Қауіп-қатердің негізгі элементтері
(С.М. Новиков, 2010 ж.)
Сонымен ДСҰ анықтамасы бойынша қауіп-қатер дегеніміз ластанған заттектердің әсерінен тұрғындарда туындайтын зиянды әсерлердің күтілген жиілігі [WHO, 2000],сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығындағы нақты салдарлардың қажетсіз зардабымен толықтырылады [13].
Нәтижесінде, қауіп-қатерді бағалау бұл адам денсаулығы үшін немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына жағымсыз салдарының көрінісін және оның даму мүмкіндігін анықтау үдерісі, бұл қоршаған орта факторының ықпалына негізделеді. Қауіп-қатерді бағалау үдерісі қоршаған ортаның зиянды факторларының тұрғындар денсаулығына кері әсерінің сандық көрсеткішін анықтау үшін гигиеналық, токсикологиядық және эпидемиологиялық мәліметтерді талдаудан тұрады. Бірақ екі анықтамада да қауіп-қатерді бағалаудың негізгі ұстанымы бірдей – тұрғындардың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың көлемін сандық көрсеткішпен беру, оны адам ағзасына түскен ластанған заттар мөлшері арқылы есептеуге болады (ауа арқылы, ауыз су арқылы, тағам және т.б.)
Жоғарыда С.М. Новиковтың мысалы келтірілді (18 суретке қараңыз), мұнда ол қарапайым жағдай арқылы түсіндіреді, бірақ қауіп-қатерді бағалауды зерттеу жүргізу арқылы күрделі жайттар барысында да зерделеу қажет.
Жалпы алғанда, қауіп-қатерді бағалау көп жағдайда сыртқы ортанрың жағымсыз әсері салдарынан болғанда зерделенеді, мұндайда төмендегі жайттарға назар аударған жөн:
- қауіп-қатерді туғызушы дерек көзі болуы міндетті, мәселен, қарастырылатын қоршаған ортадағы химиялық уытты агенттер;
- қауіп-қатердің дерек көзі, мәселен, уытты химиялық агенттер, белгілі бір мөлшерде денсаулыққа зиянды болуы қажет;
- мұндай уытты агенттің мөлшерге тұрғындар сезімталдықпен қарайды.
Көрсетілген шарттардың қажеттілігі қауіп-қатерді бағалаудың қажетті технологияларын орындау барысында анықталады. Қауіп-қатерді бағалаудың ең басты процедурасы зерттеудің негізгі төрт кезеңімен толықтырылады, олардың әрқайсысы анықталған тапсырмаларды орындауды көздейді. Зерттеудің әрбір кезеңі осы оқу құралының сәйкес тарауларында нақты сипатталады.
Қауіп-қатерді талдаудың халықаралық деңгейлде танылған әдістемесінің айрықша ерекшелігі зерттеу кезеңдерінде қарастырылатын нақты бөлініс болып табылады. Әсіресе, денсаулық үшін қауіп-қатерді бағалау кезеңінің функционалды ерекшелігі айқындалған, бұл жалпы процедурада базалық болып есептеледі, бұл басқару шешімдерін қабылдауға мұрындық болады (қауіп-қатерді басқару). Қауіп-қатерді талдау әдістемесінің үшінші бөлшегі бұл осы әрекетке қатысушы барлық мүдделі тұлғалардың анықталған қауіп-қатер туралы толыққанды ақпарат алуы болып табылады. Қауіп-қатерді талдаудың барлық үш элементі де қолданыстағы шоғырланған мәселелерді анықтауға және олардың шешімін табуға мүмкіндік береді (18-сурет) [14].
18-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |