Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Машинажасаудағы инженерлік білім объектілерін жіктеу



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Машинажасаудағы инженерлік білім объектілерін жіктеу

Инженерлік білім объектілерін жіктеуге арналған негіз стандартпен көрсетілген, əрбір

деңгейдегі  объектілердің  түрге  байланысты  жіктелуі «бүтін-бөлік» қатынасы  бойынша

иерархия  құрайды. Стандарт  бұйымның  келесі  түрлерін  анықтайды: тетік, құрастыру

тетіктері, кешендер  мен  жинақтаушалар. Құрамдас  бөліктеріне  қарай  бұйымдарды

арнайыландырылған (құрастыру 

тетіктері, кешендер 

мен 


жинақтаушылар)

арнайыландырылмағандар (тетіктер) деп екіге бөледі.



Кешен  дегеніміз  екі  немесе  одан  көп  дайындаушы-кəсіпорында  біріктірілмеген,

бірақта  өзара  бірге  пайдаланушы  əрекеттерді  орындауға  арналған  арнайыландырылған

бұйымдардан  тұрады. Кешендерге негізгі қызметтерді орындайтын бұйымнан  өзге, қосалқы

əрекеттерді  орындауға  арналған  құрастыру  кешендері  мен  тетіктер  кіреді. Кешендермен

технологиялық  үрдіс пен оларды жөндеу байланысты.

Жинақ дегеніміз екі немесе одан көп дайындаушы-кəсіпорында біріктірілмеген, жалпы

пайдаланушылық  тағайындалуы  көмекші  сипаттағы, бұйымдардың  жинағынан  тұрады.

Мысалы, қосалқы бөліктердің жəне аспаптардың жинағы.

Құрастыру  бірлігі  деп  құрастыру  бөліктері  құрастырушы  əрекеттер  үрдісіндегі

дайындаушы-кəсіпорында  өзара  құрастыруға  жатқызылған  бұйымды  атайды. Құрастыру

бірліктері басқа құрастыру бірліктерінен жəне тетіктерден тұру мүмкін. Құрылымдық объекті


ретінде  жеке  өндірістегі  құрастыру  бірліктерін  қарастыруға  болады, ал  құрылымдық  емес

объектіге жататындар – сатып алынған жинақтаушылар. Құрастырушы бірліктердің өндірісі

бірізді  технологиялық  үрдістер  бойынша  жүзеге  асырылады. Демек, жинау, пісіру,

электржинақтау, сынау, сақтау, орап-қаптау жəне жөндеу.

Құрастыру  бірліктерін  құрылымдық  сараптау  үшін  жобалау  кезінде  стандартпен

қарастырылмаған  жаңа  объект  –  түзілімді  енгізу  қажет.  Түзілім  дегеніміз  белгілі  қызметтік

тағайындалуы  бар  тетіктер  мен  тетіктердіңк  элементтерін, құрастырушы  бірліктерді

құрастыруды  айтады. Мысалы, кілтекті  түзілім  алайық, бұл  кілтектен, білікке  орнатылатын

кілтекті  бунақтан  тұрады. Тетік  дегеніміз  аты  мен  ентаңбасы  бірдей  материалдан

дайындалған, жинақтаушы  жұмыстарды  қажет  етпейтін  бұйым. Тетіктерге  қорғаушы  немес

əдемілік  мақсатта  қапталған  немесе  жергілікті  пісірумен, жабыстырумен (мысалы,

хромдалған, т.б.) дайындалған  бұйымдар  жатады.  Стандартты  жəне  қалыпты  тетіктер

құрылымдық  емес  объектілерге  жатады: өзгеше  жəне  топтық  тетіктер, элементтерден

сарапталған. Тетіктерді бірізді жəне операциялық технологиялық үрдістермен өңдейді.

Өзгеше  тетіктерді  құрастыру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  үшін  жəне  технологиялық

үрдістерде  жобалауды  дайындау  үшін  құрамдас  элементтерге  тетіктерді  қайтадан

композияциялау  қажет. Өтпелі  конструкторлық-технологиялық  АЖЖ  жасау  кезінде

тетіктердің элементтерінің иерерхиясын операциялық технологиялық үрдістің иерархиясына

сəйкестендіру  тиімді.  Операциялық  технологиялық  үрдістің  иерархиясына  өту  жолдары,

позициялар, өтпелер  жатады. Машиналарды  жобалау  мен  машиналар  жүйесі  көпсатылы

үрдіс. Бұл үрдіс еңбексыйымды жəне ой еңбегін талап етеді. Əдетте, машиналарды жобалау

көптеген  есептік, тəжірибелік, эвристикалық тəсілдерді пайдаланумен əртүрлі мамандардың

үлкен  ұжымымен  іске  асады. Қазіргі  заманғы  машиналарды  жобалау  мен  машиналар

жүйесінде инженердің табысқа жетуі үшін келесі алты облысты жақсы меңгеруі шарт:

- объектінің өзін, үрдісті, жобалау жүйесін;

- объекті, үрдіс, ішкі  жəне  сыртқы  орта  туралы  кіретін  жəне  шығатын  мəліметтерді

сараптау мен өңдеу аппаратын;

- математикалық  моделдеуді, демек  тапсырманы  қою  мен  пішімдеу  өнерінде, яғни

техникалық  тапсырманы  математикалық  үлгілер  мен  сұлбалар  тіліне  ауыстыра  білу  жəне

алдағы уақытта бағдарламалық қамтамасыз ету;

- тиімді шешім іздеуде;

- сəйкес автоматтандырылған жобалау жүйелерін бағдарламалық қамтамасыздандыру

(диалогтық жүйелер, мəліметтер қоры, білім қоры жəне т.б.);

- есептеу техникаларын еркін меңгеру;

Автоматтандырылған  жобалаудың  мақсаты – сапаны  көтеру, материалдық

шығындарды  төмендету, жобалау  уақытын  қысқарту  жəне  жобалаумен  шұғылданатын

инженер-техникалық  жұмысшылардың  санын  теңестіруді  жою, еңбектің  өнімділігін  көтеру.

Кез келген бұйымның өндіру өндірістің конструкторлық-технологиялық дайындығына сəйкес

келеді. Бұл  үрдіс  алғашқы  ойдан  бастап  іске  асқанға  дейінгі  негізгі  уақытты  алады.

Сондықтан  өндірісті  дайындау  уақытын  қысқарту  бəсекелестікке  қабілеттілікті  көтерудің

негізі болып табылады. Тəжірибе көрсеткендей,  ең жақсы көрсеткішке, конструкторлар мен

технологтардың өзара  тығызы əрекеттері негізінде  қол  жеткізуге  болады. Мұндай  жұмысты

автоматтандыру  үшін  бірыңғайлы  конструкторлық-технологиялық  ақпараттық  кеңістікте

əртекті  тапсырмаларды  шешуге  мүмкіндік  беретін  жүйе  қажет. Бірыңғай  конструкторлық-

технологиялық  кеңістік  негізінде  құрылымдық  жəне  геометриялық  үлгілерді  қамтамасыз

ететін бағдарламалық өнімдерді интеграцияланған CAD/CAM жүйелері деп атайды. Мұндай

жүйелерде  əртүрлі  заттық  үлгілерге  бөлінуіне  қарамастан, конструкторлар  мен

технологтардың  жұмыстарының  нəтижелері  бір  үлгіде  сақталады.  Оның  үстіне,

интеграцияланған  жүйелер  мəліметтердің  бірыңғай  графикалық  көрінісін  қамтамасыз  етеді.

Бұл  технологтар  мен  конструкторлардың  өзара  əрекеттерін  бекітеді. Интергацияланған

жүйелердің ең басты артықшылықтары -  технологиялық жəне конструкторлық мəліметтердің


өзара  əсерлері, бұл  дегеніміз  бұйымның  геометриясындағы  өзгерістер  нəтижесінде

технологияға өзгерістерді автоматты немесе жартылай автоматты енгізу болып табылады.



Негізгі əдебиеттер: [2-6], [12-22], [32], [34], [37-38], [40], [42-45]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірісті конструкторлық дайындау.

2. Конструкторлық құжаттаманы дайындау.

3. Гибридті көлемдік моделдеу дегеніміз?

4. 3D үлгісін дайындау.

5. Тетіктердің математикалық  үлгісін дайындау.

6. Күрделі бұйымдарды модельдеу

9 Дəріс Тақырыбы: Өндірісті конструкторлық дайындау жəне жобалау сатыллары

Өндірісті конструкторлық дайындау

Жобалық-конструкторлық  қайтажасау  болашақ  бұйымның  өміршеңдік  циклының

маңызды  бөлігін  көрсетеді: осы  сатыда  қабылданған  көптеген  шешімдер  өндірістің

тиімділігін  жəне  пайдалануын  анықтайды. Конструкторлық  өңдеу  үрдісінде  бұйымның

құрамы  қалыптастырылады, ал  өнімнің  бағасына, өндіру  мерзіміне  жəне  конструкцияның

технологиялығына  айтарлықтай  əсер  ететін  ауытқулар  мен  тағайындалатын  шахтамалар,

қолданылатын  материал  жəне  түржиын  т.б. конструктор  беретін  ақпараттарда  болады.

Тапсырмалардың  түрлеріне  (бұйымның  бейнесін  жасау, конструкторлық  құжаттаманы

жасау, электрондық макетті жасау) байланысты конструкторлық бөлімдер əртүрлі деңгейдегі

CAD-жүйелерін  қолданады. Бірақта  көптеген  Ресей  кəсіпорындары  үшін  жобалық-

конструкторлық жұмыстар қандай-да бір АЖЖ орындау тапсырманың кең спектрде болуына

байланысты  немесе  көпдəрежелі  бағдарламалық  құралдардың  құнының  жоғары  болуына

байланысты мүмкін болмай отыр. Жоба алдындағы зерттеулер нəтижесінде АЖЖ мамандары

тапсырманың шешімдерін əрекет ету мүмкіндіктері бойынша бір қалыпқа əкелуі мүмкін:

• технологиялық  үрдістерді  жобалау  кезінде  оларды  пайдалану  үшін  конструкторлық

шамаларды есептеу мен беру;

  

•  технологияны  əртүрлі  тəсілдермен  жобалау:  жалпы  анықтамадан  бастап



техүрдістердің  ұқсамаларын  пайдаланумен  жазбаларды  элементтік  қосу (сонымен  қатар

автоматтандырудың  ыңғайлы  құралы – жобалау  шеберін  пайдалану  өте  тиімді), əр  түрлі

техүрдістерге нұсқамалар жəне т.б.

• жүйеде  сақталатын  жəне  ұжымдық  пайдалануға  тиімді  есептік  сұлбаларды  баптап

пайдаланумен кез келген күрделілік дəрежесінің технологиялық есептеулерін жүргізу;

• материалдық  жəне  еңбектік  қалыптасқан  тапсырмаларды  шешу, сонымен  қатар

жоғарыда айтылған есептік сұлбаларды пайдаланумен;

• конструкторлық  құжаттама  негізіндегі  технологиялық  үлгілерді  редакциялау  мен

өңдеу  сұрақтарын  шешу, сонымен  қатар  үлгідегі  шамаларды  техүрдіске  беру  жəне  кері

қайтару мүмкіндігі;

 • қажетті  тізбені  алу  мүмкіндігімен  кез  келген  қимада (тетікте, бұйымда, өндірістік

бағдарламада, торапта) тоғыспалы конструкторлық-технологиялық есептеулерді жүргізу;

• бекітілген  стандарттармен  сəйкес  технологиялық  құжаттаманың  жинақтарын

автоматты  қалыптастыру (теруді  баптау  мүмкіндігі  жəне  жинақтағы  құжаттарды  өтпелі  рет

санды тізбектерімен);

Өндірісті  технологиялық  дайындау  сатысында  электроэрозиялық, жону  операциялары

үшін сандық бағдарламалық басқарулы білдектің басқарылатын бағдарламасы қалыптасады,

қаңылтыр  материалды  тиімді  кесу  тапсырмасы  шешімін  табады. Бірыңғай  ақпараттық

кеңістікті  іске  асыру кезінде алынған  аспаптың  қозғалу сызығы  технологиялық үрдістің  бір

бөлігі  болып  табылады. Ал, басқарушы  бағдарламаның  файлы  басқа  конструкторлы-

технологиялық құжаттармен бірге электронды сақтауға жіберіледі.

Жобалау сатысы


Жобалау  сатысы – уақыт  бойымен  дамитын  жобалаудың  ірі  бөлігі. Жалпы  алғанда,

ғылыми-зерттеу  жұмыстарын (ҒЗЖ), үлгілік  жоба  немесе  тəжірибелік-конструкторлық

жұмыстар (ТКЖ), техникалық, жұмыс  жобалары, тəжірибелік  үлгілерді  немесе  тəжірибелік

партияларды  сынау  деп  сатыларға  бөледі. ҒЗЖ  сатысы  деп  кейде  жоба  алдындағы

зерттеулерді  немесе  техникалық  ұсыныстардың  сатысын  атайды.  Бір  сатыдан  екіншісіне

өткен  кезде  жобаны  мұқият  əрі  тиянақты  дайындау  керек, əрі  жұмысшы  жоба  тəжірибелі

немесе сериялық үлгілерді дайындау үшін жеткілікті болуы керек.

Жобалау  сатысын  жобалық  процедура  деп  аталатын  құрамалас  бөліктерге  бөледі.

Жобалық  процедураның  мысал  келтірсек, сызбаны  бөлшектеуге  дайындау, кинематиканы

сараптау, өту үрдістерін моделдеу, шамаларды тиімдендіру жəне т.б. жобалық тапсырмалар.

Өз  кезегінде, жобалық  процедураларды  жобалық  операция  деп  аталатын  неғұрлым  шағын

кұралғыштарға  бөлуге  болады. Мысалы, тетікті  торлық  тəсілді  операциямен  беріктікке

сараптау  барасында  тор  құрылуы, сыртқы  əсерлерді  есептеу  немесе  таңдау, кернеу  мен

түрөзгерту  өрістерін  моделдеу, графикалық  жəне  мəтіндік  пішіндегі  моделдеу  нəтижелерін

көрсету. Жобалау  жобалық  процедуралар – жобалау  бірізділігінің  кейбір  кезектілігінің

орындалуына  алып  келеді. Кейде, жобалаудағы  ТТ  жасауды  сыртқы  жобалау  деп, ал  ТТ

пайдалануды – ішкі жобалау деп  атайды.

Техникалық тапсырмаларды жобалаудың мазмұны

Объектінің жобалаудағы ТТ келесі мəліметтерді көрсетеді:

1.

Объектінің тағайындалуы



2.  Пайдалану шарты. Сапалық көрсеткіштерімен (вербальды пішінде көрсетіледі) қатар

мүмкін  болатын  мəндері көрсетілген  сыртқы  шама деп  аталатын сандық шамалары болады.

Сыртқы  шамалардың  мысалдары: қоршаған  ортаның  температурасы, сыртқы  күштер,

электрлік кернеулер, жүктемелек жəне т.б.

3.

Сыртқы  шамаларға  қойылатын  талаптар, демек  объектінің  сипаттайтын  қасиеті,



тұтынушыны қызықтыру.

Автоматтандырылған  жобалау  кезінде  қолданылатын  шамалар  мен  үлгілердің

жіктелуі

Автоматтандырылған  жобалық  процедураларда  іс  жүзінде  жоқ  жобаланушы  объекті

кейбір  квазиобъектіге - үлгіге  қарағанда  алда. Үлгі  физикалық  объект  немесе  сипаттізім

болуы  мүмкін. Үлгі-сипаттізім  арасында  жоғарыда  аталған  қызметтік, ақпараттық,

құрылымдық үлгілерді бөліп көрсетуге болады. Егерде бұл үлгілер математика тілімен жəне

аппарат құралдарымен қалыптасқан болса, онда оларды  математикалық деп атайды.

Өз кезегінде, математикалық үлгілер объектінің қасиеттерін көрсететін геометриялық,

топологиялық, динамикалық, логикалық жəне т.б. болып бөлінеді. Болашақта, егерде арнайы

түсініктеме  болмаса, онда «үлгі» сөзі «математикалық  үлгі» деп  аталады. Математикалық

қызметтік үлгі жалпы алғанда берілген вектор шамасының Х элементтері кезінде вектордың

шығатын  шамасын  Ү  жəне  сыртқы  шамасы Q есептеу  алгоритм  көрсетеді. Математикалық

үлгілер  таңбалық  жəне  сандық  болуы  мүмкін. Алгоритмдік  үлгінің  маңызды  жағдайы –

имитационды. Олар  жүйеге  сыртқы  күштер  əсер  ету  кезіндегі  жүйеде  болатын  үрдістерді

көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, имитационды үлгі – бұл алгоритмдік тəртіпті үлгі.

Статикалық  үлгі  статикалық  күйді  суреттейді. Оларда  тəуелсіз  ауыспалы  ретінде

уақыт қана есептелінеді. Динамикалық үлгі жүйенің күйін бейнелейді, демек  уақыт міндетті

түрде  қолданылады. Стохастикалық  жəне  детерминирлік  үлгілер  кездейсоқ  шарттарды

ескеру  мен  ескермеуге  байланысты. Ұқсас  үлгілерде  фазалық  ауысулар – үздіксіз  шамалар,

дискретті  ауысуларда – дискретті, жекелей  алғанда  дискретті  үлгілер  логикалық  болып

табылады. Оларда  жүйенің  күйі  мен  оның  элементтері  булевалық  шамалармен  суреттеледі.

Кей жағдайларда аралас үлгілерді қолдану пайдалы, бағынышты жүйелердің бір бөлігі ұқсас

үлгілермен, ал  басқалары – логикалық  үлгімен  сипатталады. Ақпараттық  үлгілерге

автоматтандырылған  жүйелердің  ақпараттық  жұмсалуы  жатады. Оларды  ақпарат  бірліктері

арасындағы  байланыстарды  суреттеу  үшін, бəрінен  бұрын  мəліметтер  қорын (МҚ)

инфологиялық жобалау кезінде пайдаланады.


Оның үстіне, интеграцияланған жүйелер мəліметтердің бірыңғай графикалық көрінісін

қамтамасыз  етеді. Бұл  технологтар  мен  конструкторлардың  өзара  əрекеттерін  бекітеді.

Интергацияланған  жүйелердің  ең  басты  артықшылықтары -  технологиялық  жəне

конструкторлық  мəліметтердің  өзара  əсерлері, бұл  дегеніміз  бұйымның  геометриясындағы

өзгерістер  нəтижесінде  технологияға  өзгерістерді  автоматты  немесе  жартылай  автоматты

енгізу болып табылады.

9.1 Сурет – Бірыңғайлы конструкторлы-технологиялық кеңістік

Өндірісті конструкторлы-технологиялық дайындаудың өтпелі үрдісін автоматтандыруға

арналған  жүйелердің  бірі 3 негізгі CAD, CAM, TDM үлгілерінен  тұратын  жүйе. CAD үлгісі

сызбалар  мен  көлемдік  үлгілерді  жасауға  мүмкіндіік  береді. CAM үлгісі  элктроэрозиялық,

жогу  жəне  т.б. білдектерге  арналған  басқарушы  бағдарламаларды  жасауға  арналған. TDM

үлгісі – технологиялық 

жəне 

конструкторлық 



құжаттамаларды 

дайындауды

автоматтандыруды  көтетуге  арналған  құрал. Оның  үстіне, жүйеде  əртүрлі  технологиялық

жабдықтардың  түрін  баптауға  арналған  қосымша  үлгілері, механикалық  өңдеудің  сапасын

алдын ала бақылау жəне конструкторлы-технологиялық құжаттамалардың сақталуын басқару

жүйесі  бар. CAD үлгісінде  сызбаларды, көлемдік  үлгіні  жəне  жинауға  арналған  бірыңғай

графикалық  кеңістігі  бар. Бұл  конструкциялық  тапсырмаларды  шешу  үшін  көлемдік  жəне

жазық  функционалдық  артықшылықтары  мен мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік

береді. Редакциялау  қызметінің  көмегімен  элементерді  түрөзгертуге  жəне  толықтыруға,

домалатуға  жəне  қиықжиек  жасауға, кесуді, созуды  жəне  түйістіруді  орындауға  болады.

Айырықшы  мəнді  біріктіру,  толықтыру  жəне  контурады  қиып  өту,  жазық  үлгілеу  мен  сызу

операциясының булевасы иеленеді. Оның үстіне, стандартты ауыстыру, айналдыру, айналық

бейнелеу, көшіру  жəне  элемент  топтарын  масштабтау  процедурасынан  өзгеше  жергілікті

түрді  жасауға  арналған  тиімді  функция  бар. CAD жүйесі  шамалау  үлгілерді  жасауға

мүмкіндік  береді.  Шамалаудың  екі  тəсілі  бар: түйіндерді  шамалау  жəне  эвристикалық

шамалау. Түйіндерді  шамалау  пайдаланушыға  геометрияның  өлшемдермен  байланысын

белгілеуге  мүмкіндік  береді. Эвристикалық  шамалау  автоматты  анықталған  геометриялық

байланыстар  негізінде  өлшемдерге  сəйкес  геометрияны  қайта  құруға  мүмкіндік  береді. Екі

тəсілде  сызбаларды  жəне  олардың  бөліктерін  өлшемдердің  мəнінің  өзгеру  есебінен

редакциялауды  тиімді  қамтамасыз  етеді. Көлемді  жəне  жазық  кұрастырудың  барлық

кездерінде  стандартты  немесе  типті  тетіктер  пайдаланылады. Конструктордың  осы

элементтерді    сыза  беруінің  қажеті  жоқ,  өйткені  ол  бұд  элементтерді  кітапханадан  алып

пайдалануына  болады. Жеткізу  кітапханасында  əртүрлі  стандартты, сонымен  қатар  бекітпе


элементтері де бар. Егерде кітапханада элемент жоқ болса, онда пайдаланушы оны өзі жасап,

күрделі емес механизмнің көмегімен каталогқа енгізуіне болады.

Мысалға, ADEM CAD жүйесі алдыңғы жүйелерге  қарағанда  шамалары бойынша  асып

түсетін, жазық үлгілеуге жəне сызбалық құжаттаманы өндіру үшін толыққанды жүйе болып

саналады. CAD жүйесін Spatial Technologies компаниясы  жасаған ACIS математикалық

ядросында пайдалану үш  өлшемді жүйенің  негізінде жұмыс  жасауға  мүмкіндік береді. Оны

басқа белгілі жүйелер де пайдаланады.

9.2 Сурет - 2D/3D үлгілеуінің бірыңғай жүйесі.

Мысалы: ADEM, AutoCAD, Autodesk Inventor, Cimatron, IronCAD, CAD KEY жəне т.б.

Берілген  ядро  үлгілеудің  екі  тəсілін  қолдануға  мүмкіндік  беретін  функциялар  жинағынан

тұрады. Бұл  тəсілдер: қатты  денелік  жəне  беттік. Қатты  денелі  үлгілеу  жүйесі  кең  тараған.

Олар  беттік  үлгілеуге  қарағанда  жеңіл  меңгеріледі  жəне  арзан. Қатты  денелі  үлгілеу

геометриясы аса күрделі емес  тетіктерді  қарапайым  тəсілдермен  жасауға  мүмкіндік  береді.

Беттік  үлгілеу  жүйесі  неғұрлым  күрделі  объектілерді  жасауға  мүмкіндік  береді. Мысалы,

кемелердің, ұшақтардың, автомобилдердің  тұрқысын  жасауға  жəне  күрделі  технологиялық

жабдықтарды, қалыптарды жəне баспақ пішіндерін.  Олар технологиялық шарттарды ескере

отырып үлгілерді ары қарай жасау үшін таптырмайды.

CAD жүйелерінде гибридті көлемдік үлгілеуді пайдалануға болады. Демек, қатты денелі

тəсілге қарағанда, беттік үлгілеуге арналған функциялар жинағы бар. Оның үстіне, екі тəсілді

кез келген объектіге қолдануға болады. Бұл əмбебаптағы CAD үлгісін конструкторлық жəне

технологиялық  өңдеуде  машинажасау, авиа  жəне  кеме  жасау  жəне  аспаптық  өндірісі  үшін

бұйымдарды  үлгілеуде  қолдануға  мүмкіндік  береді. Көптеген  жүйелер жазық  геометриялық

объект негізінде, профиль деп аталатын көлемдік үлгілерді жасайды. Сонымен қатар, мұндай

профильдерді  жасау  үшін  скетчер  деп  аталатын  күрделі  емес  жазықтық  редакторы

ұсынылады.   CAD жүйесінің 2D/3D бірыңғай  кеңістігі  жазық  бөліктің  барлық  қуатын

көлемдік үлгілеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Сандық  шамаларды  тиімді  редакциялау  үшін  тұрғызудың  ағашы  келтірілген. Тұрғызу

ағашы – орындалушы  əрекеттердің  шамаларынан  тұратын  құрылым. Операция  орындалған

соң  ағашқа  енгізіледі. Егерде  ағаштағы  шамаларды  өзгертетін  болсақ, онда  регенациялау

қызметі  үлгіні  сəйкестілікке  алып  келеді. Оның  үстіне, бұл  мүмкіндіктерден  өзгеше  бетті

көлденең жəне өтпелі қима бойынша құрастыру мүмкіндігін беретін 1 функция бар. Жүйеде


ашық  қырларды  тарту  функциясы  бар, осы  функция  мүмкіндігінің  нəтижесінде  басқа  дене

негізінде бет қабаттарын құру өте тиімді.

Ең  маңызды, нəрсе  кез  келген  қатты  денені  бет  қабат  жүйесіне  түрлендіруге  болады

жəне  керісінше, бет  қабаттың  жүйесін  біртұтас  денеге  айналдыруға  болады. Бұл  үлгілерді

конструкторлы-технологиялық тəжірибеде қажетті локальды кайта жасауға мүмкіндік береді.

9.3 Сурет – Үлгі қатты денелі элемент ретінде жəне бет қабаттың жинағы ретінде бейнеленуі

мүмкін.

Бірыңғай 2D/3D кеңістігінің  артықшылығы, конструктордың  қолында  барлық



геометриялық жобалау аппаратының  болуы. Бұл құралдар мен тапсырманы шешуге қажетті

тəсіл таңдауда еркін болуға мүмкіндік береді. Жазық жəне көлемдік жобалауда үйлестіретін

құралы  бар  жобалаушы  өзіне  бұйымның  əртүрлі  суреттемелерімен  бірыңғай  жұмыс  істеуді

қамтамасыз  етеді. Басқаша  айтқанда, бірыңғай  кеңістік  жобалаудың  қатысушыларын

əүртүрлі  көзқарастары  мен  қимылдарын  біріктіреді. Бірыңғай 2D/3D кеңістігінің

артықшылығы, инженердің  қолында  əмбебап  геометриялық  жобалау  аппаратының  болуы.

Бұл тапсырманы шешу кезінде тəсілдер мен құралдарды еркін таңдауға мүмкіндік береді.

Негізгі əдебиеттер: [2-6], [12-22], [32], [34], [37-38], [40], [42-45]

Бақылай сұрақтары:

1. Өндірісті конструкторлық дайындау

2. Конструкторлық құжаттаманы дайындау

3. Гибридті көлемдік үлгілеу дегеніміз не?

4. 3D үлгісін жасау

5. Тетіктердің математикалық үлгісін жасау

6. Күрделі бұйымдарды үлгілеу

10 Дəріс Тақырыбы Өндірісті технологиялық дайындау жүйесі

Техноло́гия (грек  тілінен  аударғанда téchne — өнер, шеберлік, жəне  гректің  логия —

оқып-үйрену деген сөздерінен шыққан) — қажетті нəтижеге қол жеткізу мақсатында тəсілдер

мен аспаптардың  жиынтығы; берілгенді қажетті түрге түрлендіру тəсілі. Технология – БҰҰ

əдістемесі  бойынша: - тауар  мен  қызметтер  өндірісінің  техникасы  мен  əдістерін  қамтитын



таза  күйдегі  технология (

dissembled technology

); немесе  жоғарғы  техника-экономикалық

шамаларымен  өнімді  жəне  тұтас  өндірістік  жүйені, жабдықтарды, машиналарды  қамтитын

технология  (

embodied technology

).

Технология – кең мағынада, экономикалық қордан қызметтерді жəне тауарларды өндіру



үшін  арналған  білімнің  қоры. Технология – қысқаша  айтсақ, заттарды, энергияны,

ақпараттарды өнімді дайындау процесіне түрлендіру тəсілі, материалдарды өңдеу жəне қайта

өңдеу, дайын бұйымдарды жинау, сапаны бақылау, басқару. Технология жұмыс тəсілдерінен,

орындалатын  операциялар  мен  процедуралардың  кезектерімен  тығыз  байланысты

құралдардан, жабдықтардан, аспаптардан, пайдаланушы материалдардан тұрады.

Ең  дамыған  жəне  прогрессивті  қазіргі  заманның  технологиясына  жоғарғы

технологияларды (

ағылш.


 high technology, hi-tech). жатқызуға  болады. Жоғарғы

технологияларды  жəне  сəйкесінше  техниканы  пайдалануға  өту  қазіргі  заманғы  ғылыми-

техникалық  революцияның (ҒТР) маңызды  кезеңі  болып  табылады.  Жоғарғы

технологияларға  əдетте  өндірістің  ең  еңбексыйымды  салалары: микроэлектроника, есептеу

техникалары, работотехника, атом  энергетикасы, ұшақ  жасау, ғарыштық  техника,

микробиологилық өндіріс. Ақпараттық технологиялар (АТ,

ағыл.

 information technology, IT) –



ақпаратты  өңдеуге  жəне  басқаруға  арналған  пəндердің  кең  көлемі  мен  қызмет  ету  аумағы.

Негізінен  ақпараттық  технология  компьютерлік  технологиямен  түсіндіріледі. Жекелей

алғанда, АТ компьютерді пайдалану жəне ақпараттарды алу, сақтау, қайта өңдеу жəне сақтау

үшін  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  арқылы  жұмыс  істейді.  Осы  себеппен, компьютер

бойынша  мамандарды  АТ-мамандары  деп  атайды. Технология  дегеніміз  бұл  өндірістің

құралы жəне дайындайтын, əрі жетілдіруретін тəсілдерінен тұратын ғылыми пəн.  Күнделікті

тіршілікте  технологияны  өндірістік  үрдістің, оның  орындалу  нұсқамасы, технологиялық

талаптары  жəне  т.б.  бойынша  атау  қабылданған. Технология  немесе  технологиялық  үрдіс

деп  негізгі  өндірістік  үрдіс  болып  табылатын  дайындау, тасымалдау  жəне  қайта  өңдеу

операцияларын  атайды. Өндірістегі  техникалық  бақылау  технологияның  бір  бөлігі.

Технологияны  дайындаумен  технологтар, конструкторлар, программистер, жəне  осы

саладағы  т.б. мамандар  айналысады. Инновациялық  технология – жаңадан  енгізілуші

сатыдағы құралдар мен тəсілдер жинағы.

Өндірісті  технологиялық  дайындау – болашақ  бұйымның  өміршеңдік  циклында

маңызды рол атқарады. Осы сатыда қабылданған көптеген шешімдер өндірістіңң тиімділігін

жəне  пайдалануды  анықтайды. Өндірісті  технологиялық  дайындау  өндірісінде  бұйымның

құрамынан  басқа, бұйымды  дайындау  үрдісінің  технологиялық  тізбегі, өндірісті  аспаптық

дайындау  құрамы, жабдықтардың  түрлері, қолданылатын  материалдарға  конструктор

енгізген  дайындамалар  туралы  мəліметтер, сұрыптама  мен  белгіленген  шақтамалар  жəне

конструкцияның  технологиялығына  айтарлықтай  əсер  ететін  ауытқулар  туралы, өндірістің

мерзімі мен өнімнің құны туралы мəліметтер қалыптасады.

Дəстүрлі  өндірістің  классикалық  сұлбасын  қарастырайық. Конструкторлық  өңдеу  мен

жұмыс құжаттамаларын шығарудан соң негізгі əрекет технологиялық бюроға көшеді. Мұнда

ең бірінші кезекте дайындау мүмкіндігінің шамасы тұр. Көптеген жағдайларда, бір сызбаны

геометриялық  орындау  үшін  үлгі  қажет. Болмаған  жағдайда, оны  жасау  керек. Егерде

геометриялық  тексеруді жасамаса, онда қиындықтар  дайындау үрдісінде пайда  болады. Бұл

шешуі  өте  қымбат  тұратын  қиындық. Технологтың  басты  тапсырмасы – конструкторлық

ойды  іске  асыру  барысында  адамдар  мен  машиналардың  кезектілігін  суреттеу. Бірақта  бұл

тапсырманы  тек  қана  стандартты  операциялар  мен  жабдықтарды  қолдану  арқылы  шешу

мүмкін емес. Бұйымды дайындау үшін арнайы айлабұйымды құрастыру жəне жасау қажет.

Өндірісті  конструкторлы-технологиялық  дайындаудың  қоры  мен  негізгі  уақыт

айлабұйым  мен  арнайы  аспаптарды  жобалау  мен  жасауға  кетеді. Мұнда  кейде  бір  тетікті

өндіру  үшін  технологиялық  айлабұйымдарды  жабдықтайтын  ондаған  жəне  жүздеген

тетіктерді жасауға болады.

Қазіргі заманғы бұйымдарды жабдықтау өндірісі ЧПУ білдектерінсіз мүмкін емес. ЧПУ

білдектерінде  атқарылатын  жұмыстардың  көлемі  күн  өткен  сайын  артуда. Бұл  өндірістің



тиімділігін  көтеру  мақсатында, сондай-ақ  қазіргі  заманғы  бұйымдарды  басқа  тəсілдермен

дайындау  мүмкін  емес. Мұндай  білдектердің  қызметінің  кезектілігі  бағдарлама  түрінде

суреттеледі. Қарапайым  бұйымдар  үшін  өңдеу  бағдарламасын  сызбадағы  мəліметтерді

пайдалана  отырып  қолмен  жазуға  болады. Неғұрлым  күрделі  геометриялы  тетіктер  үшін

программаны жасау үрдісін автоматтандыруды міндетті.

ЧПУ  бағдарламасында  автоматтандырумен  САМ  жүйесі  айналысады. Бұл  жүйе  үшін

геометриялық  үлгі  кіретін  мəліметтер  ретінде  саналады. Бұйымның  тетіктерін  жəне

технологиялық  жабдықтарды  ЧПУ  білдектерінде  дайындау  үшін  үлгі  қажет. Егерде  үлгі

болмаса, онда оны жасау қажет. Конструктор мен технолог арасында мəліметтер алмасуының

дəстүрлі  тəсілі  сызба  құжаттары  негізінде  бірреттік  геометрилық  үлгіні  жасауды  ұсынады.

Бұл  өндірісті  дайындау  тізбегін  созып  қана  қоймай, сонымен  қатар  қателерді  түзету  санын

жоғарлатады. Сонымен қатар, өзінің қателесу көзі болып саналуы мүмкін.

Бірыңғай  конструкторлық-технологиялық  кеңістік  жүйесінің  АЖЖ-сы  технологтар,

айлабұйымды  жобалаушылар  мен  ЧПУ  программистері  үшін  конструкторлық  құжаттамаға

ғана  емес, сонымен  қатар  бұйымның  үлгісіне  тікеле  жол  ашады. Жұмыс  істеу  кезінде  олар

барлық  геометриялық  жəне  заттық  мəліметтермен  қатар  оның  жекеленген  бөліктері  мен

нұсқамаларын  пайдалана  алады. Өндірісті  технологиялық  дайындау  сатысы  бірыңғай

ақпараттық  кеңістікті  бұйымның  өндірісіне  қажетті   қор  туралы  мəліметтермен  толтыру

маңызды болып табылады.

Қарапайым  принципті  сақтау  маңызды: технология  бұйымның  құрамынан  бөлек

сақталуы керек, конструкторлы-технологиялық мəліметтерге негізделген,  сондай-ақ өндірісті

жылдам басқару мен өндірісті жобалау сұрақтарын шешуге арналған  кез келген тоғыспалы

есептеулерді  жүргізу  үшін  осы  мəліметтерді  пайдалану  нəтижесінде  идеологиялық

платформаны  бейнелейтін  қор  мен  құрам  туралы  мəліметтер  бірыңғай  ақпараттық  кеңістік

шегінде біріктірілген болуы керек.

 Мəліметтерді  сақтаудың  осындай  тəсілі  шынайы  ұжымдық  жұмысты  жəне  өтпелі

технологиялық үрдіс түрінде ақпараттарды сақтауды  қамтамасыз етеді. Бірыңғай ақпараттық

кеңістік  жобалау  кезінде  қателесудің  санын  азайтады, ал  жинақталған тəжірибені ұжымдық

пайдалану  технологтардың  еңбегін  күрт  көтеруге  септігін  тигізеді, яғни  өндірістің

техникалық дайындығын қысқартады.

Брыңғай  ақпараттық  кеңістікті  пайдалану  кезінде  кешенді  АЖЖ  негізінде  жəне

жобаланушы  бұйымның  құрамын  ӨТД  ақпараттық  қолдау  əртүрлі  жабдықталған  инженер-

конструкторлардың  жұмыс  орындарының  АЖЖ-мен  қалыптасады. Бұл  жағдайда  құрам

электронды үлгілердің құрылуына байланысты автоматты  түрде толықтырылады.

 Əрбір бұйымның құрамына байланысты атаутізім позициясына электронды сақтаудағы

құжат  сəйкес  келеді. Электронды  сақтаудың  аспаптары  сақталушы  құжаттың  дəрежесін

(«өңдеуде», «тексеруде», «бекітілген») анықтауға  мүмкіндік  береді, бекітілген  құжаттың

дəрежесі өзгерген жағдайда өнімді шығаруды қамтамасыз ететін орындалулар мен түрлерінің

шектелмеген санын жүргізуді қолдайды. Бірыңғай ақпараттық ортада жинақталған бұйымның

құрамы, қолданылушы  материалдар  туралы  мəліметтер  тоғыспалы  конструкторлық

құжаттарды  қалыптастыруға  жəне  өндірісті  технологиялық  дайындауға  арналған  соңғы

жеткізу орны болып табылады.

Технологиялық  үрдістерді (ТҮ) автоматтандырылған  жобалау  жүйесі  кіретін

мəліметтердегі  технологиялық  білімдерді  жəне  кіретін  мəліметтердегі  түрлендіру  құралын

көрсетеді.

Кіретін  мəліметтер  дегеніміз  конструкторлық  құжаттама  түрінде  жəне (немесе)

машиналық  тасымалдаушыларда  бұйымды  конструкторлық  суреттеу. Кіретін  ақпарат  ішкі

жағынан  технологиялық  үрдістің  машиналық  үлгісін, ал  сыртқы  жағынан  стандарттарға

сəйкес  технологиялық  құжаттамаларды  көрсетеді. Бұдан  шығатын  қорытынды, осы

қиындықты жағдайдажүйелік сараптауда екі құралғышты жүйелі түрду зерттеу керек:

1) жобаланушы технологиялық үрдістерді

2) жобалау кезіндегі үрдістерді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет