Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата09.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8594
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Əдебиет
1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 1995. 
2.  ҚР  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  ҚР  Конституциясының  15  жылдығына  арналған 
Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияда сөйлеген сөзі. Астана, 27.08.10 ж. 
3.  «Заң жəне заман» ғылыми-құқықтық журналы, № 3 (112) наурыз 2010 ж., 30 б. 
4.  1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенция» 
5.  Баймаханов  М.Т.,  Зиманов  С.З.,  Сапарғалиев  Ғ.С.  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы. - Алматы: Раритет, 2010. 
 
 
 

 
187 
ƏОЖ 94.(574) 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК НЕГІЗДЕРІ 
 
Қоңыртаева А., Амангелді А. 
(Л.Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ) 
 
 
 
 
Кез  келген  халықтың  төл  тарихы  оның  шығу  тегіне,  мемлекетінің  қалыптасуына 
жəне  оны  қалай  сақтап  қалуына  байланысты.  Əлемде  мыңдаған  тілде  сөйлейтін 
халықтар бар, ал мемлекеттер саны 200-ге жетер-жетпес. Əрине, бүгінгі адам өмірінің 
қажеттілігін  қамтамасыз  ететін  ХХІ  ғасырда  өз  мемлекетіңмен  жету  ол  бақыт.  Біз 
бүгінгі  Қазақстан  жеріне  бүкіл  батыс  Еуропа  немесе  бес  Францияны  сыйғыза  алатын 
дүниежүзінде  жер  көлемі  жағынан  9  орынды  иемденетін  мемлекеттің  мұрагері  болып 
отырмыз.  Мұндай  байлықты  сақтап қалу  тек  өр  мінезді,  еркіндікке деген  рухы  мықты 
халықтар  ғана  жасай  алатындығын  тарих  дəлелдеді.  Күні  кеше  тіпті,  Кеңес  билігі 
тұсында  мұндай  мəселені  айтпақ  түгілі,  ойлауға  да  мүмкіндік  жоқ  еді.  Қазіргі  таңда 
мемлекетіміздің  ғасырларға  татитын  тарихына  үңіліп,  жеңімпаз  халық  екенімізге  көз 
жеткізуге əбден болады. 
Мемлекет  дегеніміз,  біздің  түсінігімізше,  нақты  аумақта  бір  немесе  бірнеше 
халықтың басын біріктіруші, мүдделерін қорғаушы саяси-құқықтық жүйе. Бұл жүйенің 
пайда болуы да, ондағы басқару тетіктерінің қалыптасуы да ұзақ мерзімді қажет етеді. 
Табиғи-географиялық  орта,  одан  туындайтын  шаруашылық-мəдени  тип,  тарих  үдерісі 
халықтың  болмысын  даралауға  қалай  əсер  етсе,  мемлекеттің  табиғатын  анықтауға  да 
соншалықты ықпал етті деп есептейміз [1].  
ХҮ  ғасырдың  екінші  жартысында  (1465-1466  жж.)  Қазақ  хандығы  Еуразияның 
ұлан-ғайыр даласында кем дегенде екі мыңжылдық тарихты артта қалдырған сонау сақ 
дəуірінен  бастау  алып,  түркілермен  жалғасқан  мемлекеттер  мен  заңдардың  қасиетін, 
мəнді  белгілерін,  қағидаларын,  салт-дəстүрін,  əдет-ғұрпын  қабылдай,  бойына  сіңіре, 
жетілдіре  жалғастырып,  өзіне  ғана  тəн  қадір-қасиетімен,  даралануымен  алғашқы 
қадамын  жасады.  Байқап  отырғанымыздай,  біздің  ұлттық  мемлекетіміз  жай  жерде 
ешқандай негізсіз қрыла салған мемлекет емес, ғасырлар Қазақстан территориясындағы 
ғасырлар бойғы мемлекеттік үдерістің заңды туындысы екеніне көзіміз жетіп отыр. Сол 
кезде  Моғолстан  ханы  Есен-Бұға  еншілікке  берген  Шу  мен  Талас  өзендерінің 
арасындағы  алақандай  Қозыбасы  деген  жерде  қазақтың  алғашқы  хандары  Керей  жəне 
Жəнібек  Қазақ  хандығының  шаңырағын  құрды.  Əлем  картасында  «Қазақ  хандығы», 
«Қазақстан» деген ұғымдар еніп, дүниежүзіне белгілі болды. Байқап отырғанымыздай, 
Жəнібек пен Керей хандармен жай ғана тайпалар тобы емес, олар құрған мемлекеттің 
негізін құрайтын рулар мен тайпалардың бірлестігі көшіп келді.  
Ғылыми  ортада  Қазақ  хандығының  құрылу  мерзіміне  байланысты  ғалымдар 
тарапынан  түрлі  пікірлер  айтылып,  соңғы  уақытқа  дейін  нақты  құрылған  жылын 
анықтай  алмай  келдік.  Дегенмен,  сол  кезде  жазылған  тарихи  құнды  еңбектің 
нəтижесінде  бұл  мəселе  түпкілікті  шешілді.  Ол  ХҮ  ғасырдың  белгілі  тарихшысы 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  Тарихи-Рашиди  еңбегі.  Онда  хандықтың  құрылуы 
жайында  мынадай  мəліметтер  келтірілген:  «Сол  заманда  Əбілқайыр  ханның  Дешті 
Қыпшақ  даласына  түгелдей  билік  жүргізіп  отырған  кезі  еді.  Жошы  ұрпағының 
сұлтандары жорық жасап, Жəнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп 
қалған  еді.  Есенбұға  хан  оларды  құрметтеп  қарсы  алып,  қоныстануға  Моғолстанның 
батыс жағындағы Шу өзені алқабындағы Қозыбасыны берді. Олар бұл аймақта тыныш 

 
188 
өмір  сүрген.  Əбілқайыр  хан  қайтыс  болған  соң  өзбек  ұлысы  бір-бірімен  шайқасып, 
араларында  үлкен  келіспеушілік  туды.  Жұрттың  көпшілігі  Керей  хан  мен  Жəнібек 
ханның  жанына  кетіп  қалды.  Олардың  саны  екі  жүз  мың  адамға  жетті,  оларды  өзбек-
қазақ  деп  атай  бастады.  Қазақ  сұлтандарының  алғашқы  билік  жүргізуінің  басы  870 
(1465-1466)  жылдан  басталады  (Алла  жақсы  біледі).  940  (1533-1534)  жылға  дейін 
қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне иөз иеліктерін толық жүргізген еді» - делінген [2].  
Мемлекеттіліктің тағы бір тетігі – оның нысандары, рəміздері қалыптаса бастады. 
Көшпелі  қазақтарда  əскери  жарақ  болған,  даусыз  бұйымдарының  бірі  –  ту  мен 
буыншақ. Жалаулар екі міндет атқарды, олар аса мəнді киелі нысан болды жəне шеру 
мен шайқаста əскерлерді басқарудың тиімді құралы ретінде қолданылды. Əрбір рудың, 
əр ұлыс сұлтанының, əрбір ханның туы болған. Қалыптасқан дəстүр бойынша бір ханда 
тоғыз  туға  дейін  болуы  керек  екен.  «Тоғыз  тулы  хан»  дегенде  көз  алдына  құдіретті 
билеуші  келген  [3].  Бұл  тұжырымдарымыздың  дəлелі  жуырда  Халықаралық  Түркі 
Академиясының  төрағасы  Дархан  Қыдырəлі  бастаған  өкілдерінің  ғылыми-зерттеу 
мақсатында Қытайға арнайы іс-сапармен барған кезде табылған мəліметтер. Онда қазақ 
хандары басына тəж киіп, қолына асатаяқ ұстап, алтынмен апталған ордаларда отырып 
ел  басқарғандығы  жайлы  құнды  деректер  тапқан.  Біздің  ойымызша  бұл  кезеңнің 
құжаттары əлі толық ашалып бітпеген жəне өз зерттеушілерін күтуде деп есептейміз.  
Сонымен  қатар,  тулар  сырттай  биліктің  белгісі  болып  қана  қоймай,  əскери 
даңқтың  жəне  əскербасы  мен  əскер  абыройының  нысаны  болған.  Жорықтарда 
жауынгерлік  тудың  сақтаушысы  болып  қазақ  хандығындағы  билеуші  əулет  Шыңғыс 
тұқымы  сұлтандарының  немесе  ықпалды  билердің,  яғни  ру  мен  тайпа  басыларының 
бірі  тағайындалған.  Ту  ұстаушы  қазақ  қосынының  қолбасшысынан  кейінгі  əскердегі 
бірінші  тұлға  болған.  Бұдан  байқайтынымыз,  мемлекеттіліктің  мұндай  маңызды 
белгілерінің  қалыптасуы  Қазақ  хандығы  толыққанды  өзін-өзі  таныта  білген  субъекет 
ретінде Еуразия кеңістігіндегі өзінің лайықты орнын алды [3, 210 б.]. Оған дəлел, ХҮІ 
ғасырдың  басында  Қазақ  хандығы  билігінің  тізгігін  ұстаған  Қасым  хан  сыртқы 
саясатты сəтті қадамдар жасап, Əбілқайыр ханның мұрагерлерімен болған үлкен теке-
тіресте  жеңіске  жетті.  ХҮ  ғасырдың  орта  тұсында  құрылған  Қазақ  хандығы  өзінің 
алғашқы  күнінен  бастап  ел  мүддесіне  сай,  ру-тайпалардың  этностық  аумақтарын 
қалпына  келтіру  үшін  күрес  жүргізді.  Ол  мемлекеттің  қабырғасын  қатайтып,  іргесін 
бекітіп, керегесін кеңейтіп, шаңырағын тіктеді. Сондай күрестердің біріне – 1510 жылы 
қыс  айларында  Ұлытау  маңында  Қасым  хан  мен  оның  сол  кездегі  басты  қарсыласы 
Мұхаммед Шайбани хан арасында өткен ұрыс жатады. Бұл ұрыста кім жеңсе, сол бүкіл 
Дешті Қыпшаққа иелік етуші еді. Нəтижесінде, Қасым ханның қолданған шебер əскери 
стратегия  мен  тактиканың,  керемет  қолбасшылық  өнердің  арқасында  қазақ  жасақтары 
жеңіске жеткен еді [4].  
Нəтижесінде  Түркістан  қалаларының  басым  бөлігі,  Ташкент  пен  Түркістан 
аймағына  тиесілі  жерлер  оның  қол  астына  енді.  Бұл  қалалар  Қазақ  мемлекетінің 
оңтүстіктегі  əлеуметтік-экономикалық,  стратегиялық,  мəдени  ошағына  айналып,  қазақ 
хандарының келіп-кетіп жүретін мекені, саяси орталықтары болды.   
Қазақ  хандығы  ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлар  аралығында  өмір  сүріп,  дəстүрлі  қазақ 
қоғамын 
қалыптастырды. 
Бұл 
қоғамның 
өзіндік 
қайталанбас 
ерекшелікреті 
болғандығын  оның  бай  тарихы  дəлелдеп  отыр.  Бұлай  дейтін  себебіміз,  біріншіден, 
Қазақ  хандығы  осынау  дəуірде  бір  сəтке  де  тəуелсіздігінен  айрылған  жоқ.  Ел  басына 
күн  туған  сəттер  аз  болмаған  еді.  Жоңғар,  қытай,  қалмақ,  орыс,  өзбек  қазақ  жеріне 
қызығушылықпен қараумен болды. Бірақ біздің батыр бабаларымыз бір сəтке де жауға 
дес бермей келді. 
Екіншіден,  тəуелсіздіктің  арқасында  қазақ  халқының  қалыптасуы  түпкілікті 
аяқталды.  Осы  мемлекеттің  құрамына  енген  түркілік,  түркілік  емес  тайпалар 

 
189 
қазақтанып  кетті.  Қазақтың  тілі,  мінезі,  болмысы,  əдет-ғұрпы,  этнопедагогикасы, 
филоофиясы  қалыптасты.  Қазақ  ұлысының  құрылу  үрдісі  этникалық  аумақтың 
қалыптасуымен 
жəне 
этносаяси, 
шаруашылық, 
табиғи, 
табиғи-географиялық 
жағдайына орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен 
қатар жүзеге асты [3, 208 б.].  
Үшіншіден,  мүлгімеген  билеушілер,  халық  ұлан-ғайыр  жерін  анықтап, 
шекараларын  бекемдеді.  Қазақ  хандығы  халықаралық  субъект  дəрежесіне  көтерілді. 
Сонау  Алтайдан  Оралға  дейінгі  жерлер  Қазақ  хандығына  тиесілі  болып,  кейін  Кеңес 
өкіметі  тұсында  А.  Байтұрсынов,  А.  Бірімжанов  сынды  зиялы  қауым  өкілдері  жаңа 
құрылған  Қазақ  автономиясының  шекарасын  кезіндегі  Қазақ  хандығы  бекемдеген 
жерлермен дəлелдеген еді. Осы жерде белгілі ағылшын ғалымы Джайл Флэтчер (1549-
1611  жж.)  мына  бір  теңеулерін  келтіруге  болады:  «Смерть  до  того  призерают,  что 
охотнее соглашаются умереть, нежели уступить неприятелю, и будучи разбиты, грызут 
оружие,  если  уже  не  могут  сражаться  или  помочь  себе».  Олардың  мем  лекетті 
қорғаудағы батылдығына бұдан артық қандай дəлел керек.     
Төртіншіден,  мемлекет  пен  құқық  қарым-қатынасы  реттеліп,  «Қасым  ханның 
қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  «Тəукенің  Жеті  жарғысы»,  ислам  дінінің 
гуманизмге толы қағидалары мемлекет өмірін дала демократиясының арнасына түсірді. 
Адамның өмірі, бостандығы мен бас еркі дала демократиясының өзегін құрады. Билер 
институты шешімінің хан жарлығымен бірдей дəрежеде атқарылғаны осыған айғақ.    
Бесіншіден,  Қазақ  мемлекетінің  өзіндік  өркенитеттік  негіздері  қалыптасты.  Əр 
халық  пен  əрбір  мемлекеттің  өз  тарихы  бар.  Ол  қасіретті  де  бақытты,  өр  де  өксікті 
болуы  мүмкін,  бірақ  қалай  болғанда  да  бұл  -  тарих,  тек  қазақтың  ғана  емес,  адамзат 
өркениетінің  бұралаң  жолдарында  бабаларымызбен  иық  тіресе  тіршілік  кешкен  талай 
халықтардың  да  өсіп-өркендеуін  бүтіндей  өзгертіп  жіберген  қыруар  оқиғалар  мен 
асулы  кезеңдерді  үздік-создық  ғасырлар  үдесінде  өз  бойына  сыйғызған  тарих.  Қазақ 
мемлекеттілігінің 
өркениеттік 
негіздері 
түбірі 
тереңде 
жатқан 
көшпенділер 
өркениетімен байланысты. Өкінішке орай осы уақытқа дейін сан ғасырлық тарихы бар 
көшпелілер өркениеті адамзат мəдениеті қатарынан өзінің лайықты орнын алмай келді. 
Сондықтан қазіргі көп проблемалардың ішіндегі методологиялық мəні бар ең өзектісі – 
өркениет мəселесі.  
Өркениет латынның азаматтық, қоғамдық деген сөзінен шыққан, мəдениет сөзінің 
синонимі.  «Өркениет»  терминін  алғаш  енгізген  шотланд  философы  жəне  тарихшысы 
Адам  Фюргюсон  (1723-1816).  Оның  пікірі  бойынша  өркениет  «жабайылыққа»  жəне 
«тағылыққа»  яғни,  алғашқы  қауымдық  құрылысқа  қарсы  балама  болды.  Уақыт  өте 
«өркениет» ұғымының мəні кеңейіп, жалпы адамзат қоғамының дамуына тəн құбылыс 
ретінде  қарастырыла  бастады.  Жалпы  алғанда  өркениет  қоғам  дамуының,  оның 
материалдық, рухани мəдениетінің даму дəрежесі, баспалдағы.  
«Көшпенділер 
өркениеті» 
деген 
ұғымды 
Қазақстан 
тарих 
ғылымында                           
Ə.  Марғұлан,  К.  Ақышев,  К.  Байпаков  сияқты  ғалымдар  көбірек  пайдаланды  жəне 
пайдаланып  жүр.  «Көшпенділер  қоғамы»  деген  мəтінді  С.  Толыбеков,  Д.  Кішібеков,              
Н.  Масанов  сияқты  ғалымдар  ғылыми  айналымға  қосты.  Сонымен  бірге  кейінгі  кезде 
Дала өркениеті деген пікір де көбірек айтылып жүр.  
Өркенит  мəселесі  мемлекеттік  болмыспен  байланысты.  Бұл  жай  емес,  бір 
жағынан  саясаттандырылған  мəселе.  Кеңес  дəуірінде  қазақ  халқында,  хандық  билікке 
негізделген мемлекеті, оның өзіндік дəстүрлі ерекшеліктері мүлдем айтылмады. Ал 40-
шы жылдары Қазақстанның Панкратова, Греков, Дружинин сияқты академиктер бастап 
шығарған  «Қазақ  КСР  тарихы  көне  дəуірден  бүгінге  дейін»  деген  1943  жылғы 
басылымда  Тəуекел,  Тəуке  құрған  мемлекеттердің  орталықтандырылған,  бір  жерден 
басқару жүйесі қалыптасқан мемлекет екендігін айта келіп, оның Киев Русінен де, Ұлы 

 
190 
Карл  империясынан  да  орталықтандыру  дəрежесі  жоғары  болғандығын  көрсетті.  Көп 
ұзамай, 1945 жылы «Большевик» журналында осы еңбекке байланысты Морозов деген  
ВКПБ-ның  ОК-нің  қызметкері  жазған  сын  мақаласында  автроларға  ұлтшылдық  айып 
тақты.  Соның  арқасында,  1949  жылы  шыққан  еңбекте  тарихшылар  өздерінің  алғашқы 
пікірінен бас тартуға мəжбүр болды.  
Бүгүнгі  күні  осы  мəселелерді  қайтадан  қарауға  мол  мүмкүндік  туып  отыр. 
Отандық 
тарихшылар 
қазақ 
даласындағы 
өркениет 
тек 
қана 
көшпенділер 
цивилизациясы  емес,  көшпенділер  мен  отырықшылар  арасындағы  өзара  байланыстың 
болғандығын  айтады.  Алтайдан  Дунайға  дейін  созылған  Ұлы  Далада  көшпелілер  де, 
отырықшы қауым да өзінің орнын тауып бір-бірін толықтырып отырды.  
Археологтардың  экспедициялары  нəтижелері  Қазақстан  жерінде  көптеген 
қалалардың  болғандығын  дəлелдейді.  Мемлекеттік  деңгейге  жету  үшін  таза 
көшпенділерге  көп  уақыт  керек  болуы  мүмкін.  Ал  Алтайдан  Дунайға  дейін  созылған 
қыпшақ даласыда өмір сүрген тайпалар атқа мініп жер жаулап алуға болатынын, ал ел 
билеу үшін тұрақты астана, мемлекетке тірек боларлық қалалар болу керектігін түсініп 
қана қоймай, оны іске асырған.  
Қазақстан  жерінде  көшпенділер  өркениетіне  негізделген  мемлекеттің  кемеліне 
жеткен түрі қалыптасты. Сонау сақтардан бастау алған, кейін біздің заманымызға дейін 
V  ғасыр  бұрынғы  Үйсін  мемлекеті  жөніндегі  мəліметтерге  қазіргі  Қытайда  сақталған 
жазба деректер куə. Бұл деректерде мемлекеттілікке тəн белгілер үйсіндердің мемлекет 
билеушісі Күнби, нақты территориялық аймағының Іле алқабы болғандығын, астанасы 
Чигучен (Қызылалқап) қаласы екендігін жəне өте маңызды мəлімет үйсіндер иелігінде 
630 мың адам оның 188 мыңы жауынгер екендігі айтылады. Одан кейін Түрік қағанаты 
сияқты  Ұлы  империялық  дəрежеге  көтерілген  мемлекетте  ел  билеу  жүйесі  
заңдандырылды.  Түргеш,  ұйғыр,  қарахан,  қырғыз,  хазар  қағанаттарына  қарлұқ,  оғыз, 
қимақ-қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда, қазақ хандықтарына жол салды. Осы  сан 
ғасырларға  созылған  тарихи  үрдіс,  этномəдени  байланыс,  біртұтас  халықтың 
қалыптасуына,  орталықтандырылған  мемлекеттік  басқару  жүйесі  бар  біртұтас 
мемлекеттің пайда болуына əкелді. Академик М. Қозыбаевтың пайымдауынша олардан 
қалған өшпес мұра:  
- мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесі;  
- əскери құрылымның далалық түрі, əскери өнердің ғажайып үлгілері;  
- дала мен қала менталитетінің кірігуі;  
- сəулет өнерінің өзіндік дəстүрін қалыптастыруы, бай ауыз əдебиетін жасауы.  
Шын  мəнінде  «мемлекеттілік»  жəне  «мемлекет»  деген  ұғымдар  алғаш 
қарағандағыдай емес, тіпті əртүрлі мағыналарға ие. «Мемлекеттілік», «мемлекет» деген 
ұғымға  қарағанда  əлдеқайда  кең  жəне  ауқымды  ұғым.  Ол  тек  саяси-құқықтық 
қатынастарды қарастырмай, бір бүтін жүйе ретінде қоғамның əлеуметтік жəне мəдени-
рухани бастауларының негізінде жұмыс істеуі мүмкін барлық кешендерді қарастырады. 
Мемлекеттіліктің  осы  мағынасы  қазақ  халқында  ежелден  қалыптасқан.  Онсыз 
қазақтардың этникалық өмір сүруі өз мағынасын жоғалтқан болар еді. Саяси-құқықтық 
құрылым ретінде қазақ мемлекетін рєсімдеу бір басқа. 
Егерде  Шығыс  елінде  мемлекеттілік  мемлекет  ретінде  қалыптасса,  батыста  – 
мемлекет-қауым ретінде қалыптасқан, ал Далада ол этноəлеуметтік жəне этноаумақтық 
бірлестіктің  ерекше  формасы  ретінде  құрылған.  Мемлекеттіліктің  Далада  дамуы  – 
абстракты  жағдай  емес.  Ол  осы  өркениетті  құрылым  мен  тарихи  нақты  ішкі  жəне 
сыртқы келісілген қағидаттардың мəнді өлшемдерімен анықталатын бір бүтін ішіндегі 
жекелеген əлеуметтік организмдердің қозғалысы іспетті. 
Осы  ретте  мемлекет  Батыс  пен  Шығыс  өркениетінің  нəтижесі  сияқты  Ұлы  Дала 
тарихындағы  мемлекеттілік  өркениет  үрдісінің  негізі  болып  табылады.  Бұл 
көшпенділер өркениет жүйелері саяси сипатының іргелі ерекшелігі. 

 
191 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  мемлекеттілігі  түбірі  тереңде  жатқан  сан  ғасырлық 
тарихы  бар  көшпелілер  өркениетімен  тоғысқан,  əлемдік  тарихта  алатын  өзіндік  орны 
бар заңды құбылыс.  
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Х.  Əбжанов.  Қазақстан:  ұлттық  тарих,  идея,  методология.  –  Алматы:  «Елтаным  баспасы», 
2014. – 328 б. – Б. 35-35.  
2.  Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарихи-Рашиди. – Алматы: Тұран баспасы, 2003 – 616 б. – Б. 100. 
3.  Н.Ə. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы, 2003. – Б. 209-210. 
4.  Б. Кəрібаев. Ұлытау шайқасы: тарихи тағылым // Егемен Қазақстан, 30 қаңтар 2015 ж. – Б. 5.  
 
 
 
ƏОЖ 94.(574) 
  
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДА АТЕИЗМ НЕГІЗДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ 
 
Құнанбаев М.Қ. 
(Л.Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ) 
Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.Ғ. 
 
 
 
1917  жылғы  2  революциядан  кейін  Қазақстан  жерінде  түбегейлі  өзгерістердің 
орын алуы заңды құбылыс деп бағалауға болады. Бірінен кейін бірі орын алып жатқан 
«қилы  заман»  қазақ  қоғамын  шайқалтып  ғана  қоймай,  саяси-əлеуметтік  жəне  рухани 
жағынан да түрлендірді.  Өзінің мақаласында профессор Д.А. Аманжолова: «Қайтадан 
құрылған білім беру жүйесі мен тəрбие жүйесі арқылы Кеңестік Өкімет елдің көптеген 
халықтарына  идеологиялық  жағынан  «кеңестік  қағидаларын»  кіргізуге  тырысты.  Ол 
қағидалар: коммунизмді құруда, партияға жəне атеизмге берілгендік...» – деп атап өтеді 
[1,  71  б.].  Бұл  жерден  көретініміз,  қызылдар  тек  қана  қазақтарды  емес,  түгелдей  одақ 
халқын рухани, мəдени жағынан түрлендіруге ұмтылды. 1921 жылдан басталған Жана 
экономикалық саясат (ЖЭС) екі ауыр кезеңді жалғасырып тұрған «өтпелі» кезең болып 
бағаланады. Осы кезеңде түрлі декреттер мен заңдар қабылданды.  
Француз  тарихшысы,  кеңестанушы  Н.  Верт  өз  еңбегінде  ЖЭС  жылдарында  
маңызды оқиғалар көп болмағанын, бірақ өзгерістер баяу жолмен жүргенін атап өтеді. 
Сонымен қатар, «Одақтық елдің славян емес халықтарына, оның ішінде мұсылмандарға 
1925 жылдан бастап «худжума» кезеңі басталды деп жазды. Яғни, əртүрлі халықтарды 
бір  арнаға  тоғыстырып,  олардың  тарихын,  мəдениетін  жəне  дінін  түгелдейарғы 
тамырымен  байланысын  үзуге  ұмтылды»  –  дейді  автор  [2,  109  б.].  Ал,  1922  жылы 
аштыққа  байланысты  шіркеулерден  құнды  заттардың  барлығы  тəркілене  бастады.  Өте 
көп  мөлшерде  діни  қызметкерлер  айдауға  ұшырады.  Осы  кезеңнен  бастап,  Кеңес 
өкіметі  «діни  инквизицияны»  бастады  деуге  болады.  Өте  көптеген  мөлшерде  діни 
ғибадат  үйлері  жабылды.  10  мыңдаған  шіркеулер,  мешіттер,  синагогалардың  орнына 
қоймалар,  клубтар  жəне  астық  сақтайтын  қамбалар  ашылды.  Халықтың  діни  құқығы 
шектеле  бастады.  Осыған  дəлел  ретінде  Арық-Балық  ауданындағы  Төменгі  Бұрлық 
ауылындағы ғибадат үйінің жабылуы туралы Қаз ОАК жанындағы дін істері жөніндегі 
тұрақты  комиссияның  қаулысын  беруге  болады.  Аудан  милициясының  төрағасы, 
Щербакова  В.Н.  басқарған  комиссия  құрамы  ғибадат  үйін  жөндеуге  кететін  шығынды 
есептей келіп, 4960 рубль қажет деп тапты. Сол жөндеу уақытын сылтаурата келе, 28-і 

 
192 
маусымнан  28-і  тамызға  дейінгі  аралықта  2  ай  ғана  қысқа  мерзім  береді  жəне 
құлшылық  жасаушылардың  санын  аз  деп  хаттама  толтырады.  Осы  жағдайға 
нарзылығын  білдірген  тұрғындар  республикалық  Орталық  Атқару  Комитетіне  шағым 
білдірген. Мəселені қайтадан қарастырған тұрақты комиссия ғибадат үйіне керек емес 
жөндеу жұмысын қалдырып, құлшылық үйін мəдени жаққа қолданбау туралы шешімге 
келеді [3, 16 б.]. Бұл жағдай мыңдаған ғибадат үйлерінің ішіндегі аман қалған аз ғана 
бөлігінің бірі ғана. 
Енді осы атеизм насихатын жүргізуге қатысқан тікелей тұлғалар туралы бірер сөз 
қозғап  өтсем.  Əрине  дінсіз  қоғам  құруда  ең  маңызды  рөл  атқарған  «қызыл 
империяның»  негізін  қалаған  В.И.  Ленинді  айналып  өте  алмаймыз.  Өзі  туралы  ақпар 
беретін барлық сауалнама беттерінде Ленин 16 жасымнан атеист болдым деп көрсеткен 
[4, 435 б.]. Владимир Ильичтің қалай құдайдан бет бұрғанын, мойнынан крестті жұлып 
тастап  жерге  лақтырғанын  кейінгі  кездегі  кеңестік  идеологтар  өте  əсерлі  жəне 
тұшымды  етіп  көрсетеді.  Біз  білетіндей  тарихты  жасайтын  тұлғалар  болса,  1920 
жылдардағы  Қазақстаннның  тарихына  тікелей  əсер  еткен  осы  Ленин  болатын.  Бала 
күнінде  алған  психологиялық  күйзелісі  кейінгі  кезде  зор  бір  мемлекеттің  тағдырын 
өзгеріске ұшыратты. 1918 жылдың 20 қаңтарында Ленин «ар-ождан бостандығы туралы 
декретіне»  қол  қойды.  Бұл  декрет  бойынша  дін  бостандығы  емес,  Лениннің 
пайымдауынша,  керісінше  «діннен  еркіндікті»  қамтамасыз  етті.  Мектеп,  медреселерде 
діни  білім  алу  мүмкін  болмады,  азаматтық  некелер  тіркеле  басталды,  шіркеу  мүлкі 
халықтың қазынасы деп жарияланды. 1918 жылдың қазанынан бастап Кеңестік Ресейде 
православиелік  аса  құрметті  тұлғалардың  мүрдесін  қазып  алу  үрдісі  басталды. 
Большевиктердің  бұл  əдісі:  «көріңдер  діндарлар,  сендердің  құрметтеп  жүрген 
тұлғаларың  баяғыда  шіріп  кеткен»  -  деп  мазаққа  айландыру  сияқты.  Осыған 
байланысты  кинофильмдер  түсірілді.  Ленинге  осындай  бір  фильмдердің  біреуін 
көрсеткенде  оған  ұнаған.  Ол  өз  сөзінде:  «ешқандай  кемсіту  керек  емес,  тек  дұрыс  , 
ғылыми  тəсілмен  жеткізу  қажет  жəне  жүз  мыңдаған  халықтың  қандай  қасиеттілеріне 
табынып  жүргенін  көрсету  қажет»  -деп  түсіндірді.  Ленин  түрлі  əдістер  арқылы 
халықтың түпкі санасын өзгертуге арналған əрекеттерге барды.  
Ал  Қазақстан  жерінде  əрекет  жасаған  ресми  өкілетті  органдардың  тұлғаларымен 
таныстырумыз  керек.  1920  жылдардың  аяғында  құрылған  ҚазОАК  жанындағы  дін 
істері  жөніндегі  тұрақты  комиссияның  төрағасы  Килеев  жəне  оның  көмекшісі 
Забарытько  сияқты  адамдарды  тануымыз  қажет.  Алғашында  өкілетті  ұйымның 
бөлімшелері  қауіпті  деген  3  облыста  қызмет атқарған.  Олар:  Алматы,  Ақтөбе,  Шығыс 
Қазақстан  облыстары.  Кейіннен  басқада  аймақтарда  ашылғанын  құжаттар  арқылы 
білуге болады. Түрлі құжаттарға қол қойып, қисынсыз қаулылар қабылдаған адамдарды 
тарихқа  енгізу  міндетіміз  деп  санаймын.  Cонымен  қатар,  1930  жылдардың  ортасынан 
жұмыс  жасай  бастаған  Жауынгер  құдайсыздар  қауымдастығы  (СВБ)  туралы  айта  кету 
керек. Қазқстандағы бөлімшесін бақарған Шустров мырза болған. Осы СВБ қоғамдық 
жұмыстар  жүргізу  арқылы,  яғни  лекциялар,  түсіндірмелі  əңгімелерін  көптеп  өткізіп 
халықты  өздеріне  жақындатты.  Енді  1938  жылғы  СВБ-ң  жоспарына  назар  салсақ. 
КСРО-ң  Жоғарғы  Кеңесіне  өткен  сайлау  көрсеткендей,  СВБ  өз  жұмысын  төмен 
деңгейде  жүргізген.  Республиканың  бірнеше  аудандарында  поптар,  молдалар,  əртүрлі 
секта  өкілдері  революцияға  қарсы  агитация  жүргізген  деп  көрсетеді.  Аудандық 
комитеттер 
СВБ-ң 
жұмысына 
мүлдем 
көмектеспейді. 
Сондықтан 
мынадай 
міндеттемелер бергенін көреміз:  
1. Сайлау учаскелерінде дінге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру. 
2.  Ең  мықты  үгіт-насихатшыларды  жинап,  олардың  тақырыбын  бекітіп,  əр 
күндерге бөліп қоғамдық ұйымдарда дінге қарсы лекциялар жасау. 
3.  Клубтарда,  қызыл  бұрыштарда,  мектептерде,  насихаттау  пунктерінде 
құдайсыздар  бұрышын  құру.  Ол  жерлерде  тақырыпқа  байланысты  көркемдегіш 

 
193 
құралдарын қолдану қажет. Əсіресе, «Безбожник», «Спутник Агитатора» журналдарын 
қолдану жəне драмалық үйірмелерінде түрлі қойылымдар дайындалуы тиіс. 
4. Парткабинеттер жанында 3 күндік семинарлар ұйымдастыру. 
5.  барлық  жұмыс  күшін  қоғамдық  жұмыстарға  бағыттау,  СВБ  мүшелері  мен 
бөлімшелерін көбейту. 
6.  КазТУ,  Пединститут  сияқты  ЖОО  дінге  қарсы  семинарлар  ұйымдастыру. 
Бірінші кезекте семнарларды қазақтарға жəне басқа ұлттарға ұйымдастыру қажет [5, 72 
б.] 
Осы жопарларға талдау жасау арқылы, Кеңес Өкіметі бірінші кезекте ақпараттық 
құралдарын,  ағартушылық  орындарын  қолдана  отыра  жұмысшы  табын  атеизм 
құрмауына тартып отырған. Сонымен қатар, тұрғылықты халықты қазақтарды алдыңғы 
лекпен  улады.  Мұрағат  деректеріне  сүйене  қарасақ,  атеизм  насихаты  жүйелі  түрде 
жасалған  бағдарлама  арқылы,  оның  ішінде  лекция  қанша  уақытқа  созылуы  қажет? 
Қандай  адамдар  жүргізуі  керек?  Қанша  ақша  жұмсалады?  -  деген  сияқты  сұрақтарды 
қарастырған.  Жалпы  атеизмді  коммунистер  жаңа  дін  ретінде  біздің  халыққа  алып  кеп 
ұсынды.  Атеизмнің  өзін  жаңа  дін  ретінде  жүйеленген  жоспар  арқылы  бір  кезеңнен 
екінші  кезеңге  ауыстырып  отырды.  Атеизм  насихатын  жүргізуі  туралы  қазақ 
зиялыларының  өлеңдерінде  кездеседі.  С.  Сейфуллин,  Б.  Майлин,  М.  Дулатұлының 
еңбектерінен оқып білуге болады. 
Мəселені  түйіндей  келе,  осынау  бір  тұтастай  кезең  қазақ  халқының  бір  дəуірден 
екінші заманға ауысуын сипаттайтын «өліара», «қиын-қыстау» заман болды. Халықтың 
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дəстүрі мен діни сенімін жоққа шығару басталды. 
Бүтіндей  бір  халықтардың  діні  мен  ділі  бұзылды.Ұлттық  саясатта  хабары  жоқ, 
білімсіз  адамдардың  басқарма  ісінде  болуы  халықты  күйзеліске  ұшыратты.  Жалған 
ұрандармен діннің  орнын алмастырмақ болған «қызыл өкімет» өз дегеніне жетті деуге 
болады. Коммунистер түрлі əдіс-тəсілдер арқылы алдау, бірді-бірге қарсы қою халықты 
езгіге  түсіргені  анық.  Алғашында  ел  ішінде  жүргізілген  атеизм  насихаты,  кейін  келе 
ғылыми атеизмге ұласып, қазақ халқын ұлттық сипаттардан айырды. Осы бір кезеңде, 
құдайсыз қоғамда бірнеше ұрпақ тəрбиеленіп шыққанын білеміз. Сол ұрпақтың бүгінгі 
таңда талай ұлтына қарсы кереғар əрекеттер жасап жүргенін көре тұра, біз қазақ халқы, 
текті  ата-бабалрымыздың  жолына  түсіп,  келешекте  мəңгілік  ел  атануға  маңызды 
қадамдар жасауымыз қажет.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет