Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Печеньенің сілтілігін анықтау



бет15/19
Дата06.01.2022
өлшемі445,5 Kb.
#11521
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Печеньенің сілтілігін анықтау. Печеньенің қамырын жұмсарту үшін жұмсартқыштарды пайдаланады (көмір қышқыл аммоний, екі көмір қышқыл содасын). Сілтілігін бромтимол көк индикаторын қосып немесе фенолфталеин индикаторын тамызып керісінше титрлеу тәсілінде анықтайды. Сілтілігі-деп ондағы сілтінің (проц) немесе градус ° Т/мөлшерін айтады. Оның мөлшерін тағамның кұрамындағы сілтіні бейтараптандыруға кететін I н. қышқылдың немесе 100г печеньедегі сілтіні бейтараптандыруға жұмсалатын 0,1 н. қышқылдың мл. арқылы бағалайды. Оны табу үшін 25 г печеньені ұнтақтап, сиымдылығы 500 мл колбаға салып, оған 250 мл айдалған су қосып, 30 мин шайқайды. Сонда әр 10 мин сайын бір рет тұндырады. Содан соң оны мақта сүзгісін пайдаланып сүзеді. Одан 50 мл сүзінді алып 0,1 н. НСІ немесе Н2 4 ерітіндісімен, бромтимол көгін тамызып, ашық-сары түс пайда болғанша титрлейді. Сонда оның сілтілігін (X, °Т):

Х= =


формуласына қойып есептеп табады.


Мұндағы: V - титрлеуте кеткен 0,1 н. қышқылдың мөлшері, мл;

V1 - титрлеуге алынған ерітіндінің мөлшері, мл;

V2 -өлшемнен алынған барлық сүзіндінің мөлшері, мл;

g - өлшемнің салмағы, г.

Сілтілікті фенолфталейн көмегіменде жүргізуге болады, бірақ көмір қышқылды сілтіні фенолфталейнмен титрлеудің нәтижесінде түссізденеді, сондықтанда көмір қышқылды сілтіні анықтағанда қолданылатын қайта титрлеу әдісі қолданылады.

Әдіс келесідегідей жүргізіледі: 50 мл өнімнің ерітіндісінің сүзіндісін (алдыңғы әдісте дайындалғандай) көлемі 250-200мл болған конустык, колбаға салып, оның үстіне бюреткадан 4-5 мл 0,1 н күкірт қышқылын құяды. Колбадағы ерітіндіні қайнағанша қыздырып, содан соң 5-мин. қайнатады.

Одан кейін колбаға 5 тамшы 1%-ті фенолфталейннің спиртті ерітіндісін қосып 0,1 н сілті ерітіндісімен ашық-қызыл түске енгенше гитрлейді. Сілтілік — X төмендегіше теңдеумен анықталады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет