ІІ ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК
АСПЕКТІЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Географиялық атаулар кез келген тілдің сөздік байлығының құрамы және тілдің лексикалық бөлігі. Қоршаған орта мен географиялық атаулардың әр түрлі байланысы, белгісі топонимист Э.М.Мұрзаев тарапынан біршама қарастырылды.
Әр түрлі лингвистикалық емес аспектілерге арналған басылымдар тізімінен де географиялық атаулардың пайда болуын, қалыптасуын және қызметі мен қолдану аясын көрсететін еңбектерді көруге болады.
Топонимдердің пайда болу және қолданылуының тарихи аспектісі хроникалық фактормен байланысты, себебі қазақ топонимінің диахрондық әр түрлі қабатты әр түрлі дәуірлер мен кезеңдерде көрінеді.
Жоғарыда келтірілген классификациядан байқағанымыздай, Қазақстанның қазіргі заманғы топонимиясы – көпқабатты, түрлі кезеңді және тілдік құрылымы әр алуан болып келетіндігі.
Географиялық атаулардың өзіндік белгілері бойынша топтары көр сетілетін Қазақстандағы көптеген ғылыми – топонимиялық еңбектерде ежелгі түркілік, ирандық, монғолдық, арабтық, орыстық т.б. топонимдердер жеке – жеке беріледі.
Қазақ жалқы географиялық атауларының тарихқа қатыстылығы автохтонды тілмен түбірлес гомогендік емес өзге тілдердің қарым- қатынасы кезіндегі хронологиялық (диахрондық) көрсеткіштермен ғана анықталмайды. Сонымен бірге, әрбір тарихи кезеңдер мен дәуірлерде әр түрлі ментальді – топонимиялық стереотиптер әсерінен атауға ие болған, топонимиялы номинацияның негізгі бағыттары мен типтері арқылы ерекшеленетін атаулар пайда болып, қолданылуымен де түсіндіріледі. [16].
Топонимдік атаулардың тірі, жанды ағзалардың белгілері мен қасиеттерін географиялық нысана атауы ретінде ауыстырған тағы бір типі – образдық және анатомиялық тип көне дәуірлерде де болған, бұл кезде ежелгі дәуір адамының санасы дүниені мифопоэтикалық тұрғыдан қабылдады. Географиялық нысаналарға осылайша атау беру тәсілі қазіргі кезге дейін сақталып қалғандығын айтуға болады. Еуразия кеңістігінде ғасырлар бойы қалыптасып, қолданылған көшпелі мал шаруашылығы атаудың ерекше көшпелі түрінің пайда болуына әсер етті, жердің әрбір бөлігі, кез келген жер бедерінің қасиеттері мен белгілері жалпы және жалқы атауларға ие болып, топоним пайда болуына септілін тигізді. Демек, дәл осы тарихи кезеңде қазақ этносының рухани және материалдық мәдениетін айқындаған шынайы қазақ топонимиясы қалыптасады.
Егер табиғи нысаналар атаулары аталатын нысана қасиеттері мен белгілерін қамтитын болса, антропогендік нысаналар атаулары антропогендер мен этнонимдерден құралды. Себебі олар белгілі бір нысананың жеке адам немесе ру меншігінде болғанын көрсетті.
Орта ғасырларда, сондай – ақ кейінгі тарихи кезеңдерде топонимиялық атаудың көшпелі ментальді түрімен қатар, отырықшы ментальді – топонимиялық стереотип те болды. Ол едәуір дамыған архитектуралық номенклатураны, қалалық ойконимияны қалыптастырды. Әлеуметтік – экономикалық талаптар кешені, өндіріс тәсілдері, дүние туралы ментальді көзқарастар мен діни пайымдаулар, әдет – ғұрыптардың айрықша жиынтығымен сипатталатын әр тарихи кезең географиялық ортаға деген өзіндік қарым – қатынасымен ерекшеленеді, сондықтан да өзінің түбегейлі топонимиялық номинациясының болуы табиғи нәрсе. Кейінгі кезеңдерде топонимиялық номинацияның отырықшылық типінде отырықшылыққа жаппай көшу, елде капиталистік қатынастар дамуы, төңкеріс, мемлекеттік саяси құрылым өзгеруі және т.б. жағдайлар әсерінен қазақ қоғамында әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер болды.
Қазіргі замандағы тарихи кезеңнің басты мәселесі урбанизация (қалаға көшу, қоныс аудару) болып табылады. Ол қоғам өмірін ж - жақты қамтиды және қоныстанудың жаңа әлеуметтік – кеңістіктік түрін қалыптастырады. Осының бәрі, әрине, топонимдердің пайда болуы мен қолдануын да өзгерістерге ұшырататынын байқаймыз.
Қазақ топонимдерін қолданудың тарихи аспектісі, біздің ойымызша, әсіресе географиялық атаулардың әлеуметтілігінде айқын көрініс берді. Барлық географиялық атаулар, негізінен адамзаттың әлеуметтік саладағы іс - әрекетінен туындайды. Ежелгі заманда қоршаған ортаның ерекшеліктерін атау негізіне жақындатып ат қойған адам, кейінірек топонимдер мен топонимиялық жүйе қалыптастыру үшін әлеуметтік деңгейде қызмет жасай бастады. Себебі географиялық нысаналар атауларының әлеуметтік аспектісі топонимиялық процесс жүріп жатқан мемлекет не қоғамның саясаты, идеологиясымен тығыз байланысты.
Шынайы қазақ халықтық топонимиясы жүздеген жылдар бойы жергілікті халықтың көшпелі өмір салтына жақын болып қалыптасып, аталып та қолданылып келген, ал отаршылдық топонимдер – бұл автохтонды тұрғындар – аборигендерге қарсы шовинистік саясат жүргізілуінен туындаған элементтер.
Қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметінің тілдік саясаттағы көріністері. Қазақстан топонимиясын идеологияландыру Қазан төңкерісінен кейін де анагұрлым ұлғая түсті. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан картасында жергілікті халыққа бейтаныс мыңдаған жаңа географиялық атаулар пайда болды. [30].
Кеңес үкіметі кезіндегі топонимиялық атаудың идеологиялық типі колхоз бен совхоз атауларында кең тараған. Осылардың ең басты ерекшелігі – бұл атаулар олардың социализм мен коммунизм идеяларын жергілікті халыққа насихаттап, нығайту үшін іске асырылғанында болып отыр. Қайта құру басталған кезде, мәдениет ескерткіштерді, тарихи атауларды қайта қалпына келтіру үшін үлкен қоғамдық қозғалыс басталды. Қазақ географиялық атауларының орыс тіліндегі аудармалары қазақ этносының ұғымына сай келмегенімен қоймай, аударған кезде қазақ сөздерін бұрмалап, мағынасын өзгертіп жіберген. Қазақстан тәуелсіз ел болғандықтан, осы мәселеге баса назар аударылуы қажет. Тек қана мемлекеттік деңгейде қарастырып қоймай, қазақ топонимдерін бүкіләлемдік деңгейде көтеру керек, себебі географиялық атаулар халықаралық қарым – қатынастарда маңызды рөл атқарады.
Қазақстанның қазіргі заман топонимиясындағы әлеуметтік – лингвистикалық процестері, біз байқағандай, әрбір аймақтың, жалпы республиканың әлеуметтік – саяси, этно – тілдік, адами – психологиялық тұрғыдан сипаттап отыр. Оң топонимиялық саясат жүргізу дегеніміз – барлық этно - әлеметтік, мәдени, саяси, демографиялық факторларды ескеруді қазақ топонимиясының ғылыми, этномәдени, тарихи- әлеуметтік негіздерін терең зерттеуді керек етеді.
1. Топонимдерді ментальді тілдік сана мен танымдық қызмет негізінде қарастыру қазақ топонимикасын когнитивтік – прагматикалық аспектіде зерттеу қажеттілігінің айрықша мәнге ие екендігін көрсетті.
2. Топонимдердің басты тілдік қызметтері – бұл атауыштық және кумулятивтік қызмет түрлері. Топонимдердің негізгі тілдік қызметтерін сараптау барысында, олардың бір- бірімен тығыз байланыстығына көз жеткіземіз; себебі топонимдердің онтологиясы мен ментальдік ұғымы бірдей десек болады. Топоним – тілдің атауштық қызмет атқару барысында алынатын нәтиже. Осы процесс кезінде адамзаттың қоғамдық, жеке тәжірибесі, жаратылыс туралы ғасырлар бойы жинаған ақпарат тілдік тұлғада сақталып, жүйеленеді.
3. Қазақ топонимдері атауыштық қызметінің өнімділігін жалқы географиялық атаулар мен апеллятивтік халықтық терминологияның байлығымен түсіндіруге болады. Осымен байланысты топонимидердің кумулятивтік қызметі ерекше. Топонимнің кумулятивтік қызметі дегеніміз – бұл адамзат өмірі тәжірибесін және қоршаған ортаны вербальды түрде тілдік айналымда көрсету.
Топонимдердің кумулятивтік қызметі арқылы жалпы топонимиялық материалдарда тарихи – мәдени, этноәлеуметтік (идеологиялық) мәлімет қалыптасып сақталады; сондықтан топонимияны ақпараттық күрделі семиотикалық жүйедегі мәдени факт ретінде қарастырсақ болады.
Тіл мен мәдениет өз ара тығыз байланысып, кірігіп кеткен, өздерінің басты ерекшеліктері мен қызметтері жағынан сәйкес келеді.
Осылайша, қазақ топонимдерінің ментальдік мәні олардың кумулятивтік қызметімен анықталады. Бұл қызметтің басты механизмі – (процесі) мәліметтерді бекіту, жинау (аккумуляция) және басқаларға жеткізу (трансляция). Осымен байланысты жұмыста топонимиялық жүйенің базалық стереотиптер түрлері анықталды.
4. Адам баласының мифологиялық санасының нәтижесінде топонимдер киелі қасиеттерге ие болып, мифологиялық және сакральді (қасиетті) топонимдер пайда болды.
XX ғ. басындағы аймақ жер-су атауларының лексика-семантикалық қабаттары белгілі ономаст-ғалымдар Т.Жанұзак, А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаевтың, Е.Керімбаевтың, географ-ғалым Ә.Бейсенованың Қазақстанның тарихи-географиялық зерттелу кезендері мен топонимиядағы тілдік қабаттарға байланысты хронологиялық классификациясы сөз болады. Осы классификациялар негізінде аймақ топонимдік жүйесі төмендегідей топтастырылды:
1. Түркілік негізде қалыптасқан атаулар;
а) көне түркілік қабаты; ә) қазақ тілді кабаты; б) өзбек тілінде жасалған
атаулар.
2. Кірме қабаттағы өзге тілден енген атаулар: а) иран тілінен енген тілдік элементтер; ә) араб тілі элементтері қатысуымен жасалған атаулар, б) монғол текті атаулар (монғол тіліндегі және қазақ-монғол тілдері қатынасы нәтижесінде пайда болған екі тілге ортақ атаулар);
в) орыс тілінде жасалған атаулар.
Түркілік қабат атаулары. Көне түркілік қабатка Қазығұрт, Арыс,
Шу, Шәуілдір, Созақ, Отырар, Сайрам, Сауран, Түркістан, Кеңес
және т.б. атаулар жатады. Зерттеліп отырған аймактың 1906 ж. ескі картада
көрсетілген топонимиялық жүйесінің негізін төл қазақ атаулары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |