Тұлпар туған Бурылдың
Қолтығында бар қанат...
«Қобыланды батыр»
Табиғатынан аңғал қазақтар арғымақтардың жауырынының
астына көзге көрінбейтін кішкентай қанаттар жасырынған
деп білген. Тұлпар туғанда, осы қанаттары зақымданбас үшін,
биенің қарынын жарып, құлынды суырып алған. Әлбетте, бие
жантәсілім етеді. Бірақ бұл – желден жүйрік, теңдессіз ұшқыр
арғымақтың садақасы. Тұлпарлар – болашақ қанатты аттар
(грек мифологиясында – пегастар) дәл осылай, даңқты батыр-
лар мен олардың аттары жайындағы жырларында суреттелген-
дей өмірге келуі тиіс еді.
Тұлпарларда қанаттың болуы олардың Жоғарғы Әлемге
қатыстылығын паш етеді. Жоғарғы Әлемнің өкілдері ретін-
де қанатты аттар көптеген сиқырлы қасиеттерге ие. Мысалы, ат
ертегінің басты қаһарманына құйрығының немесе жалының бір тал
қылын беріп, өзі көзден ғайып болады, дәл керек кезінде батыр осы
қылды тұтатып, оны әп-сәтте шақырып ала алады («Керқұла атты
Кендебай», «Делдаш батыр»). Олардың мұндай сиқырлы қасиеті
155
Самұрық құстың кереметімен салыстыруға келеді. Қаһарман оның
қауырсын жүнінің бір талын тұтатса, құс жәрдемдесуге жан дәрмен
болып ұшып жетеді.
Әп-сәтте ғайып болу немесе әп-сәтте ғайыптан сап ете түсу
қасиеті қанатты аттардың басқа әлемдерге де сапар шегуге
қабілеттілігін танытады. Олар өзінің иесін аспанға самғатады,
онымен бірге Жерасты әлеміне түседі, әртүрлі бәлелерден аман-
есен алып шығады. Жалпы, Жоғарғы Әлемнің жан иесі ретінде
аттар адамға қызмет етеді, тек жақсылық жасайды. Әрдайым
жәрдемдесіп, қиындықтан құтқарады, ақыл-кеңесін айтады.
Өмірдегі сияқты, ертегідегі ат та әрқашан көшпелінің қасында,
оған дәйім көмек жасауға әзір.
Өзінің сиқырлы құдіретінің арқасында қанатты аттар басқа
жануарларға айналып, кейіптерін де өзгерте алады.
Көне эпостарда батыр мінетін тұлпар болашақ иесі ержеткенше,
табында, жай жылқылардың арасында үсті-басын қотыр басып,
көзге қораш жабы кейпінде жүреді. Бала есейіп, кәмелетке толған
кезде қотыр тай да түлеп, шын келбетімен қунап шыға келеді.
Қазақтарда батыр туғанда оның аты бірге туады деген ескілік-
ті наным бар. Мифологиялық түсініктерге сенер болсақ, мұндай ат
батырға Көктен, Жоғарғы Әлемнен ұшып келеді.
Көшпелі халықтар үшін ат толарсақтан су кешіп, тілерсектен
қан кешкен қанды жорықтарды, кескілескен шайқастарды бірге
өткізген жан серігі болғандықтан, тәңіршілдік ғұрып бойынша,
иесі өлген кезде арғымағын да қоса жерлеген. Адам мүрделерінің
қасынан жылқы сүйектері табылған көптеген қорымдар осыны
айғақтайды. Өмірге батырмен бірге келген ат о дүниеге де сол иесі-
мен бірге аттануы керек.
Қанатты аттың мифологиялық бейнесі қазақ ертегілерінде, ер-
лік жырларында, аңыздарында ғана емес, сонымен бірге Таңбалы
тас жартастарында қашалған бедерлерден бастап замани туын-
дыларға дейінгі бейнелеу өнерінде де кездеседі.
Әр дәуірдегі түркілерде, Жетісуды мекендеген сақтарда, ба-
тыста өмір кешкен скифтерде қанатты тұлпарлардың алтын және
156
мыс суреттері мол ұшырасады. Мұның өзі осы халықтардың
мифологияларының ортақтығын, этникалық тамырларының бірлі-
гін дәйектейді.
Қанатты аттардың суреттері әр түрлі көркемдік мәнерде
жасалған әрі өздерінің қазақ фольклорындағы сипаттамаларына
толық сәйкес келеді.
Діни түсініктердің дамуына орай фольклордағы жануар-
лар бейнесі де біршама өзгерді. Көшпелі бәдеуилерде Мұхаммед
(с.ғ.с.) пайғамбар аспанға Алланың тағына Пырақ дейтін қанат-
ты тұлпарға мініп самғағаны туралы миф бар. Осынау аттың бас
жағы адам кейіпті, денесі жылқынікі, бірақ арқасында қанатта-
ры болған. Бұл – қанатты аттың түр-сипаты біршама өзгертілген
бейнесі, яғни өзімізге таныс кентавр, бірақ оның қанаттары бар
һәм мекен-тұрағы – аспан. Сондықтан, мұсылмандық нұсқасында
Пырақтың жауырындарының астынан қанат өскен, басы – адам-
дікі, денесі – аттікі.
Қазақ ертегілерінде Төменгі, яғни Жер асты әлемінде тұратын
аттар туралы да әңгімеленеді. Мысалы, «Жарты Төстік» ертегісін-
дегі Құла Шолақ деген қанатты ат Төменге әлемде тіршілік етеді.
Сол сияқты «Қанатты қара ат» ертегісіндегі қанатты аттың енесі де
Жер асты мақұлығы, яғни жеті қат жер астында тұратын тұлпар.
Сондай-ақ ертегілерде суда тіршілік ететін мақұлықтар: теңіз,
өзен немесе көл аттары да ұшырасады. Олар Төменгі әлемнің
өкілдері болып табылады.
Егер Жоғарғы әлемде мекен ететін жылқыларда құстардың
қасиеттері болса, Төменгі әлемнің жылқыларында жер асты
мекендеушілерінің қасиеттері болуы тиіс. Сондықтан олардың дене
тұрқы немесе құйрықтары жылан тәріздес. Осындай мақұлықтар
көне грек мифтерінде де кездеседі. Мысалы, теңіз патшасы, құдайы
Нептунға жылан денелі аттар қызмет етеді.
Сонымен, үш жұмбақ әлемде әртүрлі аттарды ұшыратамыз:
Жоғарғы әлемде – қанатты тұлпарлар, Ортаңғыда – өзімізге
үйреншікті, сақараның қолтума арғымақтары, Төменгіде – жерас-
ты патшалығының аттары.
157
158
Темір адам жайлы миф
өшпелілер темір кенін өте ерте замандарда өндіре баста-
ған. Бұл олардың дүниені түйсінуіне әсерін тигізді. Топырақ-
ты қопарыстырған кезде адам тікелей жерасты патшалығына
баса-көктеп кірді. Сол себептен де ежелгі металл өндірушілер мен
ұсталар Төменгі әлемнің жын-перілерімен тілдеседі деп есептел-
ген. Сібір түркілерінің нанымдары бо йынша Жерасты елдерінің
қожайыны Еркілік ханның өзі тұңғыш ұста болған. Тіпті, оның
ұлдарының аттары да металға қатысты қойылған: Темірхан, Шой-
ын Қара, Жалпақ Темір Жауырынды. Олардың үйлері мен сарайла-
ры, арбалары мен күймелері темірден соғылған.
Жерасты патшалығының билеушісі Темір ханның есімі қазақ-
тың мифологиялық ертегілерінде әлденеше рет кездеседі. «Ер
Төстік» ертегісінде жерасты патшалығының ханы Темір Ер Төстік
пен оның жолдастарын алдап-сулап қарсы алып, темір үйде
ұйықтауға жатқызады, содан соң үйді айналдыра лаулатып от
жағып, олардың көзін жоймақшы болады.
«Күн астындағы Күнікей қыз» және «Тотан батыр» ертегілерін-
де Күнікей сұлудың әкесінің аты да – Темір. Күнікейдің өзі жерас-
ты патшалығында тұрады.
Осындай кеңінен танымал кейіпкердің бірі – жер асты дәуі
Шойынқұлақ («Ер Төстік» ертегісі). Әртүрлі ертегілерде және
сақараның бақсы-тәуіптерінің сарнау жырларында Шойынқұлақ
қолдаушы жын ретінде шақырылады. Қазақ бақсылары мен ша-
мандары зікір салған кездерінде:
Достарыңызбен бөлісу: |