Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

Патриотизм – грек тілінің «patris» сөзінен аударғанда –отан, атамекен 
деген мағыналарды білдіреді. Өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы 
елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат 
тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі [5]. 
«Отан» деп отбасымен ошақ қасын, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, 
байлығы мол, кең байтақ жерді, қазыналы-қарттар мен ақ жаулықты 
әжелеріміз, тай құлындай бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ауылды, 
қадірлі ата-анамыз жүрген елді айтамыз. Туған елімен, жеріне ие болу, 
амандығын тілеу әр азаматтың міндеті. Орыс халқының ғұлама философы 
Н.Г.Чернышевский «Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа 
бермейді», деген даналық сөздерімен патриоттылықтың маңыздылығын 
дәлелдеп отыр. Қасиетті дінімізде ардақты Пайғамбарымыздың «с.ғ.с.» мына 
бір хадисіне назар аударайық: «Екі көз ахиретте тозаққа күймейді: біріншісі, 
күнәсына өкініш білдіріп, оңаша егіліп жылаған көз, екінші Отанды қорғап 
шекара күзеткен көз» [6, 16 б.]. Бұл ойлы сөздерді асыл дініміздің Отан 
қорғауға тәрбилеудегі патриоттылықтың үлгісі ретінде келтіруге болады.
Аталған тақырып бойынша ғылыми баяндамамызды жазу барысында 40-тан 
аса деректермен әдебиеттерге сараптама жасалып, талдау жүргізілді. 
Патриоттылық сөзінің зерттелу деңгейіне келетін болсақ, алғаш рет 
Антикалық дәуірде грек ойшылдары Платон, Аристотель, Цицерон 
қоғамдағы қозғаушы күш әрі отансүйгіштік ретінде бағалап, атамекен, отан 
ұғымдарымен байланыстыра қарастырған. Кейіннен Ф.Бэкон, А.Шартье, 
Н.Макиавелли, Ш.Монтеско, Ж,-Ж.Руссо, И.Г.Фихте, Г.Ф.Гегель, З.Фрейд, 
Ж.П.Сартр, К.Ясперс және т.б ұлы ойшылдар еңбектерінде зерттелген. Кеңес 
үкіметі кезеңінде Ресей ойшылдары М.В.Ломоносов, А.С.Хомяков, 
Н.М.Карамзин, 
Ф.И.Тютчев, 
В.Г.Белинский, 
Н.Г.Чернышевский, 
Н.А.Добролюбов, 
Ф.М.Достоевский, 
В.С.Соловьев, 
Н.Ф.Федоров, 
Л.Н.Толстой, Г.П.Федотов, Н.О.Лосский, С.Л.Франк, Г.В.Плеханов, 
П.Б.Струве, В.В.Розанов, С.Н.Булгаков және т.б өз үлестерін қосқан [7. 9-
10]. Ғылыми жұмысымыздың барысында Ресей ғалымадарының басым 


Хабаршы №3-2015ж.
49 
көпшілігі патриотизмді – ұлттық тәрбиемен байланыстырғандығын байқадық. 
Патриоттық тәрбиенің маңыздылығын дәріптеу мақсатында Әл-Фараби, 
Йүгінекей, 
А.Йассауи, 
С.Бақырғани, 
Ж.Баласағұн, 
А.Құнанбаев, 
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ш.Мұртаза, М.Мақатаев
және т.б ұлағатты ұстаздарымыз зерттеулер мен ізденістер жүргізген. 
Осыған бір дәлел ретінде М.Мақатаевтың :
«...Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйем менен» 
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем!» деген өлеңдерінен Отанның адам 
өміріндегі маңызын насихаттай отырып, патриоттылыққа тәрбиелеген [8, 22-
23 б.]. 
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдiснамалық 
негiздерi философиялық ілімде Алтаев Ж., Айталы А., Гершунский Б.С., Есiм 
Ғ., Изотов М., Кiшiбеков Д., Қасабеков А., Нысанбаев Ә., Сәрсенбаев Н., т.б., 
тарих саласы бойынша Ахметова Л., Қасымбаев Ж., Қозыбаев М., 
Мыңжанұлы Қ., Смағұлов О., Тұрлығұлов Т., Жұртбаев Т., Шоқай М., 
филологиялық еңбектерде Әуезов М., Дәуiтұлы С. Жолдасбеков М., 
Жұмадiлов Қ., Кекiлбаев Ә., Келiмбетов Н., Мағауин М., Мұқаметқанов Қ., 
Мұқанов С., Салғарин Қ., Сейдiмбек А., т.б. еңбектерiнде зерделенген. 
Қазақстанда бiлiм мен тәрбие iсiнiң даму мәселелерi, патриоттық 
тәрбиенің тарихи-педагогикалық қырлары Әлмұхамбетов Б.А., Бержанов 
Қ.Б., Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С.Қ., Құнантаева К.Қ., Сейдахметова Л., 
Сембаев Ә.I., Сытдықов Ә., Тәжiбаев Т., Нұрахметов Н.Н., Храпченков Г.М., 
т.б. еңбектерінде баяндалған.
Патриоттық тәрбие адамгершiлiк тәрбиенiң негізгі құрамдас бөлігі 
екені Iлиясова А.Н., Байсерке Л.А., Бейсенбаева А.А., Жампейсова Х.Қ., Ким 
А., Көшербаева А.Н., Майғаранова Ш., Нұрғалиева Г.Қ., Орынбасарова Э.А., 
Төлеубекова Р.К., т.б. еңбектерінде зерттелген.
Патриоттық тәрбие берудiң этникалық және ұлттық негiздерi 
Бейсембаева А., Бөжиг Ж., Валеев И.И., Волков Г.Н., Ғаббасов С., 
Джаңабаева Р.А., Ешiмханов С., Жұмаханов Ә., Измайлов Э., Қалиев Ж.Қ., 
Қожахметова К.Ж., Құсайынов А.Қ., Наурызбай Ж., Рождественская Р.Я., 
Сухомлинский В.А., Таубаева Ш., Ұзақбаева С.А., т.б. зерттеу еңбектерінде 
жүйеленіп берілген. 
Тәрбие үрдісінде тұлғаны әлеуметтендiру, оның гуманистік көзқарасын 
және азаматтығын қалыптастыру мәселесі Арынғазин Қ.М., Аганина Қ.Ж., 
Батталханов Е.З., Криворотова Д.А., Мақатова Ж.А, Меңлiбекова Г.Ж., 
Менлибаев К.Н., т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу мәселесінің психологиялық негіздері Аймауытов Ж., 
Выготский С., Жарықбаев Қ., Жүкеш Қ., Момышұлы Б., Мұқанов М., 
Оразбекова К., Рубинштейн С.Л., Темірбеков А., т.б. еңбектерінде 
зерделенген.
Патриоттық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі әскери-патриоттық, дене 
тәрбиесі және оның дамуы Аронов А.А., Конпиев Н.М., Минжанов А., 
Н.Ромашов, Нұрмұқашева С., Храпченков В.Г., т.б. ғылыми жұмыстарында 
әскери тәрбиенің патриоттық мәселелерді шешудегі бағыттылығы 


Хабаршы №3-2015ж.
50 
қамтылады. 
Жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-гимназияларда патриоттық 
тәрбие берудің мазмұны мен әдістері, ұстанымдары, технологиялары Агапова 
И.А., Аронов А.А., Бекмұхамедов Б.М., Датский В., Конжиев Н.М., 
Коновалова Г.А., Мазыкина Н.В., Матвеева С.В., Матушкин С.Е., т.б. 
еңбектерінде шешімін тапқан. 
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру, 
әскери мамандарды патриоттық тәрбие ісіне бейімдеу мәселелері, 
тұлғалардың өмiрi арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде 
Әбдіраман Ш., Әбілғазиева К.Т., Г.Қ.Белгібаева, Дүйсенбаев А.Қ., Жұматаева 
Е.Ө., Зима М.В., Исаева З., Каргин С.Т., Көбесов А., Құсайынова Д., 
Момынбаев Б.К., Мұратханова Р., Мұхамединова Н.Ә., Халитова И.Р., т.б. 
еңбектерін атауға болады.
Алайда, жоғарыдағы ғылыми еңбектерде мәдени-тынығу жұмысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет