Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттік тілді жарнама саласына енгізу мәселесі



бет11/14
Дата07.01.2022
өлшемі401,5 Kb.
#18774
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Жарнама

2.1 Мемлекеттік тілді жарнама саласына енгізу мәселесі
Отандық өндірісті орташа жарнамалаудан пайда көп түсіреді деген түсінік қалыптасқан. Жарнаманы қазақша жарнамалау да пайданы мол түсірері сөзсіз, бірақ оны мемлекеттік тұрғыдан қолдау қажет. Өндіріс саласын да орыс тілін қақпайлау-әділетсіздік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе республикасындағы барлық өмір сапасына қолданылуы үшін берілгенін барша ұлт өнімдері түсінетін және іске асыратын қажеттілікті, заңдастыру қажет.

Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) жарнама саласына бірнеше принциптердің негізінде енгізуге болады.

Біріншіден – қазақ тілін жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғыза отырып, кезең – кезеңмен барлық мемлекеттік жарнама тіліне айналдыру.

Екінші – мемлекеттік тілді жарнама саласында барлық іс қағаздарды жүргізуге пайдалану.

Үшінші – қазақ тіліндегі жарнаманы қолданудың қажеттілігін насихаттаудың іс-шараларын қалыптастыру.

Төртінші – Тіл заңының жарнама саласына байланысты талаптарын, баптарын қатаң сақтауды қадағалайтын орталық құру.

Бұдан басқа да принциптер Тілдер туралы заңда қарастырылған. Осы принциптер негізінде қазақ тілінің жарнама саласында қолданылуын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Тіл заңының жүзеге асу - аспауы, нақты айтқанда, оның қоғамдық қызметінің өсу деңгейімен анықталады. Бірақ қазақ тілі жарнама саласында өзінің қоғамдық себептері де баршылық: жарнама тілі жөнінде басшылыққа алатын заң құжаты жоқ; қазақ тілінде берілген жарнамаға сұраныстың ескерілмеуі; Тіл заңының орындалуын дұрыс басшылыққа алмау; қазақ тілінің жарнама саласындағы стилінің дұрыс қалыптаспауы т.б.

Қазақ тіліндегі жарнамаларды әдеби тіл нормасына сай келу – келмеуіне байланысты үш түрге бөлуге болады.

Бірінші топ - әдеби тіл нормасы сақталған, дұрыс жазылған жарнамалар. Бұлар сирек кездеседі. Мұндай жарнамалар – тілге жеңіл, көңілге қонымды сөздер арқылы жазылған жарнамалар. Мысалы: Сіз өзіңіздің әлеуметтік жеке кодыңызды алдыныз ба?

ҚР Жамбыл облыстық «Ақ жол газетінің» редакциясы.

Екінші топ - әдеби тілдің нормасы сақталмаған көбіне орыс тіліндегі жарнаманың сөзбе-сөз аудармасы. Бұларды түсіну, оқу өте ауыр. Мұндай жарнамаларда қазақ тілінің қалыпты граматикалықережелері бұзылған.

ТОО Толебаев Ж.Ш.С. Мал дәрігерінің дәріханасы

ТОО Төлебаев Ж.Ш.С. Ветеринарная аптека ТОО “Айболит” ЖШС

Санур Дәріхана / Санур Аптека Сервис - центр,

Сервис- орталығы.

Үшінші тобы - әдеби тіл нормасы сақталмаған, стильдік тұрғыдан, тіл мәдениеті төмен жарнамалар. Бұл жарнамалар оқуға ауыр, түсінуге қиындық туғызатын, мемлекеттік тілге қалай болса солай қарағандығын білдіретін, жауапкерсіздікті нақты байқататын, қазақ тілінде жариялаудың ең нашары жатады. Жарнама адамдардың ақылы мен сезіміне де әсер етеді. Сондықтан жарнама мәтіні адамдардың барлық мінез-құлқына сәйкес жасалады. Жарнамадағы сөздер мен көріністер, суреттер қандай жағдайда болмасын адамның ақылы мен сана – сезіміне жақсы әсер етіп, олардың естерінде ұзақ уақытқа сақталуы үшін сәйкестендіріледі.

Қазақ тіліндегі берілетін жарнамалардың әдеби тіл нормаларына сай келіп икемділігін арттырып, жетілдіре түсу үшін: қазақ тіліндегі жарнамалауда санын көбейту; шетел өнімдерінің шет тіліндегі я орыс тіліндегі жарнамаларының қазақ тіліндегі аудармасын талап ету; барлық жарнамалардың қазақ тілінің әдеби нормасына сәйкестендіру; жарнама мәтіндерінің қазақ тілінің ережелері мен ерекшеліктеріне сәйкестендіру; жарнамалау бірінші кезекте мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) іске асырылуы; отандық өнімдердің жарнамаларын тек мемлекеттік тілде жарнамалау; еліміздің болашағы – балаларға, жасөспірімдерге арналған және өнер саласындағы жарнамаларды тек мемлекеттік тілде жарнамалау қажет. Бұл ұсыныстар - өмір талабы.

Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы қоғамның саяси, экономикалық, мәдени сипатына елеулі өзгерістер әкелді. Қазақстан халқы дамудың күрделі сатысына көтерілді. Нақ осы тұста ұлттық дүниетанымда, халықтық табиғи санада соны мұрат – идея көзге түсіп отыр. Ол –халықтық табиғи генетикалық өз ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, тілін дамыту, тілдің қоғамда атқаратын қызметін күшейту. Осы мақсатта қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасының күллі азаматтары мойындауға және басшылыққа алуға тиісті осы Заң Ата заманымызда өз күшімен толық енгізіліп, заңдастырылды.

Тұтас бір халықтың ана тілі – қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін, оның қолданылу деңгейін көтеру мақсатындағы бірқатар жұмыстар жолға қайта бастады. Әсіресе қазақ әдеби тілінің терминалогиялық жүйесін жалғана қалыптастыру төңірегінде сан алуан пікірлер айтылып, кейбір шаралар іске асырылды. Алдағы уақытта атқарылуға тиісті бір қатар теориялық – практикалық жұмыстар да көзге түсті. Ғылыми тұжырымдауды қажет ететін осындай проблемалардың бірі – қазақ тіліндегі жарнама, жарнама саласындағы мемлекеттін тілді қолдану мәселелері. Жарнама саласындағы қазақ тілінің қызметі мәселесі дербес теориялық еңбектермен қатар сөздік құрал, грамматикалық жүйе мәселелеріне, тіл мәдениетіне, әдеби норма, терминология, социолингвистика мәселеріне қатысты әр тарапта сөз сөз бола бастады.

Орыс тілінің халықаралық қарым – қатынас құралы ретіндегі роліне орай, оның елімізде ресми тіл мәртебесіне ие болуына қатысты, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жұмысы баяулағандығы байқалды да, сол себепті терминология, әдеби тіл нормасы, тіл мәдениеті т.б. салаларға қатысты кең ауқымды, маңызды теориялық және практикалық көптеген істер жүзеге асырыла бастады. Аталған проблемалардың қатарында қазақ тілінің жарнама саласындағы қолданылуына да назар аударыла бастады.

Жарнаманың мән – мағынасы баршаға белгілі, бірақ көпшілік мақұлдаған бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысалы, арнаулы әдебиеттерде мынандай: «Жарнама дегеніміз – белгілі бір өнімнің, қызмет көрсетудің, тұтынушылық қасиеттерін туғызып, оған деген сұранысты күшейту үшін таратылатын хабарлама»[11] деген анықтама берілген /орысшадан аударылды/. Ал «Қазақи тілінің түсіндірме сөздігі» жарнаманы «спектакль, концерт, жиналыс, лекция, спорттық жиналыстар, ойын – сауықтар туралы хабарлама» [12] деп түсіндіреді. «Қазақ Совет энциклапедиясында»: «Жарнама, спектакль, концерт, лекция, немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын – сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі [13] делінсе, «Кеңестік энциклапедиялық сөздікте» /Советский энциклопедический словарь/: «Реклама /франц. Reclame/, информация о потребительских свойствах товаров и видах услуг с целью создания спроса на них: популаризация производственный литератур, искусства и других» [14] делінген. Қазақ совет энциклопедиясында «жарнама» деген сөздің анықтамасы жоғарыда көрсетілгендей берілсе, «реклама» деген сөз де беріліп, оның анықтамасы төмендегіше: «Реклама» тегінде латының reclamo – жар салу деген сөз: 1. Жұртқа көн өткізу үшін әр түрлі товарлар мен өндірілетін қызметтердің қасиеттерін жариялау.

2. Белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу» деп сипатталған. [15].

Бұл анықтамадан, «жарнама» мен «реклама» сөздерінің бір мағынада қолданылатын сөздер екендігіне қарамастан, екі ұдай сипатты байқаймыз. Екі сөзге екі түрлі анықтама берілген. Бірақ бұл сөздіктердегі анықтамалардың жарнамаға қатысты екендігіне күмән жоқ, өткені әр түрлі жиналыс, конференция туралы хабар беру жарнама болса, спектакль, концерт, түрлі мәдени шараларға байланысты хабар беру де басы ашық, ол да жарнама. Яғни жарнама, реклама сөздерінің мағынасы бір, синоним сөздер.

Жарнама, жарнамалау, оның тілі - өте күрделі құбылыс. Жарнаманың бірнеше түрі бар. Оларды түріне қарай топтастырсақ, бірнеше топқа бөлуге болады.

Жарнаманы жалпы мақсаттарына байланысты топтастырсақ, оны екіге бөлуге болады: біріншісі – сауда сатылық /коммерциялық/ жарнама, екіншісі – саяси жарнама. Сауда – саттық жарнамасының өзі өнеркәсіптік және сауда жарнамасы болып екіге бөлінеді.

Өнеркәсіптік жарнамаға белгілі бір фирманың өнімдері мен қызмет көрсетуге арналған жарнамалары жатады да, ал сауда жарнамасына көтерме сауда жарнамасы мен дүкендер ұйымдастырған жек жарнамалар жатады.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан берілуіне байланысты жарнама: газет, журнал, кино, радио, теледидар, телефон, почта т.б. жарнамалары болып бөлінеді.

Адамның қабылдау мүшелеріне байланысты жарнаманы: көру арқылы қабылданатын жарнама, есту арқылы қабылданатын жарнама, иіс арқылы қабылданатын жарнама деп топтастыруға болады.

Жарнаманың таралу аймағы кең тар көлемде болуы мүмкін. Сондықтан жарнамалар таралу көлеміне қарай: жергілікті, қалалық жалпы халықтық, шет елдік, дүниежүзілік болып бөлінеді.

Таралу жиілігіне, берілу ретіне қарай жарнамалар: бір рет берілетін жарнама, бірнеше рет берілетін жарнама, күнделікті берілетін жарнама деп топтастырылады.

Жарнаманың жасалу негізі, шығатын жері болатындықтан, олар: арнайы жарнамалаушы мекемелер даярлаған жарнама және жарнама берушілердің өздері даярлаған жарнама деп те топтастыруға болады.

Жарнаманы көркемдік жағын, мазмұнын, көлемін т.б. ерекшеліктерін негізге алып та түрлі-түрлі топтарға жіктей беруге болады.

Жарнаманы жан-жақты зерттеп, оған тән әлеуметтік, лингвистикалық т.б. ерекшеліктерді анықтап, мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы сотолингвистикалық өзекті мәселелерін тұжырымдаған еңбекте /16/ жарнамаға мынандай анықтама берілген. Бұл анықтама – қазіргі күні жарнаманың қызметін жан-жақты ашатын анықтама болып табылады. Онда: «Жарнама деген – белгілі бір затпен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті күшейту мақсатымен /ауызша, жазбаша/ жарияланған хабарлама жиынтығы» деген жарнаманың қазіргі күнгі мәнін толық ашып берген анықтама берілген.

Қоғам өмірінің әр саласында адамдардың мүддесі мен қызметіне, әлеуметтік жағдайына байланысты, тілі де ерекшеленіп, таңдалып туындады. Сол сияқты қазақ тілінің жарнама саласындағы қолдану ерекшеліктері мен қызметі де көптеген факторларға байланысты көрініп отыр.

Қазіргі даму кезеңінде қазақ тілі азды-көпті жарнама саласында қолданыла бастады. Бірақ бұл көпшілік көңілінен шықпай отыр десек жаңылыспаймыз, өйткені қазақ тілінде беріліп жүрген қайсыбір жарнаманы алсақ та, олар талғамсыз тіліміздің әдеби нормаларына қайшы, сай келмейтін, не болмаса орыс немесе басқа тілдерден қалай болса солай аударыла салған жарнамаларға кез келеміз. Сонымен қатар кейбір сауда-саттықпен айналысатын құрылымдардың шетелдік сөздер мен таңбаларға, қысқартылған сөздерге тым әуестенуі шет тілдеріндегі көрнекі ақпараттың жиілеп кетуіне соқтыруда. Осыған дәлел мынадай, мысалы: «Торговый дом BUTYA», «Adidas», «Audio video CD», «Bingo», «Барс LTD», «Marlboro», «DAEWOO», «SAMSUNG», «Blind of USA», «Magna». Қаламыздың орталық көшелері мен даңғылдары, сауда-саттық базарлары мен дүнгіршектері толған «Lucky», «Camel», «Coca-cola», «GLAVTOUR», «Rotmans», «Classic» т.б. шетелдік атрибутикалар.

Мұның өзі – жарнама саласында қазақ тілінің тиісті дәрежеде қолданылмай, кедергілерге ұшырап отыр деген сөз. Мұны қадағалап, үйлестіріп, сараптап, жүйелеп отырған да ешбір ұйым жоқ.

Тіліміздің, қазақ тілі – ресми түрде мемлекеттік қамқорлыққа алынып, мемлекеттік мәртебе берілген тіл. Сондықтан ол өміріміздің барлық саласында еркін қолданылуы керек. Тіл заңының бір бабында /21-бабы/ жарнамаға байланысты: «Хабарландырулар, жарнамалар, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жазылады» [17] делінген. Солай бола тұрса да Қазақстанда, соның ішінде өз қаламызда жарияланып жүрген жарнамалардың Тіл заңының бұл тарауын қаншалықты орындап, басшылыққа алып жүргендігін нақтылы зерттеу жүргізбей-ақ байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет