Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Негізгі əдебиеттер [64](12-15 б.)[65],[66]

Бақылау сұрақтары:

1. Масштаб бойынша CAD/CAM/CAE жүйелерінің бөлімдері.

2. CAPP/CAD/CAM – жүйелері неге арналған?

3. Техникалық объекті жобалау деген не?

4. Автоматтандырылған жобалау деген не? Жүйелік əдістеменің мақсаты қандай ?

2 Дəріс  Тақырыбы: (CAD/CAM/CAE/PDM/PLM/CASE/CALS/MRP) тапсырмасы

бойынша АЖЖ сыныпталуы



АЖЖ алуан түрлілігі

АЖЖ  сыныпталуы  бірнеше  таңбалар  бойынша, мысалы, қосымшасы  бойынша

мақсаттың белгіленуі, масштабы (шешілетін тапсырмалардың кешені), АЖЖ геометриялық

ядросының  математикалық  үлгіленуі – негізгі  жүйелердің  сипаттамасы  бойынша  жүзеге

асады.

Тапсырмалар бойынша сыныпталу:

Автоматты жобалау

► Инженерлік талдау

► СББ бар білдектерді басқару

► Өндірісті техникалық дайындау

► CAD/ CAM/CAE кешенді жүйелер

► Ізденіс жəне топография

► Генжоба, транспорт, геоинженерия

► Архитектура

► Құрылыстық конструкциялар

► Технология

► КИП жəне А



► Инженерлік коммуникациялар

► ГИС – технологиялар

► Intranet/ Internet желісіндегі ГИС технологиялар

► ГИС үшін ұялы шешімдер



Жобалау  жұмыстарын  автоматтандыру  жүйелері (АЖЖ) немесе Computer Aided

Design – CAD (ағылшын) немесе  жобалауды  жүзеге  асыратын  инженерлерге,

архитекторларға  жəне  басқа  да  мамандарға  көмектесетін  компьютерлік  құралдардың  кең

спектрін  көрсету үшін  қолданылатын  компьютерлік терминдер көмегімен жобалау. CAD –

бағдарламалық  десте, ол  сызбаларды, конструкторлық  жəне  немесе  технологиялық

құжаттама  жəне немесе 3D үлгілерін  жасауға  арналған. Осы  заманғы  автоматтандырылған

жобалау жүйелері (CAD) инженерлік есептеулер жүйесі жəне талдауының САЕ (Computer –

aided engineering) қосылуымен  əдетте  қолданылады. CAD – жүйелерінен мəліметтерді  СББ

бар  немесе  ГАПС  (иілгіш  автоматтандырылған  өндірістік  жүйелер)  білдектері  үшін

бөлшектерді  өңдеуді  автоматтандырылған  бағдарламасын  құру  САМ (Computer – aided

manufacturing) жүйесіне беріледі.

1. Жалпы  машина  жасау  саласында  қолдану  үшін  АЖЖ. Оларды  көбінесе  машина

жасау АЖЖ немесе MCAD (Mechanical CAD) жүйелері деп атайды.

2. Радиоэлектроника  үшін  АЖЖ. Оларды – ECAD (Electronic CAD) немесе EDA

(Electronic Design Automation) жүйелер деп атайды.

3. Архитектура жəне құрылыс аймағында АЖЖ – (AEC CAD).

Сонымен  қатар  мамандандырылған  АЖЖ  немесе  көрсетілген  топтарға  бөлінуден

немесе сыныпталудың өзіндік бұтасын көрсетуінің көптеген түрі мəлім. Мұндай жүйелердің

мысалы  болып (БИС) үлкен  жинақталған  жобадағы  АЖЖ; ұшу  аппараттарының  АЖЖ;

электрлік  машиналардың  АЖЖ  табылады. Мақсаттық  белгілену  бойынша  АЖЖ  немесе

жобалаудың түрлі аспектілерін қамтамасыз ететін АЖЖ жүйешелері ажыратылады. MCAD

құрамында  CAE/CAD/CAM –жүйелері пайда болады:

4. Қызметтік  жобалаудағы  АЖЖ, былайша  айтқанда  АЖЖ-Ф  немесе CAE (Computer

Aided Engineering) жүйелер;

5. Жалпы машина жасаудың конструкторлық АЖЖ – оларды АЖЖ-К, көбінесе MCAD

– жүйелер деп атайды.

Бүгінгі  күні  бағдарламамен  қамтамасыз  ету  нарығында  мүмкіндігі  жəне  құны

бойынша ерекшеленетін автоматтық жобалау жүйесінің (АЖЖ) 1500 астам түрі бар. Əрине,

бұл əртүрлілікте тұспалдау үшін десте қандай қызметтерге ие жəне қандай мақсатта қолдану

жобаланғаны  туралы  нақты  көрсетілімдер  болу  керек.  Техникалық  объекті  жобалау  –  əлі

жоқ объектің көрсетілген пішіндегі үлгісін құру, табу болып табылады. Жобалау құрамына

техникалық  ұсынысын  құру  жəне  техникалық  тапсырмасы (ТТ), осы  қажеттіліктерді

бейнелеу  жəне  жобалық  құжаттама  ретінде  ТТ  жүзеге  асыру  жатады. Əдетте  ТТ  бірнеше

құжат  түрінде  ұсынылады, ол  объектің  бастапқы  сипаттамасы  жəне  жобалаудың  бастапқы

нүктесі  болып  табылады. Жобалау  нəтижесі  берілген  шарттарға  ие  құжаттаманың  толық

кешенінің қызмет етуі болып табылады. Қысқаша айтқанда, жобалау – конструкторлық жəне

есептік, зерттеу  жұмыстарының  жиынтығын  орындау  негізінде  қорытындылық

сипаттамасында  объектінің  бастапқы  сипаттамасының  өзгеруімен  жəне  алынуымен

қорытындыланатын үрдіс.

Барлық  жобалау  шешімін  немесе  олардың  бөлігін  адамның  жəне  ЭВМ  қатысуымен

жобалауды  автоматтандырылған  деп  атайды. Жобалаудың тапсырмасы, мысалы, конструк-

ция немесе машина немесе бағдарламамен қамтамасыз етуді жобалау болып табылады. Жо-

балау/конструкторлау тапсырмасы – инженерлік іскерлік объектісі. Бір жағдайда оны инже-

нер – жобалаушы/ конструктор, ал келесі жағдайда инженер – программист/ жүйе жасаушы

техник орындайды.

Инженерлік  қызметтің  мазмұны  бұйымның  өмір  сүру  циклын  іске  асыруды

қамтамасыз  етумен  байланысты. ISO9004 стандартына  сəйкес  бұйымның  өмір  сүру  циклы

келесі кезеңдерден тұрады:

1)

Маркетинг, нарықты іздеу жəне оқу;



2)

Бұйымды жобалау жəне конструкторлеу;

3)

Материалды – техникалық жабдықтау;



4)

Өндірісті технологиялық дайындау;

5)

Өндіріс, бақылау жəне сынақ жүргізу;



6)

Орама жəне сақтау;

7)

Өнімді іске асыру жəне үлестіру;



8)

Жөндеу жəне пайдалану;

9)

Қызмет көрсетуде техникалық көмек;



10)

Қалдықтарды  пайдалану.

Инженерлік  қызметтің  дəстүрлік  мағынасына  келесі  сатыларға  жатады: бұйымды

жобалау  жəне  конструкторлеу; өндірісті  технологиялық  дайындау; өндіріс, бақылау  жəне

сынау; жөндеу жəне пайдалану; қызмет көрсетуде техникалық көмек. Өндірісті техникалық

дайындауға келесі сатылар жатады: бұйымды жобалау жəне конструкторлау; материалды –

техникалық  жабдықтау; өндірісті  технологиялық  дайындау. Өндірістің  технологиялық

үрдісіне  бұйымды  орау  жəне  сақтау  операциялары  жатады. Инженерлік  қызметті

компьютерлендіру жүйесінің екі сыныбы бар: жобалауды автоматтандыру жүйелері (АЖЖ)

жəне басқаруды автоматтандыру жүйелері (БАЖ). Соңғысы өз кезегінде ұжымдық басқару

жүйелері, атап  айтқанда  өнеркəсіпті  БАЖ, өндірісті  БАЖ  жəне  технологиялық  үрдістерді

басқару  жүйесіне (ТҮБАЖ) болып бөлінеді. Сонымен қатар сапаны басқару жүйесі де бар.

Бұйымның  өмір  сүру  циклының  маркетинг, нарықты  іздеу  жəне  оқу  сатысында  Irternet

бағдарламалық шамасын қосқанда, желілік ақпараттық – іздеу жүйелері қолданылады. АЖЖ

бұйымның өмір сүру айналымының бұйымды жобалау жəне конструкторлеу жəне өндірісті

технологиялық  дайындау  этапында, ал  ӨБАЖ  жүйешелері  материалды – техникалық

жабдықтау  сатысында, ӨБАЖ, ТҮБАЖ  жəне  СБАЖ  өндіріс, бақылау  жəне  сынақ  жүргізу

мен  орау  жəне  сақтау  сатыларында  қолданылады. Бұның  бəрі  өнеркəсіптің  біртұтас

ақпараттық  кеңістігінде  қосылады. Іске  асыру  немесе  өнімді  үлестіру, жөндеу  жəне

пайдалану, қызмет  көрсетуде  техникалық  көмек, қалдықтарды  пайдалану  өндірістен  тыс

өнеркəсіптерде  іске  асырылады. Жөндеу  жəне  пайдалану, қызмет  көрсетуде  техникалық

көмек, қалдықтарды  пайдалану  сатылары  үшін  техникалық  құжаттама  АЖЖ  көмегімен

дайындалуы  мүмкін. Маркетинг, нарықты  білу  жəне  іздеу, материалды – техникалық

жабдықтау, орау  жəне  сақтау, өнімді  үлестіру  немесе  іске  асыру, қалдықты  пайдалану

этаптары инженерлік бизнес пен менеджментке жатады.

Атап  көрсеткенде  орысшадан  алынған  АЖЖ  термині  өнеркəсіптік  жүйелерге  кең

түрде  түсінікті «CAD-CAD» ретінде  ғана, сол  сияқты  САМ  жəне  САЕ  жəнет.б. АЖЖ

қысқартылған 

атауға 

лайықты 


болып

ӨЕАЖЖ - өндірісті 

жəне 

есепті

автоматтандырылған жобалау жүйелері табылады.

САD (АЖЖ  немесе CAD), САЕ – жүйелерін  жəне  САМ – жүйелерін

автоматтандырылған жобалау жүйесінің  жиынтығын білдіретін  термин. Бұл термин қазіргі

компьютерлік  технологияларды  бұйымның  немесе  өнімнің  өндірісін  құру, енгізуде

қолдануды  сипаттайды. САх  кешендік  жүйелері  өнімнің 2D/3D зерттемесін  компьютерлік

үлгілеу  негізінде  өнімнің  механикалық  жəне  материалтану  сипатының  бағасын  жүргізуді,

СББ білдектері үшін керекті терімді дайындауды жүзеге асыруды көрсетеді.

PDM –Project Data Management – жүйелері – «Өнім (бұйым) туралы  деректерді

басқару» немесе  жобаларды  басқару, яғни  конструкторлық  жобалауды  басқарудың

автоматтандырылған  жүйесі  жəне  өндірісті  технологиялық  дайындау, техникалық –

ұжымдасқан  жүйе, бұйым  туралы  барлық  ақпараттарды  қамтамасыз  ететін  басқару. PDM

жүйелер – əртүрлі  дəрежедегі  жетекшілерге  арналған  жүйелер. Конструкторлық,

технологиялық  жəне  есептік  жүйелерді  жинақтау  жəне  берілген  өнеркəсіптің  ақпараттық

базасын  құруға  мүмкіндік  береді. Сондай – ақ  бұйым  ретінде  əртүрлі  қиын  техникалық

объектілерді (корабльдер  жəне  автомобильдер, самолеттер  жəне  ракеталар, компьютерлік

тізбектер  жəне  т.б.) талқылауға  болады. PDM – жүйелер  PLM – жүйелерінің  бөлінбейтін

бөлігі болып табылады.

PDM жүйелеріне келесі технологиялар жинақталған:



►инженерлік деректерді басқару (Engineering Data Management - EDM)

►құжаттарды басқару

►бұйымдар туралы ақпаратты басқару ( Product Information Management – PIM )

►техникалық деректерді басқару (Technical Data Management - TDM)

►техникалық ақпараттарды басқару (Technical Information Management- TIM)

►бұйымды  нақты  əр  жақты  анықтаушы  ақпаратты  манипуляциялау  жəне

кескіндемелерді басқару.

PDM- жүйесінің негізгі қызметтік мүмкіндігі келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

►құжаттарды жəне деректерді сақтауды басқару;

►үрдістер мен жұмыстардың легін басқару;

►өнімнің құрылымын басқару;

►есеп беру жəне таңдаудың генерациясын автоматтандыру;

►авторизация механизмі.

PDM- жүйелерінің  көмегімен  өндірісте  немесе  құрылысты  сатыларында  қажетті

үлкен  массивті  деректерді  жəне  инженерлік – техникалық  ақпараттарды  қадағалауды,

сондай –ақ  пайдалануды  қуаттау, техникалық  бұйымдарды  пайдаға  асыру  жəне  шығаруды

жүзеге  асырады. PDM- жүйелер  құрылымдық  түрде  оны  қолданушыларға  жеткізетін  кез –

келген пішіндегі жəне типтегі ақпаратты жинақтайды. PDM- жүйелері мəтіндік құжаттармен

ғана  емес,  сондай  –  ақ  геометриялық  үлгілер  мен  деректермен  СББ  білдектерімен

автоматтық тізбектерді қызметке қосу үшін қажетті жұмыс істейді. Сонымен қатар осындай

деректерге қатынау тікелей PDM- жүйелері арқылы жүзеге асады.

PDM- жүйелерінің  көмегімен  шығарылушы  жүйелердің  конфигурациясы  туралы

есептемелерді, бұйымның, бөліктердің жəне бөлшектердің өтетін бағдарын құрады, сондай –

ақ  материалдардың  тізімін  құруға  болады. Бұл  құжаттардың  барлығы  керек  кезде  бір  БД

өндірістік немесе конструкторлық жүйелер. Монитор  экранында  бейнеленуі мүмкін. PDM-

жүйенің  мақсатының  бірі  жоба  бойынша  топтық  жұмыстың  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету,

яғни  өнеркəсіптің  жалпы  ақпараттық  қор  бөліктерін  бірлесіп  пайдалануға  жəне  шынайы

уақытта көруге болады.

►Өндірісті –технологиялық

► Қоғамдық  - басқармалық

► Жобалы – конструкторлық

► Зерттеу қызметі



Басқа жүйелермен жинақталу

Артық  деректерді  жою  жəне  жобалаушыларда  өндіріске  жеткізу  уақыт  айналымын

азайту мақсатында PLM- жүйесін жақтауында PDM- жүйелерін САх жүйесімен жинақтау.

Ресейлік  PDM- жүйелері (алфавиттік тəртіпте)

●APPIUS PDM (1C׃PDM) (http׃// www. Appius.ru/index.php?form=index

&htef=ind_pdm)

●Lotsia PLM ( http׃//

www.lplm.ru

/)

●PDM Step Suite (PSS) (http׃// pss.cals.ru/)



●SWR- PDM (http׃//

www.solidworks.ru/products/data

 _ management/)

● T- FLEX DOCs (http׃// www.tflex.ru/products/docs/)

●ЛОЦМAH ׃PLM (http׃//

www.plm/ascon.ru/products/index.php?id=2

)

BIM (Building Information Modeling  немесе Building Information Model) – құрылыстық



ақпараттың  үлгіленуі  немесе  құрылыстың  ақпараттық  үлгісі. Ғимараттың  болмаса  басқа

құрылыстық  объектің  деректердің  ақпараттық  базасымен  байланысты  үшөлшемді  үлгісіне

үлгінің  əр  элементіне  қосымша  атрибуттарын  меншіктеуге  болады, атап  айтқанда  баға,

материал, кесте жəне т.б.

PLM  (  Product  Lifecycle  Management  ағылшын  тілінен  қысқарғанда)  –  өміршеңдік

айналымында  бұйым  туралы  ақпаратты  басқару  технологиясы. PLM- термині  бұйымның

толық  айналымын  оның  концепциясынан  бастап, жобалау  жəне  сатуға  дейін  өндіріс,

сатылғаннан  кейінгі  қызметі  жəне  қалдықтарын  пайдалану  басқару  үрдісін  белгілеу  үшін



қолданылады.  PLM- өнеркəсіпке  өз  өнімдерін  тиімді  жаңартудан  жəне  бизнес-

айналымының  толық  аралығында  релеванттық  қызметін  көрсетуден  тұратын  мүмкіндіктер

жиынтығы. PLM-кез –келген өнеркəсіптің ИТ- құрылымындағы төрт шекті бұрыштарының

бір  тасы. Барлық  компанияларға  тұтынушылармен, жеткізушілермен (CRM) жұмыс  істей

алуы, сондай – ақ  өнеркəсіп  қорын  басқара (ERP қара) алу  қажет. Машина  жасау

компанияларына  қосымша  олардың  бұйымдары  туралы  ақпаратты  құра, сипаттай, басқара

жəне тарата,  PLM не үшін қажет екенін білу қажет. PLM түйінді құралғыштары - ол бұйым

туралы деректерді басқару (PDM қара), бұйымды бірлесіп жобалау (CPD, CAD, CAE қара)

өндірістік үрдістерді басқару (MPM,CAPP, CAM қара).

PLM енгізу келесілерге мүмкіндік береді:

►бұйымның  немесе  оның  модификациясын  нарыққа  шығару  уақытын  азайту,

бұйымның сапасын аттыру;

►прототиптеу бағасын азайту;

► бұйым туралы деректерді қайтара қолдану, бұйымның тиімділігін жүргізу;

►қалдықтарды жəне қоршаған ортаға зиян келтіруді азайту;

► инженерлік үрдісті толық жинақтау арқасында үнемдеу.



PLM- жүйелерінің мысалдары

● Dassault Systemes



IBM PLM Solition

● SAP PLM

●PTC Winchill

● Siemens A&D UGS PLM Software TeamCenter PDM

●TopoR

●EDA


Бұл  осы  заманғы  жетекші  өндіруші  өнеркəсіптерде  бизнес- стратегия – бұйымның

топтары немесе бұйымды өндіру бойынша жалпы қызығушылықты тудырумен байланысты

өндірістік  бөлімшелердің  жиынтығы. Өнеркəсіп  жалпы  бұйымды  қуаттау  немесе  құру

үрдісіне қатыстырылған жеткізушілер немесе мердігершілердің желісінен тұра алады. PDM

–  жүйелері  нарыққа  шығу  уақытын  қысқарту  үшін  (жаңа  өнімді  құру  бойынша  жобаны

бастаудан  нарыққа  оның  бірінші  үлгісін  шығаруға  дейінгі  аралықтағы  уақыттық

арақашықтық) өнеркəсіп  масштабында  жиі  қолданылады. ТТМ  шамасы  глобальдық

бəсекелестік  нарық  шарттарында  компания  үшін  түйінді  болып  табылады. Оны

мүмкіндігінше  азайту – бұйымды  жасауға  берілетін  құралдарды  қолдану  есебінен  жаңа

өнімдердің бұйымының өміршеңдік  айналымын басқарудың бизнес- стратегиясының негізгі

мақсаттарының бірі.

САЕ – компьютер  көмегімен  конструкция  есебі, қатты  денелі  үлгілеу (Computer –

Aided Engineering - CAE)- автоматтандырылған  жобалау  жүйесінде (CAD) орындалған

құралғыштар  мен  жинақтардың  басқа  техникалық  мінездемесі  мен  беріктік  инженерлік

талдауды жүргізу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану. САЕ  жүйелері –

бұйымның  тиімділігін  жəне  тексеруді, динамикалық  үлгілеуді  жəне  олардың  өндірісінің

құрамын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Талдаудың дəстүрлі аймағының құрамына:

►соңғы элементтер тəсілімен жинақтардағы жəне бөлшектердегі кернеуді талдау;

►есептеуіш  гидрогазды  динамика  тəсілімен  жылулық  жəне  сұйықтық  ағынын

талдау;

► механизмдер кинематикасын талдау;



►динамикалық механикалық əрекеттестігін үлгілеу;

► өндірістік операцияларды ( құю, престеу жəне т.с.с.) үлгілеу.

►САЕ жүйелерінде талдаудың кез – келген түрін өткізу кезінде дəстүрлі үш сатыға

бөлінеді:

►деректерді  алдын – ала  өңдеу (бұйымның  үлгісі  бойынша  құралуы – CAD

деректердің  зерттелуші  үрдістердің  қажетті  үлгілері, мысалы, шеткі  элементтердің  торы,

күштің жəне оның векторларының қосымшаларының нүктелері);


►мамандандырылған шешуші көмегімен үлгілерді талдау;

►  нəтижелерді  қорытынды  өңдеу (математикалық  үлгілер  есебінің  нəтижесінің

визуализациясы)  жəне өндіріске дайындық ( САМ/ САРР/ МРМ)

САМ – компьютер  көмегімен  өндірісті  дайындау (ағылшынша Computer – Aided

Manufacturing  -CAM  )  термині  СББ  білдектерін  басқару  үшін  бағдарлама  құру  негізгі

мақсаты  болып  табылатын  бағдарламалық  жасауды  көрсету  үшін  қолданылатын  термин.

САМ  кірісті  деректер  жүйелері  автоматтандырылған  жобалау  жүйесінде  құралған

бұйымның  геометриялық  үлгісі  болып  табылады. САМ  жүйелерде  үшөлшемді  үлгімен

интерактивті  жұмыс  істеу  үрдісінде  бұйымды  дайындау  бойынша  кескіш  құралдардың

қозғалыс  траекториясын  инженер  анықтайды, содан  кейін  нақты  білдекті  басқару

бағдарламаларын алу үшін постпроцессормен өңделеді, верифицияланады, визуалданады.

САРР – компьютер көмегімен үрдістерді жоспарлау (САРР- Computer- Aided Process

Planning)- термині  автоматтандырылған  жобалау  жүйелері (CAD) жəне  өндірістің (САМ)

түйісінде  қолданылатын  бағдарламалық  құралдарды  белгілеу  үшін  қолданылады. САРР

жүйесінің  тапсырмасы - бұйымның  берілген CAD үлгісі  бойынша  оның  өндірісінің

операциялық  немесе  бірізділік, карталық  болатын  жоспарын  құру. Бұл  жоспар

қолданылатын білдектер құралдардағы технологиялық жəне жинау операцияларының тізбегі

туралы  нұсқауынан  тұрады. Өндірісті  технологиялық  дайындау  нақты  өнеркəсіпте

қолданылатын типтік деректер қорындағы бар техникалық үрдістер бойынша жүзеге асады.

Автоматтандырылған технологиялық дайындауға екі əдістеме айырады – модифицирленген

жəне генеративті. Модифицирленген əдістеме кезінде САРР жүйесінің тапсырмасы деректер

қорында  бар  жəне  оның  операциялық  карталарын  модификациялау  үшін  ұсынуда  ең  көп

ұқсас  бұйымды  табу  болып  табылады. Модификацияланған  əдістеме  кезінде  ұқсастар

отбасында  бөлшектерді  сыныптауды  өткізуге  болатын  топтық  технология  кеңінен

қолданылады. Генеративтік  əдістеме  бөлшектердегі  типтік  конструктивтік  элементтерді

байқап  білуде  оларға  типтік  технологиялық  үрдістерді (жону, бұрғылау  жəне  т.б.)

қолданудан  тұрады.  Айтарлықтай  өркендеу  сондай  –  ақ  СББ  білдектерінде  бөлшекті

дайындауды  программалау  жəне  технологиялық  үрдістерінде  жобалауды  автоматтандыру

жүйелерінде  болды. САРР  жүйелер  технологиялық  үрдістері  конструкторлық –

технологиялық  элементтер  көмегімен  бұйымды  арнайы  сипатталған  жағдайда  ғана

генерирлеуді автоматты түрде жүргізе алады. Бұл САМ жүйелерге де қатысты. Бірақ соңғы

жағдайда CAD – жүйелерінің  геометриялық  қор  деректері  қолданылуы  мүмкін, бірақ

қолданушы  барлық  нəтижелерді  САРР – жүйесіне  енгізуі  қажет. Инженерлік  қызмет

жобалаудан  басқа  инженерлік  бизнес  пен  менеджментпен  байланысты. Жекелей  алғанда

мұнда  өндірісті  автоматтандырылған  жүйелермен  басқару  кіреді (АСУПр). Бұл  жүйелер

көбінесе қандайда бір АЖЖ жинақталусыз жетіледі. CAD/САМ/ CAE/PDM/TDM жүйелерін

енгізудің ең жоғарғы тиімділігі жүйеге тек конструкторлық емес, сондай – ақ технологиялық

үлгілерді қосқанда ғана жетеді.

Өндірістік үрдістерді басқару (ағылшынша MPM- Manufacturing Process Management )

бұйымды  өндіру  кезінде  қолданылатын  бағдарламалар  мен  тəсілдер, технологиялар

жиынтығының  жалпыланған  атауы. МРМ  автоматтандырылған  жобалау  жүйелері (CAD )

мен  өнеркəсіптің  қорларын  жоспарлау  жүйелерін (ERP ) байланыстырушы  түйіні  бола

отырып  бұйымның  өміршеңдік  айналымын (PLM) басқару  концепциясының  түйінді

элементі болып табылады.АЖЖ өндірістік цехтарды, технологиялық үрдістерді жоспарлау,

СББ  білдектерді  бағдарламалау  МРМ  құралғыштары  болып  табылады. МРМ  жүйелері

бұйым  туралы  деректерді  басқару  жүйелерімен (PDM), өнеркəсіп  қорларын  жоспарлау

(ERP), өндіруді  орындау   (MES) жəне  тиімділендірілген  өндірісті  жоспарлау (APS)

инженерлік деректерді қайта қолдану арқасында құру құнын азайту жəне (PDM) ұжымымен

бөлінген ортақ жұмысты ұйымдастыру МРМ жүйелері тығыз өзара байланыста.

Бұйым  туралы  деректерді  басқару (ағылшынша Product Data Management - PDM)-

бұйым  туралы  деректерді  деректер  базасында  сақтауға  мүмкіндік  беретін  бағдарламалық

жасау категориясы. Бұйым туралы деректерге CAD үлгілер сияқты инженерлік деректер мен

сызбалар, сандық макеттер (DMU), материалдар сипаттізімі (BOM) жатады. PDM жүйелері


осы  айналымды  басқару  концепциясы  жақтауында  бұйымның  бар  өміршеңдік  айналымы

бойы жинақталған бағыныңқы жүйесі ретінде қолданылады.

PLM  –  осы  заманғы  өндірістік  қорларды  жоспарлау  жүйелерімен  (ERP)  қатар  ИТ  –

құрылымының шеткі бұрыштық тастарының бірі.



Негізгі əдебиеттер: [2](75-81 б),[50]

Бақылау сұрақтары:

1. АЖЖ бағдарламалық жасау терминін қалай түсінесіз?

2. ADEM неге арналған?

3.  AutoCAD Mechanical неге арналған?

4.  Autodesk Inventor неге арналған?

3 Дəріс  Тақырыбы: АЖЖ  əртүрлілігі (CAD/ CAM/CAE/ PDM/ PLM/ CASE/

CALS/MRP)

Негізгі өнімдер

AutoCAD 20

07

AutoCAD 20



08

AutoCAD 20

09

Mашинажасау

Autodesk Inventor Series

MechaniCS

ElectriCS

HydrauliCS

Copra Metal Blender

Copra Metal Blender for Inventor

Copra Roll Form

Mold Creator

Nastran


Dynamic Designer

Part Adviser, Mold Adviser

Orcad

SolidCAM


Visual Mill

TEXTPAH


TechnologiCS

Unigraphics

LVMflow

Өндірістік жəне азаматтық құрылыстар

Autodesk Survey

Autodesk Land Desktop

Plateia


Autodesk Civil Design

Plaxis


Survcadd

Autodesk Architectural Desktop

Autodesk Building System

СПДС Graphics

Project Studio

cs

 Саулет



Project Studio негізі

Project Studio

CS

 Электрика



Plan Tracer

ArchiCAD


Artlantis Render

HVAC for ArchiCAD

Strucad

SCAD Office



Кристалл

Арбат


Комета

Қималарды

қалыптастыру

Вест


Кросс

Маэстро - К

Plant 4D

Старт


Гидрожүйелер

Оқшаулау


Предклапан

ПВ - қауіпсіздік

Поток-1Ф

AutomatiCS АДТ

Autodesk Building Mechanical

ElectdiCS 3D

Autodesk Building Electrical

АРС ПС


МАЭСТРО C

REAL Steel

STAAD Pro



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет