Əдебиет:
1. Аубакиров.Я.А. Аграрный сектор в условиях рыночной экономики. Алматы, 1991г. 36-89 стр.
2. Агробизнестің экономикалық негіздері. Алпыспай Сейдахметов. Алматы. «Экономика». 2001
жыл. 89-97 бет.
3. Оспанов.М.Т., Аутов.Р.Р., Ертазин.Х. Агробизнес теориясы мен тəжірибесі. Алматы., 1997
жыл. 35-67 бет.
УДК 33319.2
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМНІҢ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Сапаров А.К., Жолдыбаева А.К., Тажибаев С.Д.
(М.Х. Дулати атындағы ТарМУ)
Өнімнің бəсекеге қабілеттілігін құрайтын көрсеткіштерді толығымен қарастырып
өтейік: Техникалық көрсеткіш - нарықта тұтынушылар ұсынатын талаптарға өнімнің
сапасының, техникалық деңгейінің сəйкес келуімен анықталады. Бұл талаптар біздің
елімізде де, шет мемлекеттерде қол жеткізілген ғылыми техникалық прогресстің жəне
əлеуметтік-экономикалық деңгейінің жеке жəне қоғамдық қажеттіліктерді сипаттайды.
Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге талаптары ұлттық жəне халықаралық
стандарттардан көрінеді. Стандарттау дегеніміз – шығаруға дайындалған өніміне, оны
маркировкалау əдістеріне, қорабына, тасымалдауына жəне сақтауына техникалық
көрсеткіштерді (нормаларды) дайындау жəне белгілеу. Стандартталатын затпен
анықталатын құжат – стандарт деп аталады. Стандарттар өнімнің толық сипаттамасын,
оны өндірудің техникалық 9 9 шарттары, қабылдау, сорттау, қораптау, тасымалдау
жəне сақтау ережелерін қамтиды. Өнімнің сапасын бағалау кезінде ең бірінші оның
стандартқа сəйкестігіне көңіл бөлінеді. Стандарттарға сəйкес келу – реттелетін
тұтынуылық параметр. Оны бұзған жағдайда өнімнің бəсекеге қабілеттілігі нөлге
теңеледі. Өнім сапасы – тауар өнімінің бір бірлігін өндіруге белгіленген техника
деңгейіне жету дəрежесі. Ол органолептикалық əдіспен (сезім мүшелері арқылы)
немесе техника құралдарын, реактивтерді, аппарат, приборларды қолданып
лабараториялық зерттеулер жүргізумен анықталады. Өнімнің техникалық бəсекеге
қабілеттілігі - өте икемді жəне динамикалық көрсеткіш. Ол белгілі бір өнімді өндіретін
ірі əлемдік жəне мемлекет ішінде болатын ғылыми техникалық прогресс қарқынына
сəйкес жəне перманентті өзгеріп отырады. Коммерциялық жағдай.
Өнімнің бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын коммерциялық шарттарға келесілер
жатады:
- Бағалық көрсеткіштер;
- Жеткізілетін тауар төлемі мен жеткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер;
- Өндірушілер мен тұтынушылар нарығындағы кеден жəне салық жүйесінің
ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер;
- Сатушылардың міндеттері мен кепілін орындау дəрежесін бейнелейтін
көрсеткіштер.
Бəсекеге қабілеттілікке тауар өндірші беретін кепіл мен көрсетілген мерзімде
жоғары сапалы жəне берік тауарды жеткізу міндеттемелерін орындау да əсер етеді.
Өнімнің бəсекелік қабілеттілігіне көптеген факторлар əсер етеді. Енді солар жеке
тоқтап көрейік.Жалпы жоспарда кəсiпорынның бəсеке қабiлеттiлiгiне əсер ететiн
295
факторларды макроэкономикалық жəне микроэкономикалық. Макроэкономикалық
факторларға:
- Мемлекеттiң ролi бəсекелестiк жағдайы;
- Нарыққа қатысуын бақылау;
- Еңбектi жəне капиталды бөлу;
- Айырбас курсы, пайыз мөлшерлемесi;
- Қоғамдық сектордың нарықтық жүйеге салықтық жүйемен жəне өнеркəсiптiк
саясат күшiмен ену;
- Əлеуметтiк тұрақтылық деңгейi.
Ал микроэкономикалық факторларға келесiлер жатады:
- Негiзгi қорлар;
- Жұмыс күшi;
- Технологиялық мүмкiндiктер;
- Басқару;
- Коммуникация жəне инфрақұрылым.
Өнімнің бəсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау. Өнімнің бəсекелік қабілетін
бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өнімнің бəсекелік
қабілеті оның құрамындағы заттармен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне
қауіпсіздігімен жəне сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз
өнімінің бəсекеге қабілеттілігін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын
талаптарды ескеруі қажет. Өнімнің бəсекелік қабілетін бағалау ең алдымен оның
сапалық құрамына тəуелді. Бəсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның
бəсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның
бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы-
ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының
ыңғайлылығы, сауда белгісі жəне оның тартымдылығы жатады. Кəсіпорын жұмысының
талаптарына
талаптарына
сай
өнім
өндіруге
негізделуі
оның
бəсекелік
тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады. Нарықтағы өнімнің сапалық қасиеттерін
бағалау үшін, ең алдымен əрбір көрсеткіштің түтынушы үшін салыстырмалы
маңыздылығы анықтап алу қажет. Бұл үшін тұтынушылардан алынған жауаптарға
сараптық бағалау жүргізіледі. Өнімнің бəсекелік қабілетін бағалаудың келесі кезеңі,
яғни оның тартымдылық қасиеттері деңгейін анықтау да, сапа деңгейі іспеттес,
салыстырмалы түрде балдық жүйемен жүргізіледі. өнімнің тартымдылық қасиеттері
бойынша маңыздылық қасиеттерін анықтау үшін сараптық бағалау нəтижелері
сұрыпталады. Оның ішіне: өнімнің тартымдылығы, сауда белгісінің беделі жəне
сенімділігі, сыртқы қорабының келбеті, таңдау еркіндігі. Жалпы алғанда, отандық
өнімдердің бəсекеге қабілеттіліктерін арттыру мəселесі əлі күнге өзекті күйінде қалып
отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштермен ғана емес, сол сияқты өнімнің
тартымдылық қасиеттерімен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау
үшін əрбір кəсіпорын өзінде бар мүмкіншіліктерді барынша пайдалану жəне оған
мемлекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі
Жамбыл облыстық тауарлардың бəсекеге қабілеттігін көтерудің шаралары
келесідей:
- Маркетингтік зерттеулердің негізінде бəсекеге қабілеттілік саласындағы жүйелі
зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу;
- Микродеңгейдегі маркетинг жəне менеджментті жақсарту. Маркетинг өндірістік
шығындарды азайтуға бағытталуы керек;
- Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі. Несие алуды жеңілдету;
- Мемлекеттік деңгейде ішкі нарықтағы тауарды жылжытуда ақпаратты қолдау.
Нарықты, бəсекелестік деңгейін, шикізатты, материалдарды жеткізуде стратегиялық
серіктестерді білу қажет;
296
- ҚР-ң “Теріс пиғылды бəсекелестік” Заңының бұзушылығына жол бермеу;
- Өндірістің техникалық жəне технологиялық деңгейін көтеру мақсатында
жекелеген тұтынутауар нарығын өндіруге инвесторлар тарту. Əлемге танымал
тауарлық белгілерді иемденуге мемлекеттік көмек көрсету.
Осындай шараларды жүзеге асыру отандық тауар өндірушілердің ішкі жəне
сыртқы нарықтағы орнын тұрақтандырады. Тауар жəне тұтыну нарығында сапалы
отандық тауар өнімінің көбеюіне жəне бəсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік
береді. Ал енді жеке “Алатау” серіктестігінің маркетингтік қызметі мен бəсекеге
қабілеттігін жетілдіру жолдарын қарастырып өтейік. “Алатау” серіктестігінің барлық
кешендi
маркетингiн
қолдану
тиiмдiлiк
көрсекiтштерiн
жақсартады
жəне
тұрақтандырады.
Өнiмнiң
бəсекеге
қабiлеттiлiгiнiң
мəнiн
тереңiрек
критерилерiн
жəне
факторларына көңiл бөлейiк, бұл жерде критерии ретiнде өнiмнiң сапалық жəне сандық
сипаттамасы түсiндiрiледi. Оның бəсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн негiзгi болып
келетiн, ол фактор ретiнде – тiкелей, себебi бəсекеқабiлеттiлiк бiр немесе бiрнеше
критерилерiнiң өзгеруi үшiн қажеттi жəне жеткiлiктi болуы. “Алатау” серіктестігінің
тауарларының бəсекеқабiлеттiлiк критерилерiне мыналарды жатқызса болады:
- Сапа деңгейi жəне оның тұрақтылығы;
- Жаңашалдықтың деңгейi ;
- Имидж;
- Тұтыну бағасы;
Тұтынудағы жаңашылдық тауардың жаңалық дəрежесi ретiндегi тұтынушы
позциясымен анықталады. Тауардың бəсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуде маңызды
рөл атқарады. Шетел тəжiрибесi көрсеткендей, бес жыл бойы бiр өнiм түрiн шығарып
келетiн компаниялар жəне тұтынушылық жаңашылдыққа өнiм өндiрiсiн өткiзуiн
дайындамағандықтан, бəсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтады. АҚШ фирмалары тауар-
жаңалықтар есебiнен 30-50% пайда алады. Кəсіпорынның барлық маркетингтік қызметі
маркетинг тұжырымдамасының негізі болып келетін қағидаларына бағытталуы керек.
Маңызды қағидалардың бірі болып икемділік қағидасы саналады. Кəсіпорын өнімінің
оңды жылжыту үшін потенциалды клиенттермен жəне сауда делдалдарымен тұрақты
жəне тиімді байланысып тұруы қажет. Бұл компания мен оның тұтынушыларын
жақындатады.
Əдебиет:
1. Аубакиров.Я.А. Аграрный сектор в условиях рыночной экономики. Алматы, 2001г. 36-89 стр.
2. Агробизнестің экономикалық негіздері. Алпыспай Сейдахметов. Алматы. «Экономика». 2007
жыл. 89-97 бет.
3. Оспанов.М.Т., Аутов.Р.Р., Ертазин.Х. Агробизнес теориясы мен тəжірибесі. Алматы., 2007
жыл. 35-67 бет.
297
УДК 33319.2
ШЕТЕЛ ТƏЖІРИБЕСІНДЕГІ АГРОӨНЕРКƏСІП
Сапарова Г.С., Сапарова Г.С., Тажибаев С.Д.
(М.Х. Дулати атындағы ТарМУ)
Дамыған өркениетті елдерде, экономиканы басқаруда салааралық тəсіл принципі
бағдарлама жасаудың алғашқы кезеңінің сипатты ерекшелігі болып табылады.
Жапония, ФРГ, Швеция, Франция елдерінде салааралық бағдарламалар экономиканың
барлық шешуші салаларын қамтиды. Ал, америка экономиканы басқару органдарының
территориялық филиалдары құрылғаннан кейін, аймақаралық комитеттер барлық
ұйымдардың мəселелерін шешіп отырады.
Халық шаруашылығы мəселелерін шешуде, тиімді кешендік əдіс кейінге
ысырылған қазіргі жағдайда, бұл тəжірибе бізге барынша маңызды болары сөзсіз.
Сондай-ақ, АҚШ-та ауыл шаруашылығының 10%-ы реттеледі екен. Ауыл шаруашылық
Министрлігі фермерлер үшін тек салық дəрежесін анықтап қоймай, баға паритетін
бақылау жасайды. Ал төмен кепілді бағаны тауар несие корпорацияларының кепілдік
операцичлары арқылы анықтайды. Өзіміз тығыз экономикалық байланыстағы Түркия
елінде жоспарлау 1963-1967 жылы бірінші бес жылдық жоспарды жасаудан басталды.
Алтыншы бес жылдық (1988-1992) жоспарда рыноктық экономиканың барынша
дамыған жағдайы ескерілді.
Ол халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштеріне ден қоюға
мүмкіндік бкереді. Ал, Германиядағы экономиканы реттеуде, бəсекелестікті жəне
рыноктың қызмет ету шараларын қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық қызметінің
күшеюіне көп көңіл бөлінеді. Рыноктық қатынастарды дамыту үшін бəсекелестік
ортаны жасаудың өкіметтік шараларын Австриялық тəжірибесі жеткілікті тиімділігімен
ерекшеленеді. Бұл жерде мəселе ұсақ жəне орта фирмаларды құру жəне ұлттық
экономиканың əлемдік шаруашылық процестермен бірге бірігу дəрежесіне шығу
шаралары туралы болып отыр. Жаңадан қайта құрылған орта жəне ұсақ фирмаларға
мемлекет тарапынан дотация жəне жеңілдікті несиелерді берумен, салық салудың
жеңілдігін жасаумен қамтамасыз етіледі. Осындай фирмаларының белсенді қызметінің
қөұқықтық негізі тауарларды сату тəртібі, əділеғтсіз бəсекеге қарсы шаралар, жергілікті
жабдықтау тағы басқа жөнінде əрекет ететін заңдармен қамтамасыз етіледі.
Австрияда ауылшаруашылығы экономика министрлігінің жəне ауыл, орман
шаруашылығы министрлігінің сəйкесті бөлімшелерінің бақылауында болады.
Рыноктық экономикасы дамыған елдер тəжірибесінде рыноктық қатынастар тек өзіндік
реттелуші процестердің сəйкестігін ғана емес, сондай-ақ бағаны мемлекеттік реттеуді
де қамтитынын көрсетеді жəне олардың бағаны реттеуді жүзеге асыруда қолданатын
механизмдері түрліше алпыс жыл бұрын енгізілген американдық ауыл шаруашылық
өніміне баға құру жүйесі, фермерлердің ертеңгі күнге сенімділігін арттырып
шаруашылық жүргізудің мүмкін болар нəтижелерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік
береді. Басқаша айтсақ рынокта бағаның өзгеруі болған жағдайда, фермерге табыстың
төменгі дəрежесіне кепілдік беретін кепілдік баға жүйесі жұмыс жасайды. Тауар –
несие корпорациялары фермерлерден кепілдік баға бойынша өнімін сатып алады,
оларды сəйкес соммада несиемен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе Ресейде жұмыс жасауда.
Сондай-ақ оны біздің Қазақстан жағдайында да қолдануға болады. Яғни, фермер
табысының төменгі дəрежесін кепілдендіретін мақсатты бағаны пайдалануда АҚШ
298
тəжірибесін қолдану қажет болады. Австрияда бағаны реттеу, баға туралы арнайы заң
негізінде жүзеге асады.
Осы елден соғыстан кейінгі уақыттарда бастау алған бағаны босатудың алғашқы
процесі 30-40 жылға созылды. Бірақ, елде өндірілген тауарларға, импорттық тауарларға
баға дəрежесін мемлекеттік реттеу əлі де бар. Атап айтсақ, тауарларды өндіруге қажетті
шикізат ресурстарынабағаны төмендету жəне сол елге əкелетін ауыл шаруашылық
өнімдеріне кеден салығын төмендетусияқты шаралар. Сонымен қатар, бұл елдің
мемлекеттік бақылау қызметтерін күшейту тəжірибесі, əсіресе экономикалық
дағдарыстан шығу жағдайында өзін ақтағанын көрсетеді. Жапонияда баға тағайындау
мəселелерімен үкіметтік орган баға тағайындау Бюросы айналысады.олар баға
динамикасының макроэкономикалық болжауын жасайды жəне төмен баға дəрежесі
бойынша салалық министрліктердің ұсыныстарын талқылаудан өткізеді.Швейцарияда
бағаны бақылау жөніндегі федералдық мекемелер бар. Мемлекетті қаржыландыратын
салаларда, бəрінен бұрын ауыл шаруашылығында, транспортта, білім беруде бағаға
реттеу жүргізіледі.
Кейбір елдерде баға жөнінде əлеуметтік заң актілері қабылданған. Мысалы АҚШ
пен Канада антимонополиялық заң, Австия-баға туралы заң, Данияда баға жəне бəсеке
туралы заңдар бар. Барлық əлемдік тəжірибеде бағаны мемлекеттік реттеудің, басты
объектісі-ауыл шаруашылық тауарлары болып табылатынын көрсетеді. Осы жағдайдың
ғылыми анализі ауыл шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді. Біріншіден ауыл шаруашылық өндірісі табиғи климаттық
жағдайларға тəуелді болғандықтан фермер алдында өзекті мəселе тұрады. Ол мəселені
шешуде ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеудің мемлекеттік əдісіне сүйенеді
жəне осы механизм арқылы өндіруші еңбегі ынталанады. Екіншіден, халықты азық-
түлікпен дер кезінде қамтамасыз етудің шешуші рөлі, ауыл шаруашылығы өнімінің
натуралды өңделген түрлеріне беріледі. Сондықтан мемлекет басқарудың сəйкесті
органдары, ауыл шаруашылық өнімдеріне баға тағайындау процесіне ауысуына тура
келеді жəне де əр елдің құрылымдық ерекшнліктерне қарай əкімшілік, экономикалық,
заңды жəне аймақаралық реттеуді де жоққа шығармайды. Үшіншіден, шаруашылық
жүргізудің кез келген жүйесінде аграрлық секторға əр уақытта мемлекеттік қолдау
қажет.
Əсіресе
ғылыми-техникалық
қызмет
көрсету
нақты
инновациялық,
инвестициялық шараларды жүргізуді керек етеді. Европаның экономикалық одақ
елдерінде мемлекеттік дотацияның көлемі барлық фермерлер табысының 3/4 бөлігіне
жетсе, Канадалық бұ көрсеткіш дəрежесі 40%-і құрайды.
Европалық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінде баға тағайындау саясаты
барынша маңызды, оны жүзеге асырумен арнайы органдар-ЕЭО елдерінің Министрлер
кеңесі айналысады. «Европалық одақты»біріңғай аграрлық саясаты кепілді бағамен
рынокты реттеудің басқада құралдардың жүйесіне, сондай-ақ басқа елдермен саудада
кедендік протекционизмге негізделеді. Осы саясатта басты рөл, ауыл шауашылық
өніміне баға механизміне беріледі. Бұл елдерде ауыл шаруашылық тауарларына үш
түрлі баға тағайындалған: біріңғай бақылау бағасы (жоғарғы дəреже); рыноктың бағасы
(сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталатын); біріңғай сатып алу бағасы (төменгі
дəреже). Егер де ұсыныс сұрсаныстан жоғары болса, онда жиналған запастарды
өткізеді. Европалық одақ елдерінде, көп ақша қаражаттары астық рыноктарына жəне
сүт өнімдерітауарларына, дəлірек айтқанда азық-түлік рыногының жалпы жағдайымен
баға дəрежесін анықтайтын өнмдерге қолдау көрсетуге жұмсалады. Сондай-ақ,
жоғарыда айтылған ұлттық мемлекеттік мекемелер ауыл шаруашылық өнімдерін
сақтау, өңдеу жəне өткізуге айтарлықтай шығын шығарады.
Экономиканың аграрлықсекторын мемлекеттік реттеудің тқиындықтарына
қарамай Батыс Европа елдеріндегіазық-түлік молшылығы, оның тиймділігінің жоғары
299
екендігіне дəлел болады. Өркениетті елдердегі алрарлық реформалардың басты бағыты
фермерлік шаруашылықтардың құрылуы мен дамуы болып табылады. Сондай-ақ,
мемлекеттік аграрлық, саясатты жасау мен жүзеге асыруда шешуші рөл ауыл
шаруашылық кооперативтеріне беріледі екен. Мысалы, Батыс Европалық көптеген
елдерде, Канада мен Австрияда фермерлік шаруашылықтардың 80%-тейін, АҚШ-та 60-
80%, Ирландия Солтүстік Европа мен Жапонияда 100%-ін кооперативтер біріктіреді.
Кооперативтік құрылымдарға ерікті түрде қатысу мүдделегі қатысушылар материалды-
техникалық жабдықтау, өңдеу жəне өнімді өткізу жүйелерінің артықшылықтарын
пайдалануға мүмкіндік алады.
АҚШ-та өндірілетін тауарлы ауылшаруашылық өнімдерінің 30%-ін рынокта
кооперативтер өткізеді. Ал Францияның астық кооперативтері астықты өткізуде басты
рөл атқара отырып, асық өніру мен өткізудің 70%-не, экспорттың 50%-не бақыллау
жасайды. Жапония, швеция, Финляндия мен Норвегияда үкімет өкілдері мен ауыл
шаруашылық кооперативтері арасында келісімдер арқылы аграрлық саясаттың
ауылшаруашылық өнімдеріне баға дəрежесін реттеу, ауыл шаруашылығына бюджеттік
қаржыландыру мөлшері мен бағыттары, фермерлерге дотация дəрежесі, азық-түлік
экспортын субсидиялау сияқты негізгі мəселелер шешіледі. Бірқатар елдерде
экологиялық таза өнімдер өндірісін қамтамасыз етуші елдер салықтан босатылады.
Данияда кооперативтік кəсіпорындар қызметінің барлық трлеріне пайдаға салық
салудың жеңілдіктерін пайдаланады. Егер жеке тұлғаларға пайдаға салық 50%–ті
құраса, кооперативтерге -20%. Канадада фермерлік шаруашылықтарда табысы 100-ден
250мың доллларға дейін фетмерлр оның көлеміне қарай жылына 1-ден 2,5 мың
долларға, яғни 1%-тей салық төлейді. АҚШ-та жəне Швецияда фермерлік табыстарға
бірдүркін салық салу принципі қолданылады. Дамыған елдерде фермерлнр мен ауыл
шаруашылық кооперативтерін несиелеудің мықты жүиесі арқылы, ауыл шаруашылық
өндірісін реттеу жүзеге асырылады .
Сондай – ақ құрғақшылық, су тасқыны немесе басқада апатты жағдайларда
шығындар сақтандыру несиелік ауыл шаруашылық қорларының есебінен жабылады.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын несиелеудің дамыған секторы дəстүрлі емес
секторлары болып табылады олар фермерлер шаруашылықтар үшін ресурстарды
жеткізушілер немесе фермерлерге қажетті жабдықтарды өндірушілер. Кредиторлар
клиенттерімен жұмыс іздеуде жаңа əдістерді тағайындайды. Кредиттік инспекторлар
клиенттерінің фермаларына барады, сонымен бірге клиентпен өз ара əрекет жəне ішкі
кеңселік қызметке кететін уақыт шығындарын азайту технологиясын іздеуді
жалғастырады.
Бірақта
елдердегі
аграрлық
секторды
мемлекеттік
қолдау
əдістерінің
айырмашылығына қарамай, жалпы ортақ белгілерін де бөліп көрсетуге болады.
Мемлекеттің қолдау дəрежесі ауыл шаруашылық емес қызметтің табыстар көлемі
жақын, онда аз қаржылық көмек байқалады. Жапония мен Скандинавия елдерінде
аграрлық секторда жұмысшы өнімінен 3 есе аз құн өндіреді, сондықтан да ауыл
шаруашылығын қолдау жəрежесі барынша жоғары. Сондай – ақ мемлекеттік қолдау,
сол елдің агроөнімінің таза экспортеры болуының дəрежесіне де байланысты. Əдетте
əлемдік сальдосы бар (импорттың көбеюі) мемлекеттер ауыл шаруашылық өнімінің
таза экспортерларына қарағанда аграрлық секторға үлкен қолдау көрсетеді. Сондай –
ақ, аграрлық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінде рыноктық
баға дотацияның үлесі сол елдің аграрлық өнімінің таза экспортеры ретінде нығаюына
қарай төмендейді. Мысалы, Жаңа Зеландия эканомикасы көбіне ауыл шаруашылық
өнімінің экспортымен анықталады. Сондықтан аграрлық секторға мемлекеттік
қолдаудың дəрежесі төмен. Ал Жапония ауыл шаруашылық өнімінің импортеры,
аграрлық секторға мемлекеттік қолдау дəрежесі жоғары.
300
Əдебиет:
1. Сагадиев К.А, Нурсеитова А.Ш., Алтынбаева Б.А. Маркетинг и инфраструктура рынка:
проблемы становления. - Алматы: Экономика, 2004.- С.219.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің ресми интернет ресурсының
мəліметтері негізінде алынған.
3. Маркетинг оқу құралы, авторы: С.Р. Есімжанова
ОƏЖ 338.436.33(574)
АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Серікбай Қ.Ə., Серікова Б.Т.
(М.Х. Дулати атындағы ТарМУ)
Жаһандану жағдайында əлемдегі қаржы дағдарысының, яғни құлдырау мен
рецессияның ұлттық экономикаға ықпалы күрт өсті. Көптеген мемлекеттер
интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына
қатты əсер ете бастады. Қазіргі жағдайда жəне болашақта болатын құбылыстарға
сəйкес келетін іс-шаралар жүйесін құрастыру жəне дағдарыс салдарынан болатын
жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алатын шараларды ұйымдастыру қажет. Сыртқы
тəуекелділікті жəне қазіргі жағдайдағы қауіпті мəселелерге көңіл аудармауға, елемеуге
болмайды [1].
Агроөнеркəсіп кешенінің инновациялық дамуына ықпал ететін шарттар мен
факторларды талдау оларды кері ықпал етуші (инновациялық дамуды тежеуші) жəне оң
ықпал етуші (инновациялық процестердің қарқындылығын күшейтуші) деп екіге
бөлуге мүмкіндік береді (1-сурет).
Агроөнеркəсіп кешенінің инновациялық дамуына оң ықпалын тигізетін шарттар
мен факторларға шаруашылық жүргізудің нарықтық тəсілін, табиғи ресурстардың
көптігін, ғылым мен білім əлеуетінің жеткіліктілігін, ішкі азық-түлік нарығының
ауқымдылығын, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, табиғи азық-түлік өнімдер өндірісінің
мүмкіндігін жатқызуға болады.
Ал, кері ықпал ететін шарттар мен факторлар ретінде отандық ауыл
шаруашылығы ғылымындағы ұйымдық құрылымның күрделілігін; ғылыми-техникалық
жəне инновациялық қызмет түрлерінің əркелкілігін; ғылыми зерттеулердегі өңірлік,
салалық жəне салааралық сипаттағы мəселелердің үлес салмағының басымдығын;
ұдайы өндіріске қатысты кейбір мəселелерді зерттеу мерзімінің тым ұзақтығын
қарастыруға болады. Аталмыш факторлар ауыл шаруашылығы ғылымы мен аграрлық
ғылыми зерттеулерді басқаруда елеулі қиыншылықтар туғызады.
Нарықтық экономикадағы инновациялардың басым көпшілігі кəсіпкерлік
құрылымдар тарапынан өндірістік жəне коммерциялық міндеттерді шешудің құралы
ретінде, əрі олардың тұрақты жұмыс істеуін, экономикалық өсімді жəне бəсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде жүзеге асырылады жəне
нарыққа, нақты бір тұтынушы тобына немесе қажеттілікті қанағаттандыруға
бағытталады.
Агроөнеркəсіп кешенінің дамуына қажетті шарттардың бірі – ғылыми-техникалық
прогресс. Аталмыш процесс ғылым мен техника жетіктістерін игеру арқылы
кеңейтілген ұдайы өндірісті жүргізуге мүмкіндік беретін инвестициялық-инновациялық
301
процестерге негізделеді. Сонымен қатар, кадр (маман) əлеуеті агроөнеркəсіп
кешеніндегі инновацияларды игерудің басты факторларынан саналады. Сол себептен,
кадр əлеуетін күшейтпестен ауыл шаруашылығы өндірісіне озық үлгідегі, ресурс
үнемдеуші технологияларды ендіру мүмкін емес [2].
Инновациялар зерттеу, өндіру жəне сату (өткізу) қатынастарының жалпы кешенін
қамтитын күрделі де көп қырлы мəселе болып табылады.
Агроөнеркəсіп кешеніндегі инновациялық процесс қарқынының елеулі дəрежеде
тежелгеніне қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының 10-15℅ бөлігінің ресурс
үнемдеуші жаңа ауыл шаруашылық технологияларына деген қажеттілігі артып келеді.
Дегенмен, инновациялық технологияларды əзірлеу мен ендіру процесі, бірінші кезекте,
ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-конструкторлық жұмыстар қомақты қаржыны талап
етеді.
Қазақстан экономикасының аграрлық саласында сақталып отырған қолайсыз
макроэкономикалық ахуал мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің төмен
инвестициялық мүмкіндіктері АӨК-дегі инновациялық қызметті белсендіруге қажетті
шарттарды шектері сөзсіз. Сондықтан, тиімді инновациялық қызмет – «Агроөнеркəсіп
кешенін дамыту» мемлекеттік жобасын сəтті іске асырудағы басты факторлардың
бірінен есептеледі.
Қазақстанда бірегей ғылыми-өндірістік база мен жоғары білікті ғылыми
мамандардың бар болуына қарамастан, инновациялық дағдарыс жаңалықтарды ойлап
табу мен шығару процесін мемлекеттік реттеу мен басқару деңгейінің күрт
төмендеуінен, қаржыландыру көздерінің жоқтығынан жəне зерттеу ұжымдары
қызметінің дұрыс берілмеуінен туындап отыр [3].
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық əлеуетті қалыптастырудың басым
бағыттарының бірі, əрі маңызды міндеті ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-
конструкторлық жұмыстарды жеткілікті көлемде қаржыландыру болып табылады.
Соңғы жылдары мұндай жұмыстар бірнеше көздерден, атап айтқанда, республикалық
бюджеттен (шамамен 40℅); жергілікті өңірлік қаржылардан (орташа есеппен 27℅);
ауыл шаруашылығы кəсіпорындары мен ғылыми мекемелердің меншікті қаражатынан
(32,8℅) қаржыландырылды.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы ғылымына жұмсалатын мемлекеттік
шығындар жылына 4-6℅ артып отырса, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-
конструкторлық жұмыстарға кететін шығын көлемі жалпы ұлттық өнімнің 2℅-дан
астамын құрайды. Ал, Қазақстанда болса, шығын көлемі біршама жылдан бері жалпы
ұлттық өнімнің 0,25℅-ынан асқан емес.
Мемлекет, бірінші кезекте, материалдық өндіріске, еңбекке жəне ақылға
негізделген ұдайы өндіріс тетігін қолдауға; ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімділігі
мен бəсекеге қабілеттілігін арттыратын, аграрлық бағыттағы ғалымдардың ғылыми
нəтижелерін уақытылы патенттеу жұмыстарының ұйымдастырылуын күшейтуге;
инновациялық жетістіктердің өндіріске ендірілуін ынталандыруға баса мəн беру керек.
Неге десек, жаһандану кезеңінде бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін ауыл
шаруашылығына қомақты қаржының құйылуын талап ететін, қымбат, жаңа
инновациялық технологияларды шұғыл түрде ендіру қажет. Осы орайда, ауыл
шаруашылығындағы кадр əлеуетінің қазіргі ахуалы инновацияларды іс-жүзінде
ендіруге елеулі кедергі келтіретіндіктен, инвестициялардың тиімділігін барынша
азайтып, «Агроөнеркəсіп кешенін дамыту» мемлекеттік жобасының жүзеге асуын
тежейтінін айқын ұғынған жөн.
Бүгінгі жағдайда ғылым мен техника жетістіктерін ендіру арқылы агроөнеркəсіп
өндірісін барынша жаңғыртуға бағытталған инновациялық процестерді дамытып қана
дағдарыстан шығуға болады.
302
Инновациялық процестер нақты техникалық жəне технологиялық идеяларды
ғылыми əзірлемелер негізінде жаңа технологияларға айналдырудың жəне жаңа, сапалы
өнім алу мақсатында тікелей өндірісте игеруге дейін жеткізудің тұрақты, үздіксіз
ағымы болып табылады. Аталмыш процеске ауыл шаруашылығындағы ғылыми
ұйымдар мен оқу орындары, өндірісті басқару мекемелері, қызмет көрсетуші жəне
өндіріске ендіруші құрылымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ғылыми-техникалық зерттеу, əзірлеу жəне
өндіріске даярлау, басқаша айтқанда, өндіру, сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу
инновациялық процестің негізгі функционалдық бөліктерін құрайды.
Дəстүрлі тауарлардың ұлттық нарықтары сияқты инновациялық өнімдердің
ұлттық нарықтарының да сандық сипаттары, салалық жəне географиялық құрылымы,
өзіндік жарнамалау түрлері, баға есептеу əдістемесі, заңдық ережелері болады.
Инновациялық өнім нысандарының айырбасы барысында сатып алу-сату, жалға алу
немесе жалға беру, қызмет көрсету, капитал, қарыз жəне серіктестіктерді
инвестициялау келісімдері секілді өзге де коммерциялық мəмілелердің заңдық
шарттары орындалады. Экономикасы дамыған елдердің инновациялық нарықтары
негізінде əлемдік инновациялар нарығы құрылады. Қазақстанда қалыптасып келе
жатқан инновациялар нарығының түбегейлі нарықтық қайта құруларды жүзеге асыру
кезеңіндегі агроөнеркəсіп кешені экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты
төмендегідей бірқатар өзіндік ерекшеліктері байқалады:
- ғылыми-техникалық салада өткен жылдардан ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелі-
конструкторлық жұмыстардың жеткілікті қоры қалғанымен, оларды іске асыру жəне
ауыл шаруашылығы саласында жаңа зерттеулер мен əзірлемелерді жүргізу үшін
тапсырыс беруші тұтынушылардың қаржысы жетпейді;
- инновация нарығы өнімнің өзінен емес, инновациялық қызметті жүргізуге
қабілетті ұйымдардың, ұжымдардың, жекелеген мамандардың жиынтығынан тұрады;
- бүгінгі күні инновациялық ұйымдар көбіне венчурлық капиталмен қамтамасыз
ететін ұйымдардың қаражаты есебінен өз беттерінше жұмыс істей алмайды.
Мемлекетімізде инновациялық жəне техникалық прогресстің тежелуі немесе баяу
қарқынмен дамуы əлемдік нарықтың шикізаттың көзі болып қала беруіне
соқтықтырады. Ал мұндай болашақ технологиясы жетік дамыған мемлекеттерге
тəуелді еткізіп, прогресстің соңғы сатыларында жүруге итермелейді.
Отандық өндіруішлер мен тұтынушылардың қандай да бір тауар түрі бойынша
сыртқы нарыққа тəуелділігі түбінде мемлекеттің халық аралық бəсекедегі орнын
төмендетіп, оларды сатып алудан түскен қосымша құн мен валюталық түсімдер шет
елдік бəсекелестердің өндірісі мен технологияларын жаңартуға жұмсалады.
Өндірістің индустриалды-инновациялық тұрғыда жедел дамуын талап етіп
отырған шаруашылықтың қазіргі жағдайында келесі факторларды ескеру қажет:
• институционалды тұрғыда тиімді қызмет атқаруға қабілетті жеке меншік
секторын қалыптастыру;
• өндірістік тұрғыда импорттың орнын алмастыру мен инновациялық саясаттарды
алға қоя отырып, ішкі нарықтағы өндірушілердің өнімдері мен сапасын жəне бəсекеге
қабілеттілігін арттыру;
•
ресурстық
тұрғыда
инвестициялық
жедел
амортизация
саясаттарын
қалыптастыру мен еңбек ресурстарының тиімділігін көтеру;
• ұйымдастыру – басқару шаралары бойынша мемлекеттік стратегиялар мен
өндіріс анклавтары арасындағы мүдделерді үйлестіру.
Қорыта келгенде, экономикалық тұрғыда дамыған мемлекеттер қатарына жоғарғы
технологиялы өнімдер нарығында бəсекеге түсе алатын елдерді жатқызуға болады. Ал
тиімді ұлттық инновациялық жүйе бəсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру мен
303
қалыптастырудың
басты
механизмі.
Дұрыс
өңделген
инновациялық
саясат
индустриалды-инновацилық дамудың жетекші тізгіні ретінде отандық ғылыми сыимды
өндірісті дамыту мен бəсекеге қабілетті ұлттық экономиканың негізігі құралы бола
алады.
Сурет 1. Агроөнеркəсіп кешенін инновациялық дамытуға ықпал ететін шарттар мен
факторлар
304
Достарыңызбен бөлісу: |