Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


- жастар қызығушылығына орай би кешін, демалыс кештерін



Pdf көрінісі
бет26/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

- жастар қызығушылығына орай би кешін, демалыс кештерін 
ұйымдастыру. Жай ғана би емес, бір күн ұлттық әндерге, «Музарт» әндеріне, 
бір күн «Кешю» тобының әндеріне, бір күн «Ринго» әндеріне билейтін болса, 
онда қосымша қазақ топтарын танып, олардың әндерін естіп пайдалы ақпарат 
алар еді. Өйткені, қазіргі таңда дискотекада шет ел музыкалары ғана 
ойнатылады. 
Аталған формалардың ішінде жастардың патриоттық сезімін арттыру 
бағытында тақырыптық кештер және кездесулер арқылы МТЖ 
ұйымдастыруға кеңірек тоқталдық. 
Бұл форманы кеңірек қозғаудың бірден-бір себебі: жастардың 
қызығушылығында. Қазіргі жастар іш пыстыратын жиындар мен дәріс, 
жиналыстардан көрі, танымал тұлғалармен кездесуді, олармен фотосуретке 
түсуді, сұхбаттасуды қалайды. Жастардың бұл талап-тілектері қазіргі таңда 
ескерусіз қалуда. Мысалы: ҚР туын көкке көтеріп жүрген спортшылар, 
әншілер, әзіл – сқақшылар, жайдарманшылар, ақындар, жазушылар
суретшілер және т.б. Бір сөзбен айтқанда ісінен үлгі аларлықтай танымал 
бұқара халықтың көңілінен шыққан мәдениет, қоғам қайраткерлері. Бұл 
МТЖ формасын төмендегі тақырып бойынша жүзеге асыруға болады:
«Жарқыраған Қазақ Жұлдыздары», «Ел мақтанышы», «Танымал 
есімдер», «Өнер жанашыры», «Жұлдызбен жүздесу», т.б тақырыптық кеш 
немесе кездесу ұйымдастыру. Кездесу барысында мына әдістерді қолдануға 
болады: кейіпкердің өмір жолына шолу жасау, қызықты оқиға, сұхбаттасу, 
қазақ елі туралы өз ойын ортаға салу, ойын бағдарлама, қорытынды 
(шығарма, туынды, ән, би), студенттермен естелік фототүсірілім өткізу, т.с.с.
Нәтижесінде: 

жастардың рухани байлығы артады;

танымал тұлғалар туралы толығырақ ақпарат жинайды

болсам деп талпыну, ұмтылыс, арман мақсаттарға бағыт береді;

өз еліне деген сүйіспеншілігі қалыптасып, патриоттылық сезімі 
артады.


Хабаршы №3-2015ж.
56 
Егер, жоғарыда аталған МТЖ формаларының бірқатар шараларын іс-
жүзінде жүзеге асырылатын болсақ, жастардың патриоттық деңгейі біз 
ойлағаннан әлде-қайда жоғарғы деңгейге жетеді. Зерттеп отырған мәселемізді 
нәтижелі жұмысқа айналдыру мақсатында болашақта МТЖ-ның бүкіл 
формасында дамыту жоспарлары жасалып, ізденістер мен толықтырулар 
енгізіледі. МТЖ арқылы жастардың патриоттық сезімін арттыру атты 
арнайы әдістемелік құрал жасау, жоғары деңгейде практикалық жағынан 
жүзеге асыру бағытында зерттеу жұмыстары жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет