың, 
Жуынғын, сен де жылынғын. 
Сыңғырын естiп суыңның, 
Бұлбұлын сайрат қырыңның. 
Сағынып келген самалым, 
Шашынан сипа ұлыңның [129, 129]. 
М. Мақатаев табиғатты жырлағанда, дүниеге тың тіркестер, өзіне тән 
сөз  қолданыстарын  келтірген.  Бұндай  айшықтар  автордың  өзіндік 
қолтаңбасын,  ешкімге  ұқсамайтын  даралығын  айқындай  түседі.  Ал  мына 
бір:  «Мініп  алып  құр  атқа,  //  Жігіт  –  көктем  шертіп  тұр»  үзіндісіндегі 
«Жігіт  –  көктем»  ауыстыруы  да жиі кездесе бермейді. Әдетте «қыз  – көк-
тем» деп қолданса, «жігіт – көктем» қолданысы М. Мақатаев қаламына тән. 
«Аспан, жердің арасын, // Дәрігер – қыс алуда // Табиғаттың жарасын // Ақ 
дәкемен  таңуда»  [97,  146].  Мұндағы  қысты  дәрігер  ауыстыруымен  беріп 
жандандыра суреттеуі де әсерлі.  
Суреткердің  бейнеленіп  отырған  нәрсені,  затты  жалаң  алмай,  назар 
аудартқалы  отырған  ерекшелігімен,  қасиетімен  тұтас  ауыстырып  қолдану 
С. Мәуленов  қаламына  тән.  Ақын  бір  ғана  «ақ  түн»  тіркесін  бірнеше 

 
124 
ауыстырулармен  пайдаланады:  «Ақ  түн  –  ақ  гүл»  [97,  368],  «Ақ  түн  –  ақ 
жалын» [97, 368], «Ақ түн – рентген айнасы» [97, 368], «Ақ түн – әлемнің 
аппақ  нұры»  [97,  369].  Қай  ауыстыруды  алып  қарасаңыз  да  жарасымды, 
түннің  белгілі  бір  ерекшелігін  ашарлық,  сезімді  дір  еткізерлік  суреттер. 
Табиғат  көріністерін,  құбылыстарын  ақын  адамдарға  ұқсатады.  Мәселен: 
«Құлпырған  бикештері  –  ақ  қайыңдар  //  Жайнаған  жігіттері  –  жас 
қарағай»  [97,  372]  ауыстырулары  ақынның  өзіндік  кестелі,  бейнелі  сөздік 
қолданыстары. 
Бұл  ауыстырулар  ақынның  табиғатты  суреттеулеріндегі  асыл-көр-
кемдерінің  біразын  құрайды.  Ал  бүкіл  поэзиясын  тұтас  алып  қарастыр-
ғанда ауыстырулар өзінше бір дүниені құрайды. 
Ауыстырулар  ақын  К. Салықов  шығармаларында  да  орын  алады. 
Әдетте,  ұқсастығы  жоқ  екі  зат  не  құбылыс  қатар  алынып  салыстырылса, 
көркемдік тәсілдің бұл түрі суреткер қаламына тән. Мысалы: «Тау – кеме // 
Толқын көші қыспайды екен» [140, 40], «Құйғытып өтті  қыз – киік» [140, 
195]. 
Сонымен қатар затты не құбылысты келесі бір затпен ауыстырғанда, 
салыстырып  отырылған  екі  заттың  бірі  (объектісі)  айтылмаса  да  түсінікті 
болып тұрады. 
Жабылса жердің беті түбіт мамық, 
Келеді ағаш беті шыбықтанып [140, 26]. 
Трубалардың бұйра шашын бұлт сүйіп [140, 38]. 
Нар өркештер  
Жоғары өрлеп барады [140, 39]. 
Тау сері сексен көлі етегінде,  
Барады сексен сұлу жетегінде [140, 76]. 
Жер серігі жұлдызбен 
Өтті аспанда ымдасып [140, 19]. 
Бірінші  мысалда  «түбіт  мамық»  қолданысымен  ақын  шөп,  өсімдік 
жұмсақтығын, жайлылығын жайып салса, келесіде «бұйра шаш» өрнегімен 
түтінді, оның трубалардан шығу ерекшелігін суреттейді. Енді бірде сексен 
көлді сексен сұлу ауыстыруымен берсе, айды «жер серігі» деп қолданады. 
Аталған  сөздердің  бәрі  ауыспалы  мағынада  тұрып,  өлең  көркемдігін 
байытуға қызмет етіп тұр. 
Пейзажды  суреттеудегі  лирикалық  кейіпкер  сезінуін  ақын  ауыстыру 
арқылы жеткізеді. Мұнда ауыстырудың бейнесі белгілі боп, нысаны жіктік 
жалғауынан  көрінеді:  «Пендесіндей  үздігіп,  //  Пернесі  болдым  даланың» 
[140, 18]. 
Табиғатты  суреттеулерде  К. Салықов  метафоралық  тіркестерді  мол 
пайдаланады:  «Қоярмысың  қиял  желін  қозғамай»  [140,  79],  «Бұлттарды 
соғып сауырға, // Жіберер едім, // Бірталайын ауылға». 

 
125 
Ақын  Қ. Мырзалиевтің  пейзажды  суреттеулерінде  өзге  көркемдік 
тәсілдер  сияқты  ауыстырудың  да  орны  ерекше.  Әдебиеттану  ғылымына 
ауыстырулардың жасалу жолы жөнінен тосын жаңалық әкелмесе де, сурет 
келістілігі,  әсерлілігі  жөнінен,  лирикалық  кейіпкер  ойының  ұшқырлығы, 
қиял  өрісі  жағынан  өз  ерекшелігімен  танылатыны  дау  туғызбасы  анық. 
Тілімізде  әдетте  екі  сыңары  белгілі  ауыстырулар  жиі  кездессе,  табиғатты 
бейнелеуде Қ. Мырзалиев ауыстырудың бұл түрін кең қолданады: 
Күн нұры – зер шымылдық төгілдірме, 
Тереңмен, сірә, менің тегім бірге [130, 73]. 
Көк мұнар – көк шымылдық төгілдірме, 
Көк мұхит секілденер егін бірде. 
Ақ қайың – ақ дүние, аппақ әлем,  
Айтарға, жазарға сөз таппаған ем [130, 85] 
Дала қандай, шіркін-ай, дала қандай! 
Бала көңіл даланы қалағандай. 
Қарап тұрсаң, 
Ай – сиыр 
Жаңа туған 
Жұлдыздарын болады жалағандай! [130, 113]. 
Ақын  қолданысындағы  ауыстырулар  лирикалық  кейіпкердің  таным 
көкжиегін, сезім айнасын танытқандай. Үзінділердегі автор көзімен сурет-
телген  шындықтың,  яғни  ақ  қайыңның  өзге  адамдарға  аппақ  әлем,  дүние 
болып  немесе  айдың  сиыр  сияқты,  желдің  сүргі,  шағалалардың  жоңқа  тә-
різді көрінбеуі мүмкін. Бір затты не құбылысты екінші затқа балау арқылы 
жасалған ауыстырудың қарапайым түрі пейзажды бейнелеуде оған ерекше 
ажар  беріп,  сурет  келістілігін  тереңдете  түсетіні  белгілі.  Ақын  өзінің  ішкі 
тебіреністері мен толғаныстарын өлеңмен өре білген. 
Табиғаттың  келісті  көрінісін,  көрікті  жерін  сүйсіне  суреттеуде  ақын 
ауыстыруды  сәтті,  шебер  қолданады.  Өлеңмен  ұлттық  нақыш  қана  емес, 
ұлттың  тарихы,  әдебиеті  әрі  лирикалық  кейіпкер  қабылдауы  аңғарылады. 
Мысалы, Көкшетауға арнаған өлеңінен үзінді оқиық: 
Көкшетау – Қыз жібегің болса егер, 
Сексен көл – сексен шолпы шашбаудағы... 
Көкшетау – Баян сұлу болса егер, 
Сексен көл – сексен алқа өңірдегі...  
Көкшетау – Қажымұқан болса егер, 
Сексен көл – сексен медаль жеңіп алған [130, 79]. 
Ауыз  әдебиетінің,  ұлт  тарихының  бай  мұрасына  суарылған  ауысты-
рулар  –  әсерлі  естілумен  қатар  лирикалық  кейіпкер  дүниетанымының 
айнасы.  Көкшетаудың  сексен  көлін  шашбаудың  сексен  шолпысына  бала-
ған  тармақтың  өзінен  ұлттық  бояу,  болмыс  көрінеді.  Бұл  жолдардың  әсе-
рін сезіну үшін қазақ боп туу қажет сияқты. Келесі тармақтарды жете түсі-

 
126 
ну  үшін  де  Қозы  мен  Баян  тарихынан,  Қажымұқанның  жетістіктерінен 
хабардар болуы керек. 
Әдетте  ауыстырудың  екі  сыңары  да  белгілі  түрін  жиі  кездестірсек, 
бір  сыңары  белгілі,  бір  сыңары  белгісіз  ауыстырулар  да  ақын  Қ. Мырза-
лиевтің  табиғатты  бейнелеулерінде  кездеседі.  Мысалы:  «Жиған  жүктің 
астында  жер  құнжиды»  [130,  39]  тармағын  алсақ,  автор  таудың  келісті 
көрінісін,  оның  қалып  пішінін  ауыстырумен  сәтті  елестетеді.  Оқырман 
оның  тау  екенін  бірден  түсінеді.  Осы  тәріздес  суреттеу  «Жасқа  толы  // 
Жаураған  көп  ақ  үйдің  //  Кірпігі  жоқ  //  Төрт  бұрышты  көздері»  [130,  39] 
тармағында да бар. Табиғаттың қолайсыз сәттерін ақын жаураған ақ үйдің 
су-су  терезелері  арқылы  танытады.  Десек  те  өлеңде  терезе,  су  сөздері 
қолданылмайды. Су дегенді жас(көздің жасы) сөзімен, терезені көз сөзімен 
ауыстырады.  Аспанды  суреттегенде  де,  ақын  «Түтіледі  көкте  қою  жаба-
ғы»  [130,  40]  деп  «жабағы»  сөзін  «бұлт»  дегеннің  орнына  ауыстыра 
қолданады.  Келесі  тармақтағы  келісті  көрініс  те  ауыстыру  арқылы 
жасалған: «Алдына алып жарқыраған айнасын // Аққуларың июші еді жай 
басын» [130, 103]. 
Ақын  Қ. Мырзалиевтің  табиғат  тақырыбына  жазған  өлеңдеріндегі 
ауыстырулар  жүйесі  бір  төбе  болса,  автордың  өзіндік  қолтаңбасын  аңғар-
тар  метафоралық  тіркестер  де  назар  аударарлық.  Мысалы:  «Текше-текше 
таудың жүгін кім жиды?» [130, 39], «Ала бұлттың салбырайды бұрымы» 
[130,  40], «Саған жақын көк  аспанның шырағы» [130, 62], «Тұнып тұрған 
сұлулық  тау  балағы»  [130,  66],  «Қып-қызыл  боп  тұрады  піскен  алма  // 
Қызыл  таңның  желінің  қақтап  еміп»  [130,  66],  «Таудың  желі  бұлт  түбі-
тін  түтеді»  [130,  72],  «Басымыздан  сипады  дала  қолы»  [121,  199], 
«Солқылдап сорады күн желінін – // Сүт-сәулеге күн ұзақ талдар қанбай» 
[121, 113], «Шүпілдейді ақ нұрдан қыр табағы» [121, 113] т.б. 
Осы үзінділердегі «таудың жүгін» тіркесінен таудың бір-бірінің үсті-
не  біткен  әсем  қалыбын,  келесі  үзіндідегі  бұлт  бұрымы  тіркесінен  ақын-
ның  тың  сөз  қолданысы,  лирикалық  кейіпкердің  бұлтты  адам  кейпінде 
елестетуін,  «аспан  шырағы»,  «тау  балағы»  қолданыстарынан  табиғатты 
адам өмірімен қоян-қолтық бейнелеуін танытса, келесі үзінділерде де ақын 
белгілі  бір  ұқсастықтарына  қарай  сөздерді  қиыннан  қиыстырып,  тың, 
өзгеше өрнектер жасаған. 
Ауыстырулар  ақын  О. Асқардың  пейзажды  суреттеулерінде  жиі кез-
деседі.  Олар  ақын  өлеңдерінің  көркемдік  дәрежесін  көтеріп,  суреткердің 
сөз  қолдану  шеберлігін  танытады.  Табиғат  көрінісін,  құбылысын  бейне-
леуде ғана емес, Табиғат – Ананың өзін ақын: «Табиғат – алтын күнім, кү-
міс айым, // Шашылған жұлдыз – меруерт түні сайын. // Табиғат – көркем 
жырым, асқақ әнім, // Сен – ана, мен – қашанда жас баламын», «Табиғат – 
көк  күмбезді  кең  сарайым»  [106,  15]  деп  лирикалық  кейіпкер  сезіміне 
бағындырылған суреттер жасаған. Осындай сұлу, сылқым суреттер өзге де 

 
127 
көріністерде  бар:  «Тал  –  шашынан  су  тамған  тау  –  сұлуға  //  Кемпірқосақ 
ұсынды орамалын» [106, 20]. «Алып аққу – ақ кеме жағада тұр» [106, 21], 
«Шөбі – женьшень, ағашы – балқарағай» [106, 22], «Ақ сәуле – асыл жібек 
орамалым» [135, 14], «Бұлт – сәбиі көтерген арқасына, // Қарағайы ұқсаған 
алқасына, // Ақ жаулықты, армысың, ару тауым» [106, 45], «Көк мәуітімен 
тысталған аспан – кітап» [106, 49], «Жұлдыз – жазу от шашып ымдасады, // 
Ай  –  тақырып  көз  тартса  арасында...»  [106,  49],  «Көз  тартады  бір  шумақ 
Үркер  –  өлең»  [106,  43].  Алғашқы  мысалға  үңілсек,  ағаштардан  тауға  су 
тамғаны,  кемпірқосақтың  көрінгені  туралы  айтылады,  бірақ  автор  осы 
көріністі  шебер  кестелеп  әсерлі,  әдемі  суретке  айналдырған,  адамдар  өмі-
рімен  ұқсастыра  бейнелеген.  Келесі  бір  ақ  кемені  «аққу»  ауыстыруымен 
беруінен  оның  рең  әсемдігі,  аппақ  боп  жағада  көзге  бірден  шалынатын-
дығы  байқалады.  Марқакөл  табиғатын  суреттегенде  ондағы  өсімдіктің 
пайдалы,  шипалы,  ерекше  қасиеттерін  таныту  үшін  шөбін  женьшеньге, 
ағашын балқарағайға балайды. Төртінші мысалда да тамаша суреттер орын 
алған.  Таудың  бір  қарағандағы  көрінісін  суреткер  бұлтты  арқасына 
көтерген  сәбимен  ауыстыруынан  таудың  биіктігі,  лирикалық  кейіпкер 
қабылдауы  аңғарылса,  одан  әрі  келісті  суреттер  айқындау,  теңеу  арқылы 
жасалып, зейнеттілікті ашуға бағындырылған. 
Лирикалық «мен» қабылдауын аша түсетін «аспан – кітап», «жұлдыз 
–  жазу»,  «ай  –  тақырып»,  «үркер  –  өлең»  қолданыстары  –  өзінше  әсерлі, 
жылы қабылданатын айшықтар. 
О. Асқар  ауыстыра  тіркескен  түзілімдерді  де  жиі  пайдаланады. 
Мысалы:  «Құс  біткен  құйқылжытып  оркестірін,  //  Сылаңдап  гүл  биледі 
салқын  желге»  [106,  17],  «Жеңіл  бумен  құттықтап  күн  тіл  қатып,  //  Бас 
изеді тау жүзін сүртіп жатып» [106, 20], «Ақ дидары қызарып сәл ұяла, // 
Ене  алмай  тұр  сұлу  күн  әлі  ұяға»  [106,  21],  «Найзағай  бұлт  пердесін  қақ 
бөлгенде, // Толысып көктем тұрар сахнада» [106, 29], «Сәби жапырақ со-
зады саусақтарын, // Талпынғандай алшы деп әркімге өзін» [106, 45] т.б. 
Үзінділердегі  «құс  оркестрі»,  «тау  жүзі»,  «күн  дидары»,  «бұлт  пер-
десі»,  «жапырақ  саусақтары»  тіркестері  өзге  көркемдік  құралдармен 
иықтасып  өлең  көркемдігін  белгілі  бір  дәрежеде  көтеріп  тұр.  Ақынның 
ауыстырулар  жүйесі  арқылы  лирикалық  кейіпкер  сезімін,  табиғатты 
сүйетіндігін, одан тек өмірдің жарқын жақтарын көретіндігін танимыз. 
Т. Айбергенов  өзінің  табиғатты  суреттеген  өлеңдерінде  ауыстыруды 
шебер  қолданады.  Ақын  суреттеген  табиғат  көріністері  жарқын,  көңілді 
болса, ондағы ауыстырулар да сезімге әсер етерлік. Мысалы: 
Күн – бикеш, көкжиектен құлап кеткен, 
Самал жел сыбырлайды құрақты өпкен [148, 12]. 
Көк әуе – көзі қыздың москвалық, 
Бұлт жатыр биік таудан жастық алып [148, 13]. 

 
128 
Суреткер  күнді  «бикеш»  қолданысымен  ауыстырып,  оның  тез  бату 
ерекшелігін елестетеді. «Құлап кеткен» тіркесінде де баяу бату емес, кері-
сінше  жылдамдық  бар.  Екінші  мысалдағы  бұлттың  таудан  жастық  алуы, 
әуені  москвалық  қыздың  көзіне  балауы  –  лирикалық  кейіпкер  қабылдауы 
айнасы. 
Келесі бір сәтті ауыстыру «Ақ қыс» өлеңінде бар: 
Ақ қыс – сұлу ақ өлең 
Табанымның астында 
Таңғажайып ақ әлем. 
Сырласады, сырлассаң, 
Қырға асады, қырға ассаң. 
Аппақ әуен сықырлап 
Жырлағалы тұр бассаң [148, 81]. 
Мұнда лирикалық кейіпкер көңіл-күйі көтеріңкі, қыс қандай ақ бол-
са,  лирикалық  кейіпкер  көңіл-күйі  де  сондай  ақ.  Оған  айнала  ән  салып, 
тіпті сырлас болып тұрғандай көрінеді. 
Пейзажды  бейнелеуде  ақын  ауыса  тіркескен  қолданыстарды  пайда-
ланады. Ондай түзілімдердің дәстүр жалғастығын тапқандары да, ақынның 
өзіндік  сөз  саптаулары  да  бар:  «Мұртына  теректердің  қырау  қатқан,  // 
Айналып қуғыншы-жел жүгіріп жүр» [148, 13], «Қызыға тыңдап көріп тұр-
мын  қырдан,  //  Даланың  тоқсан  бөлім  операсын»  [148,  19],  «Кеудесін 
көтерді  тау  да  асқақ»  [148,  70],  «Ұялшақ  сәби  талдың  жағадағы  //  Етегін 
гулеп  ойнап  жел  түреді»  [148,  19],  «Самалын  шайқап  сапырып,  //  Кереді 
төсін  кең  дала»  [148,  14],  «Дүркірей  қашқан  асау,  үркек  өзен  //  Сарқырап 
көк қымызын сапырады» [148, 13]. 
Мысалдардағы «теректің мұрты» өрнегі арқылы теректің ұсақ бұтақ-
тарын,  ағаштарын  қырау  шалуын  аңдатса,  одан  кейінгі  суреттерде  желдің 
қуғыншы болуы әрі «жүгіруі» белгілі бір жылдамдығын танытады. Екінші 
мысалдағы  «даланың  тоқсан  бөлім  операсы»  табиғат  аясында  түрлі-түрлі 
жағымды  дыбыстардың  шығатынын  лирикалық  кейіпкер  сезінуіне  сай 
байқатады.  Мұны  Т. Айбергеновтың  ақындық  қолтаңбасы  деуге  болады. 
Ал  келесі  үзіндіде тау кеудесінің болуы, оны таудың көтеруі, оның асқақ-
тығын  жайып  салады.  Төртінші  мысалда  да  ауыса  тіркескен  өрнектерді 
қолданып  автор  келісті  суреттер  жасайды.  «Ұялшақ  сәби  тал»  деп  оны 
жандандыра  айқындап,  оның  жас,  ұялшақ  екендігін  байқатса,  әрі  етегі 
болуы, оны желдің түруі – әсерлі, жарасымды көрініс. Тал етегі, дала төсі 
тіркестері  дәстүр  жалғастығын  тапса,  соңғы  үзіндідегі  «көк  қымызы» 
қолданысы ұлттық өрнек айнасы болып табылады. 
М. Айтқожина  –  тылсым  табиғаттан  сыр  түюші  ғана  емес,  сол 
сырлардың  әсеріне  бөленіп  шебер  суреттеуші  де.  Оның  өлеңмен  өрілген 
суреттерінің  бояуы  қанық,  оқырманды  ұйытарлық  көріністер.  Табиғат 
суретін бейнелеуде ақын ауыстыруды сәтті пайдаланған. Мысалы: 

 
129 
Қасиетті туған жер Баянжүрек, 
Сусыған сәуле – шашы, самал – жібек [139, 192]. 
Жалбырай қалып жапырақ – шашы  
ару қайыңның 
Су кешті аппақ балтырлары [139, 194]. 
Құлардай боп майысады, қайран шынар қайсар-ақ, 
Қара шашын тарайтұғын аспандағы ай – тарақ [139, 172]. 
Үзінділердегі  алғашқы  мысалда  лирикалық  кейіпкер  көзімен  белгі-
ленген сурет зейнеттілігіне тап боламыз. Сәулені «шаш», самалды «жібек» 
ауыстыруымен  сәтті  өрнектейді.  Осы  көріністің  лирикалық  кейіпкер  көңі-
лінен шыққаны, сезімге бөлегені танылады. Келесі мысалда ақын қайыңды 
адам  кейпінде  суреттейді.  Ару  қыз  бейнесінде  елестеткен  ақын  оның  жа-
пырақтарын  жалбыраған  «шаш»  ауыстыруымен,  ал  қайың  дінін  «балтыр-
лары»  тіркесімен  ауыстырса,  оның  рең  әдемілігін  «аппақ»  сөзімен  дамыта 
түседі.  Үшінші  мысалда  шынардың  ерекше  сипатын  ақын  адам  кейпінде 
«шаш» ауыстырумен, айды «тарақ» ауыстыруымен өрнектейді. 
Ауыстырулардың  жіктік  жалғауы  арқылы  жасалған  үлгісі  де  ақын 
өлеңдерінде мол: 
 
О, менің торғын көрпе, жасыл далам, 
Күнің бар ма құшағың ашылмаған. 
Мен сені кезіп жүрген самалыңмын 
Дауыл жаны бұрқырап басылмаған [139, 134]. 
О, табиғат, бар ма саған таласым, 
Кейде мүлгіп ұзақойға қаласың. 
Кейде сен бір ғажап жыршы анасың 
Әнмен тербеп әлдилеген баласын [139, 128]. 
Мен едім жүрген адасып, 
Жартасыңдағы сұр киік [139, 144]. 
Лирикалық  кейіпкер  туған  жерге  сүйсіне  отырып,  оның  табиғат  кө-
рінісін  көз  алдына  елестетеді.  «Торғын  көрпе»  тіркесінен  шөптерінің 
қалыңдығы  мен  жұмсақтығы,  «жасыл»  қолданысынан  өсімдіктердің  мол-
дығын,  сонымен  қатар  «күнің  бар  ма  құшағың  ашылмаған»  деуінен  және 
өзін «самалыңмын» деп ауыстыруынан лирикалық кейіпкер сезімі, ішкі жан 
толғанысы аңғарылады. Екінші мысалда да лирикалық кейіпкер қабылдауы 
келісті бейнеленген. Оны жанды адам кейпінде ойға батырса, бірде әнмен 
тербеп  баласын  әлдилеген  жыршы  ана  қолданысымен  ауыстырып,  өлеңге 
ұлттық сипат береді. Ақын өлеңдерінде лирикалық кейіпкер бірде өзін дала 
кезген самалға баласа, енді бірде жартастағы сұр киікке ұқсатады. 
М. Айтқожина  өмірде  кездеспейтін,  болмайтын  нәрселерді,  құбы-
лыстарды  шартты  түрде  ауыстыра  тіркестіріп  көркем  суреттер  жасаған. 
Мәселен:  «Жағалауда»  өлеңін  оқығанда  «Сытырлап  мұз  құрсауы»  жыр-

 
130 
тылады,  //  Жалаңаш  кеудеден  бу  бұрқырады»  тармақтарында  лирикалық 
кейіпкер қабылдауына сай «мұз құрсауы» тіркесі өмірде кездеспесе де, өлең 
әсерлілігін  туғызуда  өз  салмағы  бар.  Енді  бір  үзіндіде  «күн  мінезі  – 
құбылмалы,  //  әр  қилы»,  –  деп  келеді.  Мұндағы  «күн  мінезі»  тіркесі  де 
ауыстыра  қолдану  негізінде  жасалған.  Ақынның  табиғат  тақырыбындағы 
өлеңдерінде  осы  тәріздес  қолданымдарды  көптеп  кездестіреміз:  «Жарқы-
райды қою түннің // Төрінде. // Неткен жұлдыз // Сол бір таныс жанардай» 
[139,  50],  «Теңіз ерте ұйқысынан оянды, // Толқын жүзі таң нұрына боял-
ды» [139, 50], «Теңіз күйін тыңдауменен // Тебіреніп, // Ризамын, өткеруге 
әр  түнді»  [139,  51],  «Қалса  ашып  омырауын  көне  шыңдар  //  Құйылады 
етекке  //  Қайрақ  тастар»  [139,  87],  «Тұяқтар  дүбірлетті  мың  жылқыны,  // 
Айқаспай өтті сол кеш түн кірпігі» [139, 91], «Жатыр екен бұратылып сан 
құбылып ойнақшып, // Сәуле құшқан толқын ерні дір-дір етіп қаймақшып. 
// Мін бар ма табиғаттың жұмысына, // Күн кірпігін садақ қып тұр ұсына // 
Шыңдардың балақтары тілкім-тілкім, // Батырдың туратылған қылышын-
дай»  [139,  243],  «Толқынның  төзіп  қанша  тепкісіне  //  Жатыр  ол  сенім 
артып тек күшіне» [139, 67]. Алғашқы үзіндіде «түн төрі» ауыстыруы сәтті 
алынса, оның өзі «қою» көріктеуішімен айшықталып келісті суретті дамы-
та  түседі.  Екінші  мысалда  теңіз  жандандырылып,  ұйқысынан  ерте  оянса, 
әрі  қарай  толқынның  жүзі  болуы,  оның  таң  нұрына  боялуы  сурет  бояуын 
қоюлатып,  әсерлендіре  түседі.  Келесі  мысалда  лирикалық  кейіпкер  көңіл-
күйі,  теңіз  дауысын  ұнататындығы  аңғарылса,  «теңіз  күйі»  қолданысынан 
теңізден  шыққан  дыбыстың  лирикалық  кейіпкер  үшін  жағымды,  әсерлі 
екендігі  байқалады.  Төртінші  мысалда  да  М. Айтқожина  шыңдарды  адам 
бейнесінде  елестетеді.  Осындағы  «омырауын»  ауыстыруы  өлеңге  түр  біті-
ріп, сезімді дір еткізерлік қолданысқа айналған. Бұдан кейінгі мысалдарда 
да  түн  кірпігі  айқаспауы,  толқын  ерні  дір-дір  етуі,  күн  кірпігін  ұсынуы, 
шың  балақтарының  және  толқын  тепкісінің  болуы  ақынның  өмірде 
кездеспейтін  жайттарды  поэзияда  ауыстыра  қолдану  арқылы  жандандыра 
бейнелеуін,  оқырман  сезімін  дір  еткізерлік  суреттер  туғызғандығын 
байқатады. 
М. Айтқожинаның  табиғатты  суреттеулерінде  ауыстырудың  орны 
өзгеше.  Әсіресе  табиғатты  адам  кейпінде  бейнелеуде  өлең  әсерлілігін  ту-
ғызып,  көркемдік  дәрежесін  көтере  түседі.  Ақынның  табиғат  тақырыбын-
дағы  өлеңдерінде  ауыстыру  жиі,  көп  қолданылады  деуден  аулақпыз. 
Ауыстыруды  қолдану  арнайы  мақсат  тұтпайды  да.  Ол  ақын  сезімі  тудыр-
ған өзінше жаратылыс деуге болады. 
Өзге  көркемдегіш  тәсілдер  тәрізді  ауыстырулар  да  ақын  Ф. Оңғар-
сынованың  табиғат  лирикасында  өзіндік  орынға,  қолданысқа  ие.  Табиғат-
тың зейнетті көрінісін елестетуде ақын ауыстырулардың түбір күйінде есім 
сөздерден жасалған түрін пайдаланады: 
Аспан – жасыл жайма. Жұлдыз – ақық

 
131 
Бұлақ-қыз шолпы таққан сылдырлатып. 
Көк – заңғар. Дала – шалқар. Бұл сұлулық 
Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып [131, 112]. 
Бір  шумақ  бойында  бірнеше  ауыстырудың  сәтті  қиюласуы  ақын 
шеберлігін танытумен айрықшаланады. Мұндағы «аспан  – жасыл жайма», 
«жұлдыз  – ақық», «көк – заңғар», «дала – шалқар» түзілімдері табиғат сұ-
лулығы  мен  лирикалық  кейіпкер  сезімін  үндестірген.  Шумақтағы  «бұлақ-
қыз»  өрнегі  әрі  ауыстыру,  әрі  айқындау  қызметіне  ие  болса  да,  мұнда 
айқындаудың  салмағы  басым.  Сондықтан  оны  ауыстыра  айқындау  (мета-
форалық эпитет) деген жөн. 
Табиғатты  суреттеуде  ауыстырудың  нысанасы  тәуелдіктің  ІІІ  жағы, 
ал  бейнесі  атау  тұлғасында  түзілген  ауыстыру  үлгілері  де  ұшырасады: 
Мысалы, «Тауы – заңғар, кеңдігі – жарты ғалам»[131, 125]. 
Ауыстырулардың  нысанасы  айтпаса  да  түсінікті,  тек  бейнесі  келісті 
кестеленген ауыстыру үлгілерін Ф. Оңғарсынованың табиғатты суреттеген 
өлеңдерінен  кездестіреміз:  «Жамылып  ақ  көрпесін  енді  ғана,  //  Маужырап 
байтақ  дала  тыныстаған»  немесе  «Қалыпты  қарауылда  жыңғыл,  құрақ  // 
Іліп  ап  ақ  мамықтан  бір-бір  тымақ»  [131,  6].  Мұндағы  мысалдың  алға-
шында  «көрпе»  өрнегі  арқылы  автор  даладағы  қарды,  оның  бүкіл  жерді 
тұтас  жапқандығын  аңғартса,  екінші  мысалда  аталған  ағаштардың  ақ 
мамықтан тымақ іліп тұруы ағаш бастарындағы қарды нақты елестетеді. 
Ф. Оңғарсынованың табиғат лирикасында метафоралық тіркес түрін-
де келген өрнектер де мол: «Жер-ару серпігенде түн көрпесін, // Маужы-рап 
қарап тұрды күн елжіреп» [131, 21], «Жас қала тұр теңізге тосып кеудесін
//  Төбесін  көктің  көк  күмбезімен  бастырып»  [131,  137],  «Іңір.  Да-ла. 
Жұмылып.  //  Ыстық  күннің  жанары,  //  Көкжиекте  тығылып,  //  Нұр  кір-
пігін қағады» [132, 82], «Келеді көктеп даланың, // Құрсағын жарған тірші-
лік», «Үрпіне жердің сүт толып, // Жүзіне мөлдір шық қонып» [132, 112]. 
Үзінділердегі «түн көрпесі, қала кеудесі, көк төбесі, күн жанары, нұр 
кірпігі,  дала  құрсағы,  жердің  үрпі,  жүзі»  қолданыстары  –  табиғатты 
суреттеуде  келісті  сурет  жасаудың  сәтті  тәсілі,  сурет  әсерлігін  туғызып, 
оқырман сезімін дір еткізерлік өрнектер. 
Көркем сурет жасауда қажет тәсілдердің бірі – ауыстыру болса, ақын 
Д. Қанатбаев  осы  сәтті  пайдаланған.  Ақын  қаламынан  туған  ауыстырулар 
лирикалық  кейіпкер  қабылдауының айнасы ғана емес, ақын шеберлігін де 
танытады.  Мысалы:  «Кемпірқосақ  //  Түрлі-түсті  алаша!»  [117,  30].  Қос 
тармақтың  бойында  кемпірқосақ  бояуларының  әркелкі  екендігі  ұлттық 
сипатта  елестейді.  Қазақтың  алашасын  білетін  оқырман  кемпірқосақты  да 
нақты  елесететеді.  Мұнадай  ұлттық  сипаттағы,  әрі  өзгеге  ұқсамайтын  сөз 
қолданыстары  мына  тармақтарда  да  бар:  «Мұз  дулыға  –  қасиетті  Ала-
тау».  Автор  тау  ерекшелігін  «мұз  дулыға»  ауыстыруы  арқылы  шебер 

 
132 
танытады.  Біріншіден,  таудың  мұз  екендігі,  екіншіден,  мұздың  тек  тау 
басын алып жатқандығы көрінеді.  
Аспанды  бейнелегенде  де  лирикалық  кейіпкер  қабылдауы  ауыстыру 
арқылы келісті беріледі. Мысалы, бұлт бейнесін суреттеуде:  
Көк жүзімен бұлттар көшіп барады, 
Есіме олар әр нәрсені салады. 
Ана біреу түйе сынды қос өркеш, 
Ана біреу сол түйенің табаны. 
Ана біреу қанатындай қарғаның, 
Ана біреу доңғалағы арбаның [117, 40]. 
Әдетте бұлттарды басқа бір заттарға, жандарға т.б. ұқсату  – аспанға 
қараған  әр  адамның  басында  болған  сәт.  Сол  таныс  сезімді  суреткер  бей-
нелі кестелеп, көркем сурет жасаған. Теңеу мен ауыстыру жасалу жағынан 
ұқсас  болып  келгендіктен,  ақын  оларды  өлеңде  кезектестіре,  жарыстыра 
пайдаланады.  Сол  арқылы  оқырманды  сезімге  бөлейтін  түрлі-түрлі  сурет-
тер  елестетеді.  Ақын  аспандағы  бұлттарды  ғана  емес,  жұлдыздарды  да 
жырға қосып, ауыстыру арқылы келісті елестетеді: 
Әрбір жұлдыз – әр елдің астанасы... 
Екеуіндей қиялшыл болса-шы жан?! 
Анау жұлдыз – қазақтың Алматысы 
Оның бізге тікелей бар қатысы. 
Адастырмай арманға жеткізетін, 
Москва әне, Москва – Темірқазық! [117, 5]. 
Байқасақ,  үзіндідегі  лирикалық  кейіпкер  –  қиялшыл,  сезімтал  жан. 
Ол  әр жұлдыздан сыр аулайды. Сол сырды автор ауыстыру негізінде өзге 
де көркемдік тәсілдермен қиюластыра, иықтастыра қолданады. 
Ақынның  өзіндік  қолтаңбасын  танытар  ауыстырулардан  болған 
қолтаңбалар да бар. Мысалы:  
Алатау асқақтаған – арманы мол 
Жүректердің кардиограммасы [117, 56]. 
Құйындар, биік құйындар  –  
Тырмысқан көкке шырмауық [117, 25]. 
Бұйрат құмдар – бұйра-бұйра толқындар, 
Бұйра-бұйра толқындарды кешемін [117, 47]. 
Үзіндідегі ауыстыруларға үңілсек, әрқайсысы – өзінше түзілген, бір-
бірін  қайталамайтын,  ұқсамайтын  өрнектер.  Алғашқыда  кезең  айнасын 
танытарлық  ауыстыру  болса,  одан  кейінгі  қолданыстар  лирикалық  кейіп-
кер сезімін танытады. 
Д. Қанатбаевтың  пейзаждық  лирикасында  ауыса  тіркескен  түзілім-
дер  негізінен  дәстүрлі  болып  келеді.  Сол  дәстүрлі  тіркесті  ақын  келісті 
дамытып, бейнелі сурет жасайды. 
Қабақ шытып бір-ақ күн, 

 
133 
Қақ айрылды көк төсі. 
Тұмауратқан бұлақтың, 
Көтерілді өкшесі. 
Найзағайдың қамшысы, 
Осып-осып өтеді [117, 26]. 
Мысалдардағы  «көк  төсі»,  «бұлақ  өкшесі»,  «найзағай  қамшысы» 
қолданыстарын  ақындар  шығармаларында  кездестіріп  жатамыз.  Сол  қол-
даныстардың  басын  біріктіріп,  сұлу  сурет  жасауда  автор  шеберлік  таны-
тады. Оны жандандырып, адамзатқа тән қимыл-әрекет дарытады. 
Д. Қанатбаевтың  пейзажды  бейнелеуінде  ауыстырулар  мол,  олар    – 
лирикалық  кейіпкер  сезімінің  сәулесі.  Ауыстырулар  бойынан  дәстүр  жал-
ғастығы,  заман  келбеті,  ұлттық  сипат,  өрнек,  ақындық  қолтаңба  жеңіл 
танылады.  
Ақын  И. Сапарбай  өлеңдерінде  ауыстыру  жиі  кездессе,  табиғат 
лирикасында да олар шеберлікпен қолданылады. Мысалы:  
Ақ жұмыртқа – қар қабығын түрткілеп, 
Сар балапан – бәйшешектер күні ертең, 
Қар астынан шыға келер күрт түлеп! [118, 60]. 
Жазғытұрымдағы  тамаша  өзгерістер  И. Сапарбай  өлеңінде  өзгеше 
өрнек тапқан. Лирикалық кейіпкер айналадан сыр түю ерекшелігіне қарай 
қар қабығы «ақ жұмыртқа», ал бәйшешектер «сар балапан» ауыстыруымен 
беріледі. Қар астынан бәйешешектер шықты деп жалаң баяндағаннан гөрі 
суреттегідей бейнелі елестету ақын шеберлігін қажет етеді. Осындай сырлы 
сурет мына тармақтарда бар: «Шыны – аспанды мақта – бұлт сүртіп беріп». 
Ақын  аспанды  «шыны»  сөзімен  ауыстыруынан  оның  тазалығын, 
ашықтығын  аңдасақ,  бұлтты  «мақта»  деуінен  оның  рең  әсемдігін,  пішінін 
көз алдымызға елестете аламыз.  
Ақын  өлеңдерінде  түн  бейнесі  де  лирикалық  кейіпкердің  қабыл-
дауына  сай  негізінен  қорқынышты,  үрейлі  болып  көрінеді.  Түнді  таныта-
тын  суреттерде  ауыстыру  соған  сәйкес  қолданылады.  Мысалы:  «Ұйқы  – 
өлімнің өкілі, түн   – қонағы» [118, 66] немесе «Түн дегенін тұңғиық теңіз 
екен»  [118,  64],  «Қабағы  түннің  түнеріп  алды»  [118,  75].  Байқасақ,  түн 
бірде  өлімнің  қонағы,  бірде  тұңғиық  теңіз  енді  бірде  түн  қабағы  қатулы 
болып көрінеді. Лирикалық кейіпкер тарапынан түнге, қараңғылықа деген 
ішкі бір қарсылықты аңдауға болады. 
И. Сапарбайдың  табиғатты  бейнелеулерінде  ауыстырудың  нысаны 
мен бейнесі белгілі, дәстүрлі түріне қарағанда метафоралық тіркеспен кел-
ген түрін жиі кездестіреміз: 
Өзгеріп қас қағымда бұлт реңі, 
Көк жүзі көмейлете күркіреді. 
Жете алмай көптен бергі тілегіне, 
Көңілі көкжиектің жыртық еді [117, 15]. 

 
134 
Жазық белдің жазылып кірбең өңі, 
Тау етегін бауменен бүрмеледі [118, 56]. 
Жанары күннің лаулады көктен, 
Жарықтық жаңбыр жаумады көктен. 
Үзіндідегі «бұлт реңі», «көк жүзі», «көкжиектің көңілі», «белдің өңі», 
«тау  етегі»,  «күннің  жанары»  тіркестері  өлеңге  сән  бітіріп,  көркіне  көрік 
қосып  тұр.  Мұндағы  табиғат  бейнесінің  жүзі,  реңі,  көңілі,  өңі,  етегі  т.б. 
болмаса  да,  лирикалық кейіпкер қиялына сай жандандырып, ойды көркем 
жеткізу құралына айналған.  
И. Сапарбай табиғат лирикасында ауыстырулар жүйесі өзіндік орын-
ға  ие.  Табиғаттың  әсем  көрінісін  бейнелеуде  лирикалық  кейіпкер  қабыл-
дауына  сай  шебер  қолданып,  оқырман  сезімін  дір  еткізерлік  суреттер  жа-
сауда пайдаланады. 
Ауыстырудың  сәтті  үлгілері  ақын  К. Ахметованың  табиғат  лирика-
сында да кездеседі. Әдетте жиі кездесетін екі сыңары да белгілі ауыстыру-
ларды автор пейзажды суреттегенде қолданған: 
Мезгіл – өзен, 
Жұлқиды батыл ағын [134, 55]. 
Күн шыққанда тұрсыңдар жасыра алмай, 
Шуақ кескен көк бүршік – кіндіктеріңді [134, 52]. 
Азабыңды түсіндім мен басыңдағы, 
Дөңбекшиді қою бұлт – қорғасын дағы [134, 52]. 
Суы – сылқым даланың, бұлты – сылаң
Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән! [134, 11]. 
Лирикалық кейіпкер көзімен берілген «мезгіл – өзен», «көк бүршік – 
кіндіктер», «қою бұлт – қорғасын», «су – сылқым», «бұлт – сылаң» өрнек-
тері    –  ақынның  өзіндік  қолтаңбалары.  Бұлардың  екі  сыңары  да  тек  атау 
тұлғалы сөз болып келсе, енді бірде атау тұлғалы сөздердің арасына «бір» 
сөзін салу арқылы да табиғаттың келісті көрінісін суреттеу бар: 
Қырдағыдай нұр төкпейді ай да көп, 
Түн бір теңіз әлдеқайдан шоршиды үн [134, 62]. 
Автор түн көрінісін қараңғы, қорқынышты қылып елестетеді. Айдың 
«нұр  төкпеуі»  түн  қараңғылығын  жайып  салса,  үннің  әлдеқайдан  «шор-
шып»  естілуі  жағымсыз  дыбыстың  оқыс  естілуін  аңғартады.  Сондай-ақ 
автор екі сыңары да белгілі ауыстыруға  екен көмекші етістігін қосу арқы-
лы  жасалған  табиғатты  суреттеуден  лирикалық  кейіпкердің  қабылдау 
ерекшелігін байқатады: 
Қарадым да, бір жаңалық тағы аштым, 
Жапырақтар қанаты екен ағаштың [134, 141]. 
Ақынның  табиғатты  суреттеулерінде  ауыстырудың  тәуелдік  жал-
ғауымен келген түрі де кездеседі: 
Сарыарқа! 
Басқа алтынға қызықпаймын, 

 
135 
Сен менің шексіз алтын байтағымсың [134, 135]. 
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым, 
Шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым [134, 180]. 
Ақын табиғатты суреттейтін өлеңдерінде ауыстыру жиі кездеседі. Әр 
ақынның  өзінше  жырлайтындығын  ескерсек,  ал  Ұ. Есдәулет  те  ауысты-
руды шебер қолданады. Мысалы: 
Ақырып келді, ақырып, 
Бақсыдай жынын шақырып. 
Жапырақ –  тілін
Ағаштың 
Ұшырды көкке сапырып [124, 6]. 
Шумақтағы  «жапырақ  –  тіл»  ауыстыруы  –  лирикалық  кейіпкер  қа-
былдауы  айнасы.  Әдетте,  ақындар  жапырақты  «жүрек»,  «сырға»  сөздері-
мен ауыстырса, ақын Ұ. Есдәулет «тіл» өрнегімен бейнелеген. Табиғаттың 
осындай  қолайсыз  сәтін  автор  құстарды  ауыстыра  суреттеу  арқылы  да 
танытады:  «Алты  күн  көлік  –  құстар,  //  Қанатын  қақпағалы»  [123,  52]. 
Құстарды  «көлік»  сөзімен  ауыстыруда  ақын  олардың  ерсілі-қарсылы 
ұшатын ерекшелігінен бір ұқсастық тапқандай. 
Суреткер  табиғаттың  көрікті  зейнетті  көріністерін  бейнелеуде 
ауыстыра  тіркестіруді  де  жиі  пайдаланады  және  ол  қолданыстары  өзге 
ақындарға  ұқсамауымен  ерекшеленеді.  Мысалы:  «Табиғаттың  жейдесі 
тозып қапты, // Ауыстыра аларсың енді немен?» [141, 16], «Бесігіне түскен 
соң топырақтың, // Жаңа өмірі басталар топырақтың» [141, 16], «Қайың-
ның аппақ тәніне, // Қалпыған қанжар кірш етті» [141, 35], «Бұлтты серпіп 
Ай  да  тыңдар  бұл  әнді, // Құзар шыңға сүйеп қойып  қылышын» [123, 70], 
«Әр  қарағай  балағына,  //  Бір  көлеңке  жармасып»  [123,  72].  Мұндағы 
«табиғаттың  жейдесінің»  болуы,  оның  тозып  қалуын  бейнелеу  арқылы 
ақын  күз  мезгілін  әсерлі  суреттейді,  келесі  мысалдағы  «топырақ  бесігі» 
түзілімі  –  ерекше  болуымен  бірге  ұлттық  сипаттағы  қолданыс.  Үшінші 
үзіндіде  «қайың  тәні»  тіркесі  де  лирикалық  кейіпкер  қабылдауын  байқа-
тады.  Оны  жандандыра  бейнелеуі  әрі  сол  тәннің  «аппақ»  болуы,  оған 
лирикалық  кейіпкер  қабылдауына  сай  қанжарды  «кірш»  еткізу оқырманда 
қимастық  сезімін  туғызары  анық.  Келесі  мысалда  ай  жандандырылып, 
келісті бейнеленеді. Оның бұлтты «серпуі», «қылышын сүйеп қоюы» айдын 
ғана  емес,  лирикалық  кейіпкердің  сергектігін  байқатады.  Мұндағы  «ай 
қылышы»  ауыса  тіркесуі  қандай  әсерлі  болса,  келесі  үзіндідегі  «қара-ғай 
балағы»  тіркесі  де  –  зейнетті  сурет.  Лирикалық  кейіпкердің  айналаны 
қабылдауы  соңғы  мысалда  да  көрінеді.  Ұ. Есдәулет  ауыстыруларды  таби-
ғатты бейнелеуде шебер қолданып, келісті, әсерлі суреттер жасай алған. 
С. Мәуленовтің  ауыстыруларында  суреттелініп отырған заттың өзін-
дік  ерекшелігі  ғана  аңғарылмай,  ақынның  бейнелі,  заман  айнасын  таны-
тарлық  сөздік  қолданыстары  көрінеді.  Табиғатты  суреттеуде  ақын  Мұқа-
ғали  Мақатаев  ауыстыруларды  орынды  қолданып,  сезімге  әсер  етерлік 

 
136 
өлеңдер  тудырған  М. Мақатаевтың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде 
ауыстырулар  жүйесі  –  табиғаттың  зейнетті,  әсем  көрінісін  лирикалық 
кейіпкер  көзімен  келісті  бейнелеуге  бағындырылған  өлең  өрнектері. 
Әрқайсысы – өзінше бір құнды дүниелер, ақын шеберлігінің айнасы. Ақын 
К. Салықов  пейзажды  суреттеудегі  лирикалық  кейіпкер  сезінуін  де 
ауыстыру  арқылы  жеткізеді.  Мұнда  ауыстырудың  бейнесі  белгілі  боп, 
нысаны  жіктік  жалғауынан  көрінеді.  Табиғатты  суреттеулерде  ақын  мета-
форалық  тіркестерді  де  мол  пайдаланады. Ақын Қ. Мырзалиевтің пейзаж-
ды суреттеулерінде өзге көркемдік тәсілдер сияқты ауыстырудың да орны 
ерекше.  Әдебиеттану  ғылымына  ауыстырулардың  жасалу  жолы  жөнінен 
тосын  жаңалық  әкелмесе  де,  сурет  келістілігі,  әсерлілігі  жөнінен,  лирика-
лық  кейіпкер  ойының  ұшқырлығы,  қиял  өрісі  жағынан  өз  ерекшелігімен 
танылатыны дау туғызбасы анық.  
Табиғаттың  келісті  көрінісін,  көркем  жерін  сүйсіне  суреттеуде  ақын 
ауыстыруды  сәтті,  шебер  қолданады.  Өлеңмен  ұлттық  нақыш  қана  емес, 
ұлттың тарихы, әдебиеті әрі лирикалық кейіпкер қабылдауы аңғарылады. 
Ауыстырулар  ақын  О. Асқардың  пейзажды  суреттеулерінде  жиі кез-
деседі.  Олар  ақын  өлеңдерінің  көркемдік  дәрежесін  көтеріп,  суреткердің 
сөз  қолдану  шеберлігін  танытады.  М. Айтқожинаның  табиғатты  суреттеу-
лерінде  ауыстырудың  орны  өзгеше.  Әсіресе  табиғатты  адам  кейпінде 
бейнелеуде  өлең  әсерлілігін  туғызып,  көркемдік  дәрежесін  көтере  түседі. 
Д. Қанатбаевтың  пейзажды  бейнелеуінде  ауыстырулар  мол,  олар  – 
лирикалық  кейіпкер  сезімінің  сәулесі.  Ауыстырулар  бойынан  дәстүр 
жалғастығы, заман келбеті, ұлттық сипат, өрнек, ақындық қолтаңба жеңіл 
танылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет