Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет58/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

Литература

1. Архив управления КУИС по Павлодарской области (2001-2005 гг.) 2.Эндрю Койл Пособие для тюремного персонала: подход к управлению

тюрьмой с позиций прав человека.- Лондон, 2002. – 156 с.


  1. Отчет (форма-15) за 2009 год УКУИС по Павлодарской области.

  2. Мудрость воспитания / Сост. Б.М. Бим-Бад, Э.Д. Днепров, Г.Б. Корнетов

  • 2 изд., доп. – М.: Педагогика, 1999. – 304 с.

КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ КІТАПХАНАШЫЛАР БІЛІКТІЛІГІ




А.Ф. Зейнулина


С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы
Оқу үрдісінде әдебиетті оқыту-көркем бейне арқылы көрінетін шындықты, реалистік мотивті көздейді. Көркем ойдың адамгершілік эстетикалық байлықтарын игеру оқырманнан дамыған көңіл-күй, қиял қабілетін, таным мен шығармашылықты көркем шығармаларды талдау және бағалаудың белгілі бір күрделі жолдары болудың, тіл мәдениеті мен сөз өнері құралының шарттылық ерекшеліктерін білуді талап етеді.

Көркем әдебиетті оқытуға дағдыландыру көркем бейне жасаудағы суреткер шеберліктерін танытады және оқырманның бойында атамекенге, Отанға, ұлттық тарих, қазақи салт-дәстүрге, мінез-құлыққа, өнер мен тілге құрмет сезімін дарытады. Ең бастысы, оқырман өзін танып-білуге, өзгені түсінуге, ұлтын үлгі етуге, оның барымен мақтануға тәрбиелейді.

Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқытылатын әдеби шығармалар мәтіндік, үзінділік түрден монографиялық сатыға дейін жалғас тауып, классикалық оқу үрдісіне жеткізілген дұрыс. Осы орайда көркем әдебиетті оқытуды терең қарастырып, білім алушының шығарма жазуға бейімділігін дамытқан дұрыс.

Тіл байлығы-рухани байлық. Тіл байлығын дамытудың басты құралы көркем шығарманы оқу, мәнеріне жеткізе әңгімелей білу және өз пайымымен мазмұндап шығарма жазу. Оқушының логикалық ойлау қабілеті сапалы болу үшін шығарма жазудың қажетті алғы шарттары үйретілген дұрыс. Бүгінгі таңда мектептерде, жоғары оқу орындарында шығарма жазбақ түгіл, көркем шығарма оқисың ба? – деген сауалды қоюдан қалып барамыз.

Әр уақытта қазақ әдебиеті мұғалімі шығарманы байыптап оқуға үйретіп, тақырып пен идеяны айқындауға, басты кейіпкерлердің қарым-қатынастық тартыстарын ажыратуға, сюжеттік, композициялық құрылым жүйесін дұрыс тауып алуды үйреткен ләзім. Бәрімізге белгілі шығарма жұмыстарының түрлері өте көп.

Оқушы бағдарламалық материалдар мазмұнын шығармада бере алу үшін ең алдымен еркін тақырыптағы шығарма жұмыстарына баулыған дұрыс. Еркін шығарма тақырыбында оқушы ойы мен қиялында қандай мотив бар екенін біліп, тіл байлығының құрылымына, сөздік қорына баға бере аламыз.

Қазақ ұлтының ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы оның көркем әдебиетінде жазып,көрініс табатыны белгілі.

Оқырман қауымына көркемдік әлеміндегі тұтастықты,қоршаған ортадағы сұлулық пен жақсылықты және адам баласының бойына тән игі қасиеттерді ұялата отырып,зұлымдық пен қастықтан жиіркендіретін әсерге тәрбиелеу үшін кітап оқу мәдениетінің орны ерекше. Жалпы кітап оқу отбасынан басталған дұрыс. Ата- ана ай сайын балаларына қандай кітап оқу керектігін айтып, жоспарлы түрде бақылауға алып,одан кейін сол көркем шығарма мазмұны жөнінде әңгіме – сұхбат жүргізсе,баланың тіл ұстарымының биік болатыны сөзсіз. Ал сол көркем шығарманы таңдау, кітап оқу мәдениетін меңгеру- кітапханашы құзіретінде жатыр.

Кітапханашы-қоғамды сауықтырушы тұлға. Ал кітапхана ғасырдан ғасырға келе жатқан адамзат тарихының керуенін сүріндірмей келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ортасы. Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы қызметі туралы ұғым жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада тек кітап қана береді деген тар ұғымда қалып қоймауы керек. Ол үшін арнайы орта білімді, я жоғары білімді кітапханашыларды даярлауды ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Ең бастысы, кітапханашы мамандығы туралы түсінік, жарнама терең мәнді, мазмұны түсінікті, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлгеніміз дұрыс. Осы орайда болашақ кітапханашыларды даярлау шарасы мектептен басталған дұрыс. Неге деген сұрақ туындауы да заңды. Себебі, бүгінгі күнде кітапхана ісіне кездейсоқ келе салып, оның қыр-сырына немқұрайлы қараса, білікті де білімді маман даярлау сәтсіз болар еді. Сондықтан айта кетер ұсынысымыз - лицей, гимназия, орта мектепте «Кітапханашы» немесе

«Кітапхана қызметі» я болмаса «Кітапхана әлемі» атты пәндер кіргізіліп жатса, ЖОО-на келетін талапкерлердің көбі болмаса да бірсыпырасында осы мамандыққа келу мүмкіндігі, себебі болар еді. Неге десеңіз, бүгінгі таңда, бұл мамандыққа аз грант беріліп жатқанда, оған қоса бұл мамандық мазмұны туралы ақпарат тапшылық болып тұрғанда жоғарыда айтып кеткен ұсынысымыздың пайдасы тиер еді.

Екіншіден, кітапхана мамандығын әзірлеуге талап жоғары болу керек. Сөз жоқ, бұл орайда кітапханашыларды даярлаудың білім жүйесінің мазмұнын анықтап, әр жыл сайын оқу жоспарын өзгерте бермей, қайта сол жүйеде жаңа ақпараттық оқыту жүйесімен жетілдіру, тереңдету, толықтыру блоктарын енгізгеніміз дұрыс.

Мәселен, бірінші, екінші курстарда жалпы қоғамдық пәндер, мамандандыру пәндерін жүргізіп үшінші, төртінші курстарда екі

бағытта, яғни арнайы пәндер курсы мен мамандандыруға бағыт жасайтын пәндерін жүргізілуіне қажеттілік туғызу керек.

Үшіншіден, қоғамды кітап оқу мәдениетінен шеттетіліп, аластатылып қалу қаупінен сақтауымыз керек. Мысалы, Ресейде, атап айтсақ, Барнаул, Москва, Ленинград т.б. қалаларында аталмыш мамандықты даярлау ісінде ұлттық кітапхана әдебиетін енгізеді. Біз де осы игілікті істен тысқары болмауымыз керек. Осы тұрғыда жоғары білімді кітапханашылар даярлаудың оқу жоспарына міндетті түрде

«Ұлттық кітапхана тарихы», «Өлкелік кітапхана» атты арнайы пәндер немесе арнайы курстар енгізілгені дұрыс. Бұдан ұтатынымыз кітапханашы дипломын алып шыққан жас маман ұлтымыздың кітап қоры мен кітапхана тарихынан білімдар болып шығады. Осы жөнінде, заманымыздың заңғар жазушысы, сөз зергері Ғ. Мүсірепов: «Кітап адам көзі түспейтін, бара бермейтін жерде емес, күнделікті қажеттілігі бар нан, сүт, қант сататын дүкенде оқырманға мәдениетті түрде қолына түсуге тиіс, қазақ халқын кітапты қызығушылықпен оқуға, ілтипатпен алуға тәрбиелеуіміз керек»,-деген екен.

Бұдан өрістейтін ой кітап ісінде жүрген кітапханашылар мен оқырмандар арасында байланыс болған дұрыс. Осыдан бір ой туындайды. ЖОО-да осы мамандық үшін «Кітап және кітапханашы» атты түсіндірме сөздік, анықтағыш шығарса және оны оқу үрдісінде пайдаланса, кітапхана мамандығы туралы білім тиянақты да түсінікті болар еді. Бұл да бір кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Келесі бір ой түйініміз мына бір жайға жалғасады. Ктіпаханашылар мамандығына баулу мен даярлау ісінде кешенді және жеке арнайы оқулықтар тапшы. Бар болса көбі орыс тілінде. Ендеше бүгінгі таңда кітапханашы даярлау ісінде мемлекеттік тілде оқулық, оқу құралын жазу-ауадай қажет. Олай болса, басты бағыт ретінде Ресей, шетел кітапхана мамандығына даярлау ісіне арналған теория- практикалық әдебиеттерді аударып, оған қоса өзіміздің төл қызметімізде кездесіп жүрген іргелі тәжірибемізді жинақтап, сараптап, неге оқулық ретінде ұсынбасқа. Осы жерде аймақтық, республикалық кеңістікте бірігіп кітап, оқулық жазу ісін қолға алу керек.

Адамзат бүгінгі таңда желісті ақпарат, компьютерлік технологияға көшу сапында үздіксіз хабар алу сәтінде өмір сүріп жатыр. Оқырманның кітап оқу ниеті де, мәдениеті де төмендеп кетті. Оның тіпті кітапты оқуға уақыты да жоқ. Олай болса, кітапханашылар даярлау үрдісінде бүгінгі заман талабына сай «Телевизиялық кітапхана», «радиокітапхана» атты пәндер, арнайы курстар енгізіп, оның қыр-сырын үйретудің жүйесін жасауымыз керек. Бұл мақсатта

радио, теледидар арқылы, кітапханашы ролі, кітаппен қамтамасыз ету, кітап қоры, ұлттық кітапхана жадығаты туралы мамандық ерекшелігін тереңдете түсеміз.

Соңғы бір түйін-кітапханашыларды даярлау ісінде «Шеберлік сыныбы» жұмысының мәні қалай десек те ерекше, Қазақстанда кітапханашы мамандығын даялау ортасы да, орталығы да бар. Мәселен, Алматыда Ұлттық кітапхана, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты, Шымкент, Батыс Қазақстан, Павлодар, Астанадағы ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері бір- бірлерімен кадр даярлау ісінде тәжірибе алмасып, жылжымалы дәріс оқытылып, кітапхана мамандығына баулудың шеберлік негізін қаласа, бұл да бір жақсы нәтиже берер ілтипатты іс болар еді. Оқу мен тәжірибе тұтастығында ЖОО-ның бірінші курсында-ақ аудандық, облыстық, тіпті республикалық кітапханаларда студент-кітапханашы тәжірибеден өтіп, ысылып дайындалса, кітапхана-бакалавр білімімен шыққан жас маман өз ісіне қауіпсіздікпен емес, біліктілікпен, білімділікпен кірісер еді.

Олай болса, жоғарыдағы ойларымызды түйіндей келе, көп жылғы тәжірибесі бар кітапханашыларымыздың білімін жетілдіре, тереңдете түсу өз ісінде өз бетінше білімін жетілдіру, кәсіби сараптан өткізу, кәсіби шеберлігі жөніндегі байқау-слеттер өткізуге методикалық көмек жасалынса, ал жас кітапханашы даярлау ісінде заман талабына сай мамандыққа баулудың ғылыми негізі жасалынуы қажет. Сонда ғана білгірлер мен ұлылардың өзі аңсап келетін білімнің қасиетті ордасы «Кітапхана» мәңгі өмір сүреді.

Жаңа ғасырда ұлттық әдебиетті оқытудың жаңа жолдарын ойластыра отырып, үлкен екі бағытта басты нысана етіп алған жөн: бірінші, жаппай көркем әдебиетті оқыту саясаты мен идеологиясы, екіншісі, көркем әдебиетті оқығаннан кейінгі шешендік ойлау қабілеті, өзіндік пікір пайымын еркін айту мәдениетіне тәрбиелеу. Кітап оқу мәдениеті арқылы қоғамның ұлттық – рухани ортасын қалыптастырып, оған қоса кітапханашылар қызметінің мәртебелі әлеуетін көтеретініміз сөзсіз.

Әдебиет-өмір ажары, көңіл айнасы. Оқырманның өмірі бұлдыр, көңілі кірбің болмау үшін шәкірттерімізді әдебиет әлемінде тәрбиелеп, әдебиет сұлулығымен ұлттық санамыз бен рухымызды сақтай білейік.
Әдебиет


  1. Ванеев А. Методическое обеспечение библиотечной деятельности. М.: Профиздат, 2000.

  2. Шрайберг Я. Новый уровень межбиблиотечного взаимодействия, кооперации и интеграции. Кітапхана әлемі, 2003

  3. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. Алматы «Мектеп», 2003.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет