Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекеттiк орган ұғымы және түрлерi



бет10/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
7 Мемлекеттiк орган ұғымы және түрлерi.
Мемлекет органдары - мемлекет аппаратының бір бөлігі, заңға байланысты өзіндік құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен әрекеттес, біртұтастықты құрады.
Жоғарыдағы түсініктемеден көрінгеніндей, мемлекеттік органдардың өзіндік белгілері бар:
1) мемлекет механизмінің дербес бөлігі ретінде көрінеді;
2) мемлекеттік органдар тек құқықтық актілер негізінде құрылып әрекет жасайды (Конституция, заңдар);
3) тек өзіне тән мақсаттар мен функцияларды орындайды және соған сай нысандар мен әдістерді пайдаланады;
4) билік өкілдігі берілген және қажетті кезде мәжбүрлеу шарасын қолдана алған;
5) алдына қойған мақсатқа жету үшін, қүрылған мемлекеттік қызметтермен соған сай бөлімдерден тұрады;
6) міндетін жүзеге асыру үшін, өзіне сай құрамы, материалдық негізі және қаржы құралдары бар.
Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлык және басқа тексеру-бақылау органдарына топтасады:
- бшікті бөлу принципі бойынша заң шығарушы, атқарушы және сот;
- ескі жолмен федералдық, республикалық және жергілікті;
- өкілеттік уақытына қарай тұрақты (әрекеті тежелмейтін уақытқа құрылады) және уақытша (уақытша мақсатқа жету үшін қүрылады);
- құзыретін іске асыру тәртібіне байланысты; алқалық және жекеше басқару;
-құқықтық нысандар қызметтеріне байланысты — кұқықтық шығармашылық, құқыққолдану және құқыққорғау құзыреттерінің сипатына қарап - жалпылама орган (үкіметі) және арнайы құзыретті (министрлер) болып бөлінеді.
Мемлекет органдары өздерінің құрылу тәртібіне және атқаратын міндеттеріне байланысты топтарға бөлінеді.
Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік органдар: 1) заң шығарушы және өкілді; 2) атқарушы; 3) сот органдары Шболып бөлінеді.


8 Мемлекеттiк аппарат ұғымы және оның қызметiн ұйымдастыру принциптерi.
Мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдардың жүйесі болғандықтан ұйымдасуында және қызметтерінің бәріне бірдей принциптермен байланысты болады. Мұндай принциптер - мемлекеттік органдарды құру және қызмет әрекеттерін (функцияларын) белгілейтін негізгі идеялардың шығу жолдары.
Ондай принциптерге мыналарды жатқызуға болады:
1) Адамның және азаматтың бостандығы мен еркіндік құқықтарының басымдық принципі. Онда мемлекеттік қызметкерлердің соған сай міндеттілікті мойындап, сақтап және қорғайтындығы көрсетіледі;
2) Демократизм принципі. Онда мемлекеттік органдардың қызметтерінің құрылуындағы және ұйымдастырылуындағы азаматтардың кең көлемдегі қатысуы көрсетіледі;
3) Биліктің бөліну принципі (заң шығару, атқарушы және сот), онда билік органдарымен лауазымды адамдар жағынан болатын басынушылықты азайтатын тетіктер белгіленген;
4) Заңдылық принципі дегеніміз, барлық мемлекеттік қызметкерлермен Конституцияны, заңдарды және қосымша заң актілерін сақтау міндеттілігі;
5) Ашықтық принципі арқылы, мемлекеттік органдардың күнделікті әрекеттері туралы қүқық субъектілерінің хабардар болуы камтамасыз етіледі;
6) Федерализм принципі, мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін көрсетеді;
7) Кәсіптік принцип, мемлекеттік аппараттың қызметіне көбірек маманданған адамдарды тартуға қолайлы мүмкіндіктер беріп, еліміздің мүддесі үшін, жоғары деңгейдегі, негізгі мемлекеттік мәселелерді шешуге кепілдік жасайды;
8) Алқалық және жеке басқаруды үйлестіру принципі, онда мемлекет аппаратындағы демократиялық және бюрократиялық арақатынастары өз жөнінде қамтамасыз етіледі;
9) Сайлау мен тағайындауды үйлестіру принципі, мемлекеттік басқарудағы бөлу мен бір ортаға біріктірудің (децентралшация мен централизацияның) қолайлы арақатынасын көрсетеді;
10) Төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну (иерархиялық) принципі - органдар мемлекеттік аппаратта әр түрлі деңгейдегі орындарға иемденеді (бір орган басқасына бағынады, жоғарғы оргаңдардың шешімін төменгілерінің орындауы міндетті).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет