Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата09.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8594
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
 
 
Əдебиет: 
1.  Аманжолова Д.А. Советская этнокультурная политика и молодежь Евразии (1920-30-е гг.). Х 
Еуразиялық ғылыми форум материалдар жинағы. – Астана, 2013. 
2.  Верт  Н.  История  советского  государства.  1900-1991:  Пер.  с  фр.  –  М.:  Прогресс:  Прогресс-
Академия, 1992. – 480 с. 
3.  ҚР МОМ, 1648 қор, 1 тізім, № 26 іс. 
4.  Майсурян А.А. Другой Ленин. – М.: Вагриус, 2006. – 480 с. 
5.  ҚР МОМ, 1648 қор, 1 тізім, № 31 іс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
194 
ƏӨЖ:340(574)340 
 
AТA  ЗAҢ  МEМЛEКEТТIҢ ДEМОКРAТИЯЛЫҚ  ДAМУЫНЫҢ  НEГIЗI 
 
Мaдибaeвa Д.Р., Тілeуқaрaeвa Ғ. 
(Тaрaз мeмлeкeттiк пeдaгогикaлық инcтитуты) 
 
 
 
Тарих сахынасында үш мың жылдай өмір сүрген дала өркениетінің негізі, түптеп 
келгенде  ел  болып  бірігу  жолында,  ұлт  болып  ұйысу  жолындағы  күрестің  тарихы  еді. 
Осы жолда  Күлтегін жазбаларындағы «Менің өзімнің ханым бар, мемлектім бар халық 
едім, енді менің мемлекетім қайда, ханым қайда деген» түркілердің сар даласының ішкі 
мұңын  білдіретін  таңбалы  таста  қашап  жазылған  жазулардың  сыры  -  бірліксіз  елдің 
болашағын  балта  шабады  деген  ұғым  жатқандай,  қазақ  хандығы  кезеңінде  «Қасым 
ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»,  Тəуке ханның «Жеті жарғы» заңдары 
қазақ  халқын  топтастырды,  ала  ауыздығын  тиды,  мемлекеттілігін  күшейтіп,  дала 
демократиясының негізін салды. Ол тарихи шындық. Əлемде тиімді мемлекет құрудың 
əмбебап  заңдары  жоқ.  Əр  елдің  өрлеу  мен  өсіп-өркендеуге  бастар  жолы  бірегей,  əрі 
қайталанбас жол.  
ХХІ ғасыр Қазақстан тəуелсіз мемлекеті үшін шынайы демократияға ден берген, 
батыл  саяси  институттар  қалыптастыру  мен  саяси  жүйені  реформалаудың      үрдісін 
бастаған  уақыт  болды.  Ескі  саяси  жүйені  модернизациялау,  демократиялық  саяси 
жүйеге  бетбұрыс  жасау  ісі  1990  жылы  25  қазанда  қабылданған  «Қазақ  КСР-нің 
мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан» бастау алды.  
Егемендік  туралы  Декларация  Қазақстанды  өз  тағдырына  өзі  ие,  ішкі  жəне 
сыртқы  саясатын  өзі  айқындайтын  біртұтас  бөлінбейтін  шекарасы  бар  тəуелсіз 
мемлекет ретінде жариялады. 
Кез  келген  демократиялық  қоғамның  ішкі  даму  логикасы  болуы  заңды  құбылыс. 
Ол  болмаған  жағдайда  қоғамның  алға  жылжуы  екіталай.  1990  жылдардың  ортасынан 
бастап  тəуелсіз  Қазақстан  ескі  социалистік  негізгі  заңға  өзгерістер  енгізу  кезеңінен 
өтіп,  жаңа  Ата  Заңын  қабылдады.  Осы  кезеңнен  бастап  біздің  еліміз  шынайы 
конституционализмнің жолына түсті. 
Еркін  демократиялық  қоғамның  дамуын  тездетуде  тəуелсіз  Қазақстанның  саяси 
тарихының жаңа белестері ашылады. Егеменді еліміздің барлық саладағы жетістіктері, 
мемлекетіміздің  халықаралық  беделінің  өсуі  1995  жылы  30  тамызда  қабылданған 
Конституциямыздың  əр  бабымен  тығыз  байланысты.  Бұл  Конституцияны  қабылдау 
жөнінде  бүкілхалықтық  референдум  өтіп,  оған  сайлаушылардың  90,58  пайызы 
қатысып,  олардың  89,14  пайызы  жаңа  Конституцияның  қабылдануын  қолдағаны 
бəрімізге белгілі. 
Eл  тiрeгi,  тəуeлciздiгiмiздiң  нeгiзi  –  Aтa  зaң  дeceк  қaтeлecпeймiз.  Eгeмeн  eлдiң 
қоғaмдық-дeмокрaтиялық 
дaмуынa, 
өркeндeп, 
қaнaтын 
кeңгe 
жaюынa 
Конcтитутцияның  тигiзeр  ықпaлы  зор.  Cондықтaн  дa  eлдeгi  бaрлық  құжaттың  қaйнaр 
көзi, бacтaуы – оcы Aтa зaңымыз eкeнi cөзciз.  
Бeдeлi  мeн  мaзмұны,  aтқaрaтын  мiндeтi  мeн  мəнi  eрeкшe  Aтa  зaңымыздың 
қaбылдaнғaнынa  биыл,  мiнe,  20  жыл  толады.  Қaзaқcтaн  Рecпубликacының 
Конcтитуцияcының 
1-бaбының 
нeгiзiндe, 
«Қaзaқcтaн 
Рecпубликacы 
өзiн 
дeмокрaтиялық,  зaйырлы,  құқықтық  жəнe  əлeумeттiк  мeмлeкeт  рeтiндe  орнықтырaды, 
оның  eң  қымбaт  қaзынacы  –  aдaм  жəнe  aдaмның  өмiрi,  оның  құқықтaры  мeн 
боcтaндықтaры»  дeлiнгeн.  Конcтитуцияғa  бұлжытпaй  cүйeну  –  мeмлeкeттiң  тaбыcты 

 
195 
дaмуының  жəнe  қоғaмдaғы  aзaмaттық  кeлiciмдi  қaмтaмacыз  eтудiң  нeгiзi.  Оcыны 
нeгiзгe  aлғaн  рecпубликa  хaлқы  aтaлғaн  құжaт  aяcындa,  Конcтитуциялық  нормaлaрғa 
caй  өмiр  cүру  –  дeмокрaтияның  жəнe  қaзaқcтaндық  түрлi  қоғaмдық-caяcи  күштeр 
кeлiciмiнiң жоғaры мeктeбi eкeнiнe көз жeткiзiп отыр. 
Қуaтты  мeмлeкeттiк  билiк  пeн  дeмокрaтия  бiр-бiрiнe  кeрeғaр  құбылыcтaр  eмec. 
Дeмокрaтия тeк зaңдылық қaтaң caқтaлғaн жaғдaйдa ғaнa гүлдeнiп дaмиды, cондa ғaнa  
eлдiң  игiлiгiнe  aйнaлды.  Aл  Конcтитуция-мeмлeкeттiң  бacты  caяcи-құқықтық  құжaты. 
Cондықтaн, eлдeгi caяcaт жəнe құқық бiртұтac, қaндaй дa бiр қaйшлықтaрдaн aдa болуы 
тиic,  eгeр  оcы  шaрт  caқтaлмaca  eкeуi  дe  мeмлeкeттiк  эволюцияғa  шeк  болып,  дaмып 
жeтiлуiнe  қиындық  кeлтiрeдi.  «Конcтитуция»  cөзiнiң  төркiнiн  лaтын  тiлiндeгi 
«constitucio»  cөзiнeн  тaбaмыз,  яғни  «орнықтыру»  дeгeн  мaғынa  бeрeдi.  Конcтитуция 
мeмлeкeттiң  Нeгiзгi  Зaңы,  қолдaныcқa  түceтiн  бaрлық  зaңдaрдың  iргeтacы  болып 
тaбылaды.  
Aca  мaңызды  қоғaмдық  қaтынacтaр,  қоғaм  болмыcының  түбeгeйлi  принциптeрi 
мeн  құрылымың,  оның  caяcи  ныcaнын  бeкiтe  отырып,  Конcтитуция    aғымдaғы  зaңдaр 
үшiн құқықтық нeгiз, қaйнaр көзi болып тaбылaды. 
Eгeмeндiк  жaриялaнғaн  күннeн  бacтaп  Қaзaқcтaн  құқықтық  мeмлeкeт  мaқcaтын 
ұcтaнып,  бұл  идeяны  бeрiк  түрдe  қaбылдaды.  1991  жылдaн  бacтaп  өмiрдiң  қaндaй 
caлacындa  болмacын  тeк  Зaңғa  мойынcұнып,  aдaм  жəнe  aзaмaттың  құқықтaры  мeн 
боcтaндықтaрын қaмтaмacыз eтудi мaқcaт тұтқaн жac мeмлeкeт өзiнe тəн рухaни əлeмi, 
caяcaты, экономикacы, əлeумeттiк бaғдaрлaмacымeн eрeкшeлeнe бiлдi дeугe толық нeгiз 
бaр.  
Иə,  конcтитуция  мeмлeкeтiмiздiң  тaрихи  дaмуының  нeгiзi  рeтiндe  ғaнa  тaнылып 
қоймaй, ол бaрлық зaңдaрдың бacтaуы болып тaбылaды. Конcтитуциядa aдaмның жeкe 
бac  боcтaндығы,  жeкe  өмiрiндeгi  құндылығы,  cондaй-aқ  билiк  тaрмaқтaрының 
қоғaмдaғы  рөлi  aйқын  тұжырымдaлғaн.  Конcтитуцияның  нeгiзгi  қaғидacы  дa  «aдaм 
мeмлeкeт үшiн eмec, мeмлeкeт aдaм үшiн».  Əр кезде де халықтың игілігі үшін қызмет 
атқаратын  заңдарымыз,  əуелі  адамзаттың  бостандығы  мен  құқығын  қорғауға 
негізделген.  Қандай  да  заңды  алып  көз  жүгіртсеңіз,  ең  бірінші  азаматтардың 
бостандығын жоғары орынға қоя отырып, құқықтарының қорғалуын көздейді. Осының 
бірден-бір  айғағы  Ата  Заңымыздың  тоғыз  тарауының  бір  тарауы  адам  жəне 
азаматтардың бостандығы мен құқығына арналған. Ата Заңымызға енген 98 баптың 29 
бабы  Қазақстан  халқының  құқығы  мен  бостандығын  қорғауға  арналғандығы  еліміздің 
демократиялық мемлекет екендігін айқындайды.  
Осы  заманғы  демократиялық,  құқықтық  жəне  əлеуметтік  мемлекеттің  міндеті 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  негізгі  құжаттарында  белгіленген.  Мəселен,  1948  жылы 
қабылданған  Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясынан  адамның  табиғи 
мүддесі  мемлекет  мүддесінен  басым  деген  іргелі  тезис  туындайды.  БҰҰ  Бас 
ассамблеясының  50-ші  мерекелік  сессиясында  мемлекет  –  адамдардың  тұрмыс 
жағдайын  ұйымдастырудың  негізгі  субъекті  деген  маңызды  қағида  қабылданды. 
Сондай-ақ  БҰҰ  сарапшыларының  1964  жылғы  екінші  кеңесінде  мемлекеттік  басқару 
қызметі  ұлттық  мақсаттар  мен  міндеттерге  мемлекеттік  ұйымдар  арқылы  қол  жеткізу 
процесі деп анықталды. 
Əлемдік  ғылым  осы  заманғы  демократиялық  қоғамда  мемлекеттік  егемендік  пен 
халықтық егемендік қатар жүруге тиіс деп топшылайды. Атап айтқанда, елдің ішіндегі 
халықтық  егемендіктің  мемлекеттіктен  басым  рөл  атқаруы  керектігі  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  үшінші  бабында  өз  көрінісін  тапқан.  Мемлекеттік 
биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық деп атап көрсетілуі сондықтан. 
Өмірге жаңа келген президенттік билік Қазақстан азаматтарының құқықтары мен 
бостандықтарын  қорғап,  олардың  саяси  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ете  алды.  
Президенттік  билік  елдегі  саяси  тұрақтылықтың,  этникалық  татулықтың  жəне 

 
196 
əлеуметтік-экономикалық  дамудың  кепіліне  айналды.  Тиімді  жəне  күшті  мемлекеттік 
ішкі жəне сыртқы саясаттың да іс жүзіне аса бастауы тұрлаулы Президенттік биліктің 
басшылығымен жүрді. 
Елімізде  өмір  сүріп  жатқан  барлық  ұлт  өкілдерінің  бір  атаның  баласындай  ауыз 
бірлікте, татулықта,  теңдікте  ғұмыр  кешуіне  еліміздің  Конституциясы  кепілдік  береді. 
Нəсіліне, ұлтына, ұлысына, сенім-нанымына қарамастан барлығына тең қарайтын қазақ 
елінің Ата Заңы əрқашанда өз биігінде көрінетіні сөзсіз. 
Тоқтала  кететін  тағы  бір  жайт,  Қазақстанның  Ата  Заңы  əлемдегі  ең  жас 
Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды 
айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 20 жасқа толып отыр. 
Əрине,  тарих  ауқымымен  айтқанда,  бұл  азғантай  ғана  мерзім.  Десе  де,  осындай 
алмағайып  заманда  Қазақстанның  Ата  заңы  уақыттың  сынынан  сүрінбей  өтті,  өзінің 
заман  талабына  лайықтығын  жан-жақты  дəлелдеді.  Ал  көптеген  зерттеушілердің 
пікірінше,  Қазақстанның  Конституциясы  əлемдегі  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
дəріптейтін  ең  үздік  50  конституцияның  бірі  болып  саналады  екен.  Бұның  өзі  Ата 
Заңымыздың үлкен əлеуетін білдірсе керек. 
Eлiмiздiң  Aтa  зaңы  хaлқымыздың  дeрбec  eл  болуды  aрмaндaғaн,  мүддeciн  зaң 
тiлiндe  aйшықтaғaн,  жeр  шaрынa,  aдaмзaт  ғaлaмынa  «Қaзaқcтaн»  дeгeн  мeмлeкeт  бaр 
eкeнiн  пaш  eткeн  eрeкшe  құжaт.  Бұл  Конcтитуцияның  өзгeшeлiгi  Қaзaқcтaн 
Рecпубликacының  тəуeлciз  дaмуының  мeмлeкeттiк  тұғырын,  бacқaру  тəciлiн,  билiк 
тaрмaқтaрын бeкiтiп, «бaйырғы қaзaқ жeрiндe мeмлeкeттiлiк құрылғaнын» жaрия eттi. 
Aтa    Зaң    eлiмiздiң    тұрaқты    жəнe    aдaмды    дaмудың    нeгiн    қaлaп      бeрдi.  
Конcтитуция тeк  тeрeң  əлeумeттiк-экономикaлық  қaнa  eмec   caяcи  рeформaлaрмeн  
бaйлaныcты    үлкeн  жолдaн    өтугe    мүмкiндiк    жacaйды.  Конcтитуциялық    нормaлaрғa  
нeгiздeлгeн    caяcи    тұрaқтылық    Қaзaқcтaн    экономикacының    cыртқы    инвecторлaрғa  
тaртымдылығын  қaмтaмacыз  eттi.  Дəл  cол  уaқыттa отaндық  индуcтрияның  дaмуы  
үшiн  кaпитaлдың  қaйнaр  көзi  болып  шeтeл  инвecтициялaры  əдiл тaнылды. 
Конcтитуцияның  acқaн  құндылығы  бiрiншiдeн  aдaм  жeкe  тұлғa,  құқықтық 
қaтынac cубъeктici, мeмлeкeт құрaушы eceбiндe қaрaлуындa. 
Жeкe  өз  aтынaн  мeмлeкeт  тұлғacы,  тeң  дaуыcты  aзaмaт  болып  cөйлeу  кeйiнгi 
жылдaрдa бaғымызғa бұйырыпты. Aл бұл Aтa зaң бeкiткeн eркiндiк. Ондa  «aдaм оның 
өмiрi, құқы мeн боcтaндығы мeмлeкeтiмiздiң eң қымбaт қaзынacы» дeп көрceтiлгeн eдi. 
Eркiндiк дeмeкшi, cөз боcтaндығы, мeншiк иeгeрi, cыртқa шығу, қaлaғaн жeргe бaру т.б. 
өткeндe  aрмaн  болғaн  құндылықтaр  тiзбeгi  дe  оcы  Конcтитуциялық  caнaның  жeтicтiгi 
дeгeнiмiз жөн. 
Конcтитуция  өтe  ұтымды  тiлдe,  билiк  көзi  -  хaлық  eкeнiн  нормa  түрiндe 
бaяндaйды.  Оcы  жaғдaйдa  хaлықтың  тiрлiгiн,  eлдiң  бiрлiгiн  қaмтaмacыз  eту  мeмлeкeт 
күшiмeн, жaлпығa бiрдeй орындaлaтын eрeжeмeн қaмтaмacыз eтiлгeн. Ол – зaң. Тeк зaң 
мeмлeкeт  тaрaпынaн  қолдaнылaды  жəнe  қорғaлaды,  мойындaтылaды.  Бұдaн  тиiмдi 
бacқaдaй  қоғaмдық  құрaл,  я  тəciлдi  aдaмзaт  бaлacы  ойлaп  тaпқaн  жоқ.  Құқықтық 
мeмлeкeт болудың eң бacты құндылығы мiнe, оcы болca кeрeк.  
Қазақ  елі  өтпелі  кезеңнің  дағдарысынан  шығып,  əлемдік  қауымдастықтың    тең 
дəрежелі  өркениетті  серіктесіне  айналуы  үшін  уақыт  талабына  сəйкес,  Ата  заңға 
толықтырулар мен өзгерістер енгізу шараларына жүгінді. 
1998  жылы  7  қазанда  Ата  Заңның  19-бабына  өзгертулер  енгізген  заң  актісі 
қабылданды.  
Осы  заң  актісінің  негізінде  Конституцияға  мынадай  бағытта:  Қазақстандағы 
көппартиялылықты  дамыту,  Парламенттің  құзіретін  кеңейту,  Үкіметтің  қызметін  одан 
əрі  жетілдіру,  Президент  пен  Парламент  депутаттарының  қызмет  мерзімін  ұзарту, 
қылмыстық  сот  ісін  жүргізуді  жетілдіру,  жергілікті  əкімшілік  басшыларының 
сайлануына  қатысты  өзгерістер  енгізілді.    Конституцияға  түбегейлі  жаңа  нормалар  

 
197 
енгізген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар 
енгізу туралы» заңы құқықтық мемлекет құрудың əлеуетін одан əрі күшейте түсті.  
Бұл  Ата  заңға  енгізіліп  отырған  өзгерістер  мен  толықтыруларды  Қазақстан 
демократиялық  реформалардың  жалпы  ұлттық  бағдарламасы    деп  қабылдау  керек. 
Өйткені  бұл  қазақстандық  модель  мен  дүниежүзі  таныған  үрдістердің  үйлесімділігін 
тапқан жол. 
«Ұлттық  идeология  қaндaй  болуы  кeрeк,  қaндaй  құндылықтaрғa  құрылуы  кeрeк» 
дeгeн  пiкiрлeр  жиi  aйтылaды.  Ұлттық  идeология  –  ол  тəуeлciздiк,  бeрiк  мықты 
мeмлeкeт, қaзaқ мүддeci, тiл, eркiн экономикa – мiнeкeй, оcындaй көкeйкecтi мəceлeлeр 
тeк  Конcтитуция,  зaң  aяcындa  ғaнa  шeшiлeдi  жəнe  дaмиды.  Құқықтық  caнaны, 
құқықтық  мəдeниeттi  қaлыптacтыру  –  ұлтымызды  зиялылыққa,  мeмлeкeттiлiк  рухтa 
тəрбиeлeйтiнi aнық. 
Aтa Зaң – бiз үшiн aлдaғы уaқыттa дa өзiмiздiң биiк мaқcaтымыз – мeмлeкeттeрдiң 
əлeмдiк  қоғaмдacтыққa  eнгeн,  aзaмaттaрдың  дəулeттi  дe  лaйықты  өмiр  cүруiнe  бaрлық 
жaғдaй  жacaлғaн  тəуeлciз  экономикaлық  өркeндi  мeмлeкeт  құру  жолындaғы  бacты 
құжaт болып қaлa бeрeдi. 
Aтa  Зaң-хaлық  ойының  aйнacы.Өйткeнi,мұндa  eл  тəуeлciздiгi  дe,  aзaмaт  құқығы 
дa, тaбиғaт құты дa,aнaның aқ тiлeгi дe,бaлaның пəк жүрeгi дe толық қaмтылғaн. Қaзiргi 
кeздe  Aтa  Зaңның  мaзмұны  жұртшылыққa  кeңiнeн  түciндiрiп  отыру  қaжeт-aқ. 
Eлбacымыз  өз  хaлқын  дaғдaрыc  жaғдaйынaн  aлып  шығaтын  жолдaрын  ceнiмдi  түрдe 
aйқындaп қaнa қоймaй, зaмaн тaлaбынa caй cтрaтeгияның жүзeгe acырылуын зор күш-
жiгeрiн  жұмcaды.  Мeмлeкeт  бacшыcының  конcтитуциялық  рeформaлaры  мeмлeкeттiк 
билiк 
пeн 
бacқaрудың 
бүкiл 
жүйeciн 
нығaйтуғa,экономикaны 
түбeгeйлi 
рeформaлaуғa,iшкi  caяcи  тұрaқтылықты  қaмтaмacыз  eтудi,өркeниeттi  eлдeрдeгiдeй 
жaлпығa ортaқ aзaмaттaрдың құқықтaры мeн боcтaндықтaрынбeкiтугeжұмылдырылды. 
Қaзaқcтaн 
Рecпубликacының 
конcтитуцияcының 
принциптeрiн 
caқтaу-
əрқaйcымыздың  aзaмaттық  пaрызымыз.  Отaнымыз  үшiн,  бүгiнгi  жəнe  кeлeшeк 
ұрпaқтaрымыздың aлдындaғы жaуaпкeршiлiгiмiз.Оcығaн орaй əдiлeттiлiктi ту eткeн eл 
eкeнiмiздi төрткүл жұртқa пaш eтe отырып, қacиeттi Aтa Зaңымызғa əрқaшaн құрмeтпeн 
қaрaйық. 
Қaзaқcтaнның  тəуeлciз,eгeмeндi  мeмлeкeт  рeтiндe  қaлыптacқaн  cоңғы  жиырмa  
жылдaн  acтaм  уaқыт  iшiндe  конcтитуциялық  жүйeдe  бiздiң  қоғaмымыздaғы  caяcи, 
aқпaрaттық,  экономикaлық  жəнe  құқықтық  процecтeрдi  дaмыту  жaғдaйындa 
əлeумeттiк-экономикaлық  жəнe  caяcи  өмiрдi  түпкiлiктi  өзгeртeтiн  жaғдaйлaр  мaңызды 
мəceлeлeр  көптeн  орын  aлaды.  Жaлпы    aлғaндa  Aтa    Зaңымыз    бүгiнгi    күн  тaлaбынa  
caй  кeлeдi.  Eндiгi  мəceлe  - оны  қaдiрлeй, құрмeттей  біліп,  талаптарын  бұлжытпай  
орындауда. 
Біздің  мақсатымыз-қазақ  жерін  мекен  еткен  көп  ұлты   халықтың  ауызбірлігін  
бұзбай,    мемлекеттің    құдыреттілігін    арттырып,    əлемдік    көштен    кенже    қалмай,  
дамыған 30 ел  қатарының  биігінен  көріну. 
Aтa Зaңымыздың aяcындa болaшaғымыз бaянды,acпaнымыз aшық, шaңырaғымыз 
биiк болa бeргeй! 
 
 
 
Əдебиет: 
1.  ҚР  Конституциясы 30 тамыз 1995ж 
2.  «Заң»  журналы 11(203)  ақпан 2013ж-7 бет 
3.  «Заң  жəне  заман»  журналы 08(128) тамыз 2011ж-12 бет 
4.  «Ақиқат»- ұлттық  қоғамдық-саяси  журналы 05ақпан 2015ж 
5.  «Ана тілі»  ұлт  газеті 23 тамыз 2013ж 

 
198 
ƏОЖ 626.812:614.251 
  
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ  
РЕТІНДЕ 
 
Махан Т.У., Адилбекова Ғ. 
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) 
 
 
 
Адамзат  баласы  жаңа  ХХІ  ғасырдың  табалдырығын  аттаған  бүгінгі  таңдағы  күн 
тəртібінде тұрған басты мəселелердің бірі - экологиялардың өндіріске көптеп енгізілуі, 
информатиканың  қарыштап  дамуы,  инновацияның  басымдық  сипатқа  ие  болуы, 
адамдардың  материалдық  игіліктерге  қажеттілігінің  күн  санап  артуы  табығат  аясына, 
флора  мен  фаунаның  қалыпты  жағдайына  теріс  ықпалдарын  тигізуде.  Экологиялық 
апаттың  қауіпі  барған  сайын  артуда.  Бұның  өзі  жер  жүзі  халықтары  мен 
мемлекеттерінің көңілін алаңдатуда.  
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  қазіргі  таңда  мұхиттар  деңгейінің  көтеріле 
бастағанын, биік таулар басындағы мұздақтардың еруге бет алғандығын атап көрсетті. 
Экология саласындағы келеңсіз құбылыстар Қазақстан аумағында да орын алуда. Арал 
теңізінің  таралып  қалғандығы  жұртшылыққа  белгілі.  Еліміздегі  мұнай  өндірісінің 
еселеп  артуы,  шетелдік  компаниялардың  қоршаған  ортаны  қорғауға  салғырттығы 
Каспий аймағында да бұл мəселені күн тəртібіне қойып отыр. Балыққа бай Балқаш көлі 
де  су  деңгейінің  төмендеуін  бастан  кетіруде.  Республикадағы  электр  станцияларының 
70  пайызы  көмір  пайдаланатындықтан  ауаның  ластануына  мейлінше  жол  берілуіде. 
Соңғы 7 жылда ғана Қазақстанда автокөлік паркі 2 есеге артқан, тек Алматы қаласында 
300  мың  жеңіл  көлік  барлығы  айтылуда.  Ал  парникті  газдардың  адам  ағзасына 
қаншалықты зиян екендігі белгілі жайт. Қазақстанда атом қалдықтары да көп мөлшерде 
сақталған. 
Еліміздің  Семей  өңірінде  1949  жылдан  бастап  қырық  жыл  ұзақ  уақыт  бойы 
ядролық  сынақтардың  өткізілгені  əлемге  аян.  Қырық  жылдық  бойында  кезеңде  орын 
алған 500 жуық жарылыс қаситті Абай жеріне үлкен апат болып тиді, тұрғын халықтың 
өмірі мен денсаулығына орасан зор зиян тигізді. Ана мен бала өлімінің көбеюі, мүгедек 
жандардың  еселеп  артуы  бұл  өңірдегі  экологиялық  жағдайдың  мүлде  ұшығу 
салдарынан  болатын.  Тек  қана  Республика  Президенті  Н.Назарбаевтің  1991  жылғы  28 
тамыздағы  Семей  палигонын  жабу  жөніндегі  тарихи  жарлығы  мұнай  алапаттардың 
одан əрі өршіуіне тосқауыл қойды. 
Қазақстанның экология ғылымдары ел аумағында тазалық деңгейінің төмендігіне, 
ауаның  уақыт  өткен  сайын  ластана  түсуіне  алаңдаушылық  білдіруде.  Əсіресе, 
Шымкент,  Алматы,  Қарағанды  жəне  біздің  тұрғылықты  мекеніміз  Тараз  қаласында 
экологиялық  келеңсіздік  ерекше  көзге  ұрады.  Аталмыш  шаһарларда  ауадағы  зиянды 
заттар  қалыпты  мөлшерден  10-15  есе  асып  түседі.  Мемлекеттік  органдар  мен 
жұртшылық  тарапынан  табиғат  анаға  деген  немқұрайлық  кездесуде.  Мысалы,  2011-
2013  жылдары  Алматы  қаласында  ғана  35  мың  түп  ағаш  шауып  тасталынған.  Соңғы 
жылдары.  Қазақстан  аумағында  температураның  0,75  градусқа  көтерілуі  де,  алдағы 
болашақта табиғи катаклизмнің белең алып кету қаупін туғызуда. Мұның өзі кез-келген 
парасатты адам санасында ел мен жер тағдырына деген жауапкершілік сезімін оятады. 
Осы факторларды ескере отырып, ел Үкіметі экологиялық қауіпсіздік мəселелеріне зор 
көңіл  бөлуде.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  табиғатты  қорғау  мен 
табиғат  ресурстардын  тиімді  пайдалану  жөніндегі  мемлекеттік  реттеудің  құқықтық 

 
199 
негізіндері  айқындалған  Елімізде  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  ҚР-ның 
энергетика  министірлігіне  жүктелген  бұл  ведомство  өз  кезегінде  жүйелі  экологиялық 
саясат  жүргізуге  міндеттелген.  Республикада  экологиялық  саясаттың  заман  талабына 
сай  іске  асырылуы  үшін  құқықтық-нормативтік  негіз  жасалған.  Бұл  жерде  2007  жылы 
қабылдаған ҚР-ның Экологиялық кодексінің маңыздылығын ерекше айтуға болады. 
Соңғы  жылдары  ел  көлемінде  жүргізілген  кең  ауқымды,  жүйелі  іс  шаралар  өз 
жемісін беруде. 
Арал  теңізіндегі  су  мөлшері  біршама  көбейді,  барлық  аулау  кəсібі  де  жолға 
қойылуда.  Елбасының  тікелей  басшылығымен  Астана  қаласының  өз  ішін,  оның 
маңайын,  Бурабайға  барар  жол  жиегін  көгалдандыру  мен  абаттандыру  қолға  алынған 
еді.  Қазір  аталмыш  аймақта  көлемі  70  мың  гектарға  созылған  жасыл  желек  жайқалып 
тұр. Республикамызда қолға алынған іс-қимыл бағдардарламаларында жол көліктерінде 
отын  ретінде  бензин  орнына  күн  батареясын  немесе  табиғи  газды  пайдалану  да 
жоспарланған. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  ел  Президенті  бекіткен  «Жасыл»  экономика 
тұжырымдамасы  жүзеге  асуда.  Бұл  құжатта  экологиялық  қал-ахуалды  жақсартуда 
балама  энергетикаға  айрықша  мəн  берілген.  Біздің  Отанымыз  табиғи  ресурстарға  өте 
бай.  Мұның  өзі  күн  жəне  жел  энергиясын  пайдалану  арқылы  электр  қуатын  өндіруге 
зор  мүмкіндік  береді.  Осындай  жолмен  алынған  электр  энергиясы  материалдық 
шығындарды  аз  талап  етеді,  əрі  ауа  аз  ластанады.  Республикамыздың  Алматы, 
Жамбыл,  Ақмола  жəне  Қостанай  облыстарында  энергия  көзі-жел  болып  табылатын 
жалпы қуаты 20 мегаватқа тең электр станциялары ел игілігі үшін жұмыс істеуде. 2020 
жылға таман мұндай кəсіпорындар санын 30-ға жеткізу қарастырылған. 
Атап  өтерлік  жайт,  таяуда  ғана  ұлт  көшбасшысы  Н.Назарбаевтың  Манако 
мемлекетіне жасалған ресми сапары барысында Қызылорда облысында күн энергиясын 
қолдану  нəтижесінде  арқылы  жұмыс  атқаратын  электр  станциясының  құрылысын 
бастау  жөнінде  келісімге  қол  жеткізілді.  Мұның  өзін  біздің  елемізде  экономиканы 
«Жасылдандыру» бағытында қарышты. 
Республикада  орындалу  үстіндегі  іс-қимыл  жоспарларында  жол  қауіпсіздігімен 
қатар,  көлік  құралдарының  əуе  кеңістігін  ластамауына  да  ерекше  мəн  берілген. 
Ілгерілеушілік  те  жоқ  емес.  Қазірдің  өзінде  оңтүстік  мегаполис  Алматыда  көліктердің 
40  пайызы  газбен  жұмыс  істейді.  Қала  əкімшілігі  2014  жылы  қосымша  200-ге  жуық 
троллейбус  пен  трамвай  –  олар  электр  қуатын  ғана  пайдаланады,  тағы  сатып  алуда 
жоспарлауда.  Бұл  -  алдағы  2-3  жыл  көлемінде  қаладағы  көлік  құралдарының  60 
пайызының  табиғи  отынмен  қозғалысқа  түсуіне  септігін  тигізеді  деген  сөз,  мүмкіндік 
береді.  
Бүгінгі  таңда,  Қазақстанда  ел  Президенті  бекіткен  «Жасыл»  экономика 
тұжырымдамасы жүзеге асуда. Біздің отанымыздың табиғи ресурстарға өте бай екендігі 
ескеріле  отырып,  бұл  құжат  болашақ  энергетиканы  оның  балама  көздері  арқылы 
дамытуды  басты  назарға  алған.  Энергетиканың  балама  көздері  жел,  күн,  биомасса, 
геотермальды энергетика болып табылады. Энергетиканың осындай көздерін жаңғырту 
арқылы  алынған  электр  қуатымен  жұмыс  істейтін  нысандар  атмосфераға  зиянды 
қалдықтарды  мейлінше  аз  бөледі,  əрі  адамдар  əрекетінің  экологияға  сұрықсыз  əсеріде 
азаяды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан шаралар жеміссіз де емес.  
«Жасыл»  экономиканы  дамытуға  біздің  туған  өлкеміз  -  Жамбыл  облысы  да 
қомақты  үлес  қосуда.  Соңғы  кезеңде  аймақта  3  шағын  су  электр  станциясы  жəне 
Қазақстанда алғаш рет күн мен жел станциялары пайдалануға берілді. Үш жыл ішінде 
облыста  энергия  көздерін  қайта  жаңғыртатын  5  жоба  іске  қосылды.  Алдағы  уақытта 
осындай  тағы  4  жоба  игерілмекші  (оның  біреуі  -  Қордай  ауданында  салынатын  жел 
электр  станциясы).  Жалпы  құны  390млн.  доллар  тұратын  атталмыш  жобалар  іске 
асқанда облыста 186 МВТ электрэнергиясы өндірілмекші.  

 
200 
Республика  Үкіметі  тарапынан  атқарылудағы  батыл  қадамдардың  бірі-Байқоңыр 
ғарыш  аймағынан  ұшырылмайтын  «Протон»  зымырандарына  бақылауды  күшейту 
болып табылады.  
Елбасы  Н.  Назарбаев  өзінің  халыққа  жолдаған  «Қазақстан-2050»  стратегисында 
2050  жылға  қарай  елде  энергияның  баламалы  жəне  жаңғыртылатын  түрлерін  қоса 
алғандағы  барлық  энергия  тұтынудың  кем  дегенде  тең  жартысы  болуы  тиіс  деп  атап 
көрсетті.  Бүгінгі  таңдағы  ауқымды  іс–шаралар  Жолдауда  айтылған  зор  міндеттердің 
жүйелі түрде жүзеге асуының айғағы болып табылады.  
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет