Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
*«Оғыз-нама», болжам бойынша, VI – IX ғасырларда, бәлкім, одан 
да бұрынырақ пайда болған. Оғыз-нама – көне түркі фольклорының 
ғажайып туындысы, бүкіл түркі халықтарына ортақ әдебиет 
жәдігері, ежелгі түркінің ататек жайлы аңыздарының негізінде 
бағзы заман авторлары тудырған эпикалық және тарихи баян. 
«Оғыз-нама» – ежелгі түркі көркем әдебиетінің тарихи ахуалдарға 
тәуелсіз, дербес шығармасы.


152
Шыңғыс хан
Шыңғыс хан – көптеген түркі-монғол халықтарының мифо -
ло гиялық қаһарманы. Оның бейнесі ақиқат тарихи тұлғадан
XII ға сырдағы қолбасшы, монғол империясының негізін қалау-
шыдан бастау алған. Шыңғыс ханның тегі Көктен жаратылған 
делінеді. Өз заманында Шыңғыс ханға табынуды монғол им-
периясында жиһангердің немересі – Юань әулетінің негізін 
салушы Құбылай заңдастырған. Мифологиялық Шыңғыс хан 
ата-баба аруақтарын қастерлеу дәстүріне үйлестіріп енгізіл-
ген. Шыңғыс хан монғол дың ұлы хандары әулетінің ұлы баба-
сы деп жарияланған, оған «Сегіз ақ шатыр» деген атпен белгілі 
ғибадатхана орнатылған.
Шыңғыс ханның жалпы құдіретінде оның туға айналған әске-
ри данышпандығының құдайы – сүлде ерекше орын алады. 
Әсі ресе, Цаган сүлде – Ақ Ту және Қара сүлде – Қара ту 
айрықша құрмет тұтылды. Шыңғыс ханның туларына арнап
ғибадатханалар салынды, құрбан шалу жорасы ойласты-
рылды. Цаган сүлде мен Қара сүлде – Шыңғыс ханның нақ-
ты жақын серіктерінің ойдан шығарылған аттары деген 
жора мал да бар. Шыңғыс ханның құдіретіне сай оның отба-
сы мүшелеріне: анасына, әйелдеріне, ұлдарына және басқа 
туыстарына табыну орын алған.
Шыңғыс ханның бейнесі XVI – XVIII ғасырларда ламаизмнің 
таралуына байланысты өзгерістерге ұшырады. Аңыз бойынша, 
Шыңғыс ханды қаһарлы құдай тағынан панчен-лама (будда 
дінінде құдай дегенді білдіреді) түсіріп, оның құрметіне қан 
шығарып құрбан шалуға тыйым салған. Шыңғыс ханның сүйегі 
қойылған табытты бекітіп, кілттерін Тибетке алып кеткен. 
Шыңғыс хан монғол буддизмінің желеп-жебеуші құдайлары-
ның қатарында болды. Бірқатар дұғаларда оған анттың ақ 


153
әулиесі ретінде сыйынады. Ламашылдық дәстүр Шыңғыс 
ханның ата тегін мифтік үнді патшасы Маха Самадиден тара-
тады.
Монғол тектес халықтардың мифтерінде Шыңғыс хан мәдени 
қаһарман*, яғни кейбір үйлену тойларының салт-жораларын
белгілеуші, арақты, қымыз бен темекіні ойлап шығарушы, 
ұсталық кәсіптің және т.с.с. қамқоршысы ретінде көрінеді.
Топонимикалық сюжеттер жер-су атауларының шығуын өмірде 
болған Шыңғыс ханның харекет-қызметіне негіздеп түсіндіреді. 
Мысалы, Алтын-өлгей – «алтын бесік» – оның дүниеге келген жері. 
Тогон-Чулун – «тас қазан» және Санага – «ожау» шеріктерінің зат 
ұмытып қалдырған жерлері. Деш тауы (төс) – Шыңғыс ханның 
темір соққан жері. Бір аяғымен Чикой өзенінің оң жағасын, 
екінші аяғымен сол жағасын басып тұрып, өзенге өзінің қаруын 
суарған. Бірқатар мифтер Шыңғыс ханның ықтимал қабірі болуға 
тиісті орынға арналған. Ол орын әдейі бұрылған өзен арнасын-
да, жалпымонғолдық қасиет-киеге баланатын Бурхан-Халдун 
тауының үңгірінде.
*мәдени қаһарман – ежелгі мифтерді зерттеушілер қолданатын 
арнайы термин. Олар адамдарға араша түсетін, жер жырту мен 
тоқуға, садақ тарту мен балық аулауға үйрететін Еуропа, Азия, 
Африка мен Австралия мифтеріндегі қисапсыз құдайлар мен жар-
тылай құдайларды осылай атайды. Мысалы, Прометей.


154
Тұлпар-пегас туралы миф
өшпелі халықтар байырғы замандардан бері өздерінің се-
німді һәм адал серіктері – аттарды киелі жануар деп есептеп, 
оларды қисапсыз көп бейнелеген. Аттардың сурет-бейнелері 
скиф-сақ дәуірлерінің алтын бұйымдарынан, жартастарға қашал-
ған көптеген таңба-бедерлерден табылып жатыр. 
Көшпелілер тіршілігі Қамбар ата түлігімен тікелей байланысты 
болғандықтан, жылқыға алуан түрлі мифологиялық және ертегі-
лік қасиеттерді дарыта отырып, оларды мифтердің, ертегілердің, 
аңыздар мен батырлық жырлардың кейіпкерлеріне айналдырған. 
Әлбетте, қанатты аттардың қиял-ғажайып бейнелері, сиқырлы 
қанатты мақұлықтар жайлы наным-түсініктер өте ерте замандар-
да-ақ пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет