120
қалдырар еді. Өйткені, ғұн тәңірқұттарының туында айдаһар бей-
неленген, ал ат – көшпелілердің басты қазынасы. Бірақ мұндай де-
ректер, мысалы, Қытай жылнамаларында айтылмаған, Күлтегін
мен Тоныкөк жайындағы ежелгі түркі мәтіндерінде, тіпті, ишара
да жасалмайды.
Сондықтан, тайпалар мен рулар арасындағы тай-
талас және оның «аң мәнерінде» көрініс табуы жөніндегі болжам
расталмаған күйінде қалды.
Ендеше, алтын арыстан-құстардың (грифондардың), ертегі еле-
сіндей мифтік мақлұхаттардың мүсіншелері нені таңбалаған?
Тарандром туралы миф
елондар деп аталатын сақтарда тарандром дейтін өте сирек
жануар бар. Ол жүрген жеріне қарай жүнінің түсін өзгертіп
отырады екен. Яғни ағаштардың, тастардың,
жалпы өзін
қоршаған зат атаулының түсі қандай болса, оның жүні де соған
қарай құбылатын көрінеді. Сондықтан бұл жануарды ұстау қиын.
Басқа жануарлар, мысалы, хамелеон мен полип терілерінің түсін
өзгертсе, тарандромның жүнін өзгертуі аса таңданарлық жайт.
Тарандромның үлкендігі өгіздей, басының тұрпаты бұғыға ұқсас.
...Тарандромның тұрқы өгізбен шамалас, басы бұғынікінен
үлкенірек, бірақ содан өзгешелігі жоқ. Мүйізі тарам-тарам, аша
тұяқты. Жүнінің қалыңдығы аюдікіндей, ал түсі, өз реңімен жүргісі
келгенде, есектің түсіндей болады.
Терісінің беріктігі сондай, одан
сауыт жасайды. Үрейленген кезде тарандром өзі тығылатын барлық
ағаштардың, бұталардың, сондай-ақ сол ортаның түсін қабылдайды,
сол себепті ол қолға сирек түседі. Жануардың денесінің осындай сан
алуан түспен құбылу қабілетінің болуы, әлбетте, таңсық жәйт, ал
мұндай өзгергіштіктің жүнге даруы тіптен таңқаларлық.*
*Миф «Ғажайып сыбыстар хақында» және Үлкен Плинийдің «Жа-
ратылыс тарихы» кітаптары бойынша жазылған.
121
Сфинкс
финкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Арыстан
– аң патшасы. Сондықтан, сфинкс патша билігінің симво-
лы ретінде қабылданып, мазарлар
мен ғибадатханаларды
күзетеді. Кейбір сфинкстердің басы – қасиетті жануар саналатын
қошқардікі. Ассириялықтарда тәж киген, сақалды сфинкстер
бейнеленеді. Мұндай бейне парсылық үлгілерге де тән. Плиний
сфинкстерді өзінің Эфиопия жануарлары тізіміне енгізеді. Алай-
да, олардың тек сарғыш қоңыр жүнді және кең кеуделі екендігінен
басқа сипаттамасын айтпайды.
Көптеген сфинкстердің басы мен кеудесі – әйелдердікі,
қанаттары – құстікі, аяқтары – арыстандікі. Кейде ол ит басты, жы-
лан құйрықты болып келеді. Сфинкстер сөйлей алады, сөйте тұра
адамдарға қас.
Грифтер. Грифондар
рифтердің (арыстан-құстардың)
аримаспілермен толассыз
күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбы-
жықтар» деп атайды. Осынау арыстан денелі құстар алтын-
ды күзетеді. Олар жайында Плиний де бұлдыратып айтып, «аңызға
айналған құстардың» қалқан құлақтары мен имек тұмсықтарын
атап өтеді.
«Бұл елден (әңгіме Тұран жайында) қаскөй әрі залым халық
тұратын Бактрияға саяхаттайды. Мұнда, құдды қойлар сияқты,
жүн беретін ағаштар бар, содан мата жасайды.
Осы өлкеде біресе құрлықта, біресе
суда өмір кешетін жар-
тылай адам, жартылай жылқы «ипотамдар» (гиппопотамдар)
жүреді. Олар ыңғайы келіп, қолына түсіп жатса, адам етімен
қоректенеді. Сондай-ақ мұнда басқа жерлерге қарағанда әлдеқайда
көп, қисапсыз арыстан-құстар (грифтер) мекендейді. Біреулер
олардың бас жағы бүркіттікі, ал төменгі денесі арыстандікі дей-
ді. Онысы рас, алайда бұл құстың денесі сегіз арыстанды қосып
122
есептегендегіден де үлкен, күші жүз бүркіттен де артығырақ.
Әлбетте, арыстан-құс өзінің ұясына
салт аттыны немесе егіске
шыққанда қосарлап жегілген екі өгізді көтеріп әкете алады. Себе-
бі, оның аяқтарындағы тырнақтары ғаламат зор, үлкендігі өгіздің
денесіндей, бұл тырнақтардан сусын ішетін тостағандар, ал оның
қабырғаларынан садақтар жасайды».
Гиппогриф
үмкін еместі немесе үйлеспеушілікті таңбалау мақсатында
Виргилий ат пен арыстан-құсты будандастыру әрекеті жа-
йында айтады. Латындықтар шығарған «Грифті атпен будан-
дастыру» деген мәтел әлдебір мүмкін еместікті білдіре бастады. XVI
ғасырдың басында Лудовико Ариосто осыны еске түсіріп, гиппогриф-
ті ойлап тапты. Егер бағзыдағы грифте бүркіт пен арыстан ерлі-за-
йыптыларша бірге тұрса, Ариостоның гиппогрифтеріндегі қосақтар
– жылқы мен гриф. Бұл дегеніміз – құбыжық немесе гиппогрифтер
«аң мәнерінен» алынған екінші дәрежелі қиял жемісі.
Пьетро Микелли қанатты жылқыға қарағанда гиппогриф
анағұрлым үйлесімді мақұлық деп көрсетеді. Германдықтардың
«Қайсар Роланд» эпосында гиппогрифтің қиял-ғажайып сипатта-
масы берілген:
Достарыңызбен бөлісу: