Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#4508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кеш  бейнесі  де  ақындардың  табиғат  лирикасында  жиі  кездеседі. 
Ақын  С. Мәуленов  кештің  батып  бара  жатқан  көрінісін былай суреттейді: 
«Қарап күн батарында, // Елжіреп маңайына, // Орап от шапағына, // Кірді 
жер  сарайына»  [91].  Кеш  бейнесі  тірі  адам  ретінде  көрінеді.  Лирикалық 
кейіпкер  –  кеш  бату  көрінісін  бақылаушы,  сүйсінуші.  Ақын  К. Ахметова 
«Көгілдір  кештерінде  Көкшетаудың»  өлеңінде  Көкше  жерінің  кешкі 

 
76 
уақытын  келісті  де  әсерлі  бейнелейді.  Лирикалық  «мен»  қиялына  сай 
суреттелген келісті көріністерге тап боламыз: «Жұмбақтас түнде ойлардың 
ордасындай, // Аялдар қимаған соң көл қасында ай. // Қалқиды су бетінде 
бір ақ желкен, // Балқиды қожыр тастар қорғасындай» [119, 165]. 
Кеш, түн бейнелерімен қатар таң бейнесі де назардан тыс қалмайды. 
Таң  атуын  ақын  С. Мәуленов:  «Қылаңдап  бозарғанда  құба  жиек»  деп 
суреттесе, әрі қарай «Жатқандай Бурабайдың жағасына, // Иегін ақ көбікті 
бура  сүйеп»  [91,  234],  –  деп  теңейді.  Көз  тартар  келісті  сурет  лирикалық 
кейіпкер  қиялына  бағындырылады.  Осындай  қиялдан  туған  таң  суретін 
М. Мақатаев  өзінше  әсерлі бейнелейді. Лирикалық кейіпкер қиялында таң 
мен түн соғысып, аспанда алма-кезек арбасады: «Жарық жеңді-ау, әйтеуір, 
алаулатып, // Түнді асырды батысқа талауратып. // Қолына алып шашақты 
сан  мың  найза,  //  Жауынгер  –  күн  келеді  жалаулатып»  [129,  212]. 
М. Айтқожинаның  лирикалық  кейіпкері  де  таң  атуын  дәл  осылай  елесте-
теді.  Екі  ақын  шығармаларынан  ортақ  көрініс,  сурет  орайластығын  аңға-
руға  болады.  Мұқағали  жырлаған  таң  суретін  М. Айтқожина  былай 
кестелейді:  «Таң  атарда  шығыс  жанын  алаулар,  //  Алаулардан  оралғандай 
аяулы  ар  //  Алатаудың  шыңдарынан  аспанға  //  Желбіреген  өрттей  қызыл 
жалаулар»  [139,  243].  Таң  бейнесі  К. Ахметова өлеңдерінде жиі кездеседі. 
Лирикалық  кейіпкер  табиғат  көрінісіне  сүйсініп,  таңданып,  көріністі 
байқаушы  ретінде  танылады.  Мысалы:  «Қандай таң, тамылжыған, жарқы-
раған, // Гүлдердің жұпар иісі бұрқыраған...» тармақтары лирикалық «мен» 
сезімін аша түседі.  
Поэзияда  жиі  жырланатын  тақырыптардың  бірі  –  бұлт.  Оны  әр 
ақынның  өзінше жырлайтындығын ескерсек, бұлттың түрлі көрінісіне тап 
боламыз.  С. Мәуленов,  К. Салықов,  И. Сапарбайдың  бұлтқа  арнаған  жыр-
ларына  үңілсек,  жекелеген  ізденістері  мен  сурет  орайластығын  көреміз. 
С. Мәуленовтің:  «Қап-қара  бұлттар  қора-қора  қойлардай,  //  Көк  –  суретші 
көрмеге оны қойғандай» [91, 230], – деп әдеттегі бұлтты күнгі аспанды көз 
алдына қора-қора қойға теңеу арқылы елестетсе, ақын К. Салықов әдеттегі 
емес, ерекше бұлтты былай бейнелейді: «Ұялшақ қыз дидары сияқтанған, // 
Қызыл бұлт ұшырады назарыма» – деп ақын бұлтты ұялшақ қыз дидарына 
теңесе,  әрі  қарай  «Арайға  күрең  қызыл  толған  нұрлы,  //  Тастайды  жібек 
желкен  бейқам  кімді»  [140,  96]  –  деуінен  көріністің  лири-калық  кейіпкер 
сезіміне әсер етуін, оған сүйсінуін байқаймыз. 
Жиі  жырланатын  табиғат  бейнелерінің  бірі  –  жаңбыр.  Жаңбырдың 
да  түрлі-түрлі  жауатыны  тәрізді  ақын  өлеңдерінде  де  түрліше  көрініс 
береді.  Мәселен,  С. Мәуленов  таң  алдындағы  жаңбыр  туралы:  «Найза-
ғайын  тауға  қадап,  //  Таң  алдында  жауыпты  бұлт.  //  Жаңбыр  иісі  қанға 
тарап, // Алды мені сауықтырып» [91, 232] – дейді. Жаңбырдың қалай жау-
ғаны  суреттелмей,  тек  ол  жауғаннан  кейінгі  жаңбыр  иісінің  қанға  тарап, 
сауықтыруы  арқылы  лирикалық  кейіпкер  сезімін,  көңілінің  рақат  табуын, 

 
77 
жаңбырды  сонша  ұнатуының  куәсі  боламыз.  Жаңбырды  суреттегенде  де 
лирикалық  кейіпкердің  сол  көрініске  деген  ішкі  сезімін,  сырын  ұғу  қиын 
емес. Мысалы: «Жаңбырлы күні жас шалғын, // Саусағын созар тамшыға, // 
Қынасы  көпсіп  тастардың,  //  Жауынға  жатар  малшына».  Ақын  Д. Қанат-
баев  бейнелеген  «Ақ  жаңбыр»  өлеңінде  де  жаңбырдың  жаууы  көрінбейді, 
тек  лирикалық  «мен»  сезімі  мен  бағалауы  беріледі:  «Сен  зәмзәмсің,  сен 
жақұтсың,  //  Періштесің  ақ  тәнді.  //  Сен  –  жақсылық,  сен  бақытсың,  // 
Қағып тұрған қақпамды» [115, 96]. Лирикалық кейіпкер жаңбырды сонша 
ұнатып  оны  періштеге  де,  жақұтқа  да,  зәмзәмға  да  балайды,  сол  арқылы 
өзінің  ішкі  ойын,  сезімін  жайып  салады.  Жаңбыр  бейнесін  танытарлық 
Қ. Мырзалиевтің  бірнеше  өлеңі  бар.  Ақынның  лирикалық  кейіпкері  таби-
ғат  көрінісін  адамнан,  адам  тұрмысынан  тыс  қарамайды.  Табиғаттан  не 
көрсе  де,  оны  жандандыра  бейнелейді:  «Шабан  бұлттың  //  От  қамшы  // 
Шымбайына  батады  //  Тасқа  тиіп  бір  тамшы,  //  Жүз  тамшы  боп  жатады» 
[138,  171].  Бұл  –  лирикалық  кейіпкер  қиялы  мен  бақылауынан  туған 
көрініс.  Келесі  бір  «Сел  жаңбыр»  [136,  59]  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер 
қиялы  мен  топшылауы  қатар  беріледі.  Мысалы:  «Жатыр  ма  бұлт  ыстық 
күннен  өш  алып,  //  Жөңкиді  арық  толқындарға  шашалып».  Ақын 
жаңбырдағы  су  молдығын  «шашалып»,  тез  ағуын  «жөңкиді»  сөздері 
арқылы  шебер  суреттейді.  Жаңбырдың  мол  жаууын  бейнелеген  «Алматы 
жаңбыры»  [138,  275]  өлеңінде  «Асфальттың  екі  езуі  көбіктеніп»  деп  аз 
сөзге көп мән сыйғыза, дәл бейнелейеді. 
Жаңбырдан  кейін  шығатын  кемпірқосақ  та  –  ақындардың  шалқар 
шабытын  оятатын  мәнді  тақырып.  Ақын  С. Мәуленов  қала  үстіндегі  кем-
пірқосақты  былай  бейнелейді:  «Кемпірқосақ  керіліп,  //  Тұрды  үстінде 
қаланың // Сәуледен өрнек өріліп, // Үйірді көз жанарын» [91, 282]. Лири-
калық  кейіпкердің  сұлу  суретке  көз  жанары  үйірілгенше  қарауынан 
табиғатқа сүйсінуін байқаймыз. Ақын К. Салықовтың лирикалық кейіпкері 
де өз сезімін жасырмайды, қиялға еркіндік береді: «Кемпірқосақ сүйсе көк 
мұз  сағасын,  //  Жадырайсың,//  Бір  серпіліп  қаласың..  Ол  аз  ба  еді,  //  Іліп 
алды  бір  кезде,  //  Доғасына  күннің  алтын  шарасын»  [140,  31].  Әдеттегі 
табиғат суретін лирикалық «мен» қабылдауына сай бейнелеуін көреміз. 
Ұлттық  поэзияда  дала  бейнесі  назардан  тыс  қалмаған.  Қазақ  дала-
сының  бүкіл  сипаты  сол  өлеңдердің  бойынан  көрінеді.  С. Мәуленов  дала-
ны дара алмай, ондағы ауа, жел, ай, т.б. бір-бірімен байланыста, тұтастық-
та  суреттейді:  «Тыныш  еді  у-шусыз  дала  қандай, // Құйылады кеудеге ауа 
балдай. // Күміс ай сәулесімен күлімдетіп, // Дала желі шашымды тараған-
дай» [91, 219]. Мұнда да лирикалық кейіпкер қиялы сезіммен қатар өріледі. 
Дала  бейнесі  жанға  жайлы,  тыныш  қалыпта  танылады.  Ақын  К. Салықов 
«Дала  дидары»  өлеңінде  табиғаттың  бір  сәткі  көрінісін  емес,  даламыздың 
әр  жыл  мезгілін,  түні,  күні,  жұлдызын,  көлі  мен  тауын,  тұлпарлары  мен 
сұңқарларын,  т.б.  мақтаныш  сезімімен  келісті  де  әсерлі  елестетеді.  Ақын 

 
78 
Ф. Оңғарсынова  даланың  қолайсыз  кезеңін  былай  суреттейді:  «Қарсыз 
дала.  Ызғырық.  //  Қара  суық.  Қатқақ  жер.  //  Жүргіз-бейді  түзде  ұлып  // 
Маңдайыңнан жасқап жел». [132, 80]. Автор алдымен баяндау әдісі арқылы 
дала  сипатын  танытса,  кейінгі  тармақтарда  оны  дәлелдей  түседі.  Келесі 
өлеңінде дала бейнесі өзен, талдарымен, адамда-рымен тұтас бейнеленеді. 
Ақын К. Салықовтың «Дала дидары» өлеңімен ұқсас келеді: «Біздің мынау 
даланы-ай  //  Өзен,  өріс  жағалай,  талдары  да  –  қарағай;  //  Дала  біткен 
ағадай...»  Лирикалық  кейіпкер  көңілінен  мақтаныш  сезімі  еседі.  Дала 
бейнесі  Т. Айбергеновтің  бірнеше  өлеңдерінен  көрінеді.  «Дала»,  «Далада» 
«Дала  кешіндегі  көрінісі»  т.б.  «Далада»  өлеңінде  лири-калық  кейіпкер  – 
табиғатқа  сүйсінуші,  одан  сыр  аулаушы,  қызыға  бақы-лаушы:  «Айна  көл 
тұнып тұрған шарадағы, // Қымызды көз алдыңа келтіреді, // Ұялшақ сәби 
талдың  жағадағы  //  Етегін  гулеп  ойнап  жел  түреді»  [109,  24].  Ұлттық 
сипатта  бейнеленген  табиғат  суреті  әрі  лирика-лық  кейіпкер  қиялымен 
қатар  өріледі.  Ақын  Д. Қанатбаев  өлеңдерінде  дала  бейнесі  жазық, 
батыргөй  дала  сипатында  танылса,  енді  бір  өлеңінде  «Дала  жонын  аптап 
жел  ысқылады»  [115,  78]  деп  жандандырыла  суретте-леді.  Лирикалық 
кейіпкер  де  –  әдеттегідей  байқаушы,  қызықтаушы.  С. Мәуленов, 
К. Салықов,  Ф. Оңғарсынова,  Т. Айбергенов,  Д. Қанатбаев  тәрізді 
М. Айтқожина  да  туған  даланың  көрінісін  сағынышпен,  отты  сезіммен 
жырлайды:  «Ару  дала,  ақ  дала,  дарқан  дала  //  Нұр  –  шашың  ба  өрілген 
арқаңда  ана»  [139,  134]  –  деген  тармақтарынан  лирикалық  кейіп-кердің 
ішкі сезімі, сүйсінуі аңғарылады. Ұ. Есдәулет өлеңдерінде де дала бейнесі 
өзіндік  өрнекке  ие.  Ол  да  негізінен  ұлттық  сипатта,  жанды  адам  кейпінде 
суреттеледі.  Лирикалық  кейіпкер  табиғат  көрінісін  қызықтаушы  ретінде 
көрінеді.  Мәселен:  «Өбуге  осы  өлкені  асығады  //  Көзін  күн  көкжиектен 
тырнап  ашса»  –  десе,  әрі  қарай  теңеуді  шебер,  әсерлі  қолданады:  «Ойнап 
жүр  күннің  өзі  кең  далада,  //  Қазақтың  қойшысының  баласындай»  [139, 
74].  Ақынның  лирикалық  кейіпкері  даладан,  табиғаттан  не  көрсе  де, 
қазақтың өзінен, тұрмысынан, іс-әрекетінен, т.б. ұқсастық табады. 
Тау  бейнесі,  оның  зейнетті  де  бедерлі  көрінісі  ақындар  шығарма-
ларында  шебер  суреттеледі.  Мәселен,  ақын  С. Мәуленов  тауды  бар  сыр-
сипатымен  танытады:  «Жай  оты  жарып  шынарын,  //  Жуылған  селмен 
арқасы. // Жасырып өлген қыранын, // Күңіренген көрден әр тасы» [91, 238] 
–  деп  лирикалық  кейіпкер  оның  ішкі  сырына  үңілтсе,  келесі  бір  өлеңінде 
«Жарқыраған  басында,  //  Қардан  аппақ  сәукеле»  –  деп  жанды  бейнеде, 
ұлтық  болмыста  суреттейді.  Сол  таудың  көптігін,  орналасуын  да 
лирикалық  кейіпкер  «Керуен  тартқан  тау  көші»  тармағы  арқылы  ұлттық 
сипатта  көзге  елестетеді.  М. Мақатаевтың  лирикалық  кейіпкері  де  тау 
көрінісінен  өзінше  сыр  аулайды.  Мысалы:  «Бұлттан  бұйда  тағынып,  // 
Көктен көрпе жамылып, // Таулар жатыр ақырып // Сапарларын сағынып» 
[97,  135].  Лирикалық  кейіпкер  қиялға  ерік  бере  көріністі  жандандыру 

 
79 
арқылы  шебер  бейнелейді.  Оны  тіпті  «Ана  –  жердің  төсіне,//Алып  сәби 
жармасқан»  деп  әсерлі  елестетеді.  Тау  бейнесін  жырға  қосқанда  ақын 
Қ. Мырзалиев  негізінен  Алатауды  бейнелейді.  Терең  талғамға  құрылған 
теңеулері  мен  ауыстырулары  оқырман  назарын  аудартады.  Мысалы: 
«Жігерлі өзен – аққан күре тамыр ма? // Жота-жалың – кен көмілген қабыр 
ма?  //  Өркеш-өркеш  тастарың  //  Тістесіп  //  Қатып  қалған  әлде  ихтиозавр 
ма?»  [138,  172]  –  деп  лирикалық  кейіпкер  тау  ерекшелігін  ашып,  әсерлі 
суреттер  елестетеді.  Келесі  бір  «Алатау»  өлеңінде  ақын  тау  биіктігін  бы-
лай  танытады:  «Біраздан  соң  адамдардың  қараған  //  Басы  айналып  кетері 
бар  теңселіп».  Баяндау  жоқ,  есесіне  сырлы  сурет  өлеңді  сұлуландыра 
түседі.  Лирикалық  кейіпкер  сол  сұлулыққа  сүйсіне,  сабырсыздана,  сыр 
аулай  қарайды.  Ақын  Д. Қанатбаевтың  лирикалық  кейіпкері  де  Алатауды 
аса үлкен мақтаныш сезімімен суреттейді: «Тұра бер бұлттан түтін будақ-
татып,  //  Қазақтың  шаңқай  аппақ  отаулары»  [115,  18].  Екі  тармақтың  өн 
бойына  таудың  биіктігі,  түсі,  рең-ажары  сыйып,  ұлттық  сипатта 
бейнеленеді. 
Табиғат бейнелері ішінде жыл мезгіліне қатысты: жаз, күз, қыс, көк-
тем,  уақыт  мезгіліне  қарай:  түн,  кеш,  таң  бейнелері,  табиғат  құбылыста-
рынан:  жаңбыр,  кемпірқосақ  бейнелері,  сонымен  қатар  тау,  бұлақ,  теңіз, 
дала  бейнелері  қарастырылды.  Бұлардан  басқа  да  поэзияда  қаншама 
табиғат  бейнелері  бар.  Солардың  басын  қосып,  жүйеге  келтіру  –  алдағы 
күн міндеті. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Қазақ  лирикасындағы  табиғат  бейнелерінің  зерттелуін  шетел  әдебиетімен 
салыстыра отырып саралаңыз. 
2. Жыл  мезгілдерінің  (қыс,  көктем,  жаз,  күз)  суреттелуін  ақындар  өлеңдері 
негізінде салыстырып талдаңыз. 
3. Наурыз,  сәуір  айларының  бейнесін  ашарлық  ақындар  өлеңдерін  оқып, 
талдаңыз. 
4. Ең  жиі  суреттелетін  тәулік  мезгілдеріне  арналған  өлеңдерді  тауып, 
ақындардың бейнелеу шеберліктеріне назар аударыңыз. 
5. Жаңбыр, 
кемпірқосақ 
бейнелерінің 
ақындар 
шығармашылығында 
қаншалықты көрініс табатындығын саралаңыз. 
6. Тау, дала, бұлт бейнелерін ақындардың суреттеудегі ерекшеліктерін талдаңыз.  
 

 
80 
ІІІ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК 
 
3.1 Айқындаудың табиғат лирикасындағы қолданысы 
Табиғатты,  оның  көріністері  мен  құбылыстарын  бейнелеуде  айқын-
даулардың орны ерекше. Айқындаулар сөзге әр беріп, ажарландырып, реңк 
үстеп,  сәуле  шашып,  оқырман  сезіміне  ерекше  әсер  береді.  Қазақ 
әдебиеттану ғылымында айқындауды А. Байтұрсынов [15] көріктеу, лақап-
тау  деп,  олардың  түрлерінен  мысалдар  келтірсе,  кейін  Қ. Жұмалиев, 
З. Ахметов т.б. көңіл бөлген. З. Қабдолов айқындау, яғни эпитет деп «зат-
тың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз» [20, 
209]  деген  анықтама  береді.  Р. Сыздықова  «Эпитет  адамның,  заттың,  құ-
былыстың  бір  белгісін,  сырын,  қасиетін  атап  көрсететін  сөз,  бірақ  осы 
қызметте  келетін  жай  анықтауыш  сөзден  эпитеттің  айырмасы  бар»  деп 
эпитет пен анықтауыштың айырмашылығын нақты мысалдармен көрсетсе 
[142,  23],  С. Негимов  айқындаулардың  сын  есім  арқылы,  тавтологиялық 
жолмен, тұрақты, күрделі, әсірелеу арқылы, авторлық жолмен жасалатын-
дығын көрсетеді [143]. 
Айқындаулардың  түрлеріне  келсек,  Р. Сыздықова  айқындаулардың 
тұрақты,  тұрақсыз,  тавтологиялық  (көп  қайталанатын,  үйреншікті),  мета-
форалық,  синкреттік  түрлерін  атап  көрсетеді  [142].  С. Негимов:  «1)  ішкі 
рухани  өмірге;  2)  еңбек  құралдарына,  қару-жарақтарына,  адамдардың  іс-
әрекеттеріне;  3)  жер-суға,  өлкеге;  4)  түр-түске,  сапаға;  5)  эстетикалық  си-
патқа;  6)  жылдамдыққа,  өлшемге;  7)  есту  сезімдеріне  байланысты  айқын-
даулар» дейді [143, 12]. 
Айқындаулар  туралы  орыс  әдебиетінде  де  ғалымдардың  арнайы 
зерттеу еңбектері бар. А.А. Потебня өзінің «Теориялық поэтика» еңбегінде 
«Құбылтудың  күрделі  түрлерінің  бірі  –  айқындау.  Кең  мағынасында  бел-
гілі  бір  түсінікті  анықтайтын,  сипаттайтын,  танытатын  кез-келген  сөз 
айқындау  болады.  Осыған  байланысты  кез-келген  сын  есім  де  айқындау 
болады.»  [2,  217],  –  десе,  А.Н. Веселовский  «Тарихи  поэтика»  кітабында 
«Эпитеттер  тарихынан»  деген  бөлім  арнайды  [144,  12],  ал  ғалым 
Г.А. Абрамович  эпитеттерді  өзінің  мазмұнына  қарай  бейнелеуіштік  (изоб-
розительные) және лирикалық деп екіге бөледі [145, 12]. 
Жаратылысынан  табиғатпен  жақын  қазақ  халқы  ойлағанда,  сөй-
легенде де, табиғаттан қол үзіп кете алмайды. Табиғат көріністері мен құ-
былыстарын  суреттеуде  айқындаудың  қызметі  ерекше.  Олардың  табиғат 
лирикасындағы  өміріне  зер  салғанда  ақын  С. Мәуленов  шығармашы-
лығына  тоқталудың  маңызы  зор.  Ақын  өз  шығармаларында  айқындау-
ларды  жиі  әрі  дәстүрлі,  тұрақты  болып  кеткен  түрлерін  еркін  пайда-
ланады. Мысалы: «Жүйткиді жел кең далада» [128, 297], «Ақ бидай мөлдір 
тамшыдай»  [128,  342],  «Көрінеді  күміс  боп,  //  Қырымның  аппақ  қайыңы» 
[128, 251], «Асқар таудың ақ ордалы үйіне» [128, 217], «Қара тастың бойы 

 
81 
балқып» [128, 218] т.б. тармақтарынан көрінетін кең дала, ақ бидай, аппақ 
қайың,  асқар  тау,  қара  тас,  айдын  көл  қолданыстары  тілімізде  тұрақтаған 
айқындаулар. 
Ақынның  табиғат  лирикасында  эпитеттер  қайталана  қолданылу 
арқылы  суреттелініп  отырған  образдың  бояуын  күшейтіп,  кейде  оқырман 
назарын  рең  әсемдігіне  аудартуда  кездеседі:  «Боз  төбелерге,  боз  көделер-
ге» [128, 339], «Ақ самайлы, ақ қарлы» [128, 352], «Боз даланы, боз таңға, 
боз торғай болып шаншылып» [128, 332], «Ақ мұхит, ақ түн, ақ гүл» [128, 
368], «Кент тауына кетіп бара жатырмыз, // Сары дала, сары самал, салқын 
күз»  [128,  164],  «Қызыл  бұлты  қызыл  тудай  желбіреп»  [128,  253],  «Боз 
даланың  буалдыр  тозаңындай,  //  Бұлдырайды  боз  бұлттан  бозарып  ай.  // 
Бозша  қыстың  бүркеген  боз  қырауы,  //  Боз  бұтақтар  боз  саусақ  созады 
жай» [128, 293]. Үзінділерден ақынның табиғатты, айналаны қабылдауын-
дағы  бояу  түрлішеліктері  көрінеді.  Ақ,  сары,  қызыл  түстерге  қарағанда 
автордың боз қолданысын жиі қайталайтындығы да назар аудартады. Бірде 
боз төбе, боз көде болса, енді бірде боз дала, боз таң, боз торғай деп, тіпті 
боз  бұлт  бозарған  ай,  бозша  қыз,  боз  қырау,  боз  бұтақ  деп  суреттейді. 
Бұндай  қолданыстар  өлеңді  бозартып  тұрған  жоқ,  автордың  қабыл-
дауымен  қатар көңіл аудартқысы келген рең, бояу келістілігін,  лирикалық 
кейіпкер сезімін байқатады.  
С. Мәуленовтің  табиғат  лирикасында  етістік  тұлғалы  эпитеттер  де 
кездеседі. Эпитеттердің сын есімнен басқа есімше, көсемше тұлғалы болып 
келетіндігін ғалым Қ. Жұмалиев айтып, мысалдарман дәлелдесе [16], кейін 
әдебиет  теоретиктері  З. Ахметов  [146],  З.Қабдолов  [20]  эпи-теттің  бұл 
түрлерінен  мысалдар  келтіреді.  Ал  зерттеуші  Р. Сыздықова  «Етістіктің 
есімше тұлғасының эпитет болып келуі дау туғызбайды, өйткені есімшелер 
есім  орнына  қолданыла  береді.  Ал  көсемше  тұлғалар  мен  ашық  райдағы 
етістіктерді  эпитет  деп  санауға  келгенде,  пікір  таластыруға  тура  келеді» 
[142, 32] дей келіп, Қ. Жұмалиев ұсынған мысалды (Мәз болады болысың, 
//  Шелтірейтіп  орысың,  //  Шенді  шекпен  жапқанға)  келтіреді.  «Бірақ  бұл 
эпитет емес, әсерлі, бояулы етістіктің стильдік мақсатта қолданылуы болып 
табылады» [142, 32], – дейді. 
С. Мәуленовтің  табиғат  лирикасында  есімше  тұлғалы  эпитеттер  де 
өзінше өрнек тапқан. Мысалы: «Көктемнің уылжыған уыз күні» [128, 251]. 
Табиғатты  суретттеуде  жалғыз  ғана  бұлт,  жел,  дала  т.б.  сөздерінің 
өзін  дара  қолдану  әсерсіз,  құрғақ  екендігі  белгілі.  Осы  ретте  айқындау-
ларды шебер қолдану, біріншіден, ақынның тіл байлығын, сөздік қолданы-
сын,  қорын  аңғартса,  екіншіден,  суреттелініп  отырған  көріністі  ажарлан-
дыра,  көркейте  түседі.  Мысалы:  «Бурыл  бұлттан  //  Киіп  алған  бөрікті» 
[128, 59], «Қызыл бұлты қызыл тудай желбіреп» [128, 253], «Соңғы сәуле 
бояды ақша бұлттарды» [128, 278], «Күздің қою басып» [128, 283], «Бұл-
дырайды  боз  бұлттан  бозарып  ай»  [128,  283],  «Басында аспан  ақ бұлты // 

 
82 
Жетісу  жері  көкпеңбек»  [128,  296]  немесе  тауға  қатысты  «Көк  таулар, 
кербез таулар, күмбез таулар,//Алдымда шертіп жатыр сырын бүгін» [128, 
255], «Көгілдір тау ақ көбікпен жуынып» [128, 302] т.б. 
Ақын  шығармаларында  бір  заттың,  нәрсенің  немесе  құбылыстың 
ерекшеліктерін бір сөзбен емес, үстемелете, үдете екі не үш сөзбен айқын-
дау,  яғни  күрделі  айқындауларды  кездестіреміз:  «Ұсақ  балапан  жаңбыр-
лар, // Мөлдір жаңбырлар, // Теректерге жауды да кетті» [128, 76], «Өзінің 
жасыл желек жас аруын, // Оқжетпес күзетеді бағып сырттан» [128, 255]. 
Жаратылысынан  табиғатпен  жақын  қазақ  халқын  табиғаттан  бөліп 
қарау мүмкін емес. Халқымыздың бейнелі ойлауынан табиғатынан да тыл-
сым  жаратылыспен  табиғи  жақындығы  аңғарылып  тұрады.  Мәселен, 
С. Мәуленов  қолданысындағы  «Айдынды  көлдерден  //  Шалғынды 
жерлерден  //  Жем  іздейді  асығып»  [128,  339]  дегенде  көлі  айдынды,  жері 
шалғынды  боп  суреттеледі.  Яғни  айқындаудың  нысанасы  көл,  жер  болса, 
оның бейнелері де табиғаттан алыс кетпейді, олар айдын, шалғын арқылы 
көрінеді. 
Табиғатты суреттеулердегі айқындаулар арқылы ұлттық сипат та та-
нылып отырады. Ақынның тау ерекшелігін бейнелеген «Енесіне ентелеген 
ботадай  // Етегіне // Тас төбелер шөгіпті» [128, 59] тармақтарында келісті 
көрініс  бар.  Эпитетті  теңеу  арқылы  көрінген  түйе  баласы  қазақ  ұғымына 
қанша жақын болса, сурет жалғастығын тапқан төбелердің «шөгуі» де сол 
ұғымнан алыс кетпейді. 
Табиғат  пен  адам  тығыз  байланысты  болғандықтан,  поэзияда 
табиғатты  суреттеулерде  көбіне  айқындаудың  нысанасы  табиғат  болса, 
оның бейнесі адам, адамға тән мінез-құлық болады. Мәселен, тауды сурет-
кер «Келіншек тау // Май айында көрікті» [128, 54], «Жатады тәкаппар тау 
тас  жастанып»  [128,  298]  деп  бейнелейді.  Сол  арқылы  май  айындағы 
таудың тамаша, әсем көрінісі мен биіктігін, тіктігін жайып салады. 
М. Мақатаев  табиғатты  суреттеуде  өзге  көркемдік  тәсілдер  сияқты 
айқындауды да шебер қолданған. Белгілі бір құбылыстың, не заттың ерек-
шелігін ашу үшін ақын оларды ұтымды жұмсайды. Бұлт, аспан бейнелерін 
сипаттаған  тармақтарға  үңілейік:  «Жылайды  да  тұрады  жылаңқы  бұлт,  // 
Бара жатыр не болып ауа райы» [97, 331], «Алба-жұлба ақша бұлттар жа-
рысқан, // Таулар әне ұйықтап кеткен данышпан» [97, 53], «Тау басына та-
маша бұлттар шөккенде, // Ұшырып бұлтты ескен жел алып кеткенде» [97, 
87],  «Шыңылтыр  аспан  шытынап,  //  Шытынап  сына  жаздайды»  [97,  34], 
«Тап-таза аспан тұп – тұнық» [97;66]. Өлең үзінділерінен байқасақ, аспан, 
бұлт  бейнелері  әр  түрлі:  «жылаңқы  бұлт»,  «алба-жұлба  бұлт»,  «тамаша 
бұлт»,  «шыңылтыр  аспан»,  «тап-таза  аспан  тұп-тұнық».  Мұндағы  қолда-
ныстардың барлығы бұлт пен аспанның ерекшелігін ашуға бағытталған. 
Осы тәрізді дала бейнесі де түрлі айқындаулармен өрнектелген: «Боз 
далам,  күрең  далам,  жасыл  далам,  //  Кісі  емес  саған  келіп,  бас  ұрмаған» 

 
83 
[97, 97], «Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім» [97, 
40].  Аңдасақ,  «дала»  сөзіне  қатысты  айқындаулар  бір-бірін  қайталамайды, 
әрқайсысы өз көріктеуішімен сәнді қиюласып, сұлу сурет жасаған. Бірі рең 
әдемілігін,  ажарын  білдірсе,  екіншісі  көлемін,  аумағын  елестетеді.  Осы 
тәріздес  айқындаулар  өзге  де  табиғат  бейнесіне  қатысты  қолданылады. 
Мысалы:  «Қасқа  бұлақ,  //  Тастан  құлап  //  Бара  жатыр  шапқылап»  [129, 
155].  Ақын  бұлақты  «қасқа»  деуінде  белгілі  бір  әсемдік  орын  алса,  лири-
калық  кейіпкердің  қабылдауына  қарай  оның  «құлап»,  «шапқылап»  бара 
жатуынан  лирикалық  кейіпкерге  тән  ширақтық,  жылдамдық  аңғарылады. 
Табиғатты  бейнелейтін  ендігі  бір  өлеңінде  әр зат, нәрсе өз айқындауымен 
шебер  кестеленген:  «Жап-жасыл  шөпке  шық  тұрып,  //  Сап-салқын  ауа 
жұттырып,  //  Айнала  тегіс  тып-тынық»  [97,  66].  Өлең  құрылымы  тегіс, 
ұйқасы жұмыр, өрнегі кестелі, басы артық сөз жоқ. 
Ақын М. Мақатаев өлеңдеріндегі айқындаулар жылтырақ, бояма сөз-
дер  емес,  тереңінен  сүзіп  алған  асылы,  ақын  тілінің  қаймағы  десек  артық 
айтқандық емес. 
Айқындаулар ақын К. Салықовтың табиғат тақырыбындағы туынды-
ларында  да  мол.  Сөз  айналымында  дәстүрлі  болып  қалыптасып  кеткен 
айқындауларды  К. Салықов  та  еркін  қолданады:  «Қайтқан  құстар  айдын 
көлге қонады» [140, 36], «Ақ қайың жапырағы алтын сары // Теректің үсті-
басы  мыстаныпты»  [140,  60],  «Шалқар  белден  //  Шалқып  өтші  тағы  да» 
[140, 79], «Самал желдің сал кекілін тарадым» [140, 295] т.б. 
Суреткер тілінде айқындаудың күрделі түрлері келісті көріністі бей-
нелеуде  шебер  қолданылады.  Мәселен,  «Ақ  маңдайлы  таң  да  атты»  [140, 
52],  «Саумалкөл  айқын көкшіл ніл болыпты», «Өзім дағы  гүлқанат самал 
желден // Кәусар жұтам // Жерұйық қоңыр белден» [140, 68], «Па, шіркін! 
Шалқар  көк  теңіз»[140,  84],  «Жер құтылды  қаңтарлы кәрі қыстан» [140], 
«Жарқырайды  ақ  күміс  ару  толқын»  [140,  296],  «Сұлу  шың  сұңғақ  бойлы 
керім-кербез, // Өзге тау ондай нәзік сезім бермес» [140, 74]. 
Ақынның  табиғатты  суреттеулерінде  айқындаудың  етістікті  түрлері 
де орын алады. Бұлар да сурет зейнеттілігін туғызуға өзінше қызмет етеді: 
«Балбыраған  ақ  науаттар  //  Аңқыған  иісі  қайтып,  гүл  солыпты»  [140,  69], 
«Сыңсыған  сыбызғымен  сыбырласып,  //  Жезкиік  жылы  жаққа  кетем  дей-
ді» [140, 60], «Күн сүйген ақ қар жарқырап» [140, 246]. 
К. Салықовтың  бар  шығармаларын  емес,  тек  табиғатқа  қатысты 
туындыларын  жеке  алып  қарастырғанның  өзінде,  ақынның  өзіндік  сөз 
саптаулары  оқырман  назарын  аудартады.  Сондай  қолданыстардың  бірі  – 
айқындаулар. Мысалы: «Май бөксе бұлттар // Тұтасып алды шілдеде» [140, 
106],  «Сабалақ  жаңбыр  //  Саябыр  таппай  көп  жауды»  [140,  106],  «Құлын 
тұяқ  жұлдыздар,  //  Құйғытса  биік  аспандап»  [140,  192],  «Шы-мылдық 
бұлттар  жасырар»  [140,  246],  «Сарыарқаның  уыз  желін  Тянь-Шані 
жұтқандай»  [140,  301],  «Көкірекке  берер  жыр  құйып,  //  Үкілі  бөрік»  [140, 

 
84 
248] т.б. Мысалдағы «май бөксе бұлттар» тіркесі бұлттардың көлемділігін, 
пішінін  жайып  салса,  «сабалақ  жаңбыр»  қолданысы  жаңбырдың  жауу 
ерекшелігін  т.б.  айқындаса,  соңғы  екі  мысалдағы  айқындаулар  келісті 
сурет  айнасы  болумен  қатар  ұлттық  сипатты  да  аңғартады.  Малмен 
табиғаты жақын қазақ үшін уыз қандай таныс болса, «уыз жел» қолданысы 
да сондай әсерлі. Тянь-Шаннің де «үкілі бөрікті» болуы айқындауға ұлттық 
бояу, өрнек қоса түседі. 
Ақын  Қ. Мырзалиевтің  пейзажды  суреттеулерінде  де  айқындаулар 
мол қолданысқа ие. Жалпыхалықтық қолданысқа еніп, қалыптасып кеткен 
айқындаулардың  суреткер  тілінде  кездесуі  заңды.  Мысалы:  «Боз  дала, 
құшағыңды  аш, қозың келді» [130, 29] тармағындағы «боз дала» тіркесі  – 
халық  тіліне  сіңісіп  кеткен  дәстүрлі  айқындау.  Суреткер  осы  айқындауды 
бір  шумақ  бойында  бірнеше  қайталай  қолдану  арқылы  өзінше  құбылтып, 
бейнеленіп  отырған  көріністің  рең  әдемілігіне  оқырман  назарын  аудар-
тады:  «Боз  жусан,  боз  көделі,  боз  даладан»  [130,  29],  «Боз  жорға,  боз 
інгенді, боз торғайлы // Боз дала, ием саған боз басымды» [130, 29]. Ақын 
бір сөзді тармақ, шумақ бойында бірнеше пайдаланса, кейде қайталама қос 
сөз  негізінде  де  айқындаулар  жасайды.  Мысалы:  «Текше-текше  таудың 
жүгін  кім  жиды?»  [130,  39],  «Сеңгір  -сеңгір  бұлттарды  жарып  өтіп»  [130, 
41]  т.б.  Осы  тәріздес  қосарлама  қос  сөз  арқылы,  әсіресе,  күшейтпелі 
буынмен жасалған түрлері кездеседі: «Қап-қара бұлт // қат-қабат бұлт түк 
емес,  //  Ашық  болса заманыңның қабағы» [130, 40], «Шетсіз-шексіз теп-
тегіс  сол  далада  //  Пайда  бола  қалыпты  теңіз  бүгін»  [130,  31].  Бір  сөздің 
бірнеше  қолданылып  және  қос  сөз  арқылы  жасалған  айқындаулар  өлең 
ырғағына,  суреттің  әсерлі  қабылдануына  өзінше  қызмет  етсе,  екіншіден, 
лирикалық кейіпкер талғамын танытады. 
Айқындаулар  ақынның  сөз  саптау  шеберлігін,  сөздік  қорының  бай-
лығын,  молдығын,  бір  сөздің  өзіне  түрлі  айқындауды  тіркестіре  қолдану 
арқылы  сол  суретке  түрліше  реңк,  оқырманға  ерекше  сезім,  әсер  дары-
татындығын байқауға болады. Қадыр Мырзалиевтің әдеттегi көрiнiстерден 
үлкен  ой,  сырлы  сезiм  өре  бiлетiнiн  дәлелдеу  үшiн  оның  бiр  ғана  «бұлт» 
сөзiн  қолданған  үлгiлерiн  жинақтап  қарастырып  көрейiк:  «Селдiреу  бұлт-
тар көктегi // Сетiнеп кете жаздап тұр» [138, 23], «Қап-қара бұлт негрдей // 
Ақ жаңбыр боп жауып тұр» [138, 24], «Атыраптың алқына алған демiндей // 
Ақша  бұлттар  ауада  ерiп  //  Бара  жатыр  көрiнбей»  [138,  163].  «Жағалай 
жабағы бұлт түте-түте, // Жатқандай киiз басып байтақ аспан» [138, 166], 
«Шабан  бұлттың  //  От  қамшы  //  Шымбайына  батады»  [138,  171],  «Шың-
дарына  ақ  бұлт  қонып,  //  Шыға  алмаған  киiк  те»  [138,  190],  «Күн  көзiне 
тұрады  олар  кептiрiп  //  Мама  бұлттар  су-су  қылған  иығын»  [138,  341], 
«Қазбауыр бұлт бөлек ұшып // Көлеңкесiн өттi малып» [138, 354], «Желге 
мiнiп азанда // Желбегей бұлт ауады» [138, 356], «Шөкiм бұлттар тұрады, // 
Шуақ  күнi-ақ  сiркiреп»  [138,  356],  «Зеңгiр  көкке тұмса бұлт топталады, // 

 
85 
Зеңбiрегi  аспанның  оқталады»  [138,  407],  «Борар  болса  аспанның  құм 
дауылы, // Баса алмайды сараң бұлттың жауыны» [138, 393], «Сеңгiр-сеңгiр 
бұлттарды  жарып  өтiп,  //  Самғап  ұшар  жастықтың  әрi  кетiп  қалғаны  ма» 
[138,  27],  «Бiр  кездегi  аспанның  алып  тоны,  //  Бұйра-бұйра  ақ  бұлттар 
қалыпты  оңып»  [138,  55],  «Көргенде  ала  шабыр  отар  бұлтты  //  Көзiме 
ақтылы қой елестейдi» [138, 279], «Қызыл қоңыр бұлты да, // Құм сияқты 
көшедi» [138, 351]. 
Ақын шығармаларындағы «бұлт» сөзiнiң өзi селдiреу бұлт, қап-қара 
бұлт,  ақша  бұлт,  жабағы  бұлт,  шабан  бұлт,  ақ  бұлт,  мама  бұлт,  қазбауыр 
бұлт,  желбегей  бұлт,  шөкiм  бұлт,  тұмса  бұлт,  сараң  бұлт,  сеңгiр-сеңгiр 
бұлт,  бұйра-бұйра  бұлт,  ала  шабыр  отар  бұлт,  қызыл  қоңыр  отар  бұлт 
болып кездеседi.  
Қ. Мырзалиевтің табиғатты суреттеулеріндегі біз келтірген үзінділер 
–  ақынның  бар  шығармасындағы  айқындаулардың  толық  жиынтығы  бол-
маса  да,  суреткер  шеберлігін,  поэзияда  пейзажды  суреттеу  бейнелілігін 
аңғартарлық қолданыстар. 
Ақын  О. Асқардың  табиғатты  суреттеулерінде  айқындаулар  белгілі 
орынға  ие.  Әйтеуір  бір  кез-келген  емес,  көркемдік  өлшемімен  қарағанда 
айқындаудың озық үлгілерін кездестіреміз: 
Ақша бұлт Көкше аспанға құп жарасып, 
Ақ қарлы көк таулардан тұр қарасып. 
Ақ үйлер жасыл белес етегінде, 
Өзара көз тартады құмарласып [147, 27]. 
Шумақтағы  рең  әдемілігін  танытатын  айқындаулар мағынасы жағы-
нан  қарама-қарсылықта  алынған.  Бірінші  тармақта  «ақша  бұлт»,  «көкше 
аспанға»  деп  екі  түстің  келісті  жарасымын  баян  етсе,  екінші  тармақта  ақ 
пен  көктің  келесіде  ақ  пен  жасылдың  сәнді  қиысуын  көреміз.  Айқын-
даулар  рең  әсемділігін  танытуда  ғана  емес,  көркем  сурет  елестетуде  де 
қолданылады: «Бұйра толқын бөлшектеп шұғыланы, // Экран-айдын лезде 
мың құбылады» [106, 21]. «Ақ жаулықты, армысың, ару-тауым, // Саяғың-
ды сағынған ал қосыңа» [106, 45]. «Түгінен майы шыққан гүлді жайлау, // 
Дүбірлер жүз ат шапса, шаң шықпастан» [106, 15]. Үзіндідегі «бұйра» қол-
данысы  толқынның  ерекше  ағысы  мен  су  екпінінің  белгілі  бір  деңгейде 
қаттылығын  айқындаса,  екінші  тармақтағы  «экран-айдын»  метафоралық 
айқындауы  айдынның  мөлдірлігін,  тазалығын  байқатады.  Екінші  мысал-
дағы  «ақ  жаулықты»  өрнегі  –  тау  ерекшелігін,  басында  қар  жатқандығын 
жайып салумен қатар ұлттық өрнек айнасы да. «Ару-тауым» деп ауыстыра 
айқындау  сәтті  шыққан.  Үшінші  үзіндідегі  жайлауды  сипаттауда  айқын-
даудың  орны  ерекше.  Автор  тұрақты  тіркестен  және  есім  сөзден  болған 
айқындауды  жайлау  өсімдігінің  қалыңдығын,  шұрайлылығын  танытуға 
жұмсайды.  Суреткер  кейде  айқындауларды  иықтастыра,  бірыңғай  мүше 
ретінде  пайдаланады:  «Көңілді,  көркем,  кербез  ақ  арудай,  //  Ақ  қайың,  ақ 

 
86 
қардағы дара тұлғаң» [106, 63]. Алғашқы тармақтағы барлық сөз «арудай» 
теңеуін  айқындауға  негізделген,  ал  екінші  тармақтағы  рең  ажарлығын, 
әсемдігін  танытарлық  ақ  қолданыстары  бірі  екіншісін  дамытып,  тамаша 
сурет жасаған. 
Ақын О. Асқар табиғатты суреттеуде рең әсемдігін танытарлық қол-
даныстардан  «ақ»,  «аппақ»  сөздерін  жиі  пайдаланады.  Айқындаулары 
арқылы  ұлттық  айшықтар,  заман  келбетін  танытарлық  қолданыстар 
танылады. 
Пейзажды  суреттегенде  айқындауларды  ақын  Т. Айбергенов  қалай 
қолданды  дегенде,  оның  табиғат  тақырыбындағы  жырларына  үңілейік. 
Ақын табиғатты негізінен сүйсіне жырлайтындықтан, оған жел де сүйкім-
ді  көрінеді.  Мысалы:  «Аймалап  ерке  желі  жан  денені,  //  Бозарып,  қылаң 
беріп таң келеді» [148, 13], «Қарамай алды-артыңа жөңкілесің, // Шаттана 
жібек  желмен  желпінесің»  [148,  21].  Алғашқы  мысалда лирикалық кейіп-
кер  –  табиғат  аясындағы  таң  атуының  куәгері.  Автор  «ерке»  айқындауын 
қолданғаннан  кейін  жел  қалай  суреттелсе  де,  жарасымды,  көңілге  қоным-
ды. Екінші үзіндіде де желдің «жібек» деп қолдануында оған тән жұмсақ-
тық, майдалық сезіледі. 
Т. Айбергенов  басы  артық  жылтырақ  өрнектерден  аулақ,  оның  қол-
данысындағы  айқындаулар  негізінен  дәстүрлі  болып  келеді.  Әсіресе,  рең 
әдемілігін,  ажарын  танытуда  ақын  есім  сөздерден  болған  айқындауларды 
жиі  қолданады:  «Ақ  қолғаппен  құшақтап,  //  Сақылдайды  қыс  аппақ.  // 
Өзен,  теңіз,  тау,  төбе  –  //  Тегіс  аппақ  сәукеле»  [148,  81],  «Ақ  самалдар, 
аңқыған,  ақ  самалдар,  //  Ақ  самалдар,  ақ  бұлақ,  ақша  қарлар»  [148,  179], 
«Аппақ  қардан  омбылап,  //  Көктем  іздеп  келем  мен»  [148,  81].  Үзінділер-
дегі  «ақ»,  «аппақ»,  «ақша»  айқындауларының  қайталанып  келуінде  де 
келістілік бар, бірі екіншісін толықтырып, сурет әдемілігін аша түседі.  
Поэзияда  «алтын»  сөзінің  күнмен,  аймен  тіркесуі  дәстүрлі  болып 
кетсе,  Т. Айбергенов  сол  дәстүрді  жалғастырады:  «Жұлдыздар  тұр  күлім-
деп, // Жарқырайды алтын ай» [148, 216], «Тастады алтын күн көзі // Дала-
ны нұрға бөктіріп» [148, 206]. 
Лирикалық  кейіпкер  қабылдауына  сай  алынған  жұлдыздардың  «кү-
лімдеуі», айдың «жарқырауы» көрініс зейнеттілігін туғызуға қызмет еткен. 
Сол  жарқыраған  айды  ақынның  «алтын»  деп  бейнелеуі  оның  тек  көркем-
дігін  туғызбай,  жарқырау  ерекшелігін  де  аша  түседі.  Келесі  үзіндіде  күн 
жай емес, «алтын» боп сипатталып, келісті сурет елестетеді. 
Су, өзен бейнесін айқындауда да ақын дәстүрден озбайды. Мысалы: 
«Бетіне  мұздан  қалың  қаймақ  салып,  //  Көгілдір  сулар  жатыр  сай-салада» 
[148,  210],  «Дүркірей  қашқан  асау,  үркек  өзен,  //  Сарқырап  көк  қымызын 
сапырады»  [148,  13].  «Көгілдір»  қолданысы  арқылы  автор  судың  тазалы-
ғын, мөлдірлігін және сол таза судың мұзға айналудағы рең ажарын таныт-

 
87 
са,  өзенді сипаттағанда, «асау», «үркек» қолданыстары арқылы оның ағыс 
ерекшелігін байқатады. 
Т. Айбергенов  табиғатты  суреттеуде  айқындауларды  шамадан  тыс 
көп  қолданбайды.  Оның  айқындауларының  негізгі  денін  дәстүрлі  түрі 
құрайды және олар көбіне рең-ажарды ашуға, танытуға бағытталған.  
Ақын  М. Айтқожинаның  табиғат  лирикасында  айқындаулар  қолда-
нысы жағынан, көркемдігі жағынан да ерекше орынға ие. Әдетте тілімізде 
жиі  қолданылатын  дәстүрлі  айқындауларды  пайдаланып  автор  әсем  та-
биғат  суретін  елестетеді.  Мысалы:  «Сұлу  толқын  ақ  сәулеге  малтығып  // 
Самал есер, // Еркелеткен тым жайлы» [148, 49]. Үзіндіде келісті сурет тек 
айқындаулардың  күшімен  жасалды  десек,  қателесеміз.  Автордың  сөз 
саптаудағы  суреткерлігі,  оны  орынды,  дәл  қолдануы  «малтығып»  өрнегі 
арқылы  беріледі.  Бір-бірін  дамыта  түсетін  айқындаулар  сурет  әсерлілігін 
туғызуға  қызмет  етеді.  Алғашқы  тармақтағы  «сұлу  толқын  ақ  сәулеге 
малтығып»  дегендегі  айқындауларды  алып  тастап  «толқын  сәулеге  мал-
тығып»  десек,  әсерсіз,  құрғақ  шығар  еді.  «Сұлу,  ақ»  өрнектері  рең  әсем-
дігін дарытып, бірі-бірін дамытып тұрғандай. 
М. Айтқожинаның  табиғат  суреттеулерінде  суға  қатысты  (көл,  өзен, 
теңіз, бұлақ) қолданылған айқындаулар жүйесі біршама. Мысалы: «Алтай-
дың  алтын  арай  ару  көлі,  //  Алыстан  арбап  мені  тарта  берді»  [139,  150], 
«Сылаң  қаққан  сырлы өзендер //  Сағым құшқан нұр белеңдер» [139, 165], 
«Ұшқандай  қос  қанатын  қыран  қағып  //  Ағады  ерке  өзенім  бұлаң қағып», 
«О,  толқынды  теңізім  шағалалы  //  Жетсе  деймін  жанымның  саған  әні», 
«Қасқа  бұлақ  //  Көк  өзен // Шабыттанып тасынды» [139, 40], «Сайрамдай 
сұлу  көлін  ортаға  алып  //  Қос  тауым  сәбиіндей  тербеген  көп»  [139,  66], 
«Күміс көл толқындайды табанында» [139, 144]. Алғашқы үзіндіде «алтын 
арай  ару  көл»  дегендегі  көлдің  бар  ерекшелігін  танытар  айқындаулар 
лирикалық  кейіпкер  көзімен  беріліп,  соның  негізінде  сурет  келістілігін 
туғызуға  әсер  еткен.  Келесі  үзіндіде  де  солай.  «Сылаң  қаққан  сырлы» 
айқындаулары күрделеніп, өзен ерекшелігін ашуға бағындырылған. Үшін-
ші  мысалда да сурет келістілігі өзінше өрнек тапқан. Лирикалық кейіпкер 
қабылдауымен  бейнеленген  өзеннің  «ерке»  болуы,  әрі  сол  ерке  өзеннің 
«бұлаң» қағып ағуы жарасымды. Төртінші мысалда «толқынды», «шағала-
лы»  өрнектері  теңіз  суретін  ашып  инверсия тәсілімен орналасқан. Бесінші 
үзіндіде  бұлақ  пен  өзеннің  бір  қарағандағы  рең  әсемдігі  мен  ерекшелігі 
лирикалық  кейіпкер  сезіміне  бағындырылған.  Алтыншы  мысалдағы 
теңеулі айқындау көл әсемдігін жайып салса, келесі үзіндіде көл тазалығы 
«күміс» сөзімен беріліп, өлең көркемдігін аша түскен.  
Осы  тәріздес  бұлтқа  қатысты  айқындаулар  жүйесі  де  ақын  өлең-
дерінде  мол:  «Қаһарлы  бұлт  төбесінде  шүйіліп,  //  Төндіреді  найзағайлы 
қанжарын»  [139,  58],  «Барады  ақша  бұлттар  асып  қырдан,  //  Сыр  бардай 
мен // Саған асықтырған» [139, 87], «Ақша бұлттар мінгесіп бара жатыр, // 

 
88 
Алатаудың  ақжалды  өркешінде»  [139,  129],  «Аққу  бұлттар  үлпілдеген,  // 
Үрке көшіп жүрсің неден?» [139, 165], «Ақша бұлт Алатаудан ұзап ұшқан, 
//  Қызығып  қол  бұлғайды тым алыстан» [149, 34], «Көрсетпей көзге анық 
сұлулығын, //  Ақ жібек бұлттар басын қалқалады». «Ақша бұлт» дәстүрлі 
айқындауын табиғаттың әдеттегі ашық күнін суреттеуде ақын жиі қолдан-
са,  «қаһарлы  бұлт»  айқындауын  табиғаттың  ашулы,  найзағайлы  аспанын 
суреттеуге, ал «аққу бұлт», «ақ жібек бұлт» өрнектерін ашық, таза аспанды 
бейнелеуге қолданады. Соңғы «аққу бұлт» тіркесі М. Айтқожинаның өзге-
ше сөз өрнегін танытады. 
Ақын  назарынан  тау  мен  тас  та  сырт  қалмаған.  Олардың  ерекше-
ліктерін  ашарлық  айқындаулар  біршама:  «Әдемі,  қандай  жұмыр  малта 
тасың, // Толқындар көрсетпейді жайса шашын» [149,  67], «Жанама тас, // 
Жақпар  шың  таудың  жолы.  //  Төнеді  төбесінен  зәулім  көгі»  [149,  73], 
«Қарғыма тас ұшпалы, // Түбі шыңырау – // Бір жетуді армандап кеткен ел 
көп»  [149,  85],  «Көк  жайлау,  шатқал  шыңдар  шартарабы,  //  Хантәңірі 
алыстан  шалқалады»  [149,  90],  «Еңселі  құзар  жарыңнан,  //  Секіріп  талай 
ойнадым»  [149,  144].  Тастардың  түрлі  сипатын  танытарлық  «малта  тас», 
«жанама  тас»,  «қарғыма  тас»,  «ұшпалы  тас»  айқындаулары  өлең  көркем-
дігін көтерсе, әрі ақынның сөздік қорын да таныта түседі. Ал тау шыңда-
рын автор «жақпар шың», «шатқал шың» деп, жар көрінісін «еңселі, құзар 
жар» деп суреттейді. 
М. Айтқожина айқындаулардың қайталама қос сөз арқылы жасалған 
түрін  де  қолданады:  «Қиыр-қиыр,  қиыр  құм  //  Сұр  жыландай  иір  құм.  // 
Қадау-қадау  сексеуіл  //  Буын-буын  бұйырғын»  [149,  39],  «Қабат-қабат, 
қабат құм // Қатпарындай миымның! // Төбе-төбе, төбе құм // Көп жасаған 
көне  құм»  [149,  39].  Айқындаулардың  мұндай  түрлері  өлең  көркемдігін 
ғана  ашып  қоймай,  оған  өзгеше  екпін,  ырғақ  қосады.  Осы  тәріздес  бір 
тармақ бойында бір немесе екі заттың, өсімдіктің т.б. әрқайсысының жеке 
айқындаулармен  келуі  де  әсерлі:  «Табиғат  тыныс  алып құлпырады //  Сау-
мал  жел  желпілдетіп  бал  құрақты» [149, 10]. «Ақ Еділ, асау Еділ  арында-
ған,  Ағыңнан  бар  ма  кезің  жарылмаған»  [139,  36].  Алғашқы  үзіндіде 
саумал  жел,  бал  құрақ  айқындаулары  бір  тармақ  бойында  әсем  үйлесім 
тауып,  бір-бірін  дамыта  түскендей.  Келесі  мысалдағы  Еділ  көрінісінің 
лирикалық  кейіпкер  көзімен  «ақ  Еділ»,  бірде  «асау  Еділ»  боп  суреттелуі 
Еділ  өзенін  түрлі  қырынан  танытады.  Осы  тәріздес  «Ару  дала,  ақ  дала, 
дарқан  дала  //  Нұр  шашың  ба  өрілген  арқаңда  ана»  [139,  134]  немесе  «О 
менің  торғын  көрпе,  жасыл  далам,  //  Күнің  бар  ма  құшағың  ашылмаған» 
[139,  134]  тармақтарында  да  бірін-бірі  толықтыра  түсетін,  әр  қасиетін 
санамалай ашатын айқындаулар бар. 
Ақын  Ф. Оңғарсынованың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде 
айқындауларды  көп  кездестіреміз.  Табиғат  лирикасындағы  айқындаулар 
жүйесі  –  бай,  әсерлі  суреттер.  Жиі  қолданылатын  дәстүрлі  және  дәстүрлі 

 
89 
емес, күрделі түрлері ақын өлеңдерінде өзінше өрнек тапқан. Дала бейнесін 
ашарлық  айқындауларға  үңілейік:  «Жамылып  ақ  көрпесін  енді  ғана  // 
Маужырап байтақ дала тыныстаған» [132, 6], «Көзімді салсам дәл бүгін // 
Осынау  байтақ  көгілдір  дария  мекенге»,  «Сонау  бір  сұрғылт,  қатыгез 
дала,  шатқалдан  //  Көл-көсір  байлық  ақтарған!»  [132,  122].  Ал-ғашқы  екі 
үзіндіде  дала  бейнесі  «байтақ»  деген  қалыпты  тіркеспен  келсе,  үшінші 
мысалда  дала  сұрғылт,  қатыгез  қырымен  танылады.  Бұлт  бейнесін 
сомдауда  айқындаулар  жүйесі  біршама  әсерлі,  келісті  көрінеді:  «Көк, 
қызыл  шарлар  еркелеп  ойнақ  салады  //  балапан  бауыр  ақша  бұлттарға 
асылып» [132, 154], «Қоңырқай бұлт тас түйіп қас қабағын, // Тұмшалады 
аспанның  жақсы  ажарын»  [132,  261],  «Тентек  бұлттар  ойнақтап  аспан 
төсін,  //  семсермен  тілгілейді»  [132,  274].  Үзіндідегі  бұлтты  ажарлайтын 
айқындаулар,  яғни  «балапан  бауыр  ақша»,  «қоңырқай»,  «тентек»  (бұлт) 
қолданыстары  ақын  Ф. Оңғарсынованың  өзіндік  қолтаңбасын  таныта 
түседі.  Өзге  ақындарда  «ақша  бұлт»  деп  тіркесуі  жиі  кездессе,  аталған 
түрдің  Ф. Оңғарсынова  өлеңінде  күрделене  қолдануы  ақын  стилін  айқын-
дай түседі. Алғаш «балапан бауыр ақша бұлт» деген күрделі айқындаудан 
бұлттың  әрі  ашықтығы,  әрі  «балапан»  деген  соң  нәзіктігі,  жұмсақтығы 
танылады. Екінші мысалда бұлттың «қоңырқай» болуы табиғаттың қолай-
сыз  кезін  елестетсе,  әрі  қарай  «қабағын  тас  түйіп»  деп  суреттеу  арқылы 
ақын көріністі дамыта түседі. Үшінші мысалдағы бұлт бейнесі лирикалық 
кейіпкер  қабылдауына  сай  адам  тәрізді  бейнеленеді.  Оның  аспан  төсінде 
ойнақтауы, оны семсермен тілгілеуі – табиғат құбылысын танытуға бағыт-
талған көріністер. 
Ф. Оңғарсынова табиғатты суреттеуде су (теңіз, толқын, бұлақ) бей-
несін де шебер сомдаған. Мәселен: «Жайығым – ата қоныс, игі мекен, // Ақ 
бурыл толқындарың жүйрік екен» [132, 11], «Қартаймайтын күлегеш қыз-
толқындар, //  Қытықтасып бір-бірін барады үркіп» [132, 131], «Арыс-тан 
жал  толқындар аласұрмай, // Шағалалар шарқ ұрып шаңқылдамай» [132, 
227],  «Ақкөз  толқын  өршиді  онан  сайын,  //  Қанталаған  жанарда  на-мыс 
буып»  [132,  268],  «...Ұйқылы-ояу  шошынған  толқындарды  //  Қуып  ала 
жөнелді  шыбыртқы  алып»  [132,  131],  «Қол  созым  жерде  қолдарын  саған 
тұр  бұлғап,  //  Күміс  күлкілі  ару  толқындар  сырды  ұрлап»  [132,  137], 
«Ашулы  толқын  үстінде,  //  Алысты  қайық  желменен»  [132,  30],  «Теңіздің 
тылсым  толқындарында  түнгі  оттар,  //  Қалады  екен  ақ  маржандардай 
шашылып» [132, 131], «Қосылды долы осы үнге //  Тулаған теңіз тасыры» 
[132, 30], «Тәкаппар, тентек теңізге мынау таңданып кетіп барады, // Ақ 
шағалалар таңда ұшқан» [132, 149], «Ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты, 
//  Сұлулар  суға  барған  сайға  бұғып»  [132,  21],  «Алатаудың  басынан 
жүгіреді,  //  Шолпылы  бұлақ  күліп»  [132,  153],  «Тұп-тұнық  көк  көл  тұн-
шығып // (арынсыз онда бұйығы тымық тіршілік!)» [132, 126]. 

 
90 
Зерделесек, мысалдарда толқын бейнесі түрлі қырынан көрінеді. Бір-
де  «ақ  бурыл», бірде «арыстан жал», енді бірде «ақкөз», «ұйқылы-ояу шо-
шынған»,  «ашулы»,  «тылсым»  деп  өрнектелсе,  кейде  лирикалық  кейіпкер 
танымына  сәйкес  қыз,  ару  сөздерімен  ауыстырыла  айқындалады.  Тек  бұл 
айқындаулар емес, ақын оны күрделендіріп, қабаттастыра қолданады. Атап 
айтқанда,  «қартамайтын  күлегеш  қыз  –  толқындар»,  «күміс-күлкілі  ару 
толқындар»  деп  сәтті  қиюластырады.  Осы  көріністер  негізінде  ақын 
оқырманына  толқынның  қыз,  ару  бейнесінде  нәзік,  әдемі,  әсем  екендігін 
жайып салады. Ал теңіз автор өлеңдерінде «тулаған», «тентек», «тәкап-пар» 
қалпында  танылса,  бұлақ  керісінше  «ерке»,  «шолпылы»  деп  нәзік  әрі 
жандандырыла,  лирикалық  кейіпкер  көңіліне  жылы  суреттелді.  Оларды 
айқындайтын  сөздер  де  –  адамды  кескіндейтін,  сипаттайтын  сөздер.  «Ер-
ке»  деп  бейнелеуінен  кейінгі  бұлақ  ағысы,  қимылы  қалай  суреттелсе  де, 
оған  жарасымды,  келісті,  оқырман  оны  жылы  қабылдайды.  Сол  сияқты 
шолпылы  өрнегі  де  бұлақ  дауысының  шолпы  дыбысындай  жағымды 
сыңғырын, әрі оның жіңішке, ұзын бейнесін көз алдына келтіреді. 
Ай,  күн,  аспан  бейнелері  де  табиғатты  суреттегенде  назардан  тыс 
қалмайды:  «Алтын  күн  бірде  шығып,  бірде  бұғып,  //  Жөңкілген  бұлттар-
менен тұр арбасып» [132, 80], «Көгінде күлген шапағатты шуақ арай күн
//  Ақ  шаңқан  мынау  мұнаралардан  лаулаған  сансыз  алаулар»  [132,  122], 
«Алтын ай қалқып аспанда, // Айналам неге нұрланды?» [132, 12], «Ашулы 
аспан  жанарын  жұмып  қалды»  [132,  131],  «Алтын  ай  көктен,  //  Қарайды 
мынау  үйлерге  әрең  асылып»  [132,  131].  Мысалдардан  көрінетіндей,  «ал-
тын»  ажарлауы  айға  да,  күнге  де  қатысты  үш  рет  қолданылған,  бірақ 
үшеуінде  үш  түрлі  бір-бірін  қайталамайтын  сурет  үлгілері.  Келесі  бір 
мысалда күн «шапағатты шуақ арай» деп күрделі айқындаумен суреттеліп, 
оның  соншалықты  лирикалық  кейіпкер  көңілінен  орын  алған  қасиеттерін 
танытады.  Ақын  табиғаттың  қай  көрінісін,  құбылысын  суреттесе  де,  оны 
адам тәрізді, адам бейнесінде сипаттайды, оған мінездеме береді. Аспанды 
«ашулы»деп  оның  көңілсіз,  қолайсыз  қалпын  аңғартса,  осыған  ұқсас 
суреттер дауылды, желді т.б. сипаттағанда да көрінеді. Мысалы: «Түнімен 
долы  дауыл  құрыстанған  //  Секілді  арыстандай  жыны  ұстаған»  [132,  6] 
немесе «Сумаң жел де жымыңдап – таныс қылық, // баяуласа толқындар – 
тағы  ысқырып».  [132,  268].  Сурет  келістілігі,  нақтылығы  ақын  қаламына 
тән  десек,  соның  бір  көрінісі  –  дауыл,  жел  бейнесі.  Дауылды  «долы»  деп 
жыны  ұстаған  арыстанға  ұқсатуы  оның  жолында  не  тұрса  да  қарамай 
жайпап өтетін ерекшелігін елестетсе, желді «сумаң» деп бейнелеуінен оның 
барлық қуыстарға, жерлерге енетінін, ал «ысқырып» деп жандан-дыруынан 
желдің дыбыс ерекшелігін аңғартады. 
Ф. Оңғарсынова  табиғатты  суреттегенде,  айқындаулар  қолданысы  – 
өзінше  өріс  алған  мол  дүние.  Ақын  өлеңдері  айқындауларға  қанша  бай, 
толы  болса  да,  басы  артық,  орынсыз  қолданылған,  буын  қуған  т.б.  жай-

 
91 
ларды  кездестірмейміз.  Қайта  бірі  екіншісін  толықтырып,  сурет  келісті-
лігін, әсерлілігін дамыта түседі. 
Ақын  Д. Қанатбаевтың  табиғат  тақырыбындағы  жырларындағы  ай-
қындау қолданысын зерделегенде, автордың өзіндік сөз қолданысын, әдеби 
тіл  қазынасының  асыл-маржандарын  өз  деңгейінде,  өлшемінде  қолдана 
алатындығына көз жеткіздік. Айқындаулардың дәстүрлі түрін ав-тор соңы 
сурет  жасауда  орынды  пайдаланған:  «Кең  дала,  кемел  дала,  гүл  масатым» 
[114,  38],  «Бүлкілдеп  аппақ  тамағы,  //  Секілді  бейне  ақ  тұмар»  [114,  64], 
«Бұлыңғыр  аспан, // Бұлтты аспан, // Жүзіңнен неге жылт қаш-қан» [114, 
27], «Мап-майда жібек самал сипап өтсе, // Аңқиды жұпар иіс ауасынан» 
[114,  112].  Алғашқы  үзіндідегі  «кең»,  «кемел»  айқындаулары  даланың 
көлемін  айқындаса,  әрі  дала  сөзімен  жеке-жеке  тіркесіп,  оның  екі  рет 
қайталануы  өлеңге  өзгеше  ырғақ  дарытып  тұр.  Осы  тәріздес  екінші 
мысалда  да  «аппақ  тамақ», «ақ тұмар» қолданыстарында айқындаулар тек 
тамақ  пен  тұмардың  түсін  білдіріп  тұрған  жоқ,  рең  әдемілігі  мен  қатар 
ажарлығын да танытып тұр. 
Мына  үзіндіде  айқындаудың  күрделі  түрі  арқылы  сурет  әсем  бей-
нелейді: «Көзіңді тас жұмып ап, жатсын ба әлде, // Толғатып торсық шеке 
аппақ айды?» [116, 38]. Үзіндіде айдың «торсық шеке», «аппақ» ажарлауы-
мен  келуі  оның  көркем  бейнесін,  пішін  келбетін,  рең  әдемілігін  жайып 
салумен  қатар  лирикалық  кейіпкердің  сол  көрініске,  айға  ерекше  жылы 
қарауын аңғаруға болады. 
Айқындаулар  тек  келісті  сурет  жасау  тәсілі  емес,  ақынның  сөз  сап-
тауын,  шеберлігін  де  байқатады.  Өзге  ақындарда  кездеспейтін  немесе  си-
рек  кездесетін  тың  тіркестер  оның  өзіндік  қолтаңбасын  қалыптастыруға 
негіз болады. Д. Қанатбаевтың табиғат лирикасынан ондай қолданыстарды 
кездестіруге болады: «Шымқай шөлде, // Шілдеде от өрілген, // Мен де да-
ла төсінен көтерілгем» [116, 58], «Ақтымық теңіз. Боз арал, // Ұйқыдан кө-
зін ашпаған» [116, 63], «Кеуде керген // Құзар шыңдар, // Шырқау көкке // 
Құмарсыңдар»  [116,  117],  «Жалбыр  бұлтты  жұлмалап,  //  Жарқ  етеді  арай 
күн» [116, 148]. 
Тармақтардағы  «шымқай  шөл»,  «ақтымық  теңіз»,  «құзар  шыңда», 
«шырқау  көк»,  «жалбыр  бұлт»  тіркестері  –  ақынның өзіндік өрнек үлгіле-
рі. Әр қолданыс бейнелі көрініс болумен қатар суреттеліп отырған заттың 
не құбылыстың бір белгісін, сипатын нақты елестетеді. 
И. Сапарбайдың  табиғат  лирикасында  айқындаулар  да  белгілі  бір 
қолданысқа  ие.  Ол  табиғатты  суреттеуде  айқындауды жиі, көп қолданады 
деуден  аулақпыз,  мұнда  жылтыр  боямалар,  үсті-үстіне  қабаттаса  қолдан-
ған  әшекейлер  жоқ.  Есесіне  қарапайым,  мірдің  оғындай,  айтайын  деген 
ерекшелігін  дөп  баса  танытатын  қолданыстар  бар.  Суреттеліп  отырған 
бейненің  қас  ерекшелігін  ашу  үшін  не  таныту  мақсатында  ақын  негізінен 
есім  сөздерден  болған  айқындауларды  пайдаланады.  Мысалы:  «Қалқиды 

 
92 
Қазығұртта қазбауыр бұлт» [116, 36], «Жазалап жасыл менен жезді бірге, // 
Қытымыр қыс қаһарын сездіруде» [118, 59], «Айқабақ көлдің арнасы азып, 
// Жалаңқай жаздан аумады көктем» [118, 57]. Аңдасақ, алғашқы тармақта 
«қазбауыр  бұлт»  тіркесінен  бұлттың  ерекшелігі  көрінсе,  мұндағы 
«қалқиды»  сөзінен  жеңілдігі  аңғарылады.  Келесіде  де  «қытымыр  қыс» 
өрнегінде  қыстың  қатаңдығы  байқалса,  одан  әрі  «қаһарын  сездіруде»  деп 
қыс  қолайсыздығын  таныта  түседі.  Келесі  үзіндіде  де  көл  мен  жаз 
ерекшелігін ашарлық айқындаулар бар.  
И. Сапарбайдың күзді суреттеген өлеңдеріне үңілсек, мұнда күз негі-
зінен  лирикалық  кейіпкер  талғам  ерекшелігіне  қарай  көңілсіз  болып  көрі-
неді.  Мәселен:  «Жаралының  жейдесіндей  жалаулаған,  //  Жамалы  қоңыр 
күздің жадау-жалаң» [117, 39], «Қара күзде оқ тиген қанатына // Жапырақ-
тар ұқсайды сары құсқа» [117, 43], «Күш-қуат белден безіп темірді үзген // 
Көңіліміз көрші-қонды қоңыр күзбен.. // Қоңыраудан өзгелеу қоңыр әуен, // 
Қоңыр салқын кеудемде түншығады» [117, 38]. 
Тармақтарды  оқығанда,  күз  негізінен  «қоңыр»,  бірде  «қара»  айқын-
дауымен беріледі. Лирикалық кейіпкер үшін де күз онша мәз-мейрам емес, 
«қоңыр»  болып  көрінетіндігін  байқаймыз.  Өзге  ақындарда  кездесіп  жата-
тын  жарқын  бояуларды  кездестірмейміз.  Әдетте,  күздің  жарқын  жағын 
сүйсіне  жырлап,  сары  алтынға  «бояйтын»  ақындардың  бар  екендігін 
ескерсек, И. Сапарбай күзі өзгеше. 
Ақын К. Ахметованың табиғатты суреттейтін өлеңдерінде айқындау-
лар  –  өзінше  бір  көркем  дүние.  Көпшілік  қолданатын  дәстүрлі  айқындау-
лар К. Ахметова өлеңдерінде өзгеше нәзіктік пен сезімге толы. Мысалы: 
Самал жел
Шашымды тарама, 
Думанды бақтарды арала! [134, 50]. 
Самал желге – тасып хабар 
Сыр айтады ұзақ та, ашық та олар [134, 54]. 
Ауаның өзінде де көк шырай қап, 
Самал жел көк бояуын төксін ойнап... 
Көкшетау! 
Көгілдір нұр! 
Көкпеңбек көл
Армысың, 
Көкорай бел, 
Көкшіл аймақ [134, 164]. 
«Самал жел» дәстүрлі айқындауы қатысқан көрініс әр үзіндіде оқыр-
манына  түрліше  әсер  етеді.  Алғашқыда  лирикалық  кейіпкердің  онымен 
тілдесуі,  екінші  үзіндіде  лирикалық  кейіпкердің  қабылдауы,  сезімі,  үшін-
шіде  қабылдау  мен  сезіміне  қоса  лирикалық  кейіпкердің  көңіл-күйі,  әрі 
айқындау  арқылы  рең  әдемілігін  күшейту  шеберлігі  байқалады.  Ондағы 

 
93 
«көгілдір»,  «көкпеңбек»,  «көкорай»,  «көкшіл»  қолданыстары  –  Көкшетау 
әсемдігіне үңілтуге бағытталған айқындаулар. 
К. Ахметова  өлеңдеріндегі  дәстүрлі  айқындаулардың  басым  көпші-
лігі жасалу жолы жағынан, негізінен, сын есімдер болып келеді: 
Ұрығымды жиып ап осы күзде 
Кең далаға шашыңдар, 
Өтінемін [134, 56]. 
Мақпал түн! Сұлулығын жаяр барша. 
Ай жарық. Ашылады бояу қанша [134, 83]. 
Көктем ғой бұл жылынар суық құмдар да. 
Көк теректер, айтпай-ақ мұны ұқтыңдар ма? [134, 52]. 
Тыңдаңызшы! 
Жас шынар ән салып тұр! 
Білесіз бе? 
Қымбат шақ қаншалық бұл?! 
Ән салып тұр мәңгі іңкәр жапырақтар 
Көздеріне көк жасыл тамшы алып бір... 
Негізінен  үзінділерде  сын  есімнің  дара  түрі  қолданылса,  соңғы  мы-
салда күрделі, яғни, екі сын есім тіркескен айқындаулар кездеседі. 
Автор  кейде  айқындауды  еспе  қайталаудың  үлгісі  ретінде  де 
қолданады: 
Қандай жақсы шілдедегі көк орман,  
Көк орманда бұрқыратып шөп орған [134, 84]. 
Айқындаудың қос сөз арқылы жасалған түрі де бар: 
Сабағыңды сап-салқын қар басады. 
Бірақ өзің қалсаң да аяқ асты 
Ұрпағыңа ғұмырың жалғасады [134, 56]. 
Өмір деген бояу екен сан түсті, 
Жасыл шөпке жалба-жұлба шаң түсті [134, 88]. 
Өлеңін  
Оқжетпестен оқыса ақын, 
Саңқылдар 
Сандық тастар 
Саты-саты [134211]. 
Ақын  К. Ахметованың  пейзажды  суреттеулерінде  айқындаудың 
есімше тұлғалы түрлері де бар: 
Қандай таң! Тамылжыған, жарқыраған
Гүлдердің жұпар иісі бұрқыраған [134, 103]. 
Басталды дауыл бораған
Кетеді ұшып ес кей күн [134, 56]. 
Сезінгендей майданды енді осындағы –  
Түні бойы сыңсыған жел басылмады [134, 52]. 

 
94 
Түніменен толғатқан көк теректер, 
Таң ата бүр жарғаңдарыңмен құттықтаймын мен! [134, 52]. 
Тау түні. Алыста өзен гүрілдеген 
Ай нұры аппақ әлсіз дірілменен [134, 211]. 
Ақын  Ұ. Есдәулет  пейзажды  суреттегенде,  айқындауларды  шебер 
жұмсайды.  Дәстүрлі  айқындауларды  ақын  еркін  қолданып,  сұлу  сурет 
елестетеді. Бұлтты сипаттаған айқындауларға үңілейік: «Биіктен буға қара-
ды,  //  Бір  үйір  боз  бұлт  шұрқырап»  [141,  63],  «Алқына  ұшты  ақ  кептер 
ойыны  тасып,  //  Ала  бұлттардың  арасын  айыра  самғап»  [124,  12],  «Жел-
маямен  қашқақтайды,  //  Көкала  бұлт  керуендері»  [124,  85].  Ақын  «боз 
бұлт»,  «ала  бұлт»,  «көкала  бұлт»  деп  бұлттың  рең-ажарын  танытса,  «бір 
үйір»  керуендері  қолданысынан  көптігін  байқаймыз.  Су  ерекшеліктерін 
(өзен, көл, бұлақ) бейнелейтін айқындаулар да дәстүр жалғастығын үзбей-
ді.  Мысалы:  «Мөлдір  өзен  момқандау  мінезді,  //  Жаңбыр  жауса  тасуы  да 
ілезді»  [141,  34],  «Тұман  басқан  соқыр  сайға  үңілем,  //  Көк  өзенді  көргім 
келіп  түбінен»  [141,  35],  «Көзілдірігі  сынған  көлдердің,  //  Көгілдір  көзі 
күлімдеп»  [124,  84],  «Айна  көлге  қаз  қонысып,  //  Шашқан  шақта  күміс 
теңге» [124, 84], «Монтиған мөлдір суға мейірленіп, // Бейкүнә балалығын 
сағына  ма?»  [123,  67],  «Көк  теңіз  мені  шақырды,  //  Шақырды  шулап 
шағала»  [123,  68],  «Оянғанда  өз  кеудеңнен  сезесің, // Кәусар бұлақ кеуде-
сінің  дірілін»  [123,  70].  Үзіндідегі  «мөлдір  өзен»,  «көк  өзен»,  «көзілдірігі 
сынған көл», «айна көл», «көк теңіз», «кәусар бұлақ» қолданыстары дәстүр 
жалғастығын  танытса,  «молтиған  мөлдір  су»  өрнегі  лирикалық  кейіпкер 
қабылдауына сай ақынның сөз қолдану ерекшелігін де байқатады. Мұндай 
дәстүр  жалғастығы  тұманға  қатысты  да  жұмасалады.  Сонау  Абай 
өлеңдерінде  кездесетін  «дымқыл  тұман»,  «сұр  тұман»  қолданыстары 
Ұ. Есдәулетте  де  өзіндік  өрнекке  ие  болып,  түрленеді:  «Сай  үстінде 
салбырайды  сұр  тұман,  //  Сұп-суық  бір  сыз  келеді  сұрқынан»  [141,  34], 
«Даланың  дымқыл  тұманы,  //  Сипайды  баяу  бетімнен»  [124,  64].  Алғаш-
қыдағы  «сұр  тұман»  қолданысынан  лирикалық  кейіпкердің  оған  салқын 
қарайтындығы,  ал  керісінше  «дымқыл  тұман»  дегенде  «сипайды  баяу 
бетімнен» деуі жылылық сезімін аңғартады. 
Лирикалық кейіпкері ұлтжанды жан екендігін қайыңды суреттеуінен 
аңғарамыз: «Ұяң мінез, қазақтың қайыңдарын, // Бере алмаспын басқаның 
бамбугіне»  [123,  49].  Мұнда  да  лирикалық  кейіпкер  сезімін  көреміз. 
Қайыңның  қазақтікі,  өзгенікі  дегені  шарттылық  екендігі  белгілі.  Соған 
қарамастан «ұяң мінез» деп суреттеу әсерлі. 
Ақын  Ұ. Есдәулет  табиғатты  бейнелеуде  дәстүрлі  қайнардың  асыл 
маржандарын өзінің өлеңдерінде мол пайдаланады. 
С. Мәуленовтің  табиғат  лирикасында  эпитеттер  қайталана  қолда-
нылу  арқылы  суреттелініп  отырған  образдың  бояуын  күшейтіп,  кейде 
оқырман назарын рең әсемдігіне аударту да кездеседі. Табиғатты суреттеу-

 
95 
лерінде айқындаулар арқылы ұлттық сипат танылып отырады. Табиғат пен 
адам  тығыз  байланысты  болғандықтан,  поэзияда  табиғатты  суреттеулерде 
көбіне  айқындаудың  нысанасы  табиғат  болса,  оның  бейнесі  адам,  адамға 
тән  мінез-құлық  болады.  Ақын  М. Мақатаев  өлеңдеріндегі  айқындаулар 
жылтырақ, бояма сөздер емес, олар арқылы ұлттық сипат танылып отыра-
ды.  Ақын  К. Салықовтың  пейзаждық  лирикасында  айқындаудың  етістікті 
түрлері  де  орын  алады.  Бұлар  сурет  зейнеттілігін  туғызуға  өзінше  қызмет 
етеді.  Айқындаулар  Қ. Мырзалиевтің  сөз  саптау  шеберлігін,  сөздік  қоры-
ның байлығын, молдығын әрі бір сөздің өзіне түрлі айқындауды тіркестіре 
қолдану  сол  суретке  түрліше  реңк,  оқырманға  ерекше  сезім,  әсер  дарыта-
тындығын  байқауға  болады.  Ақын  О. Асқар  табиғатты  суреттеуде  рең 
әсемдігін  танытарлық  қолданыстардан  «ақ»,  «аппақ»  сөздерін  жиі  пайда-
ланады.  Айқындаулары  арқылы  ұлттық  айшықтар,  заман  келбетін  таны-
тарлық  қолданыстар  танылады.  Т. Айбергенов  басы  артық  жылтырақ 
өрнектерден аулақ, оның қолданысындағы айқындаулар негізінен дәстүрлі 
болып келеді. Әсіресе, рең әдемілігін, ажарын танытуда ақын есім сөздер-
ден  болған  айқындауларды  жиі  қолданады.  Ақын  М. Айтқожинаның 
табиғат  лирикасында  айқындаулар  қолданысы  жағынан,  көркемдігі  жағы-
нан  да  ерекше  орынға  ие.  Әдетте  тілімізде  жиі  қолданылатын  дәстүрлі 
айқындауларды  пайдаланып  автор  әсем  табиғат  суретін  елестетеді. 
М. Айтқожина айқындаулардың қайталама қос сөз арқылы жасалған түрін 
де  қолданады.  Ф. Оңғарсынованың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде 
айқындауларды  жиі  кездестіреміз.  Оның  табиғат  лирикасы  –  айқындау-
ларға бай, әсерлі суреттер. Жиі қолданылатын дәстүрлі және дәстүрлі емес, 
күрделі түрлері ақын өлеңдерінде өзінше өрнек тапқан. 
Айқындаулар  Д. Қанатбаевтың  табиғат  лирикасында  тек  келісті 
сурет  жасау  тәсілі  емес,  соған  қоса  ақынның  сөз  саптауын,  шеберлігін  де 
байқатады.  Өзге  ақындарда  кездеспейтін  немесе  сирек  кездесетін  тың 
тіркестер  оның  өзіндік  қолтаңбасын  қалыптастыруға  негіз  болады. 
И. Сапарбайдың табиғат лирикасында айқындаулар белгілі бір қолданысқа 
ие.  Мұнда  жылтыр  боямалар,  үсті-үстіне  қабаттаса  қолданған  айқындау 
түрлері  жоқ.  Есесіне  қарапайым,  мірдің  оғындай  айтайын  деген  ерекше-
лігін дөп басып танытатын қолданыстар бар. Суреттеліп отырған бейненің 
қас  ерекшелігін  ашу  үшін,  не  таныту  мақсатында  ақын  негізінен  есім 
сөздерден  болған  айқындауларды  пайдаланады.  К. Ахметова  өлеңде-
ріндегі  дәстүрлі  айқындаулардың  басым  көпшілігі  жасалу  жолы  жағынан, 
негізінен, сын есімдер болып келеді. 
Табиғат  лирикасы  өзінше  бір  жаратылыс,  ағза  десек,  айқындаулар 
оның бір бөлшегі, мүшесі деуге болады. Оларсыз табиғат суретін елестету 
мүмкін емес. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет