Негізгі əдебиеттер: [12-22]
Бақылау сұрақтары:
1. Бұйымның өміршеңдік айналымының үлгісі
2. Бұйымның өміршеңдік айналымының сатыларын атап шығыңыз
3. Бірыңғай ақпараттық кеңістік ядросы
4. Өндірістік кəсіпорында Сапа Менеджементі Жүйесінің (СМЖ) алатын орны
5. Кез келген бұйымның өміршеңдік айналымының негізгі құраушылары
15 Дəріс Тақырыбы: Жылдам
прототендіру
технологиясының АЖЖ жүйесі
Қазіргі заманғы компьютерлік жобалау (CAD) жаңа бұйымдарды жасау жəне
құрастыруға кететін уақыт пен шығынды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Бірақта
бірінші физикалық үлгіні жасау қиындығы қалуда. Өйткені тетік пен қажетті айлабұйымды
дайындау технологиясы айтарлықтай қаражатты қажет етеді. Шамамен 80-жылдардың
басынан бастап жаңа үшөлшемді объектілерді қалыптастыру технологиясы – материалды
бөлу (жомдау, электроэрозиялық өңдеу) немесе дайындаманың қалыбын өзгерту (соғу,
қалыптау) жолымен емес, материалды біртіндеп өзгерту немесе берілген кеңістік аймағында
заттың фазалық күйін өзгертумен қарқында түрде дами бастады. Қазіргі кезде үшөлшемді
объектіні компьютерлік моделі бойынша қабаттық қалыптастыру технологиясы айтарлықтай
жетістіктерге жетті. Бұл технология RP&M (Rapid Prototyping and Manufacturing) немесе жəй
ғана RP (Rapid Prototyping) ретінде, я болмаса CARP (Computer Aided Rapid Prototyping)
ретінде танымал. «Жылдам прототиптендіру» (Rapid Prototyping, RP) термині қазіргі кездері
көптеген салаларда кеңінен танымал. Мысалы, бағдарламалық қамтамасыз етуде, электронды
өндірістерде жəне т.б.. Осы заманғы конструктор жаңа бұйым жасауды CAD/CAM/CAE-
тізбегінсіз елестетете алмайды. Мұндағы себеп біреу, ол жаңа бұйым жасау уақытын бірнеше
есе, кейде он есеге дейін қысқарту. Жаңа бұйым өндірудегі негізгі шарт, əсіресе жоғары
технологиялы күрделі өнімде, мысалы, автомобильдегі негізгі шарт НИОКР болып
табылады, дəлірек айтсақ, оның ұзақтылығы. Өнімді жобалап қана қоймай, сонымен қатар,
өндірісті технологиялық дайындаудың зерттеу, тəжірибелі-конструкторлық, тəжірибелік
жұмыстарын, соңында, сертификаттауды, маркетингті, қызмет көрсету бөлімдерін құру
керек жəне т.б. RP-технологиясы НИОКР уақытын қысқарту тапсырмасын шешеді, əсіресе
ОКР шамамен 10 есеге дейін қысқартады.
15.1 сурет - 2003-2006 жылдар аралығындағы өндіріс
салалары бойынша RP-қызметтердің алатын мөлшері
15.2 сурет – прототивтендірудің
мақсаттық тапсырмасы
Арнайы жабдықтарды сатып алумен байланысты шығындардың жоғары болғанына
қарамастан, барлық батыс фирмалары өз қарамағында жылдам прототиптендіру бойынша
жеке машиналардан өзге, əртүрлі машиналармен жабдықталған RP-орталықтары, яғни тұтас
бір кешендері бар. Қазіргі уақытта прототивті жылдам дайындау технологиясы Time-
Compression Engineering идеологиясының бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар жаңа
бұйымды дайындаудың барлық сатылары қарастырылады. Жылдам прототивтендіру
дегеніміз компьютерлік модельдің физикалық тұрғыдан обьектіге жылдам түрленуі. RP басқа
атаулары осыны растайды: үстелдік өндіріс (Desktop Manufacturing), үшөлшемді принтер (3D
printing) немесе плоттер жəне т.б. RP пайдаланудың көп жағдайлары шынайы өндірісті
дайындауда пайдаланылатын қалыпты немесе үлгіні алуға алып келеді.
RP пайдаланудағы əсер жаңа бұйымды жасауға кететін шығын мен уақытты
қысқартуда, сондай-ақ дайындау сапасын көтеруде шамамен он есеге айқын байқалады.
Конструктор жұмыс үлгісін жылдам əрі оңай алады, яғни принтерден немесе проттерден
сызба алғандай, бұл жұмыстың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Дүние жүзі бойынша RP
қондырғыларының саны ондаған мыңды құрайды жəне бұл сан күн өткен сайын артуда.
Əдетте, RP деп үшөлшемді объектілерді қабаттық дайындау технологиясы түсіндіріледі.
Жылдам прототивтендіру технологиясын зерттейтін белгілі консалтингті фирманың Wohlers
Associates (США) негізін қалаушы жəне президенті Wohlers Report –Терри Волерса
сараптамалық көрінісі - RP-технологияның келесі бөлімдерін көрсетеді. «электроника мен
тұтыну тауарлары» секторы (15.1 сур.).
Келтірілген мəліметтер прототивтендіру машиналарының 22 өндірушілерден жəне
жылдам прототивтендіру бойынша ірілі-ұсақты қызмет көрсететін сервис-бюро (service-
bureau) деп аталатын 47 – компаниялардан алынған. RP-технологиясы қандай мақсатта
пайдаланылады. 15.2-суретте келтірілген мəліметтер еуропа жəне америка рыногынан
алынған. 1 – конструкторлау кезіндегі визуальдау, жобалауға көмекші (мысалы, күрделі
тетіктерде, тетіктердің қимасында жəне т.б.); 2 – визуальдау, технологиялық айлабұйымдар
мен күрделі аспаптарды дайындаудағы көмекші (əсіресе, қалыптарды, құю пішімдерін жəне
т.б.); 3 – нарыққа сұраныс (тапсырыс берушінің потенциальды мердігершімен кездесуі
кезінде); 4 – презентациялық үлгілер (көрмелер, жарнама); 5 – қызметтік үлгілер
(тағайындалуы бойынша пайдаланылатын, мысалы, қабырғалық жəне далалық сынауларда); 6
– конструкцияны анықтау, жинастырылуын бақылау; 7 – бұйымның эргономикалық
қасиеттерін оқып-үйрену (мысалы, аспаптар панелі, тұтқа, отырғыш жəне т.б.); 8 –
прототивтерді лайынждауға арналған үлгілер; 9 – металдарды құюға арналған үлгілер
(балқытылушы үлгілер); 10 – технологиялық айлабұйымдардың құраушылары; 11 –
тетіктерді тікелей дайындау; 12 – тағы да басқалар. Көрініп тұрғандай, қызметтік жəне
бақыланушы үлгілер осы облыста жалпы мөлшердің 27,8% құрайды. Бұл қысқарту
салыстырмалы түрде арзан, 3D-принтерлерінің танымалдығымен түсіндіріледі. Үлгінің
жалпы көлемінің 36% (5,8% артық) конструкторлармен (1), технологтармен (2),
менеджерлармен (3, 4) жəне т.б. жұмыстар үшін потенциальды тапсырыс берушімен жəне
орындаушы арасындағы байланыс құралы ретінде, сондай-ақ жарнамалық өнім ретінде
пайдаланылады. RP-қызметтердің көлемінің төрттен бірі құю өндірісіне келеді, яғни
металдық құюға арналған балауызды үлгі мен технологиялық айлабұйымдарды дайындауға
арналған үлгі (9), мысалы, пішімқұрайтын ендірме (8). «Тетіктерді тікелей өсіру» (11)
секторындағы көлем 2003 жылы 3,9%, 2004 жылы 6,6%, ал 2005 жылы 8,2% өсті. RP-
технологияны қолданудағы негізгі мақсат өндірілген жаңа бұйымды рынокқа жеделтетіп
енгізу болып табылады.
Бұл ең бірнші кезекте, НИОКР жəне орындалуы байланысты уақыт шығындарына
қатысты. Мысалы, жаңа автомобильдің тəжірибелік жаңа қозғалтқышын жасау үшін ең
бірінші кезекте цилиндрдің бірікпесі мен бастиегін құю керек. Жүз жыл бұрын қалай
жасалса, он жыл бұрын дəл солай жасалатын. Айлар бойы ағаш үлгілер жасалатын, апталап
осы үлгілерге құм қалыптар дайындалатын, осы қалыптар бойынша құймалар алынатын,
содан кейінгі кезек механикалық дайындауға келеді. Тетіктерді дайындап, қозғалтқышты
жинап – сынауды жүргізіп болған соң, яғни кемшіліктері анықталған соң, конструкцияны
толық өзгертуге тура келеді. Бұл дегеніміз, қозғалтқыштың жаңа үлгісін дайындау үшін
үлгілік айлабұйымдарды толығымен қайта жасауды қажет етеді. Бұл қайта жасау аз уақыт
емес. Сериялық өндіріс үшін қозғалтқыштың үлгісін жасау үшін жылдар кететін. Ал, қазір
СAD/CAM-жүйесі мен RP-технологиясының пайда болуының нəтижесінде жаңдай мүлдем
өзгерді. Енді қозғалтқыштың құйылушы тетіктері санаулы аптада дайын болады: CAD-
мəліметтері бойынша стереолитографиялық үлгі гипсокаремикалық қоспамен қалыптанып,
«күйдіру» тəсілі бойынша алюминийлі құйма алынады. Файл құю цехына берілген соң
бірнеше аптадан кейін құйма СББ білдектерінде тұрады жəне конструкторлармен жəне
технологтармен дайындалған CAD-мəліметтерімен өңделеді. Ең көп дегенде бір айдан соң
қозғалтқыш құрастырылып, сынау үшін қойылады. Кеңінен қолданылатын бір тəсіл: CAD-
мəліметтері бойынша RP-машинада құмды «негатив» алынады, яғни, бұл негативті арнайы
сырланған құмдар жасалынады немесе көп осьті СББ білдектерінде алдын ала дайындалған
құм қайрақшаларды кесу арқылы жасалады. Мұндай тəсілдермен алюминий жəне шойын
құймаларын дайындауға арналған қалыптарды алады. Енді сериялық өндіріске арналған,
құны қымбат құю айлабұйымдар қозғалтқышта сынау аяқталған соң жүзеге асырылады. Ең
бастысы, НИОКР сатысы бірнеше пайызға емес, ондаған пайызға қысқарды. Аймақтар мен
дүние жүзі мемлекеттері бойынша прототивтендіруші машиналардың тарау үлесі қандай
(13.3-13.5 сур.)? «RP-уақытының басталған» кезінен бастап 2004 жылдың соңына дейін
дүниежүзіндегі RP-машиналарының саны 14
381 дана болып есептелінеді. Барлық
машиналардың 43% Солтүстік Америка (15.3 сур.). Соңғы төрт жылда бұл көрсеткіш 43%
дейін төмендеді, яғни іс жүзінде өзгеріссіз қалды. 2006 жылғы көрсеткіш бойынша RP-
машиналарды пайдалануға енгізу мөлшері бойынша АҚШ ең бірінші орынды иеленуде –
37,3% (бір жыл бұрын – 43%), 15.4.сур.
15.3 сурет – аймақтар бойынша таралу
көрсеткіші
15.4 сурет – дүние жүзі мемлекеттері
бойынша таралу көрсеткіші (2006 г.)
Германия мен Ұлыбританияда машиналардың саны 1,8% жəне 1,6% жоғарлады. 15.4-
суреттен байқағанымыздай, Ресейдің алатын үлесі тым төмен. 13.5 – суретте дүниежүзі RP-
машиналар паркінің саны таралуы көрсетілген (1988 жылдан бастап 2004 жылдың соңына
дейін). 2003 жылдан 2004 жылдар аралығында АҚШ пен Жапониядағы машиналардың саны
1,2% жəне 1,1% сəйкес азайды. 14 мыңнан көп RP-машиналардың дүниежүзі мемлекеттері
арасында таралу көрсеткіштері 15.1-кестеде бейнеленген.
Жоғары технологиялы машиналар паркі толығымен алғанда, мемлекеттің қуатын
көрсетеді. Жоғарыда келтірілген кестедегі мəліметтер бойынша мемлекеттердің өндірістік
дамуында RP-машиналар бойынша 7-озық елді көреміз. ТМД мемлекеттерінің ішінде 86-
машиналы Ресей аса сенімді көрінбейді, əсіресе, 1023-машиналы Қытайдың қасында,
Қазақстанда тек қана 2006-2007 жылы ең бірінші қондырғылар сатып алынды. 13596 машина
21-мемлекетте шоғырланған, оның ішінде 9378 немесе жалпы көлемнің 66% - үш мемлекетте:
АҚШ, Жапония, Германияда. Жалпы алғанда RP-машиналардың иеленушілері жер бетінің
əрбір жағындағы 67 мемлекет болып табылады. Жаңа Зеландияның өзінде 3. Бұрынғы ТМД
мемлекеттерінің ішінен Ресейден басқа, Қазақстан, Украина жəне Белоруссия ғана (2008
жылы барлығы 8 машина). 2004 жылы дүниежүзінде 2936 RP-машина сатылған. Соның
ішінде 2500 – жоғарыда аталған 21 мемлекетке. Оның ішінде 1719 – АҚШ, Жапония жəне
Германияға. Ұлыбританиядағы инсталляциялану жыл сайын 113,4%, Германияда 95,6%,
Францияда 65%, Жапонияда 53% өсуде. Ресейде өсу қарқы 220% құрайды. Бұл шарт
əсіресе, Wohlers Report ерекше атап көрсетілген, бұл көрсеткішке 2003 жылғы инсталляция 9,
2004 жылғы инсталляция 29 болу нəтижесінде қол жеткізілді. Сонымен қатар, Қытайдағы
35% өсу қарқыны кезінде 2004 жылғы инсталляция 265 жетті.
15.1 кесте
RP-технология – индустрияның қарқынды дамушы секторларының бірі.
2004 жылы 3D-принтерлерді сату екі есеге дейін өсті. Stratasys сталымы ең бірінші
орында. Z-Corp. жыл сайынғы сатылым жарысында тұрақты екінші орында келеді. 3D
Systems сатылым жылдамдылығы артуда. Инсталляцияның саны уақыт өткен сайын маңызды
болып келеді. Өйткені компаниялар қосалқы пайда бизнесін шығын материалдарын сату
арқылы жасайды. Бəсекелесік машина мен материалдардың бағасын түсірумен қатар сапаны
арттыруға мəжбүрлейді. Машиналарды, шығын материалдарын жəне RP-қызметтерді сатудан
түсетін табыс көлемі 2004 жылы 705,2 млн. $ (2003ж. +33,3%) құрайды. Мұнда машиналар
мен материалдарды сатудан түсетін $403,1 млн. RP-қызметтер көлемінен түсетін $302,1 млн.
кіреді. RP-қызметтер дегеніміз прототивтендіруші машиналарда үлгілерді жасау;
қызметтерлерді оқыту мен біліктілігін көтеру; машиналардың апгрейді жəне бағдарламалық
қамтамасыз ету; семинарлар, көрмелер, жарнама; машиналарды күту; консалтинг.
Тұтынылушы материалдарды (сұйық фотополимерлер, ұнтақ жəне жіп тəрізді
материалдар, ламинирленген қабықша жəне т.б.) сатудан түсетін кіріс - 2004 жылы $128,9
млн. құрайды, бұл 2003 жылға қарағанда 38% артық. 15.2 кестеде жылдам прототиптендіру
рыногындағы табыстың өзгеру қозғалысы көрсетілген. Бұл кестеден көрініп тұрғандай,
машиналар мен материалдарды сатудан түсетін табыстың көлемі RP-қызметтерді сатудан
түсетін табыстың көлеміне қарағанда жоғары қарқынмен өзгеруде. Ұзақ уақыт бойы 3D
Systems табыстың көлемі бойынша жылдам прототивтендіру рыногында алда озық жүрді.
Бірақта жыл өткен сайын 3D Systems мен басқа өндіруші-фирмалармен арадағы
айырмашылық қысқаруда.
15.5 сурет - Жалпы санының таралуы
Stratasys, Z-Corp., EOS сияқтя компаниялар тұрақты түрде өздерінің қуатын арттыруда.
Енді 3D Systems үлесі 17,8% құрайды, бір жыл бұрын бұл үлес 23,8% болатын. 2004 жылы
АҚШ 2163 RP-машина сатылды, бұл көрсеткіш 2003 жылы 1420 құрайды. Осы сатылушы
машиналардың жартысынан көбі (15.6 а сурет) Stratasys фирмасының машиналарына келеді.
Жапонияда рынок RP-машиналарды өндірушілер арасында тепе-тең бөлінуде. 2004 жылы
жапондық өндірушілері 201 машина сатылды (2003 жылы 171). 15.6 б-суретте жапон
рыногының арақатынасы көрсетілген.
15.6 сурет – АҚШ (1) Жапония (б) өндіруші-фирмаларының сатылымының таралу
Қазіргі кезде үшөлшемді объектілерді қабаттық дайындау технологиясының жылдам
дамиды. Бұл дайындау технологиясы төмендегі шарттарға негізделген:
- Қаңылтыр материалдарды лазерлі кесу;
- Лазерлік сəулеленумен немесе электронды шоқпен полимерлерді, керамикаларды,
металдарды ұнтақпен қақтала жабыстыру жəне балқытып қаптастыру;
- Термопластиктер экструзиясы;
- Фотоиницинирленген лазерлік сəулелену немесе полимерлеумен сынапты лампаларды
сəулелену;
Лазерлі сəулеленудің фотополимерленуін пайдалануға негізделген технология жиі
қолданылады. Мұндай үрдіс сериялық-өндірілуші қондырғыларда (3Dsystems фирмасы) RP
бірінші үрдіс болып саналады. «Лазерлі стереолитография» (ЛС, Laser Stereolithography)
аталған технология басқа технологияларға қарағанда ең көп тараған болып саналады жəне ең
жақсы техникалық көрсеткіштерге ие. Лазерлі стереолитография ең дəл жəне күрделі
үлгілерді алуға мүмкіндік береді, ал лазерлі стереолитографияда қолданылатын материалдар
біршама артықшылықтарға ие: беріктілік, ылғалға тұрақтылық, тұнықтыққа, бет қабатын
өңдеу жеңілдігі, жабысу мүмкіндігі жəне т.б. Лазерлі стереолитография Ресейде кең тараған.
Лазерлі жəне ақпараттық технологиялар мəселелері Институтында бірнеше тəжірибелік жəне
сынау қондырғылары бар.
15.2 кесте
Прототиптерді жылдам дайындау
Протиптерді
жылдам
дайындау
RP-
машиналарындағы
прототивтендіру
үлгілері
3D сканирлеу
Силиконды
қалыпта құю
Барлық түрдегі
металдарды құю
Жабдықтар
• модел
• үлгі
•
сынау
үлгілері
• метал мен
пластмассадан
дайындалған
ұсақ
сериялы
бұйымдар
Технология:
• SLA,
• SLS,
• MJM,
• FDM,
• MIT (ZCorp)
• жəне т.б.
3D Systems
• EOS
• Stratasys
• ZCorp.
NextFactory
Жəне т.б.,
Сондай-ақ
СББ
білдектерінде
үлгілік
металдан
жəне полимерден
лазерлі сканирлеу
арқылы физикалық
объектілерді
жоғары
дəлдікті
цифрлау
• 125х125х70 мм
объекті үшін 0,003
мм дəлдікпен
• 2,5 м. дейінгі
объектілер
үшін
0,03 мм дəлдікпен
Сканирлеу
нəтижелері бойынша
CAD-үлгілерін
жасау
Ұсақ сериялы
пластмасс
бұйымдарын
дайындау
Балқытылаушы
үлгі бойынша
металдарды
құю үшін ұсақ
сериялы
балауызды
үлгілерді
дайындау
Шойын, болат,
ыстыққа төзімді
болаттар, түсті
металдар:
- Дəстүрлі ағаш
қалыпта,
құю
құмы;
-балқытылушы
үлгі
бойынша
қабықшалы
қалыпта;
- гипсокерами-
калық қалыпта;
- түсті металдарда
вакуумды құю;
- көркемдік жəне
зергерлік құю;
Барлық түрлерді
механикалық
өңдеу
3D Systems, EOS,
NextFactory
фирмаларының
прототиптендіреті
н
жабдықтарын
жеткізу
жəне
консалтинг.
Жоғары сапалы 3,
4 жəне 5 осьті
CNC-білдектерін
ARIX (Тайвань),
NCmind
(Германия)
жеткізу
жəне
консалтинг.
Түсті металдардан
жəне силиконды
қалыпта вакуумды
құюға
арналған
MCP-HEK
(Германия)
фирмасының
жабдықтарын
жеткізу. DESCAM
фирмасының
жоғарыағымды
лазерлі
сканерлерін
жеткізу.
Үлгіні жасаудың ең маңызды сатылары басқарушы бағдарламаларды дайындау үрдісі
келесі шарттарды қарастырады:
-
Алынған компьютерлік үлгілерді берілген қадаммен жұқа қабаттарға бөлу;
-
Тетікті компьютерде модельдеу жəне модельді STL-формате сақтау (бұл мəліметтер
форматы AutoCAD, EUCLID, CATIA, Power Solution жəне т.б. жүйелерді қолдайды);
-
Əрбір қиманы толтыратын лазерлік сəуле қисығын есептеу;
Басқарушы бағдарлама алынған соң прототивті (тетікті) қабаттық дайындауды
бастауға болады. Бұл үшін арнайы үстелмен жабдықталған, шомылығы бар лазерлі қондырғы
қолданылады. Бұл шомылықты лазер сəулесі астында фотополимерлеуші сұйықпен
толтырады. Материалдардың жабыстырылуы берілген бағдарлама бойынша лазер сəулесімен
қабаттық орын ауыстырумен орындалады. Бірінші қабатты өңдеу біткен соң шомылғыш
үстелі бір қадам артқа жылжып, келесі қабатты қалыптастыру орындалады. Осылай, бір
қимылдан соң екіншісі орындалуы арқылы, тетік қалыптасады. Лазерлі стереолитографиямен
орындалған объектілер келесі түрде пайдаланылуы мүмкін:
- Бұйымдардың жəне жинаудың үлгілерін жасау кезіндегі конструкторлық жəне
дизайнерлік прототивтері ретінде. Сонымен қатар үлгінің ішінде газо- жəне
гидродинамикалық визуальдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- Дəл құюдың əртүрлері кезінде қалып түзетін айлабұйым ретінде (дайындалған үлгі
бойынша басқа материалдардан қалып түзетін айлабұйымдарды дайындауға арналған);
- Электроэрозиялық өңдеу үшін электродтарды дайындау кезіндегі мастер-үлгі ретінде;
- Биосəйкес имплантанттарды жасауға арналған зерттеу жұмыстары үшін;
- Медицинада, қылмыстық істерді зерттеуде, археологияда жəне т.б. компьютерлік
томографпен, координатты-өлшеу машиналарымен жəне үшөлшемді объектілерді
зондтаудың т.б. түрлерімен берілген объектілерді қайта қалпына келтіру кезінде;
- Лазерлі стереолитография өте күрделі үлгілерді алуға мүмкіндік береді. Пішімі
бойынша шектеу іс жүзінде ішкі арнасы толық оқшауланған тетікті жасау мүмкіндігінің
болмағандығымен ғана түсіндіріледі. Дəлірек айтсақ, мұндай тетікті жасауға болады, бірақта
ішкі арнада алынбаған фотополимерлі композициялар қалады;
Үлгілерді дайындаудың дəлдігінің анықталуы:
- Z осі бойынша — қабаттың қалыңдығымен, əдетте 0,1-0,2 мм құрайды (қабаттың
қалыңдығы пайдаланушы материалдың қасиетіне байланысты);
-
Х и Y осі бойымен — лазерлік сəулелену таңбасының өлшемімен, материалдың
қасиетімен жəне таңбаның қозғалу дəлдігімен (қабырғаның ең аз қалыңдығы — 0,2 мм,
түрленудің бағдарламалық дəлдігі — 0,01 мм);
-
Материалдың отыруы мен деформациялануы. Шамаларды дұрыс таңдау кезінде
ауытқу үрдісі 0,1 мм аспайды.
Өңделуші тетіктің өлшемі шомылғыштың əдеттегі 100, 250, 350 немесе 500 мм текшелік
өлшемдеріне байланысты шектеледі. Ірі тетіктерді алу үшін ұсақ бөліктерін жеке
секцияларда жасап, кейін жабыстыру арқылы қол жеткізуге болады.
Прототивтендіруші машиналарда үлгілерді жасаудың негізгі мақсатын жəне жылдам
прототивтендіру технологиясының ерекшеліктерін оқып үйренейік. Мысалы, SLA (немесе
SL, Steriolithography Apparatus - стереолитография ), SLS (немесе LS, Selective Laser Sintering
– қабаттық лазерлі жабыстыру), LOM (Laminated Object Manufacturing – жұқа материалдарды
қабаттық жабыстыру), FDM (Fused Deposition Modeling – жіп тəрізді полимерді қабатпен
жағу), FMD (Fused Metal Deposition – балқытылған металды тұндару), MJM (Multi Jet
Modelling –ағымды принтер түріндегі бойынша көпағымды бастиектердің көмегімен
байланыстырушы құрамды немесе балқытылған үлгілік материалды сұйықтай жағу) жəне т.б.
Негізгі əдебиеттер: [23], [35], [41], [50]
Бақылау сұрақтары:
1. Жылдам прототивтендіру технологиясының ерекшелігі неде?
2. 3D сканирлеу дегеніміз не?
3. 3D принтері неге арналған?
4. Лазерлі стереолитография дегеніміз не?
5. 2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
Зертханалық сабақтар АЖЖ CAD/CAM “Omega Technologies ltd.” фирмасының ADEM
жүйесін оқуға негізделген. Барлық тапсырмалар мұғалімнің нұсқауы бойынша сол ретпен
орындалуы қажет. Екі немесе оданда көп дəріс сабақтарын себепсіз жіберген студенттер
қалып койған дəрістерін тапсырмайынша зертханалық жұмыстарға жіберілмейді.
Зертханалық сабақтардың мақсаты – студенттерді АЖЖ-ның «ADEM» бағдарламасымен
жұмыс істеуді, 2D сызбаларды, технологиялық құжаттарды орындауды, мəліметтерді СББ
білдектердің технологиялық құжаттарын жинақтауға жіберуді үйрету.
Зертханалық сабақ №1 Жұмыстық столда объектілермен жұмыс жасау
Тапсырма: Жұмыстық стол жəне оның негізімен танысу.
Ұсынылатын əдебиеттер: қос.(6)
Бақылау сұрақтары:
1.
Жұмыстық столдағы объектінің орналасуы қалай өзгереді?
2.
Объектіні алғашқы қалпына қалай келтіреді?
3.
Жаңа папкаға атауын қалай береді?
Зертханалық сабақ №2 Терезелермен жұмыс жасау
Тапсырма: Компас-График интерфейсін оқу
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 30-44 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Компас-Графикті қалай іске қосады?
2. Меню, басқару панелі, аспаптар жолы қайда орналасқан?
3. Меню арқылы терезені қалай ашамыз, барлық терезелер мозайкасын көрсет.
Зертханалық сабақ №3 Кеңейтілген командалардың аспаптар панелі, түзу стилі бар
кесіндіні енгізу, осы түзу стилін өзгерту, объектіні жою, операцияны шегеру командасы.
Тапсырма: Аспаптық панельді қолдану, кезкелген кесінді, шеңбер, көпбұрыш, эллипс
тұрғызу.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 72-84 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Кеңейтілген командалар дегеніміз не?
2. Кесіндіні еңгізу командасында қанша кеңейтілген команда бар?
3. Фрагменты терезесін қалай ашады жəне онда қандай кескіндер сақтауға болады?
Зертханалық сабақ №4 Сынған сызықты тұрғызу.
Тапсырма: Егер р1-р2,р2-р3, кесінділері р1 (0,0), р2 (10,20), р3 (30-10) нүкте
координаттарымен берілсе р1-р2-р3-р4-р5-р6-р7-р8, сынған сызықты тұрғызыңыз 20 сурет, 1
кесте.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28],14-17 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Объектіні үздіксіз еңгізу командасы арқылы сынған сызықты қалай тұрғызады?
2. Файлды қалай сақтайды?
3. Жазу үшін файл атын қалай көрсетеді?
Зертханалық сабақ №5 Нүктелер бойынша қисық сызықты тұрғызу (сплайн). Нүкте
координатын тексеру.
Тапсырма: Берілген х жəне у координаттарына, 29 сурет, 2 кестеде келтірілген нүктелер
бойынша график тұрғызу [26].
Ұсынылатын əдебиеттер: [26],117-118 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Берілген х жəне у координаттарына нүктелер бойынша графикті қалай тұрғызады?
2. Сызық стилі дегеніміз ен?
3. Объектіні үздіксіз енгізу командасында қанша команда бар?
Зертханалық сабақ №6 Глобальды привязкаларды қолдану.
Тапсырма: 32 суреттегі мысал бойынша үш кесіндіні р1-р2, р1-р3 жəне р1-р4
тұрғызыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26] 85-98 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Привязка дегеніміз не жəне оны қалай қолданады?
2. Глобальды жəне локальды привязкалар немен ерекшеленеді?
3. Түзету привязкасы не үшін қолданылады?
Зертханалық сабақ №7 Локальды привязкаларды қолдану.
Тапсырма: р1-р2 кесіндіні тұрғызыныз, р1 нүктесі шеңбер центрінде, ал р2- нүктесі р3-р4
кесінді ортасында орналасқан.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 88 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Ортасы привязкасын қалай шақырады?
2. перне тақта привязкалары дегеніміз не?
3. Қисықтағы нүкте привязкасы қай кезде қолданылады?
Зертханалық сабақ №8 Пернетақта привязкаларын қолдану.
Тапсырма: Екі кесінді қилысқан нүктеге, шеңбер жəне тікбұрыш, түзу мен қисық
қилысқан нүктеге өзбетімен пернетақта привязкасын орындау.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 94 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Пернетақта привязкасымен қанша команда орындауға болады?
2. Нүктені жоғары, төмен, диагональ бойымен қозғалту үшін қандай
клавиатуралармен қолдану керек?
3. Доға, шеңбер центрі нүктесін қалай тұрғызу керек?
Зертханалық сабақ №9 Тұйық элемент бойынша нүктелерді біркелкі орналастыру.
Тапсырма: өстік шеңбер бойынша 8 нүктені нүкте стилімен біркелкі орналастырыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 72 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Қисықтағы нүкте командасын қалай қолданады?
2. Қиылыстағы нүкте командасын қалай қолданады?
3. Нүктеде неше стил бар?
Зертханалық сабақ №10 Геометриялық объектілердің қилысқан нүктелерін
орналастыру.
Тапсырма: Жоғарғы көріністі тесік центріне р1 жəне р2 нүктелерін тұрғызыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [27], 35-36 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Берілген координаттар бойынша нүктелерді қалай енгізеді?
2. Пернетақта арқылы нүктелерді қалай енгізеді?
3. Нүктені координат басына қалай қойады?
Зертханалық сабақ №11 Көмекші паралель түзуді енгізу. Геометриялық калькуляторды
қолданып шеңберді тұрғызу. Арнайы басқару панеліндегі күйді сақтау нүктесін қолданып
берілген радиус шеңберін тұрғызу.
Тапсырма: 64 суреттегі үлгіде берілген өлшемдер бойынша пластинада шеңбер
тұрғызыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [27], 36-40 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Көмекші сызықтар командасында қанша команда бар?
2. Көмекші перпендикуляр сызықты қалай тұрғызады?
3. Көмекші тік сызықты қалай тұрғызады?
Зертханалық сабақ №12 Тікбұрышты екі төбесі арқылы тұрғызу.
Тапсырма: р1 (85,15) жəне р2 (125,65) нүктелеріндегі төбелері арқылы п1 тікбұрышын
тұрғызыңыз, 75 сурет.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 41-42 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Жекелеген кесінділермен тікбұрышты қалай сызады?
2. Координаталар бойынша тікбұрышты қалай сызады?
3. Тікбұрыш командасымен тікбұрышты қалай сызады?
Зертханалық сабақ № 13 Биіктігі мен ені бойынша тікбұрышты тұрғызу.
Тапсырма: 77 суреттегі үлгідегі өлшемдер бойынша цилиндрлі білікті тұрғызыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 42- 43 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Сызықтар бір біріне түспейтіндей етіп тік бұрышты қалай сызады?
2. Сызықтардың бірінің үстіне бірі түсуін қалай жояды.?
3. Сызықтардың бірінің үстіне бірі түсуі неге рұқсат етілмейді?
Зертханалық сабақ №14 Дұрыс көпбұрышты тұрғызу.
Тапсырма: Центрі р1 нүктесінде жəне келтірілген шеңбер радиусы 30мм, дұрыс алты
бұрышты тұрғызыңыз, центрі р2 нүктесінде жəне радиусы 30мм, дұрыс алты бұрышты
тұрғызыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 43-44 б.
Бақылау сұрақтары:
1. Ішкі жəне сыртқы (Вписанный и описанный) көпбұрыш дегеніміз не?
2. Көпбұрыш қандай команда арқылы орындалады?
3. Көпбұрышта қанша бұрыш жасауға болады?
Зертханалық сабақ №15 Шеңбер бойымен объектіледі көшіру.
Тапсырма: Үш шеңбер тұрғызыңыз, олардың біреуін өстік сызығы бар шеңберге 5
данамен көшірініз.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 57-58 б.
Бақылау сұрақтары:
1. «Запомнить состояние» командасы не үшін қолданылады?
2. Шеңберлерді қолмен қалай көшіруге болады?
3. «Копировать в автоматическом режиме» командасы қалай қолданылады?
2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (СӨЖ)
Тапсырма 1.
Жүйенің интерфейсін оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру
керек, панлді жəне оны дұрыстауды оқып білу, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 26-36 б., [28], 5-10 б.
Тапсырма 2.
Изучить приемы работы с документами.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру
керек, жаңа құжат құруды, ашуды жəне сақтауды үйрену, семестрлік жұмыс ретінде
орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [27], 43-48 б.
Тапсырма 3.
Терезедегі құжат кескінін басқаруды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру
керек, кескін масштабын өзгертуді үйрену, объектіні сызу ретін басқару, кескіндерді
жаңарту, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 50-55 б.
Тапсырма 4.
Объектіні тұрғызу мысалдарын оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру
керек, объекті параметрлерін оқып білу, теңдеулерді енгізу, параметрлерді бекіту, семестрлік
жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 59-96 б.
Тапсырма 5.
Геометриялық объектілерді тұрғызуды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру
керек, геометриялық объектілер туралы жалпы мəліметтерді білу, көмекші түзулер, эллипс,
лекальды қисықтар дегеніміз не, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26], 98-143 б.
Тапсырма 6.
Өлшемдерді қою жəне белгілеуді оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру
керек, өлшемдер, белгілеулер, автоөлшемдерді қою туралы жалпы мəліметтерді білу,
семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26] с 146-206.
Тапсырма 7.
Объектілерді редактированиені оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, редактирование, көшіру, объектілерді өзгерту, объектілерді бөліктерге бөлу туралы
жалпы мəліметтерді білу, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [26] с 208-243.
Тапсырма 8.
Сызбаны тұрғызуды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, сызба неден тұратынын, сызбанын негізгі жазуын, көріністер туралы оқып білу,
семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 16-36 б.
Тапсырма 9.
Ассоциативті көріністерді оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, ассоциативті көріністер туралы жалпы мəліметтерді білу, ассоциативті көріністермен
жұмыс істеу мысалдары, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 38-60 б.
Тапсырма 10.
Фрагменттермен жұмыс істеуді оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, фрагменттер туралы жалпы мəліметтерді білу, графикалық құжатта фрагменттерді жа-
сау, қойылған фрагменттерді дұрстау, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 64-73 б.
Тапсырма 11.
Геометриялық объектілерді параметризациялауды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, параметризация, парамеризация идеологиясы, байланыстар мен шектеулерді қою туралы
жалпы мəліметтерді білу, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 76-98 б.
Тапсырма 12.
Атрибуттарды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, атрибуттар туралы жалпы мəліметтерді білу, кестелік типтегі атрибуттарды жасау,
объектілер арасында атрибуттарды көшіру, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 100-115 б.
Тапсырма 13.
Тексты редакторды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, текст редакторымен жұмыс істеудің жалпы мысалдарын білу, шрифті таңдау жəне оның
параметрлерін орнату, тексті форматтау, текстік құжатты жасау, семестрлік жұмыс ретінде
орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 118-154 б.
Тапсырма 14.
Кестелерді тұрғызуды оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, кестелерді тұрғызу, кестедегі текс параметрлерін дұрыстау, графикалық құжатта кестені
қолдану туралы жалпы мəліметтерді білу, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Рекомендуемая Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 160-173 б.
Тапсырма 15.
Өлшеуді оқып білу.
Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін ұсынылған əдебиетті қарастыру ке-
рек, өлшеу ерекшеліктері, жазықтықта өлшеу, массацентірлеу сипаттамалары туралы жалпы
мəліметтерді білу, семестрлік жұмыс ретінде орындалады.
Ұсынылатын əдебиеттер: [28], 176-187 б.
2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары
(СОӨЖ)
7 кесте
№
Тапсырма
Əдістемелік ұсыныстар
Өткізу түрі Əдебиеттер
1 АЖЖ жобалауға дайындау. Болашақ АЖЖ бағдарламасын
жалпы концепциясын талқылау.
Бағдарламалық
құжат
бірлік
жүйесінің стандарттары (БҚБЖ
(ЕСПД))
дискуссия [12,13,14,
15,16]
2 Бағдарламалық қамтамасыз
етуді жасауға техникалық
тапсырма.
Бағдарламаларға
қойылатын
талаптардың жиынтығы жасалған
бағдарламаны
тексеру
жəне
қолдану кезінде критери ретінде
қолдануы мүмкін.
дискуссия
[17,18,19,
20,21,22]
3 Кəсіпорынның
бірлік
ақпарат
кеңістігінің
концепциясы.
Кəсіпорынның бірлік ақпарат
кеңістігінің жалпы концепциясын
жəне
АЖЖ
бағдарламасын
интеграциялау
шартын
талқылау..
дискуссия
[77]
4 Қолданбалы
бағдарламаларды
қамтамасыз ету пəні.
Саласы жəне есептері бойынша
АЖЖ бағдарламалары туралы
жалпы мəліметтер.
Дискуссия,
слайдтар
көрсету
[2,3,5,6,
23,25,26,
27,28,32]
5 Бағдарламамен қамтамасыз
етуді жинақтау.
Əртүрлі
қолданбалы
модульдермен
жинақталған
бағдарламалық қамтамасыз ету
мысалдары.
Слайдтар
көрсету, БҚ
таңду
[46,47,48,
49,50,
51,53]
6 Бұйымның өмірлік циклы
АЖЖ.
Қолданбалы есеп модульдерімен
жинақталған
бағдарламалық
қамтамасыз ету мысалдары
Талқылау
[38,44]
7 Жобалау құжаттары жəне
стандарттар жүйесі
Стандарттар
мен
нормативті
актілер тізімі
Дискуссия,
талқылау
[12 – 22.
71, 72, 73]
8
Автоматты
жобалаудың
негізгі түсініктері.
Параметрлер/конструкцияны/жұ
мысты талдау
Слайдтар
көрсету, БҚ
таңду
[24 – 45]
9
АЖЖ
бағдарламалық
қамтамасыз ету.
Қатты денені моделдеуді АЖЖ
шолу
Дискуссия
БҚ таңдау
[24 – 45,
47 – 70]
10 Технологиялық
жəне
конструкторлық
құжаттамамен
жұмыс
істеуге
арналған
бағдарламалар.
Параметрлер/конструкцияны/жұ
мысты талдау
Слайдтар
көрсету, БҚ
таңду
[4,5,6]
11 Қазақстанның өнеркəсіптік
кəсіпорындарындағы АЖЖ.
Қазақстанның
өнеркəсіптік
кəсіпорындарындағы
АЖЖ
бағдарламаларын
қолдану
мысалдары
дискуссия
[53-62]
12 АЖЖ
ақпараттық
технологиялар
туралы
жалпы
мəліметтер.
CAD/CAM/CAE/PDM/TDM
Кəсіпорын
масштабын
жобалаудағы АЖЖ жүйесі
Дискуссия
БҚ таңдау
[35,36,39,
51,55,60]
13 АЖЖ
бағдарламаларын
интеграциялау.
АЖЖ
бағдарламаларын
интеграциялау
жəне
əртүрлі
АЖЖ бейімдеу
Слайдтар
көрсету, БҚ
таңду
[1,7-11,23-
25,33-35,-
40,57-62]
14 Өндірістік
кəсіпорынды
ақпараттық
жəне
техникалық
қамтамасыз
ету.
АЖЖ
бағдарламасының
түсініктемесі,кəсіпорын
жұмысын
БҚ
қолданумен
қамтамасыз ету мысалы.
Дискуссия
БҚ таңдау
[35,39,
51,57,64]
15 АЖЖ жүйесі жəне жылдам
прототипирования
технологиялары
БП
жəне
АЖЖ
технологияларының
артықшылығын талқылау
Дискуссия
БҚ таңдау,
слайдтар
[23,35,41,
50]
2.6 Өзіндік бақылауға тестік тапсырма
1. «Компас» жүйесі неге арналған:
A) жобалық-кострукторлық жұмыстарды автоматтандыруға
B) оқу құралы
C) конструкторлық жұмыстарға
D) сызбаларды орындауға
E ) тетіктерді шартты кескіндеуге
2. Компастағы сызба қанша көріністен тұрады:
A) көрініс саны қажетінше
B) бірнеше көріністен
C) үш көріністен
D) бес көріністен
E) алты көріністен
3. Текстік құжат:
A) текстік конструкторлық құжат үшін негізгі жазуы бар, электронды парақ
B) графикалық жұмыс орындалатын, рамкалары жоқ таза электронды парақ
C) электронды құжат
D) конструкторлық құжат
E) типтік шешімдер мен конструкциялар
4. Фрагмент – дегеніміз:
A) графикалық жұмыс орындалатын, рамкалары жоқ таза электронды парақ
B) рамкалары жоқ таза электронды парақ
C) электронды құжат
D) текстік конструкторлық құжат үшін негізгі жазуы бар, электронды парақ
E) конструкторлық құжат
5. Тышқанның сол жақ түймесін басу:
A) компьютерге мəліметтер енгізу
B) контексті менюді шақыру
C) нұсқағышты басқару
D) операцияны орындау
E) тексті белгілеу (выделять)
6. Курсор міндеті:
A) объектілерді таңдау мен активизыциялау үшін қолданылады
B) монитор экранындағы кескін өлшемдерін басқару
C) нұсқағышты басқару
D) контексті менюді тандауға қолданылады
E) орындалып жатқан операцияны басқару үшін қолданылады.
7. Бас меню жолында нелер орналасқан:
A) барлық негізгі меню жүйелері
B) анықтамалық мəліметтер
C) «Шаблоны»
D) рəсімдеу, дұрыстау, объектілер жəне т.б. тұратын құжат дайындамасы
E) терезені басқаратын кнопкалар.
8. Сызбаның жаңа парағын ашу үшін:
A) «Создать документ» кнопкасын басу керек
B) қажет объектіні көрсету керек
C) клавиатурадан Alt – F4 тереміз
D) F1 клавишасын басамыз
E) менюден Справка командасын шақырамыз
9. Шаблон – дегеніміз:
A) алдын ала жасалған құжат дайындамасы
B) А4 форматты парақ
C) сақталған құжаттар
D) Автотекст
E) Автофигуралар
10. Кескін өлшемдерін өзгерту үшін не қолданылады:
A) басқару панелі
B) арнайы басқару панелі
C) параметризация панелі
D) инструментальный панелі
E) геометриялық тұрғызулар панелі
11. Сыртқы рамка өлшемімен анықталатын А4 форматының өлшемдері:
A) 210х297
B) 841х1189
C) 594х841
D) 420х594
E) 297х420
12. Сыртқы рамка өлшемімен анықталатын А3 форматының өлшемдері:
A) 297х420
B) 841х1189
C) 594х841
D) 420х594
E) 210х297
13. Негізгі форматтарды тағайындайтын мемлекеттік стандарт:
A) 2.301-68
B) 2.302-68
C) 2.303-68
D) 2.304-68
E) 2.305-68
14. Масштабты тағайындайтын мемлекеттік стандарт::
A) 2.302-68
B) 2.301-68
C) 2.303-68
D) 2.304-68
E) 2.305-68
15. Өлшемдерді қоюды тағайындайтын мемлекеттік стандарт:
A) 2.307-68
B) 2.302-68
C) 2.303-68
D) 2.304-68
E) 2.305-68
16.Нақты масштабты көрсетініз:
A) М 1:1
B) М 1:2
C) М 1:3
D) М 2:1
E) М 4:1
17. Үлкейту масштабын көрсетініз:
A) М 2:1
B) М 1:100
C) М 1:10
D) М 1:20
E) М 1:1
18. Кішірейту масштабын көрсетініз:
A) М 1:100
B) М 1:1
C) М 2:1
D) М 10:1
E) М 3:1
19. Масштаб дегеніміз:
A) сызбадағы зат кескінінің сызықтық өлшемі нақты зат өлшеміне сəйкескелуі
B) салынған кескін үлкен болуы
C) нақты шынайының үлкен болуы
D) кескінделген түзу ұзындығы
E) қабаттасудың түзу ұзындығына қатынасы.
20. Шриф өлшемі (h) немен анықталады:
A) үлкен əріптердін биіктігімен, мм
B) кіші əріптердін биіктігімен, мм
C) кіші əріптердін биіктігімен, см
D) үлкен əріптердін кіші əріптерге қатынасымен
E) кіші əріптердін үлкен əріптерге қатынасымен
21. Сызбадағы өлшем саны қанша болуы тиіс:
A) минимальды
B) əр сызбаға бес өлшемнен
C) мүмкін өлшемдер саны
D) қажетті өлшемдер саны
E) талаптарға тəуелді емес
22. Өлшемдер сан мəнін не анықтайды:
A) нақты өлшемдер
B) кескін
C) сызықтық өлшемдер
D) бұрыштық өлшемдер
E) стандарт өлшемдер
23.Орындалған жазбаларды компьютерде сақтау үшін:
A) «Создать объект» кнопкасын басыныз
B) «Сохранить» кнопкасын басыныз
C) «Сохранить как» кнопкасын басыныз
D) «Сохранить как веб-страницу» кнопкасын басыныз
E) «Создать» кнопкасын басыныз
24. Компактный панелінде нені шақыру үшін ауыстыру кнопкалары орналасады
A) инструментальды панелді
B) арнайы басқарылатын панельді
C) параметризация панелін
D) басқару панелін
E) геометриялық тұрғызулар панелін
25. Терезелерді орналастыру сұлбасы қай менюден тандалады:
A) окно
B) компоновка
C) сервис
D) геометрия
E) калькулятор.
26. Геометриялық объектілерді тұрғызу мен редактілеу команділері қай
кнопкалардың көмегімен шақырылады:
A) компактілі панелде орналасқан
B) арнайы басқару панелінде орналасқан
C) параметризация панелінде орналасқан
D) басқару панелінде орналасқан
E) геометриялық тұрғызулар панелінде орналасқан.
27. Инструментальды панель қайда орналасқан:
A) компактілі панелдін ішінде
B) арнайы басқару панелінде
C) параметризация панелінде
D) басқару панелінде
E) геометриялық тұрғызулар панелінде
28.Басқару элеметтерін қайдан табуға болады
A) свойства панелінен
B) арнайы басқару панелінен
C) параметризация панелінен
D) басқару панелінен
E) геометриялық тұрғызулар панелінен
29. Кесінді параметрлері болып не табылады:
A) оның бастапқы жəне соңғы нүктелер координаты
B) көмекші сызықтар
C) бастапқы нүкте
D) белгілеулер
E) форма
30. Бұрыштық өлшемдер қалай қойылады
A) екі нүктемен
B) екі кесіндімен
C) екі координатамен
D) центр бойынша
E) өстік сызық бойынша
Дұрыс жауаптар коды
Сұрақ №
Дұрыс жауап
Сұрақ №
Дұрыс жауап
Сұрақ №
Дұрыс жауап
1
А
11
А
21
А
2
А
12
А
22
А
3
А
13
А
23
А
4
А
14
А
24
А
5
А
15
А
25
А
6
А
16
А
26
А
7
А
17
А
27
А
8
А
18
А
28
А
9
А
19
А
29
А
10
А
20
А
30
А
2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі.
1.АЖЖ қажеттілігінің пайдаболу себептерін атаңыз?
2.CAPP-жүйесі неге арналған?
3.CAD- жүйесі неге арналған?
4.CAM- жүйесі неге арналған?
5.АЖЖ қандай белгілеріне байланысты классификациялайды?
6.САМ-жүйесінің негізгі функциялары?
7.КИД жасау мақсаты болып не табылады? Оны қандай топтарға бөлуге болады?
8.АЖЖ технологиялық критерилері.
9.PDM дегеніміз не?
10.
Геометриялық моделдеудің ядросы деп нені түсінесіз? Геометриялық
моделдеудің неше ядросы бар жəне оларды атаңыз?
11. Жобалық-конструкторлық іскерліктің нəтижесі болып не табылады?
12. Технологиялық үрдістерді жобалау нəтижесі болып не табылады?
13. Технологиялық құжаттама қандай құжаттардан тұрады?
14. Автоматты жобалауға байланысты технологиялық үрдісті жобалау нені білдіреді?
15. ЧЖүйелі интеграция деп нені түсінесіз?
16. САLS-технологиясы дегеніміз не?
17. STEP- технологиясы дегеніміз не?
18. Машина тетіктерін құрылымдауға қандай АЖЖ бағдарламалары бар?
19. Құю өндірісін моделдеу үшін қандай жүйелер қолданылады?
20. СББ өңдеу үрдісін моделдеу үшін қандай жүйелер қолданылады?
21. Құрлыс жəне архитектура үшін кентараған АЖЖ өнімдерін атаңыз.
22. ISO 9004 стандартына сəйкес бұйымның өмірлік циклының кезеңдері?
23. Өндірісті техникалық дайындауға қандай этаптар жатады?
24. Бұйымның өмірлік циклының қандай этаптарында АЖЖ, АСУП, АСУПР, АСУТП
жəне АСУК қолданылады?
25. АЖЖ технико-экономикалық тиімділігін қалай бағалауға болады?
26. АЖЖ тиімділігінің негізгі факторлары болып не табылады?
27. АЖЖ қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету пəні (ППО САПР).
28. Концептуалды ойдан іске асқанға дейінгі – бұйымды жасаудың толық циклын
қамтамасыз ету.
29. АЖЖ ҚБҚ саласындағы тарихи анықтамалар мен дамудың негізгі бағыттары.
30. АЖЖ ҚБҚ қолданылуы, версиялар, тобы (семейства), бағдарламалық өнімдердің
сызғышы (ПП).
31. Машинажасау саласы үшін CAD/CAM құрылымы.
32. Жеткізу, лицензия мерзімі, техникалық қамтамасыз ету, бағдарламаларды жаңарту.
33. АЖЖ ҚБҚ негізі.
34. Технологиялық құжаттаманың шығуы.
35. АЖЖ ҚБҚ салалық қолдану.
36. АЖЖ БҚ интеграциясы.
37. АЖЖ масштабталуы.
38. АЖЖ бағдарламалық өнімнің жетістіктері.
39. конструкторлық–технологиялық мəліметтерді басқару жəне құжаттарды сақтау.
40. АЖЖ БӨ шоғырланатын операциялық жүйелер.
41. АЖЖ CAD жүйесінің негізгі конфигурациялары.
42. АЖЖ БҚ басқару.
43. Кəсіби RISC – платформаларындағы АЖЖ жүйесінің жұмысы.
44. CAM. Жазық модельдер бойынша СББ-мен өндірісті конструкторлық-
технологиялық дайындау.
45. Кəсіби СISC – платформаларындағы АЖЖ жүйесінің жұмысы.
46. UNIX жүйесіндегі – АЖЖ жүйесінің жұмысы.
47. Windows NT басқарудағы АЖЖ жүйесінің жұмысы.
48. CAD АЖЖ жүйесінің негізгі конфигурациялары.
49. Үшөлшемді модельдеу құралдары. Жазық каркасты, рельефті жəне үшөлшемді
модельдеу.
50. Қатты денелі гибридті модельдеу. Жобалаудың барлық кезеңдерінде толық
ассоциативті қаттыденелі модельді қолдану.
51. Өндірісті дайындау жəне жобалауды автоматтандыру.
52. Кəсіпорынның бəсекелестікке қабілетін арттыру үшін жобалаудың ақпараттық
технологиясын енгізудің əсері.
53. Зауот директорына АЖЖ не үшін қажет?
54. Кəсіпорынға қандай АЖЖ керек?
55. Кешенді бірлік АЖЖ интеграция.
56. АЖЖ бағдарламасымен прототиптерді жылдам жасайтын лзерлі технологиялар.
57. Кəсіпорынның АЖЖ бөлімінің апаратты кешенін ұйымдастыру.
58. АЖЖ жүйесін тарату, енгізу əдісі, даму жетістіктері.
59. Автоматтандыру құралы ретінде АЖЖ жүйесін таңдау.
60. БҚ сатып алу кезіндегі салық.
61. АЖЖ қызыметінің аутсорсингі.
62. АЖЖ лизинг.
63. Рұқсат етілмеген БҚ АЖЖ қолданудың проблемалары.
64. Машинажасау саласына арналған қазіргікездегі АЖЖ өнімдеріне шолу.
65. Металдарды қысыммен өңдеуге қолданылатын əдістер мен АЖЖ өнімдері.
66. Металдарды кесумен өңдеуге қолданылатын əдістер мен АЖЖ өнімдері.
67. Құю өндірісіне қолданылатын əдістер мен АЖЖ өнімдері.
68. АЖЖ енгізудің мақсаттылығын түсіндіру.
69. Үрдістерді модельдеу үшін АЖЖ бағдарламалары.
70. Құю өндірісін модельдеу.
71. ЧПУ-да өңдеу үрдістерін модельдеу.
72. ЧПУ бар білдектерге арналған компьютерлік.
73. EdgeCAM – технологиялық есептерді шешуге арналған аспап.
74. АЖЖ концепциялары.
75. Технологиялық құжаттамаларды ұсыну үлгілері.
76. ӨҚДЖ (СКПП).
77. Жобалау құжаттамаларын ұсыну үлгілері.
78. CAD/CAM/CAE/PDM/PLM/CASE/CALS/MRP
79. MSC Software жүйелері.
80. Бұйымның өмірлік циклы мен инженерлік мəліметтерін басқару жүйесі.
81. Қаңылтыр материалдарды кесудің АЖЖ.
82. Жобалау-құрылымдау құжаттамаларын басқару.
83. Ақпараттық технологияларды өңдеушілер.
84. Нарықтық экономика жағдайындағы басқару технологиясы.
85. Өнеркəсіптің
бəсекеге
қабілеттілігін
арттыруда
жобалаудың
ақпараттық
технологияын енгізу əсері (Влияние внедрения информационных технологий проектирования
на повышение конкурентоспособности промышленности.).
86. Бірыңғай кешенді АЖЖ интеграциялау.
87. PLM жəне ERP талдау.
88. PLM жəне ERP – да шешудің Ресейлік тасымалдаушылары.
89. Өндірісті технологиялық дайындауда автоматтандырылған жүйе не үшін қажет?
90. Құрылымдау жəне технологиялық қызмет кəсіпорындарының қызметшілеріне
арналған бірыңғай ақпараттық кеңістік негіздері.
91. Түпнұсқаларды тез жасаудың лазерлік технологиясы.
92. Үшөлшемді затты жасаудың қабаттық технологиясы.
93. Өндірістік учаскелер мен кəсіпорындарды түгелдей жобалау.
94. АЖЖ/ӨТЖАЖ (АСТПП) бағдарламалық қамтамасыз ету.
95. Өндіріске кəсіпорын өнімдерін енгізу жəне жобалаудың автоматтандырылған
жүйенің кешені.
96. Өнеркəсіптік кəсіпорындардың (ЕИП ПП) бірыңғай ақпараттық кеңістік
концепциялары
97. Базалық негіздегі АЖЖ-СББ жүйелерінің БҚ құрамы.
98. CAD/CAM-жүйесі жұмысының нəтижелерін инструменталды өндірісте пайдалану.
99. Қалып əбзелін жобалау жүйесі.
100.
CAD/CAM-жүйесін шағын сериялы құю өндірісінде қолдану.
97
МАЗМҰНЫ
1.
Пəннің оқу бағдарламасы (SILLABUS)
3
1.1
Оқытушы туралы мағұлымат
3
1.2
Пəн туралы мағұлымат
3
1.3
Пререквизиты
3
1.4
Постреквизиты
3
1.5
Пəннің мақсаты мен міндеті
3
1.6
Тапсырам түрі мен тізімі жəне оларды орындау графигі
4
1.7
Əдебиеттер тізімі
4
1.8
Білімді бақылау мен бағалау
7
1.9
Модуль бойынша бақылау мен аралық аттестация бойынша сұрақтар
тізімі
8
1.10
Курс саясаты мен процедурасы
9
2
Белсенті-үлестіру материалдарының мазмұны
10
2.1
Курстын тақырыптық жоспары
10
2.2
Дəрістік сабақтардың конспектісі
Дəріс 1
11
Дəріс 2
15
Дəріс 3
21
Дəріс 4
25
Дəріс 5
29
Дəріс 6
35
Дəріс 7
41
Дəріс 8
44
Дəріс 9
49
Дəріс 10
54
Дəріс 11
58
Дəріс 12
62
Дəріс 13
66
Дəріс 14
71
Дəріс 15
77
2.3
Зертханалық сабақтардың жоспары
87
2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (СӨЖ)
89
2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары
(СОӨЖ)
90
2.6 Өзіндік бақылауға тестік тапсырма
91
2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
94
Мазмұны
97
.
98
Выходные сведения
УМК ДС обсужден на заседании кафедры «Стан-
костроения, материаловедения и технология машино-
строительного производства»
«_1_» сентября_ 2008 г. Протокол № 1
УМК ДС одобрен на заседании учебно-
методического Совета института машиностроения
«23 » октября 2008 г Протокол № 1
СЫЗДЫҚБЕКОВ Н.Т.
«Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолданбалы бағдарламалық
қамтамасыз ету» пəні бойынша
050712 «Машинажасау» мамандығына арналған
ОҚУ- ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
.
Подписано в печать___.___.200___г. Формат 60x84 1/16. Бумага книжно-журнальная.
Объем ____ уч.-изд.л. Тираж_____ зкз. Заказ № ________
Отпечатано в типографии издательства КазНТУ имени К.И.Сатпаева г. Алматы, ул.Ладыгина, 32
Document Outline - Жұмыс тақырыбы
- Жұмыс тақырыбы
- Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі неге керек? Қазіргі уақытта кәсіпорынның бәсекелестігін қамтамасыз етудің ең басты бағыты өндірілетін бұйым өндірісін технологиялық дайындаудың (ӨТД) тиімділігін арттыруды көтеру болып табылады. ӨТД мақсаты бұйымды тапсырыс берушінің немесе берілген топтағы рыноктың талаптарына сәйкес бұйымды дайындаудың технологиялық дайындығын қор мен берілген мерзім бойынша тиімді дайындау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |