*Рашид-ад-Диннің мазмұндауымен жеткен «Ергенекөн» қиссасының
монғолдық нұсқасы бойынша.
«Ергенекөн» қиссасы ұл бала туралы аңызбен тығыз байланысты.
Онда да адамдар тығылатын үңгірлер, бақыт пен берекеге жол салып
өтетін тау шатқалдары ұшырасады. Әйткенмен, қаншық қасқырдың
ұрпақтары жайындағы аңыз бен «Ергенекөн» қиссасының астарын-
да қандай тарихи ақиқат сырлар жатыр?
Аттиланың жұмбақ өлімінен кейін оның жеті ұлы империяны
пат шалықтар мен ұлыстарға бөліп алып, әрқайсысы өз билігін
жүргізген. Еуропалық ғұндардың бір бөлігі жергілікті тұрғындар-
мен араласып, герман және славян халықтарының құрамына кір-
ген. Қалғандары баба жұрттарын іздеп, күншығысты бетке алады.
Межелі жерге қаншасы жетті, кім біледі... Аңызда айтылғандай,
дұшпан қолынан қырғынға ұшырап, іштерінен кемтар ұл ғана тірі
қалған халық – «Батыс өлкеден батысқа қарайғы Хунну үйіне»
қараған түркілер, яғни Аттила әскерінің бір бөлігі екен.*
148
Бірнеше ғасырлар бойы жартылай қытай, жартылай монғол
– сәнбилер (сейинпи) ғұндардың қас жауы болған. Еуропа жорығы-
нан өз жұртына оралған тайпаны көрген олар өздерінің көптігін
пай да ланып, тарпа бас салған. Тұтас бір тайпаның қырғын табу күй-
зелісінің күштілігі сондай, бала мен қаншық қасқыр жайындағы
осынау аңыз өмірге келген. Өйткені құрып кетуі мүмкін халықты
тек желеп-жебеуші тотем** ғана қайта туғыза алар еді. Қаншық
қасқыр – сақшы, отбасын күзететін, сақтайтын тотем. Дұрысында,
бөрі Көк түркілерінің ғана емес, ғұндардың да тотемі болған.
Оғыздар да өздерінің ата тегін бөріден таратады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, «Ергенекөн» «Ашинаның бес жүз
түтіні» қайта өркен жайғаннан кейін Ұлы Түркі қағанатының не-
гізін салу үшін түркілер жалғанның жарығына қайта шыққан
кезеңдер жайында баяндайды. Бір кездерде темірді өндіруді ғана бі-
летін Ашина түркілері жауларына алым-салықты темірмен төледі.
Кейінірек, күшейген Көк түркілер шайқастарда аварларды, өздерін
қан қақсатып келген жуань-жуань – сәнбилерді және басқа көп жау-
ларды тас-талқан етеді. Бұның бәріне Ұлы Жібек жолының бекет-
терінде тұрып, бейтараптықты сақтаған соғдылықтар куә болған.
Монғолияда Бугута қаласындағы сынтастағы жазу нақ осы соғды
тілінде бедерленген. Оның биігінен бөріні және бөрінің бауырынан
аяқ-қолы шабылған сәби баланың кескінін көруге болады.
Қорыта келгенде, халық жадында сақталған қаншық қасқыр
мен кемтар бала жайындағы мифте алмағайып мезетте тұтас рудың
қырыла жаздағаны айтылады. Алайда, Құдайдың құдіретімен,
Тәңірдің ұлға қаншық қасқырды жіберуі арқасында әлгі ру қайта
туып өркендейді.
*Бұл жайында Н. Бичурин «Деректер жинағында...» (Бірінші
том, 229-бет) жазған.
**Тотем – бір елдің, рудың арғы тегі болып есптелетін жануар,
өсімдік немесе құс.
149
Оғыз қаған жайлы миф
өне түркі әдебиетінің теңдессіз ескерткіші – «Оғыз-на-
ма» дастанының мазмұнына үңілейік. Кітаптағы мәтін-
нің басында бұқаның – Оғыздың суреті тұр. Баяндау ежелгі
түркілердің, дәлірек айтқанда, ежелгі түркі билеушісі – қағанның
ұлы туған бағзы замандардан басталады.
«Ежелгі түркі билеушісі – қағанның ұлы өмірге келді. Бала
қара көзі мен қара қасы қиылған сұлу болды, жалпы, елден ерек-
ше сипатта туылды. Нәресте айлап емес, күн санап өсті. Қырық күн
дегенде аптал азамат болып, барлық жігіттерді еркін басқарды.
Тамақ жегенде үлкен адамды жолда қалдырды, сөз сөйлегендегі
мәні ақсақал қарияны таңырқатты. Осы бір ерекше баланың атын
әкесі Оғыз деп қойыпты.
Оғыз Көкпен тілдесуді ұнататын. Бір күні оңашада Аспан
Құдайы Тәңірмен сырласып отырса, кенет әлем түрлі-түсті бояуға
малынып, Күннің нұры, Айдың арайы жерге шашылады. Сол кез-
де көктен ғажайып сұлу қыз түседі. Шашы тобығына жетеді. Жігіт
Оғыздар, байырғы түркі руларының одағы, бірінші мыңжылдық-
тың басынан бастап, негізінен, Сырдария өзенінің сағасында өмір
кешкен. Бұл жайында Орхон-Енисей жазуларында, атап айтқанда,
Күлтегін туралы поэмада мағлұматтар бар.
IX – X ғасырларда оғыздар мемлекет құрып, астанасы Сырдарияда
болды. Бұл қала Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталды. 965 жылы
оғыздар Киев Русімен одақтасып, сонымен бір мезгілде бұл кез-
де кү шейіп алған Хазар қағанатымен соғысады. Бұл шайқаста
оғыздар жеңіп шығып, өз ықпалын Каспий теңізінің солтүстік-
шығыс жағалауына дейінгі аймаққа жүргізеді. Орыс князьдары-
мен бірге Еділ бұлғарлары на жорыққа аттанып, оларды Еділ мен
Кама өзендері аралығындағы шайқаста тас-талқан етеді.
XI ғасырда қыпшақтардың қысымымен оғыздар артқа, өздерінің
бұрынғы шекараларына қарай шегінеді. Оғыздардың елеулі бөлігі
қыпшақ, қарлұқ, қаңлы руларымен және басқа түркі халықтарымен
араласып кеткен.
150
оны бір көргеннен ғашық болып қалады. Ару қыз Тәңірдің батырға
тартқан сыйы болатын. Оғыз қызға ойланбастан үйленеді. Айы-күні
жеткенде әйелі үш ұл табады. Тұңғышына Күн, ортаншысына Ай,
кенжесіне Жұлдыз деп ат қояды.
Оғыз аңға шығып жүреді. Бір күні ол ағаштың қуысынан ай
мен күндей сұлуды көреді. Оғыз оған да ғашық болып қалады.
Ақыры тілегіне жетіп, біраз уақыт өкен соң әлгі қыз оның екінші
әйелі болады. Бұл әйелінен Көк, Тау және Теңіз есімді балалары
дүниеге келеді.
Күн өткен сайын Оғыздың даңқы жалпақ жаһанға жайыла бере-
ді. Шығыс қағаны – Алтын Оғыздың асқан даңқын естіп, керуенмен
елшілерін аттандырады. Қыруар алтын-күміс, жақұт, інжу-маржан
тарту етіп, құзырына бас иеді. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, Оғыздың
көңіліне желік бітіп, көрші елдердің бәрін өзіне бағындыруға
бел буады. Айтты – бітті. Қалың қолмен Оғыз жорыққа шығады.
Қырық күн жол жүріп, Мұзтау деген таудың етегіне жетеді.
Әдеттегі дағдысымен Оғыз екі қолын көкке жайып Тәңірге жал-
барынады. Сол сәтінде оған аспаннан көк түкті, қою жолды бір
арлан бөрі түседі. Бөрі тіл қатып: «Ей, Оғыз қаған, мен саған жол
бастайын. Соңымнан ер!» – дейді.
Бірнеше күннен кейін алдына көк бөріні салған Оғыз бен оның
әскері Еділ дариясына жетеді. Сол арада Оғыздың әскері жаумен
шайқасады. Сұрапыл соғыс болып, төңірек түгел қанға боялады.
Алғашқы жеңіс қымбатқа түседі.
Арлан бөрі тағы да алға шығып, шеріктерді бастай жөнеледі.
Оғыз қаған үнсіз соңынан ереді. Бір күні олар Синд жеріне табан ти-
гізеді. Мұнда да қырғын шайқас болып, жас көсем екінші жеңісін
тойлайды. Синд жері бұған бағынып, бас иеді. Оғыз қағанның
уәзірі – Ұлық Түркі деген ақ сақалды қарт бар еді. Сол кісі бір күні
түс көреді. Түсіне, кемпірқосақ сияқты, күншығыстан күнбатысқа
қарай иіле тартылған алтын садақ және қасында ұшы терістікке
қарап жатқан үш күміс оқ кіреді. Уәзір көргенін Оғызға айтып
береді. «Ей, Оғыз қағаным! Тәңірім саған кең байтақ ел, Ұлы мем-
лекет сыйлайды. Ештеңеден қорықпа, ештеңеден тартынба! Жер
151
бетінде саған бағынбайтын, сенің алдыңда басын имейтін мемле-
кет жоқ», – дейді. Оғыз қартты бар зейінімен тыңдайды.
Ерте ме, кеш пе, Тәңір хабар жіберіп, не істеу керектігін айта-
тынын ол өзі де білетін. Ертеңіне балаларын шақырып алып: «Ей,
ұлдарым! Қартайып, қайратым кеміген сияқты. Көзім бұлдырайды.
Тізем дірілдейді. Жағым түсіп, кемиек болдым. Аң аулауды
көңілім сүюші еді, бірақ ендігі кезек сендердікі. Күн, Ай, Жұлдыз,
үшеуің күншығысқа барыңдар. Көк, Тау, Теңіз, үшеуің күнбатысқа
барыңдар», – дейді.
Күншығысқа аттанған Күн, Ай, Жұлдыз көп құс-аң аулайды.
Қайтар жолда бір алтын садақ тауып алып, олжаны әкелеріне әкеліп
береді. Оғыз қаған алтын садақты үш бөлікке тең бөліп сындырады
да: «Ей, менің үлкен ұлдарым! Осы садақ сияқты, мықты және мер-
ген болыңдар!» – дейді.
Батысқа кеткен Көк, Тау, Теңіз де көп аң-құс аулайды. Қайтып
келе жатып үш күміс оқ тауып алады. Бұған қуанған Оғыз қаған
оқтарды үшеуіне бөліп беріп: «Ей, кенже ұлдарым! Бұл оқтар сен-
дердікі болсын. Сендер де оқ сияқты кезеулі тұрыңдар!» – дейді.
Сонан соң Оғыз қаған зор құрылтай шақырады. Жаулап алған
жерлерін ұлдарына бөліп беріп, мынадай баталы сөздер айтады:
«Ей, менің қайратты, қайсар ұлдарым! Мен көп өмір өткіздім,
қиындығын да көрдім, жемісін де жедім. Көп шайқастарда жау-
ларымды табаныма салдым. Айғыр мініп, бел астым. Жауларым-
ды жылаттым, олар маған жау болғанына өкінді. Достарымды
қуанттым, олар маған дос болғанына сүйінді. Бар ғаламды жарату-
шы, Тәңір борышын өтедім. Артымда көп ізгілікті іс қалдырдым.
Енді жұртымды сендерге тапсырдым»*, – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |