Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет94/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102

Литература

1 Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. – М.: «ИздательствоАСТ», 2003. – 603 с.

2 Фукуяма Ф. Конец истории? // Философия истории. Антология. – М.,1995. – С. 290-291.

3 Казиева А. М. Антиномия Запада и Востока: пути формирования культурного синтеза // Известия Южного феде-

рального университета. №3. – 2008. – С. 27-37.

4 Грузков В. Н., Грузков И. В. Духовно-нравственные основания профессиональной деятельности педагога в системе 

образования // Образование и культура. – № 3(36), 2012. – С. 121-125.

5 Джадрина М. Д., Куракбаев К. С. Содержание школьного образования в Казахстане: новые перспективы / М. Д. 

Джадрина, К. С  Куракбаев// Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». №3 (43). 2014. – С. 14-23

6 Сайтимова Т. Н. Тенденции развития педагогического образования в Республике Казахстан // Известия ВГПУ, 2008. 

– С. 190-194.

7 Аверкин В. Н., Абдиев К. С., Зайченко О. М., Примбетова Г. С. Учебные достижения и проблема развития систем 

образования Республики Казахстан и Российской Федерации // Человек и образование. - №2 (35), 2013. – С. 26-33.

8 Макаренко А. С. Воспитание гражданина / Сост. Р. М. Бескина, М. Д. Виноградова. – М.: Просвещение, 1988. – 304 с.

9 Даумова Б. Б. Аспекты этнокультурного образования и поликультурного воспитания в условиях республики Казах-

стан // Вестник ЧГПУ. - №3. – 2011. – С. 52-61.

10 Лезина В. В. Развитие поликультурного образования в Республике Казахстан // Современные наукоемкие техноло-

гии. – 2008. – № 3. – С. 72-76. 

11 Эмих Н. А. Роль интернационализации в развитии современного высшего образования // Грамота, 2012. № 4 (18): 

в 2-х ч. Ч. I. C. 210-213.

12 Тлеугабылова К. С., Беркинбекова А. М. Уникальная роль кочевников в процессе развития человеческой цивилиза-

ции // Молодой ученый. – 2013. - №2. – С. 291-293.

13 Юнг К.Г. О психологии восточных религий и философии. - М.: Медиум, -1994. - 254 с.

14 Нысанбаев А.Н., Соловьева Г.Г. Изменимся вместе с детьми (философское обоснование предмета «Самопозна-

ние»). - Алматы: ИФиП МОН РК. -2002. - 61 с.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

544


References

1 Huntington S. Stolknovenije tcivilizatcij. - M.: «Izdatelstvo AST», 2003. - 603 s.

2 Fukuyama F. Konets ictorii? // Filosophija istorii. Anthologija. - M., 1995. - S. 290-291.

3  Kazieva A.M.   Antinomija  Zapada  i  Voctoka:  puti  formirovanija  kulturnogo  sinteza  //  Izvestija  Juznogo  Federalnogo 

Universiteta. N 3. - 2008. - S. 27-37.

4 Gruzkov V.N., Gruzkov I.V. Duhovno-nravstvenyje osnovanija professionalnoj dejatelnosti pedagoga v sistemeobrazovanija 

// Obrazovanije i Cultura. - № 3 (36), 2012. - S. 121-125.

5 Dzhadrina M.D., Kurakbayev K.S. Soderhanije shkolnogo obrazovanija v Kazakhstane: novye  perspectivy / M.D.Dzhadrina, 

K. Kurakbayev // VestnikKazNU. Serija «Pedagogicheskije nauki» №3 (43). 2014. - S. 14-23

6 Saytimova T.N. Tendencii razvitija pedagogicheskogo obrazovanija v Respublike Kazakhstan // IzvestijaVGPU, 2008. - S. 

190-194.

7  Averkin  V.N.,  Abdiev  K.S.,  Zaichenko  O.M.,  Primbetova  G.S.  Uchebnyjedostizhenija  i  problemarazvitija  system 

obrazovanijav Respublike Kazakhstan i RossijskojFederatcii //Chelovek i obrazovanije. - №2 (35), 2013. - S. 26-33.

8 Makarenko A.S.Vospitanijegrachdanina/Sost. R.M.Beskina, M.D. Vinogradova. - M.:Prosveshenije, 1988. - 304 s.

9 Daumova B.B. Aspecty etno-culturnogo obrazovanija i policulturnogo vospitanija v uslovijah Respubliki Kazakhstan //

Vestnik CGPU. - №3. - 2011. - S. 52-61.

10 Lesina V.V. Razvitije policulturnogo obrazovanija v Respublike Kazakhstan // Sovremennyje naukojomkij etehnologii - 

2008. - № 3. - S. 72-76.

11 Emikh N.A. Rol internatsionalizatcii v razvitii sovremennogo vyshego obrazovanija //Gramota, 2012. № 4 (18): v 2 ch.Ch 

I. S. 210-213.

12  Tleugabylova  K.S.,  Berkinbekova A.M.  Unikalnaja  rol  kochevnikov  v  protcese  razvitija  chelovecheskoj  tcivilizatsii//

Molodojuchonyj. - 2013. - №2. - S. 291-293.

13 Jung C.G. O psihologii vostochnych religij i philosophii. - M.: Medium, -1994. - 254 s.

14 Nysanbaev A.N., Solovieva G.G / Izmenimsia vmeste s detmi (filosofskoje obosnovanije predmeta «Samopoznanije»). - 

Almaty: IFiP MON RK. -2002. – 61 s.

Қазақстандағы  білім  және  мәдениет  философиясының  айқындаушылығы,  олардың  жаһандану  әлеміндегі 

орны.

Мақала  жаһандық  қауымдастық  кезеңіндегі    қазақ  халқының  жаңа  көзқарасының  қалыптасу  мәселесіне  арна-

лады.  Бүгінгі  мектептегі  оқытуды  ұйымдастыру  деңгейін  талдау  мен  жаңа  буынның  санасын  қалыптастыру  ролі, 

педагогиканың бағыты мен дамуына талдау берілген. 

Түйін сөздер: жаһандану, өркениет, шығыс мәдениеті, батыс мәдениеті, «Шығыс-Батыс», рухани құндылықтар, 

дүниетаным, халықтық педагогика.

Determination of the philosophy of culture and education in Kazakhstan and their place in a globalized world.

The article is devoted to research of problems of formation of a new world of Kazakh people in conditions of globalization. The 

analysis of the current level of the organization of school education and its role in shaping the consciousness of a new generation, 

and outlines ways and prospects of further development of pedagogy.

Key words: globalization, civilization, Eastern culture, Western culture, «East-West», spiritual values, world view, national 

pedagogy

Поступила в редакцию 10.03.2016.



№ 3 (112) 2016

545


ӘОЖ 165.9                                          

А.Б. ШАЛДАРБЕКОВА

1

, М.Б.ШАЛДАРБЕКОВА

2

филос.ғ.к.

1

, аға оқытушы

2

, М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  Шымкент, Қазақстан

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Мақалада  Қазақстан  мемлекетінің  тәелсіздік  алған  кезден  бастап  жүріп  өткен  тарихи  жолы  баяндалған. 

Тәуелсіздіктің әрбір жылындағы тәуелсіздікті берік нығайту жолындағы елбасының халықпен бірлесе отырып жасаған 

әрбір қадамына жіті тоқталып, ол қадамның қандай мақсат көздегендігіне сараптама жасалған.

Тәуелсіздіктің  баянды  болуының  кепілі  ретіндегі  Ата  заңның  қабылданып,  еліміздің  әрбір  азаматтарының  жеке 

басының  құқтары,  діни  сенім  еркіндігі  үшін  жасалған  шаралардың  мемлекеттік  маңызы  қарастырылған.  Олардың 

пісіп-жетілуіне жалпы әлемдік деңгейдегі даму үрдістердің, аймақтағы объективті жағдайлардың, сонымен қатар, 

ұлттық элитаның жоспарлық қадамдарының тигізген ықпалы бағаланған.

Тарих қойнауынан тәуелсіздіктің жиырма үшінші жылында ғана жарыққа шыққан «Мәңгілік ел» идеясының  тарихи 

құндылығы негізделген. Кезінде капитализмнен социалистік қоғамға ауысу қазаққа қалай қиын болса, қазіргі кезеңде, 

керісінше, социализмнің казармалық түрінен капиталистік қатынастарға өту де  Қазақстан үшін жеңіл болмағандығы 

көрсетілген. 

Кеңес одағы ыдыраған уақытта қазақ халқы өз республикасы халықтарының жартысын да құрай алмады. Бұл өте 

қиын жағдай еді. Мақалада қазақ халқының санын өсіруде «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызы сарапталған. Осы 

жолда  республика  басшылығының    халықты  біріктіруге,  қоғамда  ауызбірлікті,  тұрақтылықты,  келісімді  орнатуға 

бағытталған іс-әрекеті сарапталған.  

Түйін сөздер: ұлттық болмыс, тәуелсіз Қазақстан, Мәңгілік ел, азаматтық қоғам, Ата заң, жалпы азаматтық 

бірегейлік, геосаяси ахуал.

Қазіргі Қазақстан -  «Мәңгі ел» атауымен тарихқа енген түрік қағанатының тарихи-рухани мұрагері. «Рес-

ми тарих түріктер құрған мемлекетті қағанат «Түрік қағанаты» деп, ғылымға солай енгізгенімен, түріктердің 

өздері олай атамаған. Олар өз мемлекетін «ел», ал далалық империяға айналған кезде оны «мәңгі» сөзімен 

толықтырып «Мәңгі ел» деген атауды қалыптастырған. Сондықтан жаңаша жыл санаудың 552 жыл Орталық 

Азияда түріктер құрған далалық империяның ресми атауы – «мәңгі ел» екенін есте ұстаған жөн»,- [1, 13 б.] 

деген Қойшығара Салғара ұлының ескертпесі өте орынды айтылған.

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыпты Президент жолдауының өзекті 

идеясы  болған  «Мәңгілік  ел»  идеясы  сонау  ертедегі  тарих  сүрлеуінен  бастау  алып,  жарқын  болашаққа 

жетелейтін шамшырақ ретінде қайтадан түледі.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – сан ғасырлардан бері уақыт пен кеңістік сынына төтеп беріп, «мың өліп, 

мың  тірілген»,  озбырлық  пен  күш  көрсетуге  мойымай,  бастыны  еңкейтіп,  тізеліні  бүктірген,  ешуақытта 

еңсесін  түсірмей  тек  қана  алға  ұмтылған  халық  рухының  жасампаздық  қуатын  жаңғыртқан  ұлағатты, 

тегеурінді, кешенді идея.

«Мәңгілік  ел»  -  жаңа  әлемдегі,  жаңа  Қазақстанның  бағыт-бағдарын,  межесі  мен  мәресін,  болашаққа 

ұмтылысын  айқындайтын  стратегиялық  өлшем.  Енді  осы  ұлттық  идеяның  жалаң  ұран,  өтпелі  шара  бо-

лып  қалмасы  үшін  не  істеу  керек  деген  сұрақ  заңды  туындайды.  Ең  алдымен,  тәуелсіздігімізді  одан  әрі 

тереңдетіп, қоғамда болып жатқан тың серпілістерді одан әрі дамытуымыз қажет. «Мәңгілік ел» ұлттық иде-

ясы Қазақстанды тек мемлекет ретінде ғана емес, бірлескен ұлт ретінде көрсетеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан 

кейін Қазақстан өзінің мәдениетін және экономикалық базасын құра отырып дамыды.            

Дүрбелеңі мол қазіргі заман адамзат алдына бұрын-соңды болмаған тың әлеуметтік мәселелерді қойып 

отыр. Ол – әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай еңбек ету, бәсекеге қабілетті өмір сүру, бәсекелестікте 

ұтылмайтындай іскер маман болу. Мұны нарықтық экономиканың құралы деп түсінуіміз керек. Қоғамымыздың 

қарыштап даму кезеңінде адамның жай қабілеттілігі мен біліктілігі әлемдік бәсекелестік жарыста озып шығу 

үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі.

«Мәңгілік  ел»  -  тарихи  тамыры  терең,    ұлағаты  мол  идея  болғандықтан  ол  туралы  пікір,  сұхбат  легі 

тоқтамайтыны  белгілі.  Осы  ракурста  тарих  ғылымдарының  докторы  Хангелді  Әбжанов  ұсынған  шаралар 

назар аударарлық.

«Біріншіден,  Президент  дәйектеген  ұлттық  идея  болашаққа  ұлы  серпіліс  болғандықтан,  оған 

конституциялық мәртебе беру – уақыт талабы. Ата Заңымыздың тарау – тарауына енгізумен идеяның жа-

сампаз  құдыреті  ашылады.  Экономикалық,  идеологиялық,  саяси  пікір  алуандылығының  өзекті  ұйытқысы 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

546


орнығады»  [2,11  б].  Ата  Заңымыздың  тарихи-рухани  бастауы  өте  ертеде  басталған,  бірақ  жаңару,  түлеу 

уақытына дөп келген идеямен толықтыру Конституцияны одан әрі пәрменді ететіні сөзсіз. Конституция – 

қатып қалған догма емес, оған толықтырылулар енгізіп, негізгі – тарауларының гуманистік, аксиологиялық 

жүгін одан әрі тереңдете беру өте маңызды.

«Екіншіден, «Мәңгілік ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне  енгізуде самарқаулыққа жол 

бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, 

БАҚ тыс қалмауына Парламент пен Үкімет, Президент әкімшілігі жағдай жасағаны абзал. Үшіншіден, зама-

науи ұлттық идеямызды бала бақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттер-

ге, жастарға жеткізу үшін барынша күш салған артықтық етпейді. Осылардың санасына, өмір салтына сіңген 

құндылық пен сенім «Мәңгілік ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз. Төртіншіден, «Мәңгілік ел» 

идеясын ғылыми тануды қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер, бай-бағландар қолдауының маңызы зор.

Бесіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды Қазақстандағы барлық этностар мен аймақтарға жеткізу 

атқарылар іс-шараның бір парасы. Ол әлемдік ақпараттық ғылыми кеңістіктерден ойып тұрып өз орнын алуы 

керек» [2, 11 б.] деп жазады Х.Әбжанов. Ғалым атап көрсеткен іс-шаралар мен зерттеу бағыттары орынды. 

Ұлттық идеяны дамытуға, тереңдетуге қоғамның барлық күштері жұмылмаса, ол ұлтты ұйыта алмайды, бір 

ортаға біріктіре алмайды. Бұдан былай прогресс жолымен өрлеу, өрістеу үшін күшті рух, мемлекетшіл рух 

керек. «Мәңгілік ел» - осы қажеттіліктің бүгінгі күнгі көрінісі.

Мәңгілік ел – ғасырлар бойы киелі қазақ даласында ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күрескен 

бабаларымыздың  арманы,  ұрпақтарға  сабақтастық  арқылы  жеткен  аманат.  Мәңгілік  ел  болу  дегеніміз  – 

қазақтың  әлемде  қазақ  болып  қалуы,  оның  тілі,  діні,  ділі,  болмысы,  мәдениеті,  әдеп-ғұрпы,  рухы  өшпей 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,  дүниеде өзінің қайталанбас ізін қалдыруы. Осы қасиетті міндетті қоғамның 

барлық саласы түсініп, орындалуына бір кісідей атсалысса, мәңгілік елді қамтамасыз ететін ғылыммен біте 

қайнаған экономика, білім мен ғылымға негізделген қоршаған орта қалыптаса алады.

«Мәңгілік ел» идеясы тарих қойнауынан тәуелсіздіктің жиырма үшінші жылында ғана жарыққа шықты. 

Кезінде  капитализмнен  социалистік  қоғамға  ауысу  қазаққа  қалай  қиын  болса,  қазіргі  кезеңде,  керісінше, 

социализмнің казармалық түрінен капиталистік қатынастарға өту де оңай болмады. Кеңес одағы ыдыраған 

уақытта  қазақ  халқы  өз  республикасы  халықтарының  жартысын  да  құрай  алмады.  Бұл  өте  қиын  жағдай 

еді.  Сондықтан  да  болар  республика  басшылығы  ең  алдымен,  халықты  біріктіруге,  қоғамда  ауызбірлікті, 

тұрақтылықты,  келісімді  орнатуға  тырысты.  Екіншіден,  экономиканы  қолға  алып,  халықтың  жағдайын 

көтеру қолға алынды. «Алдымен экономика, сонан кейін саясат»  ұстанымы іске асырылды. Бұл бағыттың 

дұрыс екенін уақыт дәлелдеді.

Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырға жуық өмірінде барлық салада кешенді өзгерістер болды. Олардың 

пісіп-жетілуіне жалпы әлемдік деңгейдегі даму үрдістері, аймақтағы объективті жағдайлар, сонымен қатар, 

ұлттық элитаның жоспарлық қадамдары жағдай жасады.

Қазақстанның басқа елдермен терезесі тең, тарихи-мәдени процестің дербес субъектісіне айналғандығын 

паш ететін мемлекеттік рәміздер дүниеге келді. 

«Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік  құра оты-

рып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік, азаматтық қоғам деп ұғына 

отырып,  дүниежүзілік  қоғамдастықта  лайықты  орын  алуды  тілей  отырып,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтар 

алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,  өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала оты-

рып, осы Конституцияны қабылдаймыз» [3, 3 б.] деген өте маңызды тұжырымдармен басталатын Қазақстан 

Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.

Мұндағы бірінші тұжырым – байырғы қазақ жерінде, яғни «Мәңгі ел» дала империясының кеңістігінде 

мемлекеттілік құрғанымызды көрсетеді.

Екінші тұжырымда қоғамның еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына негізделетіні айшықталған.

Үшінші  тұжырым  өзін  дүниежүзілік  қоғамдастықтың  басқалармен  бірдей  лайықты  субъект  ретінде 

сезінуге бағытталған.

Төртінші тұжырым ұрпақтар сабақтастығына және бір ұрпақтың екінші ұрпақ алдындағы жауапкершілігіне 

меңзейді.

Еліміздің  Ата  заңының  кіріспесінде  нақтыланған  биік  әрі  бекзат  мақсаттар  Қазақстанның  гуманистік 

дүниетанымға негізделген демократиялық құндылықтарды құрметтейтін мемлекет екендігін бүкіл әлем ал-

дында жария етеді.

Барлық  рәміздері  бар,  ата  заңы  қабылданған  мемлекеттің  бүкіл  әлем  мойындайтын  территориясы  да 

болуы  қажет.  Ұлт  көшбасшысы  Н.Назарбаев  тәуелсіздіктің  алғашқы  бес  жылын  қорытындылай  отырып 

«халықаралық  ауқымда  танылмайынша,  әлемдік  қоғамдастық  тарапынан  қауіпсіздік,  аумақтық  тұтастық 


№ 3 (112) 2016

547


пен  шекаралардың  мызғымайтынына  кепілдік  алмайынша,  мемлекеттіліктің  қалыптасуы,  егемендік, 

экономикалық реформалар, әлеуметтік саланы дамыту туралы әңгіме қозғау құрғақ сөз болып қала береді» 

[4, 14 б.] деп атап көрсетті. Елбасы осы пікірді айтып қана қойған жоқ, оны іс жүзінде жүзеге асырды.

Қазақстан  көршілес  мемлекеттер  Қытай  Халық  Республикасымен,  Ресей  Федерациясымен,  Өзбекстан 

Республикасымен, Қырғызстан Республикасымен, Түркменстанмен келіссөздер жүргізіп, өзінің шекарасын 

айқындап, бекітіп алды. Бұл – аса маңызды стратегиялық жетістік. Сонымен қатар, бұл – ұлтымыздың тари-

хында бұрын соңды болмаған, мемлекеттілігімізді айшықтайтын құндылық.

Бұл күндері дүниеден өрісті орын иеленген жаңа Қазақстанның серпінді қадамының бастауы – жаңа Аста-

на идеясы болды. Астана жаңа әлемдегі өркениет көшін бастаған елдер қатарынан өз орнын алуға ұмтылған 

жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесін, ертеңгі бағдарын, елдік мұрат пен мақсатын айқын танытады.

2007 жылы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданған. 

Бұл заңда жаңа әлемде жаңаруға бет бұрған қазақ елінің Астанасының ерекше миссиясы нақтыланған. Аста-

на – Қазақстанның әкімшілік, саяси, мәдени және экономикалық орталығы. Ол- ең алдымен, күннен күнге 

үдеп бара жатқан геосаяси кикілжіңдер жағдайындағы Қазақстанды біртұтастық қауым ретінде дамытуға жол 

ашады. Бұл – өткен ғасырдың 90 жылдарында Горбачев, Солженицын, Жириновский секілді сәуегейлердің 

арандатушылық пиғылына қайтарылған оңтайлы шешім.

Астана – Еуразияның жүрегінде бой көтерген әлемнің жас астаналарының бірі ғана емес, ол сонымен 

бірге адам өмірі мен тіршілігіне қолайлы факторлар жан-жақты ойластырылған, метаболизм заңдылықтарына 

негізделген тың экологиялық, биоәлеуметтік кеңістік. Астана болмысында Батыс пен Шығыс мәдениетінің 

інжу-маржандары керемет үйлескен. Ол – тарихи дәстүр мен тың үдерістердің ерекше синтезі. Астана бұл 

күндері  адам  капиталының  барлық  мүмкіндіктері  жан-жақты  ашыла  түсетін  ғылыми  –  интеллектуалдық 

орталыққа айналды.

Тәуелсіздіктің тағы да бір көрнекті жеңісі – қазақ халқының санының өсуі. Қазір ол республика халқының 

65 пайызын құрап отыр. Бұл – бала тууға ынталандыратын мемлекеттік шаралардың іске асырылуы мен ше-

телде жүрген отандастырымыздың еліне оралуының нәтижесі.

Қазақстан халқының этникалық құрамында да өзгерістер пайда болды. Немістер, орыстар, гректер өз та-

рихи отандарына қоныс аударды, олардың орнын көптеген шығыс елдерінің азаматтары басты. Кеңес өкіметі 

тұсындағы Қазақстан мен қазіргі Қазақстанның этнодемографиялық құрамы туралы салыстырмалы зерттеу 

жүргізсек, көптеген қызықты жағдайларға тап болуымыз мүмкін.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, елдегі ұлтаралық татутылықтың шын 

мәніндегі жаршысына айналды. Ассамблеяның алғашқы сессиясында Елбасы халыққа тұңғыш рет жолдау 

жасады.  Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері Республика парламентінің мәжілісінде 9 орынға ие. 

Сенаттағы президенттік квота 7-ден 15-ке дейін ұлғайтылған. Олардың бір бөлігін Қазақстан халқы Ассам-

блеясы тиісті консультациядан кейін тағайындайды. Мұның барлығы әртүрлі этностардың мүдделерін көбірек 

ескеруге, қоғамның одан әрі бірігуіне, сондай-ақ, Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттардың жауапкершіктерін 

арттыруға жағдай жасайды.

Қазақстан - этникалық тегіне қарамай барша азаматтардың мүддесін қорғайтын біртұтас, демократиялық 

мемлекет.  Бүкіл  Қазақстандықтардың  жалпы  азаматтық  бірегейлікке  ұмтылуын,  оның  әрбір  ұлт  өкілінің 

өзіндік санасының қалыптасып, этникалық теңелеуін танытуға толық құқықтық хақысы бар. Қоғамдағы жал-

пы этноәлеуметтік ахуалға назар аудара отырып, бұл үрдістердің қарама-қайшы келмей, қайта бір-біріне дем 

бере, өрбу үстінде екенін көріп отырмыз. 

Тәуелсіздік  жылдары  еліміздің  рухани  өмірінде  жаңару,  жаңғыру  процестері  жедел  дамыды.  Кеңес 

дәуірінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі күйреді, көптеген мамандықтар, кәсіптер керексіз болып қалды. 

Енді  әркімнің  өз  дарынын  өзі  айқындайтын,  еңбекті  сұранысқа  қарай  атқаратын  заман  келді.  Қоғамның 

әлеуметтік рухани жүйесінде жаңа үдерісті жақтайтын типтер пайда болды.

Соңғы  кезде  батыс  мәдениетінің  құндылықтарына  назар  аударушылық  белең  алуда.  Батысшыл 

көзқарастағы азаматтардың маргиналдық қауымы пісіп жетілді. Оның рухани құндылықтарының түптамыры 

техногендік өркениеттің сипаттарымен тығыз байланыста. Рухани жұтаңдық пен прагматистік  доминантта,  

дәстүр мен ұлттық құндылықтарға немқұрайлылық - осы әлеуметтік топтың негізгі ұстанымдары. 

Ұлттық шеңбермен шектеліп өмір сүруге болмайды ғой. Қазақтың бүгінгі ұрпағының дамудың жаңа жо-

лына түсуі - заңды құбылыс. Дегенмен, әлемдік мәдениетті ұлттық танымды жоққа шығарып барып, қолдау 

дұрыс  емес.  Ұлттық  мәдениетті  әлемдік  деңгейге  көтеруге  ұмтылуды  мақсат  еткен  орынды.  Ғылым  мен 

кәсіптің қандай тұғырына шықса да тіл мен діл, әрбір азаматтың тірегі болуы керек. Сондықтан да болар 

болашаққа ұмтылған сайын кешегі күнімізді білуге деген құмарлық өсе түсуде. Өйткені, өз тарихын таны-

майтын мәдениеттің болашағы бұлыңғыр. Бұрынғы одақтың кейбір халықтары арасында орын алып отырған 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

548


бірін-бірі жатсыну алдымен империялық, содан соң кеңестік мәдениетті жоққа шығаруға байланысты болуы 

әбден мүмкін. 

Мәдениет, рухани дүние неғұрлым дамыған сайын өзінің құнды тәжірибесін басқаларға берудің диапазо-

нын кеңейтуге ұмтылады. Шоқан Уәлиханов қазақ мәдениетін зерттеу үшін өз заманындағы батыстық үлгіні 

қолданды. Ал қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов қырғыз мәдениетін әлемдік ұғымдар деңгейіне көтере 

білді. Әлемдік әдеби, философиялық классиканы мейлінше терең меңгерген жерлесіміз Асқар Сүлейменов те 

өз шығармашылығын биік деңгейге көтере алды. 

1990 жыл – біздің республика тарихындағы ерекше орны бар, тарихи маңызды аса зор құжат қабылданған 

жыл. Сол жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ының Тәуелсіздігі туралы Декларацияға қол қойылған еді. Содан бері 

тәуелсіздікке, егемен дамуға, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына бастайтын қадамдар жасалып келеді.

1991 жылы, 16 желтоқсан Республика Тәуелсіздігінің күні жарияланды.

1993 жылы, 15 қараша Ұлттық теңгенің туған күні.

1993  жылы  мамыр  айында  Өзбекстан  Президенті  Ислам  Каримовтың,  Қырғызстан  Президенті  Асқар 

Ақаевтың  қатысуымен  Шымкенттегі  Ордабасы  биігінде  Төле  биді,  Қазыбек  биді,  Әйтеке  биді  еске  алу 

күндері өтті.

Бұлар  қас-қағым  уақытта  әрбір  қазақстандық  басынан  кешірген  аса  маңызды  оқиғалар  еді.  Байырғы 

тіршілігінің аясы тарылып, үйреншікті жұмысынан айрылған көптеген адамдардың санасында қорқыныш 

пен  үрей  қатар  қонақтап,  ертеңгі  күнім  не  болады  деген  сауал  көңілін  күпті  еткені  сол  күндердің  тарихи 

шындығы болатын. Осындай қиын-қыстау сәттерде Тәуелсіздік күнін жариялап,  төл теңгені анықтау,  атақты 

билер аруағын ұрпақ санасына оралту дәл табылып, дөп басылған игілікті қадамдар болғандығын еске түсіріп 

отыру  қажет.  Ордабасы  биігінде  болашаққа  бағытталған  білікті,  баталы  сөздер  үміт  отын  жақты,  ертеңге 

деген сенім ұшқындады. Ал ұшқынның өзі де жаман емес еді. Ұшқыннан от тұтайтынын еске алсақ, бұл да 

негіз, тұғыр, тұрақ болатын.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясын дайындау, оның әрбір сөзі мен қағидасын жан-жақты ойла-

стыру қолға алынды. Оның бірнеше нұсқалары жасалды. Көп ойланып, көп толғанып соңғы нұсқасы бүкіл 

республикалық референдум арқылы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Бұл – Қазақстан Республикасының нарықтық экономика заңдылықтарымен дамуына жол ашқан,  қоғам 

өмірінің барлық жағын тың сүрлеулерге бағытталған ырысты, несібелі құжат. Содан бері еліміз осы құжат 

аясында өмір сүріп, жаңа белестер мен асуларға қол созуда.

1997-1998 жылдары жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып,  ескерткіштер 

ашып, тарихи ұлағаттар мен дәстүрлерге адалдық таныту, еске салынған рухани іс-әрекеттер жасалды. Бұлар 

ұрпақ санасын бір сілкінтті, қоғамдық ояну үдерісін жеделдетті.

Рухани ояну, жаңару үдерісі мәдениет, ауыл шаруашылығын қолдау жылдары болып жарияланған 2000-

2005 жылдары кеңейе түсті. Рухани мәдениеттің бастауы, күре тамыры болып саналатын ауылды көркейту 

– елдің баянды болашағы мен тұрақтылығының алғышарттарының бірі. Көркейген, дамыған ауыл-индустри-

алды инновациялық өзгеруге ұмтылыс жасаған елдің бұлжымас бөлігі.

2006 жыл – Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы жарияланды.

2007 жылы «Жаңарған әлемдік жаңа Қазақстан» жолдауы халық назарына ұсынылды.

Қарап отырсаңыз, тәуелсіздіктің әрбір жылының өз мақсаты мен міндеті, көтерген жүгі болды. Олардың 

уақытында  орындалуына  бүкіл  халық  жұмылдырылды.  Әрине  мұның  өзі  белгілі  топ  өкілдерінде  рухани 

құлшыныс, алға ұмтылыс тудырды. Соның нәтижесінде Қазақстан өтпелі кезеңдерден ойдағыдай өтіп, өз 

дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты. Осы жерде алғашқы кездердегі экономикамыздың 

белсенділігі бүгінгі күнгі үлкен табыстарымыздың кепілі болды.

2003-2015  жылдарға  арналған  Қазақстанның  индустриялық-инновациялық  даму  стратегиясының 

«бірінші кезеңін іске асыру экономикамыздың өсу көрсеткіштерін өзгертуге ықпал етті. Негізгі стратегиялық 

мақсаттарға  жету  біздің  экономиканы  табиғи  ресурстардың  әлемдік  бағаларына  тәуелсізділіктен  босатып, 

«парасатты экономикаға» ауысуына жол ашты. 

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық 

саланың даму деңгейі - қашанда Қазақстандық қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын 

қамтамасыз ететін фактор.

Тәуелсіздік  жылдарында  қазақ  ауылының  тұрғындары  қалаға  бет  бұрып,  урбанизация  деп  аталатын 

үдеріске  көше  бастады.  Статистикалық  мәліметтерге  сүйінсек  2015  жылдың  1  мартына  дейін  Қазақстан 

халқының саны 17 млн. 458 мың адамға жеткен. Оның 55,3 % қалады тұрады, 44,7% -ы ауылды жерлерді 

мекендейді. Бұл мәліметтер қалалықтардың үлес салмағының өсе бастағандығын көрсетеді. Өткен жылғы 

мәліметтер бойынша, қалада халықтың 54%-ы, ал ауылда 46%-ы тұратын болған. «Казахстанская правда» 


№ 3 (112) 2016

549


газетінің 2015 жылғы 16 апрельдегі Алихан Смаиловтың  мәліметтері бұл көрсеткіштердің 1,3%-ға өзгеріске 

ұшырағандығын көрсетеді. Урбанизация дегеніміз – халықты жаппай қалаға көшіру емес. Өндіріс орындарын 

болашағы жоғары жерде ашып, шағын елді-мекендерді абаттандырып, халқы қала өлшеміне жететіндеріне 

қала  мәртебесін  беру  арқылы  халықтың  әл-ауқатын  жақсарту  болмақ.  Бұл  –  бүгінгі  дамыған  елдердегі 

қалыпты жағдайы.

Қазақ мәдениетінің, менталитетінің күре тамыры – ауыл. Мемлекет пен қоғамды алға жылжытып, оның 

дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен ғылым – өнер жұлдыздарының көпшілігі ауылдан 

шыққан. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық оның интеллектуалдық әлеуеті мен болашағын жоққа 

шығармайды. Бұл күндері шағын кәсіпкерлікті қолына алып, шаруасын дөңгелетіп отырған ауыл азаматтары 

көптеп саналады. Соңғы кезде ел экономикасындағы қызмет көрсету саласы да жанданып келеді.

Өткен  ғасырдың  90-ы  жылдары  ел  экономикасының  тоқырауы  байқалса,  ал  ХХІ  ғасырдың  басы  оның 

дағдарыстан шығып, қоғамның барлық аймақтарына көңіл бөлінуімен айшықталады.

2003-2005  жылдардағы  «Ауыл  жылдары»  мемлекеттік  бағдарламасының  іске  асырылуы  барысында 

еліміздің  көптеген  мемлекеттік  және  жекеменшік  құрылымдары  ауылға  бет  бұрып,  қирап  қалған  мәдени-

тұрмыстық нысандарды қалпына келтіру мақсатында қосымша қаражат көзін жұмылдыруды бастады. Қазақ 

ауылы мәдениеттің өрбитін, өркендейтін ортасына айналғанда ғана болашағымызға сеніммен қарауға бола-

ды.

Кеңестік қоғамда ғасырлар бойы дәстүрлі мәдениеттің ауқымында ғана болып келген қазақ халқы ХХ 



ғасырдың  өркениетті  елдеріне  сай  мәдени  құндылықтардың  тасымалдаушысына,  субъектісіне  айналды, 

білім, ғылымда, өндіріс пен аграрлық салаларда біршама жетістіктерге қол жеткізді.

Өкінішке орай, мемлекеттік тіл орыс тілі болғандықтан республика азаматтарының көпшілігі өз тілінде 

ұйыған түпкі адами негізінен, яғни өз-өзінен, өзінің ұлттық тегінен, тарихынан, әдет-ғұрпынан ажырап қалды. 

Тәуелсіздік алғаннан соң да орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып қалғандықтан оның ықпалы әлі де күшті. 

Осының нәтижесінде бүгінгі Қазақстанда өз елінің тыныс тіршілігін, бітім-болмысын, қазақи салт-дәстүрді, 

әдеп-ғұрыпты ескінің көзі санап өгейсінуі, ұлттық рухани құндылықтардан саналы түрде бас тартып, жатсы-

нуы белең алуда. Бұндай замандастарымыздың арасында тарихи тегінен безіп, өзінің қазақ болып туғанына 

налып, ұлтын мойындаудан бас тартатындар да бар. Олардың  жек көретіні – елінің тыныс тіршілігі, болмыс 

бітімі, жұртының дәстүрі, өз ұлтының рухы. Бұған күннен күнге ұлғайып келе жатқан адамдар арасындағы 

бетпе-бет тұлғалық қатынасы аясының тарылуын қосыңыз.

Мәдениеттен оқу тәжірибесінің кетіп бара жатқан заманы. Бүгінгі таңда оқудың нағыз дәурені емес пе – 

«не жаңалық» деп құлағы түрік жүретін өсекшідей жапа – тармағай газетке бас салу, шым-шытырық оқиғаға 

толы детектив оқуға құмар адамзат емеспіз бе дер, бәлкім біреулер.  Мұнда оқу дегеніміз тікелей салиқалы 

да  сарабдал  классикалық  әдеби-философиялық  мәтінде  оқумен  байланыстырылып  отыр.  Қазіргі  оқу  - 

оқығаныңды өз жүрегіңнен сезіне отырып өткізу, соған қосыла қобалжу, ойға шолу сынды қасиеттерден ада, 

ақпарат қабылдаумен шектелуге жақын күйде деп есептеуге болады», [5, 61 б.] -деп жазады мәдениеттанушы 

ғалым А.Т.Құлсариева. Ғалым рухани жұтаңданудың бүкіл адамзаттық деңгейдегі себептерін дөп басып, дәл 

тауып отыр.

Кредит технологиясын білім берудің жетілген түрі деп айту мүлдем орынсыз болар. Керісінше, білімнің 

іргелі, әмбебап, тұлғалық қабатынан алыстау, жеңіл-желпі ақпаратқа негізделген нақты іс-әрекет алгоритмін 

игеру. Бұл – білім кеңістігіне заман талабы әкелген уақытша үрдіс. Түбі классикалық білім каналдары жеңеді 

деп үміттенеміз.

Рухани  өмірдегі  осы  қайшылықтарды  шешуге  қазақ  мәдениетінің  інжу-маржандарын  жинастырған 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  үлкен  үлес  қосты.  Әсіресе,  қазақ  халқының  философиялық  ойының  20 

том  көлемінде  топтастырылуы  қомақты  еңбек  болып  табылады.  Қазақ  халықының  ежелгі  мифтері  мен 

дүниетанымдық  үлгілерінен  бастап,  оның  этикасы  мен  эстетикасы,  би-шешендерінің,  ағартушыларының 

философиялық ойлары жинақталды. Кеңес өкіметі жылдарындағы философияның дамуы да назардан тыс 

қалған жоқ. 

 «Мәдени мұра» қазақстандық патриотизмді, отаншылдық сезімді қалыптастыруда, қазақстандықтарды 

ұлттық идея төңірегінде топтастыруға тамаша мүмкіндік ашқан іргетас қалады. Біздің өткен тарихи жолымыз 

ешкімнен кем емес, бүгінгі қол жеткізген биіктерімізді кездейсоқтық деуге негіз жоқ.

Тәуелсіздік – біздің ең басты жетістігіміз. Оны дамыту және қорғау – азаматтық борыш. Еліміздің келешегі 

оның ғылым және білім саласының қарқынды дамуымен тығыз байланыста. Бәсекелестікке түсу, дамыған ел-

дер қатарына қосылу үшін білім және ғылым әлемдік деңгейде болуы - уақыт талабы. Қазақстан өзінің ерек-

ше даму жолына түсіп, әлемдік кеңістікте өзіне сай орнын тапты. Осы үдеріс одан әрі дамуы және тұрақтануы 

үшін азаматтардың отансүйгіштігі өте маңызды. Сондықтан ол бұдан былай ғылыми зерттеу нысанына ай-

налуы тиіс.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

550



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет