Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
*Бұл жайында 1245 – 1318 жылдарда өмір сүрген монғол тарихын 
зерттеуші, парсы ғалымы Рашид-ад-Диннің «Жамиғат-тауарихын-
да» егжей-тегжейлі айтылған.


144
Ашина әулетінің шығуы
туралы аңыз
өк түркілері бір замандарда дербес әрі бейқам өмір сүріпті. 
Осы қамсыздығынан олар жапа шегіпті.
Бұл былай болған дейді. Бірде қамсыз, жайма-шуақ жатқан 
халыққа дұшпан күтпеген жерден шабуыл жасап, кәрі-жас, әйел-
бала демей, қырып салады. Тек он жастағы баланы аяқ-қолын кесіп, 
мазақ етіп, ойран-топан болған жұртқа тірідей тастап кетеді... Бұл 
бала ақсүйек әулеттен, дұрысында ханзада болса керек. Әйтпесе, 
жаулар оны бірден өлтірер еді. Жаралы ұлды олар өлімге байлап, 
батпаққа тастайды. Бірақ Тәңір аяушылық етіп, оған қаншық 
қасқырды жібереді. Жақында ғана күшіктеген қаншықтың емше-
гі сыздап тұрған. Себебі, бөлтіріктерін аңшылар алып қойған бола-
тын. Қасқыр баланың жарасын жалап жазып, дәрменсіз кемтарды 
сүтімен асырайды. Әлгі ұл өскен соң қаншық қасқырға үйленеді.
Арада бірнеше жыл өтеді. Жаулар баяғыда өздері кемтар еткен 
ұлдың әлі күнге дейін тірі екенін біліп қалып, сол жерге қайта ора-
лып, оны өлтіреді. Олар түркі әулетін түп-тұқиянымен құртуды 
көздеген залымдар еді. Бірақ бұл арада Тәңір тағы араласады. 
Қаншық қасқырға қанат бітіп, жігітті алып, биік таудың басы-
на ұшып кетеді. Осы таудың ішінде бір тар шатқалдан өтіп, жан-
жағын құзар шыңдар қоршаған, қалың тоғайлы, өзен-сулы, аң-
құсы өрген көкорайлы қойнауға тап болады. Қасқыр жігітті осы 
араға жерлейді. Көп уақыт өтпей осы жерде оның он ұлы дүниеге 
келеді. Ұлдары өсіп ержеткен соң көрші тайпалардың қыздарына 
үйленеді. Қасқырдан тараған ұрпақ көбейіп, бір рулы елге айнала-
ды. Ұлдардың ішінен Ашина (Ачина, Асена) дегені дараланып, ке-
йін ру басшысы болып тағайындалады.
Бірнеше ондаған жылдар өтіп, Ашинаның елі сол таулардың 
(Алтай) күнгейіне қоныстанады, темір және басқа металл өндірумен 
айналысады. Алтай таулары шыңдарының бірі алыстан қарағанда 


145


146
дулығаға ұқсайды екен. Ал, дулыға көне түркі тілінде «түркі» («ті-
рік») деген сөз. Сондықтан осы жерде өмір сүрген Ашинаның қол 
астындағы тайпа «түркі» атауын алады.
Көк түркілері өз төңірегінде тұрып жатқан рулар мен тайпа-
ларды түгел бағындырған. Күш пен құдірет жағынан олармен еш-
кім теңдесе алмаған. Ақыры, жаулары бұларды бірігіп құртуға 
бекінеді. Алайда бұл тайталаста да Көк түркілері жеңіп шығады. 
Ашық айқаста олардың бой бермейтінін көрген соң дұшпан әккі 
қулықпен айласын асырмақ болады. Әскерін мұқият дайындаған 
жау тұтқиылдан тарпа бас салып, найзамен түйреп, қылышпен 
кескілеп, шалдар мен сәби балаларға дейін қырып салады. Тірі 
қалғандарын тұтқынға алады. Бұл соғыста түркілердің елбасшысы 
Елхан (Бумын қаған) мен оның ұлдары қаза табады.
Көк түркілерінің күні осымен батқандай еді. Алайда Елхан 
әулетінен жалғыз адам – Қайы аман қалады. Ол жиені Тоғызды ер-
тіп, әйелдерін алып тұтқыннан қашуды ұйғарады. Содан бір түнде 
олар ойларын іске асырады. Ертеде бабалары – Көк түркілері мекен 
еткен туған жерге жетуге асығып, түнде ғана жүріп, күндіз жыныс 
орманда қуғыншылар көзінен тасаланады. Әйткенмен, ата жұртқа 
жетудің сәті түспейді. Бірақ олар пейіш бағына ұқсас өлкеге тап 
болады. Байқап қараса, адам аяғы баспаған жер екен. Молшылық, 
құт-береке осында көрінеді. Жайқалған шабындық, шұрайлы 
жайылым, мөлдіреп аққан су, тұнық бұлақ, айнала толған жеміс 
ағаштары, қаптаған аң-құс. Сонымен бұл жерді Ергенекөн деп атап, 
Тәңірге сыйынып, осында қоныстанып, қалып қояды.
Көп айлар мен жылдар өтеді. Қайы мен Тоғыздың балала-
ры, немерелері өсіп-өніп, қанат жаяды. Ергенекөн жері олардың 
ұрпақтарына тарлық ете бастайды. Сонда Қайының немере-шөбе-
релері өздерінің Ергенекөннен бөлек Отаны, атамекені бар екенін 
еске алады, сөйтіп, сол жерді таппаққа бел байлайды. Бірақ олар 
Ергенекөн алабын қоршап жатқан биік таулардан шығатын асулы 
жолды білмейді. 
Олардың арасында бір дана темірші ұста болады. Қария: «Осы 
тауда темір кенін алатын бір жер бар. Егер темірді ерітсек, бұл 


147
арадан шығар жолды тапқанымыз», – дейді. Сонда олар әлгі 
жерге ағашты тау қылып үйіп, лаулатып от жағады. Отты жет-
піс өгіздің терісінен жасалған көрікпен үрлейді. Ақыры Тәңірдің 
жәрдемімен темір тау балқып, сыртқа шығатын қақпа пайда бо-
лады. Сөйтіп, олар таулардың қоршауынан шығып, өз атамекені-
не жетеді.
Қайы ханның немересі Бөртешін дүниенің төрт тарабына ха-
баршылар жіберіп, түркілер өздерінің атамекеніне қайтсын деп 
жар таратады. ...Сәуегейдің айтқаны келеді. Оларға төңіректегі 
халық түгел бағынады. Түркілер бұрынғы қуаты мен дәулетіне 
жетеді. 
Көк түркілер тауды бұзып жол салып, атамекенге оралған күндер 
мереке болды. Қағандар Ергенекөн мерекесі күндері темірді отқа 
қыздырып, төске салып, алғашқы болып бірнеше рет соғады. Со-
дан соң темірді бекзада, байлар ұрады. Сөйтіп ұлан-асыр той-думан 
басталып, олар жұмақ жерде дәурен кешкен, ата жұртқа оралған 
күндерді естеріне алады.*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет