Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Кəсіпорын қызметін PLM қалай өзгертеді?



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кəсіпорын қызметін PLM қалай өзгертеді?

PLM жүйелер –бұл келесілер үшін берік қор:

●ұйымдар  арасында  жəне  бұйымның  өміршеңдік  айналымының  əр  кезеңіндегі

байланыстың тиімділігі;

●сіздердің бұйымдарыңыздан жалпы кірістің көбеюі;

●əртүрлі ақпараттық қажеттілікке жауап беретін деректер қорын біртұтас ету.

PLM өндіруші кəсіпорын келесі мүмкіндіктерге ие:

●бұйымның қызмет ету мерзімін ұзарту есебінен инновациядан кірісті көбейту;

● алға қойылған мақсаттың орындалуын қадағалау жəне қиын үрдістерді жеңілдету;

●  жобалық  шешімдерді  қайта  қолдану  есебінен  өзіндік  құнын  төмендету  жəне

тиімділікті жоғарлату;

  ● шешім қабылдаудың комплекстік процесті қамтамасыз ету үшін орындаушылар мен

əртүрлі жүйелерді байланыстыру.

Осы заманғы PLM шешімдердің кемшіліктері

Өнеркəсіптік  өнімнің  өміршеңдік  айналымын  тұтастай  немесе  жекелей  қуаттауды

қамтамасыз ететін PLM- шешімнің ресейлік жəне шетелдік бағдарламалық дестелердің үлкен

саны  бүгін  ұсынылады. Бірақ  өндірістік  кəсіпорынның  өндірімділік  қызметінде  іс  жүзінде

қолданысын  күдікті  ететін  олардың  барлығына  сипатты  жүйелік  кемшіліктердің  салмақты

қатары сипатты.



Өндірістің өнеркəсіптік əдісі

Бəрінен  бұрын  еске  түсірейік, өнеркəсіптік  өндіріс  туралы  əңгіме  болуда, яғни  өнімді

өнеркəсіптік  əдіспен  өндіруші  кəсіпорын  туралы. Бұның  мəні  неде? Қысқаша  айтқанда,

өндірістің өнеркəсіптік əдісі ұйғарғандай, тиісті кəсіпорында кəсіпорынның ағымдағы күйінің

барлық  мүмкін  өзгерулері: материал  мен  құрал – жабдықтарды  жеткізушілердің  ауысымы,

өндірістік технологияның өзгеруі, кадрлер мен басқалардың аумалылығы кезінде өнімді дəл

қат  –  қабат  өндіруге  кепілдік  беретін  механизм  құрылған.  Өндірістің  өнеркəсіптік  əдісі


кезінде өндірісте бір өнеркəсіптік кəсіпорыннан өнімді келесіге тасу осы кəсіпорын шегінде

кез – келген  бұйымды  дайындау  бір  станоктан  келесіге  көшіруден  қиын  болмау  қажет.

«Өнеркəсіптік » термині шығарылған өнімнің мөлшерін білдіреді. Құрастыру секілді өнімнің

өндірістік  сапасы  мен  жылдамдығы  бірінші  кезекте  конструктор, технолог  немесе

жұмысшының тəжірибесіне жəне біліктілігіне тəуелді.

Кəсіпорынның  бас  конструкторы  немесе  бас  технологының  есебі  өндірісте  бұйымды

шығаруға  технологияның  немесе  конструкторлық  жөнделмеген  құжаттарға  қол  қойған/

мақұлдаған  жəне  өндірілуші  бұйымның  конструкциясы  технологиялық  емес  немесе  оның

өндірісіне  құрылған  технологиясы  жоспарланған  білікті  өндірістік  персоналдар  бар  құрал –

жабдықтарда іске аспайды. Демек, өнеркəсіптік кəсіпорында жоғары білікті маманның болуы

кəсіпорынның ең қымбат қор болып табылады, бірақ оның орны сериялық емес, тəжірибелік

өндірісте. Осындай  жоғары  білікті  маман  өнімнің  тəжірибелік  нұсқасын  дайындау  кезінде

конструкцияның жəне өндірістік технологиялық барлық кемшіліктерін аңғаруға қабілетті.

Қайталанушылық, жарамдылық 

бақылау, стандартизация, қалыптандыру,

орындаушының  өзіндік  қасиеттерінен  тəуелсіздік, өндірісті  болжау  жəне  т.б. кепілдікті

қамтамасыз  ететін, яғни, оны  қолөнерден  айыратын, өнімнің  өнеркəсіптік  мінездемелері

өндірістік  үрдісті  құру  жəне  өндірістің  өнеркəсіптік  əдісі  түсіндіреді.  Сондықтан

жоғарыдағы  барлық  аталған  мінездемелер  өнімнің  өзіне  ғана  қатысты  болғандай, сонымен

қатар оны жобалау жəне өндірістің технологиялық үрдістеріне де қатысты. Яғни өнеркəсіптік

кəсіпорын үшін  PLM – шешімдер өнімнің өндірісінің өнеркəсіптік əдісін қолдауға міндетті,

демек өнім мен оны құру үрдісі: жобалау, конструкторлеу, үлгілеу, өндірісті дайындау жəне

сынау  жəне  т.б. өнімнің  негізгі  басында  келтірілген  мінездемелерді  қолдауға  міндетті.

Өкінішке  орай,    өндірістік  тəжірибе  кəсіпорындарда  бар    нарықта  көптеген  келтірілген  осы

сыныптас  жүйелер жəне кəсіпшілік немесе  көркемдік өндірістің тиімсіз нашар  қалыптанған

процедураларын автоматтандырады.

Отандық  өнеркəсіптік  кəсіпорындарда  дегенмен  өндіріс  құрылымы  мен  сəйкес

технологиялар  бір – бірінен  айырмашылығы  айтарлықтай (шетелдік  баламаларына  мүлдем

сəйкес келмейді), отандық кəсіпорын үшін өндірістің біртұтас үлгісін құру, біздің өнеркəсіпте

батыс  үлгісі  негізіндегі PLM- технологияны  енгізу  тіпті  мүмкін  емес. Сондықтан  көптеген

басым шетелдік PLM – шешімдер, сонымен қатар əлемге əйгілі UGS компаниясының  Team

Center Engineering дестесі цехтық экономистердің, технологтардың жəне нормалаушылардың

беретін  құжаттарынан  жүйеге  енгізілген  өндірістік  шығындар  туралы  субъективті  бастапқы

деректермен  операциялайды. Шетелдік  құрушылардың   PLM – шешімдерін  қолданушы

кəсіпорындарда  өндірістің  барлық  жоспарлау  жəне  басқару  қызметі  бақыланатын  жəне

тиімділендірілетін  кəсіпорын  қызметкерлерінен  дəлелдеусіз  алынған «орта  төбелік»

өндірістік  деректермен  негізделеді. Сондықтан  жауапты  отандық  өндірістік  кəсіпорындарда

осындай   PLM – шешімдермен параллель өндірісте өнімді құру жəне қоюшы (ӨҚҚАЖ) осы

заманғы  автоматтандырылған  жүйелер, сонымен  қатар  өнім  туралы  толық  ақпаратты

жинайды (мысалы, бұйымның бөлшектері мен түйіндері кіретін барлық, сондай – ақ барлық

технологиялық  үрдісте, дайындауда, құрал – жабдық  өндірісінде  жəне  құру  кезінде

қолданылатын), сондықтан өнімді құру жəне өндірісі үшін қажетті қорлардың барлық түрлері

туралы нақты деректердің  толықтығы  мен нақтылығы  ӨҚҚАЖ  бір немесе келесі дестесінің

тарату  əдебінен  жəне  өнеркəсіптік  кəсіпорынның  өндірістік  үрдістерінің  оның  негізінде

жатқан үлгісіне тəуелді.

Негізгі əдебиет: [69-76],[77](436-459б.)

Бақылау сұрақтары:

1. Физикалық үлгілеуді  қиын  конструкторлардағы сандық макеттеу (Digital mock-up,

DMU) технологиясын  қолданумен  бөлшектің  физикалық  жəне  логикалық  сипаттамасын

біріктіруді қамтамасыз ететін сандық əдіске ауыстыруды түсіндіріңіз.

2. Осы заманғы PLM- шешімдердің кемшіліктері қандай ?


3. ALM  (Application  Lifecycle  Mangement  -  қосымшаның  өміршеңдік  айналымын

басқару) жəне  ILM ( Information Lifecycle Management – ақпараттың өмір сүру айналымын

басқару) технологияларының айырмашылығы неде?

4. CALS –технологиясының концепциялары.

5. НУМ – СНШ (нақты уақыт масштабында сандық негізделген шешімдерді қабылдау

тəсілдері технологиясына түсінік беріңіз.



6 Дəріс  Тақырыбы: Өнеркəсіптік  кəсіпорында  ақпаратты  ауыстыру  жəне

электрондық құжатайналым технологиясы

Кəсіпорындарда автоматтандырылған жобалау жүйелері – АЖЖ программалар əртүрлі

өңдірушілерден (өндірісті  конструкторлық  жəне  технологиялық  дайындау) қолдануға

болады. Бұл  АЖЖ  спектрі  айтарлықтай  кең, олардың  барлығы  кəсіпорынның  нақты

сұрақтарына жауап береді.

Осындай  жағдайдың  кемшілігі  АЖЖ  аталған  əрбір  өзінің  құрылған  деректер  қорын

қолданады. Мұндай  жағдайда  құжатайналымы  жүйесіне  электрондық  құжаттар (үлгілер,

карталар, сызбалар  жəне  т.б.) бір  жүйеден  келесі  жүйеге  өткен  кезде  бұйым  туралы

ақпараттың  бөлігі  берілмей  қалады  деген қауіп бар. Іс  жүзінде платформа тəуелсіз болатын

деректер  қоры  жоқ  жəне  бұйымды  жобалауға  арналған  секілді, сондай-ақ, қаржыны

қаржылық-экономикалық  есептермен  кез  келген  өндірістік  жүйемен  жинақталуы  мүмкін.

Терминологиялық  жаңылысқа «деректер  қоры » жəне «білім  базасы» түсінігі  айналасында

нақтылық енгізу керек.

«Деректер  қоры» термині  орыс  тіліндегі  əдебиеттерде  қазіргі  уақытта  кең  тараған

Database ағылшын  сөзінен « калька» - сөзбе – сөз  аударымы  болып  табылады. Кез  келген

ақпарат  терімінің  ақпараттық  технологиясына  қолданылуын  көрсетеді. Айтпақшы  ширек

ғасыр  бұрын  ағылшын  əдебиетінде  орыс  аудармасының  тікелей  мəндік  прототипі – Dataset

термині – деректер терімі. Бүгінгі күні «деректер қоры» термині нақтыланған жəне біртұтас

кез  келген  типті  ақпараттық  терімін  белгілейді. Бірақ  та  көптеген  жағдайда  деректер  қоры

ақпаратының  астарынан  бір  іс-əрекеттің: жинақталу, өңдеулер, сақтау  немесе  жіберу

объектісі болып табылатын ақпарат деп ұғуға болады.

Кей  жағдайда, бір  объектіде  кез  келген  іс-қимыл  жүретін  алгоритмдер  немесе  ереже

болып  табылатын  деректер  қорының  ақпараты, осы  ақпарат  үшін «білім» термині

қолданылады, осы мамандандырылған ақпараттық деректер қоры үшін арнайы термин «білім

қоры» қолданылады,  ол  өз  кезегінде  ағылшын  тіліндегі «Knowledge base»  терминінен

«калька» болады. Осы  терімдер  ережесінде  сақталған  ақпараттың  мамандандырылған

мінездемесін  көрсететін  деректер  қорының  жеке  түрі  болады  жəне  соған  сəйкес

«объектілермен» - деректермен  типтік  операциямен  ерекшеленетін  осы  ақпараттың

«білімнің» өңдеудің бірнеше толықтаушы мамандандырылған түрі. Қалғандарында «білімді»

беру  немесе  сақтау, жинақтау  тəсілдері «деректер» манипуляциясының  тəсілдерінен

айырмашылығы жоқ. Тəжірибелік ұқсастық ұғымында болашақта «білім қоры» терминін тек

 PLM шешімі – жекелей  ережелерді, алгоритмдерді  жəне  ақпараттық  сəйкес  телімдерінің

кейбір операцияларын орындау тəсілдерін манипуляция жасау бөлігінде ұқсас мүмкіндіктерді

өзгешелеу  үшін  қолданылады. Басқа  барлық  жағдайда  ақпараттық  қойма  белгілеу  кезінде

жалпы қабылданған «деректер қорын» қолданамыз.

Конструкторлық ақпаратты басқару

Конструкторлық  ақпаратты  басқарудың  бағыныңқы  жүйелері  келесілерді  қамтамасыз

етеді:

●бұйымның электрондық құрылымын енгізу (МЕСТ 2.053-2006),



●электрондық құжаттарды басқару( МЕСТ 2.051-2006),

● орындалуды құру жəне редакциялау,

●жобада бірнеше маманның жұмысын ұжымдандыру

●сақтандырылған электрондық файлдық архив құру жəне енгізу,

●қатынау құқығын шектеу,


●өзгеріс туралы хабарлаудың өзектілігін автоматты тексеру,

Материалдар мен басқа да бұйымдардың шектелген стандарттық тізбесімен жұмыс.

Сурет 6.1 Бұйымның құрылымының терезесі жəне интерфейс

Өндірісті автоматтандыру бойынша деректерді басқару жүйесіне келесілер кіруі мүмкін:

●өзгерістерді басқару;

●конструкторлық – технологиялық құжаттардың архиві;

● кепілдендірілген жəне сатып алынған бұйымдар мен материалдар тізбегін басқару;

●бұйымды конфигурациялау;

●бұйымның технологиялық сызбасын пішімдеу;

● тапсырыс алу;

●технологиялық бірізділікті енгізу;

●технологиялық үрдістерді жобалау;

● бұйым құрамын енгізу;

● мөлшерлеуді есептеу.

Бұйымның  құрылым  терезесі (6.1 сурет) жүйеде  конструкторлық  жұмыстың  орны

орталық  бөлік  болып  табылады, мұнда  бұйымның  құрамын  басқару  бойынша  негізгі

қимылдар  көзделген, орындауды  құру, есептерді  пішіндеу  жəне  т.б. Терезе  үш  аймаққа

бөлінген. Терезенің  сол  жақ  бөлігінде  бұйым  құрылымының  ағашы  бар, онда  əсіресе

қапшықтар, жинақталған  бөліктер, кешендер  жəне  құралғыштар  мен  кей  жағдайда  басқа

түрдің  элементтері  бейнеленеді. Оң  жақ  жоғарыда  біртұтас  конструкторлық  сиптаттізімнің

түріне  келетін  элемент  ағашында  сол  жағынан  бөлінген  құрам  бейнесі  орналасқан. Оң  жақ

төменде қасиеттердің бейнесіне, құжаттар мен файлдарға, мүмкін алмастыруға жауап беретін

үш  бетбелгі  орналасқан. Кез  келген  дайындалып  жатқан  бұйымды  иерархиялық  құрылым

(ағаш) ретінде көрсетуге болады. Мұнда тамыр есебінде бұйымның өзін алуға, ал иерархияны

құраушы элементтер ретінде – оның  құрамдық бөліктерін  алуға  болады. Бұйым құрамының

ағашында кез келген бұйым сипатталған элементтер ғана бейнеленген осындай иерархиялық

құрылым ретінде көрсетіледі.

Құрамды біртұтас спецификация түрінде бейнелеу


Терезенің  негізгі  көрінісінің  оң  жақ  бөлігінде  ағаш  элементінің  бөлінген  бейнесі

біртұтас  конструкторлық  сипатына  жақындатылған  кесте  ретінде  көрсетілген. Бейне  келесі

өрістер тізімімен көрсетілген:

●формат – негізгі конструкторлық құжаттың пішіні;

●аймақ – сызбадағы аймақ;

● позиция – сызбадағы позиция;

●белгілену – элементтің белгіленуі;

●аталуы – элементтің аталуы;

● саны – элементтің саны;

●өлшем бірлігі – өлшем бірлігінің саны;

●ескерту – ескерту өрісі;

● позициялық белгілену – сызбадағы позициялық белгілену өрісі.

Осы  аймақтағы  навигация  пернетақта  немесе  маус  көмегімен  жүзеге  асады, маусты

бөлінген  элементте  екі  рет  басқан  кезде  жүйе  төменгі  дəрежеге  өтіп, бөлінген  элемент

құрамын бейнелейді.

Құжатайналымы

Бұл  модуль  электрондық  құжаттармен  ұйымдық  жұмысқа  арналған  функционалдық

мүмкіндіктер блогының жүйесіне толықтай жинақталған болып табылады. Барлық кешеннің

жақтауында  оның  негізгі  қызметі  ерікті  тиімді  электрондық  құжаттармен  оларға  қатысты

жүйенің  əртүрлі  объектілердің  ақпаратын  толықтыру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  болып

табылады. Сонымен қатар модуль электрондық құжаттардың орталықтандырылған қорғалған

архивін  құру  үшін  кəсіпорынның  бөлімшесі, сондай-ақ  құжатайналым  ұйымының  жəне

электрондық  құжаттардың  өміршеңдік  айналымын  басқару  амалы  болып  қолданылуы

мүмкін.  Негізгі мүмкіндіктер:

- Электрондық  құжаттардың  жалпы  қорғалған  құрылымдық  архивін  құру, құжатқа

қатынау құқығын үлестіру;

- Құжаттардың картотекасын енгізу;

- Тез іздеу жəне əртүрлі шамалары бойынша құжаттарды таңдамалау;

- Құжаттар нұсқасымен жұмысты қолдау;

- ТПП  жүйесінің  АЖЖ  басқа  модулдері  мен  бұйым  туралы  ақпараттарды  басқару

жүйесімен толық жинақтау;

- Архивте  тиісті  электрондық  құжаттармен  жұмыс  істейтін  жүйемен  объектілердің

байланыс мүмкіндіктері;

- АЖЖ жүйелерінің (желі, бөлшек жəне т.б.) бір объектісі құжаттардың ерікті санымен

байланысты, сол  сияқты  бір  құжат  көптеген  объектерге  қатысты  болуы  мүмкін. Мысалы

жинақтау  бірлігі  үшін  архивте  оның  жинақ  сызбасы, техникалық  паспорты, сүйемелдеуші

құжаттама жəне электрондық үлгі сақталады. Бір уақытта осы сүйемелдеуші құжаттамасы бір

бұйымның басқа тораптарының қатарына қатысты жəне олармен байланысты.

- Оның  бөлімдерін  сақтаудың  əртүрлі  физикалық  жабдықтарға  орналастыру

мүмкіндігімен біртұтас архивтің ерікті құрылымын құру;

- Ерікті форматты файлды архивте сақтау, бағдарламаны – өңдеушілерді баптау;

-  Жүйеде  қолданылған  құжат  түрлерін  жəне  құжаттың  əртүрі  үшін  файлдың  мүмкін

типін  баптау. Мысалы, «сызба» түріндегі  барлық  құжаттар  жүйемен  бірдей  өңделеді, бірақ

əртүрлі сызбалар ADEM, Solid Edge, Solid CAM, Inventor, AutoCAD жəне кез –келген басқа

қосымшаларда орындалуы мүмкін;

-

Көпфайлдық  пен  құрамында (əртүрлі  пішінді  файлдары  бар) жəне  көпбеттік



құжаттармен жұмыстарды қолдау;

-

Құжаттардың мүмкін жағдайын баптау, оның жағдайына тəуелді құжаттармен жұмыс



істеуге құқық, құжаттың жағдайын өзгерту ережелері;

-

Белгіленген түрдегі құжаттың өту маршрутын белгілеу;



-

Міндеттерін  көрсетумен  түрлі  атрибуттарды  толтырумен  құжаттар  карточкасын

ақпараттық толтыру жəне түрлерін баптау.


CAD жүйелермен жинақтау

«Solid Edge»,  «Solid Works»,  «Autodesk Inventor»,  «Autodesk Autocad», «КОМПАС»

жəне т.б. сол сияқты  CAD- жүйелермен инварианттық жұмыс қамтамасыз етіледі. Сондай –

ақ  CAD – жүйелерде құрылған құжаттардан объектер туралы ақпараттардың деректер қорын

импорттау.  CAD- жүйелерінің құжаттарын ассоциативті ашу топтық сызбалармен мүлтіксіз

жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді. Жүйе  электрондық  күйдегі  механизмді  қолдайды, ол

өміршеңдік  айналымының  барлық  сатыларында  бұйыммен  жұмыс  істеуді  қадағалауға

мүмкіндік  береді. МЕСТ 2.102 сəйкес  қатталған  көптеген  конструкторлық  есептер  əртүрлі

ақпартізімдерді, əртүрлі  типтегі  бірлік  жəне  топтық  ерекшеліктерді  қалыптастыруға

мүмкіндік  береді. Бұйым  құрамындағы  мүмкін  алмасулармен  жəне  тексерістермен  жұмыс

істеу  бұйымды  дайындаудың  түрлі  нұсқаларын  дамытуға, бұйым  конфигурациясын  құруға,

бұйымдарда болып жатқан өзгерістерді көрнекті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.



Технологиялық деректерді жəне технологиялық ақпараттарды басқару

Технологиялық ақпараттарды басқарудың бағыныңқы жүйелері келесілерді қамтамасыз

етеді:

●цехаралық бірізділікті енгізу;



●бірлік бірізді енгізу;

●өндірістің əр түрлерінің топтық жəне типтік технологиялық үрдістерін енгізу.

Жүйеге 

құрамдас 



технологиялық 

деректерді 

толтырудың 

дұрыстығының

диагностикалық құралы (6.2 сурет) құрал-жабдықты қолданудың дұрыстығын, еңбектік жəне

материалдық  қалып  бойынша  тексерілген  ақпаратты  есептік  жүйеде  қолдануға  мүмкіндік

береді.

Сурет 6.2- технологиялық деректерді толтыру қалыбы



Жүйе  технологиялық  МЕСТ- қа  сəйкес  технологиялық  дайындықты  жүргізуге

мүмкіндік  бергендей, цехаралық – бірізділік  картаны  қолдануға  негізделген  кіші

кəсіпорындар  үшін  де  осы  заманғы  иілгіш  технологияны  жүргізуге  мүмкіндік  береді.

Технологиялық дайындықты автоматтандыру құрамына өндірістің əр түрінің технологиялық

карталары  кіреді. Мөлшерлеудің  құрамдас  жүйелері  жалпы  машина  жасау  нормативтеріне


негізделгендей, қолданушылық  мөлшерлік  картасына  негізделген  еңбек  жəне  материалдық

мөлшерлерді  есептеуге мүмкіндік береді. Құрамдас конструкторлы-технологиялық анықтама

технологиялық жабдықтау құрамының, негізгі жəне қосымша материалдардың сыныпталуын

жүргізуге мүмкіндік береді.



Технологиялық бірізділік

Технологиялық  бірізділік  технологиялық  бағыныңқы  жүйенің  негізгі  элементтерінің

бірі болып табылады. Олар бір жағынан цехтандыруды, келесі жағынан бұйымды жасаудың

бірізділік  технологиясын  сипаттайды. Технологиялық  бірізділік  барлық  дайындалушы

бұйымға  құрылады  жəне  əр  пункте  орындалатын  операциялардың  тізімімен  маршрут

пунктерінің  жиынтығын  көрсетеді. Маршрут  пунктін  бұйым  құрамының  элементтері

өңдеуден, сақтаудан, тексеруден жəне басқалардан өтуі бөлімін анықтайды.

Келесілердің  тізімі  пунктың  анықталған  тəртібінде  бірізділік  немесе  цехаралықты

түзеді. Пунктердің  тізбектілігі  əр  бөлімде  бұйымның  өңделу  тізбектілігімен  сəйкес  келеді.

Маршруттың  əр  пунктерінде  бұйым  құрамының  элементінде  технологиялық  үрдістерде

тапсырылған технологиялық операциясының жиынтығы орындалады. Операциялар маршрут

пунктерінің жиынтығы дайындаудың бірізділік технологиясын сипаттайды.

6.3 Сурет –бұйымды дайындаудың бірізділік технологиясының терезесі

Бұйым  бірнеше  дайындық  бірізділігіне  ие  болуы  мүмкін, ол  бірізділік  тізімінде

бейнеленеді. Технологиялық  үрдістер  бірізділікке  тиісті  бетбелгіде  қосылады. Жаңа

операцияны қосу пернесін басқан кезде бірізділік пунктте опрацияны онда берілген пунктке

сəйкес  өңдеу  амалына  ие  технологиялық  үрдістер  мен  операциялар  бар  таңдау  терезесі

ашылады.  Бірізділік  пунктін  құру  жəне  оларға  операцияны  қосу  технологиялық  үрдіс

деректерінің  негізінде  автоматтандыру  мүмкін. Бұл  үшін  технологиялық  үрдістер

бетбелгісінде технологиялық  үрдістерді бірізділеу пернесі орналасқан. Бірізділеуді орындау

кезінде операциялар қосылған біріз пунктері автоматты түрде құрылады.

Технологиялық үрдістер мен операциялар

Технологиялық  үрдістер  мен  операциялар  арнайы  иерархиялық  анықтамаларда

топталған. Технологиялық  үрдістер  анықтамасы  типтік, топтық  жəне  бірлік  технологиялық

үрдістер топтамасы болып табылады. Ол ағаш тəрізді ұйымдастырылған, онда технологиялық

үрдістер сыныпталуы қапшықтар түрінде құралған.


Кез  келген  технологиялық  үрдіс “Жалпы” бетбелгісінде  көрсетілген  белгілі  қасеттер

жинағын бейнелейді. Технологиялық үрдістің маңызды қасиеттері “Өңдеу тəсілі”, “Белгілеу”

жəне  “Тақырыбы”  болып  табылады.  “Өңдеу  тəсілі”  қасиеті  осы  технологиялық  үрдіс

бойынша өңдеу тəсілінің артықшылықтарын көрсетеді.

6.3 –сурет – Технологиялық үрдістер мен жүрістердің материалды өлшемдерін есептеу.

Бұл қасиет технологиялық үрдіс ішіндегі операцияларға шектеу қоймайды, бірақта бұл

нұсқама  қалыпты  бірізділікпен  жүру  үшін  міндетті  болып  саналады. Технологиялық  үрдіс

операциялардың рет номерімен сипатталатын операциялар жинағынан тұрады. Технолгиялық



үрдіске операциялар  қосылған  жағдайда бөлім, жабдық  жəне орындалу  уақыты көрсетіледі.

Кез  келген  операция  үшін  əрекеттерді, мамандықты  пен  нобайды  көрсету  мүмкіндігі  бар.

Технологиялық  үрдістерді  сақтау  үшін  арнайыландырылған «Технологиялық  операция»

анықтамасы  қарастырылған. Анықтамадағы  əрбір  операция  белгіліленген  папкада  болады.

Папкалардың  жиынтығы  операциялардың  топтарын  түзеді. Кез  келген  операция  басқа

операциялардан  ерекшеленетін  түрімен  сипатталады. Бір  түрдің  ішінде  операция  əртүрлі

нұсқалармен  ерекшеленеді. Операциялардың  нұсқалары  бір  түрдегі  операция  кезіндегі

əртүрлі  қосалқы  материалдарды, жабдықтау  құралдарын  немесе  басқа  шамаларды

қарастырады. Кез келген операцияда қолданылуы мүмкін болатын қосалқы материалдар мен

жабдықтау  құралдарының  жинағы  болады. Технологиялық  үрдіс  əрекетінде  материалды

немесе технологиялық жабдықтау құралдарын (ТЖҚ) таңдау кезінде шектеуші таңдау тізімі,

яғни əрекетке қарасты тізім шығады.



Технологиялық үрдістегі шамаларды есептеу

Жүйедегі  материалдық  жəне  еңбек  шамаларын  есептеу  материал  шығынының

шамасына  жəне  дайындаушы-қорытынды  уақытқа, технологиялық  үрдіске  жəне  аумақты

даналық  толтыру  кезіндегі  бірізділікке  байланысты  ғана  мүмкін  болады. Технологиялық

үрдіс анықтамасымен  жұмыс  кезінде міндетті  түрде  ашу батырмасын басу арқылы  даналық

немесе дайындаушы-қорытынды уақытты көрсету керек. Егерде уақыттың шамасы алдын ала

есептелген  болса, онда  шамалары  бар  белгіленген  карта  ашылады. Егерде  есеп  алдын  ала

жүргізілмесе, онда белгілі картаны көрсетуді қажет ететін картаны таңдау терезесі ашылады.



Негізгі əдебиеттер: [11]

Бақылау сұрақтары:

1. Технологиялық үрдістегі уақыт шамасы қалай есептелінеді?

2. Технологиялық ақпараттарды басқаруды қалай жүргізуге болады?

3. САМ-жүйесі мен CADжүйесінің интеграциясы.

4. Бұйымдардың негізгі құрамын суреттеп беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет