Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Өндірісті дайындау тапсырмасы мен технологиялық үрдістің жалпы тəртібі



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Өндірісті дайындау тапсырмасы мен технологиялық үрдістің жалпы тəртібі

Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі неге керек? Қазіргі

уақытта кəсіпорынның бəсекелестігін қамтамасыз етудің ең басты бағыты өндірілетін бұйым

өндірісін технологиялық дайындаудың (ӨТД) тиімділігін арттыруды көтеру болып табылады.

ӨТД мақсаты бұйымды тапсырыс берушінің немесе берілген топтағы рыноктың талаптарына

сəйкес  бұйымды  дайындаудың  технологиялық  дайындығын  қор  мен  берілген  мерзім

бойынша тиімді дайындау болып табылады.

ӨТЖ  тиімділігін  арттырудың  қажеттілігі  өндірістің  барлық  типтерінде  өндірілетін

өнімнің атаутізімін көбейтумен жəне оны жаңартуды жоғарғы жылдамдығымен түсіндіріледі.

Ең бірінші кезекте бұл даналық жəне шағын сериялы өндіріс үшін қолданылады.

Бұйымның ӨТЖ келесі шаралар жатады:

·

Бұйым конструкциясының технологиялығын қамтамасыздандыру



·

Бұйымның ӨТЖ үрдісіе қамтамасыздандыру жəне басқару;

·

Бұйымның дайындалуының бірізділігін жасау;



·

Технологиялық үрдістерді жобалау;

·

Аспаптар мен жабдықтарды жобалау;



·

СББ-бағдарламарын жасау;

·

Бұйымды дайындауды қалыптастыру;



·

Технологиялық құжаттаманы шығару;

·

Өндірістік қуатты есептеу;



ӨТЖ  тиімділігін  арттырудың  қажеттілігі  конструкторлық  құжаттаманы  жасаумен

байланысты  еңбексыйымдылығын  айтарлықтай  арттыратын (екі  еседен  бес  есеге  дейін)

көптеген  жағдайларда  технологиялық  құжаттаманы  жобалаумен  түсіндіріледі. ӨТЖ  бірден

сезілетін тиімділігі іс жүзіндегі деңгейімен салыстырғанда келесі шарттарды орындау кезінде

ғана мүмкін болады:

·

Кəсіпорынның  конструктролық  жəне  технологиялық  қызметінің  мамандары  үшін



бірыңғай ақпараттық кеңістіктік бар болғанда;

·

ӨТЖ  жоспарларының  негізділігін  жəне  өңдеу  жылдамдығын  көтереді,  оларды



орындаудағы үздіксіз бақылау;

·

Қазіргі  заманғы  теникаларды  қолданумен, жасанды  интеллект  ойлары  мен



математикалық  тəсілдерді  қолдану  негізіндегі  технологиялық  құжаттамаларды  өңдеудің

барлық  кезеңдерінде  кəсіпорынның  технологиялық  қызметінің  қызметкерлеріне  мағыналық

көмектесу;

Жоғарыда  аталған  барлық  шарттар  өндірісті  технологиялық  дайындаудың

автоматтандырылған  жүйесінде (ӨТДАЖ) іске  асады. ӨТДАЖ  аппаратты-бағдарламалық

жүйені  көрсетеді, бірақта  оның  аппараттық  жəне  бағдарламалық  бөлігі  теңқұнды  болып

табылады. Кез  келген  кəсіпорынның  ӨТДАЖ  ядросы  осы  жүйенің  бағдарламалық

қамтамасыздандыруы  болып  табылады. Ең  бірінші  кезекте, осы  шарттың  орындалуын

қамтамасыз  етеді. Белгіленген  жағдайды  машинажасау  технологиясының  аймағындағы

ғалымдар  мен  тəжірибелі  мамандардың  білімін  бағдарламалық  қамтамасыз  етуімен

түсіндіруге болады.

Сериялық  машинажасау  кəсіпорындарының  мəліметтері  бойынша  ӨТЖ  жүйелерінің

неғұрлым еңбексыйымды əрекеттері [2-3]:

  

- өндірісті  дайындау  бойынша  жұмыстарының  жалпы  көлемінің 17 % құрайтын



технологиялық үрдістерді жобалау;

  -  технологиялық жабдықтау құралдарын жобалау  — 10 %;

  - технологиялық мөлшерлеулерді жасау — 14 %;

  - технологиялық жарықтандыру құралдарымен қамтамасыздандыру — до 35 %.

  Шын  мəнінде, тетіктерді  дайындау  мен  бұйымдарды  жинақтау  үрдістерінен  кейін

технологиялық  мөлшерлеуді  жəне  қажетті  материалдардың  тізімін  жасауға, технологиялық

айлабұйымдарды  дайындау  мен  жобалауға, бұйымның  тəжірибеден  өткен  лектерін  жасауға


болады. Еңбексыйымдылығы  бойынша  бұл  əрекеттер  өндірісті  дайындау  жұмыстарының

жалпы көлемінің 75 % құрайды.

Қажетті техникалық  дайындықсыз бұйымдардың өндірісі меңгеру мерзімін (жоспарлы

пайдалануға  шығу) 2-5,5 есе  созады. Мұндай  жағдайда, пайдалылық  кезеңі  қысқарады,

өйткені  өнім  моральды  түрде  ескіре  бастайды, сонымен  қатар  бағасы  да  түсе  бастайды.

Өндірістік  кəсіпорындағы  техникалық  дайындаудың  басты  тапсырмасы: өнімнің  неғұрлым

жетілген  түрлері  мен  технологиялық  үрдістерді  дамытуға  бағытталған  прогрессивті

техникалық саясатты  қалыптастыру.  Технологиялық  үрдістерді жиынының мəні əрекет  ету

тұрғысынан  қарағанда  өте  жоғары. Дайындалған  технологиялық  үрдістер  тетіктерді

дайындау  мен  жинау  кезіндегі  дəлдікті, өндірісті  ұйымдастырудың  пішімін, сондай-ақ

үрдістердің  еңбексыйымдылығын  анықтайды. Дайындама  мен  өңдеу  əдіптерінің  түрлері

механикалық  өңдеу  кезіндегі  материалды  пайдалану  коэффициентін  сипаттайды.

Технологиялық  үрдістер  мен  бірыңғайланған  операцияларды  жасау  айтарлықтай  дəрежеде

ӨТЖ  тапсырмасы  бойынша  қойылатын  іс  жүзіндегі  барлық  сұрақтарды  анықтайды.

Аспаптық  цех  пен  бас  технологтың  конструкторлық  бөліміндегі  жұмыстың  көлемі

қолданылатын  технологиялық  жабдықтар  мен  арнайы  аспаптардың  түрлеріне, қабылданған

жабдықталу дəрежесіне байланысты болады. Технологиялық үрдістегі барлық элементтердің

негізделген  мөлшері  бұйымның  өзіндік  құнын  анықтайды.  Сонымен, технологиялық

үрдістерді жобалау жинағы барлық жүйенің негізгі буыны, яғни орталығы болып табылады.

Өндірісті  дайындауды  автоматтандыру, өз  кезегінде  механикалық  өңдеу  мен  жинау

үрдістерін автоматты жобалау сұрақтарының шешілу дəрежесіне байланысты болады.

Автоматтандырылған өндірісті жобалаудың тапсырмасы:

·

өндірісті  конструкторлық  дайындау  мен  бұйымды  жобалау  сатысында:



құрастырылатын  бірліктердің  электронды  үлгісін  сараптау  негізінде  бұйымның

технологиялығын  жасау; директивті  технологиялық  үрдістерді  дайындау; конструкторлы-

технологиялық  бөлшектеу  сұлбасын, жинау  сұлбалары  мен  кестелерін  қалыптау;

технологиялық жабдықтау құралдарын сипаттау мен құрамын анықтау;

·

  

өндірісті  технологиялық  дайындау  сатысында:  технологиялық  жинақтар  мен



технологиялық  паспорттарды  қалыптастыру; жұмыстың  бағыттық-операциялық  жинақтау

карталары  мен  технологиялық  үрдістерді  мөлшерлеу  мен  жобалау; құрастырудың

технологиялық  үрдістерін  орындау  үшін  қажет  етілетін  материалдарды  мөлшерлеу;

құрастыру  жұмыстарын  құжаттауды  қалыптастыру, стапельды  айлабұйым  сызбалары  мен

электрондық  үлгілерді  қалыптастыру  процедураларын  автоматтандыру; дайындау  мен

жинақтаудың технологиялық үрдістерін жобалау.

·

өндіріс  сатысында: конструктролық  өзгерістер  енгізілген  жағдайда  технологиялық



құжаттаманы  түзету  жəне  енгізілген  өзгерістерді  тексеру; тəуліктік-ауысымды  тапсырмалар

бойынша  құрастыру  барысын  есептеу  жəне  тетіктерді, құрастыру  бірліктерін,

материалдарды, ГИЗдарды жианақтау.

ӨТД бірыңғайлы ақпараттық кеңістігі

Бүгінгі таңдағы, өндірісте ең бəсекелес артықшылыққа ие болудың ең тиімді жолы – ол

өндірісті  дайындауды  автоматтандыру  жүйесін  кешенді  енгізу. Бұл  жүйелер  өндірістің

тиімділігін төменде келтірілген себептерге байланысты арттырады:

- қазіргі заманғы оперативті жобалау;

- өндірісті техникалық дамыту барысында алынған нақты мəліметтерге сүйену;

- осы  алынған  мəліметтерді  өндірістің  қаржылық  жəне  еңбек  қорларын, өндірістік

айналымдарын, өндірістік қуат деңгейінде тиеу, материалдық қор мен цехаралық қоймадағы

қорлардың тиімді қозғалысын ұйымдастыруда;

 Осы  қатаң  шарттардың орындалуы  кəсіпорынды  толықтай  кешенді  автоматандыруды

жүзеге асырған  кезде  ғана мүмкін  болады. Бұл кешенді автоматтандыру бөлімдерді есептеу

техникаларымен  жəне  бағдарламалармен  қамтамасыз  етіп, экономикалық  тиімді  əсер  күту

емес. Өндірісті  кешенді  автоматтандыру  дегеніміз, бұл  кəсіпорынның  шынайы  жағдайын

анықтауға  арналған  бірқатар  шаралар  жиыны. Бұл  ӨТД  үрдісіне  қатысатын  барлық



техникалық  жəне  ақпараттық  бөлімдердің  ұйымы.  Бұл  ұйымдарда  жобаланушы (немесе

бұрын өндірілген) өнім туралы барлық ақпараттар жинақталған.

Бұл үрдіс бұйымның өміршеңдік циклында айтарлықтай мəні бар.

Негізгі əдебиеттер: [2-3], [6], [10-11], [23], [30-31]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірісті технологиялық дайындау

2. Технологиялық үрдістерді дайындау

3. Баспақ-қалыптарды, қалыптарды, электродтарды дайындау

4. ӨТД бірыңғай ақпараттық кеңістігі

5. Технологиялық үрдістердің типтендіруі не үшін қажет?



11 Дəріс  Тақырыбы өндірісті технологиялық дайындау жүйесінің мүмкіндігі

Жүйенің қызметтік мүмкіндіктері

Технологиялық  АЖЖ  кешенді  автоматтандырылған  жүйе  болып  табылады  жəне

барлық ТӨД негізгі үрдістерін ақпараттық қамтамасыздандыру: конструкторлық сипаттізімді

жасаудан  бастап  цехта  бұйымдарды  жасауды  бақылауға  дейін. Сол  уақытта  бас

конструктордың  жəне  бас  технологтың  бөлімінде, жоспарлы  жəне  өндірістік  қызмет

жүйелерде  локальды  тапсырманы  шешуге  арналған  автоматтандыру  құралдары

қолданылады. Осы  бөлімде  жүйенің  əрекеттеріне  қарай  топтарға  біріктірілген  негізгі

мүмкіндіктері келтірілген.



Қор əрекеті

Бірыңғай конструкторлы-технологиялық кеңістіктің мүмкіндіктері:

· үлкен  жəне  кіші  кəсіпорындарда  өтпелі  жобалау  концепциясын  қолдану;

тапсырмалардың кең спектр шешу, өндірісті дайындауға кететін шығын мен уақытты азайту,

 өндіріс  үрдісін  бақылау  жəне  жобалаудың  бастапқы  сатыларында  оның  ерекшеліктерін

ескеру;


· бірыңғай  МҚ  құруды  жəне  өндірісті  басқару  мен  дайындау  үрдісіне  қажетті

мөлшерлік-анықтамалық, конструкторлы-технологиялық  жəне  т.б. ақпараттармен  ұжымдық

жұмыстарды  қамтамасыз  ету. Суреттеудің  қуатты  құралын  көрсетеді, əртекті  мəліметтері

реттеу мен құрылымдау, жылдам іздеу мен қажетті ақпараттарды өңдеу;

· бірыңғай  конструкторлы-технологиялық  мəліметтер  қорын  жəне  мөлшерлік-

анықтамалық, ақпараттарды басқару;

· тетіктердің, тораптардың, бұйымдардың, материалдардың, стандартты  жəне  сатып

алынушы бұйымдардың, жабдықтар мен айлабұйымдардың, технологиялық операциялардың

жəне т.б. анықтамасын жүргізу;

·  көмекші  анықтамаларды  жүргізу (цех, жұмыстардың  түрлері, мамандықтардың

кодтары, механикаландыру дəрежесі, білдек парктері мен жабдықтардың күйі, т.б.);

· жүйеде  өзімізге  қажетті  анықтамалар  мен  ақпараттардың  түрлерін  жасау, өзіндік

бұтақ тəрізді жіктеуді жасау;

· сыртқы қосымшалармен ақпарат алмасу үшін мəліметтерді шығару жəне қабылдау;

· кəсіпорындардағы  мəліметтер  қорынан  ақпараттарды, алдағы  ТӨД  АЖЖ-сында

қолдану үшін алу;

· тетіктерді, тораптарды, білдектерді, аспаптарды  жəне  басқа  объектілерді  өзімізгі

қажетті  қосымша  шамалармен  суреттеу, еркін  түрде  кез  келген  мөлшерде  өзіміздің

шамаларымызды жасау мүмкіндігі;

·  тетіктер, тораптар, білдектер, аспаптар мен айлабұйымдар үшін, сондай-ақ бірыңғай

конструкторлы-технологиялық  мəліметтер  қорының  объектілері  үшін  өзіндік  карталарын

жасау;


· əртүрлі  талаптар  бойынша  мəліметтерді  таңдау  мен  жылдам  іздестіру (сызбалық

тағайындалуы  бойынша, аталуы  бойынша, шамалардың  тағайындалуы  бойынша, əртүрлі

шамалардың тағайындалуы бойынша іздеу сұлбасын баптау);


· тетіктер, тораптар, білдектер, айлабұйымдар  жəне  басқа  мəліметтер  қоры  туралы

негізгі  жəне  қосымша  мəліметтерді  пайдаланушы  арқылы  экранға  шығаратын  құрамды

баптау;

· мүмкін болатын алмастыруларды тізімін жүргізу;



· кестелермен  жұмыс  істеу (есептеулерді  пайдаланылатын  мөлшерленген  жəне

анықтамалық);

· жұмысты ыңғайландыру үшін графикалық үлгілерді пайдалану;

· мəліметтер қорындағы ақпараттардың өзгерісін бақылау;

· мəліметтер қорының бəрімен жұмыс істеуге  мүмкіндік  бермейтін, тек қана қажетті

ақпаратты алу мүмкіндігі бар режімі;



Бұйым туралы ақпараттарды басқару

Бұйымдар  туралы  ақпараттарды  басқару  бұйымның  құрылымы  мен  құрамы  туралы

мəліметтерді АЖЖ ортасында өндеп, сақтауға, суреттеуге жəне жасауға мүміндік береді. Бұл

мəліметтер  алдағы  өндірісті  дайындау,  жобалау  мен  басқару  сатылары  үшін  негіз  болып

табылады.   Бұл  функциональдық  мүмкіндіктер  жиынтығы  бұйымның  құрылымымен

орындалатын  жұмыстарды  жəне  конструкторлық  сипаттізімді  жүргізуге  арналған

автоматтандырылған жүйелер сапасына сəйкес бөлімдерді пайдалануға болады.

- даналық жəне топтық сипаттізімді жүргізу;

- шектелмеген орындаулар санын қолдау;

- сипаттізімді жасаудың əртүрлі тəсілдері (басқа сипаттізімнен  алу, сыртқы мəліметтер

қорынан немесе CAD-жүйесінен алу, қолмен тез енгізу);

-  автоматтандырылған жобалаудан (салмақ, аудан, қаптама, өлшем  жəне т.б.) тетіктер

мен тораптардың шамаларын беру мүмкіндігі;

- қажеттілік кезінде – қосымша сипаттізім өрісін жасау;

- сипаттізім  бөлімдерінің  бапталушы  саны, сұрыптаудың  əртүрлі  тəсілдері  мен

позицияны номерлеу;

- сипаттізімнің  бірнеше түрлерін жүргізу, түрлерді салыстыру;

- бұйымның автоматты бұтақтəрізді құрылымын құрау;

- мəтіндік  конструкторлық  құжаттаманы  өндіру (сипаттізім, құжаттаманың  тізімі,

тетіктердің сипаттізімі жəне т.б.);

-    бір  бұйым  негізінде  қолданушылық  пен  өтушілікті  бақылау,  сондай-ақ  барлық

өндірілуші бұйымдардың атаутізіміне қолдану;

- электронды  сақталушы  үлгілері, сызбалары, құжаттары  бар  бұйымдардың  тетіктері

мен  тораптары, сипаттізім  позиациясымен  байланысы, сипатізіммен  жəне  бұйымның

қаңқасымен жұмыс кезіндегі құжаттарды редакциялау мен қарай мүмкіндігі;

- бұйымның сипаттізімінің дайындығын жəне барлығын бақылау;



Технологиялық үрдістерді типтендірудің мəні

Машинажасау  технологиясының  даму  кезіне  машина  тетіктерінің  конструкторлық

пішімдері, сондай-ақ  оларды  дайындау  тəсілдері  сияқты  өзіндік  жекелік  сипатты. Осыған

байланысты, өндіріс  үрдісінде  бірқатар  күрделі  технологиялық  тапсырмаларды  шешу

міндетті. Оның  үстіне, өндірісті  дайындау  сұрағын  əрбір  завод  іс  жүзінде  өзі  шешеді. Тек,

негізінен  алғанда  əскери  зауыттарда  сериялық  орындар  бар, ал  кей  жағдайда  массалық

өндіріс бір түсінік болып табылады.

Машина  тетіктерінің  дайындамасын  құрастырудың  техникалық  алғы  шарттары  жеке

шешімдерді  жетілдіруге  негізделген. Яғни,  технологиялық  үрдістерді  типтендіру  дегеніміз

əртүрлі  дайындамалардан  ауыстыру  жолымен  бір  дайындамадан  екіншісіне  ауыстыруға

болатын  танымал  белгілерді  дайындау. Осы  технологиялық  шешімдерді  жетілдіру

конструкторлық жəне технологиялық белгілердің негізінде ғана орындалуы мүмкін. Машина

тетіктерінің  технологиялық  үрдістерін  типтендірудің  конструкторлық  негіздемесі

технологиялық  артықшылықтың  маңызды  салдары  ретінде  қалыптанған  тетіктер  мен

айлабұйымдардың  түйіндерінің, қалыптанған  жəне  иілімді  баптамаларын  енгізуді  меңгеру

болып  табылады. Мұндай  зауыттардың  техника-ұйымдастырулық  ерекшеліктері,



шағынсериялы  өндіріске  қарағанда, өндірістің  үрдістері  мен  өндірістің  дайындау  үрдістері

кезінде күрт шектеулі болады. Жеке жəне шағынсериалы өндірісте бұл үрдістер, керісінше, я

болмаса уақытпен жеткілікті шектелмеген, немесе  уақытпен сəйкес  келеді, демек  дайындық

өндіру үрдісі кезінде жүзеге асырылады.

   

Ірі  сериялық  жəне  массалық  өндіріс  зауыттарындағы  өндірісті  техникалық



ұйымдастырудың  мақсаты  өндірістің  берілген  көлемінде  барлық  машиналарда  берілген

шамалары  бойынша  дайындалушы  серияның  қайталанушылығын  жəне  дəлдігін  қамтамасыз

етуші  машина-эталон  конструкциясына  тиісті  барлық  технологиялық  жəне  конструкциялық

шамаларды беру жүйесіне негізделу. Бұл өндірісті техникалық ұйымдастырудың принципі ірі

көлемдегі өндірісті кəсіпорын үшін шешуші жəне сипатты болады. Осы сипатты сақтау білу

кəсіпорынды  жеке  технологиялық  шешімдерге  негізделген  жеке  жəне  шағынсериялы

өндірістен ерекшелейді. Жеке технологиялық шешімдерді біріктіруге ұмтылу технологиялық

үрдістерді  типтендіру  ойының  туындауында  əкелді. Технологиялық  үрдістерді

типтендірудегі  негізгі  бағыт  əртүрлі  конструкторлық  пішімдегі  жəне  өлшемді  машина

тетіктерінің  констукциясын  жіктеуге  сүйенді. Содан  кейін  тетік  дайындамаларын

механикалық  өңдеудің  əрбір  жағдайында  технологиялық  өңдеуді  жүргізбес  үшін  жекелікті

жою  көздейді. Мұндай  бағыт  жеке  жəне  шағынсериялы  өндірісті  техникалық  ұйымдастыру

жүйесін  нығайтуға  көздейді. Соңғы  кезде  ірі  сериялы  өндірістің  əдістерін  қолдану  үшін

қосымша  əрі  жағымды  алғы  шарттарын  жасауды  қамтамасыз  ету. Бірақта  əртүрлі

конструкциялы тетіктердің технологиялық үрдістерін жасаумен мен  оларды жіктеу кезіндегі

біріктірілген  шешімдер  іс  жүзінде  табысқа  жеткен  жоқ. Бұл  қарама-қайшылықтардың

ерекшелігі  өндірісті  компьютерлендіру  кезінде  жəне  кəсіпорында  бірыңғай  технологиялық

кеңістік  құруда  көрінеді. Дəлірек  айтсақ, жіктеу  жүйесінде  сыныптар, топтар, топшалар

конструкторлы  жəне  технологиялық  белгілері  бойынша  ғана  емес, сонымен  қатар

терминологиялық  белгісі  бойынша  жасалынған.  Нəтижесінде  əртүрлі  сыныптарға  жататын

тетік  жинақталған  машина  тетіктерінен  тұратыны  сирек  емес. Əсер  ететін  шарттардың  бірі

кəсіпорын өндірісінің конструкторлы-технологиялық дайындығын дамытудың эволюциялық

жолы. Тетіктерге мақсаттық тағайындалуынан өзге ешқандай талап қойылмаған кездің өзінде

технологиялық  үрдістерді  типтендіруді  тапсырмасының  шешуі  күрделі  болатын. Бұрыннан

келе  жатқан  дайындау  мен  құрастырудың  жекеленген  тəсілдерінің «мұралығы» машина

тетіктерінің  негізгі  технологиялық  принциптері  бойынша  олардың  жіктелу  мүмкіндіктерін

жоққа  шығарады. Осыған  байланысты  технологиялық  үрдістердің  типтендіруі  мен  олардың

конструкциялануының  технологиялық  алғы  шарттарының  үйлесімі  сияқты  тетіктердің

технологиялығы  арасындағы  қосымша  жаңа  байланыстарды  орнату  қажет. Бұл  əртүрлі

машина тетіктерінің конструкциясын сараптау мен жолға қою негізінде ғана орындалады.

Мұндай 

сараптау 



барлық 

келтірілетін 

дайындама 

тетіктеріне 

қосымша

конструкторлық  ерекшеліктерсіз  қажетті  жəне  жеткілікті  технологиялық  ұқсастылықты



қамтамасыз етуі қажет.

Технологиялық  қатарды  жасау  осы  қатарды  түзетін  барлық  тетіктердің  құрастыру

бейімділігіне, немесе  бір  немесе  бірнеше  тетіктердің  қатарынан  алдын  ала  таңдауға

негізделген  болуы  керек. Осы  алдын  ала  таңдалған  қатар  негізгі  конструкторлық  белгілері

бар, жиналған  машинадағы  осы  тетіктердің  жұмысының  сапасы  мен  құрылғысының

ерекшеліктерін  өзгертпей  машина  тетіктерінің  конструкциясы  басқа  тетіктерге  оңай

ауыстырылатын негізгі конструкциялық белгілердің үлкен санын иеленеді.

Технологиялық, машина  тетіктерін  конструкциялаудың  технологиялық алғы шарттары

секілді тек  қана жеке алынған бір тетікті өңдеудің  үнемділігі мен ыңғайлылығына қатысты

қарастырылуы  қажет  емес, ал  дайындамалардың  немесе  машина  тетіктерінің  əртүрлі

конструкциясында бір қатарға қосу мақсатында жалпы конструкциялық жəне технологиялық

қатарды  түзу  тұрғысынан  қарастырылуы  қажет. Осындай тетіктер  үшін  жобаланған  барлық

технологиялық  үрдістер  қатардағы  барлық  тетіктерді  өңдеу  үшін  қолданылуы, демек

типтендірілуі  мүмкін. Бұдан  шығатын  қорытынды, машинажасау  технологиясын  алдағы



уақыттарда  дамуын  қамтамасыз  ететін  негізгі  шарт  технологиялық  үрдістерді  типтендіру

болып табылады.

Технологиялық үрдістерді типтендіруді үш бағытта жүргізуге болады:

1) технологиялық  үрдістердің  типтендіруі  машина  тетіктерінің  конструкциясына

қатысты;

2) технологиялық үрдістерді типтендіру машина тетіктерінің өзгерген конструкциясына

қатысты;

3) технологиялық  үрдістерді  типтендіру  машина  тетіктерінің  арнайы  жобаланған

конструкциясына қатысты;

Егерде 


жеке 

конструкторлық 

шешімдердан 

біріктірілген 

шешімдерге 

өту


конструкциялық артықшылықтары негізіндегі  конструкторлық қатарларды  тұрғызуда  айқын

қолдау  тапса, онда  технологиялық  қатарларды  тұрғызу, өз  кезегінде  жеке  технологиялық

шешімдерден,  яғни  өзінің  іс  жүзіндегі  технологиялық  артықшылығын  тапқан    біріктірілген

шешімдерге өтуімен шартты көрсетіледі.

Технологиялық  артықшылық  дегеніміз  констукциялары  əртүрлі  барлық  тетіктер  үшін

ең  негізгі  тетік  ретінде  таңдап  алынған  тетікке  қатысты  дайындалатын  технологияны

машинажасаудағы  артықшылық  деп  түсінеміз. Барлық  осы  тетіктер  өндіріс  секілді  негізгі

тетікпен бірге технологиялық қатар құрайды, яғни типтік технологиялық үрдіс жасалынады.

Технологиялық қатарлар екі қатардан тұрады:

А) тетіктерді өңделуі параллель;

Б) тетіктердің өңделуі тізбекті;

Бұдан  шығатын  қорытынды: технологиялық  үрдістерді  типтендіру  конструкциялық

жəне  технологиялық  белгілері – ерекшеліктері  бойынша  машина  тетіктерінің  жіктелуімен

байланысты.  Технологиялық  үрдістерді типтендірудің нақты мазмұнын ерекше белгілерінің

бар  болуы  анықтайды. Мұндай  көзқарас  технологиялық  ерекшеліктің  маңызды  шарты

ретінде қарастыруды көздейтін типтендіру ойының мақсатты мəніне негізделген.

Мұндай  шарт  қазіргі  заманның  талаптарын  қанағаттандырмайды.  Қазір  бұйымның

өміршеңдік  циклының  барлық  айналымында  инженерлік  қызметті  кешенді  компьютерлеу

қажетілігі, CALS – технологиясы  деген  атауға  ие  болды. Дəстүрлі  геометриялық  ядролы

АЖЖ  мұндай  жүйелер  үшін  негіз  бола  алмайды. Қазіргі  өндірістік  ақпараттық  технология

өндірісьік кəсіпорынның (ЕИП ПП) бірыңғай ақпараттық кеңістігінің (ақпараттық қорлардың

қоғамы) концепциясына  негізделген. Бұл  концепция  шет  елдерде CALS (Continuous

Acquisition and Lifecycle Support – бұйымның  өміршеңдік  циклын  ақпараттық  қолдау  жəне

үздіксіз  жабдықтау) деген  немесе  қазіргі  уақытта  кең  тараған PLM (Product Lifecycle

Management  -  бұйымның  өміршеңдік  циклын  басқару)  деп  аталатын  атауға  ие  болды.  Бұл

бұйымның  барлық  өміршеңдік  циклымен  өндірістік  үрдістің  қатысушылары  арасындағы

толық стандартты ақпарат алмасуын қамтуды көрсетеді.

Өндірістік  ақпараттық  технологиялардың  мəні  өте  қарапайым. Бұйымның  өміршеңдік

циклындағы  əртүрлі  жұмыстардың  барлық  мүмкін  болатын  сатысы  еңбексыйымды, қымбат

жəне  технологиялық  сатысы  ұзақ: үлгілеу, шынайы  үлгілеу, сипаттамаларды  тəжірибелік

бағалау, тəжірибелі  үлгілерді  сынау  мен  дайындау  үрдісінде  шамаларды  реттеу. Демек,

болашақ өнімнің ақпараттық үлгілерінің сараптамасы сияқты, өндірістің үрдістерін де тиімді

процедуралармен  ауыстырылады. Сонымен  қатар, болашақ  өнімнің  дəл  математикалық

үлгісінің  негізінде  барлық  сараптамалары  мен  есептеулерін  жүргізу  ұсынылады. Отандық

кəсіпорындар  үшін  болашағы  бар  өндірістік  ақпараттық  технологиялардың  негізі  рынок

жағдайында өмір сүру ең маңызды шарт болып табылады. Өнімді  компьютерлік жобалау мен

үлгілеудің қазіргі заманғы  тəсілдерінің өндіріске енуінің нəтижесінде өндіріс пен өндірістік

қатынастың сапалы, жаңа деңгейіне қол жеткізілді:

-

өндірісті дайындау мен өнімді өндіруге мерзімдері айтарлықтай қысқарды;



-

өндірісті  дайындау  мен  өнімді  өндіруге  қажетті  қор  түрлері, яғни

еңбексыйымдылық, энергиясыйымдылық, материалсыйымдылық  жəне  т.б.

айтарлықтай азайтылды;



-

өндірілетіңн өнімнің түрлерін көбейту мүмкіндігі пайда болды;

-

өндірілетін  өнімнің  сапасы  мен  күрделілік  дəрежесін  көтеруге  арналған  жағдай



қамтамасыз етілуде;

-

жұмысшылардың біліктілігі мен жұмысының шығармашылық үлесі жоғарлайды;



Бұған қол жеткізу оңай іс емес. Бұл үшін жобалауға, құрастыруға, есептеуге, үлгілеуге,

өнімнің  өндірісін  (демек,  өндірісті  жолға  қою  мен  жасау  құралдары  мен  тəсілдері)  жəне

өндірістік  өнімнің  барлық  сатысындағы  өндірістік  үрдістерді  басқаруды  ұйымдастыруға

арналған  қазіргі  заманғы  техникалық  құралдар  мен  тəсілдерді  өндірістік  пайдалануды  іс

жүзінде іске асыру керек.

Құжат  негізіндегі  осы  тапсырманы  шешу  болашақта  өндірістік  кəсіпорында  бірыңғай

ақпараттық кеңістікті (БАК) енгізу деп аталады. Автоматтандырылған өндірісті ұйымдастыру

бойынша  өткізілген  пəндер  курсын  меңгерген  студент  отандық  кəсіпорындарда  қазіргі

заманғы  ақпараттық  технологияларды  енгізу  мен  құруға  бағытталған  жобларға  қатысуына

жəне  өзінің  көмегін  ұсынуына  болады. Болашақ  білікті  мамандар  мен  қазіргі  заманғы

техникалық қор əртүрлі саладағы кəсіпорындарда күрделілігі əртүрлі өндірістік өнімді өндіру

жұмыстарын кешенді автоматтандырылған жүйелер арқылы енгізуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет