Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Топонимия-адамның әлем туралы білімінің жүйелі жиынтығы



бет53/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

1.4 Топонимия-адамның әлем туралы білімінің жүйелі жиынтығы
Қазақ тілінің топонимдік жүйесі өзінің ментальдік болмысында іштей ұйымдастырылған,яғни топонимияда адамның әлем туралы білімі мен қабылдауының жиынтығы жүйелі түрде берілген.

Топонимиялық жүйе базалық стереотиптер жинағына сүйенеді,олар атаулар мен тілдік деңгейлердегі кластар бірліктерін өзара байланыстырып, топонимиялық жүйенің элементтерін қалыптастырады.

Ең ертедегі ментальді- топонимиялық стереотиптердің бірі- адамды қоршаған физика-географиялық, ландшафттық ортаны тану стереотипі болған.

Мифологиялық ментальді –топонимиялық стереотиптің тілтанымдақ сипаты. Тілдік жүйеде ғалам бейнесін қалыптастыратын басты фактор –ол сана. Тарихи тұрғыдан қарасақ, әлемді бейнелеуге көмектесетін ежелгі сана-мифологиялық сана. Миф, мифология – дегеніміз ғажайып, тылсым күштерді баяндау немесе аңыз деп қана емес, оны сананың ерекше бір түрі деп қарастыруымыз қажет. Мифология хронологиялық тұрғыдан тарихи және табиғи сана түріне қарсы болып табылады.

Сананың мифологиялық типі мифологиялық ментальді-топонимиялық стереотипті қалыптастырды (қоршаған орта мен географиялық нысаналар киелі саналып, оны құдай жаратқан деген ой туындады). Ежелгі түркі кезеңінде түркілердің жер-су (йер-суб) этногеографиялық түсініктері тау шыңдарын (Ыдукбаш, Ыдук Отюкенйыш) қасиетті деп есептейді.

Қоршаған ортаның әрбір бөлігі сакрализация процесіне (құдай жаратқан, қасиетті) ұшырай бастады. Ең қасиетті болып биік тау шыңдары саналды. Себебі осы шыңдар адамды аспанмен байланыстыратын ең қысқа жол болатынына сенді. Мифологиялық әлемді қабылдау ұзақ уақыт сақталады, толық жоғалып кетпейді, себебі мифология діни нанымдардың негізін құрайтын элемент болып табылады. Ментальді-топонимиялық стереотипті ұйымдастыратын мифологиялық көзқарастар жиынтығы Хантәңірі, Бектау-ата, Қазығұрт, Әулиешоқы, Толағай, Көктөбе, Әулие, Әулиетас, Сантас,Ойсылқара, Келіншектау, Қырық қыз, Жеке-Батыр, Қоңыр Әулие сияқты көптеген қазақ мифотопонимдері арқылы жүзеге асырылып, сақталып қалған.

Көшпелі-ментальді топонимиялық стереотиптің тілтанымдық сипаты. Қазақ топонимиясында номинацияның негізгі екі бағыты байқалады:көшпелі және отырықшы. Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы да көшпелі ментальді-топонимиялық стереотиптің пайда болуына әсер етті. Бұл стереотиптің ерекшелігі: әрбір географиялық нысаналар мен табиғи ландшафтты көшпелі салт-дәстүрлер тұрғысынан қарастыру.

Көшпелі мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салты қазақ халқының барлық материалдық және рухани дүниесіне шешуші түрде орасан әсерін тигізді. Бұл ерекшеліктер, әрине,қазақ тілінің сөз байлығына да, топонимиялық лексикасына да ықпал етті. Күрделі халықтық географиялық терминология мен жалқы географиялық атаулар жүйесі-осыған дәлел.

Көшпелі ментальді-топонимиялық стереотипте атау(номинация) таңдаулы болады, себебі атау ретінде көшпелі мал шаруашылығы үшін маңызы бар табиғи нысаналардың ерекшеліктері таңдап алынады. Жайлаулардың көптеген атауларында өзінің көзге түсетін ерекшеліктері мен қасиеттері, шаруаға қолайлылығы, өнімділігі, өсімдік дүниесі айқын бейнеленеді.

Топонимдердің кумулятивтік қызметі көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға, жерге меншік құқығын белгілеу, тағы басқа ерекшеліктерге байланысты мәліметті сақтап, қазіргі кезге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Көпшелі ментальді-топонимиялық стереотип номинациясының бірден-бір ерекшелігі-кейбір географиялық нысаналарды ру атымен атау. Көшпелі халықтарда, оның ішінде қазақтарда этностың ру-тайпалық бөлінуі жиі кездеседі.Тайпа, ру тағы да басқа кішірек этникалық бірліктердің атаулары географиялық номенклатурада өз ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Себебі,жайылымдар, көші-қон бағыттары,суаттар белгілі бір рудың меншігінде қалып қойған, осылайша олардың этникалық атаулары географиялық атау қалыптасқан. [15].

Отырықшы ментальды-топонимиялық стереотипінің тілтанымдық сипаты. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ этносы тұрмыс- тіршілігінің бірден-бір ауқымды факторы болғандықтан, осы шаруашылық түрі көшпелі ментальді-топонимиялық стереотиптің қалыптасуына өз әсерін тигізді. Осымен қатар қазақ халқының отырықшы егіншілікпен де айналысқанын, отырықшы мәдениеті де бай болғандығын ұмытпағанымыз абзал. Бұл фактор қазақ топонимиясының қалыптасуы мен орынды қолданылуына көп ықпал етті. Х І Х ғасырдың аяғында этникалық аумақпен немесе тілдік шекарамен сәйкес келмейтін шаруашылықтың үш түрі қалыптасты, олар: суармалы таулы аймақтар мен оазистерде басым болып келетін отырықшы егіншілер; үлкен және кішігірім өзендер бойларында кең тараған жартылай отырықшы малшылар; шөл,дала және таулы аймақтардың көшпелі немесе жартылай көшпелі этникалық бірліктері.

Отырықшы ментальді- топонимиялық стереотипте кәріз деп аталатын суару және сумен қамтамасыз етудің бірегей типін кездестіруге болады. Иран атауларын құрайтын географиялық терминдер мен өзге сөздерді қамтитын В.И. Савинаның сөздігінде кехриз(кәріз)- «бұл жер асты су арнасы, су жинайтын галерея». Топонимиялық атаулардың отырықшы типінің ерекшелігі:балық,кент,орда,қала,қорған,ауыл,там,рабат тәрізді этномәдени апеллятивтері бар топонимдер (ойконимдер) кең тараған. Бұл апеллятивтер қоныстың, тұрғын үйдің түрлерін сипаттайды. Осы терминдер негізінде жасалған ойконимдер ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан ойконимиясында көрініс береді.

Әрине, отырықшы ментальді-топонимиялық стереотипті қала және қалалық нысаналарсыз елестету мүмкін емес. Қазақстан қалаларының атаулары, олардың пайда болу,қалыптасу тарихы, этнолингвистикалық тұрғыдан талдау,топонимиялық атаулардың осы тобын тарихи-лингвистикалық түрғыдан зерттеу бізге ғылыми құндылығы жоғары тарихи,мәдени,тілдік мәліметтер береді. Топонимдер мен халықтық географиялық терминдердің кумулятивтік қызметі арқылы қалалық топонимия және архитектура терминдерінде кездесетін құнды тарихи-мәдени мәліметтерге қол жеткізе аламыз.

Идеологиялық ментальді- топонимиялық стереотиптің тілтанымдық сипаты. Ономастикалық (топонимиялық) номинацияның тағы да бір бағыты бар,мұнда экстралингвистикалық факторлар- саяси және идеологиялық факторлардың орасан зор ықпалы байқалады. Алғашқы мемлекеттер пайда болғаннан бастап туындайтын қоғам тұрмыс-тіршілігіндегі барлық салаларда саясилануы идеяланған топонимдер номинациясының себептері, олардың семантикасы мен қайта атау процестерінде көрініс табады. Идеологиялық менталді-топонимиялық стереотипке тән мәселе – номинация процесі саяси ұйымдар мен жеке адамдардың (саяси қайраткерлер, мемлекетік қызметкерлер) еркі бойынша өтеді.

Топонимдер идеологияланған кезде ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан көшпелі, мифологиялық, отырықшы типтер және тарихи, мәдени ескерткіштер саясиланған идеологиялық топонимдермен ауыстырылады.

Сонымен, біз қарастырған менталді-топонимиялық стереотиптер тілдік санадағы менталді түсініктер жүйесі болып табылады. Осы стереотиптер топонимдер түрлерінің молдығын, байлығын көрсетеді. Тіл – сана –орта (болмыс) жүйесінде стереотиптер жинағы байланыстырушы буын ретінде қабылданады. Топонимиядағы лингвистикадан тыс (экстралингвистикалық факторлар) қоршаған ортаның айналық көрінісі арқылы ғана емес, сонымен қатар адамның санасы, оның түсініктері, рухани байлығы арқылы іске асады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, әрбір топонимиялық жүйе әлем бейнесінің тілдік фрагменті түріндегі топонимиялық әлем бейнесін, болмысын көрсетеді

Әліп танба қыпшақтың

Атағы озған алаштан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет