Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Негізгі əдебиетттер: [2-3], [6], [10-11], [23], [30-31]

Бақылау сұрақтары:

1. Технологиялық дегеніміз не?

2. Өндірісті техникалық ұйымдастырудың мəні

3. Өнімдер туралы ақпараттарды басқарудың мүмкіндігі

4. Бірыңғай конструкторлы-технологиялық кеңістікті құру мүмкіндігі

12  Дəріс Тақырыбы СТПП кəсіпорындарға енгізу

Кез  келген  кəсіпорын  үшін  негізгі  қор  өндірілетін  өнімнен  түсетін  пайда  болып

табылады. Бірақта, рыноктағы бəсекелестік жағдайында өнімнің жоспарланған сату көлемін,

кəсіпорын, тек  қана  қысқа  уақыт  ішінде, өзіндік  құны  арзан  əрі  сапалы  бұйымды  өндіріп,

жасап  шығарған  кезде  ғана  мүмкін  болады. Бұл  талаптар  рынокта табысқа  жету  ең  қажетті

болып  табылады. Осы  талаптың  кез  келген  біреуі  сақтамаған  жағдайда  өндірістік

кəспорынның  нəтижесі  белгілі  болады. Яғни, рынокта  ұтылу, немесе  мерзімі  ұзартылған

үлкен шығындарға бату.

Өндірістегі барлық өміршеңдік циклдарды кешенді автоматтандыру мен оңтайландыру

есебінен бұйымды өндірудің пайдалылығын мүмкіндігінше жоғарлатуға негізделген тəсілдері

бұл  техникалық, экономикалық жəне ұйымдастырушылық əдістемесі мен суреттемесі, яғни,

автоматтандырылған  жүйелерді  жасау  кешені  мен  өндірістік  бұйымды  өндірісте  жасауды

жолға  қою  болып  табылады.  Ең  бірінші  кезекте,  өндірістік  кəсіпорынның  пайдалылығы.

Бұған, өнімнің  өзіндік  құнын  азайту, рынокқа  шығару  мерзімін  қысқарту  мен  өте  жоғары

сапа (демек, бастапқы  техникалық  талаптарға  сəйкес  келу) арқылы  ғана  қолы  жеткізуге

болады.


Жобалау жəне өндіру

АЖЖ  бағдарламасының  модулі  өндірістік  жобалау  мен  жылдам  басқару  үрдістерін

ақпараттық  қолдауға  арналған. Осы  аймақтағы  жүйенің  қызметтік  мүмкіндіктері

кəсіпорынның 

өндірістік-дисперчерлік 

жəне 


жобалау 

бөлімдерінің 

қызметтерін

автоматтандыру  үшін, сонымен  қатар  қаржылық, бухгалтерлік  жəне  басқа  бағдарламалар

үшін  мəліметтерді  дайындау  құралы  ретінде, сондай-ақ  кəсіпорын  мен  қорды  басқарудың

жоғарғы  деңгейдегі  жүйесі  ретінде  пайдалануға  болады. Жүйенің  жобалық-өндірістік

модулінде  жұмыс  істеуге  арналған  ақпараттық  негіз  ретінде  бұйымның  бастапқы  сатыда

құрастырылған  онструкторлы-технологиялық  суреттемесі  болып  табылады. Технологиялық

суреттеме: құрамы мен құрылымы, конструкторлық сипаттізім, дайындау технологиясы мен

белгіленген мөлшерлер.

Өнімді  өндіруді  бақылау  мен  қарқынды  басқару, жобалау  сатыларында

пайдаланылатын  АЖЖ жүйелерінің негізгі мүмкіндіктері:



- бірыңғай  жүйе  негізінде  жобалауға  жəне  өндіріске  қажетті  конструкторлық  жəне

технологиялық мəліметтерді алу (құрам, қолдану, технология, құжаттар, т.б.);

- бұйым (тапсырыс) бойынша  жалпы  көрсеткіштерді  есептеу: материалға  тетіктік

жəне  жалпы  қажеттілік, тетіктік  жəне  жалпы  немесе  операциялық  еңбексыйымдылылық.

əртүрлі  көрсеткіштер  бойынша  мəліметтерді  топтау: тапсырысқа  қажетті  негізгі  жəне

қосымша материалға деген қорытынды қажеттілік, материалдың түріне бойынша, тұтынушы-

цехтар  бойынша, қорытынды  еңбексыйымдылық, цехтар  бойынша  еңбексыйымдылық,

жабдықтардың модульдері бойынша жəне т.б.

- бұйымға (тапсырысқа) арналған  кез  келген  жалпы  жəне  арнайыландырылған

тізімдерді  жəне  конструкторлы-технологиялық  құжаттарды  дайындау: материалдар,

еңбексыйымдылық, жүріс тізімдері, материалдардың сипаттізімдері жəне т.б.;

- тапсырыс портфелін жүргізу;

- дайындау циклограммасын есептеу;

- цехтар мен аймақтар үшін өндірістік бағдарламаны дайындау;

- жабдықтарды жоспарлы тиеуді есептеу, өндірістік қуатты қайта тағайындау, өндіріс

кестесін жүргізу;

- кəсіпорында  білдек  аймағы  туралы, яғни  білдектердің  модулін  жəне  олардың

инвентарлық  рет  санын, цехта  орналасу  орнын  көрсете  отырып  ақпараттарды  жинақтау,

жоспарлы-ескертулі жөндеулер кестесін жүргізу;

- өндірістік  бағдарламаны  орындауға  керекті  қорға  деген  цех  пен  аймақтардың

қажеттілігін  есептеу (негізгі  жəне  қосалқы  материалдар, құралдар  мен  айлабұйымдар,

жабдықтаушылар, жабдықтың модулі бойынша еңбексыйымдылық);

- өндірістік тапсырмалар мен басқа құжаттарды жасау;

- іс жүзіндегі дайындауды технологиялық операцияларға дейінгі дəлдікпен есепке алу,

түрлер мен ақауларды есепке алу;

- əртүрлі  деңгейдегі  есептеулер, тапсырыстың  дайындығын  бақылау, цехтардағы

жоспарды  орындалуын  бақылау; жоспардың  орындалуының  іс  жүзінде  динамикалық

бейнеленуі;

- тетіктер мен тораптардың технологиялық бірізділікпен жүруін бақылау;

- қоймадағы қалдықтарды есепке алу;

- əртүрлі бөлімдердің ұжымдық жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын иілімді

баптау.


Тапсырыс пен бөлімдердің  сипаттізіміне қатынау құқығын шектеу.

Жүйені кəсіпорынға енгізу

ӨТД  АЖЖ  жүйелері  кəсіпорынның  инженерлік  тапсырмаларын  автоматтандыруға

арналған  жүйелік  шешім  болып  табылады. ӨТД  АЖЖ-сін  кешенді  пайдалану  дегеніміз

кəсіпорын бөлімдері мен тапсырманың өзара байланысқан тұтас бір тізбегін көрсетеді. Оның

үстіне, жүйенің  мұндай  табысты  енгізілуі  іс  жүзіндегі  бизнес-үрдістерді  жекелей  қайта

ұйымдастыруға алып келеді. Осы себептен, ӨТД АЖЖ-сін кешен ретінде тиімді енгізу өзіне

тəн  қажетті  ыңғайды  керек  етеді. Өндіріске  енгізу  бағдарламаны  орнатумен  жəне

пайдаланушыларды  үйретумен  ғана  шектелмеуі  керек. Енгізу  жұмыстарымен  айналысатын

компаниялармен  жəне  кəсіпорындармен  тығыз  конструкторлық  байланыс  орнату  керек,

сонымен қатар бірге бірқатар іс-шаралар жиындарын өткізу керек.

ӨТД АЖЖ-сін енгізу командалары мен кəсіпорындарының өзара əсерлерін төрт негізгі

топқа бөлуге болады:

Жоба алдындағы дайындық

Тəжірибелік-өндірістік енгізу

Өндірістік пайдалануға қосу

Кезекті сүйемелдеу.

Əрбір  кезеңнің  белгіленген  мақсаты  болады  жəне  нақты  нəтижелерге  қол  жеткізуіді

көздейді. Кезеңнің тапсырмасы мен мақсаты əртүрлі жобалар үшін ортақ болады. Нақты  іс-

шаралар  əрбір  жобаның  ерекшелігіне, сондай-ақ  нақты  кəспорынның  техникалық  жəне


ұйымдастырушылық  дайындығының  деңгейіне  байланысты  жасалынады  жəне  жүргізіледі.

Алдағы кездерде əрбір кезең үшін мүмкін болатын мақсаттар, нəтижелер мен іс-шаралардың

мысалдары келтіріледі.

Жоба алдыңдағы дайындық

Көп жағдайларда бұл бірлескен кезең қажет, жүйені енгізудің құны мен жалпы мерзімі

сапа  мен  орындалған  жұмыстың  толықтығына  тікелей  байланысты. Осы  кезеңдегі  негізгі

жұмыстарды  ұйымдастырушылыққа  жатқызуға  болады. Басты  тапсырма – кəсіпорын

жағынан  да, орындаушы-кəсіпорын  жағынан  да  кешенді  енгізу  дайын  болу. Демек

автоматтандыру  кезеңдерін  бөлу: қандай  жұмысты  қанша  уақытта  орындау  мүмкіндігі,

нəтижені  алу  мерзімі; нақты  кəсіпорынның  сипаты  мен  ағымдағы  жағдайды  ескере  отырып

жүйені енгізу бойынша нақты шаралардың түсінікті тізбегін жасау керек; алдағы белгіленген

шараларды өткізу мүмкіндігін ұйымдастырушылық  жəне  техникалық түрде қамтамасыз ету

керек. Сонымен, осы кезеңде:

- мақсаты – жүйені  енгізудің  тəжірибелік-кəсіптік  мүмкіндігін  дайындау. Жүйені

енгізуге  қажетті  шығындар  мен  мерзімді  қысқарту.  АЖЖ  енгізу  тобы  мен  кəсіпорынның

өзара  əсерлесудің  тиімді  механизмдерін  жасау. Қажетті  ұйымдастырушылық-техникалық

шаралардың жиынын өткізу керек;

- нəтиже – жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге кəсіпорынның ұйымдастырулық

жəне  техникалық  дайындығы – табысты  енгізуге  арналған  негіз  болып  табылады. Жүйені

енгізуге байланысты екі жақпен  келісілген шаралар тізімі жобаның нақты қойылған мақсаты

мен тапсырмасы айқындайды;

- өткізілетін шаралар;

Жоба  бойынша  жұмыс  істейтін  құрама  топты  жəне  енгізуші  құрама  топты

қалыптастыру.

Ірі кəсіпорындарға енгізу кезінде екі топ құрастырған дұрыс:

- жоба  бойынша  жұмыс  істейтін  құрама  топ (автоматтандырылатын  объектілердің

негізгі бөлімдерінің жетекшілерінен тұратын жəне жобаның ұйымдастырушылық бөлігін іске

асыруды қамтамасыз етеді);

- енгізу тобы (АЖЖ мен кəсіпорынның АБЖ бөлімдерінің қызметкерлерінен тұратын

жəне  жоба  бойынша  жұмыстың  техникалық  бөлігін  қамтамасыз  ететін: мəліметтерді

конвертациялайтын, жұмыс орындары мен есептеулерді реттеу жəне т.б.);

Кəсіпорындағы өндірісті техникалық дайындау үрдістері мен құрылымын зерттеу.

Автоматтандыру кезеңдерінде бекітілген  ӨТД  автоматтандырылған беталысын жасау

жəне енгізу жəне оларды қолдану кезіндегі бірізділігі.

Енгізудің  мақсаты, жобаның  көлемі, кешенге  жəне  енгізу  мен  өндірістік  пайдалану

бойынша  өткізілетін  шараларға  қойылатын  қызметтік  талаптарды  ескере  отырып

автоматтандырылған жүйені енгізуге қажетті техникалық тапсырманы (ТТ) жасау.

Негізгі бөлімдер үшін жұмыс бастау үшін ақпараттық-техникалық негізді дайындау:

- аппаратты бөліктерді дайындау (компьютерлер, серверлер, ЛВС);

- іс  жүзіндегі  анықтамалар  мен  МҚ  конмертациялау  жəне  АЖЖ  жүйелерінде

қолдануды қамтамасыз ету;

- жүйедегі ақпараттарды біріншілікті жіктеу жəне құрылымдау;

- ӨТЖЖА сыртқы қосымшалармен жəне МҚ өзара əсересу регламентін дайындау;

- жүйедегі пайдаланушылардың жұмыс регламентін дайындау жəне енгізу;

- қажетті құжаттарды жəне т.б. дайындау;



Тəжірибелі-кəсіптік енгізу

Кешенді енгізу үрдісінің ішіндегі ең маңызды жəне еңбекті көп қажет ететін кезең осы

кезең  болып  табылады. Сəтті  өндірістік  енгізу  үшін  жүйені  орнату  мен  баптау  жеткіліксіз.

Сонымен қатар, бірыңғай ақпараттық жүйе шеңберінде бөлімдердің өзара əсерлесу үрдістерін

жəне  пайдаланушылардың  жұмыс  істеу  ережесін  дəл  суреттейтін  нақты  кəсіпорын

жағдайында  оны  пайдалану  регламентін  жасау. Осы  кезеңді  іске  асыру  жоба  алдындағы

дайындықтың жұмыс орнының аздығымен түсіндіріледі.


Тəжірибелі-кəсіптік  енгізу.  Кəсіпорынның  сипатына  жұмыстың  стандартты

регламентін  жəне  енгізу  тəсілі  жатады.  Сонымен  қатар, барлық  жұмыстар  өндірістік

мəліметтердің іс жүзіндегі шектелген көлемін пайдалану арқылы жүзеге асады.

Мақсат – кəсіпорынның  сипатына  байланысты  жүйені  баптау  жəне  бейімдеу. Жүйені

енгізу мен шынайы өндіріс жағдайында жұмыс істеудің тиімді тəсілдерін қайта өңдеу. Енгізу

мен техникалық қолдау  тобы кəсіпорынның білікті мамандарынан тұрады.

Нəтиже – тəжірибелі-кəсіптік  пайдалану  кезеңінде  жасалған  кəсіпорынның

сипаттізімінің  көлемінде  толығымен  қызмет  ететін  кешен  болып  табылады. Жүйені  толық

көлемде  енгізуге  кəсіпорынның  дайындығы: ақпараттық-техникалық  қорының, арнайы

дайындалған мамандардың, жүйені енгізу тəсілі мен пайдалану регламентінің бар болуы.



Өткізілетін іс-шаралар.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату жəне баптау.

Жүйемен  жұмыс  істейтін  негізгі  пайдаланушыларды  оқыту  жəне  пайдаланушыларға

арналған  нұсқамаларды  дайындау (нұсқама  жүйенің  техникалық  құжаттамасының  кешеніне

қосымша  болып  табылады  жəне  ӨТД  АЖЖ  жұмыс  істеу  кезіндегі  пайдаланушының

əрекетінің  кезегін суреттейді)

Жүйенің  басқаруды  кəсіпорынды  техникалық  қолдау  бөлімнің  мамандары  қатарынан

оқыту керек.

Жүйеге 

енгізу 


бойынша 

жұмыстарды 

орындау  техникалық 

тапсырмамен

қарастырылған.

Құжаттар мен есептердің қалыптарын баптау.

Жұмыс  регламенті  мен  пайдаланушыларға  арналған  нұсқамаларды  түзету

пайдаланудың іс жүзіндегі нəтижесіне сəйкес жүргізіледі.

Шынайы өндірістік мəліметтерде жүйені тестіден өткізу.

Сынау тəсілдерін жасау мен енгізу.

Жүйені сынауды жүргізу.

Өндірістік пайдалануға қосу

Осы сатыда кəсіпорын кешенді енгізуден өте үлкен пайда алуы мүмкін. Сонымен қатар,

егерде  алдыңғы  сатыларда  қарастырылған  жұмыстар  толығымен  орындалса, онда  іске

асырудың  күрделілігі  өте  жоғары. Жүйені  өндіріске  сəтті  енгізу  үшін  қажетті  жағдай

жасалынуы  керек: кешенді  енгізу  мен  тəсілі  мен  пайдалану  регламенті  орындау, қажетті

мəліметтер  мен  анықтамаларды  дайындау  жəне  оларды  жүргізу, жүйе  құжаттарының

өндірілуші  құралдарының  қалыптары  дайындалуы  керек. Жұмысқа  сырттан  нұсқаушылар

мен  жаңа  қызметкерлерді  шақыруды  қажет  етпейтін, дайындығы  бар  мамандар  мен

тəжірибелі пайдаланушылардың болуы аса қажет. Құрылымы күрделі ірі кəсіпорындар үшін

жұмысты жаңа технологияға көшіруді бірнеше сатыларға бөлу арқылы жүргізу керек.

- мақсаты – жүйенің  мүмкіндігін  кең  көлемде  пайдалану. Автоматтандырудың  негізгі

қызметін-объектілерін бірыңғай ақпараттық жүйе кеңістігіндегі жұмысқа қосу.

-      нəтиже  -  ӨТД  мерзімін  қысқарту,  ӨТД  кезінде  туындайтын  қатенің  санын  азайту,

жобалау жəне диспетчерлеу,  техникалық, жобалық жəне өндірістік бөлімдердің жұмысының

сапасы мен тиімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын азайту.

Өткізілетін іс-шаралар

Автоматтандырылған  жобаны  пайдалануды  қажет  ететін  бөлімдерді  кезеңдерде  бөлу

арқылы, ретпен өткізу регламентін дайындау.

АЖЖ  жүйенің  техникалық  қолдау  бөлімі  мен  кəсіпорынның  өзінің  мамандарынан

тұратын АЖЖ жүйесін «енгізу тобы»  арасындағы өзара əсерлесу регламентін жасау.

Бөлімдердегі жүйедегі жұмыс орындарын орнату мен баптау.

Пайдаланушыларды оқыту

Бекітілген регламентке сəйкес бөлімдерге жүйелерді сатылап енгізу.

Кезекті сүйемелдеу

Жүйені сүйемелдеу кешеннің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған бірқатар шаралардан

тұрады:


-

бір жыл бойы бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін жаңарту;

-

жүйені енгізу келісімінде қарастырылған көлемде қосымша қызметтер көрсету;



-

МҚ жүйесінін тегін жаңарту жəне толықтыру, жаңа есептеу үлгілерін тегін көрсету;

-

жаңа  үлгіге  көшу  кезінде  негізгі  пайдаланушылар  мен  əкімшілік  үшін  қосымша



сабақтар жүргізу;

Сапаны басқару

Өндірісті  басқарудың  жүйелері  мен  қоймалық  есеп  МҚ-ы  санағы  өндірістің  əртүрлі,

келуші  материалдардың  сипаттамасын, жабдықтаушылар  мен  тетіктердің  көрсеткіштерін

жинақтауға  мүмкіндік  береді. Болашақта  бұл  мəліметтерді ISO9000 стандартына  сəйкес

есептеулер  мен  статикалық  процедураларды  пайдаланумен  сараптауға  болады. Сапаны

басқару тапсырмасын шешу үшін АЖЖ-ға негіз ретінде келесі мүмкіндіктер алынады:

- қоймаға  түсуші  материалдардың, бұйымдардың, жабдықтаушылардың  шамаларын

тіркеу;


- ақау  пайда  болған  жағдайда  кінəліні, ақаудың  түрін, себебін  жəне  ақаудың  пайда

болған орнын көрсете отырып, тіркеу;

- технологиялық операцияны орындаудың шынайы шамаларын тіркеу;

- диаграмма мен кестелерді құрастыру;

Жекелей алғанда, өндірісте ақаудың пайда болуына əртүрлі себептердің əсерін сараптау

барысында, альтернативті  мəліметтерге  арналған P-карта  Шухарта  бақылау  немесе  Парето

диаграммасын  пайдалануға  болады.  Технологиялық  үрдісті  статикалық  бақылау  жағдайда

бағалау үшін бақылау картасы пайдаланылады.



Негізгі əдебиеттер: [2-3], [6], [10-11], [23], [30-31]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірісті техникалық дайындау

2. АЖЖ өндірістік жəне жедел басқару

3. Жоба алдындағы дайындық жəне тəжірибелі-кəсіптік енгізу дегеніміз не?

4Бірыңғай ақпараттқы ортада бөлімдердің өзара əсерлесу үрдісі

13 Дəріс Тақырыбы: DNC жəне CNC технологиясы мен жабдықтары

СБББ жабдықтары мен технологиясы

СББ  білдектері  дегеніміз  бұл  күрделі  тетіктерді  адамның  қатысуынсыз  жасауға

мүмкіндік  беретін  жоғары-əмбебап  жабдықтар. Бұл  үшін  тетіктің  сызбасы  үш  өлшемді

кеңістікте, компьютерлік  АЖЖ  бағдарламасын  пайдалану  арқылы  орындалады. СБББ

басқарушы тіреуіші бұйымның сызбасын технологиялық операциялар тізбегіне түрлендіреді.

Ұсынылған  СБББ өңдеу технологиясы тетікті берілген сапаны жəне дайындалған тетіктердің

бірдей  болуын  қамтамасыз  етеді. Сонымен  қатар, қолмен  басқару  арқылы  өңдеу  кезінде

кететікн қателіктерге (жұмысшының шаршауы, қоршаған ортаға байланысты алаңдау, көңіл-

күй, қимыл-қозғалыстың  уақытша  бұзылуы  жəне  т.б.) жол  бермейді. Сондай-ақ  бір  беттен

екіншісіне  өту  кезінде  өлшемдердің  дəл  болуына  тікелей  байланысты  жұмыстың  қатесіз

жүруін  қамтамасыз  етеді. СББ  білдектермен  жұмыс  істеу  ұсақ  сериялы  өндірісте 1-3

бұйымннан жоғары, мыңдаған жəне неғұрлым күрделі тетіктерді – көп сипаттізімді бұйымдар

өндірісі  кезінде  теңдесі  жоқ  құрал  болып  табылады. Əсіресе, СББ  білдектерді  əртүрлі

өлшемді қисық сызықты бет қабаттары бар жұқа қабырғалы жəне көлемді, күрделі тетіктерді

өңдеу кезінде пайдалану өте тиімді.

Бағдарламалық басқару жүйесі туралы жалпы мəліметтер

Жону  білдектерінде  жұмыстың  сапасын  мен  өнімділігін  арттыру  өңдеу  циклын

автоматтандыру мен механикаландыруға байланысты. Өңдеу циклы деп əрбір дайындаманы

өңдеу  кезінде  қайталанатын  жұмыс  мəрімдерінің  орын  ауыстыру  жиынтығын  айтады.

Білдектің  жұмыс  циклы  кезінде  орын  ауыстыру  кешені  белгілі  бірізділікпен, демек

бағдарлама  бойынша  іске  асырылады. Басқарушы  бағдарлама – нақты  дайындаманы  өңдеу

бойынша  берілген  білдектің  қызмет  етуінің  алгоритміне  сəйкес  бұйрықтардың  жиынтығы.

Алгоритм дегеніміз орындалу процедурасын бір таңбамен суреттеумен мақсатқа жету тəсілін



айтады. Білдектердің  орындаушы  мəрімінің  жұмыс  бағдарламасы  бағдарлама  тасушының

көмегімен  беріледі. Бағдарлама  тасығыш – басқарушы  бағдарлама  жазылған, мəліметтерді

тасу  құралы. Бағдарламатасығыш  ретінде  магнитті  таспа, магнитті  диск  пайдаланылады.

Технологиялық ақпарат əртүрлі аспаптардың жұмысының бірізділігі, кесу режимінің өзгерісі

туралы  жəне  майлаушы-суытушы  сұйықтарды  қосатын  жəне  т.б. мəліметтерден  тұрады.

Бағдарламатасығышта  геометриялық  жəне  технологиялық  ақпараттар  көрсетіледі.

Геометриялық  мəіметтер  тетік  пен аспап  элементтерінің  өлшемі пен пішінін жəне олырдың

кеңістікте өзара орналасуын сипаттайды.

Білдекті  қолмен  басқару  кезінде  жұмысшы  өңдеу  бағдарламасы  тетіктің  сызбасын

оқып-үйренгеннен  кейін  береді. Ол  əртүрлі  беттерді  өңдеу  кезіндегі  жұмыс  жүрістерінің

санын, ауысымдарға  қажетті  аспаптарды, кесу  түзімін  жəне  т.б. анықтайды. Білдектерді

бағдарламалық  басқару  кезінде  өңдеудің  тұрақтылығы  мен  жоғарғы  дəлдігін  қамтамасыз

ететін, білдекті  қайта  баптау  уақытын  айтарлықтай  қысқартатын  жүйелер  кеңінен

қолданылады. Бағдарламалық  басқаруда  сандық  бағдарламалық  басқару  жүйесі (СББЖ)

кеңінен  тараған.  Бұл  СББЖ  жұмысы  өңдеу  үрдісінде  білдектің  орындаушы  мəрімінің  орын

ауыстыру  бағдарламасының  тапсырмасына  арналған  сандарды  пайдалануға  негізделген.

СББЖ  орындалатын  қызметтерді  негізгі  жəне  қосымша  деп  екіге  бөлуге  болады. СББЖ

негізгі  қызметі  берілген  бағдарламаға  сəйкес  білдектің  беріліс  жетегін  басқару  болып

табылады. Қосымша қызмет шпиндельдің айналу жиілігінің өзгерісін, аспаптардың түрлерін

жəне т.б. қарастырады.

СББЖ адамның қатысуынсыз, ауысымсыз, механикалық элементтерді баптаусыз жəне

қайта  орнатусыз, автоматты  түрде  жылдам  қайта  қалыпқа  келтіреді. Білдекке  енгізілген

мəліметтерді өзгерту жеткілікті, ол басқа бағдарламамен жұмыс істей бастайды, демек, басқа

дайындаманы (тетікті) өңдей  бастайды. Бұл  СББЖ  білдектерінің  жоғары  əмбебаптығын

көрсетеді. СББ білдектерін пайдалануы бір тетікті дайындаудан  екіншісіне жедел өту қажет

ету  жағдайында  өте  тиімді, яғни  əдеттегі  білдекте  өңдеу  кезінде  арнайы  айлабұйымды

пайдалануды  қажет  етеді. СББ  білдектерінде  өлшемдердің  дəлдігі  мен  өңделуші  тетіктің

пішіні, сондай-ақ  бет  қабаттың  қажетті  кедір-бұдырлығы, білдектің  қаттылығы  мен

дəлдігінің, тұрақтылығы  мен  түзетуді  енгізумен, сондай-ақ  СБББ  сапасымен  қамтамасыз

етіледі. СББ білдектерінде автоматты өңдеу дайындалушы тетіктің сапасының тұрақтылығы

мен  дəлдігін  қамтамасыз  етеді. Сондай-ақ  өңделуші  бір  беттен  екіншісіне  ауысу  кезінде

өлшемдердің дəлдігін қамтамасыз ететін қателікті жоққа шығарады.



СБББ топтау

СББ  жүйелері  тұйықталған, ашық  жəне  өзі  бапталуға  бейімделген  болуы  мүмкін:

басқару əрекетіне байланысты – позициялық, тік сызықты, үздіксіз (контурлы). Ашық СБББ

ақпараттық  бір  ағымын  пайдаланады. Тұйықталған  СБББ  ақпараттық  екі  ағымын

пайдаланады, демек  кері  байланыс  бар. Өзі  бапталған  жүйелерде  есептеуші  құрылғыдан

түсуші  ақпараттарға  жадыдағы  бастапқы  дайындаманың  өңдеу  нəтижелері  туралы

мəліметтерді ескере отырып өзгерістер енгізеді. Бұл өңдеудің дəлдігін арттыруға көмектеседі.

Өйткені, жұмыс  жағдайындағы  өзгерістер  жадыда  сақталып  қалады  жəне  білдектің  өзін

баптау  жадысының  құрылғысында  байытылады. Содан  соң  басқарушы  белгі  түрленеді.

Бейімді  басқару  жүйесі, əдеттегі, CБББ  ерекшелігі: аспап  пен  білдекті  жақсы  пайдалану

мақсатында  өзгеруші  өңдеу  жағдайына  қарай (анықталған  шамалары  бойынша)

дайындаманың  өңдеу  үрдісінің  автоматты  бейімделгіштігімен  ерекшеленеді. Əдеттегі  СБББ

білдектері (бейімді басқару жүйесі бар білдектерден өзгеше) кездейсоқ шарттарды ескерусіз

өңдейді. Мысалы, шақтама, өңделуші материалдың қаттылығы мен кесуші аспаптың жиегінің

күйі, т.б.. Қойылған  тапсырма  мен  əдістерге  байланысты, осы  күрделілікті  шешу  үшін

бейімді  басқару жүйесі бір  немесе бірнеше  шамалардың мəнін  қолдауды  қамтамасыз  ететін

қандай-да бір шаманы немесе жүйені реттеу жүйесі бөледі.

Позициялық  СБББ  берілген  жағдайда  орындаушы  механизмдерді  дəл  орнатуды

қамтамыз етеді. Белгіленген бірізділіктегі орындаушы мəрім өңдеу үрдісінде Х жəне Ү осінде

берілген  координаттар  бойынша  жүреді. Бұл  жағдайда, алдымен  берілген  координаттағы



нүктеде  орындаушы  мəрімді  орнатады,  содан  соң  өңдейді.  Позициялық  СБББ  əртүрлілігі

нүктелер  ғана емес, жеке  кесінділер, сонымен қатар  өтпелі жəне  көлденең  берілістер  уақыт

бойыгша  бөлінген  тікбұрышты  СБББ  болып  табылады. Тік  бұрышты  СБББ  өтпелі  жəне

көлденең  берілісті  қосылуын  қамтамасыз  етеді. Сонымен  қатар  бет  қабатты  сатылы  өңдеу

жүреді. Мұндай  СБББ  жонғыш, револьверлі, айналмалы  үстелді  жəне  т.б. білдектерде

пайдаланылады. Тік  бұрышты  қараммен  сатылы  біліктерді  жəне  басқа  тетіктерді  өңдеу

жұмыс  мəрімдерінің  орын  ауыстыруының  параллель  бағытта  жүргізіледі. Қарамды  СБББ

өңдеудің  қажетті  қарамын  алуға  қажетті  орын  ауыстыру  жылдамдығы  мен  оның  жүрісінің

берілген  өзгеріс  заңына  сəйкес  жұмыс  мəрімдерін  үздіксіз  басқаруды  қамтамасыз  етеді.

Қарамды өңдеу кезінде аспап дайындамаға  салыстырмалы түрде  қисық сызықты  қозғалады.

Нəтижесінде  екі (жазық  қисық  сызықты  қозғалыс) немесе  үш (кеңістікті  қисықсызықты

қозғалыс) қозғалысты  қосылуы  болады. Мұндай  СБББ  үлгілі  бетті  тетіктерді  дайындау

кезінде  жону  жəне  кесу  аспаптарында  пайдаланылады. Сызба  құжаттамасы  негізіндегі

конструктор  мен  технолог  арасындағы  дəстүрлі  мəлімет  алмасу  тəсілі  геометриялық  үлгіні

жасау мен өзгертулер енгізудің  бірнеше рет ауысатынын көрсетеді. Бұл өндірісті дайындау

тізбегін  ұзартып  жəне  қателерді  жою  санын  қысқартып  қана  қоймай, сонымен  қатар

қателесудің ең басты көзі болып табылуы мүмкін. АЖЖ жүйесінің бірыңғай конструкторлы-

технологиялық  кеңістігі  технологтар, контрукторлар, программистер  үшін  СББ  тек  қана

конструкторлық  құжаттарға  ғана  емес, сонымен  қатар  бұйымның  үлгісіне  де  жол  ашады.

Жұмыс  үрдісі  кезінде  олар  барлық  геометриялық  жəне  заттық  ақпараттарды, оның  жеке

бөліктерін жəне нұсқамаларды пайдалана алады.

 

СББ  білдектерімен  бағдарламау  көлемінде ADEM жүйесінің  беретін  мүмкіндіктерін



қарастырайық.  ADEM  CAM  модулі  конструкторлық  ADEM  CAD  модулімен  бірге  бір

графикалық  кеңістікте  жұмыс  істейді.  Осы  модулмен  жұмыс  істеу  кезінде  қолданылатын

терминология  технологиялық  стандарт  шегінен  шықпайды. Мысалы, «өңдеу  бірізділігі» -

өңдеу  жұмыстырының  жүру  ретін  суреттейтін  тізбек. Технологиялық  объект  белгілі

технологиялық  ауысымы немесе технологиялық  командасы  бар конструкторлық элементтен

тұрады. Конструкторлық  элемент – бір  технологиялық  ауысымды  өңделетін  тетіктің

элементі. Тетіктің  геометриясын  көрсететін  конструкторлық  элементтің 13 түрі  ұсынылған.

Мысалы, ойық, бұранда  жəне  т.б. Технологиялық  ауысым – бір  конструкторлық  элементті

өңдеу  стратегиясын  анықтайтын  технилогиялық  шамалардың  жиынтығы.  ADEM CAM

модулінде  машина  жасау  өндірісіне  тəн  барлық 14 технологиялық  үрдіс  қамтылған.

Технологиялық  команда - өңдеумен  тікелей  байланыссыз  технологиялық  объект. Қосалқы

технологиялық  командалардан  өзгеше, сіз  кейбір  жалпы  командаларды  анықтауға  болады:

айналымның басы, бос жүрістің жазықтығы жəне .т.б.

       


Жонудан  бастайық.   ADEM   CAM   модулінде  жонумен  өңдеудің   

келесі


автоматтандырылған түрлері ұсынылады:

 

2.5 координатты – үш  координат бойынша орын  ауыстыру, бірақта  бірмезгілде орын



ауыстыру – екі координаттан аспайды;

 

3  координатты  -    шпиндель  осінің  тұрақты  бағытымен  үш  координат  бойынша



бірмезгілде орын ауыстыру;

 

4 координатты -  шпиндельдің  немесе  үстелдің  бір  осінің  айналу  мүмкіндігімен  үш



координат бойынша бірмезгілде орын ауыстыру;

 

5  координатты -  шпиндельдің немесе үстелдің екі осі арқылы айналу мүмкіндігімен



үш координат бойынша бірмезгілде орын ауыстыру;

 

2.5-жону, 2-4 электроэрозиялық  өңдеу  орындау  үшін  тек  қана  жазық  геометрияны



пайдалану  жеткілікті. Сонымен, жазық  жəне  көлемдік  үлгі  негізінде  СББ  білдектері  үшін

басқарушы  бағдарламаны  алуға  болады. Конструкторлық  модульден  технологиялық

шығынға өту кезінде геометрия толықтай жойылады. Мəліметтерді конвертирлеуге ешқандай

қажеттілік  жоқ. Əрқашанда  топологиялық  қиындықтар  туындаған  жағдайда  қажетті

геометрияны  қайта  жасауға  болады. Ең  бастысы, модулдің  өзгерісі  кезінде  шамалар  мен

технологиялық  ауысымдарды  қайтадан  беру  қажет  емес. Геометрия  мен  технология  өзара



байланысты, егерде  тұтынушы  қажет  етсе, жаңа  үлгіге  сəйкес CLDATA мен  УП  өзгертеді

жəне  керегінше  есептейді. Басқа  сөзбен  айтқанда, бір  рет  жүрген  жолды  қайталауға

болмайды. СББ  бағдарламасына  өзгекрістер  енгізудің  барлық  қиындығын ADEM бірыңғай

конструкторлық-технологиялық  кеңістік  жүйесі  өзінен  алады. Интеграцияланған CAD/CAM

жүйесінің  қасиеттері СББ арналған мəліметтерді автоматты түрде жаңартады жəне олардың

өндірісті дайындауға кететін шығындары мен уақытын азайтуда айтарлықтай роль атқарады.

Басқа  жүйелер  үшін  құрылған  модельдермен  не  істеу  керек?  ADEM жүйесі  сызбалар  мен

үлгілерді  сыртқа  шығаруға  жəне  сырттан  қабылдауға  мүмкіндік  беретінін  баса  көрсетейік.

Жазық  геометриямен  жұмыс  істеу  үшін  жүйе DXF жəне DWG форматтарын  ұсынады.

Көлемдік  модельдерді  сырттан  қабылдау  үшін  бірнеше  мəліметтер  алмасу  форматы

қолданылады. Осыған байланысты, жүйенің басты геометриялық ядросы ретінде стандартты

математикалық ACIS ядросы  қолданылады, неғұрлым  толық  мəліметтер  алмасуы SAT

форматы  арқылы  өтеді. IGES жəне STEP мəліметтер  алмасу  форматының  тиімділігі  төмен

емес. Ең  бастысы, сырттан  əкелінген  мəліметтер  жүйеде  жаңа  геометриялық  жəне

технологиялық қасиеттерді иелене отырып, «екінші өмірге» келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет