Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі


Музыкалық білім берудің міндеттері



бет3/14
Дата05.03.2022
өлшемі276 Kb.
#27120
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
-dip -synyptan-tys-muzykalyq-bilim-beru

Музыкалық білім берудің міндеттері :

1. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын жџйелі тџрде дамыту. Осының негізінде қоғамдық өмір мен айналаны терең таныту және олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру. Олардың зейінін өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың тәртібі мен іс-әркетіндегі, тал бойындағы әсемдікті көре білуге аудару, өмірдегі шын әдемілікті жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға џйрету.

2. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық тџсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу, әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына бірге қуанып, бірге қайғырып әсерленуін, көңіл- кџйінің толқуын дамыту.

3. Оқушылардың көркемдік талғамын тәрбиелеу. Оларды жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөрекілікті, бір тџстілік пен ала-құлалықты ажырата білуге, өлең, ән, музыка, бейнелеу өнері шығармаларының не себептен ұнамайтынын аңғара білуге џйрету.

Музыкалық-эстетикалық талғам-өте кең тџсінік. Ол өнер шығармаларын тџсініп, нәр алу ғана емес, сонымен қатар табиғаттың, өмірдің, еңбектің, тұрмыстың, киімнің әсемдігін тџсіну және бағалай білу.

4. Оқушылардың кџшіне сай өзін өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға қажетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу, көркемдік- шығармашылық қабілетін дамыту.

5. Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің тағы бір мәнді міндеті жас ұрпақты жас ерекшелігіне қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға , молайтуға џйрету. Табиғаттағы әсемдікті өнердегі көрсеткіштер - ескерткіштер мен сәулет өнері туындыларын көзінің қарашағындай етіп аялауға баулу. Бұл адам еңбегін бағалауға, Отан, табиғат байлығын ұқыпты қарауға џйрету.

Музыка пәні мұғалімінің кџделікті тәрбие жұмысында төмендегі міндеттер көрініс табуы тиіс:

Оқушылардың жалпы мәдениетін көтеру қазақ халқының озық салт-дәстџрлері рухында тәрбиелеп, дџниетанымының дербестігін, мінез-құлқын жетілдіру көзделеді. Оқыту процесі сияқты тәрбие жұмысы да белгілі ұстанымдар негізінде жџргізіледі. Тәрбие ұстанымдары және тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімдерге және ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәжірибеге және ғылыми педагогикаға сџйенеді. Бұл ұстанымдардың идеялық негізі мектептің өмірмен тәжірибемен еңбекпен байланысына сай Әл-Фарабидың айтуынша: «Музыка теориясының негізгі принциптерін тек тџйсік тәжірибе арқылы білуга болады», - дегендей ғылыми педагогика мен халық педагогикасындағы тәжірибеде тексеріліп кеңейтілгені, музыка мұғалімінің сыныптан тыс жұмысын тиімді де нәтижелі атқаруына көп ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет