Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Сиқыршының астында сол бір аттың елесі,
Арыстан-құс – әкесі, бие – тапқан енесі.
Әкесіне тартып ол кең қанатты құс болған,
Әкесіндей шапшаң да, әкесіндей – денесі.
Қалған жағы түгелдей шешесіне ұқсаған,
Осынау ат әйгілі гиппогриф аталған.
Тауларында Рифейдің белгілі боп атағы,
Мұзды теңіз сыртына даңқы кетіп тараған.
 
 
 
 
 
(Аударған Қорғанбек Аманжолов)
Осы арада кейбір зерттеушілердің Рифей тауларын скиф патша-
сы Липоксайдың иелігі деп есептейтінін айта кеткеннің артықтығы 
болмас...


123
Химера
имера* – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан 
бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың 
сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты Беллерофонт, Глав-
кінің ұлы өлтірген. Гомердегі суреттелуі бойынша, ол арыстан ба-
сты, ешкі қарын және жылан құйрық мақұлық. Алайда Гесиодтың 
«Теогониясында» оның үш басы бар делінеді. V ғасырда жасалған 
Ареццоның атақты қола мүсінінде ол нақ осылай бейнеленген. 
Жотасының қақ ортасына ешкінің, бір жағына жыланның, екінші 
жағына арыстанның басы салынған.
«Эниданың» алтыншы жырында «аузынан жалын атқан Химе-
ра» тағы көрінеді. Түсіндірмеші Сервий Гонорат, барлық беделді 
ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, бұл аждаһаның Ликия-
дан шыққандығын атап көрсетеді. Бұл өңірде осылай аталатын жа-
нартау бар. Жанартаудың түбі қаптаған жыландар, баурайы толған 
көгалды алқаптар мен ешкі жайылымдары. Төбесінен жалын ала-
улап жатады. Арыстандардың апаны да сонда, жоғарғы жағында. 
Химера – осы бір өзгеше таудың бейнелі атауы.
Арыстанның, ешкі мен жыланның ақылға сыймайтын қоспасы, 
оның скиф өнернамасынан келген бейнесі «химералық» деген 
ұғымды, яғни мүмкін емес деген мағынаны білдіре бастаған.
*Химера – жалған мұрат, жүзеге аспайтын бос қиял. Химера жа-
йындағы алғашқы мағлұматтар «Илиаданың» алтыншы жырын-
да кездеседі.


124
Айдаһар
детте, айдаһарды жылқы басты, жылан құйрықты, үлкен 
қос қанатты және әрқайсысында төрт-төрттен тырнағы бар 
төрт аяқты етіп елестетеді. Сондай-ақ оның тоғыз ұқсастығы 
туралы айтады: мүйізі – бұғынікіне, басы – түйенің басына, көздері 
– сайтанның көздеріне, мойны – жыланның мойнына, қарны 
– моллюсканың қарнына, қабыршағы – балықтың қабыршағына, 
тырнақтары – бүркіттің тырнақтарына, аяқтары – жолбарыстың 
аяқтарына және құлақтары – бұқаның құлақтарына ұқсас. 
Кейбіреулерінің құлақтары жоқ, мүйіздерімен естиді. Көбінесе 
олардың бейнесін мойынына ілулі інжу моншақпен (інжу күннің 
белгісі болып табылады) береді. Өйткені оның күші осы моншақта, 
егер моншақты алып қойса, айдаһар ешкімге залал келтірмейді.
Тарих айдаһарды алғашқы императорлардың арғы тегі деп 
санайды. Оның тырнақтарының, тістерінің және сілекейінің 
шипалық қасиеті бар. Өз қалауы бойынша ол адамдарға көріне ала-
ды. Көктемде көкке ұшып кетеді, күзде тұңғиық суға шомылады. 
Кейбіреулерінің қанаты жоқ болса да, ұша біледі.
Мифтерде айдаһарлардың алуан түрі ұшырасады. Аспан айда-
һары өзінің жотасында құдайлардың сарайларын жерге құлатпай 
ұстап тұрады. Құдай тектес айдаһар адамдардың игілігіне жаңбыр 
жауғызып, жел соқтырады. Жер айдаһары бұлақтар мен өзендердің 
ағысын бағыттайды. Жер асты айдаһары адамдарға тыйым салын-
ған қазыналарды күзетеді. Айдаһарлар аспанда ұшып жүреді, 
оларды әрдайым пішіндерін өзгерткен бұлттардан көруге болады! 
Айдаһарға ұқсас бұлттар да болады.
Шығыс ғұндардың туларында айдаһар бейнеленген.


125
Перитиялар
еритиялар Атлантиданы мекендейді. Олар – жартылай бұғы, 
жартылай құс тәріздес мақұлық. Басы мен аяқтары – 
бұғынікі. Ал дене тұрқы, қауырсын-қанаттарымен қоса, 
құстан аумайды.
Ең ғажап қасиеті сол, күн жарығы түскенде олардың көлеңкесі 
өзінікі емес, адамның сұлбасы болып көрінеді. Осыдан келіп кей-
біреулер перитиялар – құдайлардың желеп-жебеуінсіз жат жерде 
өлгендердің аруақтары деген тұжырым жасайды.
Бұл мақұлықтар топталып ұшады, оларды Геркулес мұнарала-
рының маңында шырқау биіктен көргендер бар...
...Олар (перитиялар) – адам затының қас жаулары. Адамды 
өлтірудің сәті түскен кездерінде көлеңкелері лезде өз денелерінің 
ырқына көніп, құдайдың рақымына ие болады...
Сципионмен бірге Карфагенді жауламаққа жол тартқан римдік-
тер теңізбен келе жатып осы құбыжықтарға тап болып, сапарлары 
сәтсіздікке ұшырай жаздайды. Оларға топталып ұшқан көп пери-
тия лар шабуылдап, бірсыпыра жауынгерлерін өлтіріп кетеді...
...Біздің қаруымыз перитияларға қарсы дәрменсіз болғанымен, 
олардың әрқайсысы бір адамнан артық өлтіре алмайды...»*.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет