Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет96/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102

Литература

1  Антропов  В.В.  Социальная  защита  в  странах  Европейского  союза.  История,  организация,  финансирование, 

проблемы. – М.: ЗАО «Издательство «Экономика», 2006. - 9 с.

2  Социальная  защита.  Современная  энциклопедия  социальной  работы.  Под.  ред.  акад.  РАН  В.И.Жукова.  –  М.: 

Издательство РГСУ, 2008.- 283 c.  

3 Тарент, И.Г. Система социальной защиты населения в Российской Федерации [текст]: учебное пособие / И.Г. Тарент, 

С.А. Юдников. – Изд. 3-е испр. и доп. – Ногинск: Ногинский филиал РАНХиГС, 2015. – 160 с

4 Зубков В. И. Социологическая теория риска: Учебное пособие для вузов. – М: Академический проект, 2009.- 380 с.

5 Закон Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года N 405 «Об обязательном социальном страховании».

6  Антропов  В.В.  Социальная  защита  в  странах  Европейского  союза.  История,  организация,  финансирование, 

проблемы. – М.: ЗАО «Издательство «Экономика», 2006. - 11 с.

7 Аверин А.Н. Государственная система социальной защиты населения: Учебное пособие. – М.: Изд-во РАГС, 2007. 

– 3c.

8 Миронова Т.К. К вопросу об определении понятия «социальная защита»// Трудовое право. – 2008. – № 3.



9 Социальная энциклопедия редкол.: А. П. Горкин идр. - М.: Науч. изд-во «Большая Российская энциклопедия», 2000. 

- 436 c.


10 Петухова И.В. Определение понятия «социальная защита населения» // Управление экономическими системами. 

2012-№3 (39). 

11 Центр новостей ООН. Около 70% населения в мире лишены социальной защиты. http://www.un.org/russian/news/

story.asp?NewsID=21729#.Vs_IXfl97IU (дата обращения: 15.03.2016).

12 Guhan, Sanjivi. Social Security Options for Developing Countries//International Labour Review.-1994.- №133(1).- Р.35-53

13 Holzmann, Robert, and Steen Jorgensen. Social Risk Management: A New Conceptual Framework for Social Protection 

and Beyond.” Social Protection Discussion Paper No. 0006. Washington, DC: World Bank, 2000.

14 Указ Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года № 922. О Стратегическом плане развития Республики 

Казахстан до 2020 года

15  Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.Назарбаева  народу  Казахстана.  Казахстан  в  новой  глобальной 

реальности: рост, реформы, развитие. – 2015.-30 ноября.

16 Статья Главы государства Н.А.Назарбаева. План нации – путь к казахстанской мечте – 2016.- 6 января.

17  Материалы  Министерства  национальной  экономики  Республики  Казахстан  к  Правительственному  часу  в 

Мажилисе Парламента Республики Казахстан. Антикризисный план действий Правительства и Национального Банка по 

обеспечению экономической и социальной стабильности на 2016-2018 годы.-2015.- 28 декабря. 

18 Выступление Президента Казахстана Н.Назарбаева на XVII съезде партии «Hұp Отан».-2016. - 30 января.



№ 3 (112) 2016

557


References

1 Antropov V.V. Sotsialnaya zaschita v stranah Evropeyskogo soyuza. Istoriya, organizatsiya, finansirovanie, problemyi. – M.: 

ZAO «Izdatelstvo «Ekonomika», 2006. - 9 s.

2 Sotsialnaya zaschita. Sovremennaya entsiklopediya sotsialnoy rabotyi. Pod. red. akad. RAN V.I.Zhukova. – M.: Izdatelstvo 

RGSU, 2008.- 283 c.

3 Tarent, I.G. Sistema sotsialnoy zaschityi naseleniya v Rossiyskoy Federatsii [tekst]: uchebnoe posobie / I.G. Tarent, S.A. 

Yudnikov. – Izd. 3-e ispr. i dop. – Noginsk: Noginskiy filial RANHiGS, 2015. – 160 s

4 Zubkov V. I. Sotsiologicheskaya teoriya riska: Uchebnoe posobie dlya vuzov. – M: Akademicheskiy proekt, 2009.- 380 s.

5 Zakon Respubliki Kazahstan ot 25 aprelya 2003 goda N 405 «Ob obyazatelnom sotsialnom strahovanii».

6 Antropov V.V. Sotsialnaya zaschita v stranah Evropeyskogo soyuza. Istoriya, organizatsiya, finansirovanie, problemyi. – M.: 

ZAO «Izdatelstvo «Ekonomika», 2006. - 11 s.

7 Averin A.N. Gosudarstvennaya sistema sotsialnoy zaschityi naseleniya: Uchebnoe posobie. – M.: Izd-vo RAGS, 2007. – 3c.

8 Mironova T.K. K voprosu ob opredelenii ponyatiya «sotsialnaya zaschita»// Trudovoe pravo. – 2008. – №3.

9 Sotsialnaya entsiklopediya Redkol.: A. P. Gorkin idr. - M.: Nauch. izd-vo «Bolshaya Rossiyskaya entsiklopediya», 2000. - 

436 c.

10 Petuhova I.V. Opredelenie ponyatiya «sotsialnaya zaschita naseleniya» // Upravlenie ekonomicheskimi sistemami. 2012-



№3 (39).

11 Tsentr novostey OON. Okolo 70% naseleniya v mire lishenyi sotsialnoy zaschityi. http://www.un.org/russian/news/story.

asp?NewsID=21729#.Vs_IXfl97IU (data obrascheniya: 15.03.2016).

12 Guhan, Sanjivi. Social Security Options for Developing Countries//International Labour Review.-1994.- №133(1).- R.35-

53

13 Holzmann, Robert, and Steen Jorgensen. Social Risk Management: A New Conceptual Framework for Social Protection 



and Beyond.” Social Protection Discussion Paper No. 0006. Washington, DC: World Bank, 2000.

14 Ukaz Prezidenta Respubliki Kazahstan ot 1 fevralya 2010 goda № 922. O Strategicheskom plane razvitiya Respubliki 

Kazahstan do 2020 goda

15 Poslanie Prezidenta Respubliki Kazahstan N.Nazarbaeva narodu Kazahstana. Kazahstan v novoy globalnoy realnosti: rost, 

reformyi, razvitie. – 2015.-30 noyabrya.

16 Statya Glavyi gosudarstva N.A.Nazarbaeva. Plan natsii – put k kazahstanskoy mechte – 2016.- 6 yanvarya.

17 Materialyi Ministerstva natsionalnoy ekonomiki Respubliki Kazahstan k Pravitelstvennomu chasu v Mazhilise Parlamenta 

Respubliki  Kazahstan. Antikrizisnyiy  plan  deystviy  Pravitelstva  i  Natsionalnogo  Banka  po  obespecheniyu  ekonomicheskoy  i 

sotsialnoy stabilnosti na 2016-2018 godyi.-2015.- 28 dekabrya.

18 Vyistuplenie Prezidenta Kazahstana N.Nazarbaeva na XVII s’ezde partii «Hup Otan».-2016. - 30 yanvarya.



Қ.Қ.Әбішева.  Әлеуметтік  тәуекелдерді  басқару  жүйесіндегі  әлеуметтік  қорғау  шаралары.  Қазақстан 

Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ.

Мақалада әлеуметтік қорғаудың халықаралық практикасының талдау нәтижелері ұсынылған. Халықты әлеуметтік 

қорғау әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесі ретінде қарстырыла алатыны анықталды. Әлеуметтік тәуекелдерді 

тиімді  басқару  үшін  қоғамның  барлық  деңгейлерінде  бірлескен  іс-қимыл  мен    жауапкершілік  қажет.  Әлеуметтік 

бағыттағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде, жүзеге асыруда, мониторинг пен бақылау жүргізгенде БҰҰ-ның 

SPF-I бастамасын, «3Р» жүйесі және SMART мінездемелері туралы халықаралық тәжірибені ескеру ұсынылады.

Түйін сөздер: әлеуметтік қорғау, әлеуметтік тәуекел, әлеуметтік тәуекелдерді басқару.

К.К.Abisheva. Social protection measures in the social risk management system. Academy of  Public Administration 

under the President of the Republic of Kazakhstan, Astana.

The article presents the results of the analysis of the international practice concerning the social protection. It is identified 

that the social protection of population can be considered as a system for managing of social risks. It is revealed that an effective 

social risk management requires joint action and shared responsibility at different levels of society. It is recommended to take into 

account the UN SPF-I initiative and international experience in the system of «3P» and characteristics of SMART in the design, 

implementation, monitoring and control of social policy documents. 

Keywords: social protection, social risk, management of social risks.

Поступила в редакцию 17.02.2016.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

558


ӘОЖ 378.4(574.42)

Н.О. БАЙҒАБЫЛОВ

1

, Ғ.С. САҒЫН

2

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті м.а., PhD докторы

1

,

«Білім» ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС әлеуметтанушы-сарапшысы

2

,

Астана қ., Қазақстан 

ОPAЛМAН СТУДЕНТ ЖAСТAPДЫҢ БІЛІМ СТPAТЕГИЯЛAPЫНДAҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕP

(экспеpттік сұхбaт нәтижелеpі бoйыншa)

Мақалада  студент  оралман  жастардың  әлеуметтік  бейімделуі  процесіндегі  мәселелер  көтерілген.  Автор 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  оралман  студенттері  арасында  жүргізген  қолданбалы 

зерттеу нәтижелерін ұсынады. Мақалада студент жастарды толғандырған сауалдар ауқымында автор тарапынан 

шешу жолдары ұсынылады. 

Түйін сөздер: әлеуметтану,студент, оралман, бейімделу, университет.

Қазақ елінің дамуы мен өсіп өркендеуі, озық ойлы, кемел білімді жастарға тікелей байланысты. Осы орайда 

ұлтжанды, ұлттық салт дәстүрді бойына сіңіріп сақтай білген, тарихи атамекеніне оралған қазақ жастардың 

орны  маңызды.  «Opaлмaндapдың»  тapихи  oтaнынa  сіңісіп,  opын  теуіп,  жaңa  opтaғa  түсіністік  тaбуындa, 

«қaзaқстaндық» тұлғa бoлып қaлыптaсуынa дa біp қaтap пpoблемaлap: жaсынa, жынысынa, opнaлaсу opнынa 

бaйлaнысты туындaйды. Oны шешу жеке мәселе емес, мемлекеттін сaяси деңгейінде бoлуы  қажет [1]. 

Қaзaқтap Қaзaқстaннaн бaсқa әлемнің елуден aстaм елдеpде өміp сүpеді. Қaзaқтapдың ең көп диaспopaсы 

Қытaйдa  (2,7  млн.),  Өзбекстaндa  (1,5  млн.),  Pесейде  (1,2  млн.)  шoғыpлaнғaн.  Қaзaқстaн  1991  жылы  өз 

тәуелсіздігін жapиялaғaннaн беpі шaмaмен 1 миллиoн этникaлық қaзaқтap (opaлмaндap) елімізге opaлды [2]. 

Ғылыми зеpттеу тaқыpыбы aясындa 2015 жылдың нaуpыз-сәуіp aйлapындa сaпaлы әдіспен сapaпшылapмен 

сaуaлнaмaлap  apқылы  теpеңдетілген  сұхбaт  сaуaлнaмa  жүpгізілді.  Сapaпшылap  қaтapындa:  көші  қoн 

мәселесімен  тікелей  бaйлaнысты  мемлекет  opгaндapының  қызметкеpлеpі,  қoғaмдық  ұйымдap  бaсшылapы, 

көші-қoн тaқыpыбын зеpттеп жүpген ғaлымдap, opaлғaн қaндaстap мен қaтap  қoғaм қaйpaткеpлеpі қaмтылды. 

Әлемдегі қaзaқтapдың біp тapихи түбіpі бoлсa дa, oлapдың мәдениеті мен тұpмысындa сәл өзгешіліктеp 

бap. Мұның себебі, opaлмaндap қaзaқ мәдениетінің дәстүpлеpі мен өміp сүpу қaғидaтын сaқтaп қaлсa, (Қытaй) 

Қaзaқстaндaғы қaзaқтap кеңес кезеңіндегі әp түpлі өзгеpістеpдің, тәуелсіздік aлғaн кезден бaстaп нapықтық 

экoнoмикaғa өту кезіндегі өзгеpістеpдің ықпaлынa бейімделіп қaлды. 

Тереңдетілген сұхбатқа сәйкес осы мәселеге қатысты эксперттердің ойын саралайтын болсақ, ЕҰУ Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, т.ғ.д.: «Оралман студент жастардың 

білім  стратегияларындағы  өзекті  мәселелер  жайлы  Сіздің  пікіріңіз?»  деген  сұраққа:  «Ең  бірінші  оралман 

студент жастардың білім стратегиясы төмендегідей:

Ресей Федерациясынан келіп отырған қазақ жастары көбінесе білім бағытында көп қиыншылық көрмейді. 

Орыс тобына түскісі келсе де, қазақ тобына түскісі келсе де еш қиындықсыз түседі. Ал енді Моңғолия, Қытай, 

Өзбекстаннан келгендерге қиындау. Оның ішінде Қытайдан келетін қазақ жастарға білім жағынан стратегия 

жасау өте  қиындау. Себебі, олар басқа жақта төте жазумен оқып келеді, Қытай әріпімен оқып келеді де, 

Қазақстанда  мамандық  таңдағанда  шектеулік  бар  сияқты.  Себебі,  біздін    кирилицаны  білмегендіктен,  сол 

жағынан  қиындық  көреді.  Қазақстанға  келгенде  дайындық  курсын  өткен  күнінде  олар  жеңіл  мамандық 

таңдайды. 

Бүгінгі  күнде  оралман  студент  жастардың  жағдайын  қалай  бағалайсыз,  яғни  мемлекет  тарапынан 

көрсетілетін  қолдау,  жеңілдіктер  өз  деңгейінде  ме?  –  деген  сауалға  (оралман  ғалым,  Астаналық  ЖОО 

професоры):

Әлеуметтік-экономикалық  дамудың  қазіргі  кезеңінде,  оқу-тәрбие  жұмысының  жаңару  заманында 

студенттік кезеңдегі психологиялық жетілудің орасан мәселелері бар. Атап айтқанда, ол оралман студенттердің 

әлеуметтік-психологиялық  бейімделу  процесін  анықтау  арқылы  олардың  жеке  басын  және  оқу  процесін 

дамытуға бағыттау.

Студенттің  әлеуметтік-психологиялық  бейімделу  сипаты  ерекше  назар  аудартады.  Қоғамда  студент  ең 

алдымен  әлеуметтік  жүйенің  органикалық  түйіні.  Екіншіден  студенттің  ерекшелігі,  мінезі,  дүниетанымы, 

қоғамның мақсат талабына сай келеді. 

Ал адамның негізгі әлеуметтік потенциалының дамуы үшін студенттік кезең сензитивті болып саналатыны 

белгілі.  Жоғарғы  білім  адамның  психикасына,  жеке  басының  дамуына  зор  әсерін  тигізеді.  Жоғарғы  оқу 



№ 3 (112) 2016

559


орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, яғни әлеуметтік-психологиялық 

бейімделуі қалыпты денгейде өтсе, ол психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай 

жасайтыны  анық.  Олардың  өзі  тұлғаның  кәсіби  бағыттылығын  сипаттайтын  ойлауды  қалыптастырады. 

Сонымен қатар адамның өмірін қызықпен әсемдікпен қамтамасыз ететін эмоционалдық жағдай студенттің 

оқу  стилі  мен  оқу  үлгеріміне,  курстастары,  сонымен  қатар  ұстаздарымен  өзара  қарым-қатынасына  мәнді 

әсерін тигізеді. Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді [3].  Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші 

курс студенттерін оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. 

Оралман студенттердің мінездік қалыптасуы болашақ қоғамымыздың толыққанды құрылымдық сатысын 

құрайды. Сондықтан оралман студенттің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшелігінің қоғамда болып 

жатқан құбылыстарға сай қалыптасуы өте маңызды.

Осыған  орай  (Оралмандардың  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы,  қоғам  қайраткері)  «Оралман  студент 

жастарды жеке әлеуметтік топ деп қарастырғанымыз дұрыс па? (Оралман студент жастарға жеке әлеуметтік 

топ  ретінде  назар  аударып,  кәсіби  деңгейде  психологиялық-педагогикалық  қандай  нақты  шаралар 

ұйымдастырылуы қажет деп санайсыз?)» деген сұрыққа сарапшы маман былай жауап берді: «Негізі оралман 

студент жастарды бір жағынан бөлмегені, ал екінші жағынан бөлгені дұрыс. Мысалы үлкен іс-шараларда 

бөлмеу керек. Ал енді көмек жасау жағынан менің пікірімше әр унверситетте шеттен  келген, оның ішінде 

оралман  қазақтарымен  жұмыс  жасайтын  бір  бөлімдер  керек.  Біз  2009-2010  жылы  Арменияга  Ереван 

мемлекеттік университетіне бардық. Арменияның халық саны 4 млн ға жуық, ал 5 млны шетелде тұрады  

(Ресейде, Францияда, Канадада) бірақ әр университетте, соның ішінде Ереван мемлекеттік университетте 

сондай  өздерінің  шеттен  келген  қандастарына  арналған  бір  бөлім  ашылған.  «Осыған  байланысты  беретін 

ұсынысым  осындай:  «Әр  университетте  осындай  бөлім  ашып,  оралман  студент  жастармен  мекен  жайлы 

жұмыс істеу керек сияқты, бірақ оны жарнамалау қажеті жоқ, өздерінің құрылтайларын өткізу қажет. Оралман 

жастарды басқа студенттерден ажыратпай, білдіртпей жасау керек. Себебі оқып жатқан оралман студенттердің 

95% бізде қалады, осы 95% - ды 100%-ға жеткізу керек. Екіншіден Қазақстандағы аклимитизация жеңіл өту 

үшін  басқаларға  дабырлатпай  көмек    берген  қажет.  Себебі,  олардың  ата-аналары  шетелде,  яғни  Қытайда, 

Ауғаныстанда, Пакистанда, Иран және Турцияда олардың барлығының жағдайы бірде емес, сол отбасылық 

жағдайына байланысты біліп, нақтылы көмек жасауға болады». 

«Университеттегі оқытушылар оралман студент жастарына оқу барысында  жеңілдік жасау керек пе?» 

деген сауалға:

«Оқу барысында ешқандай жеңілдік жасау керегі жоқ. Бірақ оралға қосымша кеңес бергені дұрыс болады. 

Себебі, олар әдебиеттерді бас кезінде дұрыс оқи алмайды, біздің әліппеге бейімделмеген, олардың ментальді-

психологиялық ерекшеліктері бар, мысалы, Қытай, Моңғолия, Ауғаныстан, Иран жане Түркиядан келгенін 

ескері керек деп ойлаймын. Кураторлар және сабақ беретін мұғалімдер тобында оралман жастарды білу керек. 

Олар бейімделгенше мән беріп қараған дұрыс деп (оралман ғалым, белгілі қоғам қайраткері) жауап қайтарды. 

Расын да, жергілікті студент пен оралман жастарды бөліп қажеті жоқ деп санаймыз. 

«Оралман студент жастардың оқу  процесіндегі әлеуметтік-бейімделуіндегі мәселелерді атап көрсетсеңіз, 

қандай шешу жолдарын ұсына аласыз? деген сауалға сарапшы мамандардың жауабын топтасақ:

«Ең бірінше мәселе ол:Бізде оралмандармен жұмыс жасайтын бөлім жоқ, егерде сондай бөлім ашса оларға 

келесі көмек беру керек

-  тіркеу,  миграция  полициясы  арқылы  оларды  тезірек  тіркеу  керек.  Оралман  жастары  біздің  қаланы 

білмейді,  орысшаны  да  білмеуінен  ресми  қызметкерлермен  кей  жағдайда  сөйлесе  де  алмайды,  олар  өз 

құқығын  білмейді,  олар  жаңағы  16-17  жастағы  балалар  бұрын    әке  –  шешесі  жағдайын  жасап  отырғанға 

үйренген,  қандастарының  жеріне  келсе  де  оларға  ол  бөтен  ел,  осы  елді    білмейді  осы  құқықтын,  қаланы 

білетіндей бейімделу керек. 

- тіркеу барысында миграциялық полицияда азаматтық алуға;

- жатақхананы камтамасыз ету керек;

- қаржыдай көмек;

- жұмысқа орналасуға;

- қосымша курстарға жазу, тілдерді және кирилицаға үйрету,бейімделуге көмектесетін қадамдар жасау;

-  ЕҰУ  ішінара  құрылтайларды  өткізіп,  елге  оралған  аға  буынды  шақырып,  олар  өз  мысалында  қалай 

бейімделгенін,  қалай  тіл  және  кирилицағы  жылдам  бейімделгенін,  қиыншылықтарды  қалай  аттап  өткенін 

айтып берсе. Заң қалай екенін, тәртіп бұзбау керек екенін, алданып қалмау жолдарын түсіндіріп отыру керек, 

осы іс-шара оралман студент жастардың жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуге үлкен көмек береді. 

«Оралман  жастар  жергілікті  жастардың  олармен  дұрыс  қарым  қатынасқа  түпейтінін  және  кейде  күлкі 

ететінін айтады» дегенге (оралман ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры) :  «Мысалы Өзбекстан, 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

560


Ресей, Қырғыстан жастары ондай мәселемен жолықпайды, себебі олар орысша да қазақша да біледі, олар 

қазақстандық ортаға тез бейімделеді. Ал Қытай, Моңғолиядан келіп отырған жастардың кішкене қысылып 

келгені  бар,  олардың  түрлері  кішкене  өзгерген,  қытайға  ұқсағаны,  олардын  сөйлегенінен  бірден  шеттел 

келгені білінеді, олардың әдейі қазақ екенін көрсеткісі келетініде бар арасына орысша сөздерді қыстырып, 

қосып жібереді, осы өздерінің ерекшеліктерімен көзге түсіп қалады. 

Сарапшылар  тарапынан  жастар  қарым-қатынасында  тағы  бір  мән  берілген  тұсы:  «оралман  жастары 

жергілікті  жастармен  дұрыс  қарым-қатынасқа  түсе  алмағанынан  отбасы  құрылмайды.  Бірінші  5-10  жыл 

бейімделгенше  жастармен  отау  құрмайды  менің  байқауым  бойынша.    Қытайдан  келгені  қандас  қытайдан 

оралған қазақ қызын алады, солай Моңғолия және басқа елдерден келген жастар да солай. Себебі ол жақтын 

тәртібін, өмір сүрі стилін, сөзінің  ерекшелігін өздері ғана біледі де, бір біріне тартынады. Бірақ өздерінен 

сұрағанда  көбінесе  «местный»  қызды  алу  керек  деп  жауап  береді.  Өздерінің  жағынан  келгенін  алғысы 

келмейді,  себебі  Қазақстанда  бейімделе  алмай  қаламыз,  бізді  қоғам  қабылдамай  қалады  деген  кішкене 

осындай қорқыныштары бар. 

Сұхбат  барысында  сарапшы  маманға  төмеңдегі  қосымша  сұрақ  туындады,  (оралмандардың  қоғамдық 

бірлестігі төрағасы): «Жергілікті жастармен оралман жастардың қарым-қатынасын қалай реттеуге болады»?

1. Менің пікірімше оралман жастар өздерінің белсенділігін таныту керек. 

2. Жастар бір бірін тіл білуіне байланысты құрметтейді, абыройлы болады. Оралман жастарға айтарым: 

жергілікті жас үш тіл білсе сен бес тіл үйреніп ал, мен осындай ақыл беремін.

3.  Спорт  жағынан  өзін  көрсету  керек.  Мысалы  спорттың  кез-келген  бір  түрінен  спорт  шебері  болсан 

жастардың  оған  деген  қарым-қатынасы  өзгереді.  Мысалы  Бахыт  Сарсекбаев  олимпиада  чемпионы,  ол 

Өзбекстаннан келіп отыр. Оған деген кез – келген жергілікті қазақтың көзқарасы жақсы. Мысалы Ислам Қанат 

ол да Қытайдан  келген оралман, бокстан олимпиада чемпионы болды, осындай азамат болуға тырысу керек. 

Өзіңнің ешкімнен кем емес, артық екендігін дәлелдеу керек.  Адамгершіліқ қасиетін күшті таныту керек. 

Осыған байланысты оралман жастарға айтарым кем дегенде үнемі бір бас жоғары болуға ұмтылу қажет». 

«Жастар  ортасында  ана  тілінің  басымдылыққа  ие  болмауынан  ораламан  студент  жастардың  ұлттық 

мәдени құндылықтары ассимиляцияға ұшырайды» дегенге  пікіріңіз қалай? деген сауал сарапшы мамандарға 

қойылды. 

Аталған сұрақ қоғамның дамуына байланысты қазіргі таңда өте маңызды мәселені қамтиды. Сұхбатқа 

тартылған,  сарапшы  маман,  көші  қон  комитеті  өкілі:  «Жоқ,  ұшырамайды.  Себебі  Ресейдін  қазақтарын 

алмағанда  басқа  қазақтар  мемлекеттік  тілін  біледі  немесе  шыққан  жерінде  қазақ  мектебі  болды  немесе 

өздерінің ортасында қазақтар болды, олар ешқашан орыс болмайды. Екіншіден, олар басқа елден Қазақстанға 

келген  сон  96%  балаларын  қазақ  мектепке  береді.сондықтан  ұшырамайды  ассимиляцияға.  Тағы  да  бір 

себеп ол қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік тілге көп көңіл бөлуі. Жылдан жылға қазақ мектебін бітіріп 

жатқан оқушылар көбейіп кележатыр, сондықтан қазақтын пайызы 65-75 % жақындады. Ассимиляция енді 

болмайды, орыстілді ұлт өкілдері кетіп, қазақтын саны жоғарылап жатыр. Қазақтар басқа ұлтқа ассимиляция 

жасауы мүмкін ал өздері ассимиляцияға ұшырамайды» деген пікірде болды

«Оралман студент жастардың болашағы жайлы болжамыңыз қандай?» деген сауалға сарапшы мамандар 

тұжырымын топтасақ: 

«Болашағы  жақсы,  бірақ  Қазақстанда  үлкен  қызметке  көтерілу,  депутат  болам,  ректор  болам,  министр 

болам  деген  үміт  бар,  бірақ  қазақ  қоғамы  оған  дайын  емес.  Біздің  қазақ  билігіміз  оралмандарға  кішкене 

сенімсіздікпен қарайды.

Шеттен келген қазаққа маңсаптық жолмен өсу қиын, мәдени деңгейде дамымаған осы дәрежеге дейін. 

Егер кез-келген бір билікке 1 оралманды қойса басқа елдерден қазақтар көбірек келеді».

«Қазіргі  таңда  «оралман»  терминіне  байланысты  көптеген  пікірлер  бар,  соған  орай:  Оралман  атауын 

дұрыс қойды деп ойлайсызба?» деге сауал төңірегінде сарапшылар ойы:

«Осы  терминге  үкімен  дұрыс  қарамаған  деп  ойлаймын.  Қоғамда  әлеуметтік  теңдік  жоқ  болғандықтан 

оралмандарды  дұрыс  бейнелемеді.  Оралмандар  туралы  пікір  негативті,  бір  жағынан  ол  осы  терминнің  дә 

әсері., ал егер де қандас, ағайын, бауыр, отандас деген жақсы сөз болса оларға жақсы көзқараста болады» 

деген пікірдемін деп ойларың тұжырымдайды біздің сарапшы мамандарымыз. 

Эксперттік сұхбат бойынша біздің ұсынысымыз:

ЖОО-на  түсу  кезінде  квотаны  көбейту,  әлемде  35  пайыз  қазақ  тұрса,  шетелдегі  қазақ  диаспорасына 

мемлекеттің 2 пайыз гранты азшылық етеді. ЖОО бітіру кезінде мамандық бойынша жұмыс жасауы үшін 

оралман жастармен келісім-шартқа отыру қажет. 

Сондай -ақ:

1.  Оралман  жастарды  ең  бірінші  Қазақстан  тарихын  жақсы  тәсілдермен  оқыту  маңызды.  Себебі 


№ 3 (112) 2016

561


халықаралық талаптар бойынша әр мемлекет өзінің отандық тарихын оқытады. Келген жастар қазақ тарихына 

жақсы білмей келеді. Біз оларға қазақ тарихтын оқыта отырып, отандық сезімді бойына сіңіреміз. 

2. Оралман студент жастарға арналған орыс тілін тез үйрететін оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды 

дайындау  керек.  Өйткені  оралман  студенттер  өзінің  атамекені  -  Қазақстанға  келгеннен  кейін  ең  алдымен 

қиналатыны  орыс  тілі.  Олар  егер  орыс  тілін  меңгерсе  оқулық  мәселесі  де,  әлеуметтік  ортаға  бейімделуі 

де өздігінен шешімін табады. Келген жастарды орыстық санада емес, орыс тілін үйреткеніміз абзал. «Үш 

тұғырлы тіл» саяси ұстанымын ақсатпау мақсатында.

3. Оралман студенттерді әлеуметтік-көпшілік шараларға көбірек тарту керек. Ол үшін оралман студенттер 

жергілікті  студенттермен араластырып жатақханаға орналастыру қажет. Олар бір жатақханада тұрса оралман 

студенттердің тіл үйренуіне, әлеуметтік өзара қатыныстарға бірге қатысуға қолайлы болар еді..

4. Оралман студенттерге Қазақстанның әлеуметтік жағдайынан және құқықтық жүйесінен негізгі білімдік 

дәрістер  керек.  Мысалы,  олардың  жеке  бастық  құжаттарды  дайындау  және  жұмыс  істеу  немесе  шағын 

кәсіпорындар  ашу  үшін  қандай  құжаттар  дайындау  керек  екендігін  түсіндіру  керек.  Өйткені  дайындық 

курстағылардың  барлығы  жоғары  оқу  орындарына  қабылдана  бермейді,  қабылданса  да  олар  болашақта 

Қазақстанда  өмір  сүруі  керек.  Сондықтан  оларға  әлеуметтік  ортаға      бейімделудің  тетіктерін  үйретудің 

артықтығы жоқ. 

5.  Оралман  студентер  оқуын  тәмандаған  соң,  мамандығы  бойынша  жұмысқа  орналастыру  тетіктерін 

қарастыру  керек.  Мемлекеттік  тілді  жақсы  білетін  мамандарды  пайдалануда  оралман  жастарды  ескерусіз 

қалдырмау дұрыс. Себебі, олар оқып бітірген кезде жұмыс орындарына орналасу қиыншылықтары бар. Осы  

негізде біз сарапшы мамандар тарапынан тұжырымдарды жүйелеп ұсынуға талпыныс жасадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет