Көздікөл және Қараспан топонимдері осы мәтінде эпикалық баяндаудың ұлттық-тарихи (этномәдени) аясын жасайды, осылайша жайлаған (Көздікөлді жайлаған) және қыс қыстауы (қыс қыстауы Қараспан) сөздері арқылы көшпелі малшылар өмірін бейнесін суреттеп оларды синтагматикалық тұрғыдан анықтай түседі.
«Қобланды батыр» эпосының мәтінінде кездесетін топонимдер өздерінің ең басты қызметін яғни кеңістікте бағдар болу жайын – толық түрде атқарады. Егер топонимнің бағыттық қызметі белгілі бір жердегі бағдар міндетін атқарса, фольклорлық мәтінде топонимдер эпостың көркемдік уақытында болып жатқан іс-әрекеттерді, географиялық кеңістіктің ауқымдылығын, басты кейіпкерлердің жүріп-тұру бағытын көрсетеді. Осылайша, фольклорлық топонимдер эпикалық баяндаудың мезгілдік және кеңістіктік бөліктерін біріктіретін өзіндік тірек қызметін атқарады. Мысалы:
Аманбайдың ақтыкен
Асып Бурыл жөнелді...
Қарсы келген Қабақтан
Қарғып Бурыл жөнелді...
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл жөнелді...
Ол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар құл төбе.
Одан да өтіп жөнелді...
Қамыстының Қазды көл
Қоғалының құлы көл.
Қызғыштының қызды көл.
Шағалалы Шалқар көл,
Жекендігі Желді көл,
Құмыра-Қотан қос көлден
Айналасы бес көлден
Бәрінен өіп жөнелді.
А. Жұбанова және Е. Жұбанов «Топологиялық деректердегі аңыз бен ақиқат» атты мақалаларында: «...Қырлы қала, Сырлы қала деген бекіністер, Бесағаш дейтін жылқы жайылымы, Қасқырлық атты тау нақты тарихи географиялық объектілер жоқ жыршы қиялына желеу болған аңыз атаулар ма? – деген сұрақ та туады» десе, Т. Қоңыратбайдың ойынша, ортағасырлық қалаларды, оларды сипаттау кезінде және атаудың өзінің семантикасында архитектуралық ерекшелігін көрсетуден тұрады дейді.
«Қобланды батыр» эпосындағы кейбір фольклорлық топонимдер тек қана поэтикалық қызмет атқарады, себебі не эпостың сюжетіне, не тарихи шындыққа ұласуы байқалмайды. Осындай топонимдердің арасында Қаратау, Алатау, Айнакөл, Шалқаркөл, Иіртау, Сүйіртау т.б. кездестіруге болады.
Қазақ топонимдерінің көркем мәтіндердегі қолданылу ерекшеліктері. Топонимдер көркем мәтінде атауыштық қызмет атқарады. Олар осы мәтінде кездесетін географиялық нысаларды атай отырып, оларға ерекше ұлттық-тарихи әр береді.
Топонимдер көркем мәтіндер тілдік дерек ретінде де қосымша қызметтер атқарады. Сөйтіп тілдегі топонимнің кумулятивтік қызметі топонимнің аялық, тілдік семантикасы жинақталғанда айқындалады.
Көркем мәтінде қолданылатын топонимдердің негізгі қызметтерінің бірі – көркем мәтінде, шығармада ұлттық колорит жасау болып табылады. Қазақ топонимдерінің, әдетте, семантикасы айқын, жеңіл танылады және ұлттық-мәдени ерекшелікке ие. Осындай өзіндік ерекшелігі бар қазақ топонимдерін ұлттық танбаланған сөздерге жатқызуға болады, мұндай сөздер көркем мәтінде шығарманы ұлттық-тарихи стильдеу (үлгілеу) мақсатында өзге де міндеттермен қатар қолданылады.
Көркем мәтінді баяндаудың ұлттық-тарихи колоритін топонимдердің тілдік және аялық семантикасы жасайды: оларда тілдік мағына мен белгілі бір мөлшерде аялық семантика – экстралингвистикалық сипаттағы мәліметтермен ақпараттар кешені бар. Қандай да бір топонимнің аялық семантикасының дәрәжесі жеке оқырман үшін әр түрлі болып келеді, себебі нақты әр оқырманның білім деңгейі әр алуан.
Мысалы, қазақ этномәдени ортада Жерұйық, Ордабасы, Жиделібайсын, Аңырақай және т.б. топонимдері туралы аялық білімі нөлге тең адамдар кездесуі мүмкін.
1) Жоғарыда айтылған топонимдердің географиялық ақпараттың дәрежесі суреттелген жағдайдың нақты болғанын көрсетеді. Топонимнің тілдік тұлғасы географиялық атаудың ұлттық – таңбаланған дерегі туралы ақпарат береді, осы арқылы баяндау колоритін жасайды. Егер кейбір әдеби прозалық шығармаларда топонимдер өте жиі қолданылса, лирикалық шығармаларда (поэтикалық лирикада) топонимдер аз, ал кейбір лирикалық шығармаларда олар мүлдем кездеспейді. Жалпы лирикада есімсіздік заңы бар, яғни оны лирикалық кейіпкерді атаудағы белгісіздік ерекшелейді
Лирикалық өлеңдердегі қазақ топонимінің эстетикалық қызметі О.Сүлейменовтың “Вблизи Чингизких гор его могила” өлеңінің материалында көрсетілген.
Осылайша, көркем мәтіндер қолданылатын қазақ жалқы географиялық атаулары – топонимдер мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
1) болып жатқан оқиғаны кеңістіктік бағдарлау қызметі (немесе мекендік көрсеткіштік қызмет);
2) этномәдени лексикалық элемент қызметі (ұлттық - таңбаланған); бұл қызмет ұлттық колорит пен дүниенің этникалық – тарихи, образды – тілдік бейнесін жасайды;
3) эстетикалық қызмет – шығарма тақырыбын, идеясын, автордың дүниетанымдық көзқарасын және жеке стильдік ерекшеліктерін ашуға ықпал ететін стилистикалық құрал қызметі.
Тіл ғылымының бір бөлімі ономастика саласы десе, ономастиканың негізгі бөлімдерінің бірі топонимика (жер-су, қала, дала аттарын зерттейді). Ал ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Онда этностың тарихы, салт - дәстүрі, шаруашылығы мен тыныс - тіршілігі жайында аса бағалы мәліметтер беріледі.
Жер-су атаулары - біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Олар көптеген тарихи оқиғалардан құнды деректер бере алатын, сол арқылы өлкетанушылық білімімізді кеңейтіп, рухани дүниемізді байытып, ұлттық тұлғамызды қалыптастыратын дүние.
«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.” [1].
Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған елді мекендер атаулары әр ғасыр шежіресінен сыр тартып, салт - дәстүрден, халықтың өмір - тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығын да ұлтымыздың, ата - бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер- судың атауы - тарихтың хаты» деген халық атауында терең
мазмұн ,сындарлы салмақ жатыр.
Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов: «Біздің қазақ - жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр - сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жаһан дүзде кездескен кішкентай бұлақ атының өзінде қаншама мән - мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»,-дейді.
Большевиктік идеология халықтық сананы адам айтқысыз өзгертіп, көп нәрсені бұрмалады. Саяси тарихтың ықпалында - елді кім билесе, сол өз билігін заңдастырудың, яғни мойындатудың бір құралы ретінде, өзінің жүргізіп отырған саясатына ыңғайлап,елді мекендердің атын өзгерткен. Бұл ұлттық рухты, халықтың тарихи, мәдени санасын біржолата өшіруге бағытталған іс болатын. Егемендіктің алтын күрек желі еспегенде, сондай саясаттың толық жүзеге асатыны кәміл еді. Осы олқылықтар қазір түзетілуде.
Ғасырлар бойы тіршілік етіп, өмір сүріп келген ата - бабаларымыздың кең аспан астындағы құтты мекені, кірін жуып, кіндігін кескен ата жұрты, мал өргізіп, жыл он екі ай көшіпқонған өрісі, өсіп - өнген өлкесі, мұрагер ұрпағы үшін өзіндік бар болмысымен емес, оның аты - жөні атауымен де, етене жақын, ерекше ыстық. Өскен жердің кәусар бұлағы мен салқын самалы, орманды тоғайы мен жазира даласы, асқар тауы мен айдынды шалқар көлі - бәрі де әркімнің жанымен сезінетін табиғи ортасы болса, оның атаулары мәңгі бақи жадында сақталатын, атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына, тарихи жәдігер.
Қазақ даласының бәрі атауға толы. Мұндағы географиялық және көне атаулар ықлым заманнан сыр шертетін тарихи ескерткіштер. Өйткені онда өткен дәуірдің әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері, ең негізгісі - сол кездегі тілдік қалып көрінген. [2].
Кең байтақ даланы алып жатқан қазақ сияқты ұлы халықтың осы кең өлкедегі, сұлу сахарадағы тұрмыс - тіршілігі де сөзбен таңбаланып, тарих қойнауынан бізге жеткен. Халықтық тілдегі осы сөздер жер - су атаулары немесе топонимдер деп аталады.
Әрбір атау – (халықтың) мәдени өмірімен сабақтастыра қарастыру арқылы ғана жер - су атауларының да табиғатын тануға, қоғамдық маңызын сезінуге болады.
Алдын – Шығыс - күн шапағатын шашатын жағымды, артын – Батыс - күн бататын ұнамсыз сипатталған, оң қолын – Түстік, сол қолын - Терістік деп танитын халқымыз жер - су атауларын қоюда да осы принциптерді берік ұстаған.
Ұлттық топонимия - этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі. Жер - су атауларында этностың тарихы мен салт – дәстүрі, наным – сенімі, тыныс – тіршілігі туралы бағалы мәліметтер беріледі. Мұның өзі жас ұрпақтың өлкетанымдық білімін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Жер - су нысандары берілген атаулар қазақтардың сенімді серігі болған. Мысалы, Шөлдала, Соғанды (қанды су) атаулары сол жердің тұрмыс - тіршілікке жайсыздығын білдірсе, Көлқайнар, Қызылқайнар, Рахат, Көкой секілді атаулар қазақтардың ол елді мекенді жайлы қоныс ретінде қоныстанғандығын білдіреді.
Ономастикалық атаулар халықтың рухани жады, ол атаулармен үлкен таным бар, рух бар, мағына бар.
Топонимика – тіл, тарих, өлкетану, география, архив көздері мен көркем әдебиет. Жер бетіндегі әрбір географиялық атау - тіл арқылы қоғамдық паспорт алған ұлттық сана - сезімнің көрінісі. Елімізде ежелден аталған жер, су, өзен, көл аталары - баға жетпес байлығымыз.
Жер - су атаулары - әр дәуірдің ескерткіші ретінде халық тарихынан, ой -санасынан, ұғым - нанымынан дерек беретін, құнды дүние, ұлттық ереҝшелігімізді айқындайтын көрсеткіш.
Жер-су атаулары − асыл байлығымыз, халқымыздың философиялық дүниетанымы, эстетикалық талғамы, болашаққа сенімін айқындайтын факторлардың негізгісі. Өлкеміздегі « Қызыл сай», «Шошақтау», «Шолақ діңгек » − Жасөркен, Сеңгірбай көлі, Көкіштің көлі, Сұлутөр, Көккөл, Құрал молда мешіті, Дербіс болыстың диірмені, Базарбай, Төрегелді каналдары және тағысын тағылар осыны айғақтаса керек.
Жер-су атаулары халықтың жазылмаған кітабы, әрі мәдени- рухани мұрасы болып қала бермек.
Облыста бұрындары саясиландырылған, бүгінгі таңда Қазақстанның тарихи, рухани, географиялық ерекшеліктерін ескермейтін, саясатқа кереғар, эстетикалық тұрғыдан жағымсыз естілетін көптеген атаулар өзінің тарихи атауларына қайта ие болды. Мысалы: Жуалы ауданындағы Евгеньевка – Көлбастау, Нововознесеновка – Көктөбе, Казанка – Кәріқорған, Самсоновка – Күреңбел, Мойынқұм ауданындаға Фурмановка – Мойынқұм, Т.Рысқұлов ауданындағы К.Маркс ауылы – Құмарық, Калинин – Көкдөнен, Байзақ ауданы бойынша Михайловка – Сарыкемер, Головановка – Қостөбе, Королевка – Жібек жолы, Талас ауданында Ильич – Қызыләуіт, Қордай ауданындағы Успеновка – Бетқайнар, Малоархангельское – Үлкен сұлутөр болып өзгертілді. [3].
Сонымен қатар облысымызда ұлтымызға жат, саясаттан ада, ұйымдастырушылық тұрғыдан кедергі келтіретін атаулар да жоқ емес.Жуалы ауданы бойынша Любимовка, Маяк, Юсуповка, Марьяновка, Зыковка, Ленинский путь ауылдары, Жамбыл ауданына қарасты Гродеково селосы, Қарой селолық округіне қарасты Октябрь елді мекені, Пионер ауылы, Октябрь жемісі, Бірлесу еңбек, Бесжылдық, Пионер, Меркіде Гранитогорск, Иитернациональный, Мойынқұмда Мирный кенті, Т.Рысқұлов ауданы бойынша Ленин ауылдық округі, Новосел ауылдық оқругі, Юбилейный ауылдары, Қордай ауданы бойынша Степной ауылдық округі, Славное ауылдары сияқты кешегі кеңестік дәуірдің таптық, ұраншылдық елестері әлі де кездеседі.
Егемен қазақ елінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі − елді мекен, жер - су атауларын тарихи тұрғыдан қалпына келтіру болып саналады.
Осы елді мекен атауларын өзгерткенде «Атамның атын – ауылға, көкемнің атын – көшеге» демей тарихи атауларын қайтару қажет.
Қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың бірі, ономаст – ғылым Т.Жанұзақовтың айтуынша тіліміздегі жер - су атауларының саны 3 миллионға жетіп жығылатын көрінеді.2002 жылғы мәлімет бойынша Қазақстандағы 25 мыңдай елді мекеннің, 8 мыңдай мектептің, 20 мыңдай физикалық-географиялық обьектілердің атауларының көпшілігі әлі де елдігімізге сәйкес реттеуді қажет етеді екен.Ғалымның деректерінің біздің облысымызға да қатысы бар. Қазіргі топонимдеріміздің зерделенуі қандай? Осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға кім көшбасшысы болуы керек? Осыған назар аударсақ, бабаларымыз қалдырған бейнелі де бай, нақышты да оралымды ана тіліміздің байлығын топонимикада да орынды қолдану арқылы тілімізді тұғырлы ету біздің міндетіміз болып табылады. Біздің ойымыз – балабақшада, мектепте, орта және жоғарғы оқу орындарында жас жеткіншек, біздер, бүгінгі студент – ертеңгі маман өз өлкесін біліп өссін дейміз.
Ономастика, топонимика – біле білсек, идеология, тәрбие құралы, қазақ елінің тарихын, халықтың болмысын, рухын білдіретін тіл білімінің саласы.
Яғни, қазақ топонимдері мен антропонимдері – қазақ халқының ғасырлар қойнауында қалыптасқан дүниетанымының рухани болмысын келешек ұрпағына жеткізудің бірден – бір жолы екенін ұмытпайық». [4].
Тілдік құбылыстарды ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу – бірінші кезекте атаулардың жасалуы, қалыптасуының алғашқы номинативтік белгілерінің уәжін анықтау. «Ономасиология жаңа пайда болған ұғымның алғашқы суреттемелі түрді аталуынан басталып, атауға жеткенге дейінгі әрекетті зерттейді. Ономасиология тіл білімінде екі бағытта қолданылады., оның бірі тар ұғымда, екіншісі кең ұғымда қолданылуы. Ономасиология тар ұғымда қолданылғанда, ол атаудың өмірдегі белгілі бір затты білдіруін қамтиды»[1, 215].
Ономасиология немесе ономастика – тіл білімінің бір бөлімі. Термин екі түрлі мағынада жұмсалады. Біріншіден, жалқы есімдер туралы кешенді ғылым дегенді білдірсе, екіншіден – жалқы есімдер, соңғы мағынасында онимия термині қолданылады.
Тілдегі лексикалық бірліктерді екі жақты – оны дыбысталудан мағынасана және мағынасынан дыбысталуына дейінгі бағыт түрінде алып қарастырмасақ, талдау толық жүргізілмейді. М.Н. Янценецкаяның пікірінше, зерттеу аспектісі формаға дейінгі мазмұннан немесе мазмұнға дейінгі формадан шығады [2; 11 б.].
«Ономасиология – дисциплина, изучающая слова и словосочетания в направлении от значений к звучаниям, а также номинативные средства и способы номинации. Ономасиологией называют «науку об именах, о природе наименования, о средствах обозначения и их типах» [3 ; 222 с.].
Ономасиологиялық тәсіл туынды атаулардың семантикасын зерттеудің принципі болып табылады. Семантика мен сөзжасам өзара әрекетте болады, ал ономасиология туынды номинативті бірліктердің семантикалық-функционалдық қасиеттерін талдаудың тиімді көзі ретінде орын алады.
Ономасиология – атау туралы ғылым. Атау – заттың білдіретін мағынасы. Атаудың қарапайым түрі – сөз, негізгі қызметі – номинация, номинативтік қасиетінен айырылған сөздер де бар. Олар: жалғаулықтар, демеуліктер, септеуліктер. Сөз тіркестері де атауыштық қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |