Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


бұлттың емшегiне» [117, 33], «Қалқиды Қазығұртта  қазбауыр бұлт



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#4508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

бұлттың емшегiне» [117, 33], «Қалқиды Қазығұртта  қазбауыр бұлт // Үр 
қыздың үкiсiндей үлпiл қағып» [117, 36], «Жазғандардың жай күйiн ойлай 
ма  әлде,  //  Жанарынан  бұлттың  жас  тамады»  [117,  38],  «Көкжиек  қана-
тымен  көк  кередi»  [117,  14],  «Жете  алмай  көптен  бергi  тiлегiне  //  Көңiлi 
көкжиектiң жыртық едi» [117, 5]. 
Ақын  өлеңдерiнде  дала,  тау,  су  да  өзiндiк  өрнекпен  берiледi:  «Тау 
жiпсiп,  бау  боянып,  қыр  түледi»  [118,  15],  «Бозамық  тартып  ажары  бел-
дiң, // Басталмай жатыр базары көлдiң» [118, 57], «Қалмады ма екен қапы-
да мұздап, // Таудың да ыстық жүрегi барды» [118, 75], «Есiңдi алған қы-
лығы  ерке  қыздай  //  Сылқ-сылқ  күлiп  шалғынға  бұлақ  ендi»  [118,  13], 
«Жатқандай жағаны жеп көл // Маржандай майда тiстермен» [118, 28]. 
Сонымен  қатар  жыл,  тәулiк  мезгiлдерiне  арнаған  өлеңдерiнде  де 
ақынның  өзiндiк  жазу  мәнерi  сезiлiп  тұрады.  Соның  бiрi  –  түнге  қатысты 
нақыштары: «Күн қайда бұзып шығар түн қамалын? // Қалайша қара түнге 
құл боламын?! // Жердегi жын-шайтанға өрiп жүрген // Қарадай қарап тұ-
рып жынданамын!» [118, 47], «Түн дегенiң – тұңғиық теңiз екен, // Батып-
шығып…бiр кеме жоқ болады» [118, 64], «Ұйқы – өлiмнiң өкiлi. Түн қона-
ғы. // Үйге үйiр ол, жұмылса Күн жанары» [118, 56]. 
Жалпы,  табиғат  жайында  толғанбайтын  адам,  сiрә,  жоқ  шығар.  Ал 
нәзiк  жанды  ақынның  өзiн  қоршаған  табиғатқа  байланысты  толғанбауы 

 
37 
мүмкiн  емес. Ақынның өзiне сөз берсек: «Сұлулықты сақтайтын да, таби-
ғатты  күтiп  баптайтын  да  –  Адам.  Ал сол Адамның кейде арқасына мыл-
тық  асынып,  белiне  оқшантай  байланып,  тыныш  күнде  тiршiлiк  –  ана-
мызға  оқ  атып,  сұлулықты  сұлатып  салып  тұрғанын  көргенде  жаның 
түршiгедi.  Бiздi  қоршаған  күнәсiз  ортада  не  жазық  бар,  мылтық  үнi  шық-
қан сайын бiр күңiренiп, күрсiнедi де қояды. Әттең онда тiл жоқ. Егер тiл 
болса…»  [117,  59].  Табиғат  туралы  толғанған  ақын  оны  қорғау,  экология 
мәселелерiн  де  назардан  тыс  қалдырмайды:  «Аралымды  көрем  деп 
абайсызда // Аршыдым-ау жабулы жара бетiн» [117, 34], «Деушi едiм ата-
баба  Аралы  бұл,  //  Басыңа  туды-ау  бүгiн  қаралы  күн  //  Көшiрсем  көкiре-
гiме  хал-жайыңды  //  Жай  соққан  жолбарыстай  жаралымын»  [117,  35]. 
«Жүргенiм  қандай  жақсы  жер  бетiнде  //  Көзiме  тұзды  Аралдай  шер 
тұнбастан?!» [117, 30]. 
И. Сапарбай  –  Табиғат  –  Анаға  жанашыр,  сүйсiнушi,  ол  –  табиғат 
қуанса,  бірге  қуанып,  қайғырса,  бірге  қайғыратын  ақын.  Оның  өлеңдерiн-
дегi  тұнық  сезiм,  табиғи  ажар,  айшықты  суреттер,  құнарлы  тiл  ақынның 
өзiндiк қолтаңбасын танытып жатады. 
Қазақ  поэзиясындағы  нәзiк  жанды  ақындардың  бiрi  –  Күләш  Ахме-
това. Оның шығармаларынан өзге тақырыптармен бiрге табиғат тақырыбы 
да  елеулi  орын  алады.  Мысалы,  «Башқұртстанға  барғанда»  өлеңiнде  ке-
лiстi көрiнiстер зейiн аудартады: 
Тұрған бiр сурет iлiнiп  
Емес пе дедiм таңды мен. 
Алдымнан сонда жүгiрiп 
Ағедiл шықты алдымен. 
Тұрмады бiрi паңданып, 
К. Ахметова  шығармаларын  оқи  отырып,  оның  өзiн  қоршаған  таби-
ғатты  жан-тәнiмен  түсiнетiндiгiнiң  куәгерi  боламыз.  Мысалы,  «Балкон-
дағы гүл мұңы» шығармасынан гүлдiң өзi сөйлегендей әсер аламыз: 
Қалайша қырда өскен боп түс көрмейiн, 
Қалайша оянғанда тiстенбейiн. 
Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон, 
Күннiң нұры түседi түстен кейiн. 
Далада жайқалуға жаралмаған 
Жаныма таңның нұры таралмаған… 
Тыңайтқышты топырақ мекенiмде 
Билемедi жаңбырдың тамшылары… 
...Ұрығымды жиып ап осы күзде 
Кең далаға шашыңдар, 
Өтiнемiн! [119, 86] 
Нәзiк  гүлдiң  аянышты  мұңы  шынайы  сипатталады.  Оның  қырда 
өскендей түс көруi, оянғанда тiстенуi гүлдiң мұң-қайғысын танытса, келесi 

 
38 
жолдар  сол  мұң-қайғының  себебiн  жан-жақты  аша  түседi.  Батыс  балкон-
ның  нұрға  тапшылығы,  жанына  таң  нұрының  таралмауы,  топырағында 
жаңбыр  тамшыларының  билемеуi,  желмен  әңгiме  айтпауы,  жапырағының 
жерге  жетпеуi,  жалғыздықтан  қалтырап  тербелуi  –  бәрi  гүлдiң  қолайсыз 
өмiр  қалпын  жайып  салады.  Оның  «Ұрығымды  жиып ап осы күзде // Кең 
далаға шашыңдар // Өтiнемiн!» деген сөзiнiң адамдарға арнап айтылуы да 
гүлдiң  өз  ұрықтарының  кеңдiкте,  табиғат  жаратқан  мекенде  өскенiн 
қалайтындығын айғақтайды. 
К. Ахметова тiлсiз табиғатты жанымен ұғынып қана қоймай, онымен 
тiлдеседi де. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн өлеңiнен үзiндi оқиық: 
Самал жел, 
Шашымды тарама. 
Думанды бақтарды арала!… 
Дiр еткен… 
Шық қонған гүл шығар, 
Гүлдердi тербетiп күн шығар. 
Жырласын жаз барда жапырақ, 
Жаз өтер, 
Олар да тыншығар… [119, 61]. 
Лирикалық  кейіпкердің  шашын  жай  жел  емес,  самал  желдiң  бөлімі, 
соған  қарамастан  «Шашымды  тарама  //  Думанды  бақтарды  арала»  деуi 
әсерлi.  Шық  қонған  гүлдiң  дiр  етуi,  күннiң  гүлдердi  тербетуi  табиғаттағы 
нәзiк те келiстi қимыл-қозғалысты лирикалық кейіпкер көзiмен елестетедi. 
Әр  нәрсенің  өз  уақыты  болатындығын,  сол  уақытты  пайдалану  керектігін 
еске салады. 
Поэзия  тарланы  М. Шахановтың  «Түсiнiсу  теоремасында»  [120,  27] 
«Үш  өлшем  бар  // Биiктiк пен тереңдiк, кеңдiк яки жазықтық» деген жол-
дарды кездестiремiз. Бүгiнгi қазақ поэзиясына сол үш өлшеммен қарағанда 
Ұлықбек Есдәулетті ерекше атаймыз. 
«Ұлықбектiң көзi – суретшiнiң көзiндей. Қиядан шалады. Бар бедер-
бояуымен тұтас көредi» [121, 173], – деп Қ. Мырзалиев орынды бағалаған. 
Оны өлеңдерiнен-ақ аңғаруға болады. Сәттi шыққан туындыларының бiрi – 
«Өскемен туралы жыр» [121, 176]. 
Көтерiп туын шығыстан асығып атса күмiс таң, 
От өрiп екпiнiменен төсiнен асқақ жыр ұшқан. 
Сырғасын малып Ертiске бiр ару жатыр жағада 
Тұлғасын соққан мырыштан. 
Таңның  шығыстан  атуы  –  әдеттегi  көрiнiс.  Ал  оның  күмiс  болуы, 
туын көтерiп шығуы және асығып атуы лирикалық кейіпкер көзiмен берiл-
ген. Тұлғасы мырыштан соғылған арудың жағада сырғасын Ертiске малып 
жатуы  әдемi  көрiнiс  болуымен  қатар  ақын  сезiмiнiң,  мақтанышының 
айнасы болуы назар аудартады. Өскеменде мырыш өндiретiнi де назардан 

 
39 
тыс  қалмаған.  Ертiс  жиегiндегi  қаланың  тұлғасын  кiрпiш  не  темiр  демей, 
мырыш деуі де осыны байқатады. 
Соғады самал Алтайдан, бұлттарды нұрға қоса үрлеп. 
Кестелi ақша орамал орайды тұрба басын кеп. 
Күн бойғы қызу жұмыстан бусанып жатқан өлкенiң  
Таңдайы құрғамасын деп. 
Жаңбыр  алдындағы  көрiнiстi  ескерсек,  «үрлеп»  өрнегiнен  бұлттар-
дың жеңiлдiгi, «орайды» бедерiнен бұлт қалыңдығы, яғни көптiгiн, «кесте-
лi  ақша  орамал»  нақышынан  рең  зейнеттiлiгiн танытып, соның бәрi лири-
калық  кейіпкер  қабылдауын  қоса сездiруiмен де әсерлi. Назар аударарлық 
өлеңiнiң бiрi – «Таңғажайып таңғы шық» [121, 178]: 
Кеудеме көктемдi аңсап келгендi мұң, 
Азаннан бозторғайдың тербелдi үнi. 
Көңiлiм әлденеге алабұртып, 
Далаға атып шықтым елден бұрын. 
Өлеңде  лирикалық  кейіпкердің  далаға  атып  шығуынан  оның  бiр 
ерекшелiк  санатын,  шапшаңдығын,  сiлкiнiсiн  байқаймыз.  Ол  өзiмен  бiрге 
оқырман  көңiлiн  де  басқа  ойлардан  сiлкiндiрiп,  өзiне  аударта  түскендей 
әсер  бередi.  Ұлықбектiң  кейіпкері  Қ. Аманжоловтың  «Байкал»  [122,  93] 
өлеңiнiң  «мен»  сезiмiн  еске  түсiредi.  Атап  айтқанда:  «Байкал,  Байкал  де-
генде,  //  Тұрдым  атып  орнымнан»  деген  жолдардағы  Қасым  кейіпкерінің 
орнынан  тұру  ерекшелiгi  мен  кейін  жазылған  Ұлықбек  шығармасындағы 
лирикалық кейіпкердің атып шығуында үндестiк бар. 
Ұлықбекте лирикалық кейіпкер тебiренiсi одан әрi былай өрiстейдi: 
Таңменен жатыр екен бел түрленiп, 
Келедi бұлақтар қыр бетiнде өрiп. 
Күн нұры шертiп жатыр жол шектердi, 
Аспанның саусақтары секiлденiп. 
Па, шiркiн! Кiм септi екен далаға әтiр. 
Төбеме тiгiлгендей жаңа шатыр. 
Мөлдiр таң, 
мөлдiр ауа,  
мөлдiр сурет, 
Менi де мөлдiретiп бара жатыр. 
Самалдың мойнымда жүр от бiлегi, 
Бiлмеймiн қандай ерiн өптi менi. 
Әйтеуiр таза дүние құшағына, 
Ақ пейiл, ақ сезiммен кеттiм енiп. 
Лирикалық кейіпкер – табиғаттың айрықша көрiнiсiнiң куәгерi, соны 
байқаушы,  оған  сүйсiнушi.  Белдiң  таңмен  түрленуi,  бұлақтардың  қыр  бе-
тiнде өруi – келiстi сурет. Автор өлең көркемдiгi мен құндылығын табиғат-
тағы жансыз нәрсені жандандыра суреттеу арқылы да арттыра түскен. Күн 
нұрының  аспан  саусақтары  секiлденуi  әрi  жол  –  шектi  шертуi  де  лири-

 
40 
калық  «мен»  толғанысын  өрбiте  түсуге  жұмылдырылған.  Даладағы  аңқы-
ған өсiмдiк иiсiн де автор жалаң баяндап жатпайды, соған сүйсiнумен жа-
ғымды  бiр  иiстiң  бар  екенiн  сездiредi.  Таңғы  ауа,  т.б.  көрiнiстердiң  «мөл-
дiр»  боп  алынуы  лирикалық  кейіпкер  сезiмiнiң  тазалығына  көмкерiлген. 
Тiптi таңның самал желi де жанға жайлы. Оны бiлегi, ернi бар адам бейне-
сiнде  суреттейдi.  Мiне,  осындай  көрiнiске  тәнтi  болған  лирикалық  кейіп-
кер ғана оқырман сүйсiнуiне бөлене алады. 
Әсерлi  бейнелеу,  тың  тiркестер  мен  әсем  суреттер  жасау  –  Ұлық-
бектiң  басты  ерекшелiгi.  Ол  әр  өлеңiнен  аңғарылады.  «Сауыр  тауға  шық-
қанда» [123, 176] өлеңiнен үзiндi келтiрейiк: 
Көлеңке жұлдызды тығылды ұрлап, 
Шыңырауға ептеп кiрiп. 
Күн шықты шығыстан туын бұлғап, 
Жел-құзды ерттеп мiнiп. 
Жантайған жотаны күн-батырдың 
Семсерi турап, тiлген. 
Бозторғай беткейде жырлап тұрды 
Беттегi сияқты мең. 
Ақын  табиғат  пен  адам  арасындағы  сырт  көзге  онша  байқала  қой-
майтын нәзiк үндестiктердi тауып байланыстырған. Көлеңкенiң баяу түсе-
тiнiн  кестелеп,  әрi  жұлдызды  адам  тәрiздi  ұрлағанын  ескерiп,  оны 
шыңырауға  ептеп  кiргiзу  де  –  суреттеу  шеберлiгi.  Келтiрiлген  үзiндiнiң 
үшiншi  тармағы  мен  «Өскемен  туралы  жыр»  өлеңiнде  сурет  орайластығы 
орын алған. Алғашқысында «Күн шықты шығыстан туын бұлғап…» болса, 
екіншісінде  «Көтерiп  туын  шығыстан,  асығып  атса  күмiс  таң…»  болып 
келеді.  Келесi  тармақтарда  ақын  табиғаттағы  тiршiлiк  салтанатын  «жыр-
лап тұрды», «сұңқылдады» деп нақты көрсетедi. Бозторғайдың әрi кiшкен-
тай құс екендiгiн, әрi көзге бiрден шалынатынын ескерiп, оны беттегi меңге 
теңеу де сәттi шыққан. 
«Кемпiрқосақ»  өлеңiнде  де  ақын  көркемдегiш  құралдарды  кеңiнен 
пайдаланып, әдеттегi көрiнiстi қарапайым адам көзiмен бередi: 
Аспанға iлiне қалған 
Анау кемпiрқосақтың тамашасын-ай! 
Арқанын ашудас нiлiне малған 
Апамның алашасындай. 
Бұлттардың салбырап түскен, 
Аспанның алтыбақанындай. 
Тайбуырылдай арғымақ өскен 
Құртқаның алтын отауындай [123, 102]. 
Автор  көрiнiс  зейнеттiлiгiне  сүйсiнiп,  оны  апасының  алашасына  ба-
лайды.  Алашаның  түрлi-түстi  болатынын  бiлетiн  қазақ  баласы  кемпiр-
қосақты  көзiне  елестетедi.  Ұлттық  өрнекпен  кестеленген  сурет  келесi  шу-
мақта да жалғастық табады. Алтыбақансыз той өтпегенiн ескерсек, кемпiр-

 
41 
қосақтың  алтыбақандай  болып  көрiнуi  табиғаттағы  құбылыс  салтанатын, 
яғни лирикалық кейіпкер қабылдауын танытады. 
Ақынның  жыл  мезгiлi  тақырыбында  жазылған  өлеңдеріне  назар 
аударайық: 
Өзенге өркеш бiткендей бейне, 
Керуен де керуен сең кеткен. 
Ақ түбiт буды түткендей кейде 
...Топтана берер келген құс. 
Көзiлдiрiгi сынған көлдердiң 
Көгiлдiр көзi күлiмдеп, 
Ат басын берi бұрған желдердiң 
Жып-жылы дәмi бiлiнбек [124, 84]. 
Ақын өзендегi мұздардың бұзылу көрiнiсiн «өркеш бiткендей бейне» 
теңеуiмен,  бөлек-бөлек  мұздардың  көптiгiн  «керуен  де  керуен»  қолданы-
сымен бередi. Көктемде жерден шыққан будың жел үрлеуiн суреткер түбiт 
түткен  адамға  ұқсатады.  Осы  балама  күн  көрiсi  малмен,  мал  өнiмдерiн 
пайдаланумен  байланысты  қазақ  ұғымына,  ұлттық  өрнекке  сай  игере  бiл-
генiн  айғақтайды.  Құстардың  көбеюiн  тоқымқағарға  жиналған  адамдар 
әрекетiне теңейдi. Сол сияқты көл бетiндегi мұздардың сынуын көзiлдiрiгi 
сынған адам қалпына, ал желдiң жылы лебiн кiсi демiне балау да – өзiндiк 
өрнек көрiнiсi. 
Ақын келесi бiр өлеңiнде жыл мезгiлiн былай суреттейдi.  
Жапырақтар жамырасып, 
Жас қайыңдар билеп өскен. 
Жер-дүние жадырасып, 
Жейделерiн түймелескен. 
Айна көлге қаз қонысып, 
Шашқан шақта күмiс теңге, 
Бал бұлақтар мәз болысып, 
Қыздар құсап күлiскенде. 
Желмаямен қашқақтайды, 
Көкала бұлт керуендерi. 
Алуан таулар асқақтайды 
Серiлердей серуендегi. 
Аспанасты алып ұшып, 
Төзiмдерiн тауысады. 
Жер менен көк сағынысып 
Қайта-қайта қауышады [124, 85]. 
Көктемнiң  көңiлдi  суретi  ғана  емес,  лирикалық  «меннiң»  көңiл-күйi, 
сезiмi де көрiнедi. Жапырақтардың жамырасуы, жер-дүниенiң жадырасуы, 
жейделерiнің түймелесуi, қаздың қонып, бұлақтың мәз болып ағуы – соның 
айнасы. Жапырақтардың жамырасуынан көптiк ұғымын, бұлақтың қыздар 
құсап  қүлiсуiнен  ағыс  ерекшелiгiн,  «керуендерi»  деуiнен  бұлт  көп-тiгiн, 

 
42 
«асқақтайды»  қолданысынан  тау  биiктiгiн,  «серiлердей»  нақышынан  тау 
тұлғасын аңғарамыз. 
Өлеңнiң  соңғы  екi  тармағы  Абайдың  «Жазғытұры»  өлеңiнiң  «Күн  – 
күйеу,  жер  –  қалыңдық  сағынышты,  //  Құмары  екеуiнiң  сондай  күштi» 
жолдарын еске салады.  
Зерттеушi  Қ. Мәшһүр-Жүсiп:  «Табиғат  көрiнiстерiн  бейнелегенде, 
нақтылық,  дәлдiк  және  оны  жандандыру  табиғи  ұштасқан  кезде  ол сурет-
тер  әрi  табиғат  әдемiлiгiн  ашуға,  әрi  лирикалық  кейіпкер  көңiл-күйiн, 
қуанышын,  тағы  басқаларды  жайып  салуға  қызмет  етедi»  [54,  56],  –  деп 
орынды ескередi. 
Ұлықбек  шығармаларында  аталған  қасиеттер  сабақтастық  тауып, 
оқырмандарынан  өз  бағасын  алуда.  Оның  табиғат  жайлы  өлеңдерi  сурет 
дәлдiгiмен, терең ойлылығымен, тұнық сезiмдiгiмен, нәрлi тiлiмен құнды. 
Табиғат  пен  адам  жаратылысынан  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
болғандықтан, адамдардың өзін, қоршаған ортаны, табиғатты жырға қосуы 
заңды.  Ол  бірден  табиғат  лирикасы  түрінде  көрінбесе  де,  адамзат 
дамуымен,  мәдениеттің  өркендеуімен  бүгінде  «табиғат  лирикасы»  деп 
аталарлық  деңгейге  жетіп  отыр.  Оның  тамырын  тарих  тереңдерінен  ізде-
сек, ауыз әдебиетімен байланысатыны сөзсіз. Сол ауыз әдебиетінен бастау 
алған  табиғатты  суреттеу  дәстүрі  үзілген  емес.  Ол  –  адам  тіршілік  жаса-
ғандағы ажырамайтын мәңгілік тақырып. 
Ауыз әдебиетінен бастау алған табиғатты жырлау алғашында қорша-
ған  ортаның,  жан-жануарлардың  қасиеттерін,  ерекшеліктерін  суреттеу 
түрінде  кездессе,  кейін  табиғат  сұлулығына,  әсемдігіне,  керемет  әдемілі-
гіне  сүйсіну,  соны  паш  ету  түрінде  көрінсе,  бертін  келе  келісті  көріністі 
сүйсіне  жырлаумен  бірге  табиғат  түрлі  ой  айту  құралы  ретінде  де  көрініс 
берді. Табиғаттың (жануар, құс, аң, жәндік, өсімдік, тау, тас, т.б.) ерекше-
лігін,  қасиетін  суреттеу  арқылы  адамдардың  өмірін,  әлеуметтік  ортаны 
таныту,  түрлі  философиялық  ойлар  аңғарту,  эстетикалық  ләззат  алу  да 
орын алды. 
Белгiлi  зерттеушi  Ә. Нарымбетовтың  мына  бiр  пiкiрiнде  әдебиетшi 
қауым  мойындаған  ортақ  шындық  бар:  «Табиғаттың  айтулы  кезеңдерiн 
жырлаудағы  ұлы  Абай  негiзiн  қалаған  дәстүр  қазақ  поэзиясында  үзiлмей, 
осы  күнге  дейiн  жалғасып  келедi.  Жалғасқанда  құр  қайталау  емес,  қайта 
жаңара, құлпыра, байи түсу бағытындағы дәстүр жалғастығы болып отыр» 
[53, 6]. 
Табиғатты  жырлаудың  дәстүрі  Абайға  дейін  де  болды.  Бірақ  оның 
пейзаждық  лирика  деңгейіне  көтеріліп,  реалистік  әдіспен  көркем  бейне-
ленуін  Абай  өлеңдерінен  кездестіреміз.  Осы  көшті  ілгері  жалғастырушы 
ақындар дәстүріне арқа сүйеп әрі оны жаңғырта білген ақындардың бірі – 
С. Мәуленов.  Ол  туған  жер  табиғатының,  өскен  ортасының  сұлулығына 
сүйсініп, дәстүрлі қара өлең үлгісінде өз туындыларын жазды. 

 
43 
Жаратылыс  сұлулығын,  қоршаған  орта  көріністерін,  табиғат  құбы-
лыстарын  әр  қаламгердің  өзінше  жырлайтындығы  белгілі.  Мәселен, 
М. Мақатаевтың  табиғат  лирикасының  тақырып  ауқымы  кең  (дала,  ауыл, 
жыл  мезгілдері,  тәулік  уақыттары, т.б.) болуымен бірге табиғат жалаң су-
реттелмей,  адамдар  өмірімен  тұтастықта  алынады.  Ақын  табиғатты  аса 
шебер  бейнелеп,  аз  сөзбен  көп  ойды  аңғарта  алады.  Өлеңдерінен  ұлттық 
сипат,  қазақы  нақыш  жеңіл  танылады.  Табиғатты  жандандыра  суреттеу 
М. Мақатаевқа  тән.  Ақын  табиғатты  суреттеп  қана  қоймайды,  табиғатпен 
тілдесе, өтініш білдіре, бұйыра да сөйлеседі. Табиғаттың қай мезгілі, қан-
дай  құбылысы  болсын,  оның  ортасында  адам  әрекеті,  тұрмысы  шынайы 
суреттеледі.  Әдетте  көктем  бейнесі  «қыз  –  көктем»  деп  суреттелсе,  ақын 
оны  «жігіт  –  көктем»  деп  те  қолданады.  Табиғат  аясындағы  ауыл  адамы-
ның  тіршілігі  ұлттық  болмысымен  танылады.  М. Мақатаев  өзі  айтқандай 
«күпі  киген  қазақтың  қара  өлеңін,  шекпен жауып өзіне» қайтарады. Таби-
ғат тақырыбындағы жырларын ақын қара өлең үлгісімен қатар сегіз буын-
ды  өлең  үлгісінде  де  жазады.  Ақын  К. Салықов  қазақ  табиғат  лирикасы 
дәстүрін  өз  өлеңдерінің  бойында  жинақтай  отырып,  тың,  жаңа  суреттер 
жасады.  Оның  табиғат  лирикасының  географиясы  кең  (Москва,  Кавказ, 
Түрікмен,  Белорус,  Еділ,  башқұрт-татар  жерлері,  туған  жер  табиғаты). 
Соған байланысты оның пейзаждық лирикасы да түрлі жердің көркемдігін 
суреттеуге арналған. Ақын қай жерді бейнелесе де ұлттық сипатта, қазақы 
көзбен танытады. Қ. Мырзалиев та табиғат лирикасындағы өлеңдерін негі-
зінен он бір, сегіз, жеті буынды үлгіде жазады. Туған жер, өскен орта таби-
ғатының  сұлулығын  ақын  шебер  суреттейді.  Құрылысы,  суреттеу  тәсілі 
жағынан дәстүрден озбаса да, сөздік қолданыстары, бейнелілігі жағынан өз 
ерекшелігімен  танылады.  О. Асқар  табиғат  құбылыстарын,  көріністерін 
бақылай отырып, оны өлеңге түсіруде шеберлік танытады. Белгілі бір нәр-
сені кейіптеу арқылы ақын өз сезімін оқырманына әсерлі жеткізумен қатар 
сол көрініске тәнті етеді. Көп адам тек сұлулығына сүйсінетін, бірақ одан 
сыр  тауып  ұғынбайтын  табиғат  туындыларын  ақын  өз шығармасына тиек 
етеді.  Ақынның  аса  шеберлігімен  бірге  табиғатты  жырлаудағы  терең  бі-
лімділігі, тілінің байлығы, байқағыштығы, замана келбетін танытарлық сөз 
қолданыстары, ұлттық өрнектер көңіл бөлгізеді. М. Айтқожина қаламынан 
туған  табиғат  бірде  сұлу,  сылқым,  бірде  мылқау,  меңіреу,  бірде  ашулы, 
долы.  Осы  көріністерді  елестетуде  ақынның  өзіндік  сөз  қолданыстары  да 
қалыптасқан.  Құс,  жануар,  жәндік,  өсімдік  атаулары  мен  сипаттары  мол. 
Ақын  өлеңдерінің  географиясы  да  кең,  Алатау,  Хантәңірі,  Көкше,  Жеті-
қыз, Ертіс, Құндызды қиясы, Жайық жағалаулары, Болгария табиғатының 
сұлулықтары  көрінеді.  Т. Айбергеновтің  табиғат  лирикасы  да  туған  жер-
дің  көркемдігін,  зейнеттілігін,  табиғат  құбылысын  суреттеуге  арналған. 
Автор өз өлеңдерін он бір, жеті, сегіз буындарға құрып, табиғатты бейне-
леудің дәстүрін өзінше жаңғыртады. Оның көктемі көңілді, қысы қатаңды-
ғына  қарамастан  сүйкімді,  жылы  қабылданады.  Табиғатқа  жан  бітіп,  бар 

 
44 
бітім-болмысымен  танылады.  Орман,  қайың  бейнелері  қыз,  ару  түрінде 
бейнеленеді.  Ф. Оңғарсынованың  табиғат  лирикасы  туған  жер  табиғатын, 
жыл,  тәулік  мезгілін,  теңізі  мен  бұлағын,  жануарлары  мен  жәндіктерін 
тұтастықта  танытады.  Ай,  көл,  жер  бейнелері  ару  бейнесінде  суреттеледі. 
Қала  табиғаты  мен  дала  табиғаты  келісті  кестеленеді.  Ал  ақын  Д. Қанат-
баев табиғатты еркін жырлайды. Өлең ұйқастары шымыр, жеңіл оқылады. 
Табиғатты тұтастықта бейнелеу, сонымен қатар жекелеген құстарды, өсім-
діктерді,  жануарларды  сипаттау  да  орын  алады.  Тау  ерекшелігін  таныта-
тын  «Аспанда  емген  асқар  тау,  //  Көк  төсін  талмай  иіткен»  тармақтары 
І. Жансүгіровтің  «Гималайын»  еске  салады.  К. Ахметова  табиғат  лирика-
сында  туған  жердің  көркем  келбеті  мен  құбылыстарын,  Башқұртстан 
жерін,  жекелеген  табиғат  туындыларын  байқампаздықпен,  сүйсіне,  сыр 
аулай,  шебер  суреттейді.  Өзіндік  қолтаңбасы  қалыптасқан  ақын  қаламы-
нан  соны  тіркестер  де  туды.  Табиғатты  шебер  жырлайтын,  өзіндік 
қолтаңбасы  қалыптасқан  ақын  –  И. Сапарбай.  Айшықты  суреттер,  нәрлі 
тіл,  тұнық  сезім  ақын  өлеңдеріне  тән.  Ақын  өлеңдерінде  дала,  қала 
көріністерінің  сұлулығы,  табиғи  ажар,  айшықты  суреттер,  құнарлы  тілі 
ақынның өзіндік қолтаңбасын танытып жатады. Ұ. Есдәулет табиғат лири-
касы  –  ерекше  сезіммен,  көтеріңкі  көңілмен  оқылатын  жырлар.  Әсерлі 
бейнелеу,  тың  тіркестер  мен  әсем  суреттер  жасау  –  Ұ. Есдәулеттің  басты 
ерекшелігі.  Дәстүрдің  озық  үлгілерін  өлеңдерінің  бойына  жинап,  өзінше 
жаңғыртады. Көктемді суреттегенде «Жер менен көк сағынысып, // Қайта-
қайта қауышады» деп Абай бейнелеген суретті өзінше дамытады. Ақынның 
табиғат тақырыбындағы қай өлеңінде болмасын ұлттық өрнек аңғарылады. 
Алтыбақан,  алаша,  семсер,  Құртқа,  Тайбурыл  бейнелері  арқылы  ұлттық 
болмысты, сипатты аңғартады.  
Қазақ  әдебиетінде  табиғат  лирикасы  1960-1990  жылдары  өз дамуын 
толастатқан  жоқ,  өз  арнасымен  ағып  қалыптасқан  дәстүрді  жалғастыра, 
байыта  берді.  Поэзияға  келген  әр  ақын  өзіне  тән  қырымен,  сырымен, 
ерекшелігімен танылып, поэзия әлемінде өз қолтаңбасын қалдырды. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Қазақ әдебиетіндегі жаңғыру кезеңін сипаттаңыз және өзіндік ерекшеліктерін 
нақты көрсетіңіз.  
2. Ақын  С. Мәуленовтің,  К. Салықовтың  табиғатты  жырлау  ерекшеліктерін 
өлеңдері арқылы талдап көрсетіңіз. 
3. Ақын  О. Асқар  өлеңдеріндегі  табиғатты  суреттеулерді  (тақырып  ерекшелігі, 
тілі, стилі т.б) басқа ұқсас ақындардың өлеңдерімен салыстыра отырып талдаңыз. 
4. Ақындар  М. Айтқожина,  Ф. Оңғарсынова,  К. Ахметовалардың  табиғат  лири-
каларының өзіндік ерекшеліктерін айта отырып, мысалдармен дәлелдеңіз. 
5. Ақын И. Сапарбайдың табиғатты суреттеу шеберлігіне назар аударыңыз. 
6. Ақын  Ұ. Есдәулеттің  табиғат  лирикасындағы  ұлттық  өрнектердің  көрінісі 
туралы сипаттаңыз. 

 
45 
ІІ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР 
 
2.1 Лирикалық кейіпкер және ақын шеберлігі 
Пейзаждық лириканы сөз еткенде оны лирикалық кейіпкерден бөліп 
қарай  алмаймыз.  Сондықтан  пейзажды  суреттеудегі  лирикалық  кейіпкер 
табиғатына  бойлауды  жөн  көрдік.  Жалпы  лирикалық  кейіпкер  ұғымын 
әдебиеттану ғылымына 1940 жылы Ю. Тынянов [125] енгізгені белгілі. Бұл 
мәселеге кейін белгілі әдебиет теоретиктері көңіл бөлді. Лириканы арнайы 
зерттеуші  Л. Гинзбург:  «Лирикалық  қаһарман  (лирический  герой)  термині 
орынсыз  қолданылып  келген.  Авторлық  бейнелеудің  түрлі  әдіс-тәсілдері 
лирикалық  кейіпкер  категориясына  жатқызылды,  сол  арқылы  олардың 
өзіндік  ерекшеліктері,  танымдық  мағыналары  жоғалған»  [5,  155]  –  десе, 
ғалым  М.М. Бахтин  өзінің  автор  мен  кейіпкер  мәселесін  қарастырған 
еңбегінде:  «Лирикалық  кейіпкер  ақынға  толық  тәуелді,  кейіпкер  қау-
қарсыз,  оның  бүкіл  ішкі  дүниесі  авторға  бағынышты»  [126,  155]  –  деген 
тұжырым жасайды. 
Қазақ әдебиеттану ғылымында да лирикалық кейіпкер мәселесі тура-
лы  жазылған  еңбектер  бар.  Ғалым  Б. Кәрібозұлы  грузин  лирикасын  зерт-
теуші А.Я. Беселияның пікірін құптай келіп «...ақындық «меннің» туынды-
ларында автобиографиялық, яки өмірбаяндық сипат басым болатын болса, 
демек лирикалық поэзияның теориядағы ақындық «мен», лирикалық «мен» 
дегендер  бір  ұғымдар  емес.  Лирикалық  «меннің»  туындысында  кө-бінесе 
жалпылық  сипат  басым,  яки  олардағы  автопсихологиялық  сипат-тың, 
көңіл-күйдің қамтыр аясы кең. Ақындық «меннің» туындысында, керісінше 
жалпылық емес, жалқылық сипат басым. ...Ақындық «мендер-дің» тарихы 
тым  ерте  басталған  болса,  лирикалық  «меннің»  өлең  өмірінде  орныққан 
уақыты Абай шығармашылығына дөп келеді» [ 28, 114], – дейді. 
Әдебиет зерттеушісі Т. Әлімқұлов: «Поэзияның өзге жанрлардан бір 
өзгешелігі  –  онда  ақын  өзінің  атынан  сөйлеп  кететін  шағы  жиі  болады. 
Лирикалық поэзияда автор көбінесе өз сезімін береді. Бірақ оның өз көңіл-
күйі жалпы адамға тән жәйтті, жан сырын ашып отырады. Нағыз ақынның 
творчествосынан өзінің өмір тарихы, адамдық табиғаты, халықтық қасиеті 
байқалмай қалмайды» [76, 177], – деп көрсетеді. 
Лирикада сонымен қатар «лирикалық тұлға», «лирикалық кейіпкер», 
«лирикалық  қаһарман»  атаулары  қолданылады.  Осы  тақырыпта  канди-
даттық  диссертация  қорғаған  зерттеуші  ғалым  Т. Шапай:  «Лирикалық 
тұлға – ақынның бүкіл шығармашылығы контексінде айқындалатын бейне 
болса,  лирикалық  кейіпкер  жеке  фрагментаралық  тексте,  кез-келген  жеке 
өлеңде  көрініс  тапқан  авторлық  дербес  сананың  көркемдік  бір  тұрпаты» 
[127,  154]  –  десе,  лирикалық  қаһарман  атауын  орыс  әдебиетінде  қолда-
натын  «лирический  герой»  терминінің  тура  аудармасы  деп  көрсетеді. 

 
46 
Белгілі  әдебиет  теоретигі  З. Қабдолов  лирикалық  қаһарман  туралы  әде-
биеттану ғылымында талас бар дегенді айтады [20, 120]. 
Талантты  да  танымал  ақын  С. Мәуленовтің  табиғат  лирикасында 
лирикалық кейіпкер өз ерекшелігімен танылады.  
Қардан бұлттың, жұлдыздың иісі кеп, 
Көкірегімді кернейді бір күй тіреп. 
Көгілдір тау ақ көбікпен жуынып, 
Аппақ төсін ашып жатыр «сүйем» деп. 
Ақ далада үйге кірмей күнімен, 
Айқай салып, қара тер боп жүгірем. 
Шомылдырып ақ жұлдыздар жаңбыры, 
Тазарғандай бүкіл дүние кірінен [128, 302]. 
Өлеңнен  лирикалық  кейіпкердің  көтеріңкі  көңіл-күйі  келісті  көрі-
ністер  аясында,  яғни  «көкірегімді  кернейді  бір  күй  тіреп»  тармағынан 
аңғарылса,  оның  әсем  көріністерді  сырттан  бақыламай,  табиғат  аясында 
«күнімен үйге кірмей» жүруі оның сол көріністі ұнатып қана қоймай ерек-
ше сезім білдіруінен, яғни «айқай салып қара тер боп» жүгіруінен де лири-
калық  кейіпкер  табиғатына  тән  ерекшелікті  байқаймыз.  Ақынның  «ақ  кө-
бік», «аппақ төс», «ақ дала», «ақ жұлдыздар» деген сөздік қолданыстары да 
рең  әдемілігіне  назар  аудартумен  қатар  белгілі  бір  деңгейде  тазалық 
символы  ретінде  де  қызмет  атқарады.  Бұл  ойды лирикалық кейіпкер көзі-
мен  берілген  «Тазарғандай  бүкіл  дүние  кірінен»  тармағы  да  нақтылай 
түседі. 
С. Мәуленов  келесі  бір  табиғатты  суреттеген  өлеңінде  сұлу  суретті 
қиялға қанат бітіре бейнелейді: 
Жарқылдайды алдымызда: 
Аспан – қала, 
Жұлдыз – шамдар, 
Бұлт ұқсайды қарлы құзға, 
Борандайды күміс шыңдар. 
Қобалжымай ой, өріне, 
Сол бұлттарды баспалдақтап, 
Біз барамыз Ай еліне, 
Алшақ басып аспанды аттап [128, 300]. 
Ақын  үзіндіде  «аспан  –  қала,  //  жұлдыз  –  шамдар»  ауыстыруымен 
қатар  бұлтты  қарлы  құзға  теңеуі  арқылы  белгілі  бір  көріністі  бейнелі, 
нақты,  дәл  елестетеді.  Өлеңдегі  лирикалық  кейіпкердің  қиял  өрісіне 
бағындырылған  келісті  көріністер  оқырманын  белгілі  бір  сезімге,  ерекше 
әсерге бөлейтіні сөзсіз. 
С. Мәуленовтің  пейзажды  суреттеген  туындыларында  лирикалық 
кейіпкердің нәзік сезімталдығы, жіті байқағыштығы, ұшқыр қиялы өзінше 
өрнек тауып, көрініс сұлулығын көз алдыңа келтіреді. 

 
47 
 
 
 
Мысалы: 
Бір күйік қайыққа ұқсап, 
Келеді ай жайып құшақ. 
Айқай-шу, 
Өз әнін 
Айтады су, 
Толқыны 
Төңкеріліп 
Тізбек-тізбек. 
Композитор – Теңіз 
Аласұрған 
Табиғи 
Аккордты іздеп [128, 362]. 
Ақынның  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде  лирикалық  кейіпкер 
тек  байқампаз,  сезімтал  ғана  емес,  ұлттық  сезімі  бар  жан  екендігін 
өлеңдеріндегі  өрнектерінен  анық  байқаймыз.  Мәселен,  көп  жырланатын 
жыл  мезгілдерінің  бірі  көктем  болса,  сол  көктем  суреттері  ұлттық  бедер-
бояуымен тұтас көрінеді: 
Наурызда мұз сөгіліп асқар тауда, 
Баласын бауырына басты арқар да. 
Шөптердің сөлін сорған қымызымен 
Жатады бүкіл дала дастарханда [91, 223]. 
Ақын  тек  бұл  өлеңінде  емес,  өзге  көктемді  суреттеген  шығармала-
рында  да  наурыз  көрінісін  жиі  бейнелейді. Бұнда да өзіндік ұлттық сипат 
бар. Шығыс халықтарында, соның ішінде қазақ халқында жыл басы болып 
саналатын  наурызға  орыс,  украин,  т.б.  әдебиеттерде  пейзажды  суретте-
генде  онша  мән  бермейтіндігі  белгілі.  Мәселен,  орыстарда  көктем  десе 
сәуір, мамыр айлары жиі көрініс табатындығы мәлім. Осы тұрғыдан алған-
да  жоғарыдағы  «наурызда»  дегенде  де  ұлттық  сипат  бар,  қашаннан  аң 
аулаумен, мал кәсібімен шұғылданған қазақ үшін өзге емес арқарды сурет-
теуден  де  ұлттық  болмыс  аңғарылады.  Табиғатынан  шөп,  жеміс,  жидекке 
қарағанда  ет-сүтке  жақын  ұлтымыздың  дастарханында  сол  шөптердің 
сөлін сорған қымыздың жатуы да көп нәрсені аңғартады. Шағын үзіндіден 
көркем  көріністерді  қызықтай  отыра,  лирикалық  кейіпкердің  ұлттық 
таным-табиғатын байқаймыз. 
С. Мәуленов  шығармаларында  лирикалық  «мен»  туған  дала  таби-
ғатына деген сағыныш сезімін жасырып қала алмайды.  
Өткен еркін қойнында бала ғұмыр, 
Сағынамын көрмесем даланы бұл. 

 
48 
Күн батарда қызыл қаз қанатындай 
Қызыл от боп жалындап жанады қыр. 
Лирикалық  кейіпкердің  балалық  шағы  өткен  табиғат  сұлулығын, 
даланы  аңсауы  орынды.  Табиғатты  суреттейтін  мұндай  өлеңдердің  де 
оқырман сезіміне әсер ететіні сөзсіз. 
Ақынның  пейзажды  суреттеулерінде  табиғат  көріністері  лирикалық 
кейіпкер сезімімен, көңіл-күйімен егіз, соған бағындырыла суреттеледі. 
Ақ көбік атып кемерге, 
Толқиды теңіз жарға ұрып. 
Қарайды қара тереңге, 
Жағада жартас жаңғырып. 
Сол кезде мен де тулаймын, 
Қиялға қиял шақырып. 
Кеудем бір бейне шулы айдын, 
Жатады толқын атылып. 
Ақын теңіздің ақ көбіктеніп толқығанын, жарға ұрғанын, жартастар-
дың  жаңғырып,  тереңге  жағадан  қарағандығын  келісті  кестелей  келе,  ли-
рикалық  «меннің»  ішкі  дүниесінде  де  сондай  бір  астан-кестен  күй  болып 
жатқандығын жайып салады. 
Автор  табиғат  көріністері  мен  лирикалық  «меннің»  ішкі  сезімін 
психологиялық егіздеу арқылы шебер көрсетеді: 
Бұлттар бүркеп демінен ызғар ұшқан, 
Көрсетпейді тауларды қызғаныштан. 
Арасынан бұлттардың теңбіл-теңбіл 
Күн сәулесі қарайды бізге алыстан. 
Сен де сондай, ойнатып бір шұғыла, 
Бұлтты жанды бөлейсің күн нұрына. 
Алысқа алып ұшасың тілегіңді, 
Қондыруға қыранның тұғырына [91, 245]. 
Табиғат  суреті  мен  лирикалық  кейіпкер  сезімі  қатар  өрілген.  Бұл 
көріністің  өзгелер  үшін  басқаша  көрінуі  де  мүмкін.  Лирикалық  «мен» 
сезіміне бөленіп, соның көзімен танылған табиғат өзгеше өрнек тапқан. 
С. Мәуленовтің  табиғат  туралы  өлеңдеріндегі  лирикалық  кейіпкер 
жаратылыс  ғажаптарына  сүйсінуші,  қызықтаушы,  бақылаушы  ғана  емес, 
оны  қорғаушы  да.  Оны  «Аспаны  көк  шатырдай,  табиғат  –  бір  жасыл  үй» 
деп бейнелей келе: «Айтар еді арызын, // Әттең ғана тілі жоқ. // Сақтау оны 
парызың, // Онсыз адам күні жоқ» [91, 290]  – деген жанашырлық сезі-мін 
де білдіреді. 
Ақын М. Мақатаевтың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде лирика-
лық  кейіпкер  өз  мінезімен,  бітім-болмысымен,  ерекшеліктерімен  дарала-
нып көрінеді. Ол – табиғатпен тілдесуші, сырласушы. Мысалы: «Қайырлы 
таң, жомарт жерім, ер жерім, // Қайырлы таң, кермиықты кең далам, // Құба 

 
49 
жонды белдерім!» [129, 41] – деп туған жердің өзеніне, көліне жондарына 
тіл  қатса,  енді  бірде  табиғатпен,  жыл  мерзімімен  сырласады.  Лирикалық 
кейіпкер көңіл-күйі мен табиғат егіз, ұқсас суреттеледі: «Қош енді, қош бол 
күрең  күз!  //  Ақ  қысты  тездеп  жібергіз.  //  Ақ  қыстай  аппақ  бір  елміз,  // 
Шымшылап, аяз шытынап,// Ширығып біраз жүрерміз, // Шы-нығып өмір 
сүрерміз.  //  Қош  енді,  қош  бол,  күрең  күз!».  Өлеңде  күздің  «күрең»  деп 
айқындалуы  лирикалық  кейіпкер  көңіл-күйінің  де  «күрең»  екендігін,  ақ 
қысты аңсау арқылы «ақ» көңілді, ширығуды аңсайтындығын аңғарамыз.  
Ақын  М. Мақатаев  туған жерге көп өлеңдерін арнаған. Оларда негі-
зінен туған жердің көркем табиғаты мен лирикалық кейіпкердің сағыныш-
сезімі қоса өріледі. «Қуаныш» өлеңінде: 
Туған жер болар құс төсек, 
Аспанын – көрпе, жамыл да, 
Дамылда, жаным дамылда, 
Бақытты  сол  бір  шағыңда  [129,  111]  –  деп,  лири-
калық  кейіпкер  сезіміне  бөленген  суреттерді  жайып  салады.  «Құс  төсек» 
қолданысынан өсімдігінің, шөптерінің шұрайлы, қалың екендігін, аспанды 
көрпемен  ауыстыруынан  лирикалық  кейіпкердің  қабылдауын,  «бақытты 
сол бір шағында» тармағынан ерекше ыстық сезімге бөленуін байқаймыз. 
М. Мақатаев  табиғат  туралы  жазған  өлеңдеріндегі  лирикалық кейіп-
кер  ерекше  сезім  мен  мінездің  адамы  екендігін  әр  туындысынан  көруге 
болады.  Ол  сезімін  жасырып  қалмайды,  қайта  ашық,  бояусыз,  ұлттық 
болмыс-бітімімен танытады: 
Тау бастарына тамаша бұлттар шөккенде, 
Ұшырып бұлтты ескек жел алып кеткенде, 
Қараймын-дағы мұрты өсіп қалған көктерге, 
Ырза боламын ырыс әкелер көктемге [129, 88]. 
Бір шумақ өлеңнен көп нәрсені аужайлауға болады. Тамаша бұлттар-
дың  «шөгуі»  жандандырыла  суреттеліп,  түйеге тән әрекетті елестетсе, сол 
әрекеттің өзі тау бастарында болуы бұлттың биікте екендігін жайып сала-
ды.  Ескек  желдің  бұлтты  ұшыруынан  оның  жеңілдігін,  ал  «көктерге»  деп 
келісті  алмастыруы,  мұрты  деп  ауыстыра  қолданылуы  ақын  шеберлігін 
танытады.  Соңғы  тармақтағы  лирикалық  кейіпкер  көңілінің  жоғары  бо-
луына көп нәрсенің керегі жоқ екендігін, оның сезімінің баладай, көңілі-нің 
даладай  екендігін  аңғарамыз.  Осындай  сурет  және  сезім  үндестігі  ке-лесі 
бір  «Көктемде»  өлеңінен  де  көрінеді:  «Аспан  асты,  жер  үсті,  //  Ойхой, 
неткен көкпеңбек! // Кеңейтті ғой өрісті, // Көптен күткен көктем кеп» [129, 
123]. Мұнда да лирикалық кейіпкердің табиғат көркемдігіне ерекше көзбен 
қарауын,  сол  сурет  арқылы  өзгеше  күшке,  сезімге,  әсерге  бөле-нетіндігін 
байқаймыз.  
М. Мақатаевтың табиғатты суреттеген өлеңдерінде лирикалық кейіп-
кер  кесек  тұлғалы,  кең  пейілді,  дархан  мінезді,  терең  сезімді  болып 

 
50 
табылады.  Ол  табиғат  көркемдігіне  сүйсінуші,  оны  бақылаушы  ретінде 
көрінеді. 
Аязды  түндi  бейнелеген  «Шыңылтыр  аспан  шытынап»  өлеңiнде 
автордың  көрiнiстi  нақты,  дәл  беретiн  суреткерлiк  шеберлiгi  айқын 
көрiнедi. 
Шыңылтыр аспан шытынап, 
Шытынап, сына жаздайды. 
Жұлдыздар шоғы бытырап, 
Шоқтанып тұрып маздайды. 
Өзеннiң мұзы шатынап, 
Сатырлап сынған суықтан, 
Аязды түнде атырап, 
Тiрлiгiн бiр сәт ұмытқан. 
Аязды түнде ақпанда, 
Ит үрмей, тауық шақырмай, 
Арқасын сүйеп ақ тауға, 
Қымтанып ауыл жатыр жай [129, 34]. 
Өлеңде  лирикалық  кейіпкер  –  ақпандағы  аязды  түннiң  келiстi  көрi-
нiсiн,  өзiндiк  сырларын  бақылаушы,  қызықтаушы,  сыр  ұғушы.  Онсыз  да 
шыңылтыр аспанның шытынап, сына жаздауы әсерлi әрi нақты және «шы-
тынап» сөзiн қайталай қолдану арқылы автор оған оқырман көңiлiн аударта 
түседi.  Жұлдыздар  шоғы  «бытырауынан»  олардың  орналасу  ерек-шелiгi, 
көптiгi  аңғарылса,  «шоқтанып»,  «маздайды»  сөздерiнен  жұлдыз-дардың 
қаншалықты жарық екендiгi байқалады. Лирикалық кейіпкер аспанды ғана 
емес,  өзен  көрiнiсiн  де  тамашалайды.  Өзен  мұзының  «шаты-науы», 
«сатырлап» сынуы ауа райының суықтығына көңiл бөлгiзумен бiр-ге қысқы 
өзен сипатын да жайып салады. Лирикалық кейіпкер назар аударған түннiң 
тағы  бiр  ерекшелiгi  –  тыныштық.  Иттiң  үрмегенiн,  тауық-тың 
шақырмағанын  баяндаумен  шектелмей,  ақын  ауылды  жандандыра 
бейнелейдi.  Ауылдың  арқасы  болуы,  оны  ақ  тауға  сүйеуi  және  «қымта-
нып» жатуы оның тыныш қалпын елестетедi. 
М. Мақатаев  өлеңдерiнде  ұлттық  сипат  болуымен  бiрге  ақын 
шеберлiгiн  ұштай  түсетiн  бейнелеу  тәсiлдерiнiң  бiрi  –  дерексiз  ұғымды 
заттандыру да жиi кездеседi: 
Көңiлден үзiп көрiмдiк, 
Гүлдерге тағып кетем мен. 
Көрiмдiк алам өмiрлiк, 
Аяулы атамекеннен [129, 48]. 
Үзiндiде  дерексiздi  заттандыру  мен  ұлттық  өрнек  сабақтастырыла 
өрiлген. Көрiмдiктiң қазақ салт-дәстүрiне тән жора екендiгiн ескерсек, оны 
көңiлден  үзу  әрi  гүлдерге  тағу  –  лирикалық  кейіпкердің  өзiндiк  сезiм 
айнасы. 

 
51 
Ақын  К. Салықовтың  табиғат  лирикасында  лирикалық  кейіпкер 
өзгеше  қырларымен,  өзіндік  сырларымен  танылады.  Пейзаждың  лирика-
лық кейіпкер сезімімен, сағынышымен астаса суреттелуін көреміз: 
Ауыл жатты 
Ай батты. 
Аспанға көз байлатты. 
Ағып түсті бір жұлдыз, 
Дым сезбестей сай жатты. 
Таңырқатты 
Таңдантты. 
Мың құбылыс аңғартты. 
Өзің келіп қалғандай 
Ақ маңдайлы таң да атты [100, 53]. 
Лирикалық  кейіпкер  түнгі  көріністі,  таңның  атуын,  күннің  шығуын 
өз  көзімен  бағдарлап  отырғандай  әсер  береді.  Әрі  сол  табиғат  аясындағы 
өзінің  ыстық  сағынышына  табиғатты  бағындыра  бейнелейді.  «Өзің  келіп 
қалғандай  //  Ақ  маңдайлы  таң  да  атты»  дегенде  сағыныш  сезімі  және 
келісті табиғат көрінісі астасып жатыр. Осы тәріздес «Күлім қақты // Күн 
шықты//  «Сүйдім»  –  деген  үн  шықты»  дегенде  де  лирикалық  кейіпкер 
қабылдауы  аңғарылады.  Өзге  адамға  күннің  күлмей,  сүйдім  деген  үн 
шығармауы да мүмкін. 
К. Салықов  шығармаларында  көбінесе  әр  өлкенің  өзіндік  ерекше-
ліктері,  әсемдіктері  ғана  жырланатындығын  байқау  қиын  емес.  Мысалы, 
Кавказды  жырлағанда  тауын,  оның  көркемдігін  сөз  етсе,  Москва  маңын 
суреттегенде күміс орманына көңіл бөлгізеді. 
Москва маңы! 
Торғын тоғай сенде екен, 
Көңілім толды, мен де шабыт селдетсем. 
Шыт-шымылдық, 
Шымқай көкшіл үйеңкі, 
Оны орыстар «күміс орман» дейді екен: 
Ағаш басы үкінің ең ағындай, 
Кейде сүмбіл, ақ боз аттың жалындай. 
Бірде лағыл, бірде айқын көгілдір, 
Жыр тебіренткен менің нәзік жанымдай [100, 27]. 
Москва  маңындағы  тоғайдың  «торғын»  болуы  және  оған лирикалық 
кейіпкердің  көңілі  толуы  тоғай  әдемілігін  әрі  лирикалық  кейіпкер  сезімін 
жайып  салады.  Орман  көрінісін  «шымқай  көкшіл  үйеңкі»  қолданыста-
рымен  беру  де  нақты  көріністі,  яғни  судырлаған  жапырақтарын,  ағаш 
түрін,  түсін  өрнектесе,  оның  алдындағы  «шыт-шымылдық»  белгісі  қазақ 
өміріне  тән  ұлттық  өрнек  болуымен  әсерлі.  Сол  арқылы  ақын  «Оны 

 
52 
орыстар  «күміс  орман»  дейді  екен»  тармағынан  көрінетін  орыстар  сөзінің 
негізсіз еместігіне де назар аудартады.  
Келесі  шумақтарда  да  орман  ерекшеліктерін  ашарлық  суреттер  мол. 
Лирикалық  кейіпкер  көзімен  суреттелген  ағаш  басының  түрленіп  тұруы 
орынды  әрі  әсерлі.  Оның  әр  кезде  бір  қалыпта  болмайтындығы  белгілі. 
Желдің  соғу,  тербеу  ерекшеліктеріне  сәйкес  ағаш  бастары  да  түрліше 
қозғалып,  алуан  әсер  қалдыратыны  сөзсіз.  Оны  лирикалық  кейіпкер 
орынды  аңғарған.  Бірде «үкінің ең ағындай», бірде «лағыл», бірде «айқын 
көгілдір»  деп  көрсетсе,  сал,  самырсындарды  дел-сал  сенделген,  иығында 
күйкентесі тербеліп су әкеле жатқан ауыл қыздарына ұқсатады. 
Ыстықкөлді  суреттеген  өлеңінде  де  лирикалық  кейіпкер  жаратылыс 
сұлулығына тамсанудан, таңырқаудан, сүйсінуден жалықпайды: 
Ыстықкөл ғажап, 
Сәулеге сергіп құбылып 
Сыр бермейді ақмаңдай 
Дөңкиген тау 
Кәрі күйеу бұрылып, 
Орман – тоғай 
Алыстан ғана анталап 
Қыз-көлді желден қорғайды [99, 92]. 
Көлі,  тауы,  орманы  бар  табиғатты  ақын  мейлінше  бейнелі,  әсерлі 
сипаттайды.  Дөңкиген  тауды  кәрі  күйеумен  ауыстырып,  теріс  қарап  жат-
қанға  ұқсатуы,  қыз-көлге,  орман-тоғай  анталауы,  оны  желден  қорғауы  әрі 
қиядағы  сұңқардың  екі  көзі  қанталап  қанат  қомдауы  –  бәрі  лирикалық 
кейіпкер  сезіміне  бағындырылған  суреттер  ғана  емес,  ақынның  табиғатты 
бейнелеудегі  шеберлігін,  көркемдегіш  құралдарды  еркін  пайдалануын  да 
байқатады.  Өлеңдегі  жаратылыс  әсемдігіне  адамдар  ғана  емес,  оны 
қоршаған құстар да, тау да, орман да сүйсінетіндей әсер қалдырады. 
К. Салықовтың  лирикалық  кейіпкері  табиғат  қабақ  шытса,  бірге 
тұнжырап, қуанса, баладай мәз болады. Мысалы, «Бұлт» [99, 63] өлеңінде 
лирикалық кейіпкер жаңбыр жаумағанына назаланса, жауған кезде қуаны-
шында  шек  болмайды.  «Не  пайда  қарауытып,  қаулағаны,  //  Күркіреп  құр 
даңғаза  жаумағаны»  деп  наразылығын  білдірсе,  «Исінген  бұлтқа  қарап 
бурыл  егін,  //  Желіде  құлыншақтай  кісінейді»  деп  өсімдіктердің  де  жаң-
бырды  соншалықты  сағынғандығын  желіде  кісінеген  құлыншаққа  теңей 
суреттейді.  Жаңбырдың  осылай  қинап-қинап  жауғандағы  көрінісіне  лири-
калық кейіпкер шексіз қуанады. Ол лирикалық кейіпкердің «Е, бәсе!» деген 
сөзінен  байқалса,  кейін  «Тамаша!  //  Қарай  қалшы!  //  Жаңбырдан  соң  // 
Туған жер күн ойнаған қабағына» тармақтарынан да аңғарылады. 
Бір  сәттегі  көріністен  лирикалық  кейіпкер  көп  нәрсені  түйеді.  Дала 
түнін  күндізге  баласа,  қасқалдақтың  өзенге  қонуын  «Қамысқа  дыбыс 
тигізбей»  тармағымен  ашады.  Әрі  қарай  көрініс  келістілігі  өсе  түседі, 

 
53 
лирикалық  кейіпкердің  өзіндік  қабылдауынан  оның  ұшқыр  қиял  өрісін, 
табиғат  пен  адамдар  өмірінен  үндестік,  ұқсастық  көре  білуін  байқаймыз. 
«Құмғы  тұяқ»  жұлдыздардың  «құйғытуынан»  жылдамдық,  шапшаңдық 
сезінсек,  ай  келіншектің  «сұм  қыздар  құтырды»  деп  жасқануы  лирикалық 
кейіпкердің табиғат көрінісін бейнелі елестетуін жайып салады. 
Лирикалық кейіпкердің табиғаттағы әр нәрседен, құбылыстан, адам-
дар өмірінен үндестік көретіндігі әр өлеңінен аңғарылады. Мәселен, «Теңіз 
ерте  оянды төсегінен» деп басталатын өлеңінде де көркемдегіш құ-ралдар 
табиғатты адамға, оның тұрмысына жақын бейнелеуге жұмылды-рылған. 
«Ақ  күміс  ару  толқынның»  жарқырауын  абысын  өсегінен арылғанға 
ұқсатса,  енді  бірде  жағадағы  бұралаңдаған  толқынды  «еркелеп  бұлқын-
ған»  келіншекке  теңейді.  Осы  тәріздес  баламалар  өзге  өлеңдерінде  де жиі 
ұшырасады. 
К. Салықовтың  пейзажды  суреттеуіндегі  лирикалық  кейіпкері  таби-
ғатқа салмақты, ойлы көзбен қарайды. Көп адам байқай бермейтін сырлар-
ды аңғарып, қиялға қанат бітіреді. 
Пейзажды  жиі  суреттейтін  ақындардың  бірі  –  Қ. Мырзалиев.  Оның 
туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігі, ыстық сезімі талай-талай сәтті 
туындыларды  дүниеге  әкелді.  Алатау,  Көкшетау,  Баянауыл,  Қарқаралы, 
Алтай  табиғаттары  аса  шеберлікпен  келісті  жырланады.  Мәселен,  «Ала-
тау» өлеңінде автор таудың құдіреттілігін ерекше мақтанышпен, махаббат-
пен  бейнелеуін  байқаймыз.  Оны  өзге  таулардан  биік,  еңселі,  сұлу  етіп 
елестеткен ақын оның өзіндік сипаттарын да жан-жақты танытады.  
Өткенмен талай заман шерулі, 
Сүрі қалың білген емес еруді. 
Жолақ-жолақ жоталарың, жондарың 
Жолбарыстың терісіндей керулі . 
Қалғымайды шың-құздарың қырағы, 
Саған жақын көк аспанның шырағы. 
Асып-тасып төбеңдегі көлдерің 
Ақтарылып кете жаздап тұрады... [130, 61]. 
Алатаудың  қанша  заман  өтсе  де,  ерімеген  қалың  сүрінің,  жолақ-
жолақ  жоталарының,  шың-құздардың  биіктігінің,  төбедегі  көлдерінің 
тамаша  көрінісін  автор  соншалықты  әсерге  бөлене  отырып,  шабыттана 
суреттейді. 
Ал  Алтайды  бейнелеген  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер  әсем  табиғат 
көрінісіне  таңданады,  таңырқайды,  сүйсінеді.  Ғажайып  дүние  есігін  аш-
қандай әсерге бөленіп, оқырманына да сондай сезім сыйлайды. Әсіресе ол 
әлемнің  жасыл  реңге  боялуына,  шөбінің  тез  қаулап,  қалың  өсетіндігіне 
сүйсінеді. Оны «Төрт дөңгелек төрт күн ізін салмаса, // Танымас ең  күнде 
жүрген  жолыңды»  тармақтарымен  немесе  «Бүгін  шөбін  шауып  алған 
баурайды  //  Келесі  күн  тұрар  тағы  ну  басып»  [130,  71]  деп  суреттейді. 

 
54 
Лирикалық  кейіпкер  Алтай  жерінің  құнарына,  қасиетіне  де  назар  аудар-
тады.  Кей  жерде  кепкен  шыбық  тұрмақ,  арнайы  даярланған  өсінділерді 
еккенде  өспей  жататынын  ескерсек,  әуреленіп  қазбай-ақ  «қадап»  кеткен 
кепкен  шыбықтың  келесі  жылы  көк  тал  боп  тұруы  да  әсерлі.  Сонымен 
қатар лирикалық кейіпкер өсімдік тіршілігіне, гүлдердің көптігіне де көңіл 
бөледі. «Бірінен соң бірі шығар бұрқ етіп, // Әр аптаның қайталанбас гүлі 
бар» – деп өсімдіктер әлемін, ерекшеліктерін сипаттайды. Алтайдың сұлу-
лығына  сұқтанған,  тамашасына  тамсанған  ақын  мынадай  ойға  тіреледі: 
«Дүниенің сұлулығы // Алтайдан // Басталады, не Алтайда бітеді!». 
Ақынның  еркін,  шабыттана  жырлаған  жерлерінің  бірі  –  Көкшетау. 
Әр жердің өзінше әсемдігін, әдемілігін ескерсек, ақын Көкше жерінің тұтас 
көгілдір дүние екендігін байқап, жырға қосады. Оны «Қыз – көктем күліп -
ойнап бара жатып, // Осында көк бояуын алған төгіп» деп  немесе «Тау да 
көк  //  Тоғай  да  көк,  //  Маңай  да  көк,  //  Алғандай  ауаны  да  нілге  малып» 
тармақтарында  «көк»  сөзін  қайталау  арқылы  оқырман  назарын  рең 
әдемілігіне аудартады. Ол келесі шумақтарда да жалғастық табады: 
Көк мұнар – көк шымылдық төгілдірме. 
Көк мұхит секілденер егін бірде... 
Көкшеде дүниенің барлық көгі: 
Көк сұңқар, көк ала үйрек, көгілдір де [130, 73]. 
Лирикалық  кейіпкер  қабылдауына  сай  көк  мұнарды  төгілдірме  көк 
шымылдықпен ауыстырса, егінді көк мұхитқа балайды. Дүниенің бар көгі 
сол жерден табылғандай, сұлулық атаулының ортасында отырғандай әсер-
ге бөлейді. 
Ал  Көкшенің  сексен  көлін  суреттегенде,  автор  оны  қазақтың  ауыз 
әдебиетінің,  тарихының,  кесекті,  көрікті  тұлғаларына  балайды.  Сол  арқы-
лы лирикалық кейіпкердің таным көкжиегін, ұлттық рухын танимыз. 
 
Мысалы: 
Көкшетау – Қыз Жібегің болса егер, 
Сексен көл – сексен шолпы шашбаудағы. Енді бірде: 
Көкшетау – Баян сұлу болса егер, 
Сексен  көл  –  сексен  алқа  өңірдегі  [130,  79]  –  деп, 
әсерлі  суреттейді.  Өлең  ұлттық  сипатқа  толы.  Қазақ  әдебиеті  мен  мәде-
ниетін білмейтін адамға мұндағы баламалар түсініксіздеу болар еді. 
Келесі  бір  Көкшенің  көрікті  жері  Оқжетпесті  көргенде  лирикалық 
кейіпкер  өзінше  ой  түйеді:  «Пирамида  дегенді,  //  Баяғыда-ақ  //  Оқжетпес 
қып біздің жер жасап қойған!» [130, 81]. 
Қ. Мырзалиевтің  табиғатты  бейнелейтін  өлеңдерінде  лирикалық 
кейіпкер  келісті  көріністі  тарих  тереңіне,  ұлттық  мәдениет  пен  әдебиеті-
міздің  інжу-маржандарына  бойлай  отырып,  солармен  сабақтастыра,  са-
лыстыра  елестетеді.  Бұл  «Оқжетпес»  өлеңінде  де  кездеседі:  «Жебелері 

 
55 
сияқты  қарағайлар  //  Шығып  тұрған  қаз-қатар  қорамсақтан»  деп  қарағай-
лардың  тіктігін,  орналасу  ретін,  биіктігін  жайып  салса,  енді  бірде  «Төсін-
дегі  тақтай  тас  сауытындай,  //  Дулығадай  піл  тасы  басындағы»  тармақта-
рымен Оқжетпес тауының түр тұлғасын батырлар сауытына ұқсатады. 
Ал келесі бір үзіндіде Оқжетпестің беріктігін Қазақстанның төзіміне 
теңесе,  асқақтығын  Біржанның  дауысына  балайды.  Лирикалық  кейіпкер 
Көкше жерінің табиғатымен қатар тарихын, дәстүрін, әдебиетін көреді. 
Көрікті  жердің  бірі  Баянауылды  [130,  89]  суреттегенде,  лирикалық 
кейіпкер өз сезінуін, әсерін жасырып қала алмайды. «Қазақ атам осы тауға 
Баян  деп  //  Қыздың  атын,  сірә,  тегін  қоймаған!»,  – деп ішкі ойын, сезімін 
білдіреді.  Баян  жерінің  әр  затынан  сыр  аулайды,  қызға  тән  сипат,  мінез 
көре,  ұға  біледі:  «Ойнақылық  сезем  қандай  көгінен,  //  Бұлағынан  сезем 
сондай еркелік» десе, көлі мен талын көргенде: «Бір тазалық көрем қандай 
көгінен, // Талдарынан көрем сондай нәзіктік» дейді. 
Ал бұлты мен желіне қатысты: «Биязылық тапсам қандай бұлтынан, 
//  Самалынан  табам  сондай  ұяңдық...»  деп  қазақ  қызына  тән  еркелік, 
тазалық, нәзіктік, биязылық, ұяңдық қасиеттерді лирикалық кейіпкер Баян 
табиғатынан көреді. Жасыбай көлінің зейнетті көрінісін көргенде: 
Жаз ойланып, күз ойланып, 
Жел теңеуге жол бермедім. 
Жердің бетін жүз айналып, 
Сендей жәудір көл көрмедім [130, 90] – деп тамса-
нады.  Сұлулықты  жел  теңеуге  қимайды.  Көлінің  тазалығына  сүйсінеді. 
Оны «Тереңінің өзіне де, // Болмайды сыр жасыруға» деп бір байқатса, енді 
бірде  «Сүңгіп  кетіп,  //  Су  түбінде  //  Болады  ине  сабақтауға!»  деген 
бейнелеулермен толықтыра түседі. 
Қ. Мырзалиевтің  табиғатты  суреттеулерінде  лирикалық  кейіпкер  – 
тек сүйсіне қараушы емес, сырттан үнсіз бақылаушы, байқаушы да. «Түнгі 
аққулар»  [130,  91] өлеңінде көлдегі көрініс келісті бейнеленеді: «Жұлдыз-
сыз  түнде  борықтай  аққу  жарықтық  //  Жүзіп  жүр  көлді  балауыз  шамдай 
жарық  қып.  //  Жағалау  жаққа  қарайды  кейде  көп  сенбей,  //  Жылжиды 
сосын көктемде көшкен көк сеңдей» [130, 91]. Қараңғы түнде аппақ аққу-
дың  көлді  шамдай  жарық  қып  жүзуі  әдемі.  Қарама-қарсы  реңнің  алынуы 
өлең  әсерлілігін  арттыра  түссе,  аққу  қозғалысының  нәзіктігі,  жеңілдігі 
«жылжиды» сөзімен танылады. 
Оразақын  Асқар  –  табиғат  әсемдігі,  көркемдігі жайында көп жазған 
ақындардың бірі. Оның табиғат лирикасында лирикалық кейіпкер өз бітім-
болмысымен  танылады. Ол бір нәрсеге қатты ренжіп, не қайғырып шама-
дан  тыс  қуанбайды.  Онда  асқан  сезім  жоқ,  бәрі  де  мөлшерлі.  Ақынның 
лирикалық  кейіпкері  бірқалыпты  табиғатты  сүюші,  сүйсінуші,  шамадан 
тыс сезім адамы емес. Мысалы: 
Көл тербеп ойнатады үстінде айды, 

 
56 
Күнде де егінжайда іс тынбайды. 
Аулақта бұлт та өзінше үн шығарып, 
Көзінен найзағай от ұшқындайды [107, 35]. 
Лирикалық кейіпкер – табиғат көрінісін бақылаушы. Үзіндіде көлдің 
айды  ойнатуы,  тербеуі,  бұлттың  үн  шығаруы,  көзінің  болуы,  одан  от 
ұшқындауы  –  лирикалық  кейіпкер  қабылдауының  айнасы.  Келісті  көрі-
ністер  аясында  лирикалық  кейіпкер  асып-тасып  қуанбайды,  бірқалып-
тылық, ұстамдылық танытады. Келесі бір өлеңде де лирикалық кейіпкер өз 
ерекшелігімен көрінеді: 
Күлімдеп көздерден нұр шашылардай, 
Кілең дос игі іске асығардай. 
Тоң жібіп, жер көгеріп, жыл құсы кеп, 
Іште де сезім селі тасығандай [107, 31]. 
Лирикалық  кейіпкер  табиғаттағы  әр  нәрседен  жылылық,  жақсылық 
аңдағандай.  Ақын  көңіл-күйі  мен  табиғат  суреті  үйлесімдікте  жымдаса 
суреттеледі. 
Оразақын  Асқардың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінен  лирика-
лық  кейіпкердің  жабырқаңқы,  бұйығы,  көңілсіз  болатын  сәттерін  байқа-
маймыз.  Қай  өлеңін  оқысаңыз  да,  ерекше  сезімге  тап  боламыз.  Мысалы: 
«Өзен мәз күндегіден күліп қатты, // Таң қалып күн де көкте тұрып қапты» 
[107, 42]. 
Бұл көріністердің өзгелерге мүлде басқаша көрінуі мүмкін. Ал ақын-
ның лирикалық кейіпкерінің көңілі шат, көтеріңкі, сондықтан табиғаттағы 
өзен  де  қатты  күліп,  мәз  болғандай,  күн  де  таң  қалғандай  сезілуі,  қабыл-
дануы заңды.  
Табиғаттағы әсем суреттер мен көрiнiстердi ақын келісті бейнелейдi. 
Табиғаттың  тылсым  дүниелерiне  сүйсiнумен,  оларды  суреттеумен  ғана 
шектелмей,  оның  үлгi  аларлық  жақтарын  оқырмандарға  тәрбие  құралы 
ретінде ұсынады. Мысалы: 
Мамасы, мазаланба, баланы аяп, 
Көбелек қусын қырда жалаң аяқ. 
Сезiнсiн табанымен жер жылуын, 
Батқанға шөңге, тiкен қармай-ақ. 
Берiлген бар ынтамен жұмысқа шын, 
Көзiмен көрсiн дала құмырсқасын. 
Үлгi алмас өзге түгiл өрмекшiден, 
– Жолама, тиме – деп бiз ұрысқасын… 
Табиғи дала төсiн тұр ән керiп, 
Аңғарсын аспайтынын бұдан көрiк. 
Жүрмесiн шөп бiткендi қалақай деп, 
Жәндiктiң бәрiн бiрдей жылан көрiп [107, 54]. 

 
57 
Табиғаттың сұлулыққа тұнып тұрғандығын және көркемділiктiң бәрi 
де табиғаттың жаратылысы екендiгiн ақын: «Аңғарсын аспайтынын бұдан 
көрiк», – деп дұрыс ескередi. 
Т. Айбергеновтің  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде  де  лирика-
лық  кейіпкер  өз  ерекшеліктерімен  танылады.  Ақынның  лирикалық  кейіп-
кері  табиғаттың  сұлу,  сырлы  көріністеріне  өз  қабылдауы  тұрғысынан 
қарап, оны келісті елестетеді. Мысалы: 
Сұңқар шыңдардан суырып семсер ақберен, 
Бұрма құзардан бұзылып көшті қақ терең. 
Бала қайыңдай солқылдап бұлақ сайлардан, 
Кеудемнен менің сыбызғы тартып ақты өлең. 
Алмалы бақтар бүршігін жарып ақ қардай, 
Дүркірейді әлем, көсіліп тартқан көкпардай. 
Жалтыр нулардан аққулар ұшты қанаты, 
Солдаттар жақтан сағынып жеткен хаттардай [109, 45]. 
Лирикалық  кейіпкер  көзқарасымен  берілген  сурет  сезімге  әсерлі, 
жылы қабылданады. Сұңқар дегенде биіктік қоса жүрсе, «сұңқар шыңдар» 
дегенде  шыңның  соншалықты  биік  екендігі  танылады.  Қақтың  бұзыла 
көшуі оның қимыл-қозғалысын, табиғаттағы жандануды байқатады. Бұлақ 
дыбысы  да  –  лирикалық  кейіпкер  сезімінің  айнасы.  Оны  ақын  «солқыл-
дап» өрнегі арқылы нақты өрнектесе, лирикалық кейіпкер көңілінің ерекше 
көтеріңкі  екенін  «кеудемнен  менің  сыбызғы  тартып  ақты  өлең» 
тармақтарынан  көреміз.  Ақын  алмалы  бақтағы  гүлдер  туралы  сөз  қозға-
майды, тек бүршігін жарды деп сөз баяндаса да, кейін «ақ қардай» теңеуін 
қолдануы  гүлдерінің  көптігін  жайып  салады.  Құстардың  келе  бастауы  да 
адамға, оқырманға жақын, таныс сезім арқылы беріледі. Оны солдаттардан 
сағынып  жеткен  хатқа  балайды.  Өзге  емес,  аққулардың  күлуі  де  – 
лирикалық кейіпкер сезімінің айнасы. 
Қайыңдарды  суреттегенде  де  лирикалық  кейіпкер  ерекшелігін 
байқаймыз: 
Аққу мойын, ақ көйлекті қайыңдар, 
Дәл сендердей менің де аппақ айым бар. 
Бақытымды шулап көкке жайыңдар, 
Шулап көкке жайыңдар, ақ қайыңдар [109, 57]. 
Ақын қайыңдардың биіктігін, әсемдігін «аққу мойын» деп өрнек-тесе, 
оның  рең  әдемілігі  «ақ  көйлекті»  түзілімімен  беріледі.  Осындай  көр-кем 
көрініс  аясында  лирикалық  кейіпкер  көңіл-күйі  де  жоғары.  Ол  табиғат 
суреті мен сезімін қатар танытады. Лирикалық кейіпкер – мұнда табиғатқа 
сүйсінуші ғана емес, сырласушы да. 
Ақынның табиғат тақырыбындағы қай өлеңін алсақ та, ондағы лири-
калық кейіпкердің табиғатқа сүйсіне, таңдана қарауы заңды. Сондай лири-
калық  кейіпкер  сезімінің  сәулесін  танытар  өлең  көктемді  суреттегенде 
көрінеді: 

 
58 
Тастады алтын күн көзі, 
Даланы нұрға бөктіріп. 
Үйілген ақ қар күмбезі 
Сары су болып кетті іріп. 
Еріген суды қуана, 
Сай-сала жатыр ұрттап. 
Шығарды аспан сахнаға 
Бал қаймақтай бұлтты ақ [109, 206]. 
Даланы бөктіру құлаққа жағымды естілсе, оны суға емес «нұрға» жә-
не  алтын  күннің  бөктіруі  – әсер қалдырарлық сурет. Сол тәрізді «күмбез» 
қолданысы  да  әдетте  құрылыстағы  арнаулы  нәрселерді  атаса,  қардың 
«күмбезді»  болуы  және  оның  сары  су  болып  іріп  кетуі  –  ақын  шебер-
лігімен бірге лирикалық кейіпкер сезімінің сәулесі. Екінші шумақта да әсем 
көрініс  орын  алған.  Сай-саланың  ұрты,  аспанның  сахнасы  болуы  ерекше 
әсер берсе, сол сахнаға «бал қаймақтай» ақ бұлттың шығуы да жарасымды. 
Т. Айбергеновтің  лирикалық  кейіпкерінің  өзіне  тән  ерекшелігі  «Ақ 
қыс» өлеңінен де көрінеді: 
Ақ қолғаппен құшақтап, 
Сақылдайды қыс аппақ. 
Өзен, теңіз, тау-төбе –  
Тегіс аппақ сәукеле. 
Жатыр іздер жосылған 
Рояльдың басылған 
Ақ тіліне ұқсап қап [109, 4].  
Қысты  адам  кейпінде  әрі  ұлттық  сипатта  бейнелеу  «ақ  қолғаппен 
құшақтап»,  «сәукеле»  сөздерінен  танылса,  басылған  іздерді  рояльдің 
тілдеріне  балау  кезең  айнасы  болумен  қатар  ақын  шеберлігін,  лирикалық 
кейіпкер қабылдауын, сезімін жайып салады. 
Ақын  өлеңдерінде  лирикалық  кейіпкер  –  айналаны  бақылаушы, 
сүйсінуші, өз сезімін ашық та әсем айта алушы. 
Қазақ  поэзиясында  табиғат  тақырыбында  көп  жазып  жүрген  ақын-
дардың бiрi  – М. Айтқожина. Оның шығармалары – туған жер табиғатын, 
сұлу  жаратылысын  паш  етiп,  оқырман  жанын  мөлдiр  сезiмге  бөлейтiн 
жырлар. «Таң» өлеңiнде: 
Арайлы таң, қарайды таң сұқтанып, 
Түн жадырап ашты қою кiрпiгiн. 
Жылтырады жасыл құрақ шықтанып, 
Нәзiк бұтақ жайды алақан – бүршiгiн. 
Жанарынан қызғылт сәуле шашылып, 
Көкжиектi барады таң аралап. 
Гүл шоқтары дiр-дiр еттi ашылып, 
Жүгiр, самал, еркелетшi аялап [110, 17]. 

 
59 
Лирикалық  кейіпкер  сезiмi  мен  түннiң  сұлу  көрiнiсi  әсем  үйлесiм-
дiкте берiлген. Әсiресе, шебер кестеленген табиғат көрiнiстерi оқырманды 
көрiнiс  зейнеттiлiгiне  үңiлте  түседi.  Таңның  «арайлы»  болуы  әрi  «сұқта-
нып»  қарауы,  түннiң  «қою»  кiрпiгiн  ашуы,  жасыл  құрақтың  «шықтанып» 
жылтырауы,  бұтақтың  «алақан  –  бүршiгiн» жаюы, таңның жанары болуы, 
т.б.  –  бәрi  көрiнiс  келістілігін  тудырумен  қатар  лирикалық  кейіпкер 
қабылдауын,  сезiм-түйсiгiн  танытады.  Өлең  соңындағы  лирикалық  кейіп-
кердің «Жүгiр, самал, еркелетшi аялап» өтiнiшi де суреткер жанының кең-
дiгiн, нәзiктiкке, сұлулыққа сүйсiнушiлiкпен қарайтындығын танытады. 
Келесi  бiр  «Таңсәрi»  өлеңiнде  автор  таңды  өзге  қырларынан 
суреттейдi: 
Өрмелеп сұлу таудың өр төсiне, 
Арайын төгiп бұлттың өркешiне. 
Дөңгелеп көкжиектен күн келедi 
Ұқсап бiр бұл әлемнiң еркесiне.  
Сылдырап ерке тентек бұлақ күлдi, 
Жағада судыр қағып құрақ тұрды [110, 17]. 
Автор  шарттылыққа  негiзделген  тау  төсiн  «өр»  деуiнен  тау  асқақ-
тығын,  күннiң  тау  төсiне  өрмелеуi  арқылы  әрi  ұлттық  өрнекпен  нақыш-
талған  «арайын  төгiп  бұлттың  өркешiне»  тармағынан  күннiң  де  сонша-
лықты  биiк  екендiгiн  сипаттауға  ұмтылады.  Күн  арайын  бұлт  өркешiне 
төгуi  де  күннiң  ерекше  биiктiгiн  суреттеуге  бағытталған.  Лирикалық 
кейіпкер  қабылдауына  сай  алынған  күннiң  көкжиектен  дөңгелеп  әрi  әлем 
еркесiне ұқсап келуi, аспанның тыныш қалпындағы ажарлы көрiнiсiнен соң 
әрi  ерке,  әрi тентек бұлақтың «сылдырап күлуi», құрақтың  «судыр қағып» 
дыбыс  беруi  –  бәрi  сурет  келiстiлiгiн  арттыра  түсумен  бiрге  шығар-ма 
әсерлiлiгiн  туғызуға  да  қызмет  етiп  тұр.  «Сылдырап»  күлуде  де шатта-ну, 
өмірдің жарқын жағын таныту бар. 
Ф. Оңғарсынованың  табиғат  лирикасы  тақырыбы  жағынан  алуан-
алуан.  Онда  табиғат  суреттерi  көбiне  адам  өмiрiмен  тығыз  байланыста, 
ұқсастықта  алынады.  Мысалы,  автордың  сәттi  туындыларының  бiрi  – 
«Теңiз суретi» өлеңiнен үзiндi оқиық: 
Жассынғанмен бұл теңiз алабұртып, 
Кәрiлiктiң iзiндей жаға жыртық. 
Қартаймайтын күлегеш қыз – толқындар 
Қытықтасып бiр-бiрiн барады үркiп. 
Алаяқ жел көз iлмей жүрiптi анық: 
Көз ұйқыға кеткенде бұғып барып, 
Ұйқылы-ояу шошыған толқындарды 
Қуып алып жөнелдi шыбыртқы алып. 
«Көрсетейiн», – деп саған шыбықтауды, 
Ашулы аспан жанарын жұлып қалды. 

 
60 
Жаңбыр – сойыл жонына жосылғанда 
Тiстендi де тентек жел тұрып қалды [131, 42]. 
Адам мiнезiн, кейпiн табиғатқа, т.б. дарыта суреттеу көпшiлiк немесе 
бар  ақындарға  тән  ерекшелiк  десек  те,  әр  ақынның  өзiнше  бейне-
лейтiндiгiн  мойындаймыз.  Мысалы,  өлеңде  теңiз  алабұртып  жассынса  да, 
жағаның «кәрiлiктiң iзiндей» жыртық болуы, «қартаймайтын күлегеш қыз – 
толқындардың»  бiр-бiрiн  қытықтасып  бара  жатуы,  алаяқ  желдiң  ұйқылы-
ояу  толқындарды  бұғып  барып  шыбыртқымен  қуа  жөнелуi,  ашулы  аспан-
ның  «шыбықтауды  көрсетейiн»  деп  жанарын  жұлуы,  жаңбыр  –  сойыл 
жанына  тигенде  тентек  желдiң  тiстенiп  тұрып  қалуы  –  бәрi  лирикалық 
кейіпкер  қабылдауын  танытумен  бiрге  автордың  ақындық  шеберлiгiн  де 
байқатады.  Мұндағы  лирикалық  кейіпкер  –  теңiз  суретiн  қызықтаушы, 
одан өзiндiк сыр ұғынып, оны сол қалпында оқырман жүрегiне жеткiзушi. 
Ф. Оңғарсынованың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін оқи отырсақ, 
ондағы  лирикалық  кейіпкер  табиғатқа  сүйсіне  қараушы,  одан  сыр  аулап, 
көңілі  сергіп,  дем  алатындай  көрінеді.  Әсіресе  ақын  лирикалық  кейіпкер 
көзімен  берілген  теңіз  көрінісін,  ондағы  толқындарды  ерекше  ыстық 
сезіммен келісті кестелейді. Мәселен: 
Толқындар бұрқанады, 
Бірін-бірі тепкілеп шалып жығып, 
Буралардай тістескен санын жұлып, 
Бейкүнәсіп қараған дүниенің 
Алдамшы жат қылығын-бәрін де ұғып, 
Жібергісі келгендей қағындырып [131, 265]. 
Суреткер көріністі әйтеуір соғып жатыр немесе т.б. деп жалаң баян-
дамайды.  Оның  әр  қимылын  қиялға  қанат  бітіре  келісті кестелейді. Олар-
ды негізінен жандандыра суреттейді. Бірде бірін-бірі тепкілеп, шалып жы-
ғуынан, бірде санын жұлып тістескен бураларға балауынан толқындардың 
дамылсыз  қимыл-қозғалысын  көз  алдына  жайып  салады.  Ал  толқындар-
дың  «дүниенің  алдамшы  жат  қылығын  бәрін  де  ұғып»  деуінен  сол  көрі-
ністен сыр аулайтыны лирикалық кейіпкер қабылдауына сай бейнеленген. 
Ақынның жазды суреттеген өлеңі де лирикалық кейіпкер талғамына 
сай әсем көріністерге толы: 
Таң бұзып тынышымды жіберді деп, 
Жазғы түн кетерінде түнеді кеп. 
Жер – ару серпігенде түн көрпесін, 
Маужырап қарап тұрды күн елжіреп. 
Гүл бөлеп хош иіске атырабын, 
Ағаштар жайып салды жапырағын, 
Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, 
Өзенде мың бұралып жатыр ағын [131, 21]. 

 
61 
Таң мен түн мезгілінің орын ауысуын, яғни таң атуын ақын жандан-
дыра  бейнелейді.  Түннің  «тыныштығымды  бұзды»  деуі,  ал  жердің  «ару» 
қолданысымен  ауыстыра  айқындалуы  әрі  «түн  көрпесін»  серпуі,  сол  көрі-
ніске күннің «елжіреп» қарауы – лирикалық кейіпкер қиял өрісінің айна-сы. 
Екінші  шумақта  да  осындай  көріністер орын алған. Гүлдің атырапты хош 
иіске «бөлеуінен» сол иістің барлық жерге тарайтындығы байқалады. Жел 
дауысын да ақын лирикалық кейіпкер қабылдауына сай «сыбырласа», «сыр 
ұрласа»  деп  кестелеу  арқылы  оның  дауысының  жағымды,  баяу  екендігін 
танытады. 
Жазды  суреттеген  келесі  бір  өлеңінде  де  көрініс  сұлулығы  лирика-
лық кейіпкер қабылдауы дәрежесінде бейнеленеді. Үзінді оқиық: 
Үрпіне жердің сүт толып, 
Жүзіне мөлдір шық қонып, 
Тереңнен алған тынысы  
Қалқиды мақта бұлт болып. 
Еркелеп, сүйіп аймалай, 
Құшады қырды, сайды арапй, 
Жыңғылды сайдың бурайы 
Жап-жасыл жұмсақ жаймадай [132, 84]. 
Өлеңді оқыған адамның сезіміне әсер етпей қоймайтын сырлы сурет-
терде табиғаттың әдеттегі көріністері берілген. Ақын осы көріністерді ше-
бер бейнелеу арқылы сұлу суреттер туғызған. 
Жердің  үрпіне  сүт  толуынан  оның  бусанып  жатуын,  сол  жердің 
«жүзі»  болуы  жандандыра  бейнеленуімен  қатар,  сулардың  буланып,  бұлт 
болып  қалқуын  «Тереңнен  алған  тынысы  //  Қалқиды  мақта  бұлт  болып» 
деп  өрнектейді.  Екінші  шумақта  да  жандандыра  бейнелеу  орын  алған. 
Мұнда арайдың сай мен қырды еркелетіп, аймалай құшуы өрнектеледі. Ал 
соңғы  тармақтарда  сай  баурайындағы  өсімдік  қалыңдығын  айқындап, 
теңеу арқылы нақты елестетіп, жап-жасыл жұмсақ жаймаға сәтті балайды. 
Ақын  Ф. Оңғарсынованың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде 
лирикалық  кейіпкер  –  табиғатқа  сүйсінуші,  сыр  аулаушы  ғана  емес,  сол 
табиғаттан  өзіне  жылы  сезім,  терең  әсерлер  алушы.  Ақынның  лирикалық 
кейіпкері  терең  сезім  адамы,  мінезі  де  күйгелек,  алып-ұшпа  емес,  бірқа-
лыпты, ой мен сырдың, сұлулық пен қиялдың таразысы іспетті. 
Өлең өлкесiнде көпшiлiк көңiлiнен шығып жүрген ақындардың бiрi – 
Дүйсенбек  Қанатбаев.  Ақын  шығармаларында  табиғат  тақырыбы  елеулi 
орын алады. Жаратылыс сұлулықтары ғана емес, аңдар, құстар дүниесi де 
аса бiлгiрлiкпен келiстi суреттеледi. Тiптi, көпшiлiк елей бермейтiн өсiмдiк 
атауларын, ерекшелiктерiн ақын шебер бейнелейді: 
Құм iшiнде жұпар иiс тұнып тұр, 
Құнықтырсаң  
жұпар иiске құнықтыр 

 
62 
Қалы кiлем құбылады, жайнайды 
Қалы кiлем –  
Қыруар шөп қырық түр. 
Жусан, мортық, сiргеқара, қоңырбас, 
Түйеқарын, қарабұта, раң, нәш, 
Ебелек от, еркек, соран, қымызық, 
Ақша отау, шытыр, шағыр, рауғаш.  
Бәрi-бәрi… қары алдымнан лап қойды, 
Селеулiктен көрiнбейдi ат мойны, 
Не де болса, 
Құмның келте көктемi-ай, 
Қойнындағы төрт түлiгiн тақ тойды! [115, 295]. 
Жұпар иiстiң «тұнып» тұруы әрi лирикалық кейіпкердің оған «құны-
ғуы»  қандай  әсерлi  болса,  шөп  қалыңдығын  сипаттау  да  сондай  әсерлi. 
Лирикалық кейіпкермен бiрге оқырман да жұпар иiстi құныға иiскеп, қалы 
кiлеммен  жүрiп  келе  жатқандай  әсерге  бөленедi.  Автордың  сөздердi  нақ-
ты,  орынды  жұмсауы  да  көрiнiстi  дәл  елестетедi.  Мысалы,  «Қалы  кiлем» 
тiркесi  шөп  қалыңдығы  мен  өсiмдiк  түрлiшелiгiн  аңғартса,  «құбылады», 
«жайнайды»  қолданыстары  сол  ойды,  сезiмдi  дамыта  түседi.  Ал  келесi 
шумақтардағы өсiмдiк атаулары оқырманды далаға саяхатқа жетелейдi. 
Д. Қанатбаевтың  лирикалық  қаһарманы  –  табиғатпен  тiлдесушi, 
ортақ тiл табысушы да. Мысалы: 
Таңсәрiде, жырақта, 
Тiл қатып ем құраққа –  
Бөгелместен ол мүлде 
Жауап бердi сұраққа. 
Жылауыңның себебiн, 
Айтшы, құрақ,-деп едiм, 
Дедi: – түндi ысырып 
Таңды атырып терледiм. 
Рахатын еңбектiң 
Ендi алаңсыз көрмекпiн. 
Жас пен тердi шiркiн-ай, 
Мен айыра бiлмеппiн [115, 285]. 
Өлең  бала  ұғымына  да  түсiнiктi,  жеңiл.  Онда  жылтыр  боямалар, 
айшықты өрнектер жоқ. 
Өлең iшiндегi диалог, лирикалық кейіпкердің белгiлi көрiнiстi әсерлi 
баяндауы,  iшкi  ойы  өлең  жүгiн  көтерiсiп  тұрғаны  анық.  Шығармадағы 
«…Жас  пен  тердi  шiркiн-ай,  //  Мен  айыра  бiлмеппiн»  деген  лирикалық 
кейіпкердің iшкi ойы оқырманын да белгiлi бiр ойға бөлейдi. 
Әдебиетке  70  жылдары  келген  көпшiлiкке  танымал  қазақ  ақыны 
И. Сапарбай шығармаларында да табиғат тақырыбы үлкен орын алады. 

 
63 
Осы  орайда:  «Исраил  ақын  –  әлi  күнге  дейiн  әдеби  сын,  рецензия-
ларда  өз  бағасын  дер  кезiнде  еншiлей  алмаған  еңбекқор  таланттарымыз-
дың  бiрi»  [131]  деген  Ж. Ахмадиев  пiкiрi  негiзсiз  еместiгiне  де  көңiл 
бөлгiмiз келедi. 
И. Сапарбай  өлеңдерiнен  табиғат  құбылыстарын,  оның  әсем  көрiнi-
стерiн,  жануарлар  мен  өсiмдiктер  сыр-сипатын,  құстар  әнiн,  бұлақ  күлкi-
сiн,  жапырақ  сыбдырын,  бүлдiрген  дәмiн,  ондағы  жұпар  иiстi  лирикалық 
кейіпкер сезiнуiне оқырман да қоса ортақтасқан әсерге бөленiп, естiп, сезiп, 
көрiп, сүйсiнiп отырады. Мысалы, «Үш ай қыста» [117, 59] өлеңiнде ақын 
дала мен қала қарын салыстыра суреттейдi: 
 
Үш ай қыста пәк, перiште дала өңi 
Жаңа түскен жас келiндей әдемi ! 
Қар қымтанған бағбан баба дәнегi 
Жарық күннiң дәм-тұзынан дәмелi. 
Үй iшiнен ұзап шықпай үш ай қыс 
Өзiмiздi кейде ерiксiз тұсаймыз. 
Қала қары сылбыр, салақ жеңгейдiң  
Көрпесiндей, 
iшi жылы тысы айғыз. 
Ана құстай баспақ болған жұмыртқа 
Аспан жерге жақындайды ымыртта… 
Ақ жұмыртқа – қар қабығын түрткiлеп, 
Сар балапан – бәйшешектер күнi ертең 
Қар астынан шыға келер күрт түлеп. 
Қардың  барлық  жердi  жапқандығы  бағбан  баба  дәнегiнiң  қымта-
нуынан  көрiнедi.  Ақын  қыстың  қатаңдығын,  қолайсыздығын  жалаң  айту-
мен шектелмейдi, аз сөзге көп мән сыйғызып, оны «үй iшiнен ұзап шықпай 
үш  ай  қыс»  тармағындағы  лирикалық  бейнелер күйбеңi арқылы сездiредi. 
Автор қысқы дала шырайын суреттей келе қала қарындағы өндiрiс қоқысы 
таңбасын,  т.б.  бейнелеу  нәтижесiнде  жұқалап  болсын  табиғатты  сақтау 
идеясын  қоса  көтередi. Сөз жоқ, қаладағы қар реңiн салақ жеңгейдiң көр-
песiне  теңеуi  тұсында  поэзияға  қарабайыр  ұғымдарды  орынсыз  тықпалау 
кемшiлiгi  де  жоқ  емес.  Қалай  десек  те,  «салақ  жеңгейдiң  көрпесiндей» 
өрнегi  өлең  көркемдiгiн  төмендетiп,  шығарма  әсерiн  солғындатуға  ғана 
қызмет етiп тұр. Лирикалық кейіпкер қабылдауына сай ымыртта аспанның 
жерге  жақындауын  жұмыртқа  баспақ  болған  ана  құсқа  балау  ұтымды 
шыққан.  Ал  өлеңнiң  соңғы  шумағында  қар  қабығын  ақ  жұмыртқамен, 
бәйшешектердi  сары  балапанмен  орынды  ауыстырған  ақын  күнi  ертең 
бәйшешектердiң  қар  қабығын  түрткiлеп  шыға  келетiнiн,  яғни  қыстың 
көктемге орын беретiндiгiн әсерлi жеткiзедi. 

 
64 
Ақынның  «Тыныштық  таңы»  [118,  11]  туындысында  таңның  әсем 
суретi берiлген: 
Бұлаққа құлақ тостым күлiп аққан, 
Жеткендей бұлбұлдың да үнi бақтан. 
Оянды ақ шымылдық арасынан 
Ажары перизаттай тұнық ақ таң. 
Жиектен көтерiлдi Күн жай ғана, 
Күнбағыс бұрылды оған ыңғайлана… 
Нәркез көз, нәзiк жаны нұрға ашыла 
Жас қайың жас iлiптi сырғасына. 
Шыршалар жасыл тонын жамылып ап 
Өрмелеп бара жатыр шың басына. 
Өлеңдегi лирикалық кейіпкер – табиғат суретiнiң куәгерi, оған сүйсi-
нушi және оны бақылаушы. «Тұнық ақ таңның» шымылдық арасынан оян-
ғандағы  ажары  перизаттай  болуы  –  тартымды  болуымен  бiрге  әсерлi 
көрiнiс.  Осы  көрiнiс  аясында  бұлақтың  күлiп  аққанына  лирикалық  кейіп-
кердің  құлақ  тосуы,  бұлбұл  үнi  құлағына  жетуi,  күннiң  жай  көтерiлiп, 
күнбағыстың оған ыңғайлана бұрылуы, жас қайыңның сырғасына жас iлуi, 
шыршалардың  шың  басына  өрмелеуi  лирикалық  кейіпкер  аңғарымпаз-
дығына, сүйсiнуiне көмкерiлгендiктен шынайы да әсерлi. 
Қазақ  поэзиясындағы  нәзiк  жанды  ақындардың  бiрi  –  Күләш  Ахме-
това. Оның шығармаларынан өзге тақырыптармен бiрге табиғат тақырыбы 
да елеулi орын алады. Мысалы, «Башқұртстанға барғанда» өлеңiнде келiстi 
көрiнiстер зейiн аудартады: 
Тұрған бiр сурет iлiнiп  
Емес пе дедiм таңды мен. 
Алдымнан сонда жүгiрiп 
Ағедiл шықты алдымен. 
Тұрмады бiрi паңданып, 
Жол бердi тоғай жарыла. 
Қараймын сәл-пәл таңданып 
Шишкиннiң картиналарына. 
Хор капелласындай 
Қайыңдар тұрды ғажайып. 
Гүлдерiн шашып әтiр көп, 
Тағынды моншақ шықтардан. 
Ақындар келе жатыр деп, 
Салауат өзi шықты алдан [119, 73]. 
Ақынның  Башқұртстанға  барғандағы  көрген  табиғат  көрiнiсi  мен 
iшкi дүние иiрiмдерi келiстi сипатталады. Мәселен, таңды «iлулi тұрған су-
рет»  деуi  көрiнiс  әсемдiгiн  әйгiлесе,  Ақедiлдiң  алдынан  «жүгiрiп»  шығуы, 
тоғайдың «таңданып» тұрмауы, жарыла жол беруi – бәрi лирикалық кейіп-

 
65 
кер  қабылдауына  сәйкес  алынған  Башқұртстан  қонақжайлылығын  таны-
туға  бағындырылған  суреттер.  Суреткердiң  Шишкиннiң  картиналарына 
«таңданып»  қараймын  деуi  де  табиғат  науандығын  ашуға  бағытталса, 
ғажайып  қайыңдарды  хор  капелласына  балауы  қайың  көптiгi  мен  әдемi-
лiгiн өрнектейдi. Ал гүлдердiң әтiр шашуы жағымды иiстi байқатса, шық-
тан  моншақ  тағынуы  таңғы  көрiнiс  зейнеттiлiгiн  аша  түседi.  Автор 
жаратылыс,  туған  жер  көрiнiстерiн  лирикалық  кейіпкер  сезiмiне  бағын-
дыра бейнелейдi. Мысалы, «Мамыр айы» өлеңiнен үзiндi келтiрейiк: 
Мамырда махаббатпен қырға шықтым, 
Қырыма, қырмызыма шын ғашықпын. 
Еш ақын баламасын таба алмайтын 
Тастапты дастан жазып қызғалдақ қыр. 
Мен үшiн табиғатты тану – арман, 
Қызарып, батарда күн – ару алдан. 
Жүрушi ем жүрегiме шаттық толып, 
Гүл кешiп, шалғын кешiп белуардан. 
Бiр жылғы тозған жүйкең тазарады, 
Бiр рет кешiп өтсең мамыр гүлiн [134]. 
Шығарманы  толық  оқысақ, табиғат суретiнен гөрi лирикалық кейіп-
кердің  мамыр  айындағы  арман-сезiмi  басым  берiлген.  Оны  мына  жолдар-
дан  аңғарамыз:  «Жақсы  өлең  жазсам  деп  ем  түзге  арнап  бiр,  //  Тазарып 
таңда  терсем  мекен  гүлiн,  //  Көрмеушi  ем  бiр  бұтаның  бөтендiгiн»,  т.б. 
Суреткер  баяндау  мен  бейнелеу  әдiс-амалдарын  да  шебер  әрi  орынды 
жұмсайды.  «Қырыма,  қырмызыма  шын  ғашықпын»  –  дей  келе,  не  үшiн 
ғашықтығын  әсерлi  жеткiзедi.  Мәселен,  «қызғалдақ  қыр»  тiркесiнiң  өзi 
қызғалдақ  көптiгiнен  хабар  берсе,  «тастапты  дастан  жазып»  қолданысы 
оның  молдығын  еселей  түседi.  Қызғалдақ  қырдың  әсемдiгiн  де  «еш  ақын 
баламасын таба алмайтын» тармағы арқылы жайып салады. Ал лирикалық 
кейiпкердiң  гүл  мен  шалғынды  белуардан  кешуiнен  олардың  биiктiгi  мен 
қалыңдығы,  «жүрушi  ем  жүрегiме  шаттық  толып»  деуiнен  көңiл-күйiнiң 
көтерiңкi  екендiгi,  сол  күндi  сағынышпен  күтетiндiгi  аңғарылса,  «бiр 
жылғы  тозған  жүйкең  жазылады»  тармағы  арқылы  мамыр  гүлiнiң  емдiк 
қасиетi, яғни жұпар иiсi терең және әсерлi өрнектеледi. 
Ақынның  келесi  бiр  сәттi  туындысы  –  «Күзгi  жел»  өлеңiне  назар 
аударайық: 
Күздiң желi күшiне енген шағында, 
Дала ұқсайды даусыз ұлы дарынға. 
Естiп жүрген күйлерiмiз түк емес, 
Күзгi желдiң уiлiнiң жанында. 
Ағаштардың бастасуы сияқты, 
Аспан, жердiң астасуы сияқты. 
Асығыстау бұтағынан бөлiнген, 

 
66 
Жапырақтардың қоштасуы сияқты. 
Тыныштықтың жыртылғаны сияқты, 
Өрекпiген қара желге 
теректiң 
Жыны келiп жұлқынғаны сияқты. 
Сергелдеңдi тағдырындай адамның  
Серке бұлттардың сандалуы сияқты [134, 17]. 
Суреткер  даланы  ұлы  дарынға балап, күйлердi күзгi жел уiлiнiң жа-
нында түкке тұрғысыз етiп танытады. Күзгi жел уiлiн түрлi құбылыстарға 
ұқсатуы  да  –  лирикалық  кейіпкер  қабылдауының  айнасы.  Екiншi  шумақ-
тан бастап әр тиянақты ой «сияқты» шылауына аяқталып, әсерлi баламалар 
туғызады.  Мысалы,  бiрде  ағаштардың  бастасуы,  аспан,  жердiң  астасуы, 
жапырақтардың  қоштасуы  тәрiздi  көрiнуi  желдiң  белгiлi  бiр  қалыптағы 
түрлi  кезiн  бейнелесе,  ендi  бiрде  тыныштықтың  жыртылғаны,  теректiң 
жыны  келiп  жұлқынғаны  сияқты  көрiнуi  желдiң  ашулы,  долы  кезiн 
елестетедi.  Лирикалық  кейiпкер  желдi  өзге  құбылыстарға  теңей  келiп, 
«Мына дүние ауыспалы сияқты» деген ойын да бiлдiредi. 
К. Ахметова «Қуаныш едi» өлеңiнде балалық шақтың көктемiн сағы-
нышпен еске алады. Оның қайталанбайтынын бiле тұра, лирикалық кейіп-
кер: «Құлшылық етем тәңiрге // Қайталашы деп сол шақты, // Қуану үшiн 
дәл  солай!»,  –  деп  өтiнедi.  Лирикалық  кейіпкерді  соншалықты  сағын-
дыртқан не, соған үңiлейiк: 
Құйғанда лезде жаңбыр да, 
Құйынын басып көп шаңның, 
Қаулайтын үйдiң алдында 
Кеудеге дейiн көп шалғын. 
Аршыған көзiн әйнектiң 
Өткiншi жаңбыр сәтте өтiп, 
Шарбаққа жайған көйлектiң 
Етегiн ешкi жеп кетiп… 
Басқандай болып мақпалды-ақ… 
Бұрқылдап суы бұлақтан. 
Бұлбұлы жырлап жатқан бақ 
Несi кем едi жұмақтан? [134, 21]. 
Сұлу көрiнiстi ақынның сүйсiне жырлауының куәгерi боламыз. Жаң-
бырдың жауу ерекшелiгiн «Құйынын басып көп шаңның», «Аршыған көзiн 
әйнектiң»  өрнектерiнен,  шалғын  биiктiгi  мен  қалыңдығын  «Қаулай-тын 
кеудеге  дейiн  көп  шалғын»  тармағынан  бағамдасақ,  ауылдағы  қызық-ты 
шындықты  да  «Шарбаққа  жайған  көйлектiң  //  Етегiн  ешкi  жеп  кетiп»  деп 
табиғат  көрiнiсiмен  сәттi  қиюластырады.  Ал  бұлақ  суы  бұрқыл-дауынан 
оның  ағыс  ерекшелiгi,  бақта  бұлбұлдың  «жырлауынан»  салта-натты  өмiр 
тiршiлiгi байқалса, «Несi кем едi жұмақтан?!» тармағынан бақтың да жұмақ 

 
67 
тәрiздi (көрмесек те, елестетемiз) жанға жайлылығын, әсемдiгiн аңғарамыз. 
Осы келiстi көрiнiстерден соңғы лирикалық «мен» сағынышы да орынды. 
Ұ. Есдәулеттің  табиғат  лирикасын  жеке  қарастырғанда,  ақынның 
табиғатты  суреттеуінде  лирикалық  кейіпкер  өз  қырымен  танылады.  Ол 
ерекше  бір  істің,  қимылдың  адамы  емес,  сезімі  мен  мінезі  бірқалыпты, 
таусыла  қайғырмайтын,  асып-тасып  қуанбайтын,  салмақты,  ұстамды. 
Мысалы: 
Мүлгиді сәукелелі тал, қайыңдар, 
Басыпты шыршалардың шалғайын қар. 
Қонышыма қар құйылып, бақта келем, 
Кеудемде сәл сағыныш, сәл уайым бар [123, 100]. 
Лирикалық кейіпкер сезімі, сағынышы табиғат суретінен кейін баян-
далады.  Ол  табиғатты  бақылаушы,  аса  сабырлы,  салмақты,  шамадан  тыс 
уайым,  сағыныш  адамы  емес.  Оның  айналаны  қабылдауы  көктемді  су-
реттеген өлеңінде көрінеді: 
Айна көлге қаз қонысып, 
Шашқан шақта күміс теңге. 
Бал-бұлақтар мәз болысып, 
Қыздар құсап күліскенде. 
Желмаямен қашқақтайды, 
Көкала бұлт керуендері. 
Алуан атулар асқақтайды, 
Серілердей серуеңдегі [123, 85]. 
Айна  көлге  қаз  қонып  «күміс  теңге»  шашуы,  бұлақтардың  да  жан-
данып мәз болуы, қыздарға ұқсап күлуі, бұлт «керуендері» болуы олардың 
көптігін  танытса  әрі  рең  ажарының  «көкала»  деп  суреттелуі,  тауларды 
серуендеген  серілерге  ұқсату  –  лирикалық  кейіпкер  қабылдауына  сай 
алынған  көріністер.  Мұнда  да  лирикалық  кейіпкер  –  тосын,  ерекше  мінез 
иесі  емес,  көріністі  сүйсіне,  әсем  қабылдаушы.  Ақынның  лирикалық 
кейіпкері қуанса да, асып-таспайды. Мысалы:  
Ғажайып сурет бұл қандай?! 
Тамсана жұттым таң нұрын, 
Қуысында ұстап тұрғандай, 
Туған жерімнің тағдырын! [123, 63]. 
Лирикалық  кейіпкер  қуанышы,  сүйініші  «Ғажайып  сурет  бұл  қан-
дай?», тармағы арқылы берілген. 
Табиғаттың  зейнетті  көрінісін  жырлаған  өлеңдерден  лирикалық 
кейіпкердің  бір  сәттегі  көңіл-күйі,  қоршаған  ортаны  қабылдау  ерекшелігі 
байқалады. Әсемдік дүниесін әр ақынның суреттеу шеберлігі де әртүрлі. 
С. Мәуленовтің  табиғат  туралы  өлеңдеріндегі  лирикалық  кейіпкер  – 
жаратылыс  ғажаптарына  сүйсінуші,  қызықтаушы,  бақылаушы  ғана  емес, 
оны  қорғаушы  да.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет