Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата09.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8594
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Əдебиет
1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 30 тамыз. 
2.  Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құқығы.  Алматы:  Жеті  жарғы, 
2008 ж.  
3.  Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004 ж. 
4.  Оспанов Қ. Құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2006 ж. 
5.  Серікханұлы Н. Қасым хан // «Жамбыл –Тараз» № 4 (1239), 28 қаңтар 2015 ж. 
 
 
 
ƏӨЖ  332. 34(574) 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЕЛДІҢ 
САЯСИ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
Көшербаев С.Б., Мекемтас М.Ж. 
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті)  
 
 
 
Тəуелсіздік  алған  алғашқы  күндерден  бастап  Қазақстан  халқы  құрып  жатқан 
мемлекетіміз дербес даму жолын таңдап, жылдан-жылға əлемдік қоғамдастықта барған 
сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізіп, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. 
Қазір  экономика  мен  өз  мемлекеттілігіміздің  берік  іргетасын  қамтамасыз  етіп  жаңа 
кезеңге  нық  сеніммен  қадам  басып  келеміз.  Бұл  қазір  жəне  болашақта  Қазақстанның 
экономикалық,  саяси,  əкімшілік,  əлеуметтік  саласының  дамуына  негіз  болады. 
Қазақстан  Республикасы  1993  жылы  қабылданған  Конституциясындағы  Парламенттік 
басқару  нысанын  өзгертіп,  1995  жылы  30  тамызда  қабылданған  конституциясында 
Президенттік  басқару  нысанын  жариялады.  Өйткені  тəуелсіздігін  жаңа  алған  жас 
мемлекет үшін бүкіл билік бір орталықта, бір уыста, бір адамның қолында  болуы керек 
болды.  Билік  жүйелері  мен  жергілікті  басқару  органдары  жайлы  шешілмеген  көп 
мəселелер  болды.  Əсіресе  əкімшілік  пен  жергілікті  атқару,  өзін-өзі  басқару  органдары 
арасындағы  түсінбеушіліктер  көзге  ашық  көріне  түсті.  Бұл  олқылықтарды  орнына 
келтіру  үшін  кəсіби  мықты  парламент  қажет  еді.  Өркениетті  парламенттік  жолмен 
басқарылатын мемлекетке мықты кəсіби парламент құру үшін көп уақыт жұмсап, ұзақ 
уақыт  бойы  қалыптасқаны  белгілі.  Əсіресе  үш  биліктің  арасын  тежеп,  тепе-теңдік 
сақтайтын орган қажет болды. Ол əрине Президенттік институт еді.   
Республика  қызметінде  негіз  болатын  принциптердің  бірі  –  елде  саяси 
тұрақтылықты  орнату.  Конституция  қазақстандық  патриотизм  принципін  негізгі 
принциптердің  бірі  ретінде  есептейді.  Патриотизм  қазақстан  азаматтарының  өз 
Отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін, оның қуатының, қорғаныс қабілетінің 
артуына  халықаралық  аренада  беделінің  нығаюына  ықпал  ететін  идеясы  сезімі  мен 
əрекеті.  Қазақстан  Республикасын  қорғау  оның  əрбір  азаматтарының  борышы  жəне 
парызы. Конституцияның 19 бабына сəйкес: əркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға жəне 
қай  дінге  жататынын  өзі  анықтауға  жəне  оны  көрсету  –көрсетпеуіне  хақылы.  39  бап: 
ұлтаралық  татулықты  бұзатын  кез-келген  əрекет  конституциялық  емес  деп  танылады. 
Конституцияда: ҚР халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, 
мемлекеттер  арасында  ынтымақтастық  пен  тату  көршілік  қарым-қатынас  жасау, 
олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт 
жолмен  шешу  саясатын  жүргізеді,  қарулы  күшті  бірінші  болып  қолданудан  бас 
тартады.  

 
180 
Ата  заңымыздың  қабылданғанына  20  жыл  толып  отыр.  Бұл  тəуелсіз  Қазақстан 
тарихындағы ең басты құжат. Себебі республикадағы саяси, əлеуметтік –экономикалық 
реформалардың  кепілі  болатын  осы  конституция.  Республикада  қабылданатын 
құжаттардың  барлығы  ата  заңымыздың  шеңберінен  шықпайды.  Алғашқы  1993  жылы 
28  қаңтарда  қабылданған  конституция  халыққа  2  жыл  7  ай  қызмет  көрсетті.  Бірақ  ол 
конституция  сол  кездегі  экономикалық,  саяси,  құқықтық  жəне  əлеуметтік 
реформалардың  толық  бағыт-бағдарын  айқындап  бере  алмағандықтан  жаңа  ата 
заңымыздың  нұсқасы  көпшіліктің  талқылауынан  кейін  бүкіл  халықтық  референдумға 
ұсынылды.  Жаңа  конституция  1995  жылы  30  тамызда  бүкіл  халықтық  референдумда 
сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс беріп қабылданды. Бұл сол кездегі қазақстан 
халқының  дұрыс  таңдау  жасағанын  бүгінгі  оң  өзгерістер  куə.  20  жыл  тарих  үшін  аз 
уақыт  болғанымен  осы  аралықта  көптеген  реформалардың  жүзеге  асуына  оң  əсерін 
тигізді.  Қазіргі  ата  заңымыз  9  бөлімнен  98  баптан  жəне  бірнеше  тармақтан  тұрады. 
Қолданыстағы  конституция  біздің  негізгі  заңымыз.  Сондықтан  да  ол  қазақстан 
қоғамының  даму  заңдылықтарының  жоғары  құқықтық  көрінісі  болып  табылады. 
Басқаша  айтқанда,  бұл  біздің  басқа  да  заңдарымыздың  көшбасында  тұрған  ата 
заңымыз.  Біз  тəуелсіздіктің  бастапқы  қиын-қыстау  кездерінде,  теориялық  жағынан 
жəне тəжірибелік тұрғыда, экономикалық  жəне əлеуметтік дағдарыстарды, қылмыстың 
өршуін,  қаржылық  жəне  басқа  да  шиеленісті  жағдайларды  жоюға  конституция  іс 
жүзінде  көмектесіп,  одан  кейінгі  жылдарда  да  мемлекетімізде  өз  қызметін  мүлтіксіз 
атқарып келеді. Ата заңды арқау еткен қазақстан қоғамы дамуының соңғы 24 жылында 
ол қол жеткізген жетістіктерінің бəрі конституция рухына сəйкес жүзеге асырылғанын 
өмірдің  өзі  көрсетіп  отыр.  Бұл  жылдары  осы  заманғы  мемлекеттік  механизм  жəне 
құқықтық  құрылым  құрылды,  тиімді  экономиканың  негізі  қаланды.  Адамның 
құқықтары  мен  бостандықтары,  бəсекелестік  пен  саяси  көптүрлілік,  көппартиялық 
жүйе қамтамасыз етілді. Жан-жақты даму үстінде болып отырған қазақстан қоғамында 
бейбітшілік  пен  келісім  орнықты.  Бұл  оның  басты  жетістігі.  Ата  заңның  кіріспесінде 
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ортақ тарихи тағдыр біріктірген қазақстан 
халқы  екендігі  атап  көрсетіледі.  Байырғы  қазақ  жерінде  құрылған  мемлекеттілік 
еркіндік, теңдік жəне татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам болып 
табылатындығы,  ол  дүниежүзілік  қоғамдастықта  лайықты  орын  алуды  тілейтіндігі 
айтылады.  Кеңестік  кезеңдегі  «алтын  заңмен»  салыстырғанда  қазіргі  ата  заңымыздың 
қайсыбір  ерекшеліктерін,  7  баптағы  мемлекеттік  тілді  еркін  білуге  үкімет  тарапынан 
жасалатын қамқорлықтан, қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік меншік танылады 
жəне  бірдей  қорғалады  деген  6  бап,  49  баптағы  парламенттің  қазақстандағы  заң 
шығарушы  қызметін  жүзеге  асыратын  республиканың  ең  жоғарғы  орган  екендігі,  20 
баптағы  сөз  бен  шығармашылық  еркіндікке  кепілдік  беріледі,  цензураға  тыйым 
салынады,  көппартиялыққа  байланысты  23  баптағы  қазақстан  республикасы 
азаматтарының бірлесі бостандығына құқығы бар, əскери қызметшілердің, ҰҚО, құқық 
қорғау  органдарының  қызметкерлері  мен  судьялар  партияларда,  кəсіптік  одақтарда 
болмауға  қандай  да  бір  саяси  партияны  қолдап  сөйлемеуі  тиіс  екендігін  көре  аламыз. 
Осы  сияқты  жəне  өзге  де  жаңа  сападағы  өзгешеліктерді  бүгінгі  күнгі  негізгі 
заңымыздан  көре  білуіміз  қазақстан  қоғамындағы  болған  жəне  болып  жатқан 
өзгерістерді  түсінуімізге  көмектесетіні  даусыз.  Мемлекетіміздің  ата  заңы  –  қазақстан 
қоғамының  ең  басты  құқықтық,  саяси  құжаты.  Олай  болса,  бұл  мемлекеттік 
органдардың қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың, азаматтардың қызметі. 
Барлық құқықтық актілер осы негізгі заңға сəйкес болуы тиіс. 
Заңдылық  пен  конституциялық  тəртіп  сақталмайтын  жерде,  экономикалық  жəне 
əлеуметтік  берекесіздік  орын  алған  жерде,  адамның  іргелі  құқықтары,  азаматтардың 
армандары  мен  үміттері  қамтамасыз  етілмейтін  келешегі  бұлдыр  жерде  демократия 

 
181 
құру  мүмкін  емес  екендігін  бүгінде  əлемдік  тəжірибе  көрсетіп  отыр.  Біздің 
баршамыздың  міндетіміз  -  ешқашан  да,  ешқандай  жағдайда  да  өз  елімізде  мұндай 
берекесіздікке  жол  бермеу.  Қоғамдық  тұрақтылық,  заңның  үстемдігі,  ұлтаралық  жəне 
конфессияаралық  келісім,  сондай-ақ  Қазақстанның  жаңа  геосаяси  рөлі  мен 
жауапкершілігі – міне, бұлар демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепіліне, оның 
басты өлшемдеріне айналмақ. Ел болып егемендік алдық, еңсемізді көтердік, туымызды 
желбіреттік,  тұғыры  мықты  ата  заңымызды  қабылдадық.  Мұның  өзі  –  тəуелсіздіктің 
арқасы.  Егемендіктің  ертеңі  болып  атқан  ата  заңымыз  –  табандылықтың, 
қырағылықтың  тапжылмас  қайнар  бастауы.  Осы  20  жылдың  ішінде  қазақ  халқының 
рухы  көтеріліп,  ұраны  жаңғырды,  тілі  өркендеді,  дəстүрі  жалғасын  тапты,  қырандары 
қанатын  жайды.  Ел  өмірінің  өткір  де  өтпелі  кезеңдегі  билікке  Н.Ə.  Назарбаевтай 
қырағы саясаткердің болуы қазақстан халқы сияқты жұтылып кете жаздаған жұрттың, 
ұтылып  келген  ұлттың  үпайын  түгендеп,  асығын  алшысынан  қою  екінің  бірінің 
қолынан  келетін  шаруа  емес  екені  көпшілікке  айғақ.  Қазіргі  уақытта  қазақстан 
қоғамында елдің негізгі заңының 20 жылдығы кеңінен талқылануда. Оның мəнінде бұл- 
тəуелсіз  мемлекетіміздің  тарихындағы  маңызды  кезең.  Аталған  мəселе  бойынша  іс 
жүзінде  барлық  партиялардың  лидерлері,  қоғамдық  бірлестіктер,  депутаттар,  əкімдер, 
тұтастай  алғанда  қоғамдық  пікірлердің  көшбастаушылары  деп  аталатындардың 
барлығы  дапікір  білдіріп  отыр.  Бұған  енжар  қарайтындар  жоқ  деп  қараймыз,  өйткені 
конституцияның шын мəнінде азаматтық қоғамның барлық мүшелеріне қатысы бар. Біз 
конституциямыздың  заңдылық  шеңберіне  еліміздің  саяси  жағынан  демократиялық 
институттардың,  əлеуметтік-экономикалық  қуатын  арттырудағы  табыс  көздерінің 
молаюының  нəтижесінде,  мемлекетіміздің  дүниежүзілік  аренаған  шығып,  үлкен 
беделге 
ие 
болғандығын 
мақтаныш 
тұтамыз. 
Осы 
жылдары 
еліміз 
əлем 
қауымдастығына танылып үлгерді. Қазақстанды жүзден аса мемлекет таныды, олармен 
дипломатиялық  қатынас  орнатылды.  Жиырмадан  астам  ел  біздің  елімізде  өздерінің 
елшіліктерін  ашса,  біздің  елшілеріміз  бен  өкілдеріміз  шет  елдерде  жұмыс  істей 
бастады.  Конституцияның  тағы  бір  жетістіктерінің  бірі-  бізде  бұрын  болмаған 
демократиялық 
қоғам 
ұстанымдарын 
бекітіп 
бергендігі. 
Былтырғы 
жыл 
конституциямызға  қосымша  толықтырулар  енгізіліп,  барлық  үрдістерде  де  ізгілендіру 
ниетіндегі бетбұрыстар байқалады.  
Қазақстан  мемлекеті  дербес  ел  болып,  оның  экономикалық,  саяси,  əлеуметтік 
даму  барысы  нақты  қарқындай  түсті.  Əрбір  мемлекеттің  іргетасы  қаланғаннан  бастап, 
алдымен  қолға  алатын  басты  ісі-өзіміздің  Ата  Заңымыз  Конституцияны  қабылдау 
болып табылады.  
Конституция 
қоғамдағы 
негізгі 
қарым-қатынастарды 
реттейін 
жалпы 
жұртшылыққа арналған ережелер негізгі болып табылуына байланысты, осы ережелер 
негізін  əрбір  азамат  білуі  борышымыз  əрі  орындауға  міндетті.  Сонымен  қатар 
демократиялық  инстиуттардың  рөлін  асыра  пайдалануға  жол  бермейтін  ескертіп, 
констиутциялық  құрылысты  күштеп  өзгертуге,  республиканың  тұтастығын  бұзуға, 
мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-
топтық  жəне  рулық  алауыздықты  қоздыруға  тыйым  салады.  Негізгі  Заңның  қоғамда 
констиутцияылық  заңдылықты,  тұрақтылық  пен  құқық  тəртібін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  қорғаушылық  бағыты  осылардан  айқын  көрініс  береді.  Бұл  Ата  Заңада 
тұңғыш  рет  адам  мен  азаматтың  жеке  бостандығын  қарайтын  констиутциялық 
құқықтар 
бекітілген. 
Атап 
айтқанда, 
олар: 
азаматтардың 
құқықтары 
мен 
бостандықтары  əркімге  тумысынан  жазылған,  оны  жүзеге  асыру  үшін  басқа 
адамдардың  бұзып,  конститутциялық  құрылыс  пен  қоғамдық  имандылыққа  нұқсан 
келтірмеуі  тиіс.  Сондай-ақ,  адамның  жеке  басына,  өміріне,  өзінің  жəне  отбасылық 
құпиясы болуы,  абыройы мен төл мəдениетін пайдалануы, қарым-қатынас тəрбие, оқу 

 
182 
жəне  тілін  екрін  таңдап  алуына  кепілдіктер  берілген.  Азаматтардың  бостандықтары, 
қадір-қасиетін,  ар-намысын  қорағау  əртүрлі  тəсілдермен  жүзеге  асырылады,  соның 
ішінде  жеке  адамын  бостандығына  қол  сұғатын  əрекеттерге  қарсы  жүргізуде 
қылмыстық  заңның  маңызы  ерекше.  Осыған  орай  Қылмыстық  Кодекстің  көптеген 
баптарында  адам  бостандығын  қорғайтын  заң  нормалары  бар.  Сонымен  қатар  адам 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етудің  маңызды  мемлекеттік  институты 
Қазақстан  Республикасы  Контитуциясына  сəйкес  ел  Президенті  болып  табылады. 
Республика  Президенті  халық  жəне  мемлекеттік  биліктің  бірлігінің,  Конституцияның 
мызғымастығының,  адам  жəне  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  кепілі 
жəне  символы.  Президенттің  ерекше  конституциялық  мəртебесі  халық  алдындағы  зор 
жауаптылығымен сипатталады.  
Экономикамызды  түбегейлі  реформалау  мен  оны  терең  дағдарыстан  шығарудың 
қаурыт  проблемаларын  шешу,  сыртқы  саясат  жүргізу  міндетті  жəне  ішік  саяси 
тұрғылықты  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан  біздің  парызымыз  –  Конституцияға 
ұқыптылықпен  қарау,  оны  өз  елімізді,  өз  тарихымызды,  өз  жетістіктерімізді 
құрметтегендей  құрметтеу  керек.  Ата  Заңымызға  құрметпен  қарап,  оның  нормаларын 
мүлтіксіз сақтамайынша, қоғамдық келісімге,  реттілікке, бейбітшілікпен тыныштыққа, 
демек,  біздің  отанымыздың  берекелі  болашағына  қол  жеткізу  мүмкін  емес. 
Конституция  біздің  бостандығымыздың  тұғырына  айналды,  ол  тəуелсіздік  əкелген 
біздің  жеңістеріміздің,  жетістіктеріміздің  бүкіл  кешенін  орнықтырды.  Соңғы  кездері 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  күш  -  əлеуетін  пайдалануға 
байланысты  көптеген  мəселелер  туындап  көтерілуде  жəне  олар  əр  түрлі  деңгейде,  əр 
мөлшерде  талқыланып,  талдануда.  Еліміздің  Ата  Заңына  деген  қызығушылықтың 
артуы,  əрине  жалпы  алғанда  жағымды  құбылыс.  Себебі,  бұл  қоғамдағы  құқықтық  ой-
сананың  жандануының,  оның  белсенділігінің  артуының  көрінісін  береді,  елдің 
мемлекеттік  жəне  құқықтық  жүйесінің  нормативті  бастауы  əрі  негізі  ретінде  – 
мемлекеттілікті  сақтап  оны  көркейте  берудің  басты  да  дəрменді  ресми  құралдарының 
бірі.  Оны  құқықтық  құжат  ретінде  өзгерту  оңай,  ал  бірақ  мұндай  өзгерістер  оған 
сенімді азайтып, еліміздің басты заңы ретіндегі беделіне нұқсан, нақты іске асу күшіне 
зиянын  келтіруі  мүмкін,  сондықтан  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 
мұраттарына, принциптеріне, құндылықтарына аса назар аударуымыз керек. Солардың 
өз  мүмкіндіктерін  толық  ашып,  ішкі  қажыр  қуаттарын  сарқа  пайдалануына  жағдай 
жасауымыз  керек.  Сонда  біз  өз  Конституциямыздың  өзін-өзі  іштей  кемелдендіруге 
толық  əрі  жан-жақты  дайын  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Сондықтан  да  елге,  оның 
бүгінгісі  мен  болашағына  қажет  қоғамның  барлық  салаларындағы  жемісті  өзгерістер 
мен  реформаларға  берік  құқықтық  негіз  болатындығына  ешбір  шүбə  тумаса  керек. 
Конституция  талаптарына  сай  қоғамдағы  қарым-қатынастарды  реттейтін  заңдар  мен 
кодекстер  жылдан-жылға  өмірге  еніп,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтары 
қорғалуда.  Ата  заңымыз  бүгінгі  заманның  барлық  көкейкесті  мəселелерін  толық 
қамтыған  жəне  мемлекет  құрылысына  толық  баға  бере  алады  деп  ашық  айта  аламыз. 
Еліміздің оң өзгерістер мен дамуының бастауы да осы Конституцияда жатыр жəне Ата 
заңымыздың негізінде халықтың еркіндігі, теңдігі, татулығы артып,  бейбітшілік қоғам 
құрған еліміз татулықтың тал бесігіне айналып отыр. Біздің Конституцияны Қазақстан 
халқының  саналы  таңдауы  жəне  оны  келешектің  кепілі  ретінде  бағалауымыз  керек. 
Осы қағидамыз келер ұрпаққа да мирас болары анық.  
Елбасшымызда  өзінің  көрегендігін  танытып  көпшіліктің  ризалығына  бөленді. 
Еліміздегі  оппозициялық  топтар  Елбасшымызды  үнемі  сынға  алып,  тіпті  монархия 
құруға  ұмтылып  жүр  деген  теріс  ниеттерінің  күлі  көкке  ұшты.  Н.Ə.  Назарбаев 
заңшығарушылық  билікке  ерекше  маңыз  беріп  олардың  мəртебесін  көтеруінің  өзі, 
құқықтық  мемлекеттің  тұғырын  мықты  қалау  болып  табылады.  Біздің  ата  – 

 
183 
бабаларымыз  ежелгі  дəуірлерден  қоғамдық  қатынастарды    реттеуде,  мемелекетті 
нығайтуда заңды бірінші орынға қойған болатын. Заң, əділдік, заңдылық, адамгершілік 
аясында жүзеге келсе, онда көпшіліктің көкейінен шығып, мүдделерін қорғап, кепілдік 
бере  алады.  Сандаған  ғасырлар  бойы  əділдік  пен  заңдылыққа  құрылған  əдет  –  ғұрып 
заңының  өміршеңдігі  де  бұл  ойымызды  дəлелдейді.  Міне,  осы  тұрғыдан  қарағанда 
Елбасымыз  құқықтық  мемлекеттің  басты  тұғыры  заң  жəне  оның  заң  шығарушы 
органдары деп біледі. Сол себепті де өз еркі мен көптеген өкілеттіктерін Праламентке 
беріп  отыр.  Бұл  Парламентке  жоғары  мəртебемен  бірге  жауапкершілікті  де  жүктейді. 
Қаралып, қабылданатын заңдар мемлекеттің ірге тасын нығайта түсуге арналып көптің 
көкейінен шығуы тиіс. Əсіресе, қазіргі жаһандану дəуірінде Қазақстан ірі мемлекеттер 
жетегінде  кетпей  өзінің  бет  –пердесін  шынайы  көрсететін  мүмкіндіктері  мол. 
Назарбаев  Н.Ə.  өз  көрегіндігімен  бір  формациядан  екінші  формацияға  ауысудағы 
қиындықтар мен шиеліністерді шешуде алдымен елдің экономикасын көтеруді бірінші 
орынға    қойғаны  орынды  екенін  қазіргі  ахуал  көрсетіп  отыр.  Ел  ішіндегі  татулықты 
тұтастыра  отырып  экономикамызды  дамытуды  саралап  алғаннан  соң  ғана  саяси 
реформалар жасап отыр. Саяси реформа қоғамдық бірлестіктер мен саяси партияларға 
да,  өзін-өзі  басқаратын  мемлекеттік  емес  ұйымдарға  да  кең  мүмкіндіктер  беріп  отыр. 
Мұндағы  мақсат  тəуелсіз  мемлекетімізді  көп  болып,  пікір  таластыра  отырып  тек 
республиканың  мүддесіне  лайықты  əрекеттер  етуге  тжол  ашып  беріп  отыр.  Атамыз 
қазақ  «Бөлінгенді  бөрі  жейді»  деп  текке  айтпаған.  Мұны  оппозиция  лидерлері  жақсы 
түсінуі тиіс. Қазақ халқы көне дəуірлерден жасап келген жəне жасай береді. Оған өзінің 
ішкі  экономикалық  потенциялдары  жеткілікті.  Тек  оны  қазіргі  заманғы  біліммен 
техника  талабына  сай  жарақтағанда  ғана  əлем  елдерінің  алдыңғы  сапынан  орын 
аламыз.  Бұл  жолында  республика  азаматтары:  мейлі  ол  оппозицияда  болсын  немесе 
болмасын өзінің отансүйгіштігін, ғибраттылығын, құқықтық санасының жоғарылығын, 
құқықтық  мəдениетінің  дамуымен  орындай  алады.  Бұл  жолында  ата-бабаларымыздың 
ой- мақсаттары мен рухани мəдени байлықтарының берер үлесі өте зор. 
Бұрын Қазақ ССР Конституциясында советтік қоғамның жолбасшысы мен бағыт 
берушісі тек компартия делінсе, енді қоғамдық ұйымдарға теңдей мүмкіндіктер берілді. 
Бұл  өзгерістер  мен  толықтыруларда  Қазақ  жерінде  Конституция  ғана  негізгі  заң 
екендігі,  өзінің  ішкі  əскерін  құру,  т.б.  айтылды.  Оның  үстіне  1  желтоқсан  1991  жылы 
мемлекетімізде алғаш рет бүкіл Халықтық Президенттік сайлау болып өтті. Бұл үлкен 
саяси  оқиға  еді.  Конституцияға  кейінгі  өзгерту  мен  толықтыру  барысында  «Советік, 
Соцалистік» деген сөздерсіз «Қазақстан Республикасы» деп атаудың да мəні зор болды. 
Сол  секілді  16  желтоқсан  1991  жылы  Қазақстан  Республикасының  Жоғары  Кеңесі 
«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тəуелсіздігі  туралы»  -  Конституциялық  заң 
қабылдауы Қазақстанның тəуелсіздігі мен егеменді мемлекет болуы жолындағы батыл 
қадам  болды.  Онда  Қазақстан  Республикасы  өз  алдына  тəуелсіз,  егеменді  ел  екені, 
халықаралық  құқықтың  субъектісі  екендігі  жария  етілді.  Қазақстан  Республикасының 
тəуелсіз  мемлекет  екендігін  жариялағаннан  соң  тез  арада  Туркия,  т.б.  мемлекеттер 
Қазақстанның  тəуелсіз,  дербес  мемлекет  екендігін  таныды.  Көп  ұзамай  көптеген 
мемлекеттер таныды.  
Еліміздің атақты заңгерлері қатысқан Конституциялық комиссия жұмысқа кірісіп, 
ұзақ  ізденулер  мен  тер  төгулер  нəтижесінде  1993  ж.  Жоғарғы  Кеңес  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясын  қабылдады.  Конституцияны  қабылдаудан  бұрын 
бүкілхалықтық  талқылаудан  өткізіліп,  18131  ұсыныстар  мен  сын  пікірлер  келді, 
мерзімді  баспа  беттерінде  500-ден  көп  мақала-талқылаулар  жарияланды.  Əрине, 
тұңғыш  Конституция  оңайлықпен  жазылмады,  талас-тартыстар  нəтижесінде  дүниеге 
келді.  Бұл  Конституция  Қазақстан  Республикасын  əлем  алдында  тəуелсіз,  егеменді  ел 
екенін көрсетті, ішкі түсінбеушіліктерге тосқауыл қойып, Қазақстан Республикасының 

 
184 
азаматтығын, аумағын, адам мен азаматтар құқығын əлемдік өркениеттілік талаптарына 
сай өрнектеді.  
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 30 тамыз. 
2.  Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құқығы.  Алматы:  Жеті  жарғы, 
2008 ж.  
 
 
 
ƏОЖ 342 
 
КОНСТИТУЦИЯ – ТƏУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ 
 
Қайсарбекова С.И., Умирзакова Н.К. 
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) 
 
 
 
Əлемдегі  кез  келген  мемлекет  өзінің  алғашқы  қадамын  тəуелсіздігімен  қатар, 
Конституциясын  қабылдаудан  бастайды.  Бұл  сол  мемлекетті  құраушы  ұлттың 
ғасырлардан  жинақталған  өзіне  тəн  ұстанымының,  заңдарының,  жүрген  жолдарының 
өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Кез келген мемелекет өзінің 
тəуелсіз  мемлекет  екенін,  еркін  ұлт  екенін  білдіретін  ең  негізгі  құжат  –  Конституция 
екенін  ұмытпайды. Ұлы даланы мекендеген алты алаштың да өз дала заңдары, өзіндік 
конституциясы  болғаны  анық.  Орта  ғасырдағы  түркі  бабаларымыздың  бітік  жазуына 
бармағанның  өзінде,  қазақ  даласындағы  бізге  мейлінше  мəліметті  болып  жеткен 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тəуке ханның «Жеті жарғысы» 
секілді заң жүйелері қазақ елі Конституциясының ертеректе қаланған іргетасы іспеттес. 
Қазақ  хандары  жолға  қойған  осы  жарғыларды  дала  конституциясы  санасақ,  оның 
«баптарының»  сөз  бастаған  шешендер  арқылы  қалай  өрбігеніне,  абыз  ақсақалдардың 
қалай таратып, жөнге салғанына тарихтан білуге болады. Ал кейінгі ХХ ғасыр басында 
ұлттық тəуелсіздікті ту етіп ұстаған Алаш қайраткерлері дербес Конституция əзірлегені 
де  тарихтан  белгілі.  Алаш  ұмтылысынан  кейін  республикамызда  бірнеше 
Конституциялар өмірге келген.  
Совет үкіметі тарап, Қазақ елі өз  тəуелсіздігін жарияланғаннан кейін 1993 жылы 
парламент  қабылдаған  бірінші  Конституция  Республиканың  дамуындағы  зор  қадам 
болды.  1993  жылы  28  қаңтарда  егеменді  тəуелсіз  қазақ  мемлекетінің  тұңғыш 
Конституциясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірауыздан қабылдады. 
Сөйтіп,  Конституция  –  егеменді,  ешбір  мемлекетпен  ортақтаспаған  тəуелсіз 
мемлекеттің  Ата  Заңы  болды.  Ал,  1995  жылы  30  тамызда  бүкiлхалықтық  дауыс  беру 
негiзiнде  екiншi,  қазіргі  қолданыстағы  Конституция  қабылданды.  Президентіміз 
Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  «Конституция  біздің  бостандықтарымыздың  негізіне 
айналды.  Ол  бізге  тəуелсіздік  алып  келген  жеңістеріміздің,  біздің  тапқан 
табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті». 
Ата  Заңымызды  бұлжытпай  орындаудың  нəтижесінде  Отанымыздың  бірлігі 
нығайып,  елдегі  тұрақтылық  пен  татулық  орнықты.  Жаңа  Конституция  қабылдау 
арқылы Қазақстан жаңа дəуірге қадам басты. 

 
185 
Қазақстан  тəуелсіздігінің  тарихына  жүгінсек,  1995  жылы  атқарылған  жұмыстар 
елдің  үлкен  белестен  бір  аттағанын,  басты  асуды  асқанын  айғақтар  еді.  Соның  ішінде 
1995  жылдың  30  тамызындағы  Конституцияны  қабылдаудың  маңызы  айтарлықтай 
ерекше болмақ. Елдегі саяси өзгерістерге орай, сол жылы Президент Н. Назарбаевтың 
бастамасымен  сарапшылар  тобы  құрылып,  олар  əлемнің  көптеген  елдерінің 
Конституцияларын,  əсіресе  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қабылданған  Негізгі 
Құжаттарды  мұқият  сараптаудан  өткізді.  Сарапшылар  тобының  ғалымдары, 
саясаткерлер  ғана  емес,  бұл  іске  Елбасы  да  етене  араласты.  Тіпті,  осы  істің  тізгіні 
Мемлекет  басшысының  қолында  болды,  Президент  те  бұған  барынша  жан-жақты 
дайындықпен келді  десек жаңылмаспыз.  
Тұңғыш  Президенттің өзі  бастама  əрі  ынталылық  жасап,  сол  кездері  Еуропа  мен 
Азияның,  Солтүстік  жəне  Латын  Америкасының  барлығы  20-дан  астам  дамыған  жəне 
дамушы  елдерінің  конституцияларын  зерттеп,  саралап,  зерделеп  шықты.  Сосын  1994 
жылы  өз  қолымен  Əділет  министрлігіне  жаңа  конституцияның  жобасын  тапсырған 
болатын. Нақ осы үлгі-жоба бүгінгі Ата заңымыздың негізін қалаған еді. Ендеше, 1995 
жылы  қабылданған  Конституцияның  да  басты  авторы  –  Қазақстан  халқы  мен  оның 
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев деп толық сеніммен айтуға болады. 
1995  жылы  30  тамызда  елдің  жаңа  Конституциясын  қабылдау  жөнінде 
бүкілхалықтық  референдум  өтіп,  оған  сайлаушылардың  90,58  пайызы  қатысты. 
Олардың  89,14  пайызы  жаңа  Конституцияның  қабылдануын  қолдады.  Конституция 
барлық  қазақстандықтардың  ой-пікірін  есепке  ала  отырып  жасалған  құқықтық-саяси 
құжат  болды.  Осылайша,  дүниеге  келген  Конституция  тəуелсіз  мемлекет  ретінде 
дамуымызға  даңғыл  болып,  елдің  бетке  алған  бағдарының  тұтастай  бөлігін  қамтып 
отыр  десе  де  болады.  Қазақстан  халқының  басты  міндеті  –  Қазақстан  Тəуелсіздігінің 
тірегіне  айналған  Конституцияны  қатаң  ұстану,  басты  талап  –  Ата  Заңымыз, 
Конституцияны  құрметтеп  қорғау,  ал  оның  маңыздылығын  жоғалтпай  сақтау 
республикамыздың əрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. 
Конституция республика өмірінде экономикалық қана емес, саяси өзгерістерге де 
жол  ашты.  Қос  палаталы  кəсіби  Парламенттің  жасақталуы  да  соның  жарқын  айғағы. 
Конституция  мемлекеттік  биліктің  біртұтастығын  бекіте  отырып,  оны  шашыраңқы 
күйден,  біртұтас,  жұмылған  жұдырықтай  жүйеге  айналдырды.  Мемлекеттік  билік 
органдарының  халық  алдындағы  жауапкершілігін  күшейтті.  Халық  пен  мемлекеттің 
арасындағы  коммуникативтік    күшке  айналды. Конституцияның  қоғам  өміріндегі, 
еліміздің  тарихындағы  орны  бөлек.  Еліміздің  егемендік  алған    жылдар  ішінде 
Қазақстанда  жасалған  игі  істердің  бəрі  де  Конституция  қағидалары  сақтала  отырып 
жасалды. 
Соның 
нəтижесінде 
республиканың 
қолданыстағы 
Конституциясы 
қабылданып,  өмір  талаптарына  орай  1998  жəне  2007  жылдардағы  конституциялық 
реформалар барысында оларға түзетулер енгізілді.  
Конституциямыз  халқымыздың    күнделікті  өміріне  қажетті  сұрақтардан  бастап, 
стратегиялық  сипаттағы   мəселелерді  шеше  алды.  Қазақстан  мемлекетінің  ең  қымбат 
қазынасы -   адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып  табылды. 
Адам  құқықтары  мен  бостандықтары  тек  декларация  ретінде  емес,  мемлекет 
қаншалықты 
жүзеге 
асыра 
алатындығына 
байланысты 
негізделе 
отырып, 
Конституциядан өз орнын алды.  
Конституция  мемлекеттік  билік  пен  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жан-жақты 
нығайтты.  Ел  экономикасын  түбегейлі  реформалау  мен  оны  терең  дағдарыстан 
шығарудың  проблемаларын  шешті.  Еліміздің  сындарлы  сыртқы  саясат  жүргізуіне 
ықпал  жасады.  Ішкі  саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  етті.  Өркениетті  əлемде 
азаматтардың  жалпыға  танылған  құқықтары  мен  бостандықтарын  орнықтырып, 
демократиялық институттарды дамытты. 

 
186 
Сонымен, Конституциямыз тиімді мемлекеттік құқықтық жүйеміздің орнығуына, 
нарықтық  экономикамыздың  қалыптасуына,  халқымыздың  əл-ауқатын  көтеруге, 
Қазақстанымыздың саяси, экономикалық, əлеуметтік дамуының бастауы болды. 
Конституциялық  принциптер  елімізде  демократиялық  жəне  саяси  жүйенің 
қалыптасуына,  адам  құқығы  мен  бостандығының  қорғалуына  кепілдік  берді. 
Конституциямыз  -  қазақстандықтардың  бойында  азаматтық  жəне  қазақстандық 
патриотизм  сезімдерін  тəрбиелеуде,  халықтың  идеялық-мəдени  дамуының  негізін 
құраушы, қоғамдық саяси процестерге əрбір адамның қатыстылығын паш ететін үлкен 
саяси жəне құқықтық құжат. 
Тəуелсіздігіміздің  тұғырын  нығайтып,  елдігіміздің  еңселі  болуын  заңдық 
тұрғыдан  қамтамасыз  ететін  басты  құжаттың  қабылдануының  бұл  белесі  рухани 
топтасуымызға, алғы күндерге сеніммен ұмтылуымызға да жігер бере түсетіні сөзсіз. 
Конституция  күні  -  біздің  мемлекетіміздің,   халқымыздың  ең  негізгі  
мерекелерінің бірі.  
Ғасырлар  тоғысында  əлемдік  өркениеттің  шыңына  ұмтылған  Қазақстан  халқы 
тарихы  да  тағдырлы  шешім  қабылдап,  жасампаз  жаңа  дəуірге  қадам  басты.  Ата  Заң 
біздің  бүкіл  жарқын  істеріміздің  қайнар  бастауына  айналды.  Конституция  мызғымас 
мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас 
бағдары, кемел  келешегіміздің  кепілі! 
Конституцияны  басшылыққа  ала  отырып,  біз  тəуелсіздігіміз  бен  мемлекетімізді 
нығайту жолында ғасырлық  мəні бар ауқымды атқардық. 
Біз  аз  ғана  20  жыл  ішінде    дəулеті  тасыған  қуатты  да    əлеуметті  елге  айналдық. 
Кең  байтақ  жеріміздің    шекарасын  шегелеп,  іргемізді  мызғымастай  етіп  бекіттік. 
Тағдыр  тоғыстырған,  тарих  табыстырған  түрлі  ұлт  өкілдері  Конституция  қағидаттары 
төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне  орналасқан Елордамыз əлемге руханияттың 
ірі  орталығы,  саясаттың    іргелі  ордасы  ретінде  танылды.  Əрбір  азаматы  өзін  тең 
сезінетін,  татулығы  жарасқан  Қазақ   елінің,  Қазақстан  халқының  қарымды  істері  
бүгінде  əлем  жұртшылығы  үшін  үлгі-өнегеге  айналды.  Мұның  өзі  біздің  Ата 
Заңымызда  бүкіл  -  адамзаттық  құндылықтар  мен  өркениеттік  игіліктердің  барлығы  
қамтылғанын  айғақтайды. 
Конституция  күнінің  елдік  пен  егемендіктің,  іргесі  берік  мемлекеттіліктің  темір 
қазығына  айналған  əсем  Астанамыздың   төрінде  тойлануының  да  өзіндік  мəні 
зор. Қазақ мемлекетінің өсіп-өркендеп нығаюына, дамуына негіз болған Ата Заңымыз – 
қазақ  елінің  мəңгілік  ел  екендігін  дəлелдейді.    Конституция  еліміздің  -  мəңгілік  заңы  
екеңдігін  қазақ  елі  мойындайды.  Өз  Отанын  сүйіп,  мақтан  тұтып,  оның  заңдарына 
бағынуы  -  əрбір  Қазақстан  азаматының  елінің  алдындағы  азаматтық  борышын 
орындауы.  Конституция  заңдарымен  өмір  сүру  -  қазақ  елінің    жарқын 
болашағы. Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет