Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет16/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Өнеркәсіптік өндіріс
Өнеркәсіптік өндірістер егер де олар тұрғын үйлерге жақын орналасса шуылдың пайда болуының ең басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Шуыл дыбыстың сипатына байланысты тұрақты және кең жолақты болады. мұндай шуылдың деңгейі адамның есту мүшесіне барынша сезімталдықпен әсер етеді, 500-ден бастап 1000 Гц дейін, бұл өз кезегінде тұрғын үй кешендеріндегі шуылды төмендету бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.


Шуылдан қорғау шаралары
Шуылға қарсы шаралар үш бағытта жүзеге асырылады:

Қазіргі таңда шуылды аз шығаратын көлік әзірлеу және оны қолданысқа енгізу аса маңызды болып отыр. Алайда жыл сайын автокөлік өндіру өндірісі дамып жатыр және алдағы уақытта шуылдың төмендеуі мүмкін болмайды.
Қалалардағы шуылдың деңгейін барынша төмендету үшін оған жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұлардың ішінде қаладағы көлік ағынын реттеу және қалалық, аудандық магистралдарды бөлу, әуежайлар мен теміржолдардың шекарасында санитариялық қорғау аймақтарын жасау, түнгі уақытта емдеу-профилактикалық және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, тұрғылықты аймақта және т.б. жүк көліктерінің және мотоциклдердің жүруіне тыйым салу аса маңызды болып табылады.
Қалалардағы шуыл деңгейі алуан түрлі болады, бұл инфрақұрылым мен өнеркәсіптің дамуына байланысты болады. Сондықтан да елді-мекендердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, өндірістік өнгеркәсіп нсыандарын, машиналарды және құрал-жабдықтарды жобалау, олардың құрылысын салу және олардың пайдалануға беру барысында ұйымдастырушылық, техникалық және медициналық шаралар кешенін іске асыру қажет.
Шуылды төмендетудің аса тиімді әдістерінің бірі машиналардың технологиясын және конструкциясын өзгерту нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Шуылмен күресу барысында архитектуралық жоспарлай және құрылыс нысандарын салу да өз кезегінде маңызды рол атқарады.
Техникалық әдістер шуылдың төмендеуіне ықпал ете алмаса, онда шуылдың әсерт ету ұзақтығын шектеп, шуылға қарсы әрекет жасау қажет.
Шуылға қарсы құралдар есту мүшесінің дербес құралы және организмді шектен шуыл әсерінен болатын түрлі бұзылушылықтардан қорғайды. Олардың үш түрі болады: ішпектер, құлаққаптар және дулығалар.
Есту мүшесін қорғайтын құралдарыд ұдайы негізде және дұрыс пайдалану шуыл деңгейін барынша төмендетеді, ішпектер үшін (беруш) 10-20дБ, құлаққаптар 20-30дБ, дулыға 30-50дБ көрсеткіш көлемінде шуылды төмендетеді.


Қорытынды

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, шуыл дегеніміз түрлі дыбыстардың, түрлі уақыт аралығы мен түрлі қарқындылықта өзгеріп, ретсіз болатын шуылдар жиынтығы деп айтуға болады. Шуыл қажет әрине, тек жеткілікіті деңгейде ғана 20-80 дБ көрсеткіш көлесмінде болуы тиіс. Тиісті нормадан асқан шуылдар адам ағзасына кері әсер етеді: орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, тыныс алу жиілігі өзгереді, тамыр соғысы бұзылады. Мұның барлығы да жүрек қантамыр ауруларының дамуына, гипертония, сондай-ақ есту қабілетінің төмендеуіне, тіпті одан айрылуға да соқтырады. Шектен шуыл әсерінен адам ағзасының қоршаған ортадағы залалды факторларға қарсы тұру қорғанысы мен механизмдері төмендейді.


Елді мекендердегі шуылдың пайда болуының қайнар көздері осы жерлерге жақын орналасқан әуежайлар, автокөлік, рельсты көлік, авиакөлік, өндірістік нысандар, түрлі құрылыс нысандары, қатты музыка және т.б. болып табылады.
Сонымен қатар шуылдық растану, әсіресе ірі қалалардағы шуыл локалды сипатта болады, ол көлік құралдарының қозғалысынан болады. Қазіргі таңда ірі қалалардағы негізгі магистралдардан туындайтын шуылдар 90 дБ асады, бұл жыл сайын артып, қоршаған орта үшін де тұрғындар үшін де қауіп туғызып отыр. Бұл өз кезегінде адам ағзасына залалын тигізуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет