5.2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҚТА ОЙЫН БАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-
ӘРЕКЕТІ
Рөлді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын
біз айтып өткенбіз. Рөлді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға
тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым–қатынастары мен
еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс–әрекетінің басты түріне айналады, алайда
бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен
өткізетінінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер
туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің
үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен
орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір
әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады.
Ойын әрекеті белгілік (символикалық) сипатта өтеді. Тек ойындарда ғана бала
санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады.
Белгілік функцияның ойын үстінде көруінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен
ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа,
(шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойындық
алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет
жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың
баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып,
оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі
130
заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым –қатынастарын
негізге алады. Мысалы, шырпының талы – қонжық, тұтас талы – кірекей (ана
аю), шырпы қорабы – қонжықтың төсек – орны болатындығына ол бірден
келіседі. Бірақ қораптың – қонжық, шырпы талы – оның төсек орны болуы
керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: « Бұлай болмайды», - деп
жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс–әрекетінде заттарды ажыратып қана
қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, сол рөлге сәйкес іс–
әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя
тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты,
жүргізушіні бейнелейді. Балаға ойын іс–әрекеті процесінде адамдар
арасындағы қарым – қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп
ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз баласына алған
рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған рөлін
дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде
бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кіруге болмайтындығын түсінеді.
Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы
басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға
қатысушылардың рөлін орындайтын басқалардың да құқықтарына ие болады.
Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез
келген тауарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға
жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар. Дәрігір өзіне құрмет пен
сенімділік қарым–қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің
орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рөлді
орындаушының өзіне қойған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы
өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.
Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар өздерінің рөлді ойындарында
айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан,
үлкендердің
еңбектегі
іс–әрекеті
мен
олардың
еңбектегі
қарым–
қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын ( ғарышқа ұшулар,
арктикалық
экспедициялар)
және
басқаларды
бейнелейді.
Балалар
ойындарында көрсетілетін шындық рөльі ойындардың сюжеті болады. Балалар
араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де
сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын
сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан
алуан. Бес–алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша
ойындарын ғана емес, көпір салу, ғарышқа зымыран ұшыру сияқты ойындарды
да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да
артады. Мәселен, үш–төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны
10–15 минут болса, төрт- бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа,
мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше
күнге созыла береді.
131
Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да,
ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын
сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен
ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке
дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан
түрлі, әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан
көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының
түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері –
мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық
эпопеяға қатысушылардың сырттық әлеуметтік қарым–қатынастары мен
әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің
тағы басқаларының мінез–құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық,
асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым–қатынастардың бәрі өзекті
мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді,
бірақ түрліше ойнайды.
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен
қатар рөлді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс–әрекетінен
бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады.
Әртүрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді.
Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып,
тек белгілі бір заттармен білгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар
арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі
кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер
түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет
қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс–аяқ жуады. Әйтсе де балалар
тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды, пісірілген
ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын
мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен көрсетіледі.
Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рөлді ойындағы сияқты ойын сюжетін
жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады.
Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол
медбике болады.балалар арасындағы негізгі талас іс–әрекет жасайтын заттарды
иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі
жүргізуші жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі
тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рөлдер бір заттан екінші
затқа ауысуға байланысты жиі ауысып отырады.
Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның
мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым–қатынас көрінеді.
Мектепке дейінгі кішкентайлар өз ойындарында тым шағын, тар сюжеттер
төңірегінде қарым-қатынастарын бейнелеу басты орын ала бастайды. Мәселен,
мектепке дейінгі естиярлардың ойыны мынадай сипатта өседі. Баланың ойыны
шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Мұңдағы
қимылдар алынған рөлге сәйкес өзге адамға деген белгілі қарым-қатынасты
бейнелеуі үшін жасалады. Осындай қарым-қатынас белгілі бір рөлге ие болған
қуыршақпен де жасалады. Мысалы, егер мектепке дейінгі естияр бала түскі
132
тамақ ішу ойының ойнаса, ол нанды кесіп үстел үстіне қояды. Балаларды
бейнелейтін қуыршақтарға ботқаны ұсынғанда өзіне тәрбиешінің немесе
күтушінің рөлін алған барлық бала (қуыршақтар) ботқаны тауыса жеп, ас
үстінде
өзара
әңгімелелеспеулерін
қадағалайды.
Мектепке
дейінгі
естиярлардың жүргізетін ойыны мектепке дейінгі кішкентайлардың ойынына
қарағанда
тұжырымдырақ,
ықшамдылау
болады.
Мектепке
дейінгі
естиярлардың сюжетті ойындарының негізгі мазмұны – адамдар арасындағы
қарым-қатынас.
Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу
баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар
үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық
функциясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де
араласады.
Мектепке дейінгі ересектердің рөлді ойынының мазмұны өзі қалаған
рөльден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Бұл жастағы балалар
ережелерді орындауға төтенше міншіл келеді. Ойында қоғамдық мінез-құлық
ережелерін орындай отырып «не болатынына» назар аударады. Сондықтан олар
ненің болатындығы, ненің болмайтындығы жөнінде пікір таластырып: «Аналар
бұлай істемейді», «Дәрігер ауруларды осылай қарай ма?»- және т.б. дейді.
Сонымен, рөлді ойын сюжеті мен мазмұнының дамуы айналасындағы
үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек ұғына түскендігін
бейнелейді. Шынайы қарым-қатынас - ортақ істі орындау кезіндегі балалардың
серіктестік, жолдастық ретіндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Балалар өзара
сюжет туралы және рөлдерді бөлісу жөніндегі келіседі, ойын барысында пайда
болатын мәселелер мен түсініспеушіліктерді талқылайды. Ойын кезінде
балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Ойын
балалардан бастамашылдық, көпшіл болуды, қарым-қатынас орнату және оны
үзбеу үшін өз қылығын өз тобындағы құрдастарының қылығымен үйлестіре
білу қабілеті сияқты қасиеттерді талап етеді.
Қарым-қатынас элементтері балаларда тым ерте, олар әлі кеңейтілген
сюжетті ойынды ойнай білмейтін, әрқайсысы дербес ойнайтын кезде пайда
болады. Әдетте дамудың бұл кезеңінде өзінің жеке іс-әрекетіне беріліп кетеді
де өзге балалардың іс-әрекетіне назарын өз аударады. Әйтсе де ойыннан зерігіп
кеткен сәби балаланың қалай ойнап отырғанына назар аудара бастайды.
Құрдасының ойынына қызыға қарау онымен белгілі бір қарым-қатынас орнату
әрекетіне жетелейді. Қарым-қатынастың алғашқы түрлері баланың қасындағы
балаға жақын келіп, онымен қатар ойнауға тырысуынан, өзі ойнап отырған
ойынның біраз бөлігін оған бергісі келетіндіктен, балалар бір-біріне көз тіге
қарағанда екеуінің де жүрексіне күлімсіреу сәттерінен байқалады. Мұндай
жеңіл-желпі байланыстар әлі болса ойынның негізгі мазмұнын өзгерте
қоймайды, мүмкіндігінше» арақ ашықтығы тәртібін сақтай отырып, әр бала
өзімен-өзі ойнайды. Келесі кезеңде (үш-төрт жаста) бала өз құрдасымен
неғұрлым жиі араласа бастайды. Ол енді бірлесіп іс-әрекет, қарым- қатынас
орнату себептерін барынша іздей бастайды. Бұл жағдайдағы араласудың
133
ұзақтығы баланың ойын үстінде ойыншықтарды қолдануды ұандай дәрежеде
игергендігіне, ойын мақсатын құрып, іс жүзінде асыра білуіне байланысты.
Ойыншықтармен ең қарапайым қимылдарды орындау (ойыншық машинаға
жіп тағып алып сүйрету, кішкене шелекпен құм төгу), баланың құрдасымен
өзара іс-әрекеті қысқа мерзімді сипатта болады. Ойын мазмұны біржола
араласып кетуге әлі негіз бола алмайды. Осы кезеңде балалар бір-бірімен
ойыншықтармен алмасып, біріне-бірі жәрдемдеседі; біреуі екіншісіне
аударылып қалған ойыншық машинаны дұрыстап қоюға жәрдемдеседі, ал
мұның шын ниетін түсінген екінші бала өзіне көмекті шын ықыласымен
қабылдайды.
Ойын іскерлігінің дамуымен және ойының түпкі мақсатының
күрделенуімен балалар бір-бірімен ұзақ араласа бастайды. Ойынның өзі де
осыны талап етеді және осыған себепші болады. Ересек адамдардың өмірін
тереңірек ұғынған сайын бала бұл өмір үнемі қоғамда, ондағы басқа
адамдармен іс-әрекет үстінде өтетіндігін ашады. Шешесі әкесімен әңгімелеседі,
үй ішіне түскі тамақ береді, үстел басында балалардың мінез-құлқын
қадағалайды. Сатушы сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Дәрігер ауруларды
емдейді, медбике оған жәрдемдеседі т. б. Ойында өзімен бірге ойнайтын
серіктестер табуға ұмтылдырады. Осыдан келіп бірнеше рөлдерді қамтитын
ойындарды бірлесе ұйымдастыру жөніндегі келісімнің қажетттігі туады.
Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін
басқалардың іс-әрекеттерімен үйлестіруді, өзара түсінуді, өзара көмектесуді
үйренеді.
Бірлескен ойындағы балалардың бірігуі ойынның мазмұнын байытуға
және күрделендіруге себепші болады. Әрбір баланың тәжірибесі шектелуі.
Үлкендерн орындайтын біршама шағын іс-әрекет өрісімен таныс. Ойын үстінде
балаларда тәжірибе алмасу пайда болады. Бірімен-бірі білгендерімен алмасады,
ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызғылықты два сан- алуан
болады. Ойын мазмұнын күрделендіру, өз кезегінше, шынайы өзара қарым-
қатынасты күрделендіруге, ойынға қатысушылардың санын көбейтуге, олардың
атқаратын іс-әрекеттерән неғұрлым дәл үйлестіруге қажеттігіне қол жеткізеді.
Ойын жанындағы балалардың шынайы өзара қарым-қатынас олар тек
өздері келіскенде ғана пайда болады, бірақ байқаусыз түрде ойын барысында да
өтуі мүмкін. Ойын жөнінде пайда болатын шынайы өзара қарым-қатынастар,
біраз кейінірек, ойын сюжетімен анықталатын өзара қарым-қатынастарға да
ауысады. Бұл жағдайда сюжетті қарым-қатынастар формаға айналады да одан
шынайы қарым-қатынастар байқалады.
Балалар
арасындағы
шынайы
өзара
қарым-қатынас
сюжетті
байланыстардың мүмкін болатын логикасына сәйкес келуі мүмкін. Мысалы,
ұшақ және жол жүрісі тәртібін реттеушісі ойынын бастаушы осы ойынды
ұсына отырып, өзі жол жүрісі тәртібін реттеуші болады. Бұл жағдайда ойын
бастаушы өзіне тиісті рөл бойынша басқа балаларға жетекші болу мүмкіндігіне
ие болады.
Балалар
арасындағы
шынайы
өзара
қарым-қатынас
сюжетті
байланыстардың мүмкін болатын логикасына сәйкес келмеуі де мүмкін.
134
Мысалы,ойын бастаушы өзіне бағыныңқы рөлдің бірін (ол бүкіл эскадрилья
ұшағының бірін бейнелейді) алады да, жол жүрісі тәртібін реттеушінің рөлін
алған балаға бағынады.
Егер бастаушы өзіне бағыныңқы рөлді алса, бірақ ойынға нақтылы түрде
жетекшілік етіп отырса, онда ойындағы өзара қарым-қатынастар шынайы
қарым-қатынастар болып күрделенуі мүмкін.
Жайылған сюжетті түпкі ойын жасау бірлескен іс-әрекетті жоспарлау
шеберлігін дамытумен бала өзімен бірге ойнаушылар арасында өз орнын
табудың қажеттігін, олармен байланыс орнатуды, ойнаушылардың тілегін
түсіне білуді, өз тілегі мен мүмкіндіктерін салыстыра білудің қажеттігін ұғына
бастайды. Мұнда әр бала ойының жалпы жағдайы мен осы топтағы балалардың
құрамына сәйкес өзіне-өзі соларға икемдеуге үйренеді. Ойынға кіріскенде
балалар өздерінің жеке бастарының ерекшеліктерін көрсете бастайды. Біреуі
талап етіп айқай салады: «Мен бастық боламын! Мен». Балалардың біразы бұл
тілекті үн-түнсіз қабылдайды. Бірақ арасында оның мұндай мәлімдемесіне
келіспеушілердің табылуы ықтимал. Мұндайда дау-жанжал туады. Рөлді
бөлісуге қанағаттанбаған бала ойынға қатысудан бас тартуы мүмкін:
«Сендермен ойнамаймын. Біттті!» Бірақ ол бірінші орынға ие болғысы келген
баланы ығыстыруы да мүмкін: «Қәне бері келіңдер! Бұйрықты мен беремін!»
Егер балалар өзара келіспесе, ойын бұзылады. Ойынға деген қызығу,оған
қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге де келтіреді.
Ойында бірлескен іс–әрекетті ұйымдастыру:
Ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызады.
Айналасындағыларға қатысты міндеттерді сезінеді.
Ойын арқылы өзелерге де қатысты құқықтарға ие болады.
Ойындарда көрсетілген шындық ойынның мазмұны болады.
Кішкентайлардың үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсетуі
ойынның мазмұны болады.
Естиярлар ойынының мазмұны адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасауды, басқалар іс-әрекетімен
үйлестіруді, өзара түсінісуді, өзара көмектесуді үйренеді.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер
етеді.
Ойын тілдің дамуын ықпал етеді.
Ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады.
Ойын іс-әрекеті негізінде оқу іс-әрекеті де қалыптаса бастайды.
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының
ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін
дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер
етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын
жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтады және көбірек есінде сақтайды.
Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату,есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы
ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын
жағдайында ендірілетін заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін
135
тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін
қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан
шеттетеді.Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы
мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әректтер мектепке дейінге шақтағы
баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойында бала заттың
баламасымен іс-әрекет жасауға үйренді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат
қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады.
Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді.
Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар
туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді.
Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне
көмектеседі.
Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы
шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына
түсуге, олардың келешектегі мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше
ойлау қасиеттері жатады.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған
араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгецін
талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға
мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы
берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл
болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші
болады.
Рөлді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде
бала бірзатты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рөлдерді алуға
үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады.Мектепке дейінгі
ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес.
Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа
жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі
дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомған кішкентай
қыздың қуырашққа қарап отырған фотографиясын алтыжасар Ақмарал көріп
тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған.
Ақмаралдың айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп
ойлайды». Кішкене Ақмарал өзінің түсіндіруі бойынша тек өзіне тән ойың
тәсілін тапты.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы
бала ересек адмдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал
бұлардың бәрі өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-
қатынас жасауға қажет қасиет болып сналатын араласа білудің негізгі
дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзіне алған рөлбдегі
ережелерді орындауға итермелей, отырып, сезімның және мінез-құлықтың
ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.
Баланың іс-әректінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру
мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз
136
байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандай да бір сюжетті ойнайды.
Балалар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың,
қонаққа бара жатқан және қонақтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан
желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден
бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер рөлін алған бала
блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк
түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға
айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі.
Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына
сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек
мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балаларда ынта іс-әрекеттің
нәтижесіне (мысалы, суретке) ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.
Ойын іс-әрекет ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бал іс-
әрекеттінің басты түріне айналады. Оқу ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей
ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи
бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рөлді ойынның ерекше түрі
ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріпғ қарапайым оқу
әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға
көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Үлкендер баланың оқуға
көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек
пен бастапқы іскерліктері қалыптасады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері
болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті
сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып
ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді».
Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың
нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің
арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің
қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл
айтылғандар ойында талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ
деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай
қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір
шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен
олардың бірі жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы
айырмашылықты жоққа шығарса, екіншілері – ойын баланың артық энергиясын
сыртқа шығаратын тәсіл дейді, ал үшінші біреулері – ойынды жай рахат
табудың бір көзі деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы
қоғамдық фактордың рөлін еске алмайды.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп
отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық
(сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар
бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде
дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен
олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі ерекшелігін білгісі келеді.
Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен
137
ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан,
тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес
ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойындарына үлкендер
тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі
мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды
шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін демеу қажет. Осындай
ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын»
саналғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр.
Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру–ой-өрісінің, өмір
тәжірибесінің
жан-жақты
қалыптасуына
байланысты
жүргізілетін
жұмыстардың басты бір бөлігі.
Мектепке келгеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды.
Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (отбасы, дүкен, дәрігер,
шаштараз т.б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек
процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға
ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай
балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі мұғалімнің, қалғандары
оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнеленуі екінші сынып
балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын шығармашылық ойындар
басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-
бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді
оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың
ойын мазмұнына кіреді
Давыдов В.В, Эльконин Д.Б, Кудрявцев.Т.В мектепке дейінгі жаста балалар
ойындарының басты ерекшелігі–оның ұжымдық сипатта болатындығында деп
дәлелдейді Әрине, балалардың ойында ұжымы әлде де тұрақсыз болады.
Өйткені, бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай
ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ойынның ұжымдық сипаты өз
тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына себін
тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне
бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерін
(тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы
келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың
қабілеттері
жақсы
жетіле
бастайды.
Мәселен,
бір
бала
өзінің
ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін
аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің
қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған
өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-
жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.
Балалар өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол,
волейбол, теннис, городки ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді
сақтау, бір-бірімен жарысу сәттері күшті болады. Сондықтан да мұндай
ойындар ынта–ықыласты тудырып, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты
қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды
үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа
138
пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен–бірі озу жағы да
көзделеді. Балалар спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті,
ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті
үйлесімділігін, жылдамдық пен оңтайлылықты жақсы меңгереді. Осы
ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты
атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік
сияқты адамгершілік қасиеттерге баулиды. Тәрбиеші -педагог бала ойындарына
дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай,
онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Н.С.Құлжанова: мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас
ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол
баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да,
үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы
ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері
әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың
бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш
жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы
баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын
мәлімдейді. Ол баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға,
өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап,
алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала
мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп
көрсеткен.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға
«Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму
деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды
мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды
жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген. Ол мектеп жасына
толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша
көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі,
бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін
нығайтып, бекітеді» - деп тұжырым жасайды. Бұл идеялар біздің зерттеуіміз
бойынша білім мазмұнын жаңартуда бірлескен іс–әрекеттерді ұйымдастырудың
логикалық-психологиялық проблема ретінде қарастырылуда басшылыққа
алынды. Бұл тұжырымға сүйене отырып, біз төменде бірлескен іс–әрекетті
ұйымдастырудың логикалық–психологиялық жүйесіне тоқталамыз.
139
Ойын - баланың психикасында сапалық
өзгерістер туғызады.
Ойында көрсетілген шындық ойынның
мазмұны болады.
Ойын арқылы өзгелерге қатысты құқықтарға
ие болады.
Бала айналасындағыларға қатысты
міндеттерді сезінеді.
Ойын әрекеті психикалық процестер
ырықтылығының қалыптасуына әсер
етеді.
Балалардың үлкен адамдардың шынайы істерін
қайталап көрсетуі ойынның мазмұны болады.
Балалар ойынының мазмұны адамдар
арасындағы қарым - қатынасты білдіреді.
Бірлескен ойында балалар қарым қатынас
жасауды, өзара түснісуді, көмектесуді
үйренеді.
Ойын іс - әрекеті негізінде оқу іс -әрекеті де
қалыптаса бастайды.
Оқуда бірлескен іс -әрекетті ұйымдастыру
Еңбекте бірлескен іс -әрекетті ұйымдастыру
Оқу іс әрекетінің негізгі
ерекшелігі: жаңа білім,
іскерліктерді игеру.
Сабақтарда оқу іс -
әрекетінің элементтерін
бастапқы игеруде
маңызды мәнге ие болу.
Оқытуда білім мазмұнын
игерту.
Танымдық ынталары мен
оқу іскерліктерін
қалыптастыру.
Еңбек іс- әрекеті арқылы адамзатқа
қажетті материалдық және рухани
байлықтарды жасау.
Еңбек іс- әрекетіне қатысу арқылы
белгілі білім, іскерлік пен
дағдыларды қалыптастыру.
Еңбек іс-әрекетін балалардың
психикалық процестерін дамытуға
ықпал ететіндей ұйымдастыру.
Өнімді еңбекпен танысу: әңгіме,
оқылған кітапты тыңдау,
суреттерді қарау, үлкендердің
еңбегін бақылау.
Баланың ынта- ықыласы
арқылы оқуға, білім алуға
деген қызығушылығын
арттыру.
өзін-өзі тексеру, өзін-өзі
бағалау дағдыларын
қалыптсатыру.
Еңбек нәтижесіне қол жеткізуде
балалар іс әрекетін жоспарлау және
үйлестіре білуге көмектесу.
Еңбек тапсырмаларын орындау
жағдайларын ұйымдастыру.
Ойында бірлескен іс әрекетті ұйымдастыру
140
Достарыңызбен бөлісу: |