Денсаулық үшін қауіп-қатерді талдау сызбасы
(Онищенко Г.Г., 2002ж.)
Р 2.1.10.1920-04 нұсқаулығына сәйкес қауіп-қатерді бағалау процедурасын өткізудің негізгі сызбасы зерттеудің төрт кезеңінің сабақтастықта өткізілуі қарастырылған: қауіптіліктің идентификациясы, «мөлшер-жауап» тәуелділігін бағалау, экспозицияны бағалау және қауіп-қатер сипаттамасы (19 - сурет).
19-сурет
Қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына әсерінің қауіп-қатеріне бағалау жүргізудің сызбасы
Төменде қауіп-қатерді бағалаудың әрбір кезеңінің қысқаша ғылыми сипаттамасы берілген.
1. Қауіптілік идентификациясы, қауіп-қатерді бағалау осыдан басталады, екі басты функцияны орындайды, - зерттелетін ортадағы барлық болжалды қауіпті факторларды анықтау және басым бағыттарды таңдауды жүзеге асыру, бұл қауіп-қатерді бағалау зерттеуінің алдағы кезеңдерінде талдау жүргізу қажет.
2. «Мөлшер-жауап» тәуелділігін бағалау, идентификациядан кейінгі екінші кезең ретінде қарастырылады, тәжірибе жүргізілетін аймақ тұрғындары мен оған жақын аймақтағы басым бағытты факторлар арасындағы өзар байланысты анықтауды көздейді.
3. Басымдықты химиялық заттардың адам ағзасына ықпалын бағалаудың келесі бір кезеңі (экспозицияны бағалау). Мұнда тұрғындардың зерттелетін тобына әсер ететін басымдықты факторлардың ықпал ету жолдары, жиілігі, ұзақтығы және деңгейі сипатталады.
4. Қауіп-қатерді бағалаудың соңғы процедурасы қауіп-қатер сипаттамасы болып табылады, мұнда талдқыланатын барлық материал талданады, яғни, қауіп-қатерді бағалаудың алдыңғы 3 кезеңінде алынған ақпараттардың интеграциясы жүзеге асырылады, қауіп-қатерді басқарудың алдағы кезеңдерінде канцерогенді және канцерогенді емес деңгейлер анықталады.
Қауіп-қатерді бағалаудың ұсынылған толық форматы әдетте жан-жақты әрі толыққанды зерттеу жүргізу барысында қолданылады. Кейбір гигиеналық зерттеулерде қауіп-қатерді бағалау базалық сызба бойынша емес, 2 суретте ұсынылған қысқартылған сызба бойынша жүргізілетіні анықталды (1 қосымша, 1 Р 2.1.10.1920-04) [13].
Қысқартылған сызба бойынша қауіп-қатерді бағалауды жүзеге асырудың жеткіліксіздігі қауіп-қатердің әдістемесін қарастырады, бірінші кезеңдегі қауіп-қатер (қауіптілік идентификациясы) жылдамдатылған сипаттамасын беру үшін қажет.
Қолда бар мәліметтерді ескере отырып, зерттеудің бұдан былайғы міндеттерін айқындау қажет, қауіп-қпатердің жылдамдатылған сипаттамасын қарастыратын алдын ал скрининг өткізген жөн болар еді. Егер де тұрғындар денсаулығы үшін қауіп-қатердің ауқымы көп болса, сызба бойынша толық кеңейтілген зерттеу жүргізу жөн болмас еді. Скринингтік бағалау қауіп-қатерді бағалаудың бірнеше кезеңдерінен тұрады, мәселен, қауіптілік идентификациясы. Егер де осы кезеңде зерттелінетін химиялық заттар зерттелуші аймақ тұрғындары үшін нақты қауіптілік туғызбаса, онда зерттеудің келесі кезеңдерін жүргізудіңм қажеті жоқ, олар келесі кезеңдер жүргізілмейді.
Сонымен қауіп-қатерді бағалаудың ең басты мақсаты тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортадағы сыртқы нысандардың ластануы деңгейі арасындағы себептік және салдарлық байланыстарды анықтау болып табылады. бұл қоршаған ортаның жағымсыз әсері туралы ұғынықты, қысқа әрі нұсқа жауап береді, азаматтар денсаулығы туралы мәлметтер қажет болған жағдайда пайдаланылады. Сонымен қатар канцерогенді және канцерогенді емес қауіп-қатерлерді бағалау барысындағы қолданылатын математикалық есептеу тәсілдері өте қарапайым және олар қандай да болмасын түсініктемені қажет етпейді, алайда, қауіп-қатерді талдаудың әдістемелік ұстанымдары олардың өзіндік ерекшеліктерін атап өтуді талап етеді.
Қазіргі таңда қауіп-қатерді бағалау әдістемесі тұрғындар денсаулығына сыртқы қоршаған ортаның жағымсыз әсерін бағалаудың заманауи тәсілдерінің бірі ретінде отандық гигиеналық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Заманауи әрі қолжетімді сапаны бағалау әдістерін пайдалану толыққанды нәтиже алуға кепілдік бермейді. Бұл өз кезегінде зерттеу барысында кездесетін белгісіздіктер мен жорамалдарға байланысты болуы мүмкін. Сондықтан да кез келген ғылыми-практикалық жұмыстарда қолданылатын әдіс сияқты, мәліметтерді қауіп-қатерді бағалау үшін қолданар алдында мұқият зерделеген жөн. Қауіп-қатердің жалпы әдістемесіне сәйкес қауіп-қатерді бағалау барысында алынған мәлметтердің дұрыстығын, толықтығын және жұмыстың нәтижесін бағалаудың 6 негізгі ұстанымы ұсынылады: жұмыстың логикалық сабақтастығы сақталуы тиіс; жұмыс толық аяқталуы тиіс; нақты мәліметтер алынуы қажет; алынған мәліметтер пайдаланылуға жарамды; нәтижелерді практикада қолдануға болады; алынған қорытындыларды қолдану нәтижесінде олардың жоғары тиімділігі күтіледі.
Алғашқы үш ұстаным қауіп-қатерге бағалау жүргізу үдерісінің барлығында қолданылады және ғылыми қорытындыларға негізделетіндіктен ішкі болып есептеледі. Сонымен қатар, бұл ұстанымдар, қауіп-қатерді бағалау бойынша жүргізілген жұмыстың сапасын бағамдайды. Ал қалған үш ұстаным практикалық қорытынды болып табылады, осы әдістің нақты жағдайда қолдануының дұрыстығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жүргізілген барлық зерттеулердегі қауіп-қатерді бағалаудың аталған кезеңдерде қолданылған барлық тәсілдерін ескерсек, бұл нақты жағдайды сапалы тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Қауіп-қатерді бағалаудың әдістерін объективті және практикалық меңгеру үшін қауіп-қатерді бағалаудың әрібір кезеңіндегі әрекеттердің алгоритмін, мақсаты және міндетімен танысу қажет. Оқу құралының алдағы бөлімдерінде теориялық сұрақтарды зерделеумен қатар, жағдаяттық тапсырмалар, бақылау сұрақтары, тест тапсырм алдары берілген, барлық материалдар С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы гигиена және экология кафедрасының «Қауіп-қатерді бағалау зертханасында» жүргізілген зерттеулерден алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |