Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата03.03.2017
өлшемі8,79 Mb.
#5574
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Əдебиет
1.  Дəуренбекова Ə.Н. Қазақстанда инновациялық дамудың жаңа бағыттары / ҚазҰУ хабаршысы. 
Экономика сериясы, №2 (72), 2009. –С.111-115 
2.  Токсанова.  А.Н.  Финансирование  иннавационных  проектов  и  методы  их  оценки
Конкурентоспособность  экономики  Республики  Казахстан:  состояние,  проблемы  и 
приоритеты  развития.  Материалы  Международной  научно-практической  конференции.  
Астана. 2005 ж. – 307 б. 
3.  Лутфуллаева  Р.А.  Реализация    инвестиционной    политики  в  регионе.  Национальные 
экономические  системы  в  центрально-азиатском  союзе:  возможности  и  перспективы 
интеграции.  Материалы Международной научно-практической  конференции.  Астана. 2005ж. 
– 338 б. 
 
 
 
ƏОЖ. 636. 084 
 
ТАРЫ МЕН СИЫРЖОҢЫШҚА АРАЛАС ШӨБІМЕН 
БОРДАҚЫЛАУДАҒЫ ТАНА – ТОРПАҚТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ 
 
Сурағанова П.С., Аяганова Ж.Г., Бопышев С.У., 
Курманалиева А.К., Макенова Қ.Е., Бактыбаев М.С. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 
 
 
 
Бір  жылдық  шөпті  мал  азығына  өсіргенде  азықтағы  протеин  мөлшерін  арттыру 
мақсатымен  бұршақ  жəне  астық  тұқымдас  дақылдарды  араластыра  сепкен  барынша 
тиімді.  Бір  жылдық  астық  тұқымдас  мал  азықтық  тары  өсімдіктердің  сабағы 
жапырылмайтын  берік,  сиыржоңышқа  сияқты  бұршақ  тұқымдастардың  сабағы 
жапырылған  жəне  сүйеуіш  дақылды  қажет  етеді,  ал  араластыра  сепкенде  өсімдіктер 
жатып  қалмайды.  Мал  азығына  өсіргенде  аралас  шөптердің  қоспасы  орманды  дала 
аймағында  –  тары  мен  сиыржоңышқа  таңдап  алынды.  Пішен  мен  көк  балаусаға 
өсірілетін  бір  жылдық  аралас  шөп  мал  азықтық  жəне  танаптық  ауыспалы  егістерде 
орналастырылады.  Бір  жылдық  бұршақ  –  астық  тұқымдас  аралас  егістігінің  барынша 
жоғары өнімі мамырдың соңы – маусымның бірінші жартысында себілгенде жиналады. 
Бұл  заңдылық  тары  –  бұршақ  тұқымдас  жəне  басқа  қоспаларға  да  таралады.    Пішенге 
бір  жылдық  шөпті  əрбір  7-10  күн  сайын  бірнеше  мерзімде  сепкен  дұрыс.  Жоғары 
сапалы  мал  азығы  алынатын  өсімдік  өсіп-даму  кезеңі  (бұршақ  тұқымдастарда 
гүлденудің  басы  жəне  астық  тұқымдастарда  шашақтану  кезеңі)  7-10  күнге  созылады, 
бұл орта есеппен барлық мерзімдерде себілген егістіктер жоғары пішен өнімін жинауға 
мүмкіндік береді, ал шөп тамырында көп қалмай ең жақсы мерзімде жиналады.   
Аралас шөпті сепкенде себу нормасы мен компоненттердің ара қатынасын дұрыс 
анықтаудың маңызы зор: өнімдегі бұршақ тұқымдас компоненттің үлесі 25-45% болуға 
тиіс. 
Бір  жылдық  шөптің  аралас  егістігі  шөбін,  сонымен  бірге  үстеме  қорек  үшін  көк 
балауса алуға шикізат ретінде өсіргенде оларды 6-8 мерзімде себеді.  
Біржылдық  мал  азықтық  астық-бұршақ  тұқымдасына  жататын  тары  мен 
сиыржоңышқа аралас шөбінің химиялық құрамы келесі кесте 1-де келтірілген. 
Жоғарыдағы  кесте  1-де  қарап  отырсақ,  төмендегі  кесте  2-де  көрінгендей,  үлгі 
алынған  орны  Солтүстік  Қазақстан  мал  жəне  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 
институты болып есептеледі.  
Тамыз  айының  16  жұлдызында  азыққа  сипаттама  берсек,  тары  себілген  мөлшері 
73  пайыз  болып,  сиыржоңышқа  27  пайызды  құраса,  ал  үлгі  алынған  мерзімі  тамыз 

 
 
305 
айының  16  жұлдызында  үлгі  алынған  орны  Солтүстік  Қазақстан  мал  жəне  өсімдік 
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып табылады.  
  
Кесте 1. Тары мен сиыржоңышқа аралас шөбінің химиялық құрамы %. 
 
Дақыл 
Химиялық құрамы % 
100кг азықтың құрамында, кг есебімен 
протеин  ақуыз  май  жасұнық  АЭЗ 
күл 
Қорыты. 
протеин 
Қорыт. 
ақуыз 
Аз. өлше 
Тары мен 
сиыржоңышқа 
10,2 

3,7 
27,3 
42,4 
6,7 
6,3 

57,6 
Тары мен  
сиыржоңышқа 
11,3 

4,0 
26,7 
43,4 
6,3 
7,0 

60,2 
 
Екі мерзімде алынған үлгінің аралас дақылдардың шөптерінің химиялық құрамы 
көрсеткіштеріне  келетін  болсақ,  онда  протеиннің  мөлшері  кейінгісінде  1,1  пайыз 
жоғары  болды.  Ақуыз  мөлшері  екеуінде  де  ештеңе  жоқ  болды.    Ал,  майдың  мөлшері 
алғашқысындағы 0,3 пайыз төмен болса, ал жасұнық көрсеткішінен 0,6 жоғары, АЭЗ-да 
1,0 төмен, күл көрсеткішінен 0,4 жоғары  пайыз  екендігі анықталды.  
100  кг  азықтың  құрамында,  кг  есебімен  қорытылатын  протеин  мөлшері  кейінгі 
бағандағысында 0,7  пайыз жоғары болды. Қорытылатын ақуыз мөлшері екі бағанда да 
тең  пайызды  көрсетсе,  ал  азық  өлшем  мөлшеріне  келетін  болсақ,  онда  ол  алғашқы 
бағанда  2,6  пайыз  төмен  болғаны  анықталды.  Біржылдық  астық-бұршақ  тұқымдасына 
жататын тары мен сиыржоңышқа аралас шөбінің қорытылу коэффициенті келесі кесте 
2-де келтірілген.  
 
Кесте 2. Біржылдық мал азықтық астық-бұршақ тұқымдастары тары мен сиыржоңышқа 
аралас шөбінің қорытылу коэффициенті. 
 
Азықтың атауы 
Үлгі 
алған 
күні 
Азыққа 
сипаттама 
Үлгі алынған 
орны 
Қорытылу коэффициенті % 
су  протеин  ақуыз  май  жасұнық  аэз 
Тарымен 
сиыржоңышқа  16/VІІІ 
Тары 73 %, 
Сиыржоңышқа 
27 %, 
Сол. Қаз облысы 
мал жəне 
өсім.шар.ҒЗИ-ы 
9,7 
62 

40 
53 
64 
Тарымен 
сиыржоңышқа  16/VІІІ 
Тары 68  % 
Сиыржоңышқа 
32 % 
Сол. Қаз облысы 
мал жəне 
өсім.шар.ҒЗИ-ы 
8,3 
62 

40 
53 
64 
 
Жоғарыдағы кесте 2-де көрінгендей, үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал 
жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып есептеледі. 
Тамыз  айының  16  жұлдызында  азыққа  сипаттама  берсек,  тары  себілген  мөлшері 
73  пайыз  болып,  сиыржоңышқа  27  пайызды  құраса,  ал  үлгі  алынған  мерзімі  тамыз 
айының  16  жұлдызында  үлгі  алынған  орны  Солтүстік  Қазақстан  мал  жəне  өсімдік 
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып есептелінеді.   
Екі  мерзімде  алынған  үлгінің  аралас  дақылдардың  шөптерінің  қорытылу  
коэффициентін  көрсеткіштеріне  келетін  болсақ,  онда  судың  мөлшері  кейінгісінде  1,4 
пайыз төмен болды.  Ал қалған көрсеткіштері екі бағанда да бірдей деңгейде болды.   
Бұршақ  –  астық  тұқымдас  аралас  егітігін  мал  азықтық  көк  балаусаға  бұршақ 
тұқымдас  компоненттің  гүлдену  кезеңінің  басында,  пішенге  –  жаппай  гүлдену  – 
бұршағының түзіле бастаған кезеңінде жинайды.  
Мал азығына өсіргенде тарыны дəнді парлы ауыспалы егістікке пардан кейін 4 – 5 
дақыл.  Ең  мол  өнім  алынатын  себу  мерзімі  –  маусымның  бірінші  онкүндігі.  Мал 
азықтық  тары  қатардағы  əдіспен  гектарына  3-3,5  млн.  өнгіш  тұқым  (10-22),  ал 

 
 
306 
суармалы  жерлерде  4  млн.  өнгіш  тұқым  себіледі.  Тұқымның  топыраққа  сіңірілуі 
тереңдігі 4-5 см, ал беткі қабат кеуіп кеткенде 7-8 см-ге дейін тереңдетуге болады, бірақ 
ол жағдайда себу нормасын 10-12 %-ге көбейту қажет.   
1  кг.  Тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  шөп  көк  балаусасы    натуральдық 
дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері келесі кесте 3 де келтірілген. 
Жоғарыдағы  кесте  –  3  көрінгендей  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  шөп  көк 
балаусасы натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері (мг) тоқталатын 
болсақ,  онда  үлгі  алынған  орны  Солтүстік  Қазақстан  мал  жəне  өсімдік  шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу институты болып есептеледі. 
 
Кесте 3. Тары мен сиыржоңышқа аралас шөп көк балаусасы натуральдық дымқылдықта 
1 кг азықтағы каротин мөлшері (мг). 
 
Азықтың атауы 
Үлгі 
алынған 
уақыты 
Азыққа сипаттама 
Үлгі алынған орны 
Алынған 
анализдер 
саны 
Натуралық 
дымқылдықта 1 кг 
азықтағы каротин, мг 
Тары мен 
сиыржоңышқа 
11/V ІІІ 
Тары 80 %, 
сиыржоңышқа 20 % 
Сол.Қаз. мал жəне 
өсімд. шаруаш. ҒЗИ-ы 

41,2 
Тары мен 
сиыржоңышқа 

Тары 70 %, 
Сиыржоңышқа 30 % 
Сол.Қаз. мал жəне 
өсімд. шаруаш. ҒЗИ-ы 

35,8 
Тары мен 
сиыржоңышқа 
22/ V ІІ  Жеміс пісе бастауы 


27,0 
Тары мен 
сиыржоңышқа 
19/ V ІІІ 
Сыпыртқы гүл 
шашқанда 


38,4 
 
Тамыз  айының  11  жұлдызында  азыққа  сипаттама  берсек,  тары  себілген  мөлшері 
80  пайыз  болып,  сиыржоңышқа  20  пайызды  құраса,  ал  үлгі  алынған  мерзімі  шілде  
айының  22  жұлдызында  үлгі  алынған  орны  Солтүстік  Қазақстан  мал  жəне  өсімдік 
шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты  болып  есептелініп,  тарының  жемісі  пісе 
бастаған кезінде. 
Алынған  анализдер  саны  2  үлгі  алынған  мерзімі  тамыз  айының  19  жұлдызында 
азыққа  сипаттама  берсек,  тары  сыпыртқы  гүл  шашқан  кезінде,  үлгі  алынған  орны 
Солтүстік  Қазақстан  мал  жəне  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты 
болып  есептелініп,  алынған  анализдер  саны  1  болып,  тары    мен  сиыржоңышқа  аралас 
шөп көк балаусасы натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері 38,4 мг-
ды құраса, ал    үлгі алынған мерзімі шілде айының 22 жұлдызында тары сыпыртқы гүл 
шашқан кезде, үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал жəне өсімдік шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу институты болып есептелініп, тары мен сиыржоңышқа аралас шөп көк 
балаусасы  натуральдық  дымқылдықта  1  кг  азықтағы  каротин  мөлшері  27,0  мг-ды 
құрады. Тары мен сиыржоңышқа аралас шөп көк балаусасы натуральдық дымқылдықта 
1 кг азықтағы каротин мөлшерлерін салыстырсақ, онда алғашқы бағанда 2,8 мг жоғары 
болғаны анықталды.   
Пішенге бір жылдық шөпті əрбір 7-10 күн сайын бірнеше мерзімде сепкен дұрыс. 
Жоғары сапалы мал азығы алынатын өсімдік өсіп-даму кезеңі (бұршақ тұқымдастарда 
гүлденудің  басы  жəне  астық  тұқымдастарда  шашақтану  кезеңі)  7-10  күнге  созылады, 
бұл орта есеппен барлық мерзімдерде себілген егістіктер жоғары пішен өнімін жинауға 
мүмкіндік береді, ал шөп тамырында көп қалмай ең жақсы мерзімде жиналады.   
Бір  жылдық  шөптің  аралас  егістігі  шөбін,  сонымен  бірге  үстеме  қорек  үшін  көк 
балауса алуға шикізат ретінде өсіргенде оларды 6-8 мерзімде себеді.  
Солтүстік  Қазақстан  облысында  етті  тұқымды  қазақтың  ақбас  сиырларының 
бордақылаудағы тана - торпақтарын ақуызға бай бұршақ тұқымдас, мал азықтық тары 
мен сиыржоңышқа аралас шөбімен азықтандыруы өте нашар.  

 
 
307 
Сол  себепті  «Тілеу»  шаруа  қожалығы  ірі  қара  өсіру  фермасында  етті  тұқым 
қазақтың  ақбас  сиырларының  бордақыланған  тана-торпақтарын  бір  жылдық  мал 
азықтық  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  шөбімен  азықтандыру  тиімділігі  бойынша 
ғылыми-өндірістік тəжірибе жұмысы жүргізілді. 
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының алға қойылған мақсаты:  
1.  Жануарларды  бір  жылдық  мал  азықтық  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас 
шөбімен  азықтандыру  тиімділігі  нəтижесінде  олардың  өнімділігі  деңгейіне  əсерін 
мұхият зерделеп, анықтау. 
Ғылыми жаңалығы; Еліміздің солтүстік өңірінде қазақтың ақбас сиыр тұқымының 
бордақылаудағы тана - торпақтарын бір жылдық мал азықтық тары мен сиыржоңышқа 
аралас шөбімен азықтандырудың нəтижесінде тəулігіне 750-850 грамнан орташа салмақ 
қосуы, алты айлығында 160-180 кг, 12 айлығында – 250 кг салмақ тартып, 1 кг қосымша 
салмақ қосуына 7,0-8,0 азық өлшемі шығындалып, 18 айлығында 320-350 кг тартып, 21-
22 айлығында 1 кг қосымша салмақ қосуға 9-11 азық өлшемі шығындалып, жас ірі қара 
мал  130-150  күнде  тірілей  салмағын  –  50-60  %  қосуының  нəтижесінде  жəне  21-22 
айлық  жасында  орташа  тірілей  салмағы  410-425  кг  жеткізіліп,  жоғары  қоңдылықпен 
етке сою болып табылады.  
Көк азықтар – ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайлымда сиыр 
малы тəулігіне 70 кг дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы 
жоғары  болғандықтан  жалпы  құндылығы  0,18-0,29  азық  өлшемі  аралығында  болады. 
Орташа  химиялық  құрамын  алғанда  түрлі  жайылым  отында  60-80%  су,  ал  құрғақ 
затында  20-25%  протеин,  10-18%  клетчатка,  4-5%  май,  35-50%  азотсыз  экстративтік 
заттар,  9-11%  минералды  (күлді)  заттар  болады.  Жалпы  қоректілігі  жағынан  көк 
азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық жəне дəрумендік 
бағалығы  жағынан  олардан  анағұрлым  басым.  Табиғи  көк  азықтардың  негізі  астық 
тұқымдас  өсімдіктер.  Бұл  азықтар  өнімділігі  мен  жақсы  желінгіштігімен,  жылдам 
өсуімен  көзге  түседі,  ал  бұршақ  тұқымдастар  –  протеин,  дəрумен  жəне  минералдық 
заттарға  бай  келеді.  Көк  азықтың  қоректілігі  өсу  фазасына  байланысты  өзгеріп 
отырады.  
Көк  азықтар  көптеген  дəрумендер  көзі,  бірақ  олардың  шоғырлану  мөлшері  өсу 
фазасына байланысты. Астық тұқымдас көк азықтың құрғақ затында дəрумендердің ең 
көп  шоғырлану  мөлшері  түтіктену,  масақтану  фазасында  180-200  мг/кг,  ал  бұршақ 
тұқымдас өсімдіктердің будандасу кезінде 280-300 мг/га жетеді. 
Көк  азықтар  эстрогендік  активтігімен  де  көзге  түседі.  Фитоэстроген  өзінің 
химиялық  жəне  физиологиялық  қасиеті  жағынан  ұрғашы  жыныс  гормоны  –  эстронға 
жəне эстрадиолаға ұқсас. Бұршақ тұқымдастардың (беде, жоңышқа түрлері) құрамында 
протеин  көп  болғанымен,  олар  астық  тұқымдастарына  қарағанда  қантқа  кедей.  Ал  ірі 
қараның алдыңғы қарындарындағы микробиологиялық процестерге ең қолайлысы қант 
–  протеин  ара  қатынасының  1:1  екенін  ескерсек,  онда  сиырларды  ең  жақсысы  бұршақ 
жəне астық тұқымдастар қатар өсетін жайылым отымен азықтандырған тиімді. 
Ал  қысқы  уақытында  азықтандыруда,  бір  жылдық  мал  азықтық  тары  мен 
сиыржоңышқаның өңделген ұнымен алмастырылады.  
Аралас шөпті сепкенде себу нормасы мен компоненттердің ара қатынасын дұрыс 
анықтау қажет. 
Жақсы  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  шөп  ұнымен  бордақылаудағы  тана  - 
торпақтар  азықтандырылады.  Ірі  қара  мал  өсіру  фермасында  арнайы  орнатылған 
«Вольгар-5»  шөп  ұсақтатқыш  машинасы  бар.  Тəжірибе  фермасында  арнайы 
орнатылған «Вольгар-5» шөп ұсақтатқыш машинасымен ұсақтап, содан біржылдық мал 
азықтық  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  шөбін  ДКУ  типті  дəн  уатқышта  ұнтақталған 
ұнын  буландырып,  алдын-ала  өңдеуден  өткізілгеннен  кейін  басқа  да  азық 

 
 
308 
қоспаларымен  араластырылып,  даяр  болған  азық  қоспасы  құрамында  бір  жылдық  мал 
азықтық  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  шөбінің  өңделген  ұны  да  бар.  Азықтандыру 
мəзіріндегі  биологиялық  тұрғыдан  жоғары  сапалы  протеин,  дəрумендер  жəне 
минералды заттармен жан-жақты толықтырылуы шарт. 
Қыс  мерзімінде  бір  жылдық  мал  азықтық  тары  мен  сиыржоңышқа  аралас  пішен 
шөп  ұнын  басқа  құрама  жеммен  яғни  шырынды  азықтар  (қызылша,  сəбіз)  жəне  түрлі 
дəнді дақылдар кебегіне (сұлы, жүгері, арпа) - мен араластырып, даяр болған құнарлы 
азық  қоспасымен  азықтандырылу  нəтижесінде  етті  тұқымның  бордақылаудағы  еркек 
тана  –  торпақтарын  бұзау  кезінен  бастап,  қосымша  азықтандыруға  үйретіп,  тез  арада 
қарқынды түрде бордақылаған тиімді. 6-7 айлығында салмақтары 160-180 килограмнан 
кем  түспеуі  керек.  Қоңдылығын  көтеріп,  майлы  жас  ет  өндіру  қажет  болса 
бордақылауды  8-12  айлықтарында  245-250  кг  тартқанға  дейін  созады.  Биылғы  жылы 
көктемде, қыста туылған еркек бұзауларды бордақылау тиімді. Олар көктемде жетіліп, 
қолдан егілген бұршақ жəне астық тұқымдас тары мен сиыржоңышқа аралас шөптерге 
жайылып-ақ күзге арзан да мол жас мал сиыр етін өндіруге мүмкіндік  туғызады. Тана-
торпақтарды  бордақылағанда  осы  типтес  рациондарды  қолданып,  2,5  кг  пішенді 
соншама  сабанмен  араластырып,  сүрлем  енгізіп,  бордақылау  бағасын  төмендетуге 
болады. 
Қазақтың 
ақбас 
сиыр 
тұқымының 
бордақыланған 
тана-торпақтар 
бордақылаудан шығарған кездегі орташа тірілей массасы 410-425 кг  болған. Қазақтың 
ақбас  сиыр  тұқымының  бордақыланған  жас  тана  -  торпақтары  21-22  айлығында 
қарашада етке тапсырылып, «Тілеу» шаруашылық қожалығында бордақылау шығынын 
арзандатуға  мүмкіншілік  тудырып  жəне  бордақылауға  қойып,  тез  қоңдандыру  үшін, 
əсіресе ерте көктемде, қыста туылған еркек бұзаулар тиімді болып келеді жəне оларды 
жайылым  отына  жайылып-ақ  күзге  арзан  да  мол  əрі  жас  қара  мал  етін  өндіруге 
мүмкіндік тудыруы болып табылады. 
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Бақтыбаев  М.С.  Мал  азықтық  шөптерді  өңдеу  жəне  мал  шаруашылығы  үшін  жоғары  сапалы 
азық  //  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтау  жəне  өңдеу  технологиясы»  -  Оқу  құралы  -  
Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2010.-149 б. 
2.  Шекенов  Е.Ш.  Ірі  қара  мал  //  Мал  шаруашылығы  өнімдері  мен  шикізатын  өңдеу 
технологиясы: Оқу құралы – Астана. С.Сейфуллин атын. Қазақ мем. Агротехн. Ун. 2007 ж. – 
189 б. 
3.  Зыков  Ю.  Д.,  Копытин  И.  П.  Көк  азыққа  арналған  аралас  егістік  //  Мал  азығын  өндіру.  Оқу 
құралы. – Алматы «Білім», 1994ж – Б. 104 – 106.  
4.  Бегімбеков  Қ.Н.,  Төреханов  А.Ə.,  Байжұманов  Ə.Б.  Ірі қара  мал  шаруашылығын  қарқындату 
ерекшеліктері // Мал өсіру жəне селекция / Оқулық – Алматы, «Издательство «Бастау» ЖШС 
2006, - 592 бет.  
5.  Можаев Н. Н., Əрінов Қ. К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А. Н. Аралас шөптерді себу // Өсімдік 
шаруашылығы – Ақмола – 1993. – Б.157 – 158. 
6.  Бақтыбаев    М.С.  Ірі  қараны  азықтандыру  //  ДƏРІСТЕР  КУРСЫ    «Мал  шаруашылығының 
негіздері» Оқу - əдістемелік құралы. – Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2009. – 140 б. 
7.  Бақтыбаев  М.С.    Ауылшаруашылық  малдарды  қалыпты  азықтандырудың  негізі  //  Мал 
шаруашылығының  негіздері:  Оқу  -  əдістемелік  құралы.  –  Петропавл:  М.Қозыбаев  атындағы 
СҚМУ, 2012.-100 б.   
8.  Можаев Н.И., Əрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н. Бір жылдық бұршақ-астық тұқымдас аралас шөп // 
Өсімдік шаруашылығы (Оқулық) Ақмола. «Жаңа Арқа »,  1993 ж, - 360 бет.   
9.  Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж., Жұмағұлов И.И., Тайжанов Ш. Т., Кенжеғұлова 
С. О. Аралас шөптер себу // Мал азығын өндіру (агрономия жəне ботаника негіздері): Оқулық 
– Алматы. ЖШС РПБК «Дəуір», 2001. – 504 бет. 
10.  Омархожаев  Н..  Ірі  қараны  азықтандыру  //  Мал  шаруашылығы:  Оқулық.  –  Астана:  Фолиант, 
2007. – 424 б.   
 

 
 
309 
UDK 619;616.24.636.3  
 
THE PATHOLOGICAL AND HISTOLOGICAL CHANGE 
ORGON SHEEP WITH THE DISEASE CYSTICERCOSIS 
 
Toktarova G.K., Suleimenova A., Ismat E., Tylemetova S.E. 
(South Kazakhstan State University named M.Auezov) 
 
 
 
Cysticercosis causes larval stages, or vesicular special group of tapeworms tapeworms 
or  teniid  [1].  Cysticerci  or  finns,  occurring  in  sheep,  predstavlayut  larval  stage  armed 
tapeworm,  a  parasite  in  the  intestines  of  human  and  bovine  cysticerci  respectively 
nevoruzhennogo  tapeworm,  localizing  as  a  person  [2,3].  In  sheep  cysticercus  parasites  in 
striated muscle tissue, most often in chewing, lumbar, intercostal, neck and shoulder muscles, 
the muscle of the diaphragm [4,5]. 
Methods of research work and materials 
Pathological and histological research work is investigated in a meat processing plan in 
South Kazakhstan region. 
Histological research work  
Fixing (from Lat. Fixation - fixing) - liver treated with formalin fixative. Posting - the 
process  of  dehydration  (dehydration),  gizzard  and  impregnating  it  with  paraffin.  This  step 
provides a seal tissue, which, in turn, is necessary to obtain slices (if the fabric is too soft, then 
it will be at mikrotomirovanii «wrinkle», forming folds, tears, and other artifacts, rendering it 
unfit for the study). Immersion muscular stomach in alcohol. Fill - the process of creating a 
block, solid enough to be suitable for cutting (mikrotomirovaniya). We did fill with paraffin. 
The next stage of cutting, or mikrotomirovanie is a manufacturer of thin sections on a special 
device  -  a  microtome.  Slice  thickness  of  4-5  m.  Staining  of  sections  with  hematoxylin  and 
eosin. 
Research results 
In sheep, especially common liver damage associated with the introduction of the young 
stages  of  the  parasite.  Development  of  hexacanth  cysticerci  occur  in  the  connective  tissue 
between  the  muscle  fibers.  Growing  bubble  gradually  reflected  capsule,  built  mainly  as  for 
echinococcosis,  only  more  subtle.  In  perimysium  around  finn  appears  significant  infiltration 
of histiocytes, lymphoid  and plasma cells and eosinophils. Oncospheres penetrated  from the 
intestine  into  the  vascular  system,  and  then  entered  into  various  organs.  Under  the  capsule 
body and deep parenchyma visible dark red or brownish foci of irregular shape, mostly in the 
form of convoluted strands 2-4 mm in length. In sheep liver thus greatly increased somewhat 
softened. 
Microscopic examination shows that these lesions progress done by the embryos during 
their progress through the parenchyma of the organ. In these places, see the hemorrhage and 
the remnants of the destroyed parenchyma. Reactive phenomena from the tissue of sheep are 
mild. At one end of turns has many rounded bladder, consisting of a thin membrane and one 
to two layers of germinal cells. 
Analyses to the experiment results 
Ripe bubbles have the form of thin-walled circular translucent formations hanging on a 
stalk.  Through  filling  the  bubble,  colorless  liquid  shine  rather  large  whitish  head  scolex. 
Bubbles reach the volume of a small pea, chicken eggs. 

 
 
310 
 
 
Figure- 1 Cysticerci when the liver parenchyma 
 
 
 
Figure- 2 Scolex in the mesentery 
 
Conclusion 
In cases of severe infestation they hang in clusters with large serous membranes, filling 
a significant portion of the abdominal cavity. 
 
 
 
Literatures: 
1.  C.Palmieri,  E.  Sshiavi,  L.  Della  Salda  //Congenital  and  acgured  pathology  of  ovary  and  tubular 
genital organs in ewes: A review// Received 9 July 2010 
2.  Charles  G.  Gauci,  Manuela  R.  Verástegui,  Robert  H.  Gilman,  Marshall  W.  Lightowlers.//Taenia 
solium and Taenia ovis: Stage-speci W c expression of the vaccine antigen genes, TSOL18, TSOL16, 
and homologues, in oncospheres// 2006 Elsevier Inc. All rights reserved. 
3.  Sanju Sobnach a, Sally-Ann Khosa b, Sugeshnee Pather b, Sean Longhurst c, Delawir Kahn d, Peter 
J. Raubenheimer e,∗// First case report of pharyngeal cysticercosis//Available online 2 October 2008 
4.  Tanguy Marcotty a,b,∗,//Intersectoral collaboration between the medical and veterinary professions in 
low-resource societies:The role of research and training Institutions.// Belgium on 5 November 2010. 
5.  E. Ferrer, L. Benitez, M. Foster-Cuevas, D. Bryce,  L.W.  Wamae , J.A.  Onyango-Abuje, T. Garate, 
L.J.S. Harrison, R.M.E. Parkhouse //Taenia saginata derived synthetic peptides with potential for the 
diagnosis of bovine cysticercosis//Received 12 June 2002. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет