Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Tereshenko T.A., Murzataeva M.M



Pdf көрінісі
бет22/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

Tereshenko T.A., Murzataeva M.M. 
GIS technologies as an innovative instrument for creative thinking formationof 
students-geographers 
 
The article discusses using of GIS technology for formation of system creative 
thinking at the organization of lessons on geography. Reveals the importance of application 
of GIS technology in the educational process and definesthe concept of system creative 
thinking and proposed the structure of GIS technology for learning geography. 
Keywords: educational process, creativity, system creative thinking, geoinformation 
systems (GIS), GIS technologies, structure of GIS technology. 
 
 
*** 
 
 
ӘОЖ: 355.233:374.7 


Хабаршы №3-2015ж.
47 
Исатаев М.И. − магистр-аға оқытушысы, 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Зинелова Т. − мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 
2 курс студенті, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Е-mail: meiram.isataev@mail.ru 
 
МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ 
ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН АРТТЫРУ 
Аннотация: Мақалада қазіргі жастардың бойындағы патриоттық сезімді 
мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру арқылы арттыру баса назарға алынған.
Кілт сөздер: Білім, тәрбие, үрдіс, патриоттылық, этнопедагогика, мәдени-
тынығу жұмысы, фильмдер, шоу бағдарлама, концерт, шеру, конкурс, ойын. 
 
Еліміз тәуелсіздігін алғалы кеңірек құлаш жайып, қанат сермейтін 
заман келді. Мақсатымыз айқын болашаққа қадам босудың жоспарлары 
нақтылануда. Ең үздік 30 елдің қатарына кіру, «Қазақстан-2050» 
бағдарламасын, «ЭКСПО-2017» көрмесін ойдағыдай өткізу үшін толағай 
табыстар мен алғыр білім керек. Осыған орай, ұтқыр жобалар мен жаңа 
технологиялар заманымызға енуде. Ендігі жерде әрбір азамат болашақ 
Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосып, аянбай тер төгуі қажет. Біз 
осылай ғана жаңа жетістіктерді бағындыра аламыз. Ол үшін әрбір азаматтың 
бойында еліне деген құрмет, патриоттық сезім болуы тиіс. 
Патриоттық сезім ретінде біз мынаны аламыз: Қазақ халқы атадан 
балаға мирас еткен дархан даласын әрқашан қасық қаны қалғанша қорғай 
білген. «А, Құдайлап» жауға шапқан, ақ білектің күшімен, ақ найзаның 
ұшымен дұшпан жолатпаған жүрегі түкті батыр, баһадүр ерлеріміз кең 
байтақ жерімізге бабалар аманаты деп қараған. Оған Қазбек би бабамыздың 
мына отты сөзі дәлел: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай 
жәй жатқан елміз, елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау 
баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, 
басымыздан сөз асырмаған елміз» деп, жерімізге көз алартқан дұшпандарды 
тәубесіне түсірген батырлар ұрпағымыз [1, 15 б.]. Осы қанымызда бар 
патриоттық сезімді жас ұрпақтың жүрегіне орнатуға көңіл бөлуіміз керек.
Бүгінгі жас ұрпақ болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған 
ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, 
рухани дүниесі бай, интеллект-деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану 
заманына сай болуы шарт. Патриоттық құндылықтар сақталмайынша біз 
алға баспаймыз, дами алмаймыз [2]. Жастардың бәсекеге қабілетті болып 
дамуы үшін өз ынта жігерлері болуы ықтимал. Жалқаулық, еріншектік 
мінездері жоғарыда айтылған даму жолына кері әсерін тигізеді. Жастарды 
ұлттық сана-сезімге, адамгершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелей білуіміз 
керек. 
Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Біз тәуелді 
болып, еңбектеп, басымызды игенде халықпыз. Тізерлеп отырғанда 
халықпыз. Біз халқымызға мынаны түсіндіруміз керек: тіземіз ендігі жерде 
ешкімге бүгілмейді, бұдан бұлай ешқашан еңкеймейміз-де. Тік тұрған 
қалпымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, 


Хабаршы №3-2015ж.
48 
тәнімізбен қызмет етеміз. Тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз 
деп өзімізді де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек» деген [3]. Бұл ойды
нақтылай келе Ел Көшбасшысы жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудің 
үздік үлгісін көрсеткен болатын. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп, дана 
халқымыз айтқандай болашағымызды тәрбиелеуде кемеңгер Елбасы сөздері 
үлгі болады.
Сонымен қатар, бұл ойды «Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – 
Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және 
қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу деген, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» заңының міндеттері де дәлелдейді [4, 19 
б.]. Патриоттылықтың өзі Отанға деген сүйіспеншіліктен оған деген
махаббаттан тұрады. Патриоттық сезім, бұл-әрбір Қазақстандықтың «Елім 
маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп ойлануы, толғануы. 
Қазіргі таңда көп жастарымыз бұл сөздердің мәніне бойлай бермейді. 
Еліміздің өркендеуіне не істеймін деген ой келуі үшін де түпкі ниетте 
патриоттық негіз болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет