Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата09.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8594
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

Əдебиет
1.  Қазақстан Республикасының Конституциясына берілген түсініктеме, Алматы, 1996. - 251-б.  
2.  1995  жылғы  30  тамызда  республикалық  референдумда  қабылданған  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы    (2011.02.02.  берілген  өзгерістер  мен  толықтыруларымен) 
//ИС Параграф 

 
93 
3.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2011  жылғы  29  маусымдағы  №  110  Жарлығымен 
бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы //ИС Параграф 
4.  1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тiл 
туралы Заңы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) //ИС Параграф 
 
 
 
ƏОЖ: 587(87)782 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ 
НЕГІЗІ 
 
Ермекова Г.С., Асан А.Қ. 
(М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті) 
 
 
 
Құқықтық  мемлекет  идеясының  сан  ғасырлық  тарихы  бар.  Ол  сонау  ежелгі 
дəуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі - заңның қоғам өміріндегі 
үстемдігі,  жоғарылығы.  Қоғам  өмірінің  анағұрлым  жақтары  заңдар  арқылы  реттелуі 
керек. 
Мемлекет  тек  дамыған  ұлттық  құқықтық  жүйенің  болуымен,  оның  шынайы 
жұмыс істеуімен ғана құқықтық мемлекет болып табылмайды. Мемлекеттің құқықтық 
сипаты  барынша  демократиялық,  прогрессивтік  гуманистік  құқықтық  идеялардан 
тұратын  халықаралық  құқық  тұрғысында  өзін  қалай  сезінетінімен  анықталады. 
Конституцияда  Қазақстан  Республикасы  халықаралық  құқық  қағидалары  мен 
нормаларын  құрметтейді  деп  жазылған.  Қазақстан  Республикасының  қолданылып 
жүрген  құқығына  республиканың  халықаралық  келісімі  –  шарттық  жəне  басқа  да 
міндеттемелер  кіреді.  Республикамен  ратификацияланған  халықаралық  шарттар  оның 
заңдарынан  басым  болады  жəне  халықаралық  шартқа  сəйкес  оның  қолдануына  заң 
шығару  талап  етілетін  жағдайдан  басқа  уақытта  тікелей  қолданылады.  Аталмыш 
конституциялық  қағидалар  құқықтық  мемлекеттердің  негізгі  заңдарының  деңгейінде 
қолданылады [1]. 
Жалпы  құқықтық  мемлекет  дегеніміз  не?  Осыған  тоқталатын  болсақ.  Құқықтық 
мемлекет дегеніміз Конституциялық басқару тəртібі жəне дамыған құқықтық жүйе мен 
тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет өзінің негізгі институттары 
ретінде  билік  бөлінісін,  сот  тəуелсіздігін,  басқару  заңдылығын,  мемлекеттік  билік 
тарапынан  азаматтардың  құқықғы  бұзылуына  жол  бермеуді  жəне  оған  қоғамдық 
мекеме  тарапынан  тигізілген  залалдың  құнын  өтеп  алуды  қарастыратын  мемлекет. 
Құқықтық  мемлекет  идеясы  -  мемлекеттің  жəне  органдарының  зорлық  – 
зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен 
байланыстылығы.  Құқықтық  мемлекет,  ең  алдымен  барлық  мемлекеттік  органдар, 
лауазымды  тұлғалар,  қоғамдық  бірлестіктер  жəне  азаматтар  бағынуы  тиіс  өзіндегі 
құқықтық  ережелермен  өзін-өзі  шектейтіндігімен  ерекшеленеді.  Ал  ондағы  басты 
принцип  –  құқық  үстемдігі.  Құқық  үстемдігі  деген  ең  алдымен  заң  үстемдігі  дегенді 
білдіреді.  Басты,  маңызды  қоғамдық  қатынастар  заңмен  реттеледі.  Қоғам  өмірінде  заң 
үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы 
енгізіледі.  Осылайша,  азаматтардың  құқықтарының  шынайлығы  əрі  мызғымастығы, 
олардың  сенімді  құқықтық  мəртебесі  жəне  заңдық  қорғалуы  қамтамасыз  етіледі. 
Құқықтық  мемлекет  ең  алдымен,  ққықтық  мемлекет  идеялары  іске  асқан 
Конституциялық  мемлекет.  Конституциялық  құрылымның  негізгі  қағидаттары,  қоғам 
дамуының  маңызды  бағыттары,  оның  басты  идеялары  конституциялық  деңгейде 

 
94 
бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде 
құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.  
Конституция  –  бұл  күрделі  құқықтық  акт.  Оның  құқықтық  жүйесіне  түрлі 
құқықтық актілер топтпстырылған. Конституция – бұл декларативтік жəне нормативтік 
қағидалардың  ғана  жиынтығы  емес,  ол  құқықтық  қарым-қатынастың  басты  ережесі. 
Олар  құқықтық  тəртіпті  үздіксіз  қалыптастыру  жəне  дамыту  процесінде  ұдайы 
қолданылуы жəне нақтылануы тиіс [2]. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы (constitutio – құрылғы, жарғы заң) – 
Қазақстан  халқының  егемендік  құқығына  сай  1995  жылғы  30  тамызда  өткен 
республикалық референдумда қабылданып, оның нəтижесі ресми жарияланған күнінен 
бастап  күшіне  енген,  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңы.  Оның  жоғары  заңдық 
күші  бар  жəне  еліміздегі  барлық  іс-  қимыл  мен  қалыптасушы  жүйелердің  нормативті 
базасы  болып  табылады.  əрі  республиканың  бүкіл  аумағында  тікелей  қолданылады. 
Бейнелей  айтсақ,  бұл  Конституция  –  мемлекетке  қоғамның  құқықтық  сенімі  жəне 
халықтың 
берген 
төлқұжаты 
деуге 
болады. 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы  республикалық  құрылыстың  негізін,  мемлекеттік  билік  жүйесін  жəне 
Қазақстан  мемлекеті  мен  оның  азаматының  қатынасын  белгілейді.  Адам  жəне  оның 
өмірін,  құқықтары  мен  бостандықтарын  Конституция  мемлекетінің  ең  қымбат 
қазынасы деп, сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1 – баптың 1 – тармағы). 
Қазақстан 
Республикасының 
бұрынғы 
1993 
жылғы 
Конституциясымен 
салыстырғанда,  жаңа  Конституция  барынша  жетілдірілген  ішкі  біртұтастығымен  жəне 
қазіргі  заманғы  либералдық-демократиялық  құндылықты  толық  баянды  етумен  пара-
пар,  еліміздің  даму  тенденцияларымен  мемлекет  биліктерінің  шегін  белгілеп  берумен 
ерекшеленеді [3]. 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  құрылымындағы  соңғы  жылдардағы 
болып  өткен  сапалы  өзгерістер  оларға  жаңаша  ғылыми  көзқарас  тұрғысында  баға 
беруді  қажет  етеді.  Кез  келген  мемлекет  үшін  негізгі  заңның  маңызы  зор.  Ал 
мемлекеттік  тəуелсіздігін  жариялап,  дербес,  зайырлы  жаңа  қоғамдық  құрылыстың 
негізін  қалай  бастаған  жас  Қазақстан  мемлекеті  үшін  негізгі  заңның  қай  бағытта, 
қандай  мазмұнда  жазылып,  іске  асырылуы  тіпті  де  аса  қажеттілік  екендігі  белгілі. 
Осындай  қажеттіліктерді  игеру  мақсатында  қолданыстағы  негізгі  заңға  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  арқылы  конституциялық  реформаның  жүзеге  асырылып  келе 
жатқаны белгілі.  
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты ұзақ та 
күрделі  процесс.  Бұл  біздің  жас  мемлекетіміздің  аяғынан  қаз  тұру  жолынан  да 
байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын 
болған  күнен  бастап  –  ақ  Қазақстан  тұрғындарынаң  алдында  ең  алдымен  Қазақстан 
мемлекетінің егенмендігі мен тəуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.  
Бұл  орайда,  демократияны  дамыту  –  меншік  қатынастарын  реформалау  мен 
нарықтық  экономикаға  өту,  экономиканы  тығырықтан  алып  шығудың,  ұлттық 
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы 
басты  мақсат  –  жас  егеменді  мемлекетті  қуатты  президентті  мемлекет  ретінде 
қалыптастыру.  Біздің  мемлекетімізде  барлық  азаматтардың  теңдігі,  барлығының  заң 
алдындағы  жауапкершілігі,  кімнің  қай  ұлтқа  жататындығына  қарамастан  бірдей 
екендігі  əуелден  –  ақ  нақты  көрсетілген.  əрине,  кейбір  жағдайда  жергілікті  ұлт  – 
қазақтардың  мүддесі  ерекше  ескеріледі.  Мұндай  жағдайға  ұлттық  мəдениетті,  тілді 
өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мəдени жəне басқа да байланыстарын қалпына 
келтіру,  олардың  өз  Отанына  қайтып  оралуына  қолайлы  жағдайлар  туғызу  жатады. 
Басқа  елдер  деңгейімен  салыстырмалы  түрде  алғандағы  экономикалық  байлыққа  қол 
жеткізудің  алғышарты  –  бүкіл  қоғамдық  өмірді  демократияландырған  тұрақты 
құқықтық мемлекет құру болып саналады [4]. 

 
95 
Құқықтық  демократиялық  мемлекетте  Конституция,яғни  біздің  қоғам  өмірінің 
негізгі  заңы  аса  жоғары  мəнге  ие.  Конституция  жобасы  Қазақстан  Республикасы 
тəуелсіздік  алғаннан  бастап  жасалына  бастады.  Конституция  қабылдаудан  бұрын 
бүкілхалықтық  талқылаудан  өтті.  Біздің  Конституциямыз  бойынша  Қазақстан  халқы 
егемендіктің  иесі,  республикадағы  мемлекеттің  биліктің  жалғыз  қайнар  көзі  болып 
табылады.  Республикада  тек  қана  қазақтар  емес,  басқа  ұлт  өкілдері  де  тұрады. 
Сондықтан,  саяси  ымыраға  келу  қажет  болғандықтан,  қазақ  халқы  өз  қамын 
күйіттеумен қоса, жас  мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан əрі  нығайтуды ойлауы 
керек.  
Құқықтық  мемлекет  құру,  қоғамды  демократияландыру,  жалпы  ұлттық  келісім 
мен  ынтымақтастық  Қазақстан  Республикасының  əлемдік  қауымдастықтың  лайықты 
толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.  
Иə, 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
бойынша 
Қазақстан 
демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  жəне  əлеуметтік  мемлекет.  Енді  осының  ішіндегі 
«құқықтық  мемлекет»  терминіне  анықтама  беріп  кетсек:  құқықтық  мемлекет  –  жеке 
адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп 
құрылған мемлекет. Ол принциптер: 
1. Заңның үстемдік етуі; 
2. Мемлекеттік биліктің заң щығарушы, атқарушы жəне сот бтъиліктеріне бөлінуі; 
3. Адам мен азамат бостандығына жəне құқығына халықаралық өлшем деңгейінде 
кепілдік берілуі; 
4. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы жəне т.б. 
Əрине,  заң  ең  алдымен  қоғамдағы  əлеуметтік  қатынастарды  реттеуші  механизм 
ретінде  пайда  болып,  қоғамдық  тұрақтылықты  сақтаушы  міндетін  атқарады.  Əсіресе 
қоғамдық  қатынастарды  демократияландыру  арқылы  құқықтық  мемлекет  құруға  бет 
алған Қазақстан халқы үшін заңның маңызы күннен күнге арта бермек. Сондықтан да 
қоғам  мүшелері  үшін  заңды  білудің  жəне  заңдылықты  сақтаудың  маңызы  өте  үлкен. 
əрбір қазақ үшін, өзін қазақстандықпын деп есептейтін əрбір азамат үшін жалпы заңды, 
əсіресе  Конституцияны  білудің,  оның  талаптарын  орындаудың  қаншалықты  маңызды 
екендыгы туралы тұңғыш президентіміз Н.Ə. Назарбаев 18 ғасырдың аса ірі мемлекет 
қайраткерлері  Төле  биді,  Əйтеке  биді  жəне  Қазыбек  биді  еске  алуға  арналып,  1993 
жылғы  мамырдың  28-нде  Ордабасында  өткен  салтанатты  жиында  сөйлеген  сөзінде: 
«Тəуелсіздік  туын  қолда  берік  ұстау  -  əрбір  қазақтың,  Қазақстанды  өз  Отаным  деп 
санайтын  əр  адамның  ең  басты  борышы,  ең  биік  мақсаты.  құқықтық  мемлекетке, 
демократиялық қоғамға тəн заңдылық қағидасын қатаң сақтай алсақ қана , ол борышты 
адал ақтап, ол мақсатқа қапысыз жете аламыз. Конституцияны білу, заңдылықты сақтау 
–  құқықтық  мемлекет  құрудың  бірінші  шарты.  əз  Тəукенің  тұсындағы  қазақ 
қауымының  дəуірлеуі  ең  алдымен  осы  заңға  жүгінуге  байланысты  болғанын 
ұмытпағанымыз  жөн.  Заңды  жетік  білмейінше,  оны  сыйламайынша,  берік 
ұстанбайынша, біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арылыа алмаймыз», -  деді 
[5]. 
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Баккулов С. Құқық негіздері. Оқу құралы. КазМСКА. Алматы. 2001 ж. 
2.  Сапарғалиев Г., Ибраева А. Мемлекет жəне құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы. 1997 ж.  
3.  Сапарғалиев  Г.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құқығы.  Оқулық.  Алматы.           
1997 ж. 
4.  Мустафаев Қ.А. «Құқықтық тəлім - тəрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-
№ 5.-31-33б. 
5.  Ағдарбеков Т. Мемлекет жəне құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,- 212-216 б. 
 

 
96 
ƏОЖ: 587 (87) 698 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – ЕЛ БІРЛІГІНІН 
ТІРЕГІ 
 
Ермекова Г.С., Асқарқызы С. 
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) 
 
 
 
Еліміздің  Ата  заңы  «Біз,  ортақ  тарихи  тағдыр  біріктірген  Қазақстан  халқы»  деп 
басталатынын  білесіздер.Конституциямыз  –  қабылданған  күннен  бастап,  тағдыр 
тоғыстырған  көпұлтты  халқымыздың  татулығы  мен  тұрақтылығына  тұғыр  болып 
келеді.Біз  Ата  заңға  сүйене  отырып  қазақ  мемлекеттігінің  іргесін  бекіттік,  дамудың 
даңғылына  түстік.  Азат  елдің  ар-намысындай  болған  Ата  заңымыз  қазақтың  ұлан-
байтақ  даласының  кеңдігін  де,  елінің  ерлігі  мен  өрлігін  де  бойына  сыйғызған  құдірет 
[1]. 
Тəуелсіз  елдің  мызғымас  тұғырына  айналған  Ата  заң  елдігіміздің  киелі  кітабы 
іспетті  қастерлі  құжат.  Халықтың  жүрегінен  шыққан,  заман  сынына  қапысыз  төтеп 
берген  мемлекеттігіміздің  темірқазығы.  Ата  заңымыз  қазақ  мемлекетінің  дамылсыз 
дамуына,  үздіксіз  өсуіне  кепіл  болған  барша  заңдарымыздың  қайнар  көзі,  бастау 
бұлағы.  
Қазақтың: «Заңын құрметтей білген, заңына бағына білген ел ғана озады»,- деген 
дана сөзі бар. Біз елдігіміздің тұғыры – Ата заңымызды құрмет тұтып, оның əрбір əрпі 
өмірлік  заңымызға  айналуын  қадағалап  келеміз.  Соның  нəтижесінде  асқар  асулар  мен 
биік  белестерді  бағындырдық,    еңселі  елге  айналдық.Кешегі  тарихтан  тамыр  алған, 
ертеңгі  тарихқа  тұғыр  болған  Ата  заңымыз  салтанат  құрып  тұрғанда  еліміз  толағай 
табыстарға бөлене бермек [2]. 
Конституция  -  мемлекеттік  басқару  бүкіл  пирамидасының  іргетасы.Бейбітшілік 
пен  келісім  -  бұл  XVIII  ғасырдың  бекіту  алдымен  осы  саяси  жəне  құқықтық 
инновацияларды енгізіп, ол үшін мəндер болып табылады [3]. 
17  қыркүйекте  -  Филадельфияда  Конвенцияның,  Америка  Құрама  Штаттарының 
əлемдегі  алғашқы  Конституциясының  225  жыл  толды.Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы  американдыққа  қарағанда  13  есе  кіші.Бірақ  ол  бас  бостандығынан, 
үйлесім  погонсыз  жəне  заңды  адамдардың  əл-ауқатын  сол  ұлы  қағидаттарына 
негізделген  Ал  17  жыл  бұрын,  қазақтар  Негізгі  Заңның  қабылдануына  үшін 
референдумда дауыс берді, даналық, бірлігі мен ынтымағы көрсетті [4]. 
Біз 
өз 
Конституциямызды 
құрамастан 
бұрын, 
біз 
əлемнің 
20-дан 
астамКонституциясының  қарадық.  Жаһандық  даму  тенденцияларын  назарға  алдық. 
Назарға  біздің  дəстүрімізді  жəне  тарихымызды  алдық.  Жəне  бұл  синтез  біздің  жəне 
шетелдік  сарапшылар  жүзеге  асырылды.  Бүгін  біз  мақтанышпен  1995  Конституция 
қазақстандық  табыстың  негізгі  факторы  болды  деп  айтуға  болады  [5].  Біріншіден,  ол 
негізделген жаңа замануи мемлекеттің ғимараты тұрғызылған.Шығармашылық əлемнің 
дамыған  демократиясының  көп  қырлы  тəжірибесін  пайдаландық.Сайлау,  үкіметтің 
барлық институттарының халыққа есеп беру, адам құқықтары мен бостандықтарын іске 
асыру  -  біздің  үкімет  базалық  негізі  болып  табылады.Қазақстан  адам  құқықтары 
саласындағы  ұлттық  институттарды  дамыту,  тəуелсіз  соттын  жақсартты.Сонымен 
қатар,  Конституция  толық  ескере  ой-санасы  мен  біздің  халқымыздың  құқықтық 
дəстүрін қабылдайды [6]. 

 
97 
Конституциялық  тəртіп  негізіне  қарамастан,  этникалық,  діни  немесе  өзге  де 
қатыстылығы  қазақ  жерінде  тұратын  барлық  азаматтардың  теңдігі  тұжырымдамасы, 
əлеуметтік  тегіне  болып  табылады.Ұлтаралық  келісімді  негізгі  тетігі  -  Бірегей 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясының 
конституциялық 
мəртебесі 
болып 
табылады.Ассамблея  бұл  біздің  еліміздің  барлық  140-KA  этникалық  топтардың 
мүдделерін қамтамасыз ету, Парламент Мəжілісінің өз өкілдерін сайлайды. 
Бұл  кез  келген  басқа  елде  емес,Қазақстанда  ғана  бар  дүние.Екіншіден,  біздің 
Конституцияға  тиімді  экономикалық  дамуының  негізгі  қағидаттары  туралы  сұрақтар 
қаралды.Орталық позиция экономикалық өсу адам мен қоғамды пайдасын бағытталған 
болып табылады [7]. 
Біздің  соңғы  онжылдықта  экономика  жəне  жарым  жыл  сайын  7  пайызға  орташа 
өсуде.Тəуелсіздіктің  бастапқы  кезеңімен  салыстырғанда,  елдің  ЖІӨ-нің  16  есеге 
өсті.Бүгін  жан  басына  шаққандағы  ІЖӨ  12  мың  долларды  таңбаға  жақын.Біздің 
мемлекеттік азаматтардын бəрін қанағаттандыру үшін бəріне барады.Біз бағдарламасы 
«Жұмыспен  қамту  -  2020»  жүзеге  асырылуда.  Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  əлеуметтік 
жеңілдіктер,  жəрдемақылар  мен  зейнетақылар  4  млн  астам  адам  алады.  Ал  бұл 
Қазақстанның 
əрбір 
жұмыс 
азаматтың 
қосымша 
жүктемесі 
болып 
табылады.Конституцияның  жаңғыртудың  басты  мағынасы  біздің  əлеуметтік  əлеуетін 
іске  асыру  үдемелі  болып  табылады.Бұл  орайда,  біз  бірқатар  мəселелер  тұр.Бірінші. 
ХХІ ғасырда біздің Конституцияның жаңадан түсіндіру болуы керек. 
Негізгі  Заң  -  қатаң  құқықтық  реликті  емес.  Ол  қоғам  құқықтық  жəне  əлеуметтік 
инновацияларды,  жаңа  жағдайлар  мен  қазақстандық  қоғамның  тиісті  сапасын  салу 
керек құрылымдарда тірі механизм болып табылады [8]. 
Осылайша,  барлық  дамыған  елдер  осындай  тəсілмен  келген.Бұлжол  -
табыстыдамуыныңжолыболыптабылады.Сондықтан,  заңгерлер  мен  конституциялық 
құқық саласындағы, əсіресе, сарапшылардың міндеті - Конституцияның пионер рухын 
ашып  көрсетуге.Біздің  еліміздің  барысын  қамтамасыз  ету  үшін  жаңа  заңдар  мен 
ережелер  -  бұл  практикалық  шешімдерге  Негізгі  Заңның  энергиясын  түрлендіру  үшін 
маңызды болып табылады [9]. 
Ұлы  бабамыз  Төле  би  «Халқы    заңын  сыйлаған  елдің  бағы  бір  мысқал  артық» 
деген  [10].Біз  ықылым  замандардан  ата  заңына  бағына  білген,  ата  заңын  құрметтей 
білген  елдің  ұрпағымыз.Ата-бабаларымыз  дала  заңдарының  білгірлері  –    билеріміздің 
билігіне сөзсіз бағынған. Тарихтан тағылым алған бүгінгі буын да игі дəстүрді жалғап, 
ұрпақ  сабақтастығын  үзген  емес.      Тəуелсіздігіміздің  тірегі,  мемлекеттігіміздің  жүрегі 
болған  Ата  заңымыз  мəңгілік  болсын!Еліміз  шырқау  шыңдарға,  асқар  асуларға 
алқынбай жете берсін [11].  
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық.. Алматы:“Жеті жарғы”, 2006. 
2.  Хартли  Т.С. Еуропа қоғамдастығы құқығының негіздері Алматы “Дəнекер” 1999 
3.  Марк  Хьюлитт  -  Джеймс  жəне  Николас  Гоулд.  Халықаралық  коммерциялық  арбитраж 
(практикалық құрал). LLP “London Hong Kong” 1999. 
4.  Томас Бюргенталь. Халықаралық адам құқықтары.Алматы:“Ғалым” 1999 
5.  P.Дж. Винсент. Адам құқықтары жəне халықаралық қатынастар. Алматы:“Жеті жарғы”, 1998 
6.  П.Д.В.  Марш.  Англия,  Франция  жəне  Германияның    Салыстырмалы  келісім-шарт  құқығы. 
Алматы:“Print S” 1999 
7.  www.adilet.kz 
8.  www.zakon.kz 
9.  www.google.kz 
10.  www.yandex.kz 
11.  www.un.org 

 
98 
ƏОЖ: 587(87)782 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КОНСТИТУЦИЯСЫ  ЖƏНЕ  
ОНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҒЫ  ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Ермекова Г.С., Бурабай Ə.К. 
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) 
 
 
 
Конституция  мемлекеттің  негізгі  заңы  жəне  ол  сол  мемлекеттің  құқықтық 
жүйесінде  приоритетті  жағдайды  иеленеді.  Конституция  құрамына  мемлекет  жəне 
құқықтың  əлеуметтік  сфералары  саясаттың,  экономиканың,  қоғамның  мəнін 
анықтайтын  базалық  идеяларды  білдіреді.Конституцияда  мемлекеттік  реттеудің  мəні 
мен  шектері  бекітілген,  мемлекеттің  сыртқы  саясатының  негізгі  бастаулары 
анықталған, ұлттық жəне халықаралық құқықтардың ара-қатынасы көрсетілген [1]. 
Халықаралық  шарттардың  маңыздылығының  өзі  еліміщдің  Конституциямызда 
ерекше орын алған. Оны біз Конституциямыздың 4 бабына сілтеме жасай отырып куə 
боламыз. 
1.Конституцияның  ең  жоғары  заңдық  күші  бар  жəне  Республиканың  бүкіл 
аумағында ол тікелей қолданылады. 
2.Республика 
бекіткен 
халықаралық 
шарттың 
Республика 
заңдарынан 
басымдылығы  болады,  жəне  халықаралық  шарт  бойынша  оны  қолдану  үшін  заң 
шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады. 
3.Барлық  заңдар  Республика  қатысушысы  болып  табылатын  халықаралық 
шарттар  жарияланады.  Азаматтардың  құқықтарына  бостандықтары  мен  міндеттеріне 
қатысты  нормативтік  құқықтық  актілерді  ресми  түрде  жариялау  оларды  қолданудың 
міндетті шарты болып табылады. 
Конституцияның  ерекше  белгілері  белгілеріне  тоқталатын  болсақ,  қоғамдық 
қатынастардың  конституциялық  құқытық  реттілігінің  дамуын  мінездейтін  əлемдегі 
мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады [2]. 
1.  Конституцияларды,  жалпы  алғанда  конституциялық  құқықты  тұрақты 
социализацияландыру  көрініс  табуда.  Дүние  жүзіндегі  алғашқы  конституциялар, 
əдетте,  саяси  сферамен  шектелген.  Олар  жеке  (азаматтық)  жəне  саяси  құқықтар  мен 
бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мəні жағынан 
əлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мəлімдеген. 
ХХ  ғасырдағы  əлеуметтік  шиеленістердің  нəтижесінде  конституцияға  бүкіл 
қоғамдық  құрылысты  реттеудің  белгілі  бір  нысандарын  (саяси,  əлеуметтік-мəдениет 
жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай дəстүрді іс жүзінде енгізіп, 
нығайтуға  «социалистік»  деп  аталатын  елдердің  (КСРО)  конституциялары  көп 
əсерлерін тигізді. 
Алғашқы  жылы  кеңестік  конституциялары  Қазан  революциясынан  кейін  пайда 
болды. 
2.  Конституциялық  құқықты  демократизацияландыру.  Бұл  тенденция  барлық 
жерлерде  сайлаудың  жалпыға  бірдей,  тең  жəне  төтелігінен  туындайды.  Өйткені,  біз, 
Республика Президентінің, Парламент Мəжілісінің, Сенатының жəне мəслихаттарының 
депутаттарын,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  мүшелерін  жасырын  дауыс 
беру  жағдайында,  лауазымына  қарамастан,  тек  Қазақстан  Республикасының  «Сайлау 
туралы» Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, 
өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами 

 
99 
бастады.  Солардың  бірі  -  əкімшілік  пен  конституциялық  əділеттілік,  адам  құқығы 
жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б. [3]. 
Конституциялық  құқықты  интернационализациялау.  Бұл  тенденцияның  басты 
өзегі  əрбір  демократиялық  мемлекеттің  Ұлттық  конституциялық  құқығының 
халықаралық  құқықпен  жақындасып,  олардың  арасындағы  алшақтықтың  бірте-бірте 
жойылуы.  Жеке  мемлекеттің  конституциялық   құқық  мəселесіндегі  айтарлықтай 
жетістіктері  халықаралық  деңгейде  қорытындылап,  олар  халықаралық  актілерге 
пактілер,  конвенциялар,  жəне  т.б.  түрінде  енеді.  Мұнын  өзі  əрбір  мемлекеттің  ұлттық 
заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз 
əсерін  тигізеді  деген  сөз.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы 
«Республика  бекіткен  халықаралық  шарттардың  Республика  заңдарынан  басымдығы 
болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін 
жағдайдан  басқа  реттерде,  тікелей  қолданылады»  жəне  «барлық  заңдар,  Республика 
қатысушы  болып  табылатын  халықаралық  шарттар  жарияланады.  Азаматтардың 
құқықтарына,  бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  нормативтік  құқықтық 
актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», 
делінген тұжырымдар осының куəсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе 
де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, 
құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмəн жоқ.. 
Құқық  туралы  Конституция  былай  дейді:  “Қазақстан  Республикасында 
қолданылатын  құқық  Конституцияның,  соған  сəйкес  заңдардың,  өзге  де  нормативтік-
құқықтық  актілердің,  Республиканың  халықаралық  шарттың  жəне  өзге  де 
міндеттемелерінің,  сондай-ақ  Республика  Конституциялық  Кеңесінің  жəне  Жоғарғы 
Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4 бап). 
Қазіргі  заманда  құқықтық  келісім-шарттар  халықаралық  қатынастарда  құқықтың 
негізгі қайнар көзі болып табылады. 
Нормативтік-құқықтық  актілер  –  құқықтың  ең  басты  қайнар  көзі,  негізі  ретінде 
танылады.  
Нормативтік-құқықтық  акті  (НҚА)  –  мемлекеттік  органдар  ресми  түрде 
қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға 
бірдей міндетті құжат, яғни акті. 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің, 
"Қазақстан 
Рес-публикасының 
халықаралық  шарттарын  жасасу,  орындау  жəне  олардың  күшін  жою  туралы"  1995 
жыпғы  12  желтоқсандағы  заң  күші  бар  Жарлығы  Республиканың  халықаралық 
шарттарына байланысты мəселелерді реттейді [4]. 
Қазақстан 
Респубпикасының 
халықаралық 
шарттары 

ол 
Қазақстан 
Республикасының  шет  мемлекет  пен  (немесе  мемпекеттермен)  не  халықаралық 
үйымдармен жазбаша түрде жасалған жəне мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара 
байланысты  бірнеше  қүжатта  бар-жоғына  қарамастан,  сондай-ақ  оның,  нақты  атауына 
тəуелсіз халықаралық қүқық пен реттелетін келісім. 
Қазақстан  Республикасының  аса  маңызды  мемлекеттік  маңызы  бар  жəне 
мемлекеттің 
егемендік 
кұқығына 
дейінгі 
көкейкесті 
мүдделерін 
қозғайтын 
халықаралық шарттары бекітуге жатады. 
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы 
Конституциясына  сəйкестігі  қаралады.  Конституциялық  Кеңес  Президенттің,  Сенат 
Төрағасының,  Мəжіліс  Төрағасының,    Парламент  депутаттарының  жалпы  санының 
бестен  бір  бөлігінің,  Премьер-Министрдің  жүгінуімен  Қазақстан  Реслубликасының 
халықаралық  шарттарының  Кон-ституцияға  сəйкестігін  оларды  бекіткенге  дейін 
қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес келмейді деп танылған 
халықаралық шарттар бекітілмейді жəне қолданысқа енгізілмейді [5]. 

 
100 
Еліміздің  тұрақтылығы  мен  тыныштығының  кепілі-  Конституция.  Сондықтан  да 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  қоғамдық  тіршілік  тынысын  реттеуші 
жəне  қазақ  халқын  басқа  мемлекеттерден  қалмай  биік  шыңға  жетелеуші  жəне  ол 
шынайы  демократиялық  құжат  екеніне  көзіміз  жеткен  секілді.Еліміз  Конституцияға 
бағынғанда ғана ол бізге қызымет ететіндігін ұғынуымыз қажет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет