Топонимдердің құрамындағы өсімдік, жануар атаулары
Қазақ топонимдері атауыштық қызметінің негізгі ерекшеліктері-географиялық нысаналардың сан алуан қасиеттер мен белгілері дәл және нақты беріледі. Қазақ тіліндегі жалқы географиялық атаулар семантикасында қоршаған ортаның көрінісін,сонымен бірге тікелей немесе жанама байланысын байқауға болады.
Өсімдіктер дүниесінің,бұтақтар мен ағаштардың болуы(немесе тіпті болмауы) – табиғаттың, географиялық нысаналардың басты ерекшелігі.
Қазақстан топонимдерінің құрамынды ағаш және өсімдік атаулары жиі кездесіп отырады: қоға, боз, қараған, құрай,қияқ,өлең,қамыс,тікен,жантақ,сексеуіл,арпа,бидай,ши,алма, арша, қарағай,терек,долана,бидайық,тал,сасыр,раң,тобылғы,емен,өрік,жиде,жусан, ағаш, ермен, изен, қалба, сарымсақ, пияз, пісте, жуа, қайың.
Ағаш атауларының басым көпшілігі ағаш түрінің белгілі бір түрін білдіреді. Белгілі бір аймақ топонимдеріндегі кейбір орман атаулары қандай да бір ағаш түрлерінің бір кездердегі таралу ареалын көрсетеді.
Қазақ топонимиясы Қазақстан жануарлар дүниесін де (фаунасын) ерекше атап, оған баса назар аударған. Белгілі бір географиялық аймақта кездесетін жабайы жануарлармен қатар,үй жануарлары, мал түрлері, оларды бағу ерекшеліктері де номинация процесінен өз орнын алады.Қазақ топонимдерінің қалыптасуына белгілі бір себептермен құстар, құрт-құмырсқа,шыбын-шіркейлер де қатысқан. Жабайы жануарлардың аттары табиғат ерекшеліктерін сипаттаумен тығыз байланысты.Осылайша, аңшылық нысанасына айналған жануарлар аттарын, көбінесе Қазақстан оронимдері құрамынан кездестіруге болады: құлан, марал, арқар, ұлан, жолбарыс, қарсақ, түлкі, бұғы, теке, елік, құндыз.
Қазақстан топонимдерінің арасында жануарлардың,құстардың, жәндіктердің аттары да көптеп кездеседі: ат, теке,қошқар, айғыр, серке, арқар, борсық, бура, түйе, нар, құлан, құлын, ешкі, байтал, бие, жылқы, аю, тайлақ, жолбарыс, арыстан, бұлан, құндыз, тышқан, суыр, бұзау, айдаһар, бөкен, бұгы, қоян, қасқыр, шыбын, сона, инелік, кене, шіркей, бит, балық, шабақ, шортан, сазан, бақа, қу, бүркіт, қаршыға, қарға, шағала, жылан.
Қазақтың көптеген жалқы географиялық атауларын зерттей келе, мына төмендегі қорытынды жасауға болады: қоршаған орта нысаналарын атаудың негізгі принципі-бұл топонимдер жүйесінде аталуға жататын нысананы,оның басты ерекшеліктері мен қасиеттерін дәл не нақты көрсету болып табылады. Нысананың өзіне тән ерекшелігін атау мақсатында оны тандап алу – номинатор - адамның мәдениетке және шаруашылыққа көзқарасын білдіреді,оның (атаушы адамның) материалдық, рухани дүниесінің даму дәрежесін айқындайды. Қазақ топонимдерінің өнімділігін жалқы географиялық атаулар мен халықтық географиялық терминологияның байлығынан және күрделілігінен байқауға болады. [14].
Аймақ жер-су атаулар жүйемінің өзіміз ой елегінен өткізген бір ғасырдан астам уақыт арасындағы дамуы мен қалыптасуындағы ұлттық атауларда тілдік, тарихи, мәдени және рухани сабақтастық берік сақталған;
Ұлттық топонимдер қазақ топырағындағы қилы кезеңдерде жүрген саяси, тарихи, мәдени дағдарыстарға шыдас беріп, өзінің ұлттық тәлім-тәрбие берудегі орны ерекше, атқарар рөлі орасан зор.
Сонымен, жұмыста топонимикалық жүйенің базалық стереотиптер түрлері анықталады:
адам баласының мифологиялық санасының нәтижесінде топонимдер киелі қасиеттерге ие болып, мифологиялық және (қасиетті) топонимдер пайда болды;
қазақ этносының басты шарушылық түрі-көшпелі мал шаруашылығы болғандықтан, көшпелі топонимиялық стереотип қалыптасты.
Мемлекет, өкімет, саяси институттар адамзат тарихына енген кезде идеологиялық топонимиялық стереотип дүниеге келді. Оның басты ерекшелігі – географиялық нысаналарды атауға белгілі бір саяси партия немесе жеке қайраткер, сондай-ақ жалпы мемлекет ұсынатын идеологияны насихаттап нығайта түсушілер үшін атау процесіне қатысып отырған.
Қазақ топонимдерін қолданудың тарихи аспектісі, әсіресе географиялық атаулардың әлеуметтілігінде айқын көрініс берді. Барлық географиялық атаулар, негізінен адамзаттың әлеуметтік саладағы іс - әрекетінен туындайды. Ежелгі заманда қоршаған ортаның ерекшеліктерін атау негізіне жақындатып ат қойған адам, кейінірек топонимиялық жүйе қалыптастыру үшін әлеуметтік деңгейде қызмет жасай бастады.Себебі географиялық нысаналар атауларының әлеуметтік аспектісі топонимиялық процесс жүріп жатқан мемлекет не қоғамның саясаты, идеологиясымен тығыз байланысты.
Шынайы қазақ халықтық топонимиясы жүздеген жылдар бойы жергілікті халықтың көшпелі өмір салтына жақын болып қалыптасып, аталып та қолданылып келген, ал отаршылдық топонимдер – шовинистік саясат жүргізілуінен туындаған элементтер.
Қазақстан топонимиясын идеологияландыру қазан төңкерісінен кейін де анағұрлым ұлғая түсті. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан картасында жергілікті халыққа бейтаныс мыңдаған жаңа географиялық атаулар пайда болды.
Қайта құру басталған кезде, мәдениет ескерткіштерді, тарихи атауларды қайта қалпына келтіру үшін үлкен қоғамдық қозғалыс басталды.
Қазақ топонимиялық атаулардың орыс тіліндегі аудармалары қазақ этносының ұғымына сай келмегенімен қоймай, қазақ сөздерін бұрмалап, мағынасын өзгертіп жіберген. Қазақстан тәуелсіз ел болғандықтан, осы мәселеге баса назар аударылып жүр. Теқ қана мемлекеттік деңгейде қарастырып қоймай, қазақ топонимдерін бүкіл әлемдік деңгейде көтеру керек, себебі географиялық атаулар халықаралық қарым-қатынастарда маңызды рөл атқарады.
Жер-су атаулары - біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Олар көптеген тарихи оқиғалардан құнды деректер бере алатын, сол арқылы өлкетанушылық білімімізді кеңейтіп, рухани дүниемізді байытып, ұлттық тұлғамызды қалыптастыратын дүние.
«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.” [1].
Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған елді мекендер атаулары әр ғасыр шежіресінен сыр тартып, салт - дәстүрден, халықтың өмір - тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығын да ұлтымыздың, ата - бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер- судың атауы - тарихтың хаты» деген халық атауында терең
мазмұн ,сындарлы салмақ жатыр.
Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов: «Біздің қазақ - жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр - сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жаһан дүзде кездескен кішкентай бұлақ атының өзінде қаншама мән - мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»,-дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |