Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*Геродот. Тарих, 4-кітап, «Мельпомена».


112
Тарғытайдың үш ұлының есімдеріне «әмірші», «патша» 
мағынасын дағы «сай» деген түркі сөзі жалғанады. Мысалы, Ене-
сай немесе Енисей – күллі Сібір өзендерінің патшайымы. 
Қолақсай – «Күн – патша»– Жоғарғы әлемнің әміршісі.
Арпоксай – Төменгі әлемнің әміршісі.
Липоксай – Ортаңғы әлемнің әміршісі қасқыр-адамды, құбылғыш 
бейне дегенді білдірсе керек.
Бұл арада байырғы түркілердің тотемі бөрі болғанын еске-
ру керек. Скиф неврлер жыл сайын бірнеше күн қасқырларға 
айналатындығымен белгілі болған. 
Ежелгі түркілер мифологиясына және филология ғылымдарының 
қазіргі жай-күйіне сәйкес, скифтердің түп атасы Тарғытайдың 
ұлдарының есімдерін осылай түсіндіруге болады. Ал Тарғытай 
(Тарғынтай) – Тәңір – Ер-Тарғын-Нама жаратқан ежелгі түркілердің 
бірінші адамының аты. 
Тарбағатай, Тәңір Тау, Алтайдың бір шыңы – Алатау барлық үш 
әлемді: Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі әлемдерді көктеп өтетін 
Хан Тәңірі тауын бейнелейді. 
Тарғытайдың (Тарғынтай, Арғытай, Тарбағатай) өзін бағзыда 
гректер Гераклмен, Липоксай, Арпоксай, Қолақсайды Агафирс, Ге-
лон, Скифпен шендестірген.


113
Киммерий патшалары 
туралы мифтер
өшпелі скиф тайпалары Азияны мекендеген. Массагеттер 
әскер күшімен өздерін ол жақтан тықсырып шыққанда, 
скифтер Араксқа жылжып, киммерий жеріне кіреді. Жұрт-
тың айтуынша, қазіргі скифтердің қонысы атанған жер бұрын 
киммерийлердікі болған. Скифтер ел шетіне таяп келгенде кимме-
рийлер қисапсыз жау әскеріне қарсы не амал қыламыз деп кеңес 
құрады. Сонда пікір айтушылар екіге жарылады.
Қарапайым халық мұндай саны көп жаумен шайқасуды 
қажетсіз деп біліп, шегінгенді жөн көреді. Дұрысында, осы ежел-
гі екі халықтың арасында соғыс болмай келгендігі скифтер мен 
киммерийлердің туыстығы себебінен еді. Сондықтан да кимме-
рийлер ақылдасып, туыстар арасында қантөгісті болдырмауға 
тырысады. Патшалар, керісінше, туған жерді басқыншылардан 
жанқиярлықпен қорғау керек деп есептейді. Өйткені, олар жерін 
қалдырып кетсе, өз биліктерінен айрылатын еді.
Сонымен, халық патшалардың шешіміне құлақ аспады, ал 
патшалар халыққа бағынғысы келмеді... Туған жерде керемет 
бақытқа кенелген патшаларға Отанынан айрылып, қуғын көрген 
бейбақтарды қандай тауқымет күтіп тұрғаны белгілі еді. Осылай 
ортақ пікірге келе алмаған киммерийлер екіге бөлініп, бір-бірімен 
тайталасады. Патшалар мен қарапайым халық арасында қырғын 
шайқас болады.
Туысқандардың қантөгіс соғысында қаза тапқандарды кимме-
рий халқы Тирас өзенінің бойында жерледі. Ол жерден патшалардың 
қабірлерін қазір де көруге болады. Осыдан соң киммерийлер өз же-
рінен кетіп, сырттан келген скифтер қаңырап қалған елге ие бола 
қойған.*
*Ежелгі грек жазушысы Геродот скифтер жайында, олардың Азия 
далаларынан Қара теңіздің солтүстігіндегі атыраптарға келіп 
қоныстануы жайында осылай баяндайды.


114
Скифтердің жеті құдайы
және көшпелілердегі
әлемнің үлгісі
еті – жай, кездейсоқ сан емес, құдайдың мейіріміне бөлен-
ген сан. Барлығы да жеті санымен байланысты. 
Скифтердің құдіретті жеті құдайының бірінші санатында 
тек біреуі ғана дараланады: бұл – Табити (Тәубе). Екінші санаттағы 
құдайлар екеу. Олар – Папай (Бабай) және Апи (Апа). Үшінші 
санаттағы құдайлар төртеу: Аргимпаса (Арғын-апа), Арес (Арай), 
Гойтосир, Геракл.*
*Скифтердің әлем үлгісі Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі үш әлем-
нен тұратын ежелгі түркілердің әлем үлгісімен өте ұқсас.
Амазонкалар
жайлы мифтер
Орта Азияның ежелгі халқы –
сарматтардың (савроматтардың) 
қайдан шыққаны жайында
Грек мифологиясындағы амазонкалар – соғыс құдайы Арес (Марс) 
пен Гармония нимфасынан тараған жауынгер әйелдер тайпасы. Бір 
кездерде олар Фемискир қаласының қасындағы Фермадонт өзенін 
немесе Кавказ тауының баурайы мен Азов теңізінің төңірегін ме-
кендеген.
Амазонкалар ұрпақ жаю үшін жат жерліктермен немесе көршілес 
тайпа ерлерімен отасқан. Ұлдарын басқаларға тәрбиелеуге беріп 
(немесе өлтіріп), қыздарын өздерінде қалдырып отырған. Олар 


115
садақпен, айбалтамен, жеңіл қалқанмен қаруланған. Дулыға мен 
киімді өздері дайындаған. Амазонка атауы қару ұстауға неғұрлым 
ыңғайлы болуы үшін қыздардың сол жақ төстерін күйдіру ғұрпының 
атауынан шыққан-мыс.
Амазонкалар Арес пен Артемидаға құлшылық етіп, уақыттарын 
шайқаспен өткізген. Амазонкаларға қарсы Беллерофонт шайқас-
қан. Геракл амазонкалардың қаласы Фемискирді жаулап, олардың 
патшайымы Ипполитаның белдігін алады. Тесей Антиопаға 
(Ипполитаның шешесі) үйленеді. Бұдан соң амазонкалар Афины-
ны қоршайды. Бірақ кейінірек Амазония аталған жерде тас-талқан 
етіледі. Пенфесилея есімді амазонка-әйел соғыста трояндықтарға 
көмектесіп, Ахиллестің қолынан ажал құшады.
Амазонкалар Эфес қаласының іргетасын қалап, Артемиданың 
құр метіне сондағы атақты ғибадат үйін орнатқан дейді. Амазонка-
лар және олардың олимпиялық қаһармандармен күресі жайындағы 
мифтерде матриархаттық сипаттар көрініс тапқан.
ермадонт түбіндегі үлкен жеңістен кейін эллиндер (аңыз 
бойын ша) тірідей қолға түсірген амазонкаларды алып, үш 
кемемен үйлеріне қайтып келе жатады. Ашық теңізде ама-
зонкалар эллиндерге тарпа бас салып, барлығын қырып салады. 
Алайда, олар кеме жүргізу ісімен таныс болмаған. Желкендер 
мен ескектерді меңгеруді білмеген. Еркектер өлтірілгеннен кейін 
кеме ашық теңізде ұзақ жүреді, ақыры, желдің бағытымен Мео-
тида көліндегі шақпақты шыны тастарға келіп тоқтайды. Шыны 
тастар, әлбетте, еркін скифтердің жерінде ғой. Осы арада амазон-
калар жағаға түсіп, төңіректі шарлап кезе бастайды. Сөйтіп жүріп 
жылқы табынын ұшыратып, оларды ұстап мініп алады. Енді аттар-
мен құйғытып, скиф жерін тонауға кіріседі.
Скифтер мұның мән-жайын ұға алмады. Себебі, олар үшін 
амазонкалар тайпасы, тілі мен киімі беймәлім еді. Скифтер 
амазонкалардың қайдан сап ете түскенін түсінбей аң-таң бола-
ды. Оларды жас жігіттерге балап, айқаса кетеді. Шайқаста қаза 
тапқан амазонкалардың бірнеше мәйіті скифтердің қолына 


116
түседі. Сонда ғана олар шапқыншылардың әйел заты екенін біле-
ді. Осыдан соң скифтер енді амазонкаларды өлтірмеуді, әйелдер 
қанша болса, шамамен сонша жас жігітті жіберуді ұйғарды. Жі-
гіттер амазонкаларға жақын жерге қостарын тігіп, олар не істе-
се, соны істеуге тиіс болады. Егер амазонкалар оларды қуаласа, 
ұрысқа түспей, қашулары керек. Ал қуғын тоқтағанда жігіттер 
қайта жақындап, қостарын қайтадан тігуі тиіс.
Скифтер ержүрек жауынгер әйелдерден ұрпақ алуды қала-
ғандықтан, осылай ұйғарған болатын.
Скифтік жігіттер осы жарлықтарды орындауға кірісті. Әйелдер 
беймәлім көршілерінің ешқандай жаулық пиғылы жоқтығын 
байқаған соң, олардың мазасын алмады. Күн өткен сайын екі қос бір-
біріне жақындай түсті. Амазонкалар сияқты, скифтік жігіттердің 
де қолдарындағы қаруы мен астындағы аттарынан басқа түгі бол-
маған. Ел тонап, аң аулаумен айналысқан екі жақ та бірдей өмір 
салтын ұстанды.
Тал түсте амазонкалар оңашада табиғи қажеттіктерін атқару 
үшін бір-бірлеп, кейде екі-екеуден жан-жаққа тарайды екен. Мұны 
байқаған скифтер де соны істейтін болды.
Бірде жігіттердің біреуі жалғыз амазонкамен ұшырасып 
қалады, бірақ әйел оны қумайды. Әрине, тілдерін түсінбейтін 
болғандықтан, олар бір-бірімен сөйлесе алмайды. Әйел қолдары-
мен ымдап, жас жігіттің ертең дәл осы жерге жолдасын ертіп келуі-
не болатынын білдіреді. Өздерінің де екеу болатынын, құрбысымен 
келетінін ыммен түсіндіреді.
Жігіт қосқа оралып, мұны жолдастарына айтады. Келесі күні 
әлгі жігіт тап сол жерге жолдасымен бірге келсе, екі амазонка 
күтіп тұр екен. Бұл хикаяны қалған жігіттер де біліп, басқаларын 
да оп-оңай жуасытып алады.
Осыдан кейін екі қосын бірігіп, бірге тұрады. Әркім алғаш 
кездескен әйелмен отасады. Әйткенмен, күйеулері өз әйелдері-
нің тілдерін үйрене алмады. Әйелдер болса, күйеулерінің ті-
лін қағып алады. Ақыры, бір-бірін түсіне бастаған кезде ерлер 
амазонкаларға былай деді:


117
– Біздің ата-аналарымыз, дүние-мүліктеріміз бар. Бұдан әрі 
мұндай өмір кеше алмаймыз. Сондықтан, елімізге қайтып, өз 
халқымызбен өмір сүргіміз келеді. Біздің әйеліміз тек өздерің 
ғана боласыңдар, сендерден басқа адаммен енді отаспаймыз.
Бұған амазонкалар былай деп жауап қайырды:
– Біз сендердің қауымдарыңмен бірге тұра алмаймыз. 
Өйткені дағдыларымыз олардікіндей емес: садақ тартамыз, най-
за лақтырамыз, салт атпен шабамыз. Әйел жұмысына бейімдел-
мегенбіз. Керісінше, сендердің әйелдерің бұл айтылғандардың 
бірімен де айналыспайды, олар тек үй жұмысын атқарып, 
қоныстарыңнан аттап шықпайды, аң ауламайды, жалпы, мүлдем 
ешқайда бармайды. Сондықтан олармен үйлесе алмаймыз. Егер 
біз сендерге әйел болып, бірге өмір сүруімізді қаласаңдар және 
адалдықтарыңды көрсеткілерің келсе, онда ата-аналарыңа ат-
танып, еншілеріңді алыңдар. Осында қайтып келген соң, өз бе-
тімізбен тұрмыс кешейік.
Жігіттер өздеріне тиісті енші үлестерін алып, амазонкаларға 
қайтып оралды. Сонда әйелдер тағы айтты:
– Біз осы елде тұруымыз керек деген ойдың өзінен шошимыз. 
Себебі сендердің елдеріңе ғаламат қиянат жасадық. Сендер біз үшін 
әке-шешелеріңді, ошақтарыңды тастап кеттіңдер, Бізді әйел етіп 
алғыларың келді. Енді қанеки, былай қылайық: бұл елден көшіп, 
Танаис өзенінің ар жағына қоныс аударайық.
Жігіттер бұл айтқанға да көнді. Олар Танаисты кешіп өтіп, 
өзеннен шығысқа қарай үш күн және Меотида көлінен солтүстікке 
қарай үш күн жүріп, сол мөлшердегі бір жерге қоныстанды. Олар 
қазірге шейін осы арада мекендеп жатқан көрінеді.
Сол кезден бері саврамат әйелдері өздерінің баяғы замандағы 
дағды-ғұрыптарын сақтап келеді: олар күйеулерімен бірге, кейде, 
тіпті, оларсыз-ақ салт атпен аңға шығады, жорыққа аттанады әрі 
ерлермен бірдей киім киеді.
Савроматтар скифтерше сөйлейді, тек амазонкалар бұл тіл-
ді өте нашар үйренгендіктен, бағзыдан бұзып сөйлейді. Үйлену 
ғұрыптарына келетін болсақ, оларда қыздар жауын өлтіргенше 


118
күйеуге шықпайды. Кейбіреулері кемпір болғанша тұрмыс құрмай 
өтеді, өйткені, ғұрыпты орындауға шамасы келмейді.*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет